Н. П. 6В07150-Электрэнергетикасы бб студенттері үшін «Автоматтандырылған электр жетегі теориясы» пәнінің зертханалық практикумына арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021 ж


Жұмыстың жетекшісі жалғану сұлбасын тексермей және оның қосуға рұқсатысыз электр тізбегін кернеуге қосуға тыйым салынады



бет3/26
Дата29.09.2023
өлшемі446,9 Kb.
#111424
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Жұмыстың жетекшісі жалғану сұлбасын тексермей және оның қосуға рұқсатысыз электр тізбегін кернеуге қосуға тыйым салынады.
Егер жұмыс барысында тізбекте қандай да бір қайта қосулар (переключения) жасау қажет болса, онда оны сұлба тораптың кернеуінен (немесе көздің) өшірілуі кезде жүзеге асыру керек. Содан соң оқытушы жасалған қайта қосулардың дұрыстығын тексеруі тиіс.
Тәжірибелерді жасау барысында приборлардың көрсетулерін өте мұқият және тура жазып алу керек, приборлар шкаласы бойынша дұрыс емес санауларды болдыртпау қажет, себебі ол өлшеулердің көрсеткіштеріне әсер етеді, демек, соңғы қорытындылырға да әсер етеді.
Тәжірибеден алынған бақылаулар нәтижелері оқытушыға көрсетіледі, ол қанағаттандырарлық нәтижелерде жұмыстың орындалуы жөнінде өзінің журналында белгілеп, кейінгі зертханалық жұмыстың орындалуына тапсырма береді. Электр тізбегін бөлшектеуге оқытушының мақұлдауысыз, ол тәжірибе нәтижелерін көрмегенінше рұқсат етілмейді.
Орындалған зертханалық жұмыс бойынша бригаданың әр студенті есеп тапсырады. Жұмыстың мазмұнын қиындықсыз оқу үшін есептер мұқият орындалуы қажет. Жұмыстың графикалық бөлігі сызу аспаптарын қолдана отырып қаламмен орындалу керек. Электр сұлбалары, қисықтар, графиктер, векторлық диаграммалар миллиметрлік қағазда орындалуы шарт. Сол кезде сәйкес масштабты қолданған жөн.
Әр есептің соңында студент теориялық мәліметтер және тәжірибеден алынған нәтижелер негізінде жұмыс бойынша қорытынды жасайды.


Зертханалық кешенді суреттеу

«Автоматтандырылған электр жетегі теориясы» курсы бойынша зертханалық жұмыстарды орындау үшін қолданылатын модулдер кешеннің екінші столында орналасады (Сурет 1):



  • стендті қоректендіру модулі;

  • қоректендіру модулі;

  • қуатты өлшеу модулі;

  • №1 қосымша кедергілер модулі;

  • №2 қосымша кедергілер модулі;

  • енгізу/шығару модулі;

  • күштік модуль;

  • жиілікті түрлендіру модулі;

  • тиристорлы түрлендіргіш модулі;

  • автотрансформатор модулі;

  • бір фазалы трансформатор модулі.

  • электрмашиналы агрегат.



Сурет 1. Кешеннің жалпы көрінісі


Бұдан әрі кешеннің бөлек модулдерінің техникалық сипаттамалары қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет