Н. П. 6В07150-Электрэнергетикасы бб студенттері үшін «Автоматтандырылған электр жетегі теориясы» пәнінің зертханалық практикумына арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021 ж



бет6/26
Дата29.09.2023
өлшемі446,9 Kb.
#111424
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
МУ-ТАЭ лаб каз

Енгізу-шығару модулі


Енгізу-шығару модулі өтпелі үрдістерді осциллографтау үшін әлсіз токты (± 10 В) аналогты сигналдарды енгізу-шығаруға арналған. Зертханалық кешен жеке компьютермен байланыс жасау үшін қызмет етеді. Модулдің сыртқы көрінісі 7-суретте көрсетілген.

Сурет 7. Енгізу-шығару модулі




Күштік модуль

Күштік модуль күштік сұлбаларды электр машиналарымен жинауды жеңілдету үшін, яғни, күштік түрлендіргіштерді модулдің беттік панелінде орналасқан сәйкес келетін электр машиналары бейнелерінің мнемосұлбасы бар клеммалармен жалғау үшін қолданылады. Электр машиналы агрегатқа реальды жалғау сыртқы жақтан орындалады.


Күштік модулде асинхронды электр қозғалтқышының статорлы, сонымен бірге роторлы тізбегінің шығыстары бар, бірақ зертханалық стендтер фазалы роторлы да, роторы қысқа тұйықталған машиналармен де жабдықталады (жинақ стендтің нұсқасына байланысты болады). Егер зертханалық кешенде роторы қысқа тұйықталған электр қозғалтқышы қолданылған болса, онда роторлы тізбектің шығыстары қолданылмайды.
Модулдің беттік панелінде электр қозғалтқышының айналу жиілігін көрсету индикаторы орналасқан. Жылдамдықты өлшеу каналының МЗ энкодері және жиілік-кернеу түрлендіргіші (ЖКТ) бар. ЖКТ шығысы (XS15клеммасы) қозғалтқыштың айналу жиілігіне пропорционал кернеу болып табылады.
Модулдің LV25-P типті кернеу датчигі (КД) және НХОЗ-Р типті ток датчигі (ТД) бар. Датчиктер кіріс токтар және кернеулердің мәндеріне пропорционалды аз қуатты кернеулерді алуға мүмкіндік береді. Датчиктер күштік тізбектер мен басқару тізбектерінің арасында потенциалдық бөлінуді қамтамасыз етеді.
Модулдің сыртқы көрінісі 8-суретте көрсетілген.



Сурет 8. Күштік модуль


Ток датчигі тізбекке бірізді, ал кернеу датчигі - параллель жалғанады. Ток датчигі дұрыс емес жалғанса, ол істен шығуы немесе модуль ішіндегі платада сақтандырғыш іске қосылу мүмкін.


Датчиктердің жұмыс істеу диапазондары 3-кестеде берілген.

Кесте 3 -Датчиктердің жұмыс істеу диапазондары





Датчик

Кіріс сигналдарының диапазоны, В

Шығыс сигналдарының диапазоны, В

Жиіліктерді өткізу сызығы, Гц

КД

0…500 В

0…10 В

0…50

ТД

0…5 А

0…10 В

0…50




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет