Литература
1 Зубов A.B. Информационные технологии в лингвистике: Учеб. пособие для студ. лингв. фак-тов высш. учеб.
заведений / А. В. Зубов, И.И.Зубова. – М.: Издательский центр «Академия», 2004. – 208 с.
References
1 Zubova A.V. Informatsionnye tekhnologii v lingvistike: Uchebnoe posobie dlya stud. lingv. fak-tov vyssch. echeb. zavedeniy /
A.V. Zubov, I.I. Zubova. – M.: Izdatelskiy tsentr “Akademia”, 2004. – 208 s.
М.В. Тричик
93
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2 (141-142). 2013
ӘОЖ 37.013
Ғ.Ж. Тұңғышбаева, Т.Б. Қастеева
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың аға оқытушылары, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail:
galiya503@gmail.com
Тілді оқытуда қолданылатын әдістер
Мақалада мемлекеттік тілді оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер сөз етіледі. Сабақ нәтижелі болу
үшін студенттердің немесе тіл үйренушілердің тілді үйенуге қызығушылығын арттыру жолдары мен оны
практикада дұрыс қолдану үшін дағдыларын қалыптастыру жұмыс түрлері айтылған. Сондай-ақ тиімді
жаттығу жұмыс түрлері беріліп, олардың тиімділігі талданған.
Түйін сөздер: жаттығу түрлері, тиімді жаттығулар, тілді үйрену, дағдыны қалыптастыру.
G.Zh. Tungushbaeva, T.B. Kasteeva
Methods of the usage for learning the languages
The article describes the use of effective methods in the study of the state language. Also in this article offers a
range of activities to increase the interest of students and learners, as well as the proper use of acquired skills.
Analyzes the effectiveness of species oral and written work. Proposed types of games that can be used in the
classroom language learning. The games used in the classroom to consolidate and repeat the studied material. One of
the fruitful methods of language learning is making the crossword. Crossword is convenient form thinking activation
of students. In preparation crossword student should carefully study the theoretical and practical material, apply not
only to the lectures and textbooks, but also to the additional and reference books. In the course of this study and the
selection of material a student, no doubt, more deeply assimilates already obtained and acquire additional information
which gradually accumulates to form a higher level of knowledge. At the same time, the non-standard form set
stimulate unconventional approach to the implementation of this task, therefore, is activated not only cognitive
activity, but also creativity of future professionals.
It is advisible to use the crossword as a from of control at the end of studying material. The article also discusses
the types of works of text and the test tasks. This material provides a set of exercises for language learning, and
examines their quality.
Key words: kids of exercises, useful exercises, learning language, forming of skills, methods.
Г.Ж. Тунгышбаева, Т.Б. Кастеева
Методы, используемые для изучении языка
В статье рассказывается о эффективных методах, используемых при изучении государственного языка.
Так же в этой статье предлагаются различные виды работ для повышения интереса у студентов и изучающих
язык, правильное использование полученных навыков. Анализируется эффективность видов устных и пись-
менных работ. Предлагаются виды игровых заданий, которые можно использовать на уроках изучения языка.
Эти игры используется на уроках для закрепления и повторения изучаемого материала. Один из плодо-
творных методов изучения языка – это составление кроссворда. Кроссворд – удобная форма активизации
мышления студентов. В процессе подготовки кроссворда студенту необходимо тщательно прорабатывать
теоретический и практический материал, обращаться не только к лекциям и учебникам, но и к дополни-
тельной и справочной литературе. В ходе такой проработки и отбора материала студент, без сомнения, более
глубоко усваивает уже полученный материал и приобретает дополнительную информацию, которая
постепенно накапливается, формируя более высокий уровень знаний. В то же время нестандартная форма
задания стимулирует нестандартный подход к выполнению данного задания, следовательно, активизируется
не только познавательная деятельность, но и творческое начало будущих специалистов.
Целесообразно кроссворд использовать как форму рубежного контроля по окончании изучения мате-
риала. В статье также рассматриваются виды работ над текстом и тестовые задания. В данном материале
предоставляется комплекс упражнений для изучения языка и анализируется их качество.
Ключевые слова: виды работ, эффективные упражнения, изучение языка, формирование навыков.
___________________________
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту
барысында түрлі әдіс-тәсілдер, стратегиялар қол-
данылады. Оқытушылар сабақтың қызықты, әрі
әсерлі өтуіне ерекше мән бергені жөн. Сабақты
қызықты, әрі тартымды өткізу түрлі методи-
калық тәсілдерді қолдануға, сабақты дұрыс
ұйымдастыруға тиімді жоспарлауға байланысты.
Сабақта жүргізілетін жұмыс түрлері әрдайым
ауысып, түрленіп отыруы қажет. Яғни бір сабақ
екінші сабаққа ұқсамайтындай етіп өткізілгені
дұрыс, бұл әрине оқытушының шеберлігіне
байланысты.
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
Тілді оқытуда қолданылатын әдістер
94
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2 (141-142). 2013
Студенттердің мемлекеттік тілді үйренуге
қызығушылығын арттырып, оны практикада
дұрыс пайдалана білуге үйрету, тіл маманда-
рының міндеті.
Осы мақсатқа жету үшін ең бірінші студент-
тердің тілді үйренуге деген ынтасын арттыруы-
мыз керек. Ол үшін сабақ тартымды, әрі қы-
зықты болуы шарт. Қызықтару амалдарына
көркем жасалған көрнекіліктер, дидактикалық
материалдар және қызықты мысалдар жатады.
Әсіресе тілді үйретуде өтілген жаңа тақы-
рыптарды тиянақтау, бекіту және жаңа тақы-
рыпты қаншалықты меңгергенін анықтауда
дидактикалық материалдардың маңызы өте зор.
Жаңа сабақтың тақырыбы лексикалық және
грамматикалық болып бөлінетіндіктен дидакти-
калық тапсырмалар да оқытушының алдына
қойған мақсаты мен педагогикалық шебер-
лігіне байланысты әр түрлі болады.
Тапсырмалардың бірі орфографиялық не-
месе пунктуациялық қырағылықты дамытса,
енді біреулері ережелерді қолдана білуге үй-
ретеді. Үшіншілері студенттердің сөздік қорын
байытады. Кейде оқытушы студенттердің оқу
материалын қалай түсінгенін тезірек, әрі жеңіл
тексеру үшін де дидактикалық материалдарды
пайдалануға болады. Мысалы, оқытушы белгілі
бір карточкадағы тапсырмалар төңірегінде оқу-
шысын жан-жақты іздендіріп, тиянақты жұмыс
істете алады. Оқытушы студенттің өз бетімен
жүргізген шығармашылық жұмыстары бойын-
ша олардың білім дәрежесін анықтап, соған
орай тапсырмалар бере алады. Дидактикалық
тапсырмаларды жеке студентке және бірнеше
студентке немесе түгел бір топқа орындатуға
болады.
Студенттердің сабаққа ынтасын арттырудың
бірден-бір жолы бұл тапсырмалардың ойын тү-
рінде өтуі. Ойын-жаттығулар мағынасыз ермек-
ке айналмайтын әдеттегі жаттығулар тәрізді
болуы керек. Демек, оған өзгеше түрде бері-
летін оқу жаттығулары алынады. Студенттер
көбінесе қиындау, бірақ грамматика жөніндегі
білімдерін бекітуге, орфография мен пунктуа-
циядан берік дағдылар қалыптастыруға, тілде-
рін жетілдіруге қажетті тапсырмалар алады. Бір
жаттығудың өзі әр түрлі ойын түрінде орын-
далуы да мүмкін, оны таңдап алу оқытушыға,
оның өз алдына қойған мақсатына, педагогика-
лық іскерлігіне, тапқырлығына байланысты.
Ойын жаттығуларын ауызша да, жазбаша да
өткізуге болады.
Ауызша сұрау әр сабақта жүргізіледі. Ауыз-
ша сұрау арқылы әуелі өткен материалды қай-
талап, тексеруге болады. Ауызша сұраған кезде
студент материал бойынша өз білімімен білік-
тілігін шыңдай отырып, граматикалық тео-
рияны, өтілген тақырыптарды өз бетімен түсін-
діре білуді бойына қалыптастырады. Ауызша
сұрау студенттің оқу материалын ауызекі баян-
дауға дағдылану мақсатын көздейді. Бұны негі-
зінен үш түрге бөлуге болады. Біріншісі –
ғылыми пәндердің ережелері мен қағидаларын
жатқа айта білу. Екіншісі – оқу материалының
мазмұнын ауызекі баяндау. Үшіншісі – көркем
әдебиеттерден жатқа үзінділер оқу, баяндама-
лар жасау, немесе өздерінің жазған шығармала-
рын ауызша айтып беру. Ауызша жауап беру
логикалық ойды, есті, зейінін, тілді, яғни дұрыс
сөйлеу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
Сондықтан да ауызекі сөйлеу білім алушының
сауатты сөйлеуін бақылау үшін тиімді әдіс.
Жазбаша бақылау жұмыстарында тапсырмалар
нақты, әрі түсінікті болуы керек. Тапсырмалар
студенттердің шынайы білімін көрсетеді. Білім
алушылардың өз бетімен жұмыс істей білу дең-
гейіне қарай жазбаша жұмыстардың тапсырма-
лары мынандай мақсатта құрылуы керек: 1) грам-
матикалық ережелерді қалай меңгергенін және
нелерді шала білетінін байқау үшін; 2) білімді
жаңа жағдайда қолдана алуын тексеру үшін.
Сондай-ақ, жазбаша жұмыстары білімді бекіту
және оны қолдану іскерлігін қалыптастыруда
жүргізіледі. Оларды қолдану логикалық ойды
дамытуға, жазбаша тіл мәдениетін, өткенді
жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылық-
пен қолдануға, жаңа материалды бұрынырақ
меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйе-
сіне қосуға мүмкіндік береді, әрі өтілген мате-
риалды құрғақ жаттамай, саналы меңгеруге
көмектеседі.Оқу материалдарын саналы түсіну
үшін білім алушылардың оқуға деген белсен-
ділігі, ынтасы арттырылады. Теориалық білім-
дерін іс жүзінде қолдана білуге үйретеді, мате-
риалды өз бетінше түсініп, өз бетінше қол-
дануға дағдыландырады. Түрлі творчестволық
жұмысарды өздігінен орындауға бейімдейді.
Жазбаша жұмыстары білім алушылардың оқу
жұмыстарын өздігінен орындау белсенділігін
арттырады.
Методикалық тұрғыдан алғанда тақырып-
тық материалдың мазмұнына, оқытушының
қарауындағы уақытқа байланысты. Ойынның
ауызша түрі уақыт жағынан ұтымды болатыны
белгілі. Ауызша жаттығулар сабақта жазбаша
жұмыстар көп орындалып, студенттердің са-
баққа деген ықыласы нашарлаған жағдайда
өткізген абзал. Студенттердің ойын кезіндегі
Ғ.Ж. Тұңғышбаева, Т.Б. Қастеева
95
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2 (141-142). 2013
белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс
есептеуде. Ойынға қатысушылардың өз жетіс-
тіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс.
Ойын нәтижелерін есепке алу әр түрлі: әрбір
дұрыс орындалған тапсырма үшін ұпай (балл)
есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі.
Студенттердің тақтаға жазылған сөз немесе сөз
тіркестерін жазып отыруын, ол сөздерді есепке
алу, қол көтеріп немесе тиісті тапсырмаларды
дұрыс орындауын, белсенділік танытуын, жат-
тығуға жіберілген уақытты есепке алу, тағы
басқалар ескерілуі қажет. Ойын жаттығулары-
ның түрлері өте көп. Сондақтан оқытушы
өзінің педагогикалық шеберлігіне қарай әр
түрлі мақсатта, өткізіп жатқан тақырыбына ың-
ғайлап, қолдануға болады. Айталық «Эста-
фета» ойынын мәтіннен кейінгі жаттығу жұ-
мыстарының бірі ретінде пайдалануға болады.
Топты екіге немесе үшке бөліп, осыған бай-
ланысты тақтаны да екіге не үшке бөліп, меди-
цина оқу-орнының студенттеріне арнайы құ-
рылған мәтін бойынша біріне аурудың себебін,
біріне белгісін, ал үшіншісіне алдын-алу шара-
ларын жазу тапсырылады. Әр топ ойыншысы
оқытушының шақыруын күтпей-ақ тақтаның
өздеріне тиісті бөліміне барып, өзерінің тап-
сырмаларына тиісті сөздерді жазады. Тақтаға
бір жазылған сөз қайталанбайды. Тиісті топтың
сөзі жазылып біткен соң, сөз жазу тоқтаты-
лады. Орындалған жұмысты әр түрлі жолмен
тексереді. Әр топтың жұмысын қарсылас топ-
тың ойыншысы тексеруге болады. Осы ойын
нәтижесінде студенттердің мәтінді меңгеруін,
ондағы жаңа сөздердің игерілуі тексеріледі. Ал,
анамнез құруда осы ойынның шартын өзгертіп,
тақтаның бір бөлігіне өтілген жүйеге қандай
аурулар жатады, екінші бөлігіне оның ортақ
белгілері, үшінші бөлігіне аурудың алдын алу
шараларын немесе дәрігерлік кеңес жазу тап-
сырылады. Ойын аяқталғаннан кейін тақтадағы
дайын жазылған аурудың белгілерін, себебін,
дәрігерлік кеңесті пайдалана отырып, науқас
пен дәрігер арасындағы сұхбатты құруға бо-
лады. Сұхбат құруда бұл ойынды мәтін алды
жұмыс түрінде пайдалану ыңғайлы.
Келесі ойын түрі «Кім тез де, дұрыс табады»
ойын-жаттығуы. Бұл ойынды тіл дамыту жұ-
мыстарының бірі ретінде алуға болады. Тіл
дамыту арқылы жастарды тіл өнеріне баулу,
мемлекеттік тілінің қыры мен сырын терең
меңгерту, ойын жатық та көркем жеткізе білу,
мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері
жүзеге асады. Бұл ойынның шартында екі сту-
дент тақтаға шығады, олар тақтаға екі қатар
етіп жазылған сөздердің тиісті синонимдерін
атау керек. Сөздерді өтіліп отырған мәтін іші-
нен алған абзал. Келесі кезекте басқа екі сту-
дент шақырылып, оларға осы сөздердің анто-
нимін атау тапсырылады.
Ойын-жаттығулары үшін үйреніп жатқан
материалды бекіту сабағында, сол сияқты үл-
кен тақырыпты қамтитын, талдай қортынды-
лайтын қайталау сабақтарында зор мүмкіншілік
туады. «Терминдер табайық» ойынын қайталау
сабағында жүргізген қолайлы. Ойынның шар-
тында екі студент ортаға шығып, бірі өтілген
тақырып бойынша термин сөзді айтады. Екін-
шісі сол сөздің қай жүйеге жататынын табу
керек. Мысалы, қуық – зәр шығару жүйесі, қа-
бырға – тірек қимыл жүйесі, тоқ ішек – ас
қорыту жүйесі, т.т.
Крассворд - студенттің ойлау қабілетін бел-
сенді жұмыс істететін ыңғайлы форма. Крас-
вордты дайындау үрдісінде студентке теория-
лық және практикалық материалдарды тыңғы-
лықты қарастырып, тек дәрістер мен оқулық-
тарды ғана емес, қосымша және анықтамалық
әдебиеттерді де қолануы керек. Студент мате-
риалдарды таңдап, талқылау барысында алған
білімін тереңірек меңгеріп, қосымша мәлімет
алады. Бұның барлығы біртіндеп жоғарғы білім
деңгейін қалыптастырады. Сондай-ақ, тапсыр-
маның стандартты емес формасы берілген
тапсырманы әдеттегіден бөлек орындау түріне
ынталандырады. Бұл танымдық қызметін ғана
көтеріп қоймайды, болашақ маманның шығар-
машылық қызметінің бастамасы.
Крассвордты мақсатты түрде модульдық ма-
териалды оқытудың аяғындағы аралық бақылау
формасы ретінде қолдануға болады. Крас-
свордты аралық бақылау формасы ретінде
қолданудың мынандай артықшылығын бөліп
көрсетуге болады:
1) оқыған материалдарын тереңірек талқы-
лай отырып, қайталау;
2) студенттердің пән негізін мегеруі;
3) сөздік қорының белсенділігін арттыруы;
4) сөзді зерттеу және шығармашылық жұ-
мыстары; сұрақтар мен тапсырмаларды нақты
және дұрыс құрастырудың практикалық дағ-
дысын қалыптастыруы, нәтижесінде мәдени
сөйлеу сауаттылығын дамытуы;
5) тапсырмаға шығармашылық тұрғыда қа-
рауы студенттердің креативті ойлауын дамы-
тып, стандартты емес шешімдер жасатады;
Тақырыптық кроссвордтарды құру сияқты
жұмыс түрлерін пайдалану студенттердің жұ-
мыс нәтижелеріне қызығушылығын арттырып,
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
Тілді оқытуда қолданылатын әдістер
96
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2 (141-142). 2013
және шығармашылық потенциалының дамуын-
да пән материалдарын сапалы меңгеруіне мүм-
кіндік туғызады.
Екінші бір тілді үйретуде мәтінмен жүргі-
зілетін жұмыстың мәні ерекше. Оқыған мате-
риалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап он-
дағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін, оқу
сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдас-
тырылады. Әрбір жаңа мәтінді өту арқылы сол
тілде дұрыс оқу, сауатты жазу, байланыстырып
сөйлей білу, грамматикалық анықтаманы бе-
кіту, жаңа сөз үйрету т.б. жұмыстар қамты-
лады. Мұндай жұмыстар оқылатын материал-
дардың сипатына, тіл үйренушілердің дайын-
дықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне
байланысты іріктеледі. Мәтінмен жұмыс істеу-
де қолданылатын талаптардың ең бастысы –
түсініп оқу. Ол үшін студенттің қазақ тілінен
сөздік қоры жеткілікті болуы шарт, яғни бірін-
ші сабақтан бастап меңгерген жаңа сөздерін
есіне сақтауы қажет. Сондықтан сабақта пай-
даланатын жаттығу жұмыстары лексикалық
тақырыпқа байланысты құрылғаны жөн. Бері-
луге тиісті жаңа сөздердің бірсыпырасы тілдік
материалға қатысты түрлі жаттығулар кезінде
біртіндеп беріліп, мәтінге алдын ала дайындық
жүргізілуі қажет. Мәтінмен жүргізілетін жұ-
мыстың мынандай түрлерін айтуға болады:
1) Жаңа сөздерді беру; жаңа сөздермен сөйлем
құрау; сөйлемдегі жаңа сөздерді синонимдері-
мен ауыстырып қолдану; немесе маңа сөздерді
мәтіннен студенттердің өзіне тапқызу. Жаңа
сөздерді дәптерлеріне жазғызып, оның дұрыс
жазылуы мен дұрыс оқылуына да көңіл бөлу
керек. 2) Мәтінді оқу, аудару жұмыстары.
3) Мәтінге сұрақ қою және оған жауап беру.
4) Мәтінді мазмұндау.
Білім алушылардың білім, білік дағдысы ке-
зеңдер бойынша қадағаланып отырғаны дұрыс.
Ол үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау,
өзіндік жұмыс, жұптық өзара бақылау, топтық
өзара бақылау, үйде бақылау, аралық бақылау
сияқты жұмыстар жүргізуге болады.
Сабақ барысында жүргізілген бақылау жұ-
мыстарында студенттердің алған білімдерін,
іскерлік дағдыларын тәжірибелік іс-әрекетте,
әр түрлі оқу жағдаяттарында қолдануға дайын-
дығы айқынырақ көрінеді. Білім алушылардың
бақылау жұмыстарында жіберген кемшілікте-
рін түзетіп, оларды талдап, жоятын арнайы
жұмыстар жүргізген жөн. Ол үшін түсіндіру,
әңгіме, салыстыру, дәлелдеу сияқты әдістер
қолданылады. Бақылаудың психологиялық,
педагогикалық мәні – білім алушыларға дер
кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашы-
лық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, білім
алушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп
орындауы үшін ынталандыру, іске жұмылдыру.
Сондықтан да әр сабақтың соңында немесе
жаңа тақырыптан соң бақылау жұмыстарын
жүргізіп отырудың мәні зор. Әр сабақтың
соңында жүргізілетін бақылау жұмыстары ар-
қылы студенттердің тақырыпты қаншалықты
меңгергендігі ғана емес, сабақтың мақсатына
жеткендігі де тексеріледі. Студенттердің жұмы-
сын күнде бақылап отыру арқылы оқытушы
олардың білімді қалай қабылдайтынын және
түсінетінін тәжірибелік іскерлік және дағды-
ларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара
алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызы-
ғушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын
қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп,
оқытушы студенттердің жеке ерекшеліктерін
анықтап, оларды өз жұмысында қолданып,
студенттердің білімдерін дұрыс тексеруге және
бағалауға мүмкіндік алады. Ал, аралық бақы-
лау тақырыптық жоспардың бірнеше тақырып-
тарын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бұл
бақылаудың мақсаты – оқу бағдарламасы негі-
зінде бақылау жұмыстары арқылы әрбір се-
местрдің ортасы мен аяғында студенттің білі-
мінің көлемі мен сапасын, іскерлігін, дағдысын
анықтау.
Тестік тапсырмалар. Тестік тапсырмалар
студенттердің білім деңгейін тексеруде өте
тиімді. Тест әдісі білім алушылардың меңгер-
ген материалын ескере отырып, біріншіден,
өтілген тілдік материалды қайталау, қорыту,
екіншіден, алған білімдерін практикада күнде-
лікті өмірде қолдана білуі мақсатында жүргізі-
леді. Сондықтан да бұл әдісті тақырыптардың
соңынан және бөлімдерді қайталау, әрі пысық-
тауда қолданған жөн. Тест тапсырмалары сту-
денттердің білімін аз уақыт ішінде тексеруге
оқытушы үшін де, студент үшін де тиімді.
Бақылау жұмысы мен тестік тапсырмаларды
студенттердің білім деңгейіне қарай әртүрлі
күрделі, орташа, жеңіл нұсқада жасауға да
болады.
Дәстүрлі болып қалыптасып келе жатқан
тестілеу жүйесінде, лексика-грамматикалық тесті-
ден гөрі студенттердің қазақ тілінен білімін
бағалаудың коммуникативтік-прагматикалық бағ-
дарын ұстанған дұрыс. Өйткені коммуникатив-
тік-прагматикалық бағдарлы тестілер студент-
тің нақты сөйлеу жағдаяттарына лайық, сәйкес
келетін сөйлеу бірліктерін тану, іріктей алу,
қолдану, түсіну, айта алу сияқты білік-дағды-
Ғ.Ж. Тұңғышбаева, Т.Б. Қастеева
97
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2 (141-142). 2013
ларын тексереді. Осымен бірге «лексика-грам-
матикалық тест» деп аталып жүрген тестілеу
түрі тек сандық өлшемге ғана бағынады. Ал
жақсы тестілеу жүйесі білімнің сапасын да көр-
сете алуы керек.
Қазақ тілін оқып-үйреніп жатқан студент
өзінің коммуникативтік құзыретінің қай дең-
гейде екенін білуі керек. Сол білгеніне бай-
ланысты өзінің қазақ тілін әрі қарай қай дең-
гейде, қандай бағытта үйрену керектігіне өзі де
жауапкершілікте болады. Сөйтіп, тест – сту-
денттің қазақ тілін үйренудегі бейнесін таны-
татын болады.
Жаттығудың түрлері өтіліп жатқан тақы-
рыптарға тікелей байланысты болып келеді.
Түріне қарай дидактикалық мақсаттары, әдісте-
месі де нақты жағдайларға байланысты өзгеріп
отырады. Ғалым Қ.Жолымбетов жаттығу жазу-
дың дидактикалық талаптарын төмендегіше
сараптайды: «Жаттығудың әр жақтылығы және
қайталай жаттығу. Тақырыпты өту кезіндегі
жаттығумен шектеліп қалуға болмайды. Келесі
сабақтарда немесе келесі тақырыптарды өту
кезінде де қайталана жаттықтырылуы керек».
Демек әр жаттығу жұмысы арқылы алған білім-
дерін қайталай отырып, практикада қолдана
алу дағдысын қалыптастырамыз. Жаттығу
жұмыстарының тиімділігі туралы орыс ғалымы
А.В.Текучев жаттығуды грамматикадан өтілген
теориялық материалды түсіндіруді сипаттай-
тын әдіс деп қарауға болмайды дей келіп, ол –
тілден ұйымдастырған сабақтың қажетті бөлімі
және айырып қарауға келмейтін тарауы. Егер
орыс тілін оқытуда жаттығуды қолданбай білім
беретін болса, ол өмірден, практикадан нақ-
тылы тілдік материалдардан қол үзген құрғақ
теориялар болып шыққан болар еді, деп түсін-
діреді. Сабақты қызықты, тартымды өткізу түр-
лі методикалық тәсілдерді қолдануға, сабақты
дұрыс ұйымдастыруға, тиімді жоспарлауға бай-
ланысты. Сабақта жүргізілетін жұмыстың түр-
лері ауысып, түрленіп, отыруы - міндетті шарт-
тардың бірі. Әрбір жұмыс түріне берілетін
уақытқа да ерекше көңіл бөлу қажет, өйткені
бір жұмыс түріне көп уақыт бөлінсе ол тіл
үйренушілерді жалықтырады. Сондықтан оқы-
тушы сабақты дұрыс жоспарлауға, оны түрлі
тәсілдермен әсерлі өткізуге ерекше мән беруі
қажет. Ол үшін әр сабақтың толық жоспары
күні бұрын жасалып, сабақта өтетін материал-
дар күні бұрын анықталып, онда қолданатын
тәсілдер белгіленуі керек. Сабаққа оқытушы
қандай материалды қалай үйрететінін әбден
анықтап алуы керек.
Жаттығудың тиімділігін төмендегідей сара-
лауға болады: алған теориялық білімді тәжіри-
беде пайдалана білуге, білімдерінің тереңдеуі-
не, көркем жазуға, зейінінің жетілуіне, еске
ұстау қабілетінің дамуына, өз беттерімен ана-
лиз, синтез жасай білуіне, сөздік қорларының
дамуы мен тіл байлықтарының жетілуіне, мә-
тінді талдай білуге, сауатты жазуға, шығар-
машылық қабілеттерінің дамуына, пәнге деген
қызығушылықтарының артуына түрткі жасайды.
Қорыта айтқанда түрлі әдіс-тәсәлдер арқылы
жүргізілетін жаттығу жұмыстары мен тапсыр-
малар арқылы ғана сабақ өз мақсатына жете
алады.
Достарыңызбен бөлісу: |