Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет22/41
Дата21.01.2017
өлшемі2,86 Mb.
#2361
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41

 
Ф.А. Айкынбаева 

143 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013 
 
 
Литература 
 
1  Гумбольдт В. фон. Язык и философия культуры. Избранные труды  по языкознанию. – М.,  1993. 
2  Вайсгербер Л.  Родной язык и формирование духа. – М., 1993.  
3  Ахмедьяров К.К. Национальный космос в контексте современной литературы казахстана. – Алматы, 2009.  
4  Кубрякова Е.С., Демьянков В.З. К проблеме ментальных репрезентаций // Вопросы когнитивной лингвистики. – М.: 
Институт языкознания; Тамбов, 2007. – № 4.                                              
5  Жирмунский В.М. Вопросы теории литературы. – Л., 1928. 
6  Поставовалова  В.И.  Картина  мира  в  жизнедеятельности  человека // Роль  человеческого  фактора  в  языке.  Язык  и 
картина мира. – М.: Наука, 1988. 
7  Тарасова И.А.Категории когнитивой лингвистики в исследовании идиостиля. – http//www.ssu. samata.ru-vestnik/gum/ 
8  Туманова  А.Б.  Контаминированная  языковая  картина  мира  в  художественном  дискурсе    писателя–билингва. – 
Алматы, 2010. 
 
References 
 
1  Gumbol'dt V. fon. Yazyk i filosofiya kul'tury. Izbrannye trudy  po yazykoznaniyu. – M.,  1993. 
2  Vaysgerber L.  Rodnoy yazyk i formirovanie duha. – M., 1993.  
3  Ahmed'yarov K.K. Natsional'nyj kosmos v kontekste sovremennoy literatury kazahstana. – Almaty, 2009.  
4  Kubryakova E.S., Dem'yankov V.Z. K probleme mental'nyh reprezentatsiy // Voprosy kognitivnoy lingvistiki. – M.: Institut 
yazykoznaniya; Tambov, 2007. – № 4.                                              
5  Zhirmunskiy V.M. Voprosy teorii literatury. – L., 1928. 
6  Postavovalova V.I. Kartina mira v zhiznedeyatel'nosti cheloveka // Rol' chelovecheskogo faktora v yazyke. Yazyk i kartina 
mira. – M.: Nauka, 1988. 
7  Tarasova I.A.Kategorii kognitivoy lingvistiki v issledovanii idiostilya. – http//www.ssu. samata.ru-vestnik/gum/ 
8  Tumanova A.B. Kontaminirovannaya yazykovaya kartina mira v hudozhestvennom diskurse  pisatelya–bilingva. – Almaty, 
2010. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
О лингвокультурных особенностях художественной картины мира русскоязычных поэтов Казахстана 

144 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
 
 
 
 
ӘОЖ 81 
 
М.К. Атымтаева 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс магистранты, Қазақстан, Алматы қ.  
E-mail: 
atymtayeva@mail.ru
 
 
«Құтты біліктегі» тұрақты тіркестердің қолданылуы 
мен семантикалық ерекшелігі 
 
Мақалада ХІ ғасырдың жұлдызды шығармаларының бірі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанын-
дағы тұрақты тіркестердің қолданысы қаралады. Ғылыми сипаттама, жүйелеу, тарихи-салыстырмалы, контекстік, 
құрылымдық-семантикалық  әдістерді  қолдану  арқылы  дастанның  тілдік  табиғаты  анықталып,  тұрақты  тір-
кестердің семантикалық ерекшеліктері айқындалады. 
Түйін  сөздер:  тұрақты  тіркес,  ғылыми  сипаттама  әдісі,  тарихи-салыстырмалы  әдіс,  контекстік  әдіс, 
жүйелеу әдісі, құрылымдық-семантикалық әдіс, семантикалық ерекшелік, тілдік табиғат. 
 
M.К. Atymtayeva 
Use and semantic  features of expressions in "Kutadgu bіlіg" 
 
This article describes the poem "Kutadgu bіlіg" of the prominent Turkish poet, thinker and scholar Yusuf 
Balasagun (1017—1075). "Kutadgu bіlіg" ("Beneficial knowledge") - outstanding work of Turkic literature of the 
Middle Ages. This philosophical work analyzes the meaning and value of human life, and defines the responsibilities 
and norms of behavior in society.  
Poem "The blessed knowledge" Yusuf Balasaguni is the first work of classical Turkic literature. This work - not 
only political treatise: the poem includes the sum of knowledge in various fields of science and culture of the Middle 
Ages. It addresses the problem of meaning in life, purpose of man, his place and role in the world. The poem contains 
the details of everyday life of nomads and hunting goods, where there are sayings, proverbs and aphorisms. 
And discusses the use of expressions in "Kutadgu bіlіg." By the aid of scientifically-descriptive, historical-
comparative, contextual, systematic and structural-semantic methods was defined linguistic character of the dastan 
and identified semantic features of phraseologisms. The authors conclude that that, expressions in dastan is a 
particularly important factor in the development of science. 
Keywords: Expressions, sientifically-descriptive method, historical-comparative method, contextual method, 
systematic method, structural-semantic method, linguistic character, semantic features. 
 
М.К. Атымтаева 
Употребление и семантические особенности устойчивых выражений в «Кутадгу билиг» 
 
В  данной  статье  рассматривается
  “Кутадгу  Билиг” – поэма  видного  тюркского  поэта,  мыслителя  и 
ученого  Юсуфа  Баласагуна (1017-1075). “Кутадгу  Билиг” (“Благодатное  знание”) – выдающееся  произве-
дение тюркоязычной литературы средневековья. Это – философское произведение, в котором анализируются 
смысл и значение человеческой жизни и определяются обязанности и нормы поведения человека в обществе. 
 Поэма  “Благодатное  знание”  Юсуфа  Баласагуни  является  первым  произведением  классической  тюрко-
язычной  литературы.  Это  произведение – не  только  политический  трактат:  поэма  включает  в  себя  сумму 
знаний  по  различным  областям  науки,  культуры  эпохи  средневековья.  В  ней  рассматриваются  проблемы 
смысла жизни, предназначения человека, его места и роли в мире. Поэма содержит детали быта кочевников и 
охотничьего обихода, где встречаются изречения, пословицы и крылатые выражения. 
 В  статье  рассматривается  употребление  устойчивых  выражений  в  «Кутадгу  Билиг».  Научно  описа-
тельными,  историко-сравнительными,  контекстными,  систематизированными,  структурно-семантическими 
методами  был  определен  языковой  характер  дастана  и  выявлены  семантические  особенности  фра-
зеологизмов. Автор делает выводы о том, что устойчивые выражения в дастане являются особо важным фак-
тором для развитии науки.  
Ключевые  слова:  устойчивые  выражения,  описательный  метод,  историко
-
сравнительный  метод,  кон-
текстный  метод,  систематизированный  метод,  структурно-семантический  метод,  языковой  характер,  семан-
тические особенности. 
______________________________________
 
 
Жазба ескерткіштер – қай халықтың болма-
сын  өткен  тарихы,  мәдениеті,  әдебиеті,  тілі, 
тұрмыс-тіршілігі,  дінінің  өткен  тарихынан  мә-
лімет  алуға  мүмкіндік  беретін  асыл  мұрасы. 
Тілдің  өскен  сайын  дамуы  тамырының  терең-
дігімен де өлшенеді. Сондықтан тілді білу үшін 
әуелі  түпкі  тамырын  зерттеп,  тарихын  білу – 
бүгінгі ұрпақтың еншісі.  
Біздің қазіргі тіліміздің пайда болу, өсу, да-
муының  заңдылықтарын,  қалыптасу  жолдарын 
М.К. Атымтаева 

145 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013 
 
 
білу  үшін  ескі  түркі  жазба  ескерткіштерінің 
тілін  жан-жақты  зерттеп,  қазіргі  ана  тілімізге 
қатысы қанша екендігін анықтау қажет. 
Осы  тұста  кейбір  ескерткіштердің  әлі  де  өз 
деңгейінде  зерттелінбей  отырғандығын  айта 
кеткеніміз  жөн.  Жан-жақты  зерттеуді  қажет 
ететін  осындай  ескерткіштердің  бірі – Жүсіп 
Баласағұнның «Құтты білік» дастаны. 
«Құтты  білік»  дастаны  ХІ  ғасырдың  жұл-
дызды  шығармаларының  бірі  ретінде  өз  бойы-
на  классикалық  түркі  әдебиетінің,  поэзиясы-
ның  бірегей  қасиеттерінің,  эстетикалық  тәжі-
рибелерінің  нәрін  жиған  туынды.  Қоғамдық-
әлеуметтік мақсаты айқын, танымдық талғамы 
биік  поэтикалық  құбылыс.  Таза  әдеби  шығар-
ма  ретінде  ол  өзіне  дейінгі  түркі  поэзиясының 
ішкі  заңдылықтары  мен  барша  көркемдік  қа-
сиеттерін  шығармашылықпен  сіңіріп,  әде-
биеттің  кейінгі  кезеңдеріне  өзгеше  даму  ар-
наларын  ұсынған  шоқтықты  эстетикалық  бе-
лес.  
Шынайы  талантты  энциклопедиялық  бітім-
дегі  шығарма  тарихи  түйінді  құбылыс.  Халық-
тық сипат, ұлттық  мінез-құлық  қырлары, сана, 
дәстүр болмысы солардан бедерленіп көрінбек. 
Ұлттық  ой-сана,  менталитет  ұзақ  сүзіліп,  баяу 
қалыптасатын  әрі  баянды  сақталатын  күрделі 
түзілім. «Құтты  білік»  дастанының  беттерінен 
де қазақ елінің жаратылысына тән сипаттардың 
куәгері  болғандаймыз.  Халқымыздың  қанына 
сіңген  әдет-құлықтар,  қасиеттер:  үлкенге  құр-
мет,  кішіге  ізет,  барға  қанағат  етушілік,  жо-
марттық пен қонақжайлылық, мейірімділік пен 
қайырымдылық  сынды  көптеген  адамгершілік 
өнеге-сипаттар  мемлекеттік  іс,  тұрмыс,  өмір, 
мораль,  әдеп-иман  тақырыптарын  жырлаған 
тарауларда  ақындық  ой-маржандарымен  аста-
сып  жарқырай  көрініп  отырады  да,  бір-бірімен 
ұласып  келісті  бір  тұтас  ұлттық  бітімді  көзге 
елестетеді. Бала тәрбиесі, әйел алу, жар таңдау, 
қонақ  шақырып,  қонақ  күту,  қызметшілермен, 
алуан  мамандық  иелерімен  қарым-қатынас 
жасау  жөніндегі  тараулардағы  осындай  мағы-
надағы  ойлар,  тұжырымдар  халқымыздың  қа-
зіргі  бойында  тумысынан  біткен,  тұрмысында 
бар, санамызға  ана  сүтімен  сіңіп, бабалар ақы-
лымен  дарыған  қасиет-сипаттармен  жалғасып, 
жақын  түсіп  отырады.  Баланы  жасынан  қо-
лыңда  тәрбиеле,  жатқа  жіберме,  үйіңде  өсір, 
өнер-білім үйрет, имандылыққа баулы, еңбекке 
баста  дейді  ақын.  Ұзын  жолдың  бойына  үй 
тікпе,  тасыған  арынды  өзенге  жақын  қонба, 
қамал  қасынан  алыс  жүргін  дейді.  Бұлар  әдет-
нанымнан  да,  әдеби  шығармалардан  да  жақсы 
таныс түйіндер [1, 20]. 
Басты  дереккөз – А.Қ.  Егеубаев  аударған 
алғашқы  басылым  «Жүсіп  Баласағұн.  Құтты 
білік» (Алматы,  Жазушы, 1986) кітабы.  Енді 
осы  еңбектегі    тұрақты  тіркестердің  семанти-
калық ерекшеліктерін сөз етейік.  
Тұрақты  тіркестер – екі  немесе  бірнеше 
сөздердің  тіркесуі  арқылы  тұтас  бір  мағына 
білдіретін  сөз  тіркестері.  Қазақ  тіл  білімінде 
бұл  термин  фразеологизмді  тұрақты  тіркес, 
фразеологизмдік  бірлік  (единица),  фразеоло-
гизмдік  тіркес, 
фразеологизм
дік  орам, 
фраза
 
сияқты атаулармен аталып жұр.  
Фразеологияның  теориялық  негізін  қалау-
шылар  ретінде  француз  ғалымы  Ш.  Баллиді, 
Ресей  академигі  В.  В.  Виноградовты  атауға 
болады. Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиев «Қазақ 
тілінің  лексикологиясы  мен  фразеологиясы» 
атты  еңбекте: «Фразеологизмдердің  өз  алдына 
дербес  лингвистика  саласы  екендігін  таныта-
тын  негізінен  үш  белгісі  бар.  Олар: 1) даяр 
қалпында  жұмсалу  белгісі, 2) мағына  тұтас-
тығы, 3) тіркес  тиянақтылығы», – деп  жазады 
[2, 187].  
Қазақ  тіл  білімінде  тұрақты  тіркестер  құ-
рылымдық-типологиялық,  семантика-морфоло-
гиялық,  тақырыптық,  түрлі  аспектілік  (этно-
лингвистикалық,  мәденилингвистикалық  және 
т.б.)  тұрғыдан XX ғасырдың 40-жылдарынан 
бастап  зерттеле  бастады.  Қазақ  фразеология 
саласының көшбасшысы І. Кеңесбаев алғаш рет 
жалпы  түркі  фразеология  ғылымының  теория-
лық  негізін  салды.  Қазіргі  уақытта  қазақ  лин-
гвистикасында  фразеологизмдердің  теория- 
лық  және  практикалық  мәселелері  (Ә.  Қайдар, 
Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев, С. Исабеков, А. Алда-
шева, Г. Смағұлова, С. Сәтенова, т.б.), тұрақты 
тіркестердің  стильдік  қызметі  (М.Серғалиев,  
Г.  Құсимова,  Г.  Боранбаева),  олардың  көркем 
шығармаларда  қолдануы  (Ө.  Айтбайұлы,  
Б.  Шалабай,  Х.  Қожахметова,  М.  Жәнібеков), 
фразеологизмдердің 
мағыналық, 
тақырып- 
тық  тұрғыдан  топтастырылуы  (А.  Елешова,  
Р.  Жайсақова,  Р.  Авакова),  фразеологиялық  
бірліктердің  жеке  категориялары  (Ф.  Оразбаева, 
А.  Байталиев,  Р.  Таева),  фразеологизмдегі  диа-
лектілік  ерекшеліктер  (Ш.  Сарыбаев,  Қ.  Қалы-
баева,  С.  Мұстафаұлы),  фразеологизмдердің  
жеке  тілдер  деректерімен  салыстыра  зерттелуі 
(А.С.  Аманжолов,  З.  Ахметжанова,  Р.  Валиха-
нова,  М.  Әбдіғалиева,  П.  Дәулетова  және  т.б.) 
мәселелері  тіл  білімінің  түрлі  аспектілерінде 
зерттелді.  Сонда  да  қазақ  тілі  фразеологиялық 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
 
«Құтты біліктегі» тұрақты тіркестердің қолданылуы мен семантикалық ерекшелігі 

146 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
 
қорын  кешенді  түрде  зерттеу  бүгінгі  таңда 
өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 
Дастандағы  тұрақты  тіркестердің  бүгінге 
жету жолы, түрлену үрдісінің көріністері шарт-
ты  түрде  мынадай  ыңғайда  жіктеліп  қарас-
тырылады: 
1)  Жұмырланып,  жетіліп  тілдің  поэтикалық 
ерекшеліктерімен  ұшқырланып  мақал-мәтелге, 
өнегелік  шағын  шумақ,  жырларға  айналып, 
халық  санасына,  әдебиетіне  шығармашылық-
пен  сіңу  арқылы  жеткен  толғамдар;  Мыс.: 
«Шайтан ісі — абдыраған, асыққан, Асыққан іс 
ығын  бермей  жасытқан»  (5217). «Асыққан 
шайтанның  ісі»  (қазақ  мақалы). «Кісі  сүйсе 
айыбы асыл көрінер, Сүймесе егер, асылы айып 
көрінер» (533) «Сүйгеніңнің  шұнақтығы  бай-
қалмас» (халық мақалы)
2)  Түпнұсқадағы  бәз  күйінде,  қаз-қалпында 
сақталған  тұрақты  тіркестер;  Мыс.: «Ұлық 
болсаң,  кішік  бол»  (4532). «Ақыл  көркі  тіл, 
тілдің  көркі  сөз,  Адам  көркі  жүз,  жүздің  көркі 
көз» (274)
3) Мағынасы, мәні, өзегіндегі нәрі, өміршең 
қағидасы  жаңа  сөз  тіркесімен,  жаңа  үлгімен 
жеткен ой-толғамдар; Мыс.: «Өзіңнен де зорлар 
сөзін  қозғаса, Құлағың  сал, сөйлеп  әуре  болма 
аса» (4116) «Аузы қисық болса да, байдың ұлы 
сөйлесін»  (мақал); «Күштілерім  сөз  атса,  бас 
изеймін  шыбындап»  (Абай); «Ас  арқауың, 
онсыз  күнің  қараңғы,  Құлқын-өңеш  билемесін 
адамды» (3667) «Ас адамның арқауы» 
ә
тел)
«Құлқынның құлы» т.с.с.). 
4)  Тіршілік-тұрмыстың  үлкенді-кішілі  заң-
дылықтарына айналған рәсімдер; Мыс.: «Өсек-
шіге  араласпа  жақындап,  Өсекшінің  өртер  тілі 
лапылдап»  (4212); «Аузыңды  бақ,  енер  содан 
кесел де!» (4615); «Әдептінің түр-түсі де әдемі» 
(4604); «Айтарыңды сайлап сөйле, жүректі ер!» 
(3878); «Сөйлемесең,  сөзің  саған  құл  болар, 
Сөйлеп  қойсаң,  сені  өзі  құл  қылар...»  (3880)
«Көңіл жақын болса, жақын алыс жер, Көңілді 
бақ, алыс кейде қарыс жер!» (3705)
5)  Халық  даналығына  ұласып,  ұлттық  пара-
сат-сана  қисындарымен  суарылып,  мазмұнын 
байытқан  толғаныстар.  Мыс.: «Тіршілікке  ал-
данбағын, өшеді, Дүниеге алданбағын, көшеді!»; 
«Жамандықты қусаң, азап шегесің, Жамандық-
қа жақсылық қыл, жеңесің!»; «Ақыл бұйда, ере 
түссең  жетелер,  Сөйтіп  арыз-тілегіне  жетеді 
ер...»; «Ақылдылық  асылы  ізгі  жандардың, 
кішілікте кісілік бар, аңғарғын...»  [1, 22-23].  
Ауқымды  дастанның  ойлары,  насихат-уәзи-
палары  осылайша  алуан  қырымен  халқымыз-
дың  тұрмысына,  салт-дәстүріне,  санасына, 
әдебиетіне  сіңіп,  кең  таралып  кеткен.  Шығар-
маның  халық  рухына  осыншама  қойындасып, 
біте  қайнасып,  өлмейтін  өрелі  сөзге  айналуы 
сирек  құбылыс. Бір жағынан, толғам тереңдігі, 
көркемдік шындықтың әлеуеті тәнті етсе, екін-
ші  жағынан,  халықтың  өз  тәжірибесінен,  ха-
лықтың  өз  рухани  тірлігінен  еркін  алып  қол-
данған, игерген  мақал-мәтелдері тілге орамды, 
жүрекке  жылы  тиіп  баурап  алады.  Ойды  ой 
жаңғыртып,  ойды  ой  дамытып,  сан  ғасырлық 
әдеби  көркемдік  таным  диалектикасын  алға 
тартады. «Классикалық  түркі  поэзиясының 
тарихы  Құтадғу  білік  поэмасынан  басталады» 
[3, 21] деген  пікірдің  бір  дәлелі  осындай  таза 
теориялық бітімінен де аңғарылады. Кейінгі ке-
зеңдердегі  халық  әдебиетіндегі,  ауыз  әдебиетін-
дегі,  классикалық  поэзия  үлгілеріндегі  ағарту-
шылық мұраттардың бір ұшығы осынау ежелгі 
дәуір  дастанында  жатыр.  ХVІІІ-ХІХ  ғасырлар-
да  жарық  көрген,  сол  кезеңде  жазылған  туын-
дылардың  дені  осындай  насихат-ғақлия  мәне-
рінде  жазылып,  саяси-әлеуметтік,  моральдық, 
этикалық  мәселелерді  батыл  да  ашық  үнмен 
толғаса,  сол  арқылы  халыққа  жол  нұсқауды 
ниет  етсе,  мұндай  этика-дидактикалық  бағыт-
тың  түп-тамырын  тағы  да  ежелгі  түркі  тол-
ғауларынан табамыз. 
І.  Кеңесбаевтың  авторлығымен  шыққан 
«Қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігі»  қазақ 
фразеологиясына  ғана  емес,  қазақ  тіл  біліміне 
де  қосылған  елеулі  үлес.  І.  Кеңесбаев  аталған 
сөздіктегі  қазақ  тілінің  фразеологизмдері  ту-
ралы жазған мақаласында фразеология туралы: 
«Тіл-тілдің  өзіне  тән  ұлттық  қасиеті  оның 
барлық  тарауларынан  (ярустарынан)  байқала-
тыны  мәлім.  Сол  қасиет,  әрине,  тиянақты  сөз 
тіркестерінен  де  анық  көрінеді.  Тіл  байлығын 
сөз  еткенде  сөз  байлығы  (лексикалық  қор) 
деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі 
фразеологизмдерді  жай,  жалпылай  жатқыза 
салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлы-
ғын тексеретін тіл білімі саласын лексикология 
деп  атайтын  болсақ,  фразеологизм  байлығын 
тексеретін  тіл  білімі  саласын  фразеология  деп 
атау әбден орынды», – деп жазады [4, 589].                             
Автор аталған еңбегінде қазақ тіліндегі фра-
зеологизмдердің  теориялық  мәселелерін  де 
жан-жақты  қарастырып,  болашақ  ғылыми-
зерттеу жұмыстарына бағдар боларлық ғылыми 
пікірлер  айтқан.  Қазақ  тілінің  фразеологиясын 
зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысы болмасын 
өз  зерттеу  жұмыстарында  бұл  еңбекті  басшы-
М.К. Атымтаева 

147 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013 
 
 
лыққа алады. Біз де «Құтты біліктегі» тұрақты 
тіркестерді    осы  сөздіктен  көре  аламыз.  Оны 
төмендегі  тіркестер  мен  оның  беріп  тұрған 
мағынасынан айқын көруімізге болады.  
«Жалған  дүние»  алдамшы,  тұрақсыз  деген 
мағынада;  «жаратқанға  табынды»  құдайдан 
тіледі, аллаға жалынды, мiнажат етті; «пай-
даң  тисе»  жақсылығың  болса;  «тілегін  тіле» 
біреудің  қамын  жеді,  өмірін-жүрімін  сұрады; 
«жанын қиып» басын тікті, өзін садаға етті; 
«шипа  болса»  себебі,  пайдасы  тиді;  «ой  жібе-
ріп»  әр  жайға  ойша  барлау,  шолу  жасады; 
«ұйқы қашып»  тынышы қашты, бейбітқалпы 
бұзылды,  қайғы  мазасыз  етті;  «дұға  қылды» 
аллаға  жалынды,  тілек  тіледі;  «қызығын  кө-
ріп»  игілігін,  рахатын  көрді,  пайдасын  тама-
шалады;  «көңілі  құлап»  құштар  болды,  ықы-
ласы түсті; «көзің  тігілсің» 1) қадала қарады, 
тесіле  қарады 2) тағдырына  көз  жіберді  ой-
ланды; «басын берер» 1) неден болса да тайын-
бады 2) өтеуін,  төлеуін  берді;  «күні  туса»             
1)  көксеген  мезеті  жетті,  дер  кезеңі  келді  
2)  басынан  қиыншылық  түсті,  істі  болды; 
«барымен  базар»  қолдағы  барға  қанағат  ету 
мағынасында;  «жаныңды  сал»  аямай  күресті, 
бар  ынта-ықыласын  салды,  ынты-шынтымен 
аянбай істеді; «көзі ашылар» 1) көкірегін, сан-
сын  оятты,  санасы  оянды,  өмірді  білді,  та-
ныды 2) сордан  арылды,  теңдікке,  еркiндiкке 
қолы  жетті;  «тік  тұрып»    барынша  қызмет 
етті,  жақсылап  күтті;  «ұлық  тұтып»  дәре-
жесі  жоғары,  биік  санады;  «сөзін  ал» 1) айт-
қанына көнді, дегенімен жүрді 2) уәдесін алды; 
«дүние қуған» мал-мүліктің соңына түсті, көзі 
тоймады;  «жаласына  қаларсың»  бәлеге  басын 
шатты, айыпты болды, біреудің обалына ұшы-
рады; «қадіріне жете біл» сыйлап, құрмет-теп 
көрсетті,  ардақтап,  бағаламай  алды,  жақсы-
лығын бағалай алды, қадірін түсінді [4],[5]. 
Бұндай  тұрақты  тіркестерді  шығарманың 
кез-келген  бәйітінен  тізбелеп  келтіруге  әбден 
болады. «Құтты  білік»  дастанының  бүкіл  тіл 
орамдары  қазіргі  қазақ  тіліне  үндес  қана  емес, 
кіндіктес, үлгілес.  
Поэтикасы, қоғамдық әлеуметтік мәні жағы-
нан,  философиялық  терең  тұжырымдарымен 
дүниежүзіне  кеңінен  тарап  үлгерген  «Құтадғу 
біліктен» туған еліміздің рухани, ақиқатты-эти-
калық тұлғасын, Қазақстан мәдениеті  мен  әде-
биетіміздің кеніш тарихы мен дәстүрін көреміз.  
Әдеби аяда, этика-философиялық дастанның 
көркемдік өнегесі, кейінгі түркі тілдес әдебиет-
терге  ұласқан  дәстүрі,  тақырыптық  тынысы, 
халықпен  бірге  жасайтын  өміршеңдігі  айқын 
сезіледі.  Шығарма  тақырыптарын  шартты  түр-
де:  а)  имандылық,  әдеп-адамгершілік  тұғыр-
лары;  ә)  тіл,  білім,  ақыл-парасат  сипаттары;  
б)  әлеуметтік-қоғамдық  түйіндер;  в)  тұрмыс-
тіршілік  толғамдары;  г)  мемлекет  түзіп,  ел  тү-
зеу туралы толғаныстар, д) табиғат, жаратылыс 
суреттері  деп  қысқа  қайырып  топтастыруға 
болады. 
Қорыта  келгенде,  тілдің  тұрақты  тұғырын 
таныта алған түркі тілдес халықтар әдебиетінде 
дидактикалық  сарында  жазылған  көркем  сөз-
дердің  ғажайып  үлгісі  Жүсіп  Баласағұнның 
«Құтты білік» еңбегінде тіл шеберлігі мен сөздің 
терең  мағынасы  кеңінен  танылған.  Жүсіп  Ба-
ласағұн  поэзиясындағы  тұрақты  тіркестердің 
мағыналық ерекшелігі, ақын өмір сүрген кезең-
дегі  түркі  тектес  халықтың  өмір-тіршілігінде 
қолданыста болған тіркестердің, бүгінгі ғылым-
дағы  тіркестермен  синонимдік  қатар  құрайтын 
және  қолданылу  ерекшеліктерімен  аса  бағала-
натын еңбек екенін ескеруіміз қажет. 
Жұртшылыққа  таңсық,  поэтикалық  қарымы 
жағынан  алымды  әрі  қарапайым,  әрі  ұтқыр 
тіркестердің  даналығы  қай  ғасырда  да  тозбасы 
анық. Тұрақты тіркестердің сонау IX-XI ғасыр-
лардан  бүгінге  дейін  жалғасқан  тарихи  жолы 
сайрап  жатыр.  Оларды  әлі  де  зерделеп,  жүйелі 
түрде зерттеу қазақ тілінің, жалпы түркі тілінің 
бай  мазмұн  өрнектерін,  мағына  құнарын  аша 
түсетіні күмәнсіз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет