Литература
1 Ровенский Н. Портреты, обзоры, рецензии, литературные портреты. – Алма-Ата, 1983
2 Бахтин М. Эстетика словесного творчества. – М., 1986.
3 Очерки истории русской советской литературы Казахстана. – Алма-Ата, 1985.
4 Джолдасбекова Б.У. Художественное своеобразие эпической прозы. – Алматы, 2002.
5 Шухов И.П. Горькая линия // И.П. Шухов. Собр.соч. в 5 томах. – Т.5. – Алматы,1983.
6 Национальный космос в контексте современной литературы Казахстана. Компендиум / Под ред. С.Д. Абишевой. –
Алматы, 2009.
7 Очерки истории русской советской литературы Казахстана. – Алма-Ата, 1985.
8 Габдиров И.Х. Русские советские писатели и Казахстан. – М.,1952.
9 Фетисов М.И. Литературные связи России и Казахстана. 30-50 годы XIX века. – М., 1956.
10 Виноградов В.В. О художественной позе. – М., 1930.
11 Караулов Ю.Н. Русский язык. Энциклопедия. – М., 1976.
References
1 Rovenskiy N. Portrety, obzory, retsenzii, literaturnye portrety. – Alma-Ata, 1983
2 Bahtin M. Estetika slovesnogo tvorchestva. – M., 1986.
3 Ocherki istorii russkoy sovetskoy literatury Kazahstana. – Alma-Ata, 1985.
4 Dzholdasbekova B.U. Hudozhestvennoe svoeobrazie epicheskoy prozy. – Almaty, 2002.
5 Shuhov I.P. Gor'kaya liniya // I.P. Shuhov. Sobr.soch. v 5 tomah. – T.5. – Almaty,1983.
6 Natsional'nyj kosmos v kontekste sovremennoy literatury Kazahstana. Kompendium / Pod red. S.D. Abishevoy. – Almaty,
2009.
7 Ocherki istorii russkoy sovetskoy literatury Kazahstana. – Alma-Ata, 1985.
8 Gabdirov I.H. Russkie sovetskie pisateli i Kazahstan. – M.,1952.
9 Fetisov M.I. Literaturnye svyazi Rossii i Kazahstana. 30-50 gody XIX veka. – M., 1956.
10 Vinogradov V.V. O hudozhestvennoy poze. – M., 1930.
11 Karaulov Yu.N. Russkiy yazyk. Entsiklopediya. – M., 1976.
А.Б. Бегдаулетова
155
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013
ӘОЖ 81:001.12/.18
Г.М. Бектемисова
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
2-курс магистранты, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail:
misha_87_a@mail.ru
Үнемдеу құбылысының Магент тіліндегі көрінісі
Үнемдеу құбылысы – тілдің дамуында шешуші қызмет атқаратын лингвистикалық заңдардың бірі.
Үнемдеу жалпы тіл білімінде, түркітануда, қазақ тіл білімінде сөз болғанда құбылыс, үрдіс, үдеріс, заңдылық
аясында ғана қарастырылып келді. Бірақ соңғы кездегі зерттеулердің нәтижесі үнемдеуді заң деп танып,
үнемдеудің ықпалынан болатын тілдегі барлық заңдылықтар мен құбылыстарды соның аясында қарас-
тырудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Осы күнге дейінгі зерттеу еңбектерінде үнемдеу заңының тек тіл білімі-
нің салаларына байланысты, яғни фонетика саласында дыбыстардың түсіп қалуы, синтаксисте сөйлемдердің
ықшамдалуы қарастырылған болса, бүгінгі мақалада ғылыммен бірге қатарласа дамып келе жатқан жаңа
ақпараттық технологиялырдың ықпалы, жастар арасында қолданыс аясының қаншалықты кең екендігі
қарастырылады. Сонымен қатар мақалада осы үнем заңының жаңа технологиялар интернет желісі Магентте
жастардың қолдану көрінісі талданады. Өзара хат алмасу барысында сөздердің, сөйлемдердің тек белгілі бір
дыбыстар арқылы берілуі, көңіл-күйді білдіруде смайликтерді қолдану және осы әрекеттердің орын алуына
итермелейтін, яғни үнемдеу заңын қолдану аясының ұлғаюына ықпал еткен факторлар анықталады.
Түйін сөздер: үнем заңы, интернет желісі, ықшамдалу, Mail.ru, Магент, смайликтер, психологиялық жай-күй.
G.M. Bektemisova
The image of saving phenomenon in the Magent language
The saving phenomenon is one of the linguistic laws, which serves as a decisive one in the development of a
language. Saving was considered only in the frame of phenomenon, tendency, process, and regularity when it was
discussed in General Linguistics, Turkology and Kazakh Linguistics. But saving was recognized as a law by the
results of last research and showed the necessity of considering all the regularities and phenomena in the language
which caused by the influence of saving in its frame. If saving law was considered only connected with the branches
of linguistics i.e. in phonetics omitting sounds, in syntax contracting sentences in research works till nowadays, in
today’s article the influence of new information technology which is developing together with science and how it is
wide spread among young people are considered. Moreover, in the article the usage of this saving law by the young
people in Magent in the Internet is analyzed. The factors which influenced on the increase of using this saving law
during correspondence i.e. designating words, sentences only with certain sounds, using smileys while intending to
show one’s mood are defined.
Keywords: saving law, Internet, contraction, Mail.ru, Magent, smileys, psychological condition.
Г.М. Бектемисова
Экономия – явление в языке Magent
Это один из лингвистичесих законов, который имеет решающую функцию в равитии языка. Экономия в
общей лингвистике в тюркологии, в казахском языкознании рассматривалась только как явление, процесс,
тенденция, закономерность. Однако результат последних исследовании воспринимает экономию как закон, а
все закономерности и явления, которые возникают в результате воздействия экономии, показывает необходи-
мость рассмотрения их на этом фоне.
Если до этого времени в исследоваиях закон экономии рассматривался в связи с направлениями лин-
гвистики, например в фонетике – элизия звуков, в синткасисе – предложении, то в данной статье рассматри-
ваются влияние информационных технологии, насколько шире его использование в языке молодежи.
А также в статье рассматривается использование закона экономии молодежью в сети интернет М-агент.
В прцессе переписки слова и предложения передаются определенными звуками, эмоциональное
состояние собеседников обозначаются смайликами, то есть, мы рассматриваем факторы, которые приводят к
широкому использованию закона экономии.
Ключевые слова: закон экономии, сеть интернет, сокращение, М-агент, смайлики, психологическое явление.
_________________________________
Қоғамның дамуы адам өміріндегі әртүрлі
өзгерістердің орын алуына әкеліп соқтырады.
Заман ағымына байланысты дүниеге келіп
жатқан әртүрлі жаңа технологиялық құралдар-
дың да адам өмірінен алар орны маңызды. Осы
құбылыстар тіл білімі саласына да өз әсерін
тигізбей кетпейтіні анық. Қазақ тіл білімінде
бүгінгі таңда жан-жақты қарастырылып жат-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
Үнемдеу құбылысының Магент тіліндегі көрінісі
156
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
қан, бүгінгі күнгі зерттеу объектісіне айналған
үнем заңына да осы жаңа технологиялардың
қарқынды дамуы өз үлесін қосуда.
Жаңа ақпараттық құралдар ұялы телефон,
интернет желілері арқылы хат алмасу барысын-
да көптеген сөздер үнемдеу құбылысына ұшы-
рап, сөздің белгілі бір көрінісі ғана бейнеленіп
жатады.
Осы құбылыстардың орын алуында басты
себепкерлердің бірі - Mail.ru интернет желісі
және соның ықпалымен пайда болған ұялы
телефонға арнайы жасалған Магент (мобильді
агент) жүйесі.
Ең алғаш рет 1998 жылы американдық Data
Art компаниясының программистері веб-сервер
ретінде электронды почтамен хат алмасу орта-
лығын қалыптастырады. Бұл орталық үлкен
қолданысқа ие болады. Ал 2001 жылдың 20 ақ-
панында Ресейлік интернет желілері Port.ru
және netbridge орталықтарының арасында үл-
кен сәйкестік байқала бастайды. Осы сәйкес-
тіктерді жою мақсатында компания акционер-
лерінің шешімімен екі желіні біріктіру арқылы
сол жылы 15 қазанда әлемге әйгілі - Mail.ru
интернет желісі дүниеге келеді.[1] Бұл интер-
нет желілері адам өміріне өзіндік пайдасын да
алып келді. «...Айшылық алыс жерлерден жыл-
дам хабар алғызды», - деп Ыбырай Алтынсарин
өз өлең жолдарында айтып өткендей өмірге
ХХІ ғасырмен жарыса келген бұл жаңалық
алыс аймақтардан уақыт созып күттірмей, тез
әрі үнемді ақпарат алмасуға болатын байланыс
түрін орнатты.
Бертін келе ұялы байланыс та өз қарқы-
нында жылдам дамып, қоғамда өзіндік орын
иеленіп, кең қолданысқа ие бола бастады. Со-
ның ықпалымен 2004 жылдың қаңтар айында
ұялы
байланыс
аппараттарына
арналған
Mobile@Mail.ru
мобильді сервисі (Магент)
дүниеге келді. Жаңа ғасырдың жаңалықтары
халық өміріне үлкен үлесін қосуда. Солардың
бірі арадағы қашықтыққа қарамай сапалы бай-
ланыс орната отырып, ақпарат алмасу жылдам-
дығы. Осы жылдам ақпарат алмасу адамдардан
көпсөзділіктен гөрі керісінше, тиянақтылықты
талап етеді. Соның барысында адамдар ара-
сындағы байланыс ықшамдалған диалогтарға
құралады. Мысалы:
- Slm!
- Slm!
- Kaksyn?
- Ok! Oz?
- Tema.
- N.i.j?
- Uhpyyyw…Sen?
- Sol sabak karap.
- Mmm, poka.
- Mhm, KT!
- KT! [3]
Бұл Магент желісіндегі ақпарат алмасушы-
лардың диалогынан көрініс. Ал осы диалогтың
толық нұсқасы мынадай болмақ:
- Сәлем!
- Сәлем!
- Қалың қалай?
- Жақсы.Өзің қалайсың?
- Өте жақсы.
- Не істеп жатырсың?
- Ұйықтайын деп жатырмын. Сен не істеп
жатырсың?
- Сол сабақ қарап отырмын.
- Түсінікті, пока.
- Ия, қайырлы түн!
- Қайырлы түн!
Осылайша Магент арқылы өзара байланыс
орнатқан бүгінгі жас және орта жастағы адам-
дар әңгімелесу барысында көптеген өзгерістер
тудырады. Солардың бірі – айтар ойды ық-
шамдап, қысқартып, белгілі бір дыбыстар ар-
қылы бейнелеп беру сынды үнемдеу құбы-
лысы.
Адам әрбір қимыл-қозғалыс, іс-әрекет ба-
рысында өз бойынан белгілі бір мөлшерде
энергия, күш жұмсайды. Осы энергия, күшті
сақтап қалу барысында тілдегі ықшамдалу,
үнемдеу құбылысы дүниеге келеді. Жоғарыда
келтірілген мысалды белгілі бір сөзді, сөз тір-
кесін, сөйлемді тек дыбыстармен беру көрініс
тапты. Ендеше бұл Магент байланыс жүйе-
сіндегі ықшамдалу көрінісінің бір түрі.
Тілдегі үнемдеу адам ойы мен санасында
қалыптасқан, сөйлеушінің қарым-қатынас жа-
сау барысында жұмсайтын энергиясының үнем-
делуін, ойды жеткізушінің құрылымдық жағы-
нан қысқа әрі мағыналық, мазмұндық жағынан
бай, өкпеден шыққан ауаның бірыңғай, бір-
келкі, бірдеңгейлестігін, сонымен қатар сол
тілде сөйлеушінің тілінің әуезділігін, эмоцияны
адамның қолданылу ыңғайына қарай бейімде-
луін қамтамасыз етеді және қарастырады.
Тілдік үнемдеу құбылысының сөйлеуге қа-
тысты екеніндей, сөйлеуші коммуникативті
тұлға ретінде өз ойын тілдің барлық деңгей-
леріне қатысты ықшамдап жеткізе алуына түрлі
факторлар әсер етеді. Соның бірі –психология-
лық фактор. Яғни бұл адам эмоциясын көр-
сетуде ықшамдалу құбылысына тағы да өз
септігін тигізеді. Адам көңіл-күйін тек тілмен
Г.М. Бектемисова
157
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013
ғана бейнелеп қоймай бет-әлпеті, қимыл-қоз-
ғалысы арқылы да білдіріп жатады. Осының
ішіндегі бет – әлпет қозғалысы біршама күр-
делі әрі маңызды екені баршамызға анық.
Өйткені сіз біреудің бетіне бір қарап-ақ оның
көңіл-күйін аңғара аласыз. «Көз - көңілдің
айнасы» деп жатамыз. Бүгінде осындай қимыл-
қозғалысты сөзбен емес, белгілі бір суретті
бейнелер (смайликтер) арқылы көрсетеді.
Смайлик (ағл.smile) - эмоцияны білдіретін
идеограмма. Ең алғашқы смайликтің авторы –
дизайнер Харви Белл. Ол кезде Американың
сақтандыру компанияларында күрделі кезең
болып, екі компанияның біріктірілуінен қиын-
дықтар туындап жатады. Сол қиындықтардың
кесірінен компанияның іскерлік қабілеттеріне
нұқсан келтіре бастады. Компания басшылары
көтеріңкі көңілді жарнамалайтын акция өткізу-
ді жоспарлайды. Оның символын салу суретші
Харви Беллге тапсырылады. Ол 1963 жылы он
минут ішінде көңілді кейіпті сипаттайтын
бейнені жасап шығарады. Осы бейнелі суреттің
негізінде жұмыскерлердің төсбелгісі тағайын-
далады. Ал ол суретке «смайлик» деген ат бе-
рілді. Ең алғашқы смайлик осылайша өмірге
келді. Өзінің осы туындысы жайында Харви
Белл былай дейді: «Бүгінгі күнге дейін адамзат
және өнер тарихында жан-жақты тарала оты-
рып, бақыт, қуаныш, рақат сыйлайтын туынды
болмаған. Қарапайым болса да, баршаға түсі-
нікті».
Бертін келе 1969 жылы Владимир Набоков
та өзінің бір сұхбатында көңіл-күйді білдіретін
бір графикалық белгіні ойлап тапқысы келе-
тінін айтып өтеді. Бірақ ең алғаш хат арқылы
ақпарат алмасу кезінде 1982 жылы 19 қыр-
күйекте ағылшын азаматы Скотт Фалман смай-
ликтерді бүгінгі күні кең тараған көңілді жағ-
дайда «:-) », керісінше көңілсіз күйде болғанда
«:-(» түрін қолдануды ұсынады.[1]
Әрбір смайлик адамның әртүрлі көңіл –
күйін көрсетеді. Мысалы:
- күлімсіреу;
-
көңілсіз,
-
ұялу,
- ашулы;
-
жылау;
-
таңқалу;
-
көз қысу;
-
керемет;
- гүл сыйлау;
-жүрек;
-
күлу;
-
қорқу, т.б.
Смайликтер арқылы адамдар өз бойындағы
психологиялық жай-күйін жеткізеді. Психо-
логиялық фактордың үнемдеу заңын нақтылай
түсетін бірінші құбылыстары –сөз жұту, үнсіз
қалу. Үнемдеу заңынан туындайтын сөз жұту
жеке адамның психикалық жай-күйіне байла-
нысты болмақ. Сөйлеушінің сөйлеу актісіндегі
сөздерінің жұтылуы түрлі психологиялық жағ-
даятқа байланысты екенін төмендегі түрлі сезім
мен көңіл-күйдің өзгерісінен пайда болатын
психологиялық жай-күйлердің әсерін анық-
тауға болады. Сөз жұту психологиялық жай-
күйге (яғни, «қорқу», «толқу», «өкіну», «қуану»,
«ашулану») бейвербалды амалдарды жатқызуға
болады. [2]
Осы жай-күйлерді бейвербалды амалдар
арқылы Магент желісінде жеткізуде жастар
смайликтерді кеңінен қолданады.
-
...
-
Kaksyn?
-
. Oz?
-
, onwa emes.
-
ne boldy?
-
Suyk tigizip aldym.
-
Tezirek sauygyp ket.
-
Raha, .
[3]
Міне, осы мысалда адамның көңіл-күйін сөз-
бен жазып отырмай-ақ, қысқа бейнелі смай-
ликтер арқылы танып-білу оңайға соғатынын
анық көруге болады.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайда-
лану барысында қалыптасып, бүгінгі күні кең
өріс жайып келе жатқан, яғни үнемдеу заңын
қолдану аясының ұлғаюына ықпал еткен фак-
торлар:
1.Уақыт үнемдеу, яғни жылдамдық. Соның
салдарынан сөйлемдегі сөздер, сөз тіркестері
белгілі бір дыбыстар арқылы беріледі. Мысалы,
не істеп жатырсың? деген бір сөйлем, ықшам-
далу барысында n.i.j.? деген 3 сөздің алғашқы
дыбыстары арқылы берілсе, сәлем деген сөз
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
Үнемдеу құбылысының Магент тіліндегі көрінісі
158
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
slm деген тағы да сол дыбыстар арқылы ғана
адресатқа жеткізілуде.
2. Өзінің жай-күйін көрсету. Адамның көңіл-
күйін сөзбен айтып жеткізу, өте күрделі көп
сөзділікті талап етеді. Сондықтан да белгілі бір
смайликтер арқылы адамның сол кездегі күйін
ашып толық суреттеп беруде.
3. Материалдық үнемдеу. Магент көп жағдай-
да ұялы телефон байланысы арқылы жүзеге
асатын болғандықтан, бірліктер көп жұмсала-
ды. Әрбір жөнелтілген хаттардың төлемі болады,
сондықтан да бұл жастарымызға материалдық
үнемдей отырып, тілдік бірліктерді де үнемдеп,
сөз, сөйлемдерді ықшамдап беруіне әсер етеді.
Осындай факторлардың әсерінен белең
алып, жастар арасында кең қолданысқа ие бо-
лып тұрған үнемдеу заңының көрінісі күрделі-
ден қарапайымға қарай қадам басуда. Бұл құ-
былыс қайда, қандай жағдай, болса да өз ор-
нымен жұмсала бермек.
Әдебиеттер
1 www.wikipedia.ru
2 Оданова С.А. Қазақ тіліндегі түбір сөздердің үнемделуі (автореферат). – Алматы, 2010.
References
1 www.wikipedia.ru
2 Odanova S.A. Kazak tіlіndegі tүbіr sozderdіn үnemdeluі (avtoreferat). – Almaty, 2010.
Г.М. Бектемисова
159
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013
ӘОЖ 378.016
А.А. Бисенбаева
Орталық Азия университетінің 2-курс магистранты, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail:
akmushka_90@mail.ru
Қазіргі таңдағы мәдениаралық коммуникацияның аудару контексті
Мақалада келтірілген білім мәдениаралық құзыреттілік мәнін құрайтын біріктірілген кәсіби біліктер
негізін ұсынады. Осындай біліктердің дискрипторларын тілдік емес түлектері үшін, бір жағынан, өз мәде-
ниетіне коммуниканттар тиістілігімен туындаған ғылыми-кәсіптік салада қатысым қиындықтарын білуге,
түсінуге және жеңуге, екінші жағынан, басқа тіл мемлекеттерінің мәдениетіне; кәсіби қатысымның мәдени
және мәдениаралық аспектілерді шығаруға; мәдениеттердің конструктивті диалогын жүргізуге, ой-пікірлер-
мен ашық алмасуға; өз ұстанымдарын қайта қарастыруға, мәдениаралық қатысым процесінде өз мәдениеті
сияқты басқа мәдениетті де үйретеді. Мақала мақсаты – лингвистикалық емес бейінің болашақ маманның
шетел тілін оқытудағы мақсаттар құрамында мәдениетаралық құзыреттілік қандай орын алатынын және ол
шеттілдік кәсіби коммуникативтік құзыреттілікпен қалай қатынасатынын белгілеу. Көптеген зерттеушілер-
дің, мысалы Э. Холлдың және И.И. Халееваның тұжырымдары айтылады.
Түйін сөздер: мәдениеттер диалогы, өркениеттер диалогы, негативті, коммуникация, мәдениаралық ком-
муникант.
А.А. Bissenbaeva
The translation of the intercultural communication’s context
This article has written about the importance of intercultural competence and offers about professional basis of
knowledge. Such examples can help to develop not only intercultural communication but also to the professional
qualification, understand and solve the problems, in another way, other cultures; to improve cultural aspects of the
professional participation; to lead constructional dialogues of foreign people culture, openly to interchange ideas and
opinions, again to examine own aims, in the intercultural process like our we learn other cultures . Aim of the article
is to improve intercultural communication in the process of learning foreign languages. We can find a lot researchers,
for example E.Holl and I.Haleeva’s.
Keywords: cultural dialogue, a dialogue of civilizations, a negative, communication, intercultural communicant.
А.А. Бисенбаева
Перевод межкультурного коммуникационного контекста
Статья преставляет соединение профессиональных знаний, которое содержит межкультурный коммуни-
кативный контекст. Такие дискрипторы знания учат выпускников неязыковым специальностям.
Во-первых, знать, понимать, побеждать трудности, возникшие в процессе межкультурной коммуникации
в научно-профессиональной и культурной сфере, во-вторых, знать культуру языка других стран; показать
культурные и межкультурные аспекты профессионализма; проводить конструктивные диалоги культуры,
обмениваться мнениями; заново пересматривать свои принципы; изучать свою культуру в про-цессе
изучения культуры другого народа.
Цель статьи – отметить занимающее место межкультурного полномочия в обучении специалистов
нелингвистического профиля и профессионально-коммуникативных професий. Об этом говорилось в иссле-
довательных работах Э. Холлда и И.И. Халеевой.
Ключевые слова: диалог культур, диалог цивилизаций, негативный, коммуникация, межкультурный
коммуникант.
__________________________________
Мәдениаралық коммуникация ақпараттық
қорды кеңейту, заманауи менеджердің мәдени-
аралық коммуникация құзыреттілігін жоғар-
лату – дәуір талабы. Басқа мәдениеттердің
тәжірибесіне қарау қылығы «мәдениеттердің
қарым-қатынасы» деп аталады. Халықаралық
қатынастардың ұлғаюынан және әр түрлі
мәдениеттердің қарым-қатынасынан, олардың
зерттеулері өздеріне көп назар аударады.
Мәдениетаралық қатынас мәселесінің назары
күннен күнге өсіп тұрады. Ұлттық мәдениет,
мiнез-құлықтың шағылысулары коммуника-
цияның арқасында өрнектеледi. Коммуника-
цияның нақ сол ауызша және ауызша емес
таңбалары салт, мәдениеттi, халық және елдiң
сипаттарын қаттырақ бiлдiредi [1,49].
Зерттеудiң өзi және аралық мәдениеттi ком-
муникациялық нормалар байланысының зерт-
теуі кроссмәдениетті нормалар, этикеттi нор-
малар, ауызша және ауызша емес аралық мәде-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
Қазіргі таңдағы мәдениаралық коммуникацияның аудару контексті
160
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
ниеттi коммуникациялық бiрлiктердiң мiнез-
құлығының анық айырмашылығын бередi.
Аутмәдениетті нормаларының мiнез-құлық-
тары шет тiлін және мәдениетін оқып жүрген-
дерге лингвомемлекеттік білімінің және мәде-
ниетаралық компетенцияның құрылу факторы-
ның бай қайнар көзі болып табылады.
«Мәдениет» ұғымының қалыптасуы көп си-
патталған. Латын тектi cultio және culteсi сөз-
дер ежелгi Рим құжаттарындағы сөздер өңдеуді
бiлдiретiн және ауыл шаруашылығында қолда-
нылатыны белгiлi. Этимологиялық жағынан
латын тілде ежелгi colere- етiстiгiнің бастапқы
мәні «жер өңдеу» болған, ал кейін – «сыйлау»,
«қадыр тұту» деген ұғымға ие болды. Римдiк
мемлекеттiк қайраткерлерде мәдениет жаңа
мағыналармен ауқаттана кеңи түсті. Келесi
ғасырларда топырақтың өңдеуi туралы ғана
емес, ақылдың дамытуы, бiлiм және сенiмнiң
артуы туралы ендi сөз бола бастады. Пұтқа
табынушылық ұлы дiндерiндегi адамның мүм-
кiндiгiн жанды және қабiлеттiлiкті құдайға
махаббат тәрбиесіне ауыстыру деген ойымен
сипатталды. Философия және теология мәде-
ниетке кiредi, оны жұтады, онымен жұтылады.
Мәдениет ұғымына кейін civils –азаматтық,
мемлекеттік латын терминiнен шыққан өрке-
ниет (цивилизация) ұғымы қосылады [2,38].
Ғылым қазiргi мәдениеттер терминнiң көп
анықтауларының негiзгiлерін атап өтуге мүм-
кiндiк бередi. Мәдениет бұл – адамның қор-
шаған ортаны өзгерту қабілетімен байланысып,
осы өзгертулер барысында пайда болатын
заттардың жасанды әлемі, символдар, адам
арасындағы қарым-қатынас адамның тағдыр
характеристикасы болып табылады. Адам ар-
қылы жасалынған және оған байланысты бо-
латын барлық заттар мәдениет болып табы-
лады. Коммуникация және қарым-қатынас адам
өмiрiнiң ең маңызды бөлiктерi болып табы-
лады, демек, ол дегеніміз мәдениеттiң бiр бө-
лiгi. Көп зерттеушiлер мәдениетті әңгімелесуге
(коммуникация) жатқызады. Э. Холлдың ай-
туынша мәдениет бұл коммуникация, ал ком-
муникация бұл мәдениет.
Адам баласы өз өмір тарихында көптеген
тәртіп белгілерін құрастырды. Адам үшін
таңбалар және таңбалау жүйелерiмен иеленуі,
басқа адамдармен қарым қатынасқа түсу және
мәдениетке қосылу деп есептелінеді.
Осыған орай пайда болған және қолданы-
латын бiрнеше таңбалардың түрлерi мыналар:
1. Копия таңбалары - шындықтың әр түрлi
құбылыстарын шығаратын көшiрме, бiрақ өз-
дерi шындыққа жатқызылмайды (фотосурет).
2. Нышан таңбалары - зат туралы кейбiр
мәлiмет ақпарат жеткізеді (аурудың темпера-
турасы).
3. Сигнал таңбалары – келісімде бойынша
жинақталған мәлімет туралы ақпарат береді
(мектеп қоңырауы).
4. Символ таңбалары – қасиетіне немесе
белгісіне сәйкес зат туралы мәлімет береді
(мемлекеттік елтаңба).
5. Тiл таңбалар.
Әртүрлi мәдениеттердiң арақатынастары
мәдени антропологияда «мәдениет-аралық қа-
рым-қатынас» атауын алды, әртүрлі формалар-
да пайда болатын екi мәдениеттер арасында
қарым-қатынасты бiлдiреді. Бұл айырбас сая-
сатта және адамдардың қарым-қатынас ара-
сында, жанұяда, формалды емес қатынаста
бола алады.
Коммуникацияның вербалды және вербалды
емес деген екi түрi болады.
Вербалды коммуникация адам өмір қызмет-
тiң кез келген облысында басшылық ететiн
сипатын алады. Сөз дұрыс қолдану әр бір ма-
мандықта жетiстiкке жетуінің айырылмас бір
бөлігі.
Вербалды емес сөйлесу, дене күйі және дене
қимылы тілі болып саналады, өзіне сөздерге
тіреспейтін адамның өздік айту белгілерін
қосады.
Мәдениетаралық коммуникацияның екiншi
мiнездемесi конфликт және түсiнбеушілік бо-
лып табылады. Мәдениетаралық кездесулер ке-
зінде адамдардың мiнез-құлығы бiздiң күтулер-
лерге сәйкес келмеуі ықтимал. Бiз мұндай мi-
нез-құлықты жиi түсiндiрiп беремiз бұл құн-
дылықтар және мораль бiздiң жүйенiң жасы-
рын ниетіміз. Ол бiздiң концепциясын өзгер-
тетін негативтi эмоцияларды шақырады. Бұл
конфликт адамдармен ғана емес, (көпшiлiк пай-
даналатын көлiкпен, почта, сауда, кәсiпкер-
лiкпен) мәдени жүйенiң басқа өкiлдермен
сонымен бiрге адам аралық мәдениеттi қарым-
қатынастарда пайда болады.
Тиiмдi мәдениетаралық коммуникация бiзге
әрдайым оңай берiлмейдi. Конфликтілер және
түсiнбеушіліктер шарасыз болады, ал біздің
кәдімгі этноцентрлік және стереотипті ойлау
түрі, конфликт және қателiктер туралы нега-
тивтi құндылық пiкiрлерге жиi бағыттайды.
Мұндай пiкiрлермен негативтi эмоциялар жиi
байланысады. Бұндай реакциялар интеракция-
ның конструктивтi қолдануын қиындатады;
олар бiзге айырмашылықты бағалап және бiзге
А.А. Бисенбаева
161
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013
ұқсас емес адамдармен қарым-қатынасқа тү-
суін қиындатады [3].
Мәдениетаралық коммуникациясында кон-
фликт шарасыз болғандықтан, өз негативтi
ашу-қысуын басып үйрену өте маңызды болып
табылады. Өз эмоциясын қадағалай алатын
адам ең сәтті мәдениетаралық интеракцияларға
есік ашып мәдениетаралық конструктивті про-
цессті жеңілдете алады. Бұны істей алмаған
адам есiктің сыртында қалады. Демек, эмоция-
лар, мәдениетаралық табыстың тәжiрибесіне
кiлт бола алады.
Мәдениаралық коммуникация – мәдениара-
лық өзара ықпалдасу негізінде субъектілер
(жеке
тұлғалар
, әлеуметтік топтар, қауымдас-
тықтар, мәдениеттер, өркениеттер) арасындағы
байланыстар негізінде пайда болған құндылық-
тармен және құндылықты ұстанымдармен өз-
ара алмасу процесі. Кейде мәдениаралық
ком-
муникация
жайлы сөз еткенде "мәдениеттер
диалоги" және "өркениеттер диалогы" ұғымда-
рын қолданады.
1990
- шы жылдарда мәдени-
аралық коммуникация мәселелері индивидуа-
листік, ұжымдық және коммунитарлық мәдени
бағдарлар аясында қарастырыла бастады. Мә-
дениаралық коммуникация барысында әртүрлі
мәдениет өкілдері осы мәдениетке тән ерек-
шеліктерді ескере отырып, әлеуметтік қарым-
қатынастарда түсініспеушілік пен ыңғайсыздық
жағдайларын төмендетуге көп септігін тигізеді.
Кейбір әлеуметтанушылар ұжымдық және
индивидуалистік құндылықтардан ең жақсыла-
рын біріктіруге үміттене отырып, жеке тұлға-
ның шексіз еркіндігі мәдениеттің әлеуметтік
бұйымын бүлдірмеуі үшін қоғам игілігіне ин-
дивиду алдылық құқық пен ұжымдық құқықты
тепе-теңдестіруге тиісті
коммунитаризм
тұжы-
рымдамасын жасауға тырысады. Осылайша,
мәдениеттер өзара ықпалдасуы мен диалогы
идеяларынан туындаған мәдениаралық
комму-
никация
мәселесі уақыт өте келе тұлғааралық
мәдени коммуникация деңгейіне өтті. Мәдени-
аралық коммуникация мәселесі жаһанданудың
өзара әріптестік пен өзара түсіністік аспек-
тісінде бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр.
Ықпалдастық процестер әлемді өзара байла-
нысты, біртұтас етуде. Мәдениаралық комму-
никация дағдыларын халықаралық
менеджмент
және
маркетинг
саласында,
БАҚ
қызметінде,
трансұлттық корпорациялар және трансұлттық
саясат, сондай-ақ мәдениаралық
коммуникация
зерттеулеріне түрткі болған - мәдениет сала-
сында қолдануға болады. Мәдениеттер диа-
логы, өркениеттер диалогы негізінде жатқан
мәдениаралық коммуникация идеяларын ха-
лықаралық ұйымдар (мысалы,
ЮНЕСКО
), саяси
көшбасшылар, мемлекет басшылары, үкіметтік
емес ұйымдар көп қолданады [4,243].
Қазіргі кезде коммуникативті тәсілмен ты-
ғыз өзара байланыста арнайы мақсаттар үшін
шетел тілін оқытуға мәдениаралық тәсіл даму-
да, немесе солай аталатын лингвистика сала-
сындағы білімнің мәдениаралық парадигмасы.
Оның компетенттік тәсілмен үйлесуі лингводи-
дактикада оның басқа лингвомәдени қауымына
тиістілігін саналық және есепке алу негізінде
коммуникация бойынша басқа тілді серіктеспен
сөйлеу қатысымын құру қабілеттілігі ретінде
түсіндірілетін мәдениаралық құзыреттілік ұғы-
мының пайда болуына алып келді. Осыған
байланысты тек тілдік емес, сондай-ақ түрлі
профильді тілдік емес жоо-дар студенттерінің
мәдениаралық құзыреттілігінің белгілі деңгейін
қалыптастыру ең өзекті міндеті тұрады. Тілдік
емес жоо-дың түлектері басқа мәдениетке
тиісті әріптестерімен тікелей қатысымға дайын
болу керек. Осындай қатысымның мақсаты –
жаңа білімді өзінді құру, жалпы мағынасын
өндіру. Осылайша түсінуге болатын мәдениара-
лық қатысымның мақсаты бір (коммуникант-
тардың біріне шетел тілі, кейде екеуіне де)
тілде олардың тікелей немесе жанама қатысым
үрдісіндегі басқа мәдени коммуниканттар
(қандай да бір салалардағы кәсіби қызметтегі
мамандары) арасында өзара түсінушілікке же-
туді қамтамасыз ету керек. Осы мақсат тіпті
шектеулі көлемде де мәдениаралық кедергілер-
дегі осындай қатысым үрдісінде сөзсіз пайда
болатын өзіндік жеңіп шығуға, мағынаның мә-
дени компонентінің қатысушылары үшін жал-
пы қатысым құруға дайындықсыз қол жетпей-
ді. Мәселен лингводидактикада коммуникатив-
тік және мәдениаралық тәсілдердің мағынасы
туралы жалпы қабылданған ұстанымдардың
болмауынан шиеленіседі.
Оқыту мақсатын қоюға тікелей әсер көрсете
отырып, олар ажырамас өзара байланысына
қарамастан дамиды, шетел тілін оқытуға осы
екі тәсіл арасында негізді айырмашылық бар,
өйткені олар түрлі мақсатты тұжырымдауға
шығады деп зерттеушілер белгілейді. Коммуни-
кативтік тәсіл мәдениаралық – бимәдени тілдік
тұлға, мәдениаралық коммуникант (мәдениет
медиаторы), мәдениаралық (мәдениаралық бағ-
дарланған) мультимәдени тұлға қалыптастыр-
ғанда тіл тасымадаушы коммуникативтік құ-
зыреттілік нұсқасы бойынша модельдейтін
шеттілдік коммуникативтік құзыреттілікке ба-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
Қазіргі таңдағы мәдениаралық коммуникацияның аудару контексті
162
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
ғытталған, содай-ақ түрлі оқу ұйымдарында
шетел тілін оқыту мақсатын қалыптастыруда.
Қандай да бір жағдайда екі құзыреттілікті
интеграциялауға ұмтылу байқалады, өйткені
олардың өзара байланысын айқын деп есеп-
теуге болады. Оқытудың мақсаттары мен маз-
мұнында олардың интеграциясы тәсілдерінде
және олардың екеуінің құзыреттіліктері, басым
бағыттарының көрсетілген түрлерінің арақаты-
насы туралы сұрақтары, әсіресе тілдік емес
жоо-дағы студенттердің, үйренушілердің нақты
контингентінің талабына сай шешілуі керек.
Орта мектептегідей, тілдік емес жоо-да шетел
тілін оқытудың иегері мақсаты туралы сияқты
екінші тілдік тұлғаны қалыптастыру туралы
сұрақ қоюды шектеуде ғана болады. Осы
шектеулер шеттілдік кәсіби қатысымда бола-
шақ маманның талаптарымен анықталады, ол
шеттілдік кәсіби бағытталған тілдік тұлға
түсінігін енгізуге рұқсат етеді, соған сәйкес
шеттілдік кәсіби коммуникативтік құзыреттілік
лайық. Мақала мақсаты – лингвистикалық емес
бейінің болашақ маманның шетел тілін оқы-
тудағы мақсаттар құралымыда мәдениетаралық
құзыреттілік қандай орын алатынын және ол
шеттілдік кәсіби коммуникативтік құзыретті-
лікпен қалай қатынасатынын белгілеу [5].
Көптеген зерттеушілер коммуникативтік
және мәдениаралық құзыреттіліктердің айыр-
машылықтарын көрсететінін, және де дәлірек
олардың тығыз өзара байланысы мен өзара
ықпалын ерекше айқындайтынын белгілейміз.
Бұл кезде осы құзыреттіліктердің өзара байла-
нысы мен өзара ықпалының сипаты әртүрлі
түсіндіріледі. Бұл, мәдениаралық құзыреттілік
тіл тасымалдаушы құзыреттілігінен ұқсастығы-
ның болмауы және «тіл үйрену арқылы түрлі
мәдениет ерекшеліктері сияқты олардың (мә-
дениеттер) өзара іс-әрекетінің ерекшеліктерін
де таныған, тек тілдік тұлғаға – мәдениаралық
коммуникантқа тиесілі болуы мүмкін» ерекше
құзыретілікті өзінше көрсетуге сәйкес көзқа-
расты бөлеміз. Осында, «мәдениаралық құзы-
реттілік мәдениаралық қатысымда екі немесе
бірнеше бар ұстанымдар (лингвистикалық не-
месе бұл шынында да мінез-құлықты) негізінде
жаңа мағына «құруда» және лингвистикаға
дейінгі, психологиялық компоненттерді енгізу-
де шеттілдік коммуникативтік құзыреттіліктен
ерекшеленетіні» маңызды.
Мәдениаралық құзыреттілік компоненттері
«соңғылардың мазмұнының бөлігін модифи-
кациялай отырып және оларға мәдениаралық
өлшем қоса отырып, шеттілдік коммуника-
тивтік құзыреттіліктің компоненттерімен қа-
тысты» тұжырымы маңызды болып көрінеді.
Жоғарыда белгіленген пікірге сәйкес, комму-
никативтік және мәдениаралық құзыреттілік
ішінара басып өзады. Осы тәсілді алып және
осыған сүйене отырып, біз ойлаймыз, лин-
гвисткалық емес жоо-да кәсіби мәдениаралық
құзыреттілікті шеттілдік кәсіби коммуникатив-
тік құзыреттілікті жеке құру пайда болу про-
цесінде тікелей қалыптастыруға болады. Ол
үшін шеттілдік кәсіби коммуникативтік құзы-
реттілікті құрайтын әр мазмұнына мәдениара-
лық аспект енгізу қажет. Бұл ұстаным келе-
сідегідей тұжырымдалуы мүмкін. Шеттілдік
кәсіби коммуникативтік құзыреттілік тілдік
емес жоо-да оқытудың соңғы мақсаты ретінде
екінші тілдік тұлғаны қалыптасуының негізгі
көрсеткіші болып табылады. Егер де соңғысы-
ның барлық компоненттері мәдениаралық өл-
шеуді ескеріп қалыптастырылатын болса, онда
кәсіби коммуникативтік құзыреттілікке сәйкес
компоненттеріне мәдениаралық аспектілер
жиынтығы кәсіби коммуникативтік құзыретті-
лікті құрайды. Кәсіби коммуникативтік құзы-
реттілік оқыту мақсатының дербес компоненті
ретінде қарастырыла алады, ал шеттілдік кәсіби
коммуникативтік құзыреттілік компоненттері
бірі болып емес. Басқаша айтқанда, жиын-
тығында мәдениралық аспектілерді ескеріп
шеттілдік кәсіби коммуникативтік құзыреттілік
құрастурышыларын қалыптастыру, студенттер-
де құзыреттіліктердің ерекше түрін қалыптас-
тыруды қамтамасыз етеді, ал дәлірек кәсіби
мәдениаралық құзыреттілікті.
Айтылғанға сүйене отырып, тілдік емес жоо-
да оқыту мақсатын анықтағанда кәсіби мәде-
ниаралық құзыреттілікті қалыптастыру оқыту
мақсатының дербес компоненті ретінде бөлінуі,
ал оның мазмұны кәсіби қатысым саласында
бірінші кезекте маңызды мәдениаралық қаты-
сым мәселелесін шығару негізінде анықталуы
керек. Осыған байланысты тілдік емес жоо-дар
түлектерінің кәсіби мәдениаралық қатысым
ерекшеліктерін анықтау, табысты мәдениара-
лық коммуникация қамтамасыз ететін білім,
білік және дағдылар құрылымында кәсіби таң-
баланған сипаты бар элементтерін бөліп шырау
қажетті болып табылады. Сол бір мезгілде осы
құзыреттілік жалпы мәдени компонентті қо-
сады, яғни анықтау мен сипаттауға жататын
кәсіби іс-әрекет саласына тәуелсіз білім мен
білік. Біздің зерттеу ракурсында, мәдениаралық
құзыреттілікті қалыптастыру «тек мәдени-
аралық қатысым біліктерін қалыптастыруды
А.А. Бисенбаева
163
Вестник КазНУ. Серия филологическая. №1-2(141-142). 2013
ғана емес, сонымен қатар олардың нақты мәде-
ниет ерекшеліктері мен өзара қатынасының
ерекшеліктерін үнемі танудағы эвристикалық
тәртібі мен стратегиялары оның нәтижелілігін
қамтамасыз ететін біліктерді қолдануды бол-
жайды» деген ойды маңызды етіп ұсынады.
Сөзсіз, бұл пікір рефлексивті біліктерді дамы-
туды тұспалдайды. Бұл туралы «мәдениаралық
құзыреттілік – бұл тілдік тұлғаға өзінің мәдени
ұқсастығын жоғалтпай, өз мәдениетінен шы-
ғуға және медениет медиаторының қасиетін
алуға мүмкіндік беретін қабілеттілік», «мәде-
ниеттер мен білік айырмашылықтары туралы
білімі негізінде болып жатқан басқа мәдениет
әңгімелесушімен бірыңғай мағынасын мәде-
ниеттер арасында елші бола отырып құру
қабілеттілігі», пікірі айғақтайды. Осы туралы
И.И. Халеева: «Мәдени жүйелілік жүйе шек-
теуінен асқан жағдайда танылатын адами өзара
іс-әрекеттердің барлығы мәдениаралық болып
табылады» деп жазады. Кәсіби мәдениаралық
құзыреттілік басқалар сияқты білім мен білік
терминдарында да сипатталады. Егер білім
туралы айтсак, кәсіби мәдениаралық құзырет-
тілік қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқы-
тудың мазмұнының мәдениаралық аспектісі
өзіне коммуникацияда қиындықтардың себебі
бола алатын тарихи және мәдени белгіленген
айырмашылықтардың білімнің қажетті мини-
мумын ғана емес, сонымен шетелдік әріптес-
термен қатысым процессінде осы қиындық-
тарды алдын-ала білу және меңгеруге қажеті
білімдерді тарту ғана емес. Үздіксіз мәдени-
аралық өзін-өзі дамыту процессінің негізін ту-
дыруға қабілетті осындай білім мәдениаралық
құзыреттілікті қамтамасыз ете алу керек. [6,12].
Қорыта келгенде, осындай білім студентте
қатысымның мәдени және мәдениаралық ас-
пектілеріне сезгіштігін, конструктивті диалог-
қа, ой-пікірмен ашық алмасуға, өзін-өзі бақы-
лауға дайындығын, өз ұстанымын қайта қарас-
тыруға, бөтен және өз мәдениетінің мәдени-
аралық қатысым процессінде үздіксіз рефлек-
сивті ұғынуға қабілеттілігін және өзін өзі со-
ның өкілі ретінде қалыптастыру керек. Келті-
рілген білім мәдениаралық құзыреттілік мәнін
құрайтын біріктірілген кәсіби біліктер негізін
ұсынады. Осындай біліктердің дискрипторла-
рын тілдік емес түлектері үшін бір жағынан, өз
мәдениетіне коммуниканттар тиістілігімен туын-
даған ғылыми-кәсіптік салада қатысым қиын-
дықтарын білуге, түсінуге және жеңуге, екінші
жағынан, басқа тіл мемелекеттерінің мәде-
ниетіне; кәсіби қатысымның мәдени және мә-
дениаралық аспектілерді шығаруға; мәдениет-
тердің конструктивті диалогын жүргізуге, ой-
пікірлермен ашық алмасуға; өзін-өзі бақылауды
жүргізуге, өз ұстанымдарын қайта қарастыруға,
тиімді шешулер табуға, мәдениаралық қатысым
процессінде өз мәдениеті сияқты басқа мәде-
ниетті де, және өзін сол мәдениет өкілі ретінде
үздіксіз ұғыну; оқылатын тіл мемлекеттерінің
мәдениет нормаларына сәйкес өз тәлім-тәрбие-
сін құру деген біліктерді есептеген лайықты.
Әдебиеттер
1 Евдокимова М.Г. Система обучения иностранным языкам на основе информационно-коммуникационной технологии
(технический вуз, английский язык): Автореф. дис. пед наук. – М., 2007. – 49 с.
2 Елизарова Г.В. Формирование межкультурной компетенции студентов в процессе обучения иноязычному общению:
Автореф. дис. ... д-ра пед наук. – Спб., 2001. – 38 с.
3 Койгелдиев С. Дело госязыка запуталось в «трех соснах» // Казахстанский юридический портал 2006 г. –
www.zakon.kz
4 Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. – 243 с.
5 Мәдениетаралық қарым – қатынас теориясының даму тарихы //
http://zhangbyrzhan.ucoz.ru/
publ/stati/ lichnye/
m_denietaraly_arym_atynas_teorijasyny_damu_tarikhy/13-1-0-28
6 Международные отношения: социологические подходы / Под редакцией проф. П.А. Цыганкова. – М.: Гардарика,
1998. – 12 с.
References
1 Evdokimova M.G. Sistema obucheniya inostrannym yazykam na osnove informatsionno-kommunikatsionnoy tehnologii
(tehnicheskiy vuz, angliyskiy yazyk): Avtoref. dis. ped nauk. – M., 2007. – 49 s.
2 Elizarova G.V. Formirovanie mezhkul'turnoy kompetentsii studentov v protsesse obucheniya inoyazychnomu obscheniyu:
Avtoref. dis. ... d-ra ped nauk. – SPb., 2001. – 38 s.
3 Koygeldiev S. Delo gosyazyka zaputalos' v «treh sosnah» // Kazahstanskiy yuridicheskiy portal 2006 g. – www.zakon.kz
4 Sayasi tүsіndіrme sөzdіk. – Almaty, 2007. – 243 s.
5 Mәdenietaralyқ қarym – қatynas teoriyasynyң damu tarihy //
http://zhangbyrzhan.ucoz.ru/publ/
stati/lichnye/ m_ denietaraly_
arym_atynas_teorijasyny_damu_tarikhy/13-1-0-28
6 Mezhdunarodnye otnosheniya: sotsiologicheskie podhody / Pod redaktsiey prof. P.A. Tsygankova. – M.: Gardarika, 1998. – 12 s.
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
Қазіргі таңдағы мәдениаралық коммуникацияның аудару контексті
164
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. №1-2(141-142). 2013
ӘОЖ 81:001.83(100)
Г.Ә. Бөрібаева
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс магистранты, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail:
kasymgulnar@mail.ru
Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі одағай сөздерге салғастырмалы талдау
Мақалада қазақ тіліндегі, орыс тіліндегі және ағылшын тілдеріндегі одағай сөздер және олардың
қолданылуы, топтастырылуы жеке-жеке қарастырылып, салғастырылады. Келтірілген мысалдар арқылы
одағай сөздердің үш тілдегі табиғаты, ұқсастықтары мен айырмашылықтары, ұлттық-мәдени ерекшеліктері
айшықталған. Қорытынды алынған мысалдар негізінде жасалды.
Түйін сөздер: одағай сөздер, мәдениаралық қарым-қатынас, лингвомәдениеттану, одағай сөздердің клас-
сификациясы, салғастырмалы талдау, ағылшын тіліндегі одағайлар, орыс тіліндегі одағай сөздер.
G.A. Boribayeva
Comparative analysis of interjections kazakh, russian and english languages
The article is considered the usage and typology of interjection in Kazakh, Russian and English languages. Their
similarities and difference are determined by giving concrete examples. From the examples offer national and cultural
peculiarities of interjections Kazakh, Russian and English languages. Conclusions are based on the results of
comparative analysis of the examples.
Interjections
are words used for the sole purpose of expressing emotion. The history of studying of interjections
shows that, the treatment of an interjection is one of the most disputable and at the same time the least studied areas
of science about language in foreign, and in the Kazakh and Russian linguistics. But researches were devoted to the
comparative analysis of interjections of different languages (private languages), such as, Russian and English,
German, French, etc. And research of comparative analysis of the Kazakh, English and Russian interjections is
carried out for the first time. That fact that complex studying of onomatopoeias in the comparative plan so far wasn't
carried out caused a choice of a subject of this work.
A comparison between English and Arabic interjections is conducted in an attempt to find out whether
equivalents can be found in both languages .
Keywords: interjections, intercultural communication, linguistic cultural, classification of interjections, compa-
rative analysis, interjection of Russian languages, interjection of English languages.
Г.А. Борибаева
Сопоставительный анализ междометий казахского, русского, английского языков
В статье рассматривается употребление и типология междометий в казахском, русском, английском
языках. Их различие и сходство определяются с помощью конкретных примеров. Из приведенных примеров
открываются национальные, культурные особенности междометий казахского, русского и английского
языков. Выводы основаны на результатах сопоставительного анализа примеров.
Достарыңызбен бөлісу: |