Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Список использованной литературы и источников



Pdf көрінісі
бет91/157
Дата02.11.2022
өлшемі3,3 Mb.
#47031
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   157
Байланысты:
thesis147359

Список использованной литературы и источников: 
 
1. Алтайбек С., Иванов Г. Казахстан - Россия. Тернистый путь к современной интеграции. 1731-
2017 гг. Москва: Литео, 2017. - 940 с. 
2. Залесский Б. Қазақ сахарасына саяхат/ Жизнь казахских степей. - Алматы: Өнер, 1991. – 132 
с. 
3. Kuczy´nski A. Polacy w Kazachstanie. Zes lania - Dziedzictwo - Nadzieje – Powroty. –
Wydawnictwo Kubajak, 2014. 
4. Галиев В.З. Ссыльные революционеры в Казахстане Алма-Ата: Издательство «Казахстан», 
1978. - 140 с. 
 
 
АКАДЕМИК МАНАШ ҚАБАШҰЛЫНЫҢ ТАРИХИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 
РӨЛІ 
Садықов Т. С., т. ғ. д., профессор 
Темирханова А. С., 2 курс докторанты 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Бүгінгі Қазақстан Республикасы қалыптасқан, дамудың жаңа белесіндегі мемлекет 
болып табылады. Еліміздің болашағы үшін дүниетанымдық жаңа модель жобалау, басты 
құндылықтар мен бағдарларды айқындау, ұлттық бірегейлікті сақтау қашанда өзекті болмақ. 
Ол туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің 
«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген 
халыққа жолдауында «Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. 
Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың 
ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш 
президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі 
беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді 
нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, 
бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, 
қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін 
еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған 
Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе 
аламыз» [1] деп ерекше атап өткен болатын.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында тәуелсіз Қазақ елі ерікті қоғам ретінде өз 
ата тарихы туралы ақиқатты білуге ынта қоя білген. Осының бір дәлелі 1995 жылы Елбасы 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырысымен Президент жанындағы мемлекеттік саясат 
жөніндегі Ұлттық кеңестің «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасының» 
қабылдануы болып табылады. Мұнда тарихтың, әсіресе, қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінің 


199 
ерекше маңызы көрсетіліп, тарихи білімнің негізгі басымдықтары, тарих ғылымының 
проблемалары, тарихи білім беру мен ағарту ісінің келешегі белгіленгені айқын. Қазақстандағы 
тарихи сана тақырыбының зерттелуі еліміз тәуелсіздік тізгінін қолына алып, ұлттық санасының 
жаппай оянуы, тарихи ақтаңдақтардың қалпына келтірілуі, сондай-ақ тарихи әділдіктің орнауы 
басты себеп болған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жарлығымен үш жыл қатарынан тарихи 
танымға айрықша мән беріліп, 1997 жылы – «Қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін 
құрбандарын еске алу», 1998 жыл – «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 жыл – 
«Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» деп жариялаған болатын.
Тәуелсіздік таңы атып, Отан тарихындағы көптеген өзекті мәселелер жаңаша тұрғыдан 
қаралып, дербес, тың, тәуелсіз ой-пікірлер мен тұжырымдар қалыптаса бастады. Тарих 
ғылымында жаңа бағыттар, айтарлықтай өзгерістер пайда болды. Осы игі істерді атқаруда 
еліміздің төл тарихын объективті түрде зерттеген қазақ халқының ғұлама ғалымы, есімі тәуелсіз 
Қазақстан тарихының жарқын беттерімен тығыз байланысты – тарихтың көшбастаушысы, тарих 
ғылымдарының докторы, профессор, академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың ғылымдағы мол 
мұрасы мәңгі өшпейтіні сөзсіз. Ғалымның баға жетпес тарихи іргелі монографиялық еңбектері, 
ғылыми зерттеулері мен мақалалары, басқа да шығармалары бүгінгі таңда кеңінен зерттелу 
үстінде. 
Ғалым Манаш Қозыбаев талай дүбірлі оқиғаларды басынан кешірген, ұлтын сүйген, 
қазағын қадірлеген ХХ ғасыр перзенті еді. Екі бірдей тарихи қоғамда өмір сүрген ғалым 
зерттелуден кенже қалған өлке тарихының «ақтаңдақ» беттерін ғылыми тұрғыда зерделеумен 
айналысып, халықтың тарихи санасының қалыптасуына көп еңбек сіңірген. Мәселен, «Қостанай» 
топонимінің шығу тегін, Ресей империясының Қостанай өңірін отарлау кезінде жойылып кеткен 
ұлттық жер-су аттарын зерттеумен, өңірде Кеңес өкіметінің орнауы тұсындағы саяси, әлеуметтік-
экономикалық жағдайлармен байланысты бірқатар тарихи оқиғалардың ықпалы жайында ізденіс 
жұмыстары жүргізіліп, ғылыми тұжырымдамалар жасаған. Өлкетанулық зерттеулерін жариялап, 
Қостанайдың ономастикасын ұлтсызданған мазмұннан арылтуға сүбелі үлес қосып, Ы. 
Алтынсариннің есімі мен ісін жан-жақты ұлықтаған. Ғалым Тобыл жағасындағы аудандардың 
біріне Ыбырай Алтынсарин атын беру туралы ұсыныс жасаған, бірақ, тек еліміз тәуелсіздік 
алғаннан кейін, Қостанай ауданынан Обаған өңірі бөлініп шыққан кезде ғана Ы. Алтынсарин аты 
ауданға берілген.
Бүгінгі күнді түсіну үшін және болашақты болжауда өткенді білудің маңызы зор. 
Академик Манаш Қабашұлы өзінің «Ата тарихы туралы үзік сыр» деген 1992 жылғы дүниежүзі 
қазақтарының бірінші құрылтайында оқыған баяндамасында халқымыздың тарихи тағдырына 
тарихи көзқарасын терең білдірген. Аталған баяндамада ғалым түркі текті халықтардың ішіндегі 
іргелісінің бірі де, бірегейі қазақ халқы тарихын бірнеше асқаралы белестерге бөліп, тоғыз дәуірді 
қадап бөліп көрсеткен. Әрбіреуіне қысқаша тоқталып, топшылама (резюме), үзік сырлар, ойларын 
айтқан [2]. 
Сондай-ақ ғалым Қазақстанның ХХ ғасыр тарихына үңіліп, «Қазақстанның ХХ ғ. тарихын 
зерделеу проблемалары» деген мақаласында тарих бетін мекендеген мифтерге тоқталып, жан-
жақты сынаған. Атап айтсақ, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының статусын төмендетіп, 
қазақ сахарасында пролетариат қозғалысының статусын әсірелеу мифі; Қазақстан тарихында 
қазақ халқының Ресей құрамына енуінің прогрессивтік маңызын әсірелеу мифі; Қазақтың Ресейге 
бодан болуының отаршылдық болмыс дәрежесін әлсіретіп, оның экономикалық, мәдени 
саласында тап күресіндегі ықпалын әсірелеу мифі; 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалысын 
большевиктік арнада әсірелеу мифі; Әдебиетте 1917 жылғы Ақпан революциясының болмысын 
тұқыртып, оның жасаған жақсылық ісін жасырып, кемшілігін асырып, Қазан революциясымен 
шендестіру, қарама-қарсы қою мифі; Қазан төңкерісінің заңдылығы туралы миф; Қазақ халқының 
ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, патша өкіметіне, одан қалды Кеңес дәуірінде ұлт мүддесін 
қорғаған қайраткерлерге, кейін барша халыққа ұлтшылдар айдарын тағу мифі; Қазақ кеңестік 
мемлекеттік статусты әсірелеу мифі; бұрынғы Одақтың, одан қалды Қазақстанның 70-80 
жылдардағы дамуы туралы қарама-қарсы мифтер. Сондай-ақ И. Сталин туралы, Ұлы Отан 


200 
соғысының сипаты туралы, Ұлы Жеңістің қозғаушы күштері туралы, соғыс шығыны туралы 
мифтерді де талдаған. Академик Манаш Қозыбаев Отан тарихын тағылым ету арқылы, мифтерден 
асып өту, оларды жою арқылы тарихи шыңдыққа жетуге негіздеген [3].
Жаңаша парадигма негізінде қазақ мемлекеттігін жаңғырту жолында күрес жүргізген 
Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің тарихы мәселесін зерттеуге жан-жақты бет бұрған. 
Автор Алаш тақырыбын зерттеу барысында «Алаш» терминіне ерекше мән беріп, сыры толық 
ашылмай келген мәселе екендігін айтып өтті. Қазақстан тарихының басқа да өзекті мәселелеріне 
арналған «Ақтаңдақтар ақиқаты» атты еңбегі жарық көріп, «Тарихтың ащы сабағы» дейтін 
мақаласы тікелей аталмыш мәселеге арналған [4]. «Алаш» қозғалысын тұтас ұлт-азаттық 
қозғалысымен шендестіру орынсыз, оны тек ұлт-азаттық қозғалысының бір ғана белесі ретінде 
қарастырып, қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалыс тек таза пролетарлық қозғалысы болуы 
мүмкін еместігін, бұл қозғалыс ортағасырлықтан буржуазиялық-демократиялық төңкерісінен 
кейін қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының туын жоғары байқуатты отбасылардан 
шыққан, оқыған, зиялы қауымның саяси аренаға көтергенін ерекше атап жазған.
Келесі мәселе, Отан қорғау, оның тарихнамалық мәселелерін, соғыс тұтқындарының 
тағдыры туралы да ашық та түпкілікті зерттеген. Оның «Компартия Казахстана в период Великой 
Отечественной войны», ұжымдық «На защите Советской Родины» және тағы басқа соғыс 
тақырыбындағы көптеген еңбектері мен зерттеу мақалалары соған дәлел. Еліміздің, Ресейдің 
мұрағат қорларынындағы ғылыми айналымға енбеген құнды деректерді тиімді пайдалана білген 
ғалым, Қазақстаннан майданға, тыл армиясына алынғандардың саны екі млн. жуық екендігін 
дәлелдеп, шығыстағы ұлттық аймақтар генофонының әлсіреуіне тигізген әсерін ғылыми 
тұжырымдармен дәйектеп берді. Ғалымның замана ызғарынан қаймықпай айтқан сол уақыттағы 
теориялық пікірлері бүгінде көптеген зерттеулерге арқау болғандығы ақиқат. 
Ғалымның жинақтаған тарихи фактілерге негізделген еңбектері, бүкіл ұлттық тарихқа 
жаңаша қарауға, тарихтан алатын орны туралы нақты түсінігімізді қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. Қазақстанның өтпелі кезеңінің ерекшелігін, нақты қалыптасқан тәуелсіздіктің негізгі 
белестері қандай, қандай қауіп-қатерлерден өттік, қоғамның экономикалық, саяси және мәдени 
жүйесі қалай құрылды? Осы сұрақтардың бәріне дәйекті әрі анық жауап берген. Ел аузындағы 
аңыздардан ақиқатты таразылаған отандық тарих пен тәуелсіздік идеясы қашанда болсын 
тамырлас екендігін ерекше атап өткен [5]. Біз аталмыш мақалада тәуелсіз Қазақстан елінің 
тарихшысы Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың кеңестік тоталитарлық кезеңдегі кейбір тақырыптар 
бойынша жарияланған зерттеу жұмыстары туралы ғана айтып өттік. Қазақстан тарихының 
кеңестік дәуірі саяси-әлеуметтік, экономикалық, этникалық қарама-қайшылықтарға, трагедиясы 
аралас драмаға толы болды. Сондықтан Қазақстан тарихының осы кезеңге сәйкес өзекті мәселері 
төңірегінде біршама жұмыстар атқарылғанымен, біздің ойымызша тарихшылар алдағы уақытта 
осы тақырыптар және басқа да зерттелетін тақырыптар төңірегінде тарихнамалық талдауларды 
өрістету керек деп ойламыз. Сонымен қатар кеңестік дәуірдің ащы шындығын ашып көрсететін 
зерттеулер тәуелсіз Қазақстанда көбейетініне сеніміміз мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет