Кәсіпорынды бюджеттеу мен қаржылық саясатының ұйымдастырушылық аспектілері
Мұталіп қызы Б.
1
Бодаухан К.
2
, Шамуратова Н.Б.
3
, Бекбосынова Л.T.
4
1,2,3,4
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Түйінді сөздер: бюджет, бюджеттік саясат, қаржылық саясат, бюджеттеу функциялары.
Түйін
Мақала өз кезегінде жалпы өнімділігі бюджеттеу деңгейіне ықпал ететін компаниясында қаржылық саясаттың
болашақ дамуы туралы айтылып отыр. Тек мұнда бюджеттеу өнім өндіруді жақсарту үшін кәсіпорын бюджетінің қаржы
саясатын дұрыс жасаулы қадағалау болып табылады. Тек оған қарамастан операциялық бюджеттердің қалыптасуы
анағұрлым белгіленген: өнірістік сақтанымдар бюджеті, сауда бюджеті, материалдар мен жабдықтарға кететін тікелей
бюджет, өндірісітік бюджеттеу, жалақы беру бюджеті, коомерциялық шығындар бюджеті, тағы сынды түрлерге бөлініп
кете береді.осыған байланысты қаржылық бюджетті моделдеу кезінде бюджетті құрастыруда уақытша регламент қойып,
қажетті құжаттар тізімін жасайды. Және ондағы дереккөздерін сараптамадан өткізеді.
Муталипкызы Б.
1
, к.э.н.
Бодаухан К.
2
, к.э.н.
Шамуратова Н.Б.
3
, к.э.н., профессор
Бекбосынова Л.Т.
4
магистр экономики
1,2,3,4
Казахский агротехнический университет имени С.Сейфуллина
Поступила 27.02.2015 г.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
195
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 3, Number 301 (2015)
UDC 339.97:338.48 (574)
Analysis of advantages and disadvantages of the Eurasian Economic Union
for the development of the tourism economy of the Republic of Kazakhstan
Tleuberdinova A.T., Askeyev A.G., Dzhumabaeva S.B.
tat404@mail.ru , a.askeyev@gmail.com, sholpanJ@bk.ru
Academician Y.A. Buketov Karaganda State University, Karagandy, Republic of Kazakhstan
Department of Regional Development Chancellery of the Prime-Minister of the Republic of Kazakhstan
Key words: tourism, analysis of advantages and disadvantages, integration processes, Eurasian Economic
Union.
Abstract.The article considering the advantages and disadvantages of the integration process in the field of tourism
of the three countries of Commonwealth of Independent States: Kazakhstan, Russia and Belarus in the framework of the
Eurasian Economic Union. The main method of research is a comparative analysis of the positive and negative aspects of
the processes for the tourism industry of the Republic of Kazakhstan. Given the fact that in modern conditions the
international economic integration is one of the main manifestations of globalization of the economy and develop within
this general universal process, the relationship of the Eurasian Economic Union with the international community was
considered. Authors summarize that the formation of Eurasian Economic Union will require a lot of work to solve the
legal, institutional, technical, organizational and procedural issues in a number of interrelated fields. In this regard, the key
is the correct sequence of steps, especially given the compressed timeframe.
УДК 339.97:338.48 (574)
Қазақстан Республикасының туризм экономикасын дамытуға
Еуразиялық Экономикалық Одақ әсерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау
Тлеубердинова А.Т., Аскеев А.Г., Джумабаева Ш.Б.
tat404@mail.ru , a.askeyev@gmail.com, sholpanJ@bk.ru
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қарағанды қ., Қазақстан
Республикасы
Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кабинетінің аймақтық даму бөлімі
Кілт сөздер: туризм, ықпалдастық үрдісінің артықшылықтар мен кемшіліктерін талдау, Еуразиялық
Экономикалық Кеңес.
Аңдатпа. Мақалада Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үш мемлекеті: Қазақстан, Ресей және
Беларусияның Еуразиялық Экономикалық Кеңес аясында туризм саласы бойынша ықпалдастық үрдісінің
артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылған. Негізгі зерттеу әдісі Қазақстан Республикасының
туристік саласы үшін жүргізіліп жатқан үрдістердің жағымды және жағымсыз жақтарын салыстырмалы
талдау болып табылады. Қазіргі жағдайдағы халықаралық экономикалық ықпалдастықтың экономикалық
жаһанданудың негізгі көрнісі және осы жалпы әмбебап үрдіс аясында дамитындығын ескере отырып,
Еуразиялық Экономикалық Кеңестің әлемдік қоғамдастықпен өзара байланысы қарастырылады. Авторлар
Еуразиялық Экономикалық Кеңесті құру үлкен көлемді жұмыстарды шешуді талап етеді деген қорытындыға
келеді, атап айтқанда құқықтық, институционалды, техникалық, ұйымдастырушылық және өзара байланысты
салалар бойынша жалпы рәсімдік сұрақтар бойынша. Осы орайда, шектеулі уақытты ескере отырып, әрбір
қадамды дұрыс реттілікпен орындау маңыздылыққа ие.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нағыз экономикалық ықпалдастық жеткілікті деңгейде
экономикалық дамыған мемлекеттер арасында ғана, сонымен қатар тиімді болуы мүмкін. ТМД-да ондай
мемлекеттерге әзірге Ресей, Беларусия және Қазақстанды ғана жатқызуға болады. Сондықтан да, дәл
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
196
осы үш мемлекет - Ресей, Беларусия және Қазақстанның – Кеден одағын құру (ҚО), одан әрі қарай
Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) құру жөнінде ұсыныс білдіруі кездейсоқтық емес.
«Экономикалық ықпалдастық» түсінігі тек қана кәсіподақ мағынасында емес, ұлттық
шараушылықтардың жақындасуы және өзара байланысы, ол өз кезегінде келісілген экономикалық
саясатты жүргізумен, сонымен қатар ұлттық мемлекеттердің орынына экономика және заң шығару
саласында белгілі бір функциялардың орындалуын өзіне алатын институттарды құру, нәтижесінде
ортақ, одан кейін бірыңғай экономикалық және құқықтық кеңістік құру болып табылады, оларды игеру
ұлттық мемлекеттердің ғана міндетіне кірмейтін болады.
Дамыған және дамушы елдердің экономикалық бірігуінің әлемдік тәжірибесі, сонымен қатар ТМД
және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) мемлекеттері арасындағы экономикалық
байланысты талдау көрсетіп отырғандай, ықпалдастықтың объективті бастапқы кезеңдерінен – еркін
сауда аймағы мен Кеден одағы – одан да жетілдірілген - бірыңғай кедендік территория мен тауарлардың
ортақ нарығына дейін өтуі міндетті екендігін көрсетеді.
Атап айтқанда, ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің сауда-экономикалық байланысының эволюциясы, ортақ
тауар нарығының біртіндеп қалыптасуының негізгі көрсеткіштерін қамтиды:
-
ортақ тауар нарығын құрушы мемлекеттер арасындағы сауда-тарифтік саясат;
-
үшінші мемлекеттермен сауда тәртібі;
-
сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу, басқарудың әкімшілік тетіктерін қолдану;
-
жанама салық салу (қосылған бағаға және акциздерге салық);
-
сыртқы саудада сауда-есептік қатынастар;
-
сыртқы сауда қызметінде валюталық реттеу және валюталық бақылау;
-
кеден ісін ұйымдастыру;
-
оқу және қоғамдық ұйымдар.
Ықпалдастықтың әрбір жаңа кезеңі «пісіп, жетілуі» тиіс. Кез-келген асығыстық экономикалық
механизмнің келесі кезеңінде бұзылуына алып келуі мүмкін. Сонымен, ЕурАзЭҚ және КО елдерінің
арасынағы сауданың дамуындағы оң әлеует, бір жағынан осы елдердің нарықтық реформалар кезінде
экономикалық дағдарыстан шығу мен ұлттық шаруашылығының жоғарылауына, экономиканың
құрылымдық қайта құрылуына және оның тиімділігінің жоғарылауына байланысты болса, екінші
жағынан – интеграциялық серіктестіктің дамуына, ортақ тауарлар нарығын құрудағы кезеңдік
мәселелерді тәжірибелік жүзеге асыруға байланысты болады.
Бұл үрдістер қиын, ЕурАзЭҚ және КО кейбір елдерінде біртекті дамымауда. Қазіргі кезеңде
қалыптасып отырған жағдайды нақты ескере отырып, Кеден одағын «жайластыруға» көңіл бөлу қажет,
оның ішінде ортақ тауарлар нарығын қалыптастырудағы келесідей бірінші кезекті міндеттерді шешуге,
атап айтқанда Кеден одағы аясында ортақ кедендік тарифтің дұрыс жұмыс істеуі және сыртқы сауданы
тарифтік емес реттеудің ортақ шараларының, валюталық бақылаудың ортақ тәртібінің болуы, сыртқы
сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде салық саясатын жүзеге асыру, Кеден одағы елдерінің
Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруіне жағымды жағдай жасау, Кеден одағының сыртқы шекарасын
орнықтыру және осы шекараларда қажетті кедендік бақылауды ұйымдастыру, қол жеткізілген
келісімдерді жүзеге асыру механизмдерін құру және қабылданатын шешімдерді келісу.
КО елдерінің ұлттық экономикасының дамуындағы байқалған кейбір оң өзгерістер, әлемдік
экономикалық дағдарыс жағдайында өзара сауда операцияларының қысқару үрдісі және көп жақты
серіктестікке олардың қызығушылығының кейбір төмендеуі уақытша болып табылады және оны орта
мерзімді әлеуетте еңсеруі мүмкін.
Нақты осы КО елдерінің ұлттық экономикасының дағдарыстан кейінгі жағдайы, дағдарыстан кейін
әлемдік саясат пен экономиканың шетінде қалып қалу қауіпі біздің елдерді тығыз өзара байланыста
болуға итермелейді.
Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕурАзЭҚ) құрудың нақты шынайы
көрінісі көрінуде. Үш жылдан аса Беларусия, Қазақстан және Ресей елдерінің Кеден Одағы (КО) жұмыс
істеуде, 2012 жылдан бастап үш елдің Бірыңғай экономикалық кеңістігі (БЭК) құрылды, аталған
жылдың 1 ақпанынан бастап БЭК жаңа алдыңғы ұлттық ұйымы – Еуразиялық экономикалық комиссия
алқасы (ЕАЭК) жұмысын бастады.
Аталған үрдіс әрбір жаңа кезеңде тереңірек және ауқымдырақ бола түсуде, ықпалдастықтың өте
тығыз мерзімде өтуіне қарамастан.
Егер КО елдер арасындағы сыртқы сауда қатынастарын жеңілдетсе, ал БЭК біздің елдер ішіндегі
тауарлардың жылжуын ғана емес, капиталдың және жұмыс күшін жылжытуды жеңілдетті. Ал екі жыл
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
197
бұрын бірінші «одақтық министрлік» пайда болды – ЕАЭК алқасы, ол өзі жеке шешім қабылдау
құқығына ие, оны қатысушы-елдердің өкімет органдары орындауы міндетті.
Сонымен,
еуразиялық
ықпалдастықтың
қарсыластырының
және
басқа
да
сыртқы
бақылаушылардың сынына қарамастан, еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастық үрдістер күшейуде.
Әрине, жаңа аймақтық бірлестіктің жаңа құрылып жатқан және бұрын құрылған институттардың
жұмысының тиімділігін алғашқы бағалау үшін, әлі көп уақыт өте қойған жоқ. Сондықтан да, бұл
мақалада құрылып жатқан Еуразиялық экономикалық кеңестің туризм экономикасына әсерінің
артықшылықтары мен кемшіліктеріне жалпы және алдын-ала бағалаулар беріледі, сонымен қатар оны
құруға кейбір әдістемелік әдістері ұсынылады.
Қазіргі таңда құрылып отырған Еуразиялық экономикалық кеңес әртүрлі факторларға байланысты
әлемнің ерекше аймағы болып табылады.
Біріншіден, ол нақты тарихи заңдылық аясында қалыптасуда, атап айтқанда еуразиялық кеңістіктің
екі бірін-бірі алмастыратын геосаяси ұйымының алмасуы – бірыңғай мемлекеттілік және мемлекеттер
жүйесі. Еуразиялық кеңістік сақтардың, ғұндардың, моңғолдардың, славяндардың не кеңес
коммунистерінің билігінде біресе біріксе, біресе ажырады [1].Соған қарамастан, аймақта болып жатқан
геосаяси өзгерістер әлемдік шаруашылық жүйесіне әсері жалпы айтқанда маңызды болды.
Екіншіден, табиғи-географиялық, демографиялық және экономикалық жағдайлардың ерекше
үйлесімі аймақты ерекше етеді. Еуразиялық кеңістіктің бай ресурстық және экономикалық әлеуеті
аймақтың дамуының ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік экономиканыңмаңызды факторы болып
табылады.
Үшіншіден, ерекше еуразиялық мәдениет өзіне еуразиялық кеңістікті мекендеген славян, түрік
және көптеген еуропалық және азиялық этностардың бай мәдени құндылықтарын біріктіре отырып,
әлемдік өркениеттің дамуына әсер етті және әлі де әсер етуде.
Еуразияны жеке аймақ ретінде қарастыра отырып, біз аймақты мекендеген халықтардың табиғи
ықпалдастығы жоғары әлеуетке ие екендігін мойындаймыз, ол көп ғасырлық бірігіп тұрумен, сонымен
қатар этномәдени, экономикалық және миграциялық өзара байланыспен түсіндіріледі.
Құрылып жатқан Еуразиялық экономикалық кеңестің жаһандық экономикаға болашақтағы рөлін
бағалауда, әрине анықтаушы болып аймақтың ресурстық және экономикалық көрсеткіштері, сонымен
қатар құрылып жатқан бірлестіктің бағытталып отырған стратегиялық мақсаттары саналады.
Еуразиялық кеңістіктің
1
аумағы және ресурстық әлеуеті зор. Аймақ елдері алып жатқан жер көлемі
22,3 млн шаршы км (жер құрлығының 16,4%) құрайды, онда 281 млн адам тұрады (әлем халқының
4,4%). Аймақ аумағында әлемдегі пайдалы қазбалардың 25% шоғырланған, оның құны шамамен 30 дан
40 трлн долларға бағаланады. Аймақ үлесіне шамамен әлемдік табиғи газдың 40%, тас көмірдің 25%,
мұнайдың 20%, орманның 25%, егістік жердің 13% және тұщы судың 11% келеді. Ауыл
шаруашылығына жарамды жерлердің көлемі 524 млн га, ал кеңістік елдерінің әлемдік астық өндірудегі
үлесі 63% жетеді [1, 94 б.].
Аймақ мемлекеттері жоғары өндірістік әлеуетке ие (әлемдік өнеркәсіптік өндірістің 10%). ЕЭК
қатысушы-елдердің үшеуі де қазіргі таңда экономиканы белсенді әртараптандыруды жүзеге асыруына,
оның ішінде жаңа өндірістік технологиялар мен инновацияны ендіруге ерекше көңіл бөлулеріне қарап,
өндірістік әлеуетінің жоғарылайтындығына және әлемдік өнеркәсіптік өндірісте аймақтың үлесінің
өсетініне сенуге болады.
Қалай дегенмен, ТМД сарапшыларының бағалауына сәйкес, аймақтың ең дамыған 3 мемлекеті –
Ресей, Беларусия және Қазақстан – өз әрекеттері мен күштерін біріктіретін болса, тіпті жақын арадағы
әлеуетте әлемдік нарыққа әлемдігі 55 танымал макротехнологиялардың ішінен 10-15 дейін ұсынуға
мүмкіндігі болады (оның ішінде, авиациялық, космостық, ядролық, машина құрастырушылық, кеме
жасау, био, нанотехнологиялар және т.б.)[2].
Еуразиялық аймақ сонымен қатар ерекше транзиттік әлеуетке ие. Еуропа мен Азиялық-тынық
мұхит аймағы арасындағы трансконтиненталдық географиялық орналасуы, оның әлемдік бәсекеге
қабілеттілігін жоғарылатады. Құрлықтық тасымалдауларды дамыту мен басқа да транспорттық-
коммуникациялық саладағы ірі халықаралық жобаларды жүзеге асыру аймақтың әлемдік шаруашылық
байланыстағы маңызы мен рөлін күшейтеді [3].
1
Еуразиялық кеңістік бұл мақалада географиялық тұрғыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шекарасы аясында
сипатталады, яғни бұрынғы Кеңес Үкіметі шекарасында Балтық елдерін қоспағанда.
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
198
ЕАЭК қатысушы-елдер территориясының туристік әлеуеті ерекше назарды талап етеді. Шегі жоқ
өзендер, мөлдір таза көлдер, қалың орман, кең дала, адам қолы тимеген көптеген табиғи жерлер, киелі
жерлер, мұражайлар, тарих пен мәдениет ескерткіштері – осы барлық әлеуетті дұрыс және ақылмен
қолдану қатысушы-елдердің жиынтық табысын өсіріп қана қоймай, сонымен қатар осы елдердің
экономикасының тұрақты дамуына негіз болады.
Сонымен, еуразиялық кеңістіктің ресурстық, демографиялық және туристік әлеуетін кешендік
жүзеге асыру экономиканың өсуіне, экономикалық ықпалдастық жағдайында аймақ елдері
тұрғындарының өмір сүру деңгейін жоғарылатуға және қоғамдық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз
етуге негіз болуы мүмкін.
Былтырғы жылдың күзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Известия» газетінде жарық көрген «Еуразиялық кеңес: идеядан бастап болашықтың тарихына дейін»
деген мақаласында ЕЭК қалыптасуын және одан ары қарай Еуразиялық экономикалық кеңестің біздің
еліміздің жаңа даму кезеңіне өтуіне нақты мүмкіндіктер беретін ықпалдастық жолы ретінде бағалаған.
Осыған байланысты, ЕАЭК құруды біз мемлекеттерімізді ғылыми-технологиялық және өндірістік-
ресурстық әлеуеті мықты ірі аймақтық құрылым ретінде қалыптасуындағы, АҚШ, Еуропалық одақ
және Қытаймен тең дәрежеде бәсекеге түсе алатын дұрыс жол ретінде қарастырамыз. Әрине, аймақтық
ықпалдастық үрдісі ойластырылмаған, қысқа мерзімді пайда табуды көздемеуі тиіс, ол ұзақ мерзімді
әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға және аймақтық бірігуге қатысушы-мемлекеттерге ортақ болып
табылатын геосаяси қызығушылықтарды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс [3].
Еуразиялық кеңістікті экономикалық ықпалдастық негзі ретіндегі ерекшеліктерін қарастыра
отырып, ЕАЭК қатысушы-мемлекеттердің туризм экономикасын дамытуға байланысты сұрақтарды
зерттеуге өту орынды.
Атап кетер жағдай, қазіргі кезде барлық ЕАЭК қатысушы-мемлекеттер үшін туризм төмен табысты
экономика саласы болып табылады. Бұл осы аймақ мемлкеттерінің айтарлықтай ресурстық және
өндірістік әлеуеті бола тұра, барлық көңілді мұнай өндіру, металлургия, машина жасау және өңдеуші
өндірісті, ауыл шаруашылық кешеніне аударады да, қызмет көрсету саласына, әсіресе туризмге
жеткілікті деңгейде көңіл аудармайтындығын көрсетеді.
Туризм бүгінгі таңда – бұл әлеуметтік-экономикалық кешен саласы, ол көптеген мемлекеттерде
жылдам дамушы индустрияға айналған. Қазіргі кезде әлемде әрбір 6-шы жұмыс орны туристік бизнеске
тиесілі. ДТҰ болжамына сәйкес, 2020 жылға қарай халықаралық туристік келулердің саны 1,6 млрд.
құрайды, яғни 2000 жылдың көрсеткішінен 3 есе артық болады. Туристердің күнделікті шығындары,
әуе тасымалын қоспағанда күніне 5 млрд. долларға өседі.
Осыған байланысты аймақтық ықпалдастықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін объектівті
және жүйелі бағалау маңызды болып табылады, яғни таза сындарлы әдістен бас тарту: ықпалдастық
нәтижесінде қай мемлекет қандай пайда табады және не жоғалтады:
Аймақтық ықпалдастықтың кемшіліктері
Аймақтық ықпалдастықтың артықшылықтары
1)
Ең негізгі мәселе табиғи ресурстарды
оңтайлы
пайдалану
және
қатысушы-
мемлекеттердің экологиялық қауіпсіздігін сақтау
болып табылады. Ол келесі шаралардан тұрады:
Ерекше
қорғалатын
табиғи
аймақтарға
экологиялық жүктемені жоспарлау (қорықтар,
ұлттық парктер, қорықша және т.б.);
Су ресурстарын қолдануды қадағалау, әсіресе,
үлкен көлемді суды қамтитын трансшектелген
өзендер, Каспий және Арал теңіздерін қамтиды.
Өзендердің,
көлдердің
және
басқа
су
қоймалардың
ластануын
болдырмау
үшін
аладын-ала ескерту саясатын жүргізу;
Тұрмыстық және құрылыс қалдықтарымен
қоршаған ортаның ластануын қадағалау. Өз
кезегінде,
құрылыс
қалдықтары
туристік
кешендерді салу барысында қолданылатыны
белгілі;
2)
Туризм саласында нормативті-құқықтық
1)
Туристік
қызмет
нарығының
көлемін
жоғарылату. Үлкен туристік әлеуетке ие, бірақ нарық
көлемі үлкен емес біздің елде туризм индустриясын
жылдам қарқынмен дамыту өте қиын. Бұл туристік
қызметтің импорттық үлесінің үлкендігімен және
барлық елдегі 25 %-дық қоныстанумен дәлелденеді.
2)
Еуро-Азиялық энергетикалық компанияға мүше
елдер арасында кешенді туристік өнімді жасау.
Тауарлар, қызметтер, капитал және адами ресурстардың
еркін
қозғалысы
Еуро-Азиялық
энергетикалық
компанияға мүше елдер арасында кешенді туристік өнім
жасауға мүмкіндік береді.
3)
Әлемдік туристік нарықта Еуро-Азиялық
энергетикалық компанияға мүше елдердің имиджін
жылжытуға бағытталған біріккен іс-шараларды жасау.
Евразиялық экономикалық одақтың беделі мен рөлінің
әлемдік аренада жоғарылауы есебінен дамыған
мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың түзу қарым-
қатынасының өсімі байқалады.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
199
базаға қатысты үлкен көлемдегі сұрақтарды
реттеу. Осы сұрақ нақты қайта қарастыруды
қажет етеді;
3)
Еуро-Азиялық
энергетикалық
компанияға мүше елдердің қарым-қатынасына
бағытталған
орындаушы
және
құқықтық
органдардың
біржүйедегі
стратегиялық
бағдарламаларын жасау;
4)
Кадрлық сұрақтарды шешу. Туризм
саласының кадрларын даярлау мәселесі туризм
бойынша
Кеңес
жиналысының
негізгі
талқылайтын сұрағына айналды. Халықаралық
көрме «Интурмаркет» шеңберінде 2009 жылы
Мәскеуде Кеңестің белсенді қатысуымен туризм
индустриясының
кадрларын
даярлау
тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция
өтті.
Осы
маңызды
сұраққа
қатысты
конференцияның өтілуі жеткіліксіз болды.
Туризм
саласындағы
қызметкерлердің
біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін
әлемдік
тәжірибені
қарастыра
отырып,
біржүйедегі білім стандартын құруда үлкен
жұмыстар жасау қажет;
5)
Бағалық дискриминацияның өсімі. Әрбір
дамушы мемлекеттің шығу туризмін дамытудың
негізгі мәселесі оның бағалық дискриминациясы
болып табылады. Ол туристік кезең барысында
бағаның
жасанды
жоғарылауымен,
маусымаралық
кезеңде
төмендеуімен
сипатталады. Бұл жағдай аймақтың, оның ішінде
мемлекеттің экономикалық дамуына жағымсыз
әсер етеді.
6)
Асфальттық
жабумен
қамтамасыз
етілген
автокөлік
жолдарының,
туристік
орындарды
көрсетуге
бағытталған
теміржолдардың
амортизациясының
жоғарылауы, сонымен қатар, Қазақстанға кіретін
және
Қазақстаннан
шығатын
көліктердің
қозғалысын қадағалаудың қиындауы;
7)
Мәдениаралық байланыс сұрақтарының
шешімі халықты құрметтеу, тілдік қарым-
қатынас жасаудың еркіндігі, дінаралық және
саяси көзқарастар, соның ішінде, халықаралық
этика принциптеріне негізделген.
4)
Біріккен инвестициялық жобаларды жасау.
Еуро-Азиялық энергетикалық компания шеңберінде
тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы капиталдың
еркін қозғалысының негізін қалыптастырады. Осы
орайда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орындау
конкурстарына қатысу арқылы біріккен инвестициялық
жобаларды жасауға бірегей мүмкіндіктер туады.
5)
Еуро-Азиялық энергетикалық компанияны құру
туризм саласындағы визалық рәсімдеулерге қатысты
сұрақтарды
қысқартуға,
туристік
қызметті
стандарттауға,
орналастыруды
жіктеуге,
туризм
саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға,
заңнаманы үлестіруге жағдай жасайды.
6)
Кеңес одағы уақытында танымал болған
балалар
лагері
негізіндегі
балалар-жасөспірімдер
туризмін жаңғыртуға бірегей мүмкіндіктер туады.
Табиғатқа, адамға, мәдениетке, тілге, салт-дәстүрге
құрметпен қарау, Патриоттық рухты тәрбиелеу,
жауапкершілікпен шешім қабылдау, барлығы, балалар-
жасөспірімдер
лагері
базасында
тиімді
қалыптастырылады.
7)
ЮНВТО-мен бекітілген туризмдегі әлемдік
статистикалық
есептілік
стандарттарын
енгізу
қысқарады. Осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. 20
қараша
2013
жылы
Санкт-Петербургтегі
ТМД
басшыларының Кеңес жиылысында туризм саласының
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыты
қабылданды. Оның негізгі бөлімдерінің бірі ТМД
елдерінің туризм бойынша статистикалық есебін
жетілдіруге арналады.
8)
Туризмнің жаңа бағытта дамуы ҒЗТКЗ мен
инновациясыз мүмкін емес. Брондау бағдарламаларын
жасау,
кеңселік
операцияларды
автоматтандыру,
электронды құжаттар, бұлардың барлығы, Еуро-
Азиялық энергетикалық компания құру барысында одан
әрі жетіле түсетін технологиялық жаңашылдықтың
тізбегі ғана.
9)
Еуро-Азиялық энергетикалық компанияға мүше
елдердің
тығыз
қарым-қатынасынан
туындайтын
синергетикалық әсер туризм саласындағы бәсеке
қабілеттілікті жоғарылатуға септігін тигізеді, сонымен
қатар, басқа да аралас экономика салаларының тұрақты
дамуына жағдай жасайды.
ЕЭО құрылуы құқықтық, институционалдық, техникалық, ұйымдастырушылық және рәсімдік
сұрақтарды шешу бойынша үлкен көлемдегі жұмысты қажет етеді. Осы жағдайда дұрыс жолды таңдай
білу ең маңыздылардың бірі болып табылады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, Еуро-Азиялық энергетикалық компанияның құрылуы екі кезең
бойынша тұжырымдалады. Бірінші кезеңде, мүше елдер орталықтандырылған институты мен дербес
ұлттық реттелген органдары болмайтын NAFTA (Еркін сауда жөнінде Солтүстікамерикалық келісім)
моделі бойынша келісімге бағдарланады, екінші кезеңде, интеграцияланған жоба бойынша ЕО моделіне
көшеді. Сәйкесінше, осындай тіл табысу ықпалдастықтың екі деңгейін болжайды: бірінші – біртұтас
валютасы мен біртұтас экономикалық саясаты жоқ біртұтас нарық, екінші - федеративті
құрылымдардан тұратын экономикалық саясаттың толық үйлесімділігі.
Осы арада Кедендік Одақ Комиссиясының және ЕАЭК басқарушылық құрылымы деңгейінде
ықпалдастыққа байланысты төмендегідей қағидалық сұрақтарды шешу қажет:
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
200
мүше елдердің макроэкономикалық саясатын координациялау. Бұл, сөзсіз, нарықтық
интеграцияның қажетті алдын-ала шарты;
институционалдық сызба, ЕАЭК құрылым жоспары, өкілдіктері, қаржыландырылуы, заңды
құқықтары және басқалары. Негізгі мағына дауларды шешуге бағытталған құқықтық механизмде;
кеңестік рәсім. Мысалы, ЕО және NAFTA қоғамдық ұйымдар, құқықтық институттар және іскер
қауымдастықтарға белсенді араласу негізінде құрылды;
ЕАЭК институттарын және бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы шығындарды
қаржыландыру;
техникалық стандарттарды анықтау мен монополияларды қадағалау үшін дербес реттеуші
органдарды құру;
нарықты дамыту мен бәсекелестікті кеңейту саясаты. Осы арқылы ЕАЭК бірігу бағыты
анықталады, сонымен қатар шағын және орта бизнеске деген қарым-қатынас позициясы;
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мерзімі мен шарттары. Бұл мүше елдердің экономикалық
белсенділігіне тиянақты әсер береді;
басқа облыстардағы біртұтастылық, әсіресе, еңбекпен қамту және қоршаған ортаны қорғау
саласында. Осымен қатар, әрбір ЕАЭК мүше елдер келесі сұрақтарға жауап бере алатын өзінің ұлттық
бағдарламасын анықтап алуы керек:
парламенттік және саяси білімі, іскер қауымдастықтары, басқа қоғамдық ұйымдары бар кеңес
беретін ішкі механизм құру;
әрбір елдегі ішкі нарықтың ұйымдастырылу мәселесін шешу аймақтың нарықтық
шоғырлануының және ДСҰ ережелері мен стандарттарының шарты болып табылады;
реттеуші тіл табысу арқылы ұлттық қызығушылықтарды анықтау;
нарықтық шоғырландыру бағдарламасынан тыс экономиканың салаларын анықтау;
қаржылық нарыққа шоғырландыруды бағалаудың ықпалы;
біртұтас нарықты құрудың әлеуметтік және аймақтық аспектілерін бағалау;
ЕАЭК құру нәтижесінде көші-қон мәселелерін болжамдау;
мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алу сұрақтарын шешу.
Мүше елдердің аймақтық сауда және индустриялық компаниялары нарықты біріктіру ісіне
дайындық жасауы қажет. ЕАЭК құрылуы, сөзсіз, іскерлік ортаға өзгерістер алып келеді. Егер де осы
үдеріс ДСҰ кірумен бірге қатар келсе, онда компанияларға жаңа аймақтық шарттарға назар аударуға
тура келеді. Бұл оларға келесі салалар бойынша өздерінің мақсатын бағалауға мәжбүрлейді:
ЕАЭК көрсеткіштерін ұстана отыра бизнесті жүргізудің моделін жасау, әсіресе, біртұтас
нарықтан шығарылған салаларға бағытталған;
жаңа макроэкономикалық, нормативтік және коммерциялық тұрғыда бағытталған бизнесті
жүргізудің моделін жасау;
қосылуға және қайта құрылуға қажетті қаржыландыруды бағалау;
өндірістік үдерісті жаңартуға керекті қаржыландыруды бағалау;
аймақтық нарықты бағалау;
шикізат қорын анықтау;
инфрақұрылымдық қамтамасыз етудегі қажеттіліктерді бағалау.
Айқыны: ЕАЭК ұзақ мерзімді болашағы жане оның жаһандық экономикалық тенденцияға әсері
жайлы айту үшін ЕАЭК елдерінің экономикасын сапалы түрде өзгерту қажет. Сол себепті, ЕАЭК
дамытудың негізгі мәселесі посткеңестік экономиканың саясатының ерекшеліктері және әлемдік нарық
конъюнтурасы мәселелерін еңсеру болып табылады.
ЕАЭК елдері үшін бай табиғи ресурстарға ие болу және осымен қатар артта қалған базаны қайта
жаңғырту, шикізат секторын дамытуға бағытталған ыңғайлы құрылымдық саясатты анықтап берді. Осы
жағдайда бірдей мәселеге тап болған мүше елдер ЕАЭК шеңберінде таяу шет елдің нарығын игеруге
мүмкіндіктері бар. ЕАЭК елдері, оның ішінде, Қазақстан мен Ресей үшін әлемдік энергетикалық және
азық-түлік нарығына қатысу үшін жаңа технологияларды дамыту толығымен шынайы.
Біздің елдер өзінің бәсекеге қабілеттіліктерін жоғары деңгейде пайдаланып қалулары керек, бұл
әлемдік одақта бағаланатын тек қана бай табиғи ресурстар ғана емес, сонымен қатар, транзиттік
транспорттық-коммуникациялық әлеует; ЕАЭК ішкі нарығында сұраныстың жоғарылауы; әлемдік
нарықтағы салалардың бәсекеге қабілеттіліктерінің болуы; ЕАЭК басқару және дамытудың жалпы
бағдарламалары.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
201
Сол себепті, қазіргі таңда ЕАЭК қарауы тиіс жағдайлар, бәсекелік саланы реттеу, инвестиция,
зияткерлік меншік, қызмет, қоршаған ортаны қорғау, космосты игеру, еңбек стандарттары және тағы
басқалар. Басқаша айтқанда, ЕАЭК көп сұрақтарды шешуі қажет.
ЕАЭК жалпы саясатын құру барысында әлемдік нарықтың жағымсыз әсері, мүше елдердің бір
түрдегі экономикалық құрылымынан, ішкі сауда саясатының шикізатқа бағытталуынан көрінеді. Екінші
бір жағынан, экспорттық себетінде бәсекеге қабілетті шикізаттық тауары бар Кедендік Одақ және
ЕАЭК және Ресей шеңберінде, және Қазақстанға, жаңа білім мен жаңа технологияға бағытталған бәсеке
қабілеттілікті дамытудың жалпы сценарийін жасау қиын емес.
Басқаша айтқанда, ЕАЭК жаһандану заманындағы экономикалық саясатының негізгі мақсаты
бәсекеқабілеттілікті жасау және дамыту, екінші жағынан Беларусия, Қазақстан және Ресейдің
экономикасын модернизациялауға бағытталған бағдарламасының негізгі стратегиясын біріктіру, ал
басқа жағынан, КО, ЕАЭК және жаһандық нарықтың жалпы экономикалық стратегияның негізі.
ЕАЭК елдерін инновациялық тұрғыда дамытудың қажеттілігіне қарамастан жаңа кезеңдегі
экономикалық модернизация қысқа және орта мерзімді стратегия бойынша, ал инновациялық
экономика ұзақ мерзімді стратегия бойынша жүзеге асырылады.
Сол себепті, экономикалық жағдайға байланысты инновациялық экономикаға өтудің жалғыз
мүмкіндігі модернизациялық үдерістерді мемлекет деңгейінде жеделдету болып табылады және бұл
Қазақстан, Ресей және Беларусияда іске асырылуда.
Бірақ, Кедендік Одақ елдерінің экономикалық мәселелерінің жалпылығына қарамастан,
модернизацияның ұлттық стратегиясының бар болуы және ЕАЭК қысқа мерзім ішінде құру ЕврАзЭО
бағдарламалық құжаттарында көрсетілмеген. Сол себепті, ғылыми саланы, ЕАЭК елдерінің білімі мен
инновациясын біріктіретін және модернизацияның уақыты (немесе кезеңі) белгіленген инновациялық
кеңістік құрудың тұжырымдамасы жасалуы тиіс.
Мүше елдердің ішкі модернизациялық үдерістерінің және модернизациялық бағдарламаларының
табысты жүзеге асуы, аймақтық интеграциялық бірігу аясында халықаралық серіктестік жайлы
экономикалық сұрақтардың шешілуі ЕАЭК рөлін жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: |