Научный журнал


ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ



Pdf көрінісі
бет18/37
Дата06.03.2017
өлшемі2,36 Mb.
#7980
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
125 
трукторлық  жəне  техникалық  тапсырма-
ларды шешуімен байланысты. Оку, көркем-
дік-конструкторлық іс-əрекеті кəсіптік əре-
кеттен  мынандай  белгілер  бойынша  ерек-
шеленеді: 
1)  объект  міңдетті  түрде  жаңашыл 
сипатта  болады  жəне  бұл,  жоба  міндетін 
шешетін  субъектіге  тəн  қасиет,  əйтсе  де 
осы  дəлелдеме  психологиялық  тұрғыда 
көркемдік-конструкторлық  тапсырмаларды 
өнертапқыштықпен  бір  қатарға  қоюы 
мумкін; 
2)  ізденіс  жобасының  мақсаты  конс-
трукторлық  идеяларды  табумен  шектеледі 
жəне  күрделі  емес  тапсырмалар  арқылы 
жалғасын табады; 
3)  студенттер  құрастырудың  кешенді 
əдістері мен тəсілдерін меңгеру процесінде 
көптеген  тапсырмаларды  басынан  аяғына 
дейін өздері жеке шешеді, немесе топтасып 
шешеді. 
Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалі-
мінің  кəсіби  құзыреттілігі  жоғары  мектеп 
оқу  орнында,  уақыт  талабына  сай  теория-
ны-практикамен байланыстыра оқу арқылы 
жетіледі. Теориялық пəндерден алған білім, 
ғылыми-теориялық 
мəселелерді 
негізі 
болып саналады. 
Педагогикалық  практикада  мұғалім-
нен  білімін  қайта  құруды  талап  етеді.  Бір 
жағынан,  ол  бір  проблемаға  байланысты 
синтезделген,  біріктірілген  болса,  екінші 
жағынан,  ол  тəжірибемен  дəлелденуі  тиіс, 
яғни  шеберлік,  практикалық  міндеттерді 
шешу. 
Технологиялық  білім  мен  кəсіби  құ-
зыреттілікті,  технологиялық  шеберлікті, 
технологиялық қасиеттерді  болашақ  баста-
уыш  сынып  мұғалімдері  педагогикалық 
практика кезінде жетілдіреді.  
Оған  тікілей  əдіскерлер,  жетекші  пе-
дагог,  жоғары  мектеп  оқытушылары  бағыт 
беріп  отырады  жəне  практикада  болашақ 
бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  техноло-
гиялық  құзыреттілігін  жетілдіруде  түрлі 
факторлар  ықпал  етеді.  Педагогикалық-
психологиялық  əдебиеттерде  ғалымдар 
ішкі-сыртқы факторларды атаған. 
Ішкі  факторлар  тобына  -  ғалымдар 
(А.А.  Леонтьев,  С.Л.  Рубинштейн,  тағы  да 
басқалары)  психологиялық  ерекшелікке: 
мотив,  қызығу,  тағы  да  басқа  психоло-
гиялық процесстердегі ерекше орын алаты-
ндарын жатқызған. 
Сыртқы  фактор  тобына  –  іс-əрекет 
кезіндегі  шартты  жағдайлар  жатады,  өйт-
кені  іс-əрекетті  орындау  үшін  мақсат,  мін-
дет, реттілік талап етіледі. Сондықтан, ішкі 
факторлар  сыртқы  факторлар  арқылы 
анықталады.  Сыртқы  факторлар  екіге 
бөлінеді: 
- əлеуметтік фактор, яғни əлеуметтік-
экономикалық дамуға байланысты топтар; 
-  ұйымдастыру-педагогикалық  фак-
торлары,  яғни  оқу  процессі  кезіндегі  тəр-
биелік шараларды ұйымдастыра білу. 
Болашақ  бастауыш  сынып  мұға-
лімдерінің  технологиялық  құзыреттілігін 
жетілдіруге  факторлардың  əсерін  зерттеу 
үшін  өзара  байланысты  компоненттен  құ-
ралған əдістемені алдық: 
- студенттерге сауалнама жүргізу; 
-  арнайы  бағдарлама  бойынша  сту-
денттермен əңгімелесу; 
-  білім  беру  мекемелерінің  мұғалім-
деріне сауалнама жүргізу; 
-  педагогикалық  практика  жетекші-
лерімен əңгімелесу; 
- жоғары мектеп оқу орнының оқыту-
шылары,  əдіскерлері  жəне  тағы  да  басқа-
ларымен əңгімелесу; 
-  педагогикалық  практика  бойынша 
студенттердің есебіне, құжаттарына анализ 
жасау. 
Оқытудың  инновациялық  жəне  дəс-
түрлі  құралсыз  əдістемелер  ақпараттық 
ағымға  болжам  жасауда,  оқу  материалын 
түсіну  мен  сараптауда,  танымдық  əрекет-
терді біріктіре ұйымдастыруда қиындықтар 
туғызады.  Оқу-танымдық  əрекеттің  тірек 
құралдары  мен  адекватты  дидактикалық 
құралдары  жоқ  деуге  болады.  Білім  беру 
технологияларының операциялы компонен-
тінің  арсеналы  шектеулі  жəне  білімді  мең-
геру үрдісі мен басқаруының төмендеуінен 
əлі  күнге  дейін  мұғалімдердің  кəсіби-
атқарушылық қабілеті мен өнімді дамуына 
мəн беріледі. 
Осы  аталған  қиындықтарды  жоюға 
талпыну,  білім  меңгеру  үрдісін  басқаруға, 
білім  сапасы  мен  педагогтың  іс-əрекеттің 
нəтижелері 
кəсіби-білгірліктің 
жеке 
инновациялық  технологиялық  элементте-
рінің пайда болуына əкелді. Олар, жобалау, 
стандарттау, мониторинг, оқу мен дидакти-
калық  үрдісті  құрал  жабдықпен  қамта-

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
126 
масыз ету. 
Бірақ осының бəрі бір мəнді болмаса, 
тек  техникалық  тəсілдер  мен  құралдарды 
техникалық  қабылдау  ғана  болып  табы-
лады.  Білім  жүйесін  құрудың  тиімділігі, 
оқытудың  технологияландырылған  пəндік 
əдістемелер  арқылы  студенттердің  жеке 
жетістіктерін көрсету. 
Қазіргі  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  технология  жағынан  білім-
інің  жетіспеушілігі  педагогикалық  іс-əре-
кеттің  тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік 
бермейді  жəне  олардың  технологиялық 
құзыреттілігінің  сапасын  жаңа  бөлімдер 
бойынша 
толықтырудың 
қажеттілігін 
көрсетеді. 
Дизайнерлік  іс-əрекеттің  мəні  мен 
жобалық  тапсырмаларды  шешу  квзең-
деріне де бірқатар еңбектер арналған (Н.П. 
Валькова,  Ю.А.  Грабовенко,  Е.Н.  Лазарев, 
П.Е.  Шпара  жөне  т.б.).  Олардың  біразы 
жобалық  іс-əрекетке  өздерінің  анықта-
масын  береді.  Бірқатар  зерттеулерде  көр-
кемдеп  құрастырудың  бірізді  кезеңдері, 
суретші-конструкторлардың жұмыс түрлері 
қарастырылады. Зерттеу барысында біз жо-
балық  іс-əрекетке  берілген  анықтамаларды 
жəне  көркемдеп  құрастыруға  берілген 
кезеңдерді  жүйеге  келтіріп,  топтасты-
рамыз.  Аталған  зерттеулерде  бізге  қажет-
тісі  құрастыру  процесі  емес,  конструктор-
лық  түпкі  ойдың  дамуына  талдау  беру, 
яғни  оның  жүзеге  асырылуы  болып 
саналады. Өйткені түпкі ой тапсырмаларды 
жобалау  шарттарын  меңгеру  мен  түсіну 
нəтижесінде  туындайды.  Ол  суретші-
конструктордың  ақыл-ой  белсенділігіне 
байланысты.  Алғашкы  кезде  олар  ерікті, 
яғни  сезімдік  түрде  байқалады.  Келесі 
сатыда  қойылған  мəселе  мақсатқа  бағыт-
талады.  Ең  соңында  үздіксіз  ойдын  нəти-
жесінде  "жетекші  идеялар",  бейнелер 
таңдалады, олар түпкі ойдың немесе белгілі 
бір  варианттың  негізін  құрайды.  "Жетекші 
идеялардың"  негізінде  суретші-конструк-
тор  өзінің  үлкенді-кішілі  келесі  іс-əре-
кетінде  алдағы  уақытта  істелетін  ісінің 
жоспарын болжайды. Нəтижесінде көркем-
дік-конструкторлық 
ұсыныста 
көрініс 
тапқан түпкі ойдың іске асуын дизайнердің 
іс-əрекеті  деп  атауға  болады.  Көркемдік-
конструкторлық  ұсыныс  жобалаушының 
келесі  іс-əрекеттеріне  даярлығын  анық-
тайды. 
Қазіргі  жағдайда  оқу-дизайнерлік 
əрекеті  мотивациясын  зерттеу  студенттің 
өзінің  шығармашылық  мүмкіндігін  неғұр-
лым  жоғары  деңгейде  көрсете  алатындай 
шарттарын  қарастыру  қажеттігін  туын-
датады.  Студенттердің  дизайнерлік  іскер-
лігін қалыптастырудың дидактикалық мақ-
саттарын  жүзеге  асыруда  елеулі  нəтижеге 
практика  жүзінде  мынадай  үш  тапсыр-
маның  шешімін  практикада  тапқанда  ғана 
жетуге болады: а) сабақта студенттің мұға-
лімге деген сенімділігін арттыру үшін пси-
хологиялық  жағдай  жасау;  ə)  студенттің 
алдына  қойған  мақсатына  жетуіне  та-
нымдық əлуметін белсендендіру; б) кəсіби-
дизайнерлік  іс-əрекетке  моделдер  арқылы 
оқыту. 
Болашақ  технология  мұғалімі  тұлға-
сының  белсенді  кəсіби  ұстанымын  дамы-
тудың  шарты  болып  ең  алдымен  топтас-
тырылған  өзара  əрекеттестіктің  кəсіби  да-
мытудағы жəне оқытудағы əсерін жетілдіру 
саналады.  Оқу  тобы  талапқа  сай  ұйым-
дастырылған 
əлеуметгік-психологиялық 
құрылым  болуы  керек.  Өйткені  онда 
болашақ  мұғалімнің  кəсіби  түлғалық 
танымы калыптасады. 
Студенттерді 
көркемдік-конструк-
торлық  іс-əрекетке  даярлау  технологиясы 
"талдау +  жобалау + талдау +  бағалау + 
ұдайы  өндіріс"  принципі  бойынша  жүзеге 
асады.  Ол  "Арнайы  сурет",  "Көркемдеп 
құрастыру  жəне  жобалау  негіздері", 
"Сəндік-қолданбалы шығармашылық" сияқ-
ты арнайы курс көлемінде оқытудың проб-
лемалық-жобалық жəне эвристикалық əдіс-
терінің  бірлігі  негізінде  жүргізіледі.  Көр-
кемдеп  құрастыруға  оқыту  кəсіптік-дизай-
нерлік  іс-əрекеттің  ұйымдастырылған  фор-
малары,  құралдары  мен  əдістеріне  психо-
логиялык-педагогикалық 
талдау 
беру 
негізінде ұйымдастырылады. 
Көркемдік-конструкторлық іскерлікті 
анықтау мен жіктемелеуде біз О.А. Абду-
ллинаның,  В.А.  Сластениннін,  Н.А.  Томин 
мен  Н.Ф.  Белокурдың,  Н.М.  Яковлеваның 
зерттеулерін  негізге  алдық.  Көркемдік-
конструкторлық іскерлік пен зерттеу іскер-
лігінде  де  (инженерліктен  баска),  практи-
калық  іс-əрекеттерде  кездесетін  кейбір 
өзгерістерді ескермегенде, ортақ мəселелер 
көп  кездеседі.  Біз  болашақ  технология 

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
127 
мұғалімінің 
көркемдік-конструкгорлық, 
техникалық  іс-əрекет  түрлері  бойынша 
көркемдік-конструкторлық  іскерлігінін  ал-
ты  топқа  бөлінген  жіктемесін  ұсынамыз 
(Кесте-1). 
 
Кесте 1. Көркемдік-конструкторлық іскерліктердің негізгі топтарының жіктемесі 
Жіктеме негізі 
Іскерліктер 
Ерек-шеліктері 
1.  Техникалық  əрекет-
тердің 
жеке 
түрлері 
бойынша 
Жалпы еңбек іскерліктері, қолөнер жəне 
механикалык материалдарды іздеу іскер-
лікгері, бұйымдарды сəндеу іскерлігі 
Іс-əрекет 
объектісі-
нің ерекшелігі 
2. 
Оқу-шығармашылық 
процесін  кезең  бойынша 
ұйымдастыру  жəне  бас-
қару 
Оқу  жəне  өзіндік  əрекеттерде  шығар-
машылық еңбектің нəтижесін диагности-
калау, жоспарлау жəне болжау 
Іс-əрекет  циклдерінің 
өзара байланысы 
3.  Бейнелеу-графикалық 
іс-əрекет  кезендері  бой-
ынша 
Бейнелеу-графиқалық  іскерліктер,  эски-
зді-ізденісті,  жобалау-графикалык  іс-
əрекетті жүзеге асыру 
Əр  жаттығу  түрле-
рінін  мазмұндық  ер-
екшеліктері 
4.  Дизайнерлік  əрекеттің 
жеке түрлері бойынша 
Эврнстикалық  сипаттағы  проблемалық 
жобада тапсырмалар қою, оларды орын-
дау  іскерліктері.  Жобалық  талдау,  конс-
трукциялық-бейнелі  ойлау,  композиция-
лық-үйлестіру  іскерлігтері,  макеттеу 
жөне жобалык ойды жүзеге асыру 
Іс-əрекет  түрлерінің 
мазмұндық  ерекше-
ліктері 
5.  Əдістемелік  шаралар-
ды  ұқымдастыру  бойын-
ша 
Оқушылардың 
көркемдік-конструк-
торлық  іскерлігін  қалыптастьіру  бойын-
ша  сыныптан  тыс  оқу  жəне  тəрбне 
жұмыстарын ұйьшдастыру іскерліктері 
Көркемдік-эстетика-
лық  іс-шаралар  түр-
лерінің ерекшелігтері 
6.  Маркетинг  əректінің 
жеке түрлері бойынша 
Нарық  жəне  тұтынушылар  сұранысын 
зерттеу  іскерлігі.  Дизайнерлік  жоба 
жүйесін нарық талаптарына сай жасау 
Нарық 
қатынасын-
дағы  іс-əрекет  ерек-
шеліктері 
 
- көркемдік-конструкторлық іскерлік-
терді  меңгерудегі  міндеттердің  кəсіби  мə-
нін түсіну; 
-  нақты  көркемдік-конструкторлық 
іскерліктерді  меңгеруге  дəлелдеме-себеп-
тер жəне мақсат қою; 
- көркемдік-конструкторлық іскерлік-
тер  негізінде  көрініс  алған  білімді  қалып-
тастыру жəне көкейкестілендіру; 
- əрекеттер мен операциялардың нақ-
ты  бірлігі ретінде  əр  іскерліктің  мазмұнын 
ашу;  көркемдік-конструкторлық  іскерлік-
терді  меңгеруде  теориялық  жəне  прак-
тикалык  іс-əрекеттерді  ұйымдастыру  фор-
маларын айқындау; 
-  көркемдік-конструкторлық  іскер-
лікгердің  қалыптасу  деңгейін  қадағалау, 
шығармашылық  əрекеттер  нəтижесін  баға-
лау. 
Сонымен  қорытындылай  келе  бола-
шақ  бастауыш  сынып  мұғалімінің  көркем-
дік-конструкторлық 
іс-əрекетке 
кəсіби 
даярлану  мəселесі  өте  күрделі  үрдіс  екен-
дігі  ескеріліп,  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  технологиялық  құзырет-
тілігінің  жоғары  оқу  орны  кезеңінде 
жетілуін  зерттеуге  қызығушылық  артып 
отыр.  Бұған  дəлел  -  В.  Адольф,  Ю.В. 
Койнова,  Н.Е.  Костылева,  С.В.  Мельшина, 
Л.А.  Петровская  жəне  тағы  басқаларының 
жарияланымдары  мен  диссертациялық  жұ-
мыстары. 
Бұл 
еңбектердің 
негізгі 
міндеттері болашақ бастауыш сынып мұға-
лімдерінің  кəсіби  құзыреттілігі  жетілуінің 
əр түрлі əлеуметтік-психологиялық, дидак-
тикалық, маркетингтік мəселелерін шешуге 
бағдарланған. Бірқатар ғалымдар бұл мəсе-
лелерді  жоғары  технологиялық  білім 
берудің неғұрлым іргелі міндеттерін  шешу 
аясында зерттейді. 
 
ƏДЕБИЕТТЕР  
1. 
Еңбекті  оқьпу  əдістемесінен  іс-
тəжірибелік  жүмыстары.  Оқу  құралы.  –

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
128 
Алматы, Қаз. мемл. кыз. ПИ, 1997. - 30 б. 
2.  Кенжебеков  Б.  Маманның  кəсіби  құзы-
реттілігінің 
теориялық 
негізі. 
// 
Бастауыш мектеп. - 2004. - №7. - 3-7 б. 
3.  Мектеп  оқушыларын  еңбекке  баулуда 
дəстүрлік  ерекшеліктердің  қалыптас-
тыруы  //  Ғылыми  жəне  əдістемелік 
еңбектер  жинағы.  -  Алматы,  ҚазМемл-
ҚызПИ, 2001. - Б. 137-139. 
4.  Болашақ  еңбек  пəнінің  мұғалімдерінің 
кəсіби даярлығы // I Халықаралық ғылы-
ми-практикалық  конференциясы  мате-
риалдары.  -  Алматы,  "Сымбат"  сəн  биз-
несі академиясы, 2000. - Б. 244-247. 
5.  Варданян  В.А.  Теория  и  практика  раз-
вития творческого потенциала личности: 
на  материале  изобразительной  Дея-
тельности  учащихся  художественно-гу-
манитарной гимназии. - Саранск, 1997.  
6.  Жантлеуова  Ш.К.  Профессиональная 
компетентность  будущего  учителя  в 
условиях 
педагогической 
практики 
//ВЕСТНИК  КазНУ,  серия  «Педагоги-
ческие науки». - 2000, № 12. - 25-29 с. 
7.  Демин  В.А.  Профессиональная  ком-
петентность  специалиста:  понятие  и 
виды  //Мониторинг  образовательного 
процесса. - 2000, №4. - 35-42 с.  
 
 
 
УДК 378:001.891 
ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ПРОЦЕСІНДЕГІ 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
Нигметжанова Г.К. 
 
Қазіргі жағдайда ғылымның, техника 
мен экономиканың дамуы кез келген елдің 
қоғамының тұрақты өсуін қамтамасыз ету-
дегі негізгі факторларының бірі-білім беру-
дің тиімді жүйесі болып табылады. Барлық 
қызмет  саласындағы  қарқынды  өзгерістер 
күрделі  процестерді  іске  асыруга  қабілетті 
инновациялық  түрде  ойлайтын,  білікті 
жəне  құзыретті  мамандарды  даярлауда 
жаңа продуктивті тəсілдерді талап етеді. 
Осыған  байланысты  қазіргі  кездегі 
білім берудің міндеті күтпеген жағдайларда 
тез, əрі білімді шешім қабылдайтын, өз ісін 
жетік білетін жəне əр істе белсенді шығар-
машылық  жасауға  қабілетті,  кəсіби  білігі 
жоғары мамандарды даярлау болып отыр. 
Қазіргі  кезде  біздің  елімізде  жалпы 
білім  беретін  мекемелерде  оқытудың  сапа-
сын  көтеруге  зор  көңіл  бөлінуде.  Осыған 
орай  білім  берудің  даму  бағыты  мен  тен-
денцияларын  қамтитын  көптеген  педаго-
гикалық  технология  қолданылып  жүрген-
дігі мəлім.  
Соның  бірі  –  оқытудың  модульдік 
технологиясы. Технологияның түп нұсқасы 
модульдік  сипатта  (модуль  дегеніміз  –қан-
дай да бір жүйелік, ұйымның анықталатын, 
біршама дербес бөлігі).  
Модульдік  технология  –  дегеніміз 
оқулықтағы  əр  компоненті  (мəтіндер,  сұ-
рақтар,  жаттығулар)  бір  жүйенің  бөлшек-
тері  ретінде  қарастырылады  жəне  оқулық 
қызметтерін жүзеге асыруға тиіс. 
Модульдік  оқыту  технологиясы  өз-
дігінен  білім  жетілдіруді  жүзеге  асыратын 
жəне  де  тек  жұмыс  қарқынын  реттейтін 
ғана  емес,  сонымен  қатар  оқу  материал-
дарының мазмұнын да реттейтін жекелей - 
саралап оқытудың бір бағыты болып табы-
лады. Модульдiк технология студент өз бе-
тімен  толық  жəне  ішінара  мақсатты  дара-
ланған  бағдарлама  бойынша  оқып  үйре-
нетін білім беру процесін түрлендіреді. 
Бұл технологияның басты ерекшелігі 
оқытудың  негізі  -  оқу  модулі.  Студент-
тердің  өздік  əрекет  жасауының  дамуына, 
оқу материалын, жеке тұлға қабілетін еске-
ре  отырып  меңгеруге  байланысты  жұмыс 
жасау  іскерлігін  дамытуға  жəрдемдесу. 
Оқытушы  мен  студенттің  əрекет  жүйесі 
модульдік бағдарламаны құрастырғанда бі-
різді  əрекет  жасауында болады.  Мазмұнды 
саралау  жəне  студентке  көмегін  мөлшер-
леу, сонымен қатар оқу іс-əрекетін əр түрлі 
формаларда  ұйымдастыру  арқылы  жүзеге 
асады. 
Сонымен  модульдік  технология  тө-
мендегі 5 қадамға байланысты ұйымдасты-
рылады:  
1)  Модульдің  интеграциялау  мақса-

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
129 
тын анықтау; 
2)  Оқу  сабағының  типінің  логика-
сына байланысты оқу элементіне бөлу; 
3)  Əр  оқу  элементінің  мақсатын  қа-
лыптастыру; 
4)  Əр  оқу  элементінің  мазмұнын 
анықтау; 
5) Студентке арналған нұсқаулар мен 
кеңестерді құрастыру. 
Оқу  элементінің  формасының  ең 
оңай түрі былай құрастырылуы мүмкін: 
  
Оқу  элементтерінің 
нөмірі 
Тапсырмалардың  көрсетуімен 
жасалған оқу материалы 
Оқытушының 
нұсқаулары 
(кеңестер) 
 
 
 
 
Оқу  модулін  құрастыру  тапсырма-
лардың  студенттер  мен  оқытушының  іс-
əрекетінің  алдына  қойған  талаптар  жүйе-
сіне  сай  болуы  тиіс.  Тапсырмалар:  пəні-
шілік, пəнаралық байланыстарға сай болуы 
тиісті.  Мазмұнына  байланысты  жəне  та-
нымдық,  өздік  əрекет  сатысына  байла-
нысты саралануы тиіс. Проблемаларды жə-
не оларды шешуді іздеуге бағытталуы тиіс. 
Білімді  меңгеру  механизміне  сай  болуы 
тиіс.  Модульдің  мақсаттарымен  интегра-
циялануы  тиіс.  Студенттердің  іс-əрекеті, 
оны  жақындағы  даму  аймағында  өту  тиіс. 
Өзін-өзі  басқаруға  бағытталуы  тиіс.  Тілде-
су,  қарым-қатынас  жасау  дағдыларын  қа-
лыптастыруға  тиіс.  Əр  сабақта  студенттің 
рефлексивті  қабілетін  іс-жүзіне  асыруға 
тиісті : 
Оқытушының  ең  маңызды  міндеті  – 
модульдік  бағдарламалар  мен  модуль-
дердің өзін құрастыру. Ал сабақ барысында 
ол  мотивтейді,  ұйымдастырады,  бақылай-
ды, яғни модульдік оқытудың потенциалын 
қолдана  отырып,  оқытуға  рефлексивті  бас-
шылық  жасалады.  Бірақта  модульдік 
оқытудың мынадай шегі бар: 
1)  Студенттердің  оқу  əрекетін  өздік 
орындауға дайын болу сатысы; 
2) Білім беру мекемелерінің материа-
лының мүмкіншіліктері; 
3)  Модульге  іс-əркет  мазмұнының 
өте  үлкен  көлемі  енгізіледі.  Ол  уақыт 
дефицитін туғызады. Сондықтан ғалымдар-
дың  айтуы  бойынша  білім  беру  процесіне 
модульдік  технологияны  біртіндеп  енгізу 
керек [1, 2, 3]. 
Қазіргі  таңдағы  педагогикалық  тех-
нологияларды сипаттауда, яғни оқыту про-
цесін  жобалау  жəне  ұйымдастыруда  А.С. 
Границскаяның  ұсынған  оқытудың  адап-
тивті  жүйе  технологиясын  қолданамыз. 
Ұйымдастырылған оқыту концепциясының 
негізінде  оқытуды  ұйымдастырудың  жаңа 
моделі  жатыр.  Сабақтың  ұйымдастыру  құ-
рылымы  студенттердің  өздік  жұмыста-
рының  уақытының  көбеюіне  мүмкіндік 
береді.  
 
 
 
 
Сабақтың  бір  бөлігінде  ғана  оқы-
тушы студенттерге білім береді, қалған уа-
қытта студенттер өз бетімен жұмыс жасай-
ды.  Студенттер  өз  бетімен  жұмыс  жасап 
жатқанда,  оқытушы  кейбір  студенттермен 
жеке жұмыс жасайды. 
Оқытушы  жаңаны  түсіндіреді,  сту-
денттерге  өздік  жұмысқа  тапсырмалар  бе-
реді,  сосын  өзі  бір  студентпен  тақтада 
жұмыс  жасайды.  Əр  сабақта  оқытушы  бір 
нəрсеге  үйрете  отырып  (жаңаны  түсін-
діреді, көрсетеді, жаттықтырады), жеке жұ-
мыс  жасайды  (өздік  жұмысты  бақылайды, 
студенттерді өздік жұмыстан кезекпе-кезек 
босатып,  жеке  жұмыс  жасайды).  Студент-
тер  бұл  уақытта  үш  режимде  жұмыс 
жасайды: оқытушымен біріге, оқытушымен 
дара,  оқытушы  бақылауымен  өз  бетімен. 
Студенттердің  өздік  жұмысы  үйде  жалға-
сады. 

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
130 
ОАЖ-ның  шартында  оқыту  –  тек 
қана жаңа информациямен қамтамасыз  ету 
ғана емес, сонымен қатар өз бетімен жұмыс 
істеуге,  өздік  бақылауға,  өзара  бақылауға, 
білімді таба білуге, қорытындылар жасауға 
үйретеді.  Өз  бетімен  жұмыс  жасай  білу  – 
бұл  студент  жоғары  оқу  орында  неге 
үйрену керектігі. 
Оқыту  үш  этапта  жүреді.  Бірінші 
этапта  оқытушы  жаңа  материалды  түсін-
діре  отырып,  студенттермен  бірге  талқы-
ланған схема құрады. 
Екінші  этапта  оқытушы  студент-
термен бірге жұмыс жасайды, Сосын түсін-
діре отырып, студенттердің өздеріне схема-
ны аяқтауды ұсынады. 
Үшінші  этапта,  бірігіп  жұмыс  істеу 
мүлдем болмайды. Ауызша жауап бергенде 
осы схеманы студенттер шпаргалка ретінде 
пайдалана алады. 
Сонымен  қазіргі  таңда  педагоги-
калық  технологиялардың  аса  маңызды 
орын  алып  келетін  қашықтық  оқыту 
технологиясының  өзіндік  ерекшелігіне  де 
тоқталып өтелік. 
Қашықтық  оқыту  технологиясы  –  ол 
оқу мекемелеріне бармай білімді электрон-
ды почта, теледидар жəне интернет сияқты 
телекоммуникация жүйелері арқылы алу. 
Қашықтық  оқыту  технологиясының 
негізгі  ерекшелігі:  барлық  оқу  материал-
дарын  электронды  жүйе  немесе  жазбаша 
түрде  алғаннан  кейін,  студент  өз  жұмыс 
орнында немесе арнайы компьютерлі каби-
неттерде меңгереді. Қашықтық оқытуда ке-
ңес  берулер  мен  студенттердің  жұмыста-
рына  басшылық  жасау  мен  оларға  пəнді 
өздік оқып меңгеруіне көмектесу оқытудың 
бір түрі ретінде болады. 
Қашықтық  оқыту  технологиясының 
мүмкіншілігі  болашақта  лабораториялық 
практикумдарды  өткізу  мəселесін  мульти-
медиа-технологияларды, 
ГИС-техноло-
гияларды,  имитациялық  модельдеуді  т.с.с 
қолдану арқылы неғұрлым жеңілдетеді. 
Бүгінгі  техниканы  қолдану  студент-
тердің оқу материалдарын теориялық жəне 
практикалық  меңгеру  қорытындысын  тек-
серуде  де  мүмкіншілік  береді.  Бұл  педаго-
гикалық  технологияның  тиімділігі  қашық-
тық  оқыту  технологиясы  студенттің  инди-
видуалды  қабілетін,  қасиетін,  темпера-
ментін  ескеруге  жəне  студент  оқу  курс-
тарын əр түрлі дəйектілікте, тезірек немесе 
баяуырақ  оқуына  мүмкіншілік  береді. 
Бұның  өзі  қашықтық  оқыту  технология-
сының артықшылығын керсетеді. 
Өздік  жұмысқа  оқытудың  арнайы 
бағдарламасы төмендегілерді қамту керек: 
-  үйренушілердің  мектепте,  жоғары 
оқу  орнында  алған  білімдер  жиынтығын 
тереңдетуде,  кеңейтуде  өз  танымдық  қа-
жеттіліктерін диагностикалауы; 
-  өздерінің  интеллектуалдық,  тұлға-
лық жəне физикалық мүмкіндіктерін анық-
тау,  соның  ішінде  оқу  орнында  оқуынан 
тыс уақытын объективті бағалау; 
-  өздік  жұмыстың  мақсатын  анықтау 
-  жақын  немесе  алыс  мақсатын,  яғни,  ол 
танымдық  қажеттілікті  қанағаттандыру 
үшін  немесе  мысалы,  оқуды  жалғастыру 
үшін керек деген сұраққа жауап; 
- үйренушінің зерттеу объектін неме-
се осы таңдаудың өзі үшін дəйектемесін өз 
бетімен  еркін  таңдауы  (осындай  таңдау 
негізінде,  мысалы  шет  тілін  оқуда,  Англия 
тарихын, Германияның поэзиясын, музыка-
сын,  Францияның  өнерін  жəне  т.б.  таңдау 
болуы мүмкін); 
-  нақты  жоспарды,  өздік  жұмыстың 
қысқа  жəне  ұзақ  мерзімді  бағдарламасын 
жетілдіру.  Егер,  сабақ  кезіндегі  ұстазбен 
жұмыс  осындай  бағдарлама  құруға  үлгі 
болса, өте тамаша болар еді; 
-  өзін-өзі  бақылау  формасы  мен  уа-
қытын  анықтау.  Бақылау  формасы  ретінде 
студент  біреуге  керек  (сызба,  жоба,  аудар-
ма,  реферат  жəне  т.б.),  яғни,  жұмыс  нəти-
жесі өзі үшін, өзгелер үшін тұлғалық мəнді 
жұмысты таңдап алғаны өте орынды болар 
еді [2, 4, 5, 6]. 
Жаңа  технологиямен  жұмыс  жасау 
үшін  төмендегідей  алғы  шарттар  қажет: 
оқу  процесін  интенсивтендіруді  жаппай 
қолға  алу;  студенттердің  сабақтастылығын 
болдырмау  шараларын  кешенді  жəне 
жүйелі  түрде  қарастыру,  оның  ғылыми-
əдістемелік,  оқыту-əдістемелік,  ұйымдас-
тырушылық  себептеріне  үнемі  талдау  жа-
сап,  назарда  ұстау,  пəндік  білім  стандар-
тымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру 
технологиясын  игеру  арқылы  студенттерге 
білімді  мемлекеттік  стандарт  деңгейінде 
игертуге  қол  жеткізу,  оқыту  процесін 
ізгілендіру  жəне  оны  үнемі  басшылыққа 
алу.  Жаңа  технологиялардың  педагоги-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет