Научный журнал


ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ



Pdf көрінісі
бет12/37
Дата12.03.2017
өлшемі2,58 Mb.
#8988
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37

ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
78 
1-кесте – 3000 м, 5000 м, 10000 м қашықтықтарға жүгіруден Әлем(Ә), Азия(А), Қазақстан 
(Қ) рекордтары (ерлер арасында) 
3000 м 
Ә 
7.20.67 
Даниэль Комен 
Кения  
А 
7.30.76 
Джамал Билал Салем 
Катар  
Қ 
7.48.35 
Сергей Наволокин 
Жамбыл обл. 
5000 м 
Ә 
12.37.35 
Кенениса Бекеле 
Эфиопия  
А 
12.51.98 
Саиф Саед Шахен 
Катар  
Қ 
13.35.64 
Сергей Наволокин 
Жамбыл обл. 
10000 м 
Ә 
26.17.53 
Кенениса Бекеле 
Эфиопия  
А 
26.38.76 
Абдуллах Ахмад Хасан 
Катар  
Қ 
27.58.9 
Анатолий Бадранков 
Алматы  
3000 м кедергілі жүгіру 
Ә 
7.53.17. 
Брахим Боуллами  
Марокко 
А 
7.53.63 
Саиф Саед Шахен 
Катар  
Қ 
8.33.71 
Игорь Зимин  
Қарағанды  
 
Көрші  ел  Ресейде  ұзақ  қашықтыққа 
жүгірудің  жалпы  жағдайы  біздің  елмен 
мүлдем  ұқсамайды.  Бұған  бір  ғана  мысал, 
2008  -  Пекин  олимпиадасында  әйелдер 
арасындағы 3000 м қашықтыққа кедергімен 
жүгіруде жартылай финалға 3 бірдей Ресей 
қыздары,  Самитова  Гүлнар,  Волкова 
Екатерина  және  Петрова  Татьяна  Шықты. 
Нәтижесінде  Самитова  Г.Г  -  8.58.81  уақыт 
көрсеткішімен  бұрынғы  9.01.59  нәтижесін 
жаңартып,  әлем  рекордты  орнатты,  Вол-
кова  Екатерина  -  9.07.41  уақыт  көрсет-
кішімен  қола  медалға  қол  жеткізсе,  Пет-
рова Татьяна - 9.12.33 уақыт көрсеткішімен 
төртінші орынға жайғасты. Міне осыдан-ақ 
Ресейдегі  ұзақ  қашықтыққа  жүгірудің  қан-
шалықты деңгейде екенін біліп алу қиынға 
соқпайды. 
Ресейдегі  ұзақ  қашықтыққа  жүгіру-
шілерді  дайындауда  өте  көптеген  жұ-
мыстар  атқарылады.  Солардың  ішіндегі  ең 
бастысы – ол жердегі түрлі деңгейдегі дәс-
түрлі  жарыстар  үнемі  өтіп  тұрады.  Әрине, 
жарыстардың көп ұйымдастырылуы жасөс-
пірімдерден  бастап  ересек  жастағы  адам-
дарға  дейінгі  әуесқой  спортшылардың 
түрлі  үйірмелерге  қатысып,  команда  құ-
рып, тіпті өз беттерімен де жаттығуларына 
(машықтану)  мүмкіндік  береді,  белсен-
діліктерін арттырады. 
Халықаралық  және  Қазақстан  Рес-
публикасы  жеңіл  атлетикалық  федерация-
ларының  бекіткен  жарыс  күнтізбелік  жос-
парларына  (Федерация  легкой  атлетика 
Республика  Қазақстан.  Информационный 
бюллетень  1)  сүйенсек,  2009  жылға  жос-
парланған түрлі деңгейдегі 56 Әлемдік жа-
рыстардың  11  түрі  Ресей  жерінде  өтеді, 
яғни, Ресей бүкіл жарыстың 20 пайызын өз 
жерінде өткізе алады. Бұл жарыстарға бел-
сене қатысу, өз еліндегі аталмыш спорт тү-
рінің  қаншалықты  деңгейде  дамығаны  әй-
гілеу  жергілікті  жердегі  тұрғындардың, 
жастар  мен  жасөспірімдердің  арманы,  әрі 
олардың  осы  спортқа  деген  терең  сүйіс-
пеншіліктерін  білдіреді.  Мұның  өзі,  өз  ке-
зегінде  ұзақ  қашықтыққа  жүгіру  спор-
тының  дауымын  ілгерілетеді.  Ал,  Қазақ-
стан  жерінде  осы  бәсекелердің  тек  үшеуі 
ғана өтеді. Бұл үлес салмағы жағынан 0.05 
пайызды  ғана  ұстайды.  Әрине,  бұл  өте 
үлкен  айырмашылық.  Осыған  негізделіп, 
қазақ  жеріндегі  ұзақ  қашықтыққа  жүгіру 
спортының  даму  деңгейі  өте  төмен  екенін 
аңғара  аламыз.  Әлемдік  жарыстардың  көп 
бөлігінің Ресей елінде өтуі ол елдің әлемдік 
желаяқтар  тартысында  елеулі  маңызға  ие 
екенінде  білдіріп  тұрғандай.  Дегенмен, 
бұрынғы  Кеңес  кезімен  салыстырғанда  ол 
елдің  де,  орта  және  ұзақ  қашықтыққа 
жүгіру  спортының  дамуы  сәл  баяу,  Кеңес 
кезіндегі  сияқты  орта  және  ұзақ  қашық-

ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
79 
тыққа жүгіруші желаяқтардың да саны бір-
тіндеп  азайған.  Бұлай  болудың  негізгі  се-
бептерін  осы  елдегі  аталмыш  спорттың 
жанкүйерлері:  халықтың  әлеуметтік  жағ-
дайы,  спортты  қаржыландырудың  азаюы 
т.б. болуы мүмкін деп түсіндіреді. 
Ресей  жеріндегі  ұзақ  қашықтыққа 
жүгірушілерді  дайындаудағы  тағы  бір 
артықшылығы  –  ұзақ  қашықтыққа  жүгі-
рудің теориялық, әдістемелік негізін қалай-
тын  әдеби  көздері  мен  алдыңғы  буын  ұзақ 
қашықтыққа  жүгірушілердің  озық  тәжі-
рибелер  жинақтарының  көптігі.  Мысалы, 
В.  Куц,  П.  Болатников  т.б.  жүйріктердің 
жазып  қалдырған  кітаптары,  озық  тә-
жірибелері, естеліктері өте көп. Міне осын-
дай  тамаша  әдістемелік  құралдарының  ар-
қасында олар мектептерде, балалар - жасө-
спірімдер  спорт  мектептерінде,  спортшы-
ларды  дайындау  орталықтарында  ұзақ  қа-
шықтыққа  жүгіру  оқу  -  жаттықтыру  са-
бақтарын  озық  тәжірибелерге  сүйене  оты-
рып, жүйелі әрі ғылыми түрде өткізе алады. 
Ал,  қазақ  жерінде  ұзақ  қашықтыққа  жүгі-
рушілерді  дайындауда  пайдалануға  бо-
латын  қазақ  тіліндегі  әдебиеттер  жоқтың 
қасы, тіпті мүлдем жоқ деп айтуға болады. 
Қала, облыс орталықтарында орыс тіліндегі 
Ресей  әдебиеттерін  оқып  пайдалануға  бо-
лады. Ал, аулды жерлерде бұл мүлде мүм-
кін  емес. Сондықтан да, қазақтың болашақ 
желаяқтары  ауылдағы  мектептегі  әр  сы-
ныпқа арналған дене тәрбиесі оқулықтарын 
оқыи  алса  оқыи  алды,  оқыи  алмаса,  олда 
жоқ болып отыр. 
Міне  осындай  ұзақ  қашықтыққа  жү-
гіру туралы түсінікті тереңдетіп, теориялық 
білімімізді  молайтатын  әдеби  көздеріміз 
болмаса, өз тәжірибемізбен салыстыра оты-
рып  қарайтын  озық  тәжірибелер  болмаса 
мұның  өзі  еліміздегі  ұзақ  қашықтыққа  жү-
гіру  спортын  дамыту  мен  жүгіруші  стай-
ерлерді  дайындауға  үлкен  кедергі  бола-
тыны даусыз. 
Қазіргі  кезде  ұзақ  қашықтыққа  жү-
гіру  спортының  қоғамымыздағы  таралуы, 
соның  ішінде  өз  ұлтымыздың  жастарының 
арасындағы  орыны  өте  төмен.  Ұзақ  қа-
шықтыққа  жүгіруді  ауызға  алынса  болды, 
әдетте  спортпен  айналысатын  жастарымыз 
болмаса,  қалғандарының  қабағы  түйіліп, 
сүлгіні  түсіп,  салындысы  суға  кетіп, 
жүгіруге  дайындалғанның  орынына,  шама 
бар жүгірмеуге тырысып, алуан түрлі адам 
ойына  келмейтін,  сылтаулар  мен  себеп-
терді  айтып,  жүгіруден  ат  тонын  ала  қа-
шады.  Бұл  бір-екі  рет  қана  емес,  мәңгілік 
солай  жалғаса  береді.  Ал  кейбіреулері 
«шыда  жаным  шыдалап»  жүгіреді,  не 
жүгірудің дұрыс техника - тактикасын біл-
мейді  де,  қара  сорпасы  шығып,  қиналады 
да,  кейіннен  жүгіріс  туралы  естісе  болды 
жүрегі  айнып,  өз  қатесін  білмей  бар-
лығында жүгірудің кесапаты деп есептейді, 
келесі жерде жүгірместей болады. Міне біз-
дің жастарымыздың жүгіріске, соның ішін-
де ұзақ қашықтыққа жүгіруге деген ынтасы 
осылай,  сонда  спорттың  бұл  түрінің  бо-
лашағы не болмақ? 
Дәл осындай көптеген кедергілер мен 
мәселелерді  ескере  отырып,  оларды  жеңу 
жолары мен ұзақ қашықтыққа жүгіруді да-
мытудың  тиімді  жолдарын  табу  бүгінгі 
күндегі аталмыш спорттың болашағына қа-
тысты маңызды қиындық болып отыр. 
Ұзаққа  жүгіруші  жеңіл  атлетті  дай-
ындау – бұл үлкен маңызға ие әрі асқан жа-
уапкершілікке  толы  жаттықтыру  -  тәр-
биелеу  үрдісі.  Бапкерлер  мен  ұстаздар  өзі-
нің жүйрігін баптап, еш мінсіз етіп тәрбие-
леуі – отанымыздағы ұзақ қашықтыққа жү-
гірудің  болашағына  өшпес  үлес  қосқаны 
болып  саналатындығын  түсінуі,  сезінуі,  өз 
міндетін  риясыз  адалдықпен  атқаруы  ке-
рек.  Ал,  ұзаққа  жүгірумен  айналысатын 
спортшыларда  өзін  спорттық  және  тұл-
ғалық  жақтарынан  дамытумен  қатар  өзінің 
бұрынғы  өткендердің  ізбасары,  кейінгі 
жастардың  үлгі-өнегесі  екенін  сезіне  оты-
рып, Қазақстан жерінде аталмыш спорт тү-
рінің  дамуына  бір  кісідей  үлесін  қосуға 
күш саулауы керек. Бапкер мен бапталушы 
жүйрік  міне  осындай  жауапкершіліктері 
мен  міндеттерін  анық  түсіне  алғанда  ғана 
олар спорттан жоғары деңгейге жете алады. 
Сондықтанда,  ұзақ  қашықтыққа  жү-
гіруші  жеңіл  атлеттің  спортта  жоғары  кө-
терілуі  мен  еліміздегі  ұзаққа  жүгірудің  да-
муы  тек  спортшының,  бапкердің,  немесе 
жергілікті  органдардың  ғана  ісі  емес,  оған 
барлық  қоғам  мүшелері  болып  ат  са-
лысқанда ғана, өзара бірлікте күш салғанда 
ғана  аталмыш  спорттың  болашағы  нұрлы 
бола  алады.  Әрине,  біздің  кең  жазиралы 
қазақ  сахарасында  көптеген  жүйріктер 
дайындауда,  олар  әлі  талай  бәсекелерде 

ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
80 
отанымыздың  абройын  көкке  көтере  ала-
тындықтарына сенімдіміз. 
Көптеген зерттеулер мен бақылаулар 
және  жүргізілген  сауалнама  қорытындысы 
негізінде ұзақ қашықтыққа жүгіруді Қазақ-
станда  қалай  дамыту  керек?  –  мәселесіне 
мынандай ұсыныстар жасамақпын: 
1. Ең әуелі ұзақ қашықтыққа жүгіруді 
мектеп  қабырғасынан  бастап,  жас  жеткін-
шектерімізге  ұғындырып,  олардың  жү-
гіруге  ынтасын  ерте  ояту  керек.  Мектеп 
ішінде «желаяқтар күні», «кім жүйрік?»,т.б. 
жүгіру  жарыстарын  өткізіп,  оқушылардың 
ұзаққа  жүгіруге  дайындықтарын  жан-жақ-
тылық жетілдіру керек. 
2.  Жоғары  оқу  орындарында,  арнайы 
оқу  орындарында,  студенттердің  арасында 
«жүгіруді ұнатушылар», «желаяқтар» клуб-
тарын  ұйымдастыру,  жатақханаларда  да 
осы клубтарды міндетті түрде құру керек. 
3.  Жергілікті  жерлерде  көпшілік 
сауықтыру  шараларын  үнемі  ұйымдас-
тырып  тұру,  спорт  мейрамдарына,  халық-
аралық  ресми  мерекелерге,  спорт  ардагер-
лерін  еске  алуға  байланысты  түрлі  қашық-
тықтарға  жүгіру  жарыстарын  жыл  сайын 
тұрақты  өткізіп  отыру  керек.  Сонда  ғана 
барлық  адамдардың  қызығушылығы  ар-
тады, өз беттерімен жаттығу алып барады. 
4.  Әрбір  мемлекеттік  мекеме,  түрлі 
оқу  орындары  қызметкерлерінің  арасында 
жыл сайын байқау ұйымдастырып, қызмет-
керлердің  арасында  жүгірудің  кең  тара-
луына мүмкіндік жасау. 
5.  Ауылды  жерлердегі  жас  жеткін-
шектерге  жыл  бойы  іріктеу  мен  бағыттау 
жұмыстарын  ғылыми  түрде  жүргізу, 
жүгіруге бейімі бар балаларды облыс орта-
лықтарындағы,  Астана,  Алматыдағы  жо-
ғары  дәрежелі  спорт  мектептеріне  жіберіп, 
болашақ  чемпиондарды  дайындау,  ұлты-
мыздың  келешек  желаяқтарының  ауылда 
жанбай  жатып,  сөніп  кетуіне  жол  бермей, 
қазіргі  жағдайды  ғана  ойламай,  болашақ 
саңлақтарымызды дайындауды да ойлау ке-
рек. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Уанбаев Е.Қ. Дене тәрбиесінің негіздері. 
– Алматы: «Санат», 2000. 
2. Макаров А.Н. Бег на средние и длинные 
дистанции. – М.: ФКиС., 1973. – 240 с. 
3.  Кузенцов  В.С.  Анализ  техники  легкий 
атлетических видов. – М., 1985. 
4. Макаров А.Н. Бег на средние и длинные 
дистанции. – М.: ФКиС., 1966. 
5.  Уанбаев  Е.Қ,  Уанбаева  Ф.Ж.  Дене  тәр-
биесі және спорттың теориясы мен әдіс-
темесі. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006. 
– 270 б. 
6.  Травин  Ю.Г.,  Чернов  С.С.  Легкая  ат-
летика. – М.: ФКиС, 1983. 
7. Макаров А.Н. Бег на средние и длинные 
дистанции. – М.: ФКиС, 1973. – 240 
8.  Шорец  П.Г.  Бег  на  3000  м  с  пре-
пятствиями. – М.: ФКиС, 1967. 
9.  Шорец  П.Г.  Бег  с  препятствиями.  –  М.: 
ФКиС, 1971 
9.  Вакуров  С.А.  Бег  на  средние  и  длинные 
дистанции. – М.: ФКиС, 1971. 
10. Болатников П.Г. Последний круг. – М.: 
«Молодая гвардия», 1975. 
 
 
 
УДК 796.332 
ФУТБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 
Нубараков А.Н. 
 
Педагогикалық  үрдіс  пен  дәрігерлік 
бақылау  дұрыс  ұйымдастырылған  жағдай-
да  футбол  ойнау  жастардың  денсаулығын 
нығайтып,  жұмыс  қабілеттілігін  арттырып 
және спорттық шеберлігін жетілдірудің ма-
ңызды  құралы  болып  табылады.  Ден-
саулықты нығайту мәселесін шешудің әдіс-
темесі  футболмен  жүйелі  түрде  шұғыл-
данатын  жеткіншектер  мен  жасөспірім-
дердің  жас  ерекшеліктері  туралы  ғылыми 
мәліметтерден  бастау  алуы  тиіс.  Бүгінгі 
футбол  үшін  белсенді  қимыл  –  қозғалыс, 
бұлшық  еттердің  қарқынды  жұмысы,  әр 
түрлі  қимыл  әрекеттері,  матч  кезінде  құ-
рылымы  мен  сипаты  мен  күрделілік  дә-
режесіне  қарай    дене  жүктемелерін  тең 
бөлу тән. Осылардың ішіде негізгілері доп-
пен  жасалатын  іс  -  әрекеттер  (допты  қағу, 

ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
81 
алу, доппен жүгіру, лақтыру, қақпаға соғу) 
және  футбол  алаңында  қимылдар  (жүру 
және жүгіру). Сондай-ақ футболшылар қар-
сыластарына  қатысты  күшпен  жасалатын 
тәсілдер мен секірулерді жиі орындайды.  
Футбол  ойыны  сұрапыл  әрі  адамның 
жүрек  қылын  тербететін  дене  тәрбие  ойы-
ны  болғандықтан,  ол  “Дүниедегі  маңдай 
алды  дене  тәрбиесі”,  “Спорттың  патшасы” 
делініп,  бүкіл  дүние  халқының  қастер-
леуіне бөленуде. 
Футбол  ойынында  жарыс  майданы 
кең, жарыс уақыты ұзақ, қатынасатын адам 
көп  әрі  сайысуы  қат-қабат,  допқа  таласуы 
қиян-кескі,  еліктіргіштігі  күшті,  драмалық 
қасиет болады. Жақсы ойналған бір майдан 
футбол жарысының телевизор көрерменде-
рінің өзі 10 миллионға жетеді. Бұл жағынан 
да  әр  қандай  бір  дене  тәрбие  түрімен 
салыстырғанда алда тұратындығы шүбәсіз. 
Футбол  ойыны  адамдарды  дене 
жақтан жан-жақтылық шынықтырып, жыл-
дамдық, күш, төзімділік, икемділік,  ептілік 
жақтарынан  да,  қайсар,  зерек,  қағылез, 
мойымас қасиетпен жұдырықтай жұмылып 
селбесетін коллективизмді рухты жетілдіру 
жағынан да зор маңызға ие. 
Доп үшін күресте ойыншыдан допты 
дәл  беру  нақтылық,  дәлдікті,  техникалық 
дағдыны,  ара  қашықтықты  болжауды,  соқ-
қы  күшін  есептеу,  уақытты  ұтымды  пай-
далану, жылдам ойлауды талап етеді (А.П. 
Лаптев,  А.А.  Сучилин,  1983;  С.Ю.  Тю-
леньков,  1996;  J  Bangsbo,  1994  және  т.б.). 
Жүктеме  мөлшері  бойынша  футболшының 
қимыл-қозғалыс  әрекетінде  ойын  алаңы 
бойынша түрлі қимылдар жасап жүгіру не-
гізгі болып саналады. Жүгіруге жылдамдық 
пен қарқынды қимыл тән. Жүгіру адам де-
несінің түрлі жағдайында басталады, ауыс-
палы  ритм  мен  қарқындылық,  белгілі  бір 
қашықтықта жүгіру, кездейсоқ тоқтау тән.  
Футбол  алаңының  қарсыластар  ай-
мағын  белгіленбеген  кеңістігі  спортшы-
лардың максималдық және субмаксималды 
жылдамдықпен  қысқа  қашықтықта  жү-
гіруін  байқатады  (В.Н.  Селуянов;  С.К. 
Сарсания,  2004;  В.В.  Суворов,  2007  және 
т.б.)  Футболдың  басты  ерекшелігі  ойын 
алаңында үнемі жағдайдың өзгеруі мен со-
ған байланысты футболшының қимыл әре-
кетінің  өзгеруі.  Түрлі  тәртіптегі  ойын  ба-
рысында  сипаты  мен  күштілігі  мен  ұзақ-
тығына  қарай  жаттығулардың  кезектесу 
қатынасы саналады. 
В.С. Фарфельдің (1970) спорт физио-
логиясын  жіктеуіне  сәйкес  футбол  стан-
дартты  емес  немесе  жағдаяттық  жатты-
ғулар тобының қатарына жатады. Футболға 
қимылдық циклдік құрылымы (жүгіру) мен 
сондай-ақ,  ациклді  –  спринтті  жылдамдық 
(соққы,  лақтыру,  допты  қабылдау  мен 
беру)  тән.  Осыған  байланысты  қимылдың 
аралас  формасы  туралы  айтуға  болады. 
Футболдың осы ерекшеліктері – адам ағза-
сының  тиісті  қасиеттерінің  дамуын  талап 
етеді. Адам ағзасы мен жүйесінің түрлі ре-
жимге  үйренуі,  Бұларға  белсенділіктің  жұ-
мыс  деңгейінің  күрт  өзгеруі,  түрлі  фун-
кциялар  қызметінің  қайта  құрылуы,  қал-
пына  келтіру  үрдісінің  жылдамдығы  жа-
тады.  
Футбол  –  спорттық  ойындардың  бір 
түрі.  Ал,  барлық  спорт  ойындары  аралас 
типті  жылдамдық  -  күш  қимылдармен 
сипатталады. 
Ациклдық 
қимыл 
қоз-
ғалыстар ойындарда басым. Көздеу қимыл-
дарының  дәлме-дәл  орындалуының  мұнда 
маңызы  зор.  Бұлшық  ет  жұмыстары  спорт 
ойындарында  динамикалық  сипатта.  Бірақ 
күш  әдістерін  қолданғанда  еттер  қысқа 
мерзімді  статикалық  ширығулар  туғызады. 
Бұл  спорт  ойындарымен  шұғылданушы-
лардың  күш  дайындықтарына  жоғары  та-
лаптар қояды.   
Спорт  ойындарындағы  циклдық  қи-
мылдар  қуаты-ауыспалы.  Ойынның  әрбір 
сәтінде  ол  -  үлкен,  субмаксималды,  мак-
сималдық болуы мүмкін. Ойын барысында 
спортшы  әрекеті  қысқа  мерзімге  үзілуі 
мүмкін  (ойын  ережесінің  бұзылуы,  допты 
жоғалту,  1  мин.  үзіліс  және  т.б.).  Жұмыс 
қуаты  төмендегенде  және  қысқа  мерзімді 
үзілістерде, қайта қалыпқа келу процестері 
күшейеді.  Олар  көрнекті,  жоғары  маман-
дықты жүйке процестері құбылмалы спорт-
шыларда ерекше білінеді.  
Спорттық  ойындар  организмнің  ана-
эробтық  мүмкіндіктеріне  жоғары  талаптар 
қояды.  Егерде  ойын  жоғары  қарақанмен 
жүрсе  организм  анаэробты  жағдайда  жұ-
мыс  істейді,  сонда  ол  ұзақ  жүктемеге  шы-
дай  алмайды.  Осыған  байланысты  ойын 
ережесі  бойынша  ойыншылар  ауыстыры-
лады. Спорттық мұндай түрлерінде жоғары 
нәтижеге  жету  үшін  анаэробтық  мүмкін-

ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
82 
діктермен  қатар,  аэробтық  мүмкіндіктерді 
де жетілдіру көзделеді. 
Футбол  ойыны жылдамдық, күш, еп-
тілік  және  арнайы  төзімділіктің  дамуына 
септігін  тигізеді.  Жаттықтыратын  жүкте-
менің  өте  үлкен  көлемі,  жалпы  төзімділік 
қасиетінің дамуына әкеледі. Спорт ойында-
рымен шұғылданушылардың қимыл дағды-
лары  алуан  түрлі.  Олардың  күрделілігі 
алаңда тез қозғалу, допты айдау, беру және 
т.б.  басқа  ойын  әдістерін  қолданумен  бай-
ланысты.  
Спорт  ойындарында  қимыл  дағды-
ларын  автоматтандыру  қажет.  Ол  қанша 
жоғары  болса,  спорттық  әрекет  сонша 
тиімді болады. Ойынның жеке әдістері ғана 
автоматтандырылып  қана  қоймай,  тіпті 
күрделі  компоненттері  де  автоматтанды-
рылады.  Кейбір  жағдайларда  үйренген 
қимылдар  тиімсіз  болады.  Спортшының 
мұндай  стереотипті  әрекеттері  туылған 
жағдайларға  қарай  өзгеріп  отыруы  қажет. 
Бұлар  ерікті  және  еріксіз  түрде  экстра-
поляция  жолымен  жетіледі.  Сонда  жаңа 
қимыл  формалары  жасалуын  қамтамасыз 
ететін  шартты  рефлекторлық  байланыстар 
пайда  болады.  Дәлірек  айтқанда,  спорттық 
ойындарда  стереотиптікі  қимылдар  тез 
және  жеңіл  өзгере  алуы  керек.  Бұл  қимыл 
әрекеттерін  басқарушы  жүйке  процестері 
құбылмалылығының арқасында іске асады.  
Футболмен  шұғылдану  жүйке  про-
цестері 
құбылмалылығын 
жетілдіреді. 
Оның  жанама  көрсеткіші  -  шартты  қимыл 
реакцияларының  латенттік  уақытының 
қысқаруы.  Жүйке  процестерінің  құбылма-
лылығы  тек  қана  қимыл  құрамы  мен  ек-
пінділігін  өзгерту  үшін  қажет  емес,  со-
нымен  қатар  тыныс  пен  қан  айналым  мү-
шелерінің  орайлас  өзгерулеріне  де  қажет. 
Айтылған  мүшелер  жұмыс  қуаты  кө-
терілгенде  қызметтерін  тез  көтеріп  тө-
мендегенде  тез  қалпына  келуі  шарт.  Ойын 
қимылдардың  тез,  үйлесімді  және  дәл 
болуын  талап  етеді.  Сондықтан  көру  мен 
есту  мүшелерінен,  ойыншылар  мен  доп-
тың,  өз  денесінің  қалпы  мен  бұлшық  ет-
терінің  күйі  туралы,  вестибуляр  және  қи-
мыл  талдырғыштарынан  келетін  ақпарат-
тар  айқын  және  қажетті  уақытта  келуі 
шарт. 
Футбол  ойыны  қимыл  аппаратына 
арнайы талаптар қояды. Ойынша дайынды-
ғында  еттер  күшінің  «жарылысты»  қа-
сиетін  жетілдіруді,  «секіргіштік»  төзім-
ділікті,  сөрелік  екпін  жылдамдығын,  жыл-
дамдық төзімділікті қамтамасыз ететін жат-
тығулар  көзделеді.  Арнайы  күш  дайын-
дығы  бұлшық  еттердің  гипертрофиясына 
әкеледі.  Бірақ  гипертрофия  олардың  жыл-
дамдық қасиетін төмендетпеуі керек. 
Футбол  командалық  ойын.  Сон-
дықтан ойыншылар арасында өзара түсініс-
тікті,  команда  мүшелерінің  қарым  –  қа-
тынас жасау үйлесімділігін талап етеді. Ой-
ыншылар  санының  көптігі  мен  ойын  ала-
ңының  көлемі  уақыт  пен  кеңістікті  таң-
дауда белгісіздікке әкеледі. Қазіргі заманғы 
футболда  ойынның  қиыншылығына  жо-
ғарғы  қарқындылықпен  қоса  уақыт  тап-
шылығын  атайды.  Осының  барлығы  тек 
дене  жүктемесінің  артуын  ғана  емес,  эмо-
ционалдық  және  психологиялық  қысым 
орын алуына себеп болады. 
Қазіргі  заманғы  футболда  спортшы-
лардың  функционалдық  дайындық  дең-
гейіне  қатал  талап  қойылған.  Футбол-
шыларды  дайындаудағы  атеизмге  жоғары 
мән  берілгендіктен,  ойын  барысындағы 
қарсыластарымен допқа таласудағы қаталд-
ық  –ойыншылардың  қателесуіне  жол  бер-
мейді.  Футболшыларды  функционалдық 
дайындаудың  жоғары  деңгейі  көптеген 
ойын  әрекетерін,  ойын  барысындағы  қар-
қындылықты,  жұмыс  қабілеттілігін  матч 
бойы  сақтауды  қажет  етеді.  (В.  Пши-
быльский, Г. Лисенчук, 1999, А.В. Петухов 
2006, З.Г. Орджоникидзе, 2007). 
Соған байланысты дайындық кезінде 
спортшылардың  денсаулығын  нығайтатын, 
спорттық  шеберлікті  қалыптастыратын 
әдіс-тәсілдерді  анықтау  қажет.  Сондай-ақ 
жаттықтырушы  оқу-жаттығу  үрдісін  құ-
руда  белсенділік  танытып,  футболшылар-
дың  денсаулығы  мен  жеке  ерекшеліктерін 
ескеруі тиіс.  
Бақылаудың 
дәрігерлік 
– 
фи-
зиологиялық  әдісі  -  спортшының  жұмыс 
қабілеттілігін,  ағзасы  мен  жүйесінің  функ-
ционалдық  мүмкіндіктерін,  дайындық  ке-
зіндегі  жүктеменің  көлемін,  кезеңдерін. 
Сондай-ақ  спортшы  ағзасының  дайын-
дықтан  кейін  қалпына  келтіру  үрдісін 
анықтауға  мүмкіндік  береді.  Осы  ақ-
паратты  қолдану  футболшылардың  ойын 
алаңындағы іс - әрекетін қарқынды басқару 

ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
83 
мүмкіндігін кеңітеді. 
Футбол  ойынының  басқа  ойын  түр-
лерін қарағандағы ерекшелігі – спорттық іс 
-  әрекеттің  барлық  компонентін  қамтуы. 
Психикалық  (ойын  барысындағы  жағ-
дайдың  өзгеруін  байланысты  әдіс-тәсілді 
өзгерту,  жылдам  шешім  қабылдау),  нейро-
динамикалық  (жылдамдық  пен  қозғыштық 
деңгейінің  артуы),  энергетикалық  (ағза 
өнімділігінің  аэробты  және  анаэробты 
түрі), қимыл-қозғалыстық (жылдамдық пен 
күш  сапасы,  дәлдік,  ұшқырлық  сондай-ақ 
вегативтік  реттеу  қысымы  болып  та-
былады.  
Футбол ойынымен шұғылдануды фи-
зиологиялық  тұрғыдан  ғылыми  негіздеу 
перспективасы  қазіргі  әлеуметтік  жағдайға 
байланысты  жасөспірімдер  мен  жеткін-
шектердің  денсаулығын  нығайту  тұрғы-
сынан  теориялық  және  тәжірибелік  жағы-
нан алғанда да өзекті  саналады. Осы мәсе-
лені  шешу  футболшылар  дайындауда  да-
рынды  балаларды  іріктеуге,  үлкен  футбол-
ға арнайы дайындауға мүмкіндік жасайды.  
Футболшы үшін қимыл аппаратының 
арнайы  дайындығы  аса  қажет.  Олардың 
жұмысы  жылдамдық  -  күш  сипаттағы  жұ-
мыс болып табылады. Ойын алаңының кө-
лемділігі,  соған  байланысты  көп  жүгіру, 
ойынның  ұзақтығы  бұлшық  еттердің  ана-
эробты - аэробты талаптарда жұмыс істеуге 
жақсы бейімделуін талап етеді. 
Футболшының 
қимыл-әрекетінің 
тиімділігін  арттыруда  көптеген  рецептор-
лардан  түсетін  ақпараттың  маңызы  зор. 
Көру  ауданы  мен  тепе-теңдік  ана-
лизаторларының  функционалдық  күйі  төм 
егенде жоғары спорт түрлеріне қол жеткізу 
мүмкін емес.  
Футбол  ойыны  кезінде  тез  жүгірудің 
маңызы  зор.  Аз  демалып,  көп  жүгіру  ағза-
ның  анаэробтық  мүмкіншіліктерін  дамы-
тады.  Ойын  кезінде  футболшы  орта  есеп-
пен  5-8  км  жүгіреді.  Оттегін  тұтынудың 
максималдық  шегі  62.5  мл/  мин/  кг  тең 
болады.  
Тыныштық  кезінде  футболшының 
жүрегі минутына 48-54 рет соқса, ойынның 
алғашқы  минутында  160-170  рет  /  мин 
көтеріліп,  содан  кейін  160/180  рет  /  мин 
деңгейінде  тұрақталып  қалады,  ойынның 
кейбір  сәттерінде  200  рет  /  мин  жетеді. 
Ойын  суық  ауа-райы  кезінде  немесе  жаң-
быр  жауып  тұрғанда  өтетін  болса,  зәрде 
ақуыз пайда болады.   
Футбол  ойыны  доп  ойындарының  ең 
бір тамаша түрі. Ол үлкен адамдардың, жа-
сөспірім балалардың барлығы барынша қы-
зығатын спорттың бір түрі. Ол адамның де-
несін  шынықтыруда,  дене  қуаты  қасиетін 
жетілдіруде,  адамның  күш  қайратын  асы-
руда, жігерін шыңдауда, басқалармен өзара 
силастық,  өзара  селбестік  қатынастарын 
дамытуда ерекше рол ойнайды. 
Біз  осындай  бір  тамаша  дене  тәрбие 
ойынының онан ары кемелдене, толықтана 
түсетініне,  қоғамдағы  тәрбиелік  маңызы-
ның  онан  ары  жоғарлап,  тіпті  де  жоғары 
сатыға көтеріле беретіндігіне кәміл сенеміз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет