Научный журнал


ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ



Pdf көрінісі
бет10/37
Дата12.03.2017
өлшемі2,58 Mb.
#8988
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
67 
жеңіліске  ұшырататын  ең  тиімсіз  жол.  Д. 
Локк  «Послание  в  веротерпимости»  еңб-
егінде:  «Адамның  рухани  сенімін  өзгерту 
үшін  көңіліне  сәуле  түсіру  керек,  ол  еш-
қашанда  дене  жарақаты  арқылы  мойын-
далмайды»,  -  дейді.  Сөйтіп,  ол  басқаша 
ойлайтын  бытыраңқы  секталарға  қатысты 
толеранттық  жол  беруге  болады,  ал  олар-
дың  езушіні  тайдыру  ниетімен  бірігуіне 
жол  бермеу  керек  деген  пікір  айтады.  Д. 
Локк сенімдері мемлекет құрылымын шай-
қалтатындай ой-пікірлері бар адамдарға қа-
тысты  мәжбүрлеуді  ақтайтынын  атап  көр-
сетеді.  
Толеранттық тақырыбы француз пуб-
лицисті  және  философы  П.  Бейль  (1647-
1706  ж.ж.)  еңбектерінде  де  көрініс  тапты. 
Оның  пікірінше,  адамдардың  табиғи  үй-
лесімсіздігі  өз  кезеңінде  пікірлердің  әр-
түрлілігі әкеліп соқтырады: «Қабылдау мү-
шелері  бірдей  болғанымен  әр  адам  бір-
нәрсені  түрліше  таниды,  олардың  тәрбиесі 
бірдей емес, қалған жағдайларда да осылай 
әрекет етеді».  
П.  Бейльде  ұят  еркіндігі  және  оның 
мемлекет  билігіне  бағынбайтындығы  ту-
ралы  талап  Д.  Локкқа  қарағанда  жоғары. 
Толеранттық  оның  шығармаларында  дог-
матикалық билікке қарсы құрал ретінде кө-
рінеді  және  билікті  ұстап  тұрудың  басты 
қаруы  өрескел  қарсылықты  жоюға  бағыт-
талған.  Ол  философтардың  толеранттық 
жөніндегі  пікірталасы  діни  негізде  жүр-
генімен,  діни  ұстанымның  астарында  мем-
лекет  мүддесі  жатқандығын  жақсы  түсіне 
білді.  Билеуші  өз  билігін  шіркеудің  әмбе-
баптығына  сүйене  отырып,  ғайбаттау, 
жалған  сөйлеу,  жер  аудару,  өлім  жазасына 
кесу  секілді  жаман  құралдар  арқылы  жүр-
гізді.  Сөйте  тұра,  ол  жасап  отырған-
дарының барлығының дінді насихаттау ба-
рысындағы дұрыстығына, заңдылығына өзі 
сене білді немесе сондай түр жасады [3, б. 
45].  
Философ  «мен»  және  «басқа»  ара-
сындағы  қарама-қарсылықты  драмалықпен 
сипаттайды.  Француз  жазушысы  және  фи-
лософ  Мишель  де  Монтеньдің  қарама-
қарсы  ойлары  өмір  сүрудің  екі  тәсілінің 
арасында:  адамдар  арасындағы  өмір  мен 
өзін  оқшаулау  арасында  арпалысады.  Ал 
шындық  өмірде  барлық  адамгершілікке 
жат  әрекеттер  аяныш  сезімдеріне  белсенді 
қарсылық  көрсетіп  отырғандығын  ол 
ашына жазды.  
Біртіндеп  толеранттық  мәселесі  тео-
логия  аймағынан  әлеуметтік  философияға 
ығыстырылады. Танымал  ойшылдар  төзім-
діліктің  болу  қоғамның  толықтай  дамуы 
және  адамның  тұлға  ретінде  дамуы  үшін 
қажеттілігін  дәлелдеуге  тырысты.  Бұл  ой-
ларды  Жан-Жак  Руссо  өзінің  «Теории  Об-
щественного договора» атты  еңбегінде жә-
не  Ш.  Монтескье  «Персидских  письмах», 
«О  духе  законов»  атты  еңбектерінде  да-
мытты.  Франсуа  Мари  Аруэ  Вольтер  толе-
ранттық  мәселесін  бірнеше  туындыла-
рында қарастырды: «Философские письма» 
(1734),  «Философский  словарь»  (1766), 
«Трактат  о  веротерпимости»  (1763),  «Воп-
росы по энциклопедии» (1772).  
18  ғасырдағы  француз  жазушысы 
және  философы  Вольтер:  «...  сіздің  пікі-
ріңіз  маған  жат,  бірақ  сізге  оны  жақтау 
үшін  мен  өмірімді  құрбан  етуге  дайын-
мын»,  –  деген.  Ол  –  толеранттықты  басты 
қағидаты. Бұл адамдар арасында өзара сый-
ластықты,  мейірбандықты  білдіреді.  Сон-
дықтан,  толеранттық  екі  жақты  сана:  мем-
лекеттер,  діндер,  этностар,  жеке  адамдар-
дың бір-біріне шапағат жасай білуі.  
Вольтерде  толеранттық  бір  жағынан 
барлық  демократиялық  бостандықтың  не-
гізі,  ал  басқа  жағынан  «Не  делай  другому 
того,  что  ты  не  желаешь,  чтобы  делали 
тебе»  деген  адамгершіліктің  алтын  қағида-
сының нәтижесі ретінде қарастырады.  
Танымал  философ  педагог  И.  Кант 
(1724-1804) 
көптеген  еңбектері  толе-
ранттық  проблемасына  арналған.  Оның 
этикалық  тұжырымдамасында  алғаш  рет 
«төзімділікті»  «толеранттық»  байланысты-
рады.  Төзімділікті  жалпы  адамзаттың  па-
рызына жатқызады, егер өзіне ұнамаған дү-
ниелерге  адам  төзетін  болса  онда  ол  адам 
төзімді  болып  саналатынын  және  төзім-
ділікті  өшпенділікке  қарама-қайшы  деп 
айтқан.  Ол  толеранттық  проблемасын 
адамның  ішкі  «мені»  тұрғысынан  қа-
растырған. Неміс ойшылы «Идея всеобщей 
истории  во  всемирно-гражданском  плане» 
(1784)  еңбегінде  толеранттық  «Өзгеге»  қа-
тыстылығы  мәселесіне  пайымдаулар  жа-
сайды.  И.  Канттың  пікірінше,  адамда  екі 
жақты  бейімділік  болады:  бірі  -  өзі  сияқ-
тылармен  пікірлесу  мүддесі,  екіншісі  - 

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
68 
оқшаулануға 
тырысу. 
Бұл 
жағдайда 
адамның өз туыстарымен сыйласудан басқа 
амалы қалмайды. Басқаша айтсақ, адам өзі-
нің  басқаларға  деген  табиғи  шыдамсыз-
дығын жеңе алады, қоғамда құндылықтарға 
ие болып, өз орнын табады.  
18  ғасырдағы  Ағартушылық  дәуірін-
дегі  Франциядағы  революция  «Адам  және 
азамат  құқықтарының  Декларациясының» 
дүниеге келуіне ықпал етті.  
Вольтердің  өлгеніне  11  жыл  өткен-
нен кейін 1789 жылы 26 тамызда құрылтай 
жиналысы  қабылдаған  «Адам  және  азамат 
құқықтарының  Декларациясынан»  көрініс 
тапты.  Бүкіл  әлемге  ойлар  мен  сөздің 
еркінділігін  паш  етіп,  Вольтердің  табан-
дылықпен  қалаған  ойы  танылды.  Ұлы 
Француз  революцияның  нәтижесі  тек  аза-
маттық  еркіндікті  жариялау  ғана  емес,  со-
нымен бірге мемлекеттің жаңа типінің «на-
циональное»  дүниеге  келуіне  ықпал  етті. 
Бұл  төзімділік  идеяларының  екі  жүз 
жылдықта ары қарай дамуын анықтап, ұлт-
тық 
төзімділік 
идеясын 
плюрализм, 
еркінділік  идеялардың  жалпы  жиынты-
ғынан  бөліп  алып,  алғаш  ұлттық  сипатта-
лық берді. Ғалымдардың айтуынша, ұлттық 
сұрақ  19  ғасырда  қалыптасып  және  қой-
ылған  деген.  Осылайша  өз  беттілік  тари-
хына  құқығы  бар,  халықта  тұлғаның адам-
гершілік  пен  еркінділігін  мойындайтын. 
Сонымен  толеранттық  Батыс  Европаның 
рухани  өмірінің  құбылыс  ретінде  оның 
буржуазиялық  өзгертілген  нәтижесінде  бе-
кітілді [1].  
Чех  педагогы  Ян  Амос  Коменский 
толеранттық  көңіл  бөліп,  ешкім  басқа  бі-
реуге  өзінің  принциптерін  міндеттемеу  ке-
рек  және  әркімге  өзінің  ісімен  айналысуға 
еркін  құқық  беру  керек  деген.  Оның 
ойынша  ортақ  ақиқаттылыққа  барлығы 
келу үшін келісімге барлығы ұмтылу керек 
және әркім өзінше оны нығайту керек.  
Голландиялық  философ  Бенедикт 
Спиноза  өзінің  трактаттарында  сенім-на-
ным  сұрақтарында  иудейлік  консерватизм 
мен  догматиканың  жалғандығын  ашуға 
талпыныс  жасады.  Ол  «Богословско-поли-
тический  трактат»  атты  еңбегінде  еркін 
мемлекетте әрбір азамат калай ойлайды, со-
лай  ойлай  алады,  не  ойласа  соны  айта 
алады деген.  
Толеранттық  идеяларының  мәселе 
жиынтығы  неміс  философиясындағы  Л.А. 
Фейербах  (1804-1872)  еңбектерінде  қара-
стырылады.  Оның  ойынша,  адамның  мәні 
адамда  туғаннан  бастап  болмайды.  Ке-
рісінше  басқа  адамдармен  қарым-қаты-
наста  құрылып,  қалыптасады  деген.  Жеке 
адам, - «Ойлаушы ретінде емес, моральдық 
мәні  ретінде  емес  өзінде  адамдық  мәні  де 
қамтылмаған  бірдеме  оқшауланған  ре-
тінде»,  -  деді  ол.  Адамның  мәні  Мен  және 
Сен  арасындағы  шырайлылыққа  негіздел-
ген тұтастыққа, адаммен адам тұтастығын-
да,  қарым-қатынаста  болады.  Орыс  ой-
шылдарының  тарихында  толеранттық  си-
паттамасына  балама  ретінде  төзімділік 
түсінігі жиі қолданылды. 19 ғасырдың екін-
ші жартысында төзімділік мәселесінің зерт-
телуіне  аса  үлес  қосқан  орыс  философы 
В.С.  Соловьев  болды.  Ол  «төзімділік»  пен 
«төзу»  түсініктерін  ажыратады.  Бірінші-
сінде  В.С.  Соловьев  жан  қасиеттерінің 
оның  әрекетте  көрінуін  кең  пейілділік  деп 
аталады, ал кейде – рухани батырлық.  
B.C.  Соловьев  бойынша  төзімділікті 
адамның  ішкі  мотивтеріне  байланысты,  ол 
басқалардың  мінезіне  кең  пейілділік,  құр-
меттілік  және  басқаға  бостандық  берумен 
анықталады  деген  ойды  айтты.  Орыс  мә-
дениетінің  тарихында  революциядан  кейін 
толеранттық идеяларына аса қызығушылық 
танытқан  жоқ.  Революциядан  кейінгі  сөз-
діктерде толеранттық сөзі сирек кездеседі.   
«Большой 
Советский  энциклопе-
дический  словарь»  сөздігінің  3-ші  басы-
лымында  толеранттық  түсінігі  тек  арнайы 
медициналық  термин  ретінде  енгізілді. 
Жалпы, толеранттық түсінігі 90-жылдардан 
бастап  және  қазіргі  уақытта  ғылыми 
әдебиеттерде белсенді қолданылуда.  
Сонымен  толеранттық  түсінігінің 
шығу тарихына жасалған қысқаша тарихын 
əр  дәуірде  бұл  мәселенің  əртүрлі  түсін-
дірілгенін  көруге  болады.  Ғасырлар  бойы 
толеранттық  қоғамдық  және  діни  біліктің, 
дін  мен  секталардың,  дінге  сенушілер  мен 
атеисттердің  өзара  қарым-қатынасының 
қағидасы ретінде түсіндіріліп келді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Вагабова  Н.М.  Этническая  толерант-
ность в поликультурном обществе: авто-
реф.  дис...  кан.  фил.  наук.  –  М.,  1987.  - 
35с.  

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
69 
2.  Головатая  Л.В.  Толерантность  как  про-
блема  философии  образования:  автореф. 
дис... фил. наук. - М., 2006. - 49с.  
3.  Абсатова  М.А.,  Еслакова  А.И..,  Адаска-
нова  Ж.Қ.  Толеранттық  мәселесінің  да-
муына  тарихи  шолу  //  Педагогика  және 
психология:  ғылыми-әдістемелік  жур-
нал.- М.: Алматы, 2013.- С. 75-78. 
4. Бейсенбаева А.А., Убниязова Ш.А. Сущ-
ность  понятия  толерантности  и  её  хара-
ктеристика  //  Сборник  материалов  X 
Всероссийской 
научно-практической 
конференции.  Психология  и  педагогика: 
методика  и  проблемы  практического 
применения.  -  Новосибирск,  2009.  -  С. 
67-71.  
 
 
 
УДК 378.02 : 37.035.3 
ЕЛІМІЗДІҢ ЖАСТАРЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖӘНЕ 
АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
Касенов К.Т. 
 
Мемлекеттің  барлық  тарихы  жас-
тарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен Отан 
қорғаушылардың  жоғары  рухын,  батыл-
дығын,  ерлігін,  жауапкершілігін,  ұрыстағы 
беріктігін  қалыптастыру  міндеттерін  та-
бысты  шешумен  байланысты.  Әскери  па-
триоттық тәрбиелеу  - азаматтарға патриот-
тық  тәрбие  берудің  негізгі  бөлігі.  Әскери 
патриоттық  тәрбие  беру,  еліміздің  қауіп-
сіздігін  қамтамасыз  ететін  сенімді  қорғау-
дың  міндеттерін  шешу  үшін  қажетті, 
патриоттық  және  рухани  -  психологиялық 
қасиеттерді 
қалыптастыруға 
міндетті. 
Әскери - патриоттық тәрбиелеудің мақсаты 
-  азаматтардың  патриоттық  парыздың  те-
рең  түсінігін,  Отан  қорғауға  дайындығын 
қалыптастыру, және де еліміздің тұтастығы 
мен  бірлігін  нығайту,  Қазақстан  халықта-
рының  достығын  сақтау  міндеттерін  ше-
шуге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. 
Ұлттық  бірегейлік  сақтаудың  басты 
жолдарының бірі  болып жастарға патриот-
тық  тәрбие  беруде  халықтың  мәдени  мұ-
расын пайдалану болып табылады. 
Жастардың  адамзаттық,  патриоттық 
қасиеттерін  қалыптастыру  проблемасына 
Қазақстан  Үкіметі  құжаттарында  және  Ел-
басы  Жолдауларында аса  үлкен  мән  беріл-
ген. Елбасы өзінің жолдауларының бірінде 
«Өз  тарихымыз  бен  ерекше  жағдайла-
рымыз  негізінде  дұрыс  жолды  таңдап  алу 
мүмкіндігіміз  де  бар»  (1997)  десе,  екін-
шісінде  «біз  бірлесе  отырып,  ерікті  ұлт 
жасақтау  жолында, алға  жылжуымызға  қа-
жетті берік негіз қаладық» (2005) - деп өзі-
міздің  тарихымызды,  дінімізді,  ұлттық 
қасиеттерімізді алдыңғы қатарға қойған. 
Президенттің  патриоттық  сезімге 
толы  осы  ой-пікірі  Қазақстан  Республика-
сының  «Білім туралы заңында»ең маңызды 
міндеттер  ретінде  «өз  Отаны  Қазақстанды 
сүю,  азаматтық  пен  патриотизмге  тәр-
биелеу,  мемлекет  рәміздері  мен  халықта-
рының салт-дәстүрлерін құрметтеу, ата заң 
мен  қоғамға  қайшы  келетін  көріністерге 
төзбеу,  әлемдік  және  Отандық  жетістік-
терін  игеру,  Қазақстанда  тұратын  басқа  да 
халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, 
тарихын жете білу», деп көрсеткен. 
«Қазіргі  жастарға  патриотизм  тән 
бе?».  Әрине,  қазіргі  жастарға  патриотизм 
тән.  Себебі,  көріп  отырғанымыздай  «Дип-
ломмен  -  ауылға»,  «Жас  Отан  -  жастар  қа-
наты», «Студенттік құрылыс жастары» бағ-
дарламаларда  жастар  үлесі  көп.  Олардың 
елін, жерін сүйген патриоттық сезімін осы-
дан  аңғаруға  болады.  Сонымен  қорыта 
айтарымыз,  қазақстандық  патриотизм  - 
бүкіл  қазақстандықтарға  тән.  Себебі  ортақ 
Отан, ортақ тарих, ортақ салт - дәстүр, ор-
тақ  қазақтың  тілі.  Басқа  ұлт  өкілдері  қа-
зақтың  тілін  білуі  тиіс.  Отан  –  от  басынан 
басталады  десек,  туған  облысымыздың, 
қаламыздың  көрнекі  жері,  тарихы,  атаулы 
оқиғаларын,  айтулы  адамдардың  өмір 
жолдарын  білгізудің  мәні  зор.  тілін  білуі 
тиіс. Отан – от басынан басталады . 
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген 
сүйіспеншілік  әрбір  азаматтың  мемлекет 
алдындағы 
борышын 
жанқиярлықпен 
орындауы. 
Қазақстанның  баянды  болашағы  өс-

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
70 
келең  ұрпақтың  қолында.  Жас  ұрпақты 
Отансүйгіштікке тәрбиелеу  отбасынан бас-
тау алып, білім  ошақтарында жалғасын та-
бады. Жастарды патриоттық рухта тәрбиел-
еу  –  барлық  оқу  орындарының,  барлық 
пәндердің, соның ішінде  «Алғашқы әскери 
дайындық»  пәнінің  алдында  тұрған  басты 
міндет. «Алғашқы әскери дайындық» пәнін 
Кеңестер  Одағы  тараған  соң,  орта  оқу 
орындарынан алып тастау – жастарға әске-
ри  патриоттық  тәрбие  беру,  оларды  әскер 
қатарында  қызмет  етуге  дайындау  ісіне 
едәуір  зиянын  тигізіп,  жалпы  білім  беру 
деңгейіне  де әсер  етіп, Қарулы Күштерінің 
жеке құрамының моральдық - адамгершілік 
сипатында  көрініс  тапты.  Қазақстан  Рес-
публикасының  Үкіметінің  1996  жылғы  1 
қарашадағы  №1340  «Алғашқы  әскери  дай-
ындық туралы» қаулысы бойынша «Алғаш-
қы  әскери  дайындық»  пәні  жалпы  орта 
білім беретін мектептер мен бастапқы және 
орта кәсіптік білім беретін ұйымдарда 1996 
- 1997 оқу жылынан бастап қайта енгізілді. 
Патриотизмі  әр  Қазақстандыққа  тие-
сілі  қасиет.  Әр  адам  отаны  үшін  отқа  да, 
суға да түсуге дайын болу керек. 
Біздің  елімізде  130-дан  астам  ұлт 
өкілдері  тұрады,  көп  ұлтты  мемлекет  бол-
сақ  та,  біз  тату-тәтті  өмір  сөреміз.  Әр  аза-
маттың  жүрегінде  Отанға  деген  сүйіспен-
шілігі,  патриотизм  сезімі  мол.Жыл  сайын 
мыңдаған  азаматтарымыз  Отан  алдында 
борышын  өтеу  үшін  әскерге  аттанады, 
осылай  біздің  азаматтарымыз  отанға  деген 
патриотизмімін білдіреді. 
Патриоттық  сезімді  күшейтуге  негіз 
болатын  «Азаматтық  борыш,  Азаматтық 
парыз»  болып,  осының  түпкілікті  мағы-
насы – сүйіспеншілік, халқына, жеріне құр-
мет пен борышы.Егер  осыдан борыш деге-
німіз  не?  деген  сұрақ  туындаса.  Онда  бо-
рыш дегеніміз әр адамның өзіне жүктелген 
істі  орындауға  жауапкершілігін  түсініп 
мойындауы. 
Жастарға  патриоттық  тәрбие  беруде 
тек  қазіргі  кезде  емес  сонымен  қатар  бұ-
рынғы кезде аса үлкен мән беретін болған. 
Ұлы  философ  Әбу  Насыр  Әл-Фараби 
айтқандай:  «Адамға  ең  бірінші  білім  емес, 
тәрбие  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім  – 
адамзаттың  қас  жауы,  ол  келешекте  оның 
өміріне қауып әкеледі»,деп айтты.Біздің ең 
басты парызымыз ол өскелең ұрпаққа жан-
жақты тәрбие беруіміз. 
Алғашқы  әскери  дайындық  пәні 
қазіргі  өсіп  келе  жатқан  жастарды  патрио-
тизмге үйретеді.Отанға және Қарулы Күш-
терге деген сүйіспеншілік, әскери борышты 
мүлтіксіз  орындауға  рухтандыратын  пән 
болып саналады. 
Сөзсіз  отанды  қорғау  ол  әрбір  аза-
маттың  парызы.  Еліміздің,  жеріміздің  қор-
ғаушысы  болуды  армандайтын  ұл,  қызда-
рымыз  көп.  Өсіп  келе  жатқан  жастарымыз 
жақсы  біледі  Отанды  қорғау  үшін  ең 
алдымен  білім  керек.  Болашақта  тәуелсіз 
еліміздің мақтан тұтар аяулы ұл,қыздары – 
Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, 
Мәншүк  Маметова,  Әлия  Молдағулова 
сынды халқының құрметті азаматы болуды 
армандайды. 
Біз өте жақсы білеміз заман күннен – 
күнге  өзгеруіне  байланысты  отансүйгіш-
тікке,  тәрбиелеудің  өзіндік  бір  қасиеттері 
болады.  Ол  ең  алдымен  «Ұлтжандылық», 
«Отансүйгіштік»,  «Патриотизм»  ұғымдары 
сол  заманның  ақиқатынан,  наным  –  сені-
мінен  туындайды.  Отанға  деген  сүйіспен-
шілік бойындағы күш – құжаты мен білімін 
Отан  игілігі  мен  мүддесіне  жұмсау,  туған 
жерін,  ана  тілін,  елдің  әдет  -  ғұрыпты  мен 
салт  –  дәстүрін  құрметтеу  сияқты  патрио-
тизм  элементтері  ерте  заманнан  бастап 
қалыптаса бастады. 
«Отан  үшін  отқа  түс,  күймейсің»,  - 
деп  аманат  қалдырған  Бауыржан  Момыш-
ұлы. Осындай отанын сүйген және ол сезі-
мінен  қуат  алған,  ел  қорғаны  болған  пер-
зенттері  бар  елдің  алар  асуы  мен  шығар 
белесі әлі алда. Сондықтан да біздер халқы-
мыздың  қас  батырлары  –  Қабанбай  мен 
Бөгенбайды,  Исатай  мен  Махамбетті,  Ке-
несары  мен  Наурызбайды,  Райымбек  пен 
Қарасайды,  Қасым  хан  мен  Абылай  ханды 
қадір тұтып қастерлейміз. 
1996  жылы  Алғашқы  әскери  дайын-
дық  сабағы  Қазақстан  Республикасының 
Үкіметінің  арнайы  қаулысымен  енгізілді. 
Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күш-
теріндегі  мерзімді  әскери  қызметке  шақы-
рылған  кезде  мерзімді  әскери  қызметті  өт-
керудің жағдайларына қысқа мерзімде бей-
імделіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару – 
жарақ пен жауынгерлік техниканы меңгеру 
үшін  жас  сарбазды  дайындау  көлемінде 
қажетті білім алу тиіс.  

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
71 
Әрбір  жасөспірім  жасынан  «Қазақ-
стан  –  менің  Отаным»,  «Ол  мен  үшін  жа-
уапты  болған  сияқты,  мен  де  ол  үшін  жа-
уаптымын»,  -  деген  қарапайым  ойды  мең-
геруі керек. Мектептерде оқушылардың әс-
кери  киім  киюі  әскери  патриоттық  тәрбие-
леудің  негізгі  кілті.  Алғашқы  әскери  дай-
ындық пәнімен әскери – патриоттық тәрбие 
тығыз ұштастырыла отырып,жастардың әс-
кери  істі  жақсы  меңгеруіне,  төтенше  жағ-
дайларда  қорғанудың  тәсілдері  мен  құрал-
дарын  дұрыс  пайдалана  білуіне  ықпал 
етеді. 
Ғасырлар  бойы  халқымыз  ұрпағын 
ізгілікке,  өз  елін  сүюге  балып  келеді.  Бұл 
берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбие-
нің  өзегі,  діңгегі  десе  де  болады.  «Атаның 
ұлы  болма,  адамның  ұлы  бол»  дей  келіп, 
адамның  ұлы  болуы  үшін  кісіге  «Нұрлы 
ақыл,  ыстық  қайрат,  жылы  жүрек»  керек-
тігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп 
кетті.  Бұл  өсиет,  пікірлер  бүгінгі  мек-
тептерімізде  жеке  тұлғаны  патриотизм  ру-
хында тәрбиелеудің темірқазығы. 
«Отанды  сүю  отбасынан  басталады», 
отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда от-
басы тәрбиесінің маңызы зор. Патриот, ер-
жүрек адамды, табанды күрескерлерді тәр-
биелеудің  негізі  оқу  орындарында  қа-
ланады. 
Қазақтардың  Азамат  соғысына  және 
Ұлы  Отан  соғысына  қатысуы  туралы  ай-
татын  болсақ,  олар  біздің  тәуелсіздігімізге 
өлшеусіз  үлес  қосқан.  Ұлы  Отан  соғысы 
жылдары  Қазақстан  даласынан  1  млн.  200 
мыңға жуық ұлдары мен қыздары майданға 
аттанып,  600  мыңнан  астам  адам  қайта 
оралмады.Олар  біздің  болашағымыз  үшін, 
Отан үшін өздерін құрбан еткен. Біз оларға 
өмір бойы қарыздар болып өтеміз. 
Бауыржан  Момышұлы  атамыз  ат-
қандай:  «Патриотизм  –  Отанға  деген  сүй-
іспеншілік,  жеке  адамның  аман-саулығы, 
қоғамдық,  мемлекеттік  қауіпсіздікке  ті-
келей  байланыстылығын  сезіну,  өзіңнің 
тәуелді  екеніңді,  мемлекетті  нығайту  де-
геніміз – жеке адамды күшейту екенін мой-
ындау,  қысқасын  айтқанда  патриотизм  де-
геніміз мемлекет деген ұғымды, жеке адам-
ның  өткенімен,  бүгінгі  күнімен  және  бо-
лашағымен  қарым-қатынасын  барлық  жа-
ғынан  біріктіреді»  -  деп  «ұлттық  патрио-
тизм»,  «қазақстандық  патриотизм»  ұғым-
дарына анықтама берген. 
Елімізде  өскелең  ұрпақтардың  Отан-
ға  деген  патриоттық  сезімдерін  ояту  және 
одан  әрі  арттыру  мақсатында  мынандай 
ұсыныстар  айта  кету  абзал.  Қазіргі  кезде 
жас жауынгерлердің әскери қызметі жұмыс 
жасау  қажет.  Мемлекеттік  тілде  әскери 
кітаптар шығарылуы керек. Сонымен қатар 
қазіргі кезде телеарналарда әр түрлі әскери 
бағдарламалар ашу керек. 
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінің 
айтсақ,  бүгінгі  күннің  заманауи  талапта-
рына сай қызмет көрсететін - білім  ошағы. 
Ал, ұстаздар ұжымы болса білімді, жігерлі, 
өз  болашағына  нық  сенімді  жас  ұрпақты 
тәрбиелеу  үшін  тынымсыз  еңбек  етуде. 
Осындай  білгір,  білімді,  қажырлы  да  қай-
ратты  ұстаздардан  білім  алып,  қанаттары 
қатайған  шәкірттерден  болашақта  Қазақ-
стан  Республикасының экономикасына  зор 
үлес қосатын нағыз мамандар шығатынына 
сенімдімін. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  ҚР  азаматтарына  патриоттық  тәрбие  бе-
рудің  2006-2008  жылға  арналған  мемле-
кеттік бағдарлама. 
2.  «Әдеби  әлем»,  Қазақстандағы  алғашқы 
әдебиет порталы. 
3. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу – Мұ-
ғалімнің басты міндеті – 7-9 бет 
4.  Қазақстан  Республикасының  қорғанысы 
және Қарулы Күштері  туралы Қазақстан 
Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтар-
дағы № 29 Заңы. 
5.  Алғашқы  әскери  дайындық  кітабы.  10 
сынып 
 

ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
72 
УДК 378 : 796 
ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫН 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет