ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ШЕТЕЛДІК
ТӘЖІРИБЕСІ
Шорганова А.Б.
Бүгінгі таңда спорт көптеген елдер
мен халықаралық қатынастардың әлеумет-
тік экономикалық өмірінде маңызды рөл
атқарады. Сонымен қатар осы сала бойын-
ша көптеген қауіптер де орын алуда (до-
пинг, спорттағы жемқорлық, күштеу, спор-
ттағы әдептен тыс әрекеттер, халықаралық
жарыстардағы төрешілердің әділетсіздігі
және т.б.). Спортты дамытуда универси-
теттер мен басқа да жоғары оқу орында-
рының маңызы зор.
Шетелде спорттық құқық пен жоғары
кәсіби білім беруді құқықтық реттеуге
ерекше мән берілген. Тек спорттық шара-
ларды ұйымдастыру жүйесін құқықтық
реттеу ғана емес, университеттерде спорт-
тық құқықты оқыту тәжірибесі қалыптас-
қан. Мысалы, Манчестер университеті
(Метрополитен) мен Ағылшын политех-
никалық университетінде спорттық құқық
бойынша ғылыми атақ берілсе, Лондон
корольдік колледжінде спорттық құқық са-
ласы бойынша кәсіби дәрежесін жоға-
рылату туралы сертификат беріледі. АҚШ-
тың Маркетт университетінде спорттық құ-
қықтың Ұлттық институты жұмыс істейді.
Университеттік спорттың Халық-
аралық федерациясы (УСХФ) 1949 жылы
Италия мемлекетінің Мерано қаласында
құрылып, қазіргі уақытта бұл ұйымға әлем-
нің 100 елі біріктірілген. Барлық контин-
генттің ұлттық спорттық ұйымдары УСХФ-
ның мүшелері. УСХФ-ға КСРО студенттік
спорттық федерациясы 1959 жылы мүше
болды. УСХФ – халықаралық спорт фе-
дерациясының бас ассоциациясы мүшесі
болып табылады. Жоғары орган – бас ас-
самблея, екі жылда бір рет жиналады. Ас-
самблея арасында оның қызметін атқарушы
орган – комитет жүзеге асырады. Ресми
тілдер - ағылшын, француз және орыс тіл-
дері, жұмыс тілдері – ағылшын және фран-
цуз тілі.
Осы сала бойынша сарапшылар баға-
сы мен мемлекеттік органдардың ресми
баяндамаларына мән берудің негізі бар деп
санаймыз. Осы мәселеге еуропалық ұйым-
ның бірнеше күрделі баяндамалары арнал-
ған. Бұл баяндамалар жүйелі түрде Фран-
цияда қарастырылады. Мұндай баяндама-
лар университеттегі бұқаралық спорт ша-
раларын ұйымдастыруға немесе жоғары бі-
лім беру жүйесіне мемлекет тарапынан
қолдау көрсету мәселелеріне арналады. Со-
лардың ең маңыздысының бірі профессор
Жан Фабраның «Спорт және университет»
атты баяндамасы деп санаймыз (қараша,
1991).
Сондай-ақ, 1999 жылы Ұлттық коми-
тет дайындаған университет спортының
жоғары білім жүйесіндегі тәрбиелік мәніне
арналған баяндама ондаған жылдар өтсе де,
қазіргі уақытқа дейін өзектілігін жоғалтқан
емес. Баяндама авторлары бірінші кезекте
спорт – тұлғаның қоғамда қалыптасуы, да-
муы, тәрбиеленуі, қоғаммен толық бірігуге
дайындық, қосалқы дәрігерлік тексеру ар-
қылы өзінің денсаулығына бақылау жасау
деп түсіндіреді. Университеттегі спорт тек
бос уақыт өткізу емес, студенттің білім
алуының маңызды элементі ретінде қа-
растырылады. Сондықтан да, Франция уни-
верситеттері спортының аспектілерін зерт-
теу Ұлттық комитеттің міндеті болып та-
былады.
Бұқаралық спорт саласы бойынша
университеттік білім беру жүйесі миссия-
сын жүзеге асырудың келесідей құрылым-
дары қарастырылған:
1. Университеттік дене мәдениеті
және спорт қызметі. Бұл қызмет 1968 жы-
лы құрылған. Кейбір жағдайларда Дене мә-
дениеті және спорттың университет аралық
қызметі қарастырылған. Бұл бірнеше уни-
верситет бір аймақта орналасса жүзеге асы-
рылады. Мұндай қызмет құрамында 400
000 студент, 629 штаттық оқытушы болған
жағдайда жүзеге асады. Олардың бюджеті
шамамен 25% мемлекет қаражаты болса,
25% университеттің субвенциясы. Сондай-
ақ, 50%-ы залды жалға беру мен уни-
верситеттің спорт құралдарын қолданудан,
ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ
Вестник КАСУ
73
студенттердің ақы жарнасынан құралады.
2. Дене мәдениеті және спорттық
ғылыми - әдістемелік бірлестіктер. Бір-
лестік 1975 жылы ресми мәртебе алған, өз
қызметін 28000 студент пен мыңға жуық
оқытушымен жүзеге асырады. Мақсаты:
кәсіби спорттық дайындықты жүзеге
асыру.
3. Спорттық ассоциациялар(AS –
association sportives) – бұл Францияның
барлық университеттерінде студенттер мен
оқытушыларды кәсіби спорттық дайын-
дауға арналып ашылған ассоциация. Оның
мақсаты – университеттік спорттық жа-
рыстардың барлығына қатысу болып та-
былады. Бұл ассоциация 95 мыңдай сту-
дент пен 500-ден аса университет пен жо-
ғары оқу орнының спорт қауымдасты-
ғымен қамтылған.
4. Университет спортының ұлттық
федерациясы. Бұл 1978 жылы құрылып,
студенттердің аймақтық, ұлттық және ха-
лықаралық спорттық жарыстарын ұйым-
дастырумен айналысады. Францияның
Ұлттық Федерациясы университет спорты-
ның халықаралық Федерациясы құрамына
енген. Мұның құрамына ең үздік студент-
тер мен студент емес спортшыларды кол-
легия таңдайды. Оқу түріне байланысты
лицензиаттар саны шамамен 95 000 мыңға
жуық.
5. Университеттік спорт клубтары
-
бұл ХХ ғасырдың басында уни-
верситеттегі спорттың бастаушысы ретінде
саналған. Негізгі міндеті университет қала-
шығында спорттық шараларды ұйым-
дастыру және университеттің үлкен спорт-
тық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету.
1999 жылғы көрсеткіш
бойынша 45
спорттық клуб деңгейінде 78000 мүшесі
болса, оның 20000 мыңы студенттер деген
мәліметтерде беріледі.
6. Университеттік спорт клубта-
рының Ұлттық одағы – 1961 жылы құрыл-
ған. Мұнда барлық университеттік спорт
клубтары біріктірілген.
7. Университеттік спорт кеңесі –
бұл жоғары білім жүйесінде дене мәдениеті
және спорт жұмыстарына, өтетін спорттық
шараларды кәсіби дәрежеде ұйымдастыру
қызметіне жауаптылар өзара бірлесе жұ-
мыс атқаруы мақсатында құрылады.
Осы аталған құрылымдардың өзара
әрекеттесуі университет ішілік ортада
спорттық қызметтер бойынша белгілі бір
бәсекелестікті қамтамасыз етеді.
Университеттегі дене мәдениеті мен
спорттық шараларды ұйымдастыру ерекше-
ліктері мен тиімділігін бағалау үшін,
авторлар Ұлттық комитеттің «Универси-
теттегі спорт: студенттік спортты ұйым-
дастыру тәжірибесі» атты баяндамасы са-
раланды.
Жоғарыда қарастырылған Франция-
ның жоғары кәсіби спорттық білім меке-
мелер спортының аспектілеріне арналған
баяндамаларды зерттеу арқылы авторлар
Ресейлік университеттері шараларын баға-
лаумен байланыстыра келе мынадай қо-
рытынды жасайды;
1. Франция студенттері спортпен шұ-
ғылданады, университеттердегі спорттық
шараларды ұйымдастыруды қолдайды. Бі-
рақ бұл жеткіліксіз, университеттің спорт-
тық өміріне деген көзқарасты, спорттық
шараларды ұйымдастыруға байланысты
студенттердің ойлауын өзгерту қажетті-
лігін өзекті деп есептейді. Атап айт-қанда,
қазіргі уақытта спорт басқа пәндер тәрізді
екінші оқу пәні ретінде қа-растырылады.
2. Франция университеттерін әлі
күнге дейін спортпен шұғылдануға қажетті
арнайы алаңдар мен құрал-жабдықтар же-
тіспеушігі анықталған, Бірақ соған қа-
рамастан университет өмірінде спортқа де-
ген қызығушылық артып, студенттер өмі-
ріне де өзгерістер енгізуде.
3. Спорт тұлға аралық қарым-қа-
тынаста маңызды құрал болып табылады.
Жеке тұлға ретінде қалыптасуға зор ықпал
етеді. Адамның жалпы жеке өмірінің дина-
микалық элементі саналады.
4. Қоғамда, экономика мен дәстүрлік
құндылықтарда спорттағы жас ерек-
шеліктің маңызы зор. Бұл тәрбие құралы
болып табылады. Сондықтан да универ-
ситеттің дене мәдениеті мен спорт саласы
бойынша жеке саясатын қалыптастыру,
оны жүзеге асыру қажеттілігі пайда бола-
ды.
5. Университеттегі спортты дамыту
мақсатында көптеген кедергілерді жою қа-
жет. Біріншіден, спорттық құрал-жабдық-
тар, кәсіби маман, несиелеу, сондай-ақ уни-
верситет есебінен басшылықтың спортқа
дұрыс мән бермеуі.
ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ
Вестник КАСУ
74
6. Спортты экономика саласының бір
бөлігі ретінде саналы түрде қабылдауымыз
қажет. Спорт тек спорт саласы маман-
дарына ғана қатысты емес, басқа да са-
ланың кәсіби қызмет етуін қажет етеді.
(денсаулық сақтау, спорттық медицина,
өнім өндіру, спорттық кешендер салу,
спорттық құрал-жабдықтар жасау).
7. Студенттердің спорттық тәжіри-
беге қол жеткізуіне ықпал ету. Сондай-ақ
университетке оқуға түскенге дейін спорт-
пен шұғылданбаған студенттерді қамту.
Университетте білім беруде әрбір адам
үшін физикалық денсаулығын қажет етеді.
Университеттің спорттық өмірімен толық
таныс болуы үшін, әрбір оқу жылының
басында «Спорт күні» өткізіледі. Спорттық
бағытты таңдау үшін бірінші курста
теориялық білім мен практикалық тәжірибе
қатар ұсынылады. Бұл студенттің міндетті
білім алуына қажет.
8. Кәсіби спортшы саналатын сту-
денттердің оқу процесін ұйымдастыру
ерекшеліктеріне мән берген дұрыс. Жоғары
кәсіби дәрежедегі жүзеге асырылған спорт,
адамның басқа да әлеуметтік пайдалы қа-
сиеттерін жетілдіреді. Сонымен, универ-
ситеттегі оқу бағдарламасы мен спорттағы
жоғары деңгейді қатар үйлесімді дамыту
маңызды. Бұл үшін университет спорттық
саланы жетілдіріп, студент спортшыларға
ерекше құқық беруі тиіс. (сабақ кестесін
таңдау, тапсырмалар таңдау, бақылау, уни-
верситеттегі спорттық шараларға қатысу,
студент-спортшы мен университет ара-
сында келісім шарт жасау).
9. Университеттегі спорттық жарыс-
тардың өтуіне жағдай жасау. Бұл жарыстар
ерекше жағдайда өтіп, студенттерде «Уни-
верситеттік жанұя» сезімін қалыптасуына
ықпал етуі тиіс.
10. Студенттік өмірде спортпен шұ-
ғылдануға қолайлы жағдай жасау. Жеке
және ұйымдық спорт түрлерін тәжірибесіне
тарту. Спорт адамның жеке ерекшелігіне
қарай емес, барлығымен тіл табыса білуге
үйретеді. Осы мақсатта адамдардың қоғам-
дық және интеллектуалдық стратифи-
кациясына қарамастан біріктіріп, жұмыс
жасап жатқан студент пен оқытушы, уни-
верситеттің әрбір персоналы марапатталуы
тиіс. Бұқаралық спорттық шаралар студент-
тің өміріне өзгеріс енгізіп, бірлік пен ортақ
мақсатта жұмыс жасай білуге үйретеді.
11. Студенттерді спорттық ассоциа-
ция өміріне көп тарту қажет. Студенттерге
кейбір спорттық шараларды ұйымдастыру
жауапкершілігін жүктеу, олардың болашақ
басшы ретіндегі дағдыларын қалыптасты-
рады. Университет студенттері мен спорт
ассоциациясы арқылы басқа да қоғамдық
ұйымдар арасындағы қатынасты дамыту,
университет мәртебесін арттырып, таны-
малдығына ықпал етеді.
12. Университетке спорттағы жетіс-
тіктері арқылы қолдау көрсету арқылы
оның бейнесін қалыптастырады. Уни-
верситет потенциалды студенттермен қа-
рым – қатынас жасауды қажет етеді. Спорт
– қарым - қатынастың тиімді құралы болып
саналады.
13. Университеттің спорттық құрал-
жабдықтармен қамтамасыз ету жағын жақ-
сарту.
14. Университетте оқытушыларына
қойылатын талап қатал, сондықтанда уни-
верситеттің кадрлардың біліктілігін артты-
ру, сырттан мамандар шақыру мәселесіне
мән беру. Штаттағы оқытушылардың са-
нын арттырып, олардың мәртебесі (статус)
анықталуы тиіс.
Еуропа университеттерінің спорттық
базаларын дамыту мәселесі 2004 жылы
Француз Республикасының Ұлттық ассам-
блеясы делегациясының Еуропа Одағында
жасаған «Еуропадағы жоғары білім ту-
ралы» ақпараттық баяндамасында қарасты-
рылған. (депутат Мишель Эрбийон). Осы
баяндамаға тоқталар болсақ. Баяндамада
АҚШ университеттерінің спорттық шара-
ларды қамтамасыз етуге деген бірнеше
ерекшеліктерін келесідей қарастырады:
- университет кампустарын көптеген
спорттық құрал-жабдықтармен, спорт алаң-
дарымен қамтамасыз етілген. Бұл елдің ең
жақсы деген спорттық жасақтарымен бә-
секелесуге қабілетті. Америкалық универ-
ситеттердің инфрақұрылымын Еуропалық
университеттердің инфрақұрылымымен са-
лыстыруға келмейді. Спорт алаңдары, бас-
сейн, театрлар, кинотеатрлар, гольф, су
спорты базасы, мұражай, парк, және т.б.
АҚШ-тың Беркли университетінің ста-
дионы 80 000 орындық, Францияның басты
стадионы да осындай көлемде;
- американдықтардың сүйікті спорты
ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ
Вестник КАСУ
75
– америкалық футбол, баскетбол және
бейсбол. Бұлар университеттің спорттық
өмірінде ерекше орын алады. Америкалық
күрделі университеттер жоғары деңгейлі
спортшыларды таңдауға арнайы квота бө-
лінеді. Өйткені, спорт командалары уни-
верситеттің мақтанышы болып саналады;
- жалпы университеттегі жарыстар
кәсіби спорттың жоғары деңгейін көр-
сетеді. Себебі, мұнда спорттық базаларға,
спорт саласына, жоғары спорттық дайын-
дық сапасына арналған ғылыми зерттеулер
тек қана өз елдерінде ғана емес, шетел-
дерде кеңінен қолданылады. Бұл универ-
ситеттің имиджін қалыптастыру үшін жа-
салған жұмыс болып табылады;
- студенттердің әлеуметтік және
спорттық өмірі көбінде кампус түсінігімен
байланысты болып келеді, бұл Еуропада
АҚШ-қа қарағанда аса көп тарамаған. Бұл,
проблемалық мәселелерді студенттер мен
оқытушылардың өзара бірлесіп шешуге
мүмкіндік береді (есірткі қолданудың
алдын - алу, оқу үлгеріміне бақылау жасау,
оқу үлгерімін жақсартуға мүмкіндік бере-
ді). Студенттің уақытын тиімді өткізуге
мүмкіндік;
- америкалық университеттердің кам-
пусы әлемге танымал, бұл оның тартым-
дылығын арттыруды қамтамасыз етеді.
Университет қалашықтарында студент-
тердің толыққанды өмірі көрінеді, газеттер
шығару, мәдени – спорттық шаралардан
жарыстар ұйымдастыру. Университет ара-
лық жарыстар оның өмірінің құрамдас бө-
лігі болып саналады. Осының барлығы жо-
ғарғы сапалы студенттік өмірді көрсетеді;
- Осыған байланысты америкалық
университеттер спорттық жарыстарда да
ерекше нәтижелеріне сәйкес көптеген же-
тістікке жетіп, жоғары кәсіби білімді сту-
денттерді қабылдау квоталар бөлу мәселесі
қарастырылған;
АҚШ-та әрбір университет студент
таңдау мен қабылдауда университет та-
лабына сай еркін жұмыс атқарады, мұнда
тек білім деңгейі ғана емес, спорттағы же-
тістігімен қоса, талапкердің жеке әлеу-
меттік және мәдени шараларға қатысу жа-
ғына да мән беріледі.
Осыларды қорыта келе Эрбийона ба-
яндамасында еуропалық Одақтың рөлін кү-
шейтуді ұсынады. Бұл еуропалық универ-
ситеттердің беделін арттырады. Мұнда
Еуропалық
Одақ
университет
дәріс-
ханаларын жабдықтауға, кітапхана қорын
көбейту, спорттық шараларды құралдармен
жабдықтауды қаржыландыру жағынан ма-
ңызды рөл атқарады.осы аталған жоғары
білім орындардың көп салалығы білім
алмасу негізін көрсетеді. Осы баян-
дамадағы идеялар Ресей Федерация бұ-
рынғы президенті В.В. Медведевтің жоға-
ры білім саласына қойылған талаптарына
сәйкес келеді. Мұны жүзеге асыру мақ-
сатында Ресейде күрделі федералдық уни-
верситеттер жобасы жасалуда.
Біздің ойымызша, жоғары кәсіби бі-
лім жүйесін жүзеге асыруда, оның стан-
дарттарын қазіргі заманға сай өзгерістерін
ескеріп, жоғары да аталған аспектілеріне
мән берген жөн. Сондай –ақ кәсіби ат-
леттер лигасынан Стефан Дьяган және про-
фессор Жерардың «Университетте спортты
дамыту» атты баяндамаларына ерекше мән
беруді қажет етеді. Баяндамада Франция-
ның жоғары кәсіби білім жүйесіндегі уни-
верситеттердің
студенттерінің
сандық
көрсеткіші берілген.
2007-2008 оқу жылы бойынша Фран-
ция университеттері 1 400000 студент,
оның ішінде 878 053 студент лицензиат
деңгейінде, 452 886 – магистрант, 68 238 –
докторант екендігін көрсетеді.
Бірақ осылардың 20% ғана, яғни 280
000 студент спорт саласы бойынша білім
алуда. Студенттер арасында жүргізілген
жалпы сауалнама көрсеткіші бойынша
70%-ға жуығы университет қабырғасында
жүріп спортпен шұғылдануға қызығушы-
лық танытқан. Бірақ қалай айналысу жол-
дарын білмеуде.
Бұл дегеніңіз спорттық шаралардың
дұрыс ұйымдастырылмауы себептерімен
және спорттық инфрақұрылыммен толық
қамтамасыз етілмеуі салдарынан. Париж
университеттерінің біреуі де толық спорт
құралдармен жабдықталмаған.
Сауалнама нәтижесі бойынша Фран-
ция университеттерінің 28% ғана спорт
жабдықтарымен қамтылған, қалғаны басқа
мекемелердің еншісінде. Сонымен қатар,
университеттің спорт құрал-жабдықта-
рының 60% күрделі жөндеуді қажет етеді.
Шығынның 20 немесе 40% құрылыс жұ-
мыстарына кететіндігі анықталған. Ашыл-
ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ
Вестник КАСУ
76
ған спорт алаңдарымен басқа да залдардың
15% қайта жөндеуді қажет етеді. Көптеген
лицей мен колледждерге тиесілі спорт
залдар кешкі 5-6 дан кейін жабылып қала-
тыны анықталған. Университеттегі спортты
дамыту мәселесіне байланысты баяндама
авторлары қазіргі уақыттағы мемлекет
тарапынан бөлінетін қаржы мөлшеріне мән
берген. Мысалы, шамамен 4300000 еуро
жылына бөлінсе, орта есеппен бір
студентке шаққанда 2-3 еуродан келеді.
Баяндама авторларының пікірлері бойынша
осы көтерілген мәселені шешу жолдарын
ғана ұсыну емес, 1 студентке жылына мем-
лекет тарапынан кем дегенде 15 еуро бө-
лінсе дұрыс деп есептейді. Ал уни-
верситеттер өз бюджеті есебінен жылына
1% осы аталған қажеттіліктерді жоюға
аудара дұрыс. Бұл позицияны университет
қауымдастығы өкілдері сынға алатыны
белгілі, себебі университеттің білім бағ-
дарламасы бойынша оқитын студент үшін
барлығы тегін болуы тиіс деп есептейді.
Университетте студентке тегін спортпен
шұғылдануға толық мүмкіндік жасалуы
тиіс. Студенттің спортпен шұғылдану дә-
рісханасын, химия, биология пәндер бой-
ынша тәжірибелік сабақтар өтетін дәріс-
хана құрал-жабдықтары құнымен салысты-
руға мүлдем келмейді. Әсіресе күрделі
жөндеу немесе спорт кешенін салу ин-
вестициясын алатын болсақ. Жеңіл атле-
тика манежін салудың өзі шамамен 20 ау-
диториялы, 500 орындық амфитеатрды
салу құнымен тең.
Сондықтан авторлардың айтуынша,
мемлекет өзі үлгі көрсетіп, қолдау жасауы
тиіс. Сонымен қатар студенттің спортпен
шұғылдану құқығы оның университет
кітапханасы қорын пайдалану құқығымен
тең. (Франция университеттерінде студент
кітап қорын тегін және ақылы түрде қол-
дана алады). Спорттық кешендер, нысандар
салу, оны құралдармен жабдықтауды қар-
жыландыру мәселесі өзектілігін жоғалтқан
емес. Сонымен қатар студентке жылына
50-60 еуро жұмсалса, жоғары деңгейлі
кәсіби спортпен арнайы тәжірибе қалып-
тастыратынын айтады. Қорыта айтқанда,
елімізде де жоғары кәсіби білім беру
жүйесі саласы бойынша шетелдік тәжіри-
бені қолданып, спорттық шараларды ұйым-
дастырудың аталған аспектілерін ескеріп,
құқықтық тұрғыдан реттеуге мән беру
қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Бароненко В. А. Здоровье и физическая
культура студента. – М.: Инфра-М, 2009.
2. Виленский М.Я. Физическая культура и
здоровый образ жизни студента. – М.:
«Гардарики», 2007.
3. Виленский М.Я. Физическая культура в
формировании здорового образа жизни
студентов / М.Я. Виленский, И.Г. Бер-
дников // Физическая культура в про-
цессе обучения и профессиональной под-
готовке будущего учителя: сб. статей. -
М., 1982
4. Алексеев С.В. Международное спортив-
ное право: учебник/ Под ред. П.В. Кра-
шенинникова. – М.: Юнити – Дана: За-
кон и право, 2008.
5. Beloff Michael J., Kerr Tim, Demetriou
Marie. Sports law. Oxford; Portland
(Oreg.): Hart, 1999.
УДК 796
ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮГІРЕТІН СПОРТШЫЛАРДЫ РЕСЕЙ ЖӘНЕ
ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕ ДАЙЫНДАУ ЖАҒДАЙЫ МЕН
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Орман К.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың:
«Спорт - игілікті іс. Спортта мінез – құлық
қалыптасады. Спортпен айналысқан адам
ар-ұятқа тиетін іс жасамайды. Жастайынан
спортпен айналысқандар бүкіл ғұмыр бойы
табысқа жетуге талпынады. Мен мұны өз
тәжірибемнен білемін», - деуі тарих сах-
насының төрінен спорт қозғалысының
өзіндік орны бар екендігін дәлелдеп тұр-
ғандай.
ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА И ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ
Вестник КАСУ
77
Міне осындай қасиетке ие спорт түр-
лерінің бірі ұзаққа жүгіруде адам болмы-
сын тамаша етіп тәрбиелейді. Ұзаққа жү-
гірумен айналысатын қандай жастағылар
болсын бойына тек бәсекеге деген ұмтылыс
пен қайсарлық, қажырлылық, табандылық,
батылдық және адалдық сынды адам-
гершілік қасиеттерін қалыптастыра алады.
Телеуғалиев Ю. өзінің 10 сынып
оқушыларына араланған «Дене тәрбиесі»
оқу құралында: «Жүгіру – бұл үлкен ерік
пен жігер көрсету... салмақсыздықты, өз
денеңнің қозғалыс жылдамдығын сезіну,
бәрін ұмыта ұмтылу, уақыт ағысын артқа
тастау, ең ақырында, жеңістің жақын еке-
ніне сену... қуанышы!» - деп жазады.
Әрине мұның мәнін жүгірумен айна-
лысатын адамдарың бірден түсіне кететіні
бәрімізге мәлім. Біз осыдан да жүгірудің
ерекше мінездемесін анық көре аламыз.
Сонымен, жүгірудің әсіресе ұзаққа
жүгірудің мән-маңызын түсіндіру әрі
қарапайым әрі елеулі ерекшелікке ие үрдіс.
Ал, ұзақ қашықтыққа жүгіру спорт түйі-
рінен жоғары жетістікке жету үшін жүйрік
өзінің дене қуаты дайындығын жоға-
рылатумен қатар, жаттықтыру үрдісі кезін-
де техникалық-тактикалық дайындықтарын
да жоғары деңгейде дамытуы керек бо-
лады. Бұл үшін жаттықтыру үрдісінің әрбір
кезеңіндегі жаттығу барысында тех-
никалық дәлдік пен тактикалық шеберлікті
үнемі шыңдап, аталмыш дайындықтардың
деңгейін сақтап отыру әрі үздіксіз жоға-
рылатып отыруы керек.
Қазіргі кездегі көптеген архео-
логиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсе-
кесінің ежелгі дәуірден бастап дамы-
ғандығын көрсетеді. Б.з.б. 776 жылғы І
олимпиадалық ойындар бағдарламасында
жүгіруден жарыс өткізілген. Ол кездегі жа-
рыс жолының ұзындығы 192.27 м қашық-
тыққа тең болып, ол "стадиром" деп атал-
ған. Яғни сол кездегі стадионның жүгіру
жолының жалпы ұзындығына сәйкестіріп
алынған.
17 ғасырдың орта кезінен бастап,
Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда бо-
лады. Олар көбіне ұзақ қашықтықтарға
сынға түскен. Қазақ халқының ауыз әде-
биеттерінде желаяқтар жарысы туралы
аңыз, әңгімелер бұрыннан белгілі.
ХІХ ғасырдағы батыс елдерінің сая-
хатшыларының жазба жұмыстарында Орта
Азия халықтарының өмірінде, оның ішінде
қазақ халқы туралы: «... олар топ болып,
жиналып күресетінін, қуаласпақ ойна-
ғанын, ара қашықтыққа жүгіріп жарыс-
қанын» жазған, мысалға, 1000 метрден
5000 метр аралығына жүгіру «Жаяу жа-
рысы» кең жазықта мереке кезінде өт-
кізілген екен. Ал, ереже бойынша жүгіру
өнері қазақ топырағына 19 ғасырдың со-
ңына таман жетті. Ресми жарыстар 20 ға-
сырда өтті.
1912 жылы Семей қаласында «Неп-
тун» спорттық клубы құрылған кезде, оның
жеңіл атлетика бағдарламасы бойынша 100
метрден
10000
метр
қашықтықтарға
жүгірулер жарысы жыл сайын өткізіліп
тұрған. Сонадай-ақ «Динамо», «Спартак»
«Колхозшы» спорт қоғамдарының жүйрік-
тері де ұзақ қашықтыққа жүгіруден көпте-
ген жетістіктерге жеткен.
1966-2000 жылдары аралығында ұл-
тымыздан шыққан С. Исамбеков (5000 м,
10000 м), Ә. Байтков (20000 м), Е.
Жамбылов, Б. Күреңкев қатарлы саңлақта-
рымыз КСРО кезінде әр түрлі қашық-
тықтарға жүгіріп, елеулі табыстарға қол
жеткізді. Солардың ішінде XVII олимпиада
ойынының күміс жүлдегері Ғ. Қосанов
(1960 ж. Рим. 200 м.), 1966 жылғы Еуропа
кубогінің иесі Ә. Тұяқбаевтардың (100 м)
тамаша табыстарын атап өтуге болады.
Ал қазіргі кездегі Қазақстан жерін-
дегі аталмыш спорттың жағдайы онша
көңіл қуантпайды. Соңғы реткі Пекин,
Лондон олимпиадаларына барған жеңіл ат-
леттеріміздің арасында ұзақ қашықтыққа
жүгіретін бірде бір спортшыларымыз жоқ.
Тек бұл ғана емес, 01.01.2009 жылға
дейінгі жарыс қорытындыларынан біздің
елдің жүйріктерінің рекордтық көрсет-
кіштері мен Әлемдік және Азиялық рекорд-
тардың уақыт айырмашылығының сонша-
лықты алшақ екендігін анық көре аламыз.
Мұндай айырмашылық тек ерлер то-
бында ғана емес, әйелдер, жас жеткін-
шектер, қыздар көрсеткіштерінде де анық
көрінеді. Міне осыған қарап біздің елдегі
ұзаққа жүгірушілердің қазіргі нақтылы
жағдайын біле аламыз.
|