ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Вестник КАСУ
204
теседі. Позиция - үйрету реті, ауыстыру
амалдары. Позиция ауыстырудағы негізгі
мақсат - бір дыбыстан екінші дыбысқа еле-
усіз, үйлесімді, өте жеңіл, жайлап ауысып
өту керек. Ұлы халық орындаушылары өз
халқының тарихын, тұрмыс - тіршілігін,
ауыз әдебиетін, әдет ғұрпын, салт -
дәстүрін, ән - күй өнерін жақсы білді. Ал,
дарынды композитор орындаушы өзі шы-
ғарған ән - күйлерін өзі елге тарататын
дәстүр болған. Кезінде халқымыздың тума
талант ұл - қыздары артына ән - күй өне-
рінің қайталанбас тамаша үлгілерін қал-
дырды. Көп ғасырлық күй тарту шеберлі-
гінің арқасында небір жақсы әдіс - тәсілдер
қалыптасты. Күй тарту шеберлігінің дәс-
түрі жылдар бойы қалыптасқан, кейінгі ұр-
паққа мұра болып қалмақ. Жоғарыда атал-
ған күй тарту шеберлігінің негіздері күй та-
қырыбының мазмұнын мүмкіндігінше то-
лық аша алатындай болуы керек. Аспапта
ойнау шеберлігінің дәстүрлі әдістерін қол-
дан келгенше сақтап, ойнауға күш салып,
оның негізгі қағидаларын оқушыға жақ-
сылап меңгерту керек [5, б. 66].
Балалар музыка мектебінде қобыз ас-
пабын үйрену әдістемесін құрудың басты
мақсаттарының бірі - жан-жақты білімді,
ой түсінігі көркем композиторлық шығар-
машылықтың әртүрлі стильдері мен ба-
ғыттарын бағдарлай біле алатындай қа-
білетті қобызда орындаушы маман дайын-
дау болып табылады. Музыка төңірегінде
болып жатқан барлық жақсылықтарды на-
сихаттаушы және оны жеткізуші осы жас
музыкант орындаушы. Балалар музыка
мектебінде қобыз аспабын оқыту тәжіри-
бесінде әр түрлі әдістеме қолдану – білімді,
тәжірибелік, және теориялық тәртіпті мең-
герген жоғары кәсіби маман дайындауға
үлкен ықпалын тигізеді. Оқушы қобызда
ойнау тәсілдерін қолдана отырып аспапты
игеру мен шығармашылық өсуде жоғары
кәсіби дағдыланады. Қазақтың қобыз музы-
касын теориялық жағынан саралау сала-
сында музыкатанушы Т. Жұмәлиеваның
жасаған тәжірибесінің белгілі дәрежеде
мәні бар. Нәтижесінде ғалым осындай ой
білдіреді: «Ықыластың күйлерінде роман-
тикалық пафос, музыкалық бейнелердің
байлығы пәлсапалық ой, жаңашыл тә-
сілдер, аспапты әуеннің жанрлық тұрғыда
жаңару мен дамуы анық көрінеді. Өз за-
мандасының жан дүниелік толқуын дәл
көрсету, оның ішкі сезімдік әлеміне кіре бі-
луі – Ықылас күйлеріне тән қасиет. Та-
биғаттың суреттері, эпикалық жырлар, көр-
кемдік тәсілдер психологиялық мақсатта
құрылып, ұлы күйші сазында субъективтік
және объективтік көркемдеудің үйлесімді
қосылуын тудырды. Оның туындылары те-
рең ойлы болып келеді, ол ұлттық өмірін,
ойларын, толғаныстарын музыкамен көр-
сете білген тұлға. Балалар музыка мек-
тебінде қобыз аспабын үйрену әдісте-
месінің мазмұны өткенді шолатын, бола-
шақты болжайтын кәсіби бағыт бірлігінде
пайда болған музыкалық педагогиканың
маңызды принциптерімен бекітіледі. Менің
сіздерге ұсынып отырған баяндама музы-
калық мектепте аспапта ойнауды үйрену
педагогика – психологиялық қағидаларға
негізделген.
Аспапты үйретудің психологиялық
ерекшеліктері
Ұстаз алғаш оқушымен кездесуге мұ-
қият дайындалуы тиіс. Өйткені, оқушы
үшін бұл елеулі оқиға болып саналады.
Оқушы музыка мектебіне алғаш келгенде
қызықты да ғажайып құбылыспен жүзде-
сетіндей жұмбақ көңілмен табалдырықты
аттайды. Алғашқы сабақтың әсері оқу-
шының жадында ұмытылмастай терең із
қалдырады, тағылымы есте берік сақ-
талады. Ол заңды құбылыс. Қабылдау мүм-
кіндігіне қарай баланың ойында өз ұста-
зына және оның алғашқы сабағына деген
оң немесе теріс пікірі қалуы сөзсіз. Сон-
дықтан ұстаз алғашқы кездесуде балаға
жақсы әсер қалдыруға ұмтылуы керек. Ол
оқушының тек қана игі әсер алуына, сы-
ныпта өзін еркін ұстауына, сабақта бел-
сенді де ынталы отыруына, берілген музы-
калық тақырыпты жете игеруіне көмек-
тесуге міндетті. Оқушылар жаңа жағдайда
бір - біріне тез үйренеді. Сабақ барысында
музыка әуенімен салтанатты жүру, музы-
калық ойын, музыка сүйемелдеуімен ән
салу, әр оқушының сол әуенді күйсандықта
теруі, сол сияқты есту қабілетін дамыту,
нота бойынша сауаттандыру - жетілдіру
жағы да ұмыт қалмайды.
Аспапта үйретудің педогогикалық
ерекшеліктері
ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Вестник КАСУ
205
Сабақ беру әдістемесі педогогикалық
амал-тәсіл жүйесінен тұрады. Соның кө-
мегімен ұстаз өз білімін жеткізеді. Осын-
дай тәжірибелердің негізінде қобызда ой-
наудың да қиындығы – сол және оң қол-
дың бір мезгіл әр түрлі қимыл - әрекеттер
жасауы керектігінде, дыбыс әдемі шығуы,
тырнақ көбесін дұрыс қолдана білуге бай-
ланысты екендігі анықталады. Бала тәр-
биесіндегі қоршаған ортаның алатын орны
ерекше екені баршамызға мәлім. Әрине бі-
рінші орында отбасы мен мектеп. Ұстазға
оқушының ата – анасымен тығыз байла-
ныста болуы оған оқушының үй және тұр-
мыс – жағдайын жақсы білуге көмектеседі.
Мұндай өзара байланыс оқушының мінез -
құлқын қалыптастыруға ықпал етеді, көз-
қарасы мен талғамын ұштауға, білім мен ой
өрісін кеңейтуге, тіпті жан - жақты же-
тілуіне музыка құдіретімен әсер беруге кө-
мектеседі. Ал мұндай жағдайға жету үшін
ұстаздың оқушы алдында беделі жоғары,
оқушы қызығатын өмірлік әлеуметтік мә-
селелеріне қанық болуы керек. Тіпті дауыс
қою, отырып - тұру, бет - әлпет қимылы си-
яқты ұсақ түйнектердің өзі ұстаздың бе-
делін құрайды. Оқушының санасына әуенді
тыңдаған үлкен ләззат беретінін айту,
көңіліне терең түсініп, өзін осы туын-
дының авторы ретінде сезініп, толық ұғы-
нып орындаған жағдайда ғана орындаушы
бұл ләззатты жеткізе алады. Бұл үшін му-
зыкалық орындау, образ бойынша терең
жұмыс жүргізу керек.
Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие бе-
рудің жолдары өте көп. Себебі адам сезімін
тәрбиелеу мәселесі көпжақты факторлар-
мен шешімін табады. Соның ішінде өнер
басты рөл атқарады. Өнер арқылы адам өзі-
нің шынайы көңіл - күйін білдіреді, оның
күрделі тілін түсіне білуге ұмтылады, ру-
хани жан дүниесін эстетикалық талап тұр-
ғысынан тәрбиелей алады. Жастарымыз-
дың бойына адамгершілік, ізгілік қа-
сиеттерді кеңінен дамыту үшін, отанына,
еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін артты-
ру үшін, өз халқының мәдениетін, әдеби-
етін, тарихын жетік меңгеру үшін осындай
ұлттық өнерді насихаттап, оларға жас та-
ланттарды баулудың еш артықшылығы
жоқ. Жастарымызды жігерлендіріп, өнерге
деген қызығушылығын арттырып, халық
тәрбиесінде өзіндік орнын алатындай етіп
тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Сөзі-
мізді қорытындылай келе өнер арқылы жас
жеткіншектерге жан - жақты дұрыс тәрбие
беріп, білікті азамат етіп тәрбиелеуге ат са-
лысайық. Өйткені, ұлттық өнеріміз арқылы
жас жеткіншектерді тапқырлыққа, білімді-
лікке, адамгершілікке тәрбиелейміз. Сон-
дықтан халқымыздың маңдайына біткен
өнерін өшіріп алмай, келер ұрпаққа жет-
кізейік!
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ахмедияров. Қ. Күй ұран.- Алматы,
2001.- Б. 336.
2. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. – Ас-
тана, 2002.- Б. 832.
3. Мағауин М. Қобыз сарыны.- Алматы:
«Мектеп», 2003. - 192 б.
4. Бисембайқызы З. Қобыз үйренейік. –
Алматы, 2002. - 59 б.
5. Қазақ музыкасы. Антология I - том Көне
музыкалық фольклор. – Алматы, 2005.
УДК 159.98
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Токушева Ш.К
Музыка – адам сезiмiнiң нәзік тiлi,
яғни адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық
тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың
атқаратын рөлі аса зор. Сондықтан жаста-
рымызды музыка мәдениетіне тәрбиелеу
iсiн жан-жақты ойластырып, олардың му-
зыкалық талғамын әрдайым дамытып оты-
руға мейлінше көнiл бөлуiмiз керек.
Білім саласындағы әлемдік дамуды
ескерту, Қазақстан Республикасындағы жо-
ғары білім беруді, соның ішінде музыкалық
білім беруді реформалау жоғары мектеп-
ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Вестник КАСУ
206
тегі музыкалық - педагогикалық процес-
терді ұйымдастырудың қалыптасқан негіз-
дерін әдіснамалы - теориялық тұрғыдан те-
рең пайымдауды қажет етеді.
Қазіргі таңда болашақ музыка мұ-
ғалімдерін даярлау ісі белгілі бір жүйеге
келтіріліп жатқанымен бұл салада лайықты
оқулықтар, оқу құралдары жоқ деуге бо-
лады.
Музыкалық білім беру педагогикасы
– педагогика, психология, музыкатану ғы-
лымдарын ұштастыратын қалыптасу үстін-
дегі ғылым саласы. Өкінішке орай, оның
дербестігі, мазмұны, объектісі, пәні, тіпті
терминологиясы жөнінде әлі де бірыңғай
пікір - пайымдаулар қалыптасқан жоқ.
Музыканы оқыту білім беру мазмұны
мен мақсатын дұрыс анықтаумен ғана шек-
телмейді. Оқыту мақсаттарына қандай
амал, жолдармен жету керектігі музыкалық
білім беру дидактикасындағы ең маңызды
мәселе болып табылады. Себебі білім бе-
рудің тиімділігі әрдайым оқыту әдістерін
дұрыс таңдауға тікелей байланысты бо-
лады.
«Әдіс» термині гректің «metodos»,
яғни ақиқатқа, күтілетін нәтижеге қол жет-
кізудің жолы, амалы деген ұғымды біл-
діреді. Педагогикалық әдебиеттерде әдіс
ұғымына берілген көптеген анықтамаларды
кездестіруге болады. Жалпы алғанда оқыту
әдістері білім берудің мақсаттары мен мін-
деттерін шешуге бағытталған жолдар және
амалдар жиынтығы болып табылады.
Оқыту әдістері келесі үш белгімен
сипатталады. Олар: оқыту мақсаты, мең-
герту амалы және оқыту субъектілерінің
өзара әрекеттесу сипаты. Демек, оқыту
әдістері төмендегілерді қамтиды:
- мұғалімнің оқыту жұмысының жә-
не оқушылардың оқу жұмыстарының өзара
байланысты амалдары;
- олардың оқытудың түрлі мақсат-
тарына жетудегі жұмыстарының ерекше-
ліктері.
Мұғалім мен оқушылардың іс-әре-
кетінде қолданылатын оқыту әдістері – ақ-
параттандыру (мұғалім оқу материалын ба-
яндайды, түсіндіреді); оқушыларға прак-
тикалық дағды, іскерліктерді үйрету; оқу-
шылардың танымдық іс-әрекетін дамыту;
мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әре-
кетіне жетекшілік ету функцияларын орын-
дауы.
Оқыту процесінің мәні және оқыту
мақсаттарының көп аспектілі «оқыту әдіс-
тері» ұғымын түсіндіруде сан түрлі трак-
товкалардың қалыптасуына ықпалын тигі-
зеді:
- «… білім мазмұнын меңгертуді қам-
тамасыз ететін мұғалім мен оқушының өза-
ра байланыстағы бірізді әрекет ету жүйесі
(Педагогикалық энциклопедиялық сөздік)»;
- «… білім мазмұнын меңгертуге тұ-
рақты түрде жүргізілетін, яки мақсатқа қол
жеткізетін оқушының танымдық және
практикалық іс-әрекетін ұйымдастырудағы
мұғалімнің бірізді әрекеті» (И.Я. Лернер);
- «… мұғалімнің оқушының таным-
дық әрекетіне жетекшілік ету амалы» (Т.А.
Ильина);
- «… мұғалімнің зерттелетін мате-
риалды меңгертуге бағытталған, түрлі ди-
дактикалық тапсырмаларды шешу бой-
ынша оқушының оқу - танымдық іс-әре-
кетін ұйымдастыру және оқыту жұмы-
сының амалы» (И.Ф. Харламов);
- «… білім мазмұнының белгілі бір
бөлігін жеткізуге бағытталған және нор-
мативтік жоспарда көрініс тапқан, оқу жұ-
мысының нақты формаларында жүзеге
асырылуы мақсатындағы оқыту мен іс-әре-
кеті үлгісі» (В.В. Краевский);
- «… оқу процесінің жетекші міндет-
теріне, мақсаттарына сай пәннің мазмұнын
меңгертуді ұйымдастыру амалдары» (Э.Б.
Абуллин).
Жоғарыда келтірілген тұжырымдар-
ды салыстырмалы түрде талдау, арқылы
оларда мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
(оқыту процесінің мәні, оның екі жақты си-
паты), оқыту процесінің нәтижесі (дамыту-
шылық, білімділік, тәрбиелік) көрініс тап-
қанына көз жеткіземіз. Осы ретте музы-
каны оқыту әдістерін оқу процесінің же-
текші міндеттері мен мақсаттарына сай му-
зыка пәнінің мазмұнын меңгертуді ұйым-
дастыру амалдары деген анықтаманы не-
гізге алуға болады. Себебі онда музыкалық
білім мазмұны сияқты оқу процесінің не-
гізгі құрылымдық компоненттері көрініс
тапқан.
Мұғалім мен оқушының біріккен іс-
әрекетін бейнелейтін оқыту процесінің екі
жақты сипаты оқыту әдістерінің де дәл
осылай екі жақтығын анықтайды. Осыған
ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Вестник КАСУ
207
байланысты мұғалім тарапынан ақпарат-
тық, басқарушылық, оқушылардың таным-
дық қабілетін дамыту, т.б. және оқушылар
тарапынан білімді алу, меңгеру, тыңдау,
бақылау, практикалық, лабораториялық
жұмыстар орындау сияқты әдістерді атап
кетуге болады.
Сөздік әдістер. Бұл әдістің көмегімен
ақпараттар жеткізетін құралдар мұғалімнің
сөзі және баспа сөздері болып табылады.
Оларға әдістер жүйесінде жетекші орын
алатындар кіреді: әңгіме, әңгімелесу, тү-
сіндіру, дискуссия, лекция, кітаппен жұ-
мыс.
Көрнекілік әдістер әр түрлі суреттер,
репродукциялар, кестелер, үлгілердің кө-
мегімен табиғи түрде немесе символдық
түрде бейнеленген қоршаған ортадағы құ-
былыстармен қылылығын, өнердің, қо-
ғамдық сананың басқа да түрлерімен ұқсас-
тығы мен айырмашылығын ұғындырады.
Талдап қорыту әдісі музыкалық
сабақтарды ұйымдастырудың жетекші әдісі
ретінде оқушылардың музыка өнеріне
саналы қарым-қатынасын дамытуға, көр-
кемдік ой-өрісін қалыптастыруға бағыт-
талады. Музыкалық талдап қорыту әдісі,
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру
адалдарының жиынтығы ретінде, олардың
музыка жөніндегі негізгі білімін мең-
гертуде, жеткіші іскерліктерін қалыптас-
тыруда қолданылады. Бұл әдіс бірізділікті
әрекеттерден құралады.
Бірінші әрекет оқушыларға тән бағ-
дарламасының тақырыптарымен танысу,
тереңдете меңгертуге қажетті музыкалық
тәжірибесін белсенділікпен пайдалануға
талпындыру мақсатын жүзеге асырады.
Аталған әдісті қолдануда мұғалімге
нақты жағдайға сәйкес ең қолайлы, тиімді,
қажетті жақтарын таңдай білу міндеті
жүктеледі. Педагогикалық бақылау және
баға беру тәсілдері музыка сабақтарында
оқушылардың жетістіктері мен кемшілік-
терін есепке алуды қолданылатын әдіс.
Олар оқушылардың музыкалық даму ба-
рысында түзетулер енгізуде қосымша роль
атқарады. Бақылау мен тексеру оқу про-
цесінің өзінше жеке элементі болып шет
қалмауы, керісінше білімділік, дамыту-
шылық, тәрбиелік, талпындыру функция-
ларын атқарып отыруы тиіс.
Музыкалық білім беру жетістіктеріне
қол жеткізу оқыту әдістерін қолайлы етіп
таңдап алуға байланысты. Ол үшін келесі
өлшемдерді негізге алуға болады:
- оқу материалының мазмұны мен
жалпы мақсаттары;
- оқу пәнінің ерекшелігі;
- дидактикалық талаптар;
- оқушының жас ерекшелігі;
- оқушылардың музыкалық білім са-
ласындағы теориялық, практикалық даяр-
лық деңгейі;
- оқушылардың музыкалық тәрбиелік
деңгейі;
- оқушылардың жеке дара ерек-
шеліктері;
- мектептің әлеуметтік ортасы, мате-
риалдық-техникалық базасы;
- музыка пәні мұғалімінің кәсіби ше-
берлік және тәжірибе деңгейі.
О.А. Апраксина музыка сабақта-
рының басқа да ерекшеліктерін ашып көр-
сетті:
- Бірінші ерекшелігі – музыка сабағы
өнер сабағы. Себебі музыка өнері оқушы-
ның сезімі мен эмоциялық сферасын қам-
титын болмысты бейнелейтін ерекше фор-
масы. Музыкаға оқытуда танымдық про-
цестің өзі тек ой-сананың әрекеті ғана емес,
эмоция мен ойдың, сана мен сезімнің бір-
лігінде жүзеге асырылады;
- Екінші ерекшелігі – музыка адам-
ның психикасына, моторикасына және фи-
зиологиялық процестерге кешенді түрде
ықпал етеді. Яки адамды түрлі психикалық
кейіпке түсіреді, оның бойында түрлі пси-
хикалық процестер мен физиологиялық
процестер жүріп жатады;
- Үшінші ерекшелігі – міндетті түрде
саналылық пен эмоционалдық бірлестік бо-
луына байланысты, сабақтың әр элементі
балалардың белсенді қызығушылықты қа-
рым-қатынасын тудырады;
- Төртінші ерекшелігі – музыка са-
бағында эмоционалдық пен саналылықтың
бірлігі ғана емес, көркемдік пен техни-
калық бірлік те орын алады. Сондықтан
тыңдауға, ән салуға арналған репертуар
мен қатар жаттығулар да көркем болуы
тиіс. Тіпті унисонда орындалған бір дыбыс-
тың өзі де әдемі, әрі көркем орындауды та-
лап етеді. Ондай көркемдік орындаушылық
техникасын меңгеруге тікелей тәуелді бо-
лады. Сондықтан оқу материалдары ретін-
ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Вестник КАСУ
208
дегі музыкалық шығармалардың мәнері об-
раздылығы, көркемдік пен техникалықтың
бірлігінде жүзеге асырылуы тиіс.
Сонымен, музыка сабақтары мек-
тептегі өзге пәндермен ортақ белгілерін
сақтай отырып, өзіндік ерекшеліктерін де
сақтауы тиіс. Ондай ерекшелік, біріншіден,
оқу материалы; екіншіден, оқушының та-
нымдық, сондай-ақ оқушының жалпы және
арнайы қабілеттерінің дамуы; үшіншіден,
оқыту әдістері; төртіншіден, қолданылатын
техникалық құралдар; бесіншіден, музыка
пәні мұғалімінің тұлғалық, кәсіптік мүмкін-
діктері арқылы көрініс табады.
О.А. Апраксина өнер пәні ретінде му-
зыка пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін және
оқыту заңдылықтары мен принциптерінен
туындайтын білім беру, тәрбиелік, ұйым-
дастыру талаптарын былай қарастырады:
- музыка сабағының білім беру мін-
деттерінің нақты айқын болуы;
- музыка сабағының мазмұны оқу
бағдарламасына, сабақтың мақсатына, оқу-
шының даярлық деңгейлеріне сәйкес анық-
талуы;
- музыка оқыту әдістерін қолайлы
етіп таңдау;
- педагогикалық байланыстардың бо-
луы;
- музыкалық білім беру педагоги-
касының ғылыми жетістіктерін пайдалану;
- жеке тұлғаның барлық сферасын да-
мыту;
- жалпы педагогикалық іскерліктер-
дің дамуы;
- музыкалық білім, іскерлік, дағды-
ларын меңгерту;
- музыкалық тәрбие міндеттерінің
нақты қалыптасуы;
- музыкалық дүниетанымын дамыту;
- оқушылардың танымдық қызығу-
шылықтарын қалыптастыру;
- музыканы оқытудың психологи-
ялық ерекшеліктерін ескеру;
- педагогикалық әдеп, оқушылардың
адамгершілік сапа - қасиеттерін дамыту;
- музыка сабақтарын нақты жоспар-
лау;
- музыка сабақтарының белгіленген
құрылымын сақтау;
- музыка оқытудың түрлі құралдарын
қолдану;
Музыкалық білім беру педаго-
гикасында музыка сабақтарын өзінің ди-
дактикалық мақсаты, мазмұны және оқыту
әдістемесіне қарай түрліше жүйелеу ұсы-
нылған. Соңғы жылдары педагогикалық
технология идеясының жандануы, білім
беру саласына ғылыми-техникалық жетіс-
тіктердің ендірілуіне байланысты сабақ бе-
руді жетілдіру, оны ұйымдастырудың тың
жолдары іздестірілуде.
«Музыкалық білім беру педагоги-
касының жанры» - дегеніміз музыкалық –
педагогикалық туынды ретіндегі сабақтың
өзіне тән образын, эмоционалдық сфера-
сын, музыкалық - педагогикалық құрылым-
дарын бейнелейтін мазмұны мен ұйымдас-
тырылуының жиынтықты сипаттамасы.
Сөйтіп, сабақтың музыкалық – педагоги-
калық поэма құрылымдарына сәйкес, ода,
аңыз, фреска, вернисаж сияқты түрлі жанр-
ларды тиімді пайдалана білуге болады. Со-
нымен бірге рондо, вариация, реприза си-
яқты музыкалық формалардың құрылымы
музыка сабақтарының құрылымына сай
келеді.
Музыка сабағы - музыкалық білім бе-
ру процесін ұйымдастырудың негізгі фор-
масы. Оның мақсаттары мен міндеттері,
мазмұны, әдіс-тәсілдері музыка сабағының
типтері мен құрылымын анықтауға арқау
болады. Басқа да оқу пәндері сияқты му-
зыка сабақтары мұғалімнің жоғары музы-
калық - педагогикалық даярлығын, оқушы-
лардың педагогикалық-психологиялық ере-
кшеліктерін білуді, музыка сабақтарын
ұйымдастырудың бұған дейін белгілі бол-
ған амал - жолдарын біліп қана қоймай,
оның жаңа жолдарын іздестіруді, сөйтіп
музыка сабақтарын оқыту тәжірибесін үне-
мі байытып отыруын талап етеді.
Музыка пәні мұғалімінің сабақтарды
өткізуге даярлығы басты екі кезеңнен оқу
пәнін жүргізудегі жалпы және әрбір жеке
сабақты өткізуге даярлығынан құралады.
Жалпы даярлық барысында мұғалім оқу-
шылардың пәнге деген қызығушылығын,
қарым-қатынасын, бейімділіктерін және
музыкалық даму деңгейлерін зерттейді.
Музыка пәні мұғалімінің әрбір жеке са-
баққа даярлығы да едәуір ізденісті, шы-
ғармашылықты талап етеді. Бұл жұмыстың
алғашқы кезеңінде оқу материалының маз-
мұны ойластырады. Әрине, мұғалім тек
бағдарламада қарастырылған оқу материа-
ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Вестник КАСУ
209
лымен шектелмей, оқулықтарда, көмекші
құралдарда берілген дидактикалық мате-
риалдарды мейілінше терең меңгеруі тиіс.
Музыка сабақтарын жүргізу үшін
типтік бағдарлама негізінде құрылған күн-
тізбелік - тақырыптық жоспарда бірізді-
лікпен жоспарланған тақырыптардан білім-
ділік, тәрбиелік мақсаттары, қысқаша маз-
мұны, сабақтың түрі, әдістері, қолда-
нылатын көрнекіліктері, оқушылардың өз
бетімен орындайтын жұмыстары, білім же-
тістіктерін бақылау және тексеру формасы,
әр тақырыптың өтетін мерзімі көрініс та-
бады.
Музыка пәні мұғалімі сабақты жос-
парламас бұрын, ең алдымен оқушылар
белгілі бір тақырыпты зерделеу барысында,
яки есте сақтау, білу оқу дағдылары және
алған білімдерін түрлі ситуацияларды қол-
дану сияқты нәтижелерге қол жеткізуі ке-
ректігін нақтылап белгілеп алғаны жөн.
Жеке сабақтарды ұйымдастыру күн-
тізбелік - тақырыптық жоспардың негізінде
жүзеге асырылады. Әсіресе, қызметін жаңа
бастаған оқытушылар сабақтың мазмұнын,
оқыту әдіс-тәсілдері нақтылы белгіленген
конспект дайындаған дұрыс.
Оқытудың нәтижелерін бақылау мен
тексеру оқыту процесінің міндетті компо-
ненттерінің бірінен саналады. Оның мәні
пән бойынша оқушылардың меңгерген бі-
лім деңгейлерінің білім стандартына сәйкес
құрылған бағдарламалық талаптарға сай
болуын анықтау болып табылады. Кейінгі
кезде оқыту процесінде осы жұмысты тиім-
ділікпен жүзеге асыруда «педагогикалық
диагностика» жиі қолданылып жүр:
1) алдын-ала тексеріс, мұғалімнің са-
бақты өткізуге дайындаған жоспары, ма-
териалдары қаралады және түсіндірудің,
бекітудің, оқушылардың өздік жұмыс-
тарының тәсілдері, әдісі, формалары жө-
нінде әңгімелесу жүргізіледі;
2) ағымдағы тексеріс, сабақтардың
жүргізілу барысы тікелей бақыланады, оқу-
шылардың білімі, дағдыларының деңгейі,
оқушылардың шығармашылық тапсырыс-
тарды орындау сапасы тексеріледі. Бұндай
тексерудің
барысында
оқушылардың
ұжымдық топпен бірге және жеке орын-
дайтын музыкалық іс-әрекеттері есепке
алынады;
3) қорытынды тексеріс, жарты жыл-
дықта немесе оқу жылының аяғында оқу-
шыларға білім мен тәрбие беру жұмыс-
тарының нәтижелері сарапталады. Оларды
сабақ - концерт түрінде де өткізуге болады.
Себебі музыка сабағында музыкалық іс-
әрекеттер негізінен ұжымдық түрде жүзеге
асырылатындықтан, тексеруді де ұжымдық
формада ұйымдастыру мүмкіндіктері бар.
Дидактикалық тесттер оқыту нәти-
желерін тексеру мен баға беруде кейінгі
жылдары көптен қолданылуда. Оларды
жалпылама төрт типке бөліп қарастыр-
ғымыз:
- есте сақтауға және еске түсіруге ти-
істі мағлұматтар, фактілер, ұғымдар, заң-
дар, теория туралы білімдерді тексеру;
- зерделенген материалдарға өз беті-
мен сыни тұрғыдан баға беру іскерліктерін
тексеру;
- алынған мағлұматтар негізінде бі-
лімдерін жаңа нақты ситуацияларды пай-
далана білу іскерліктерін тексеру.
Оқушылардың білім, іскерлік, дағды
деңгейлерін тексеру, оқыту процесінің құ-
рамдас бөлігі бола отырып, оқушылардың
оқу жұмысын тек қана тексеру емес, тәр-
биелік, дамытушылық қызметтер де ат-
қарады.
Педагогика ғылымында оқу жоспа-
рын құрудың бірнеше амал жолдары қа-
лыптасқан. Аталған бағдарлама осы спи-
ралды құру жолымен құрастырылып және
педагогика ғылымында білім мазмұнын құ-
ру, дайындау бойынша қалыптасқан ерек-
шеліктерді басшылыққа алған.
Ш.Б. Құлманова – жалпы білім бере-
тін мектептердің музыка пәні бағдарла-
маларының көрнекті авторларының бірі.
Ол XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы му-
зыка пәні оқу бағдарламаларына және
қазақ халық музыкасына негізделген типтік
бағдарламаларға жасаған талдауы арқылы
музыкалық педагогика тарихын зерделеуге
және музыкалық білім беру мазмұнын
анықтау жөніндегі педагогика ғылымының
қағидаларына сүйене отырып, қазақстан-
дық ғалым-педагогтардың (М. Оразалиева,
Б. Сүлейменова) қатысуымен музыка пәні-
нің типтік бағдарламасын жасап ұсынды.
Аталған бағдарлама Қазақстан Республи-
касы мектептерінде қолданыс табуда. Бағ-
дарламаны әдістемелік қамтамасыз ету
үшін әдістемелік тұрғыдан негізделген,
|