Научный журнал выпуск 5 вопросы психологии. Личность, образование, общество


ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ



Pdf көрінісі
бет38/53
Дата31.03.2017
өлшемі3,61 Mb.
#10697
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53

ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
210 
түрлі  нұсқаулар,  хрестоматиялар,  білім 
стандарты жарық көрді. 
XX ғасырдың 90-шы жылдарында қа-
зақстандық  ғалымдар  музыкалық  білім  са-
ласында  біршама  еңбек  етті.  Солардың  қа-
тарында  болашақ  музыка  пәні  мұғалімінен 
даярлау  проблемасына  айтарлықтай  үлес 
қосқан  қазақстандық  ғалым  Р.Р.  Джерде-
малиева  музыка  пәні  мұғалімінің  әдісте-
мелік  даярлығын  әдістемелік  білім,  іс-
керлік, дағдылардың қалыптасуына, интел-
лектуалдық  тұрғыдан  ойлауды  дамытуға 
және  педагогикалық  іс-әрекеттегі  шығар-
машылықты,  музыкалық  педагогиканың 
әдістемелік проблемаларын шешудегі жеке 
тұлғалық - құндылықты бағыттылығын ай-
қындап  алуға  бағытталған  жүйелі,  тұтас 
процесс  ретінде  қарастырады.  «Методи-
ческая  подготовка  учителя  музыки»  атты 
еңбегінде  музыка  пәні  мұғалімінің  әдіс-
темелік  даярлығының  алғышартын,  функ-
цияларын,  әдіснамалық  принциптерін,  пе-
дагогикалық  шарттарын  атап  көрсетеді. 
Музыка  пәні  мұғалімінің  әдістемелік  даяр-
лығының  танымдық,  мазмұндық,  опера-
ционалды  компоненттеріне  сипаттама  бе-
реді. Автордың «Основы методологической 
подготовки  учителя  музыки»  бағдарла-
масының  және  «Организация  самостоя-
тельной  работы  студентов  по  педагогике 
музвоспитания»  оқу  құралының  болашақ 
маман  даярлау  үшін  де,  музыка  пәні  мұ-
ғалімінің  күнделікті  іс-әрекетін  ұйым-
дастыруда  да  маңызы  зор.  Бағдарламаның 
«Музыкалық  педагогикалық  білім  беру 
жүйесіндегі  әдістемелік  даярлықтың  ролі 
мен  ерекшеліктері»,  «Музыка  пәні  мұ-
ғалімінің  әдістемелік  даярлығының  мәні 
мен  мазмұны»,  «Музыка  пәні  мұғалімінің 
әдістемелік  даярлығының  негізгі  дидак-
тикалық  және  әдіснамалы  принциптері» 
тақырыптары  пән  мұғалімінің  әдістемелік 
даярлығының  мәні  мен  тұтас  құрылымы 
жөнінде  саналы  түсінік  беру,  әдістемелік 
міндеттерді  шешуге  қажетті  әлеуметтік 
маңызды  кәсіптік  сапа  -  қасиеттерін  да-
мыту,  болашақ  мамандардың  музыкалық 
білім  беру  педагогикасының  теориясы  мен 
практикасында  әдістемелік  проблемаларды 
шығармашылықпен  іштей  мақсат  етіп  қоя 
білуге төселдіруге бағытталған. 
Р.Р.  Джердемалиева  болашақ  музыка 
пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығы про-
блемаларын  құрастырумен  қатар,  жалпы 
білім  беретін  мектептегі  музыка  пәні  оқу 
бағдарламаларының  жасалуына  да  үлкен 
үлес  қосты.  Ол  1977  жылы  академик  Д.Б. 
Кабалевскийдің  жетекшілігіндегі  авторлық 
ұжымның  «Музыка»  пәні  бағдарламасын 
Қазақстан  мектептеріне  ендіруге  бай-
ланысты  қазақ  мектептеріне  лайықталған 
бағдарлама  жасауға  қатысты.  Бұл  бағ-
дарлама Б. Ғизатовтың жетекшілігіндегі ав-
торлық ұжымның (Г. Қарамолдаева, Л. Ма-
мизерова,  А.  Байментаева,  Ө.  Байділдаев) 
бірлестікте орындалған еңбегі болатын. Бо-
лашақ  музыка  пәні  мұғалімінің  даярлығын 
жетілдіру  мақсатында  республика  кө-
лемінде  түрлі  жарыс,  конкурстар  ұйым-
дастырылып, даярлық курстарын өткізді. 
Музыкалық білім беру саласында Қа-
зақстанның  жалпы  білім  беретін  мек-
тептеріндегі  музыка  пәні  оқу  бағдар-
ламаларын,  әдістемелерін  жасауға  елеулі 
үлес  қосқан  –  ғалым  педагог  Ш.Б.  Құл-
манова. Ғалымның еңбегінде бастауыш сы-
нып оқушыларын халық музыкасы арқылы 
тәрбиелеу  мүмкіндіктерді  олардың  психо-
физиологиялық  ерекшеліктерін  (қабылдау, 
зейін,  ес,  қиял,  ойлау,  ерік,  сезім,  дауысқа 
қатысты  мүшелер:  есту  мүшесі,  дауыс  мү-
шесі, тыныс мүшелері) және музыкалық қа-
білеттерін  (есту,  ырғақ,  музыкалық  ес)  ес-
керумен  айқындалады.  Автор  оқушыларға 
қолайлы  халық  музыкасын  белгілі  бір  өл-
шемдердің  негізінде  сұрыптауды  ұсынады. 
Еңбекте қазақ халық музыкасы арқылы тәр-
биелеу  негізінде  екі  жақты  процесс  орын 
алатыны,  ол,  бір  жағынан,  оқушыларға 
өтілетін  музыканы  бейнелі  түсіну  мен 
меңгеруді,  екіншіден  оның  мазмұнын  әр 
түрлі  дербес  іс-әрекетте  белсенді  шығар-
машылықпен 
жүзеге 
асыруды 
бір-
лестіретіні  жайлы  мазмұндалады.  Автор-
дың  қазақ  халық  музыкасының  бастауыш 
сынып  оқушыларын  тәрбиелеудегі  мәні 
мен  ерекшеліктерін  анықтауының  музыка 
педагогикасы  үшін  маңызы  зор.  Олар:  қа-
зақ  халық  музыкасында  болмыстың  көр-
кемдік - образдық және нақты - тарихи бей-
неленуі,  бейнелілігі,  мәнерлілігі,  интеллек-
туалды,  көпварианттылығы,  ұжымдық  си-
паты.  Ш.Б.  Құлманованың  тағы  бір  же-
тістігі  -  қазақ  халық  музыкасының  жанр-
лық  ерекшеліктеріне  және  оларды  педа-
гогикалық  маңыздылығына  қарай  жүйеге 

ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
211 
келтіріп,  мазмұндық  сипаттама  беруі;  тұр-
мыс-салт  музыкасы  (тұрмыс  әндері,  салт 
күйлері,  тұрмыстық  күйлер,  тарихи  әндер 
мен  күйлер,  лирикалық  әндер  мен  күйлер, 
этникалық  шығармалар,  қобыз  күй  аңыз-
дары,  домбыра  күй  аңыздары),  әлеуметтік 
теңсіздік ән, күйлері. 
Қорыта  айтқанда,  музыкалық  білім 
беру  педагогикасының  дамып,  қалыптасу 
жағдайына  көз  жіберу,  тұтастай  алғанда, 
жалпы  педагогиканың,  психологияның, 
эстетиканың,  музыкатанудың,  мәдениетта-
нудың  түйісер  тұсында  дамып,  қалып-
тасқан  ғылыми  аралық,  дербес  ғылым  са-
ласының  пайда  болғанын  айғақтайды.  Му-
зыкалық  білім  беру  педагогикасының  да-
мып,  қалыптасу  тарихын  таразылау  оның 
ғылым  саласы  ретіндегі  мәні  мен  ерек-
шеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Абдуллин  Э.Б. Теория  и  практика  музы-
кального  обучения  в  общеобразова-
тельной  школе:  пособие  для  учителя.  – 
М., 1983. – Б. 260. 
2.  Абдуллин  Э.Б.  Николаева  Е.В.  Теория 
музыкального образования: Учебник для 
студ.  высш.  пед.  учеб.  заведений.  –  М., 
2004. – Б. 150. 
3. Лихачев Б.Т. Педагогика. – М., 1993. – Б 
47. 
4. Подласый И.П. Педагогика. – М., 1996. – 
Б 144. 
5.  Пидкасистый  П.И.  Педагогика.  –  М., 
1996. – Б 324. 
6.  Сластенин  В.А.,  Исаев  И.Ф.  и  др.  Пе-
дагогика. – М., 1997. – Б. 223. 
7. Харламов И.Ф. Педагогика. – М., 1990. – 
Б. 132. 
8.  Воронов  В.В.  Педагогика  школы  в  двух 
словах. – М., 1999. – Б 70.  
9.  Апраксина  О.А.  Музыкальное  воспи-
тание  в  русской  общеобразовательной 
школе. – М., 1948. – Б. 105. 
10.  Зарин  Д.Н.  Методика  школьного  хоро-
вого  пения  в  связи  с  практическим  кур-
сом. – М., 1907. - Б. 250. 
11.  Щацкая  В.Н.  Музыкальное  воспитание 
детей в юношества. – М., 1975. – Б. 65. 
12.  Кабалевский  Д.А.  Прекрасное  про-
буждает доброе. – М., 1973. – Б. 120. 
13.  Из  истории  музыкального  воспитания: 
Хрестоматия  //  Сост.  О.А.  Апраксина.  – 
М., 1990. – Б. 44. 
14.  Абдуллин  Э.Б.  Методический  анализ 
проблем  музыкальной  педагогики  в  сис-
теме  высшего  педагогического  образо-
вания. – М., 1999. – Б. 201. 
 
 
 
 
УДК 159.98 
ДОМБЫРА САБАҒЫН ӨТКІЗУДЕ ОҚЫТУШЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
ЖҰМЫСЫ 
Айтпаева А.С. 
 
Мамандықтан  (домбырадан)  сабақ 
беретін  оқытушы  өз  шәкіртінің  тек  жақсы 
орындаушы  -  музыкант  болып  шығуына, 
сонымен  бірге  оның  идеялық  тұрғыдан  да 
өсіп  -  жетілуіне  жауапты.  Педагогиканың 
бұл  маңызды  саласын  сырт  қалдырып,  тек 
аспапқа  ойнауды  үйрету  ісімен  шұғыл-
данған  оқытушы,  сөз  жоқ  қателеседі.  Де-
мек,  оқытушы  жас  музыканттарды  тәрбие-
леуде өзіне тапсырылған зор сенімді бүтін-
дей ақтады деп есептеуге болмайды. 
Домбырашы  -  педагогтың  бірден  - 
бір мақсаты - болашақ орындаушы – музы-
кантты  тәрбиелеп,  баулу  болып  саналады. 
Ол үшін оқытушы оқушысына әр түрлі му-
зыкалық  шығармалар  бері,  олардың  му-
зыкалық  -  эстетикалық  сезімін  жетілдіре 
түсуі тиіс. Жас музыканттарды аса көрнекті 
композиторлардың  творчествосы  негізінде 
оқыту,  үйрету  қазіргі  кездегі  әрбір  домбы-
рашы - педагогтың ең құрметті борышы бо-
лып есептеледі. 
Әрине,  оқытушы  үшін  ұстаз  болу 
оңай емес, оқушысының жақсы болып шы-
ғуы  үшін  ол  барлық  өнерін  салады.  Бірақ 
егер  оқушының  өзі  талаптанып,  еңбек  ет-
песе,  ізденбесе,  ыждағаттанып  оқымаса, 
одан мақтарлықтай орындаушы - музыкант 

ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
212 
шығады  деп  сенуге  болмайды.  Сондықтан 
оқушысының  еңбекке,  ұқыптылыққа,  тө-
зімділікке үйрету оқытушының негізгі тәр-
бие жұмысының бірі болып саналады. 
Әрбір  сабақтың  өз  алдына  қойған 
мақсаты  болады.  Сабақтың  сапалы,  қыз-
ғылықты  өтуі  оқытушының  дайындалуына 
байланысты. Оқытушы әрбір сабақтың мақ-
сатын білумен қатар өткен сабақ пен келесі 
сабақты  бір  -  бірімен  жалғастыра,  байла-
ныстыра білуі керек. 
Сабаққа  дайындалу  дегеніміз  –  са-
баққа  дейін  оқушыға  беретін  репертуарды 
талдау, тексеру және ойнап көру деген сөз. 
Оқытушы,  әсіресе  домбыраға  түсі-
рілген басқа музыкалық аспаптар үшін жа-
зылған  музыкалық  шығармаларды  өте  мұ-
қият түп нұсқасымен салыстырып тексеруі 
керек.  Басқа  аспаптарға  жазылған  шығар-
маны домбыраға түсіріп ойнау оның негізгі 
мелодиясын бұзбай, тиісті штрихтарын ба-
рынша  пайдаланып,  дыбыс  бояуына  лай-
ықты  өң  беріп,  шығарма  авторының  идея-
сын  түсініп,  көркемдік  жоғары  дәрежеде 
орындау деген сөз. 
Ал  оқушыға  күй  үйреткенде  оқы-
тушы,  ең  алдымен,  ол  күйдің  ерекшелігін, 
музыкалық  құрылысын,  формасын,  орын-
дау  тәсілін  өзі  жақсы  білуге  міндетті.  Әсі-
ресе  оның  қағысына,  аппликатурасына  өте 
мән  беруі  керек.  Бұл  тұрғыдан  оқытушы 
ұзақ  жылдар  бойы  қалыптасқан,  атышулы 
халық  орындаушылары  бір  -  біріне  мұра 
етіп  қалдырған  ғасырлар  аппликатурасы 
мен қағыстарын пайдалануға міндетті. Оны 
өзгертуге  ия  оған  жаңалық  енгізуге  бол-
майды. Әрбір қағысты біз сол күйдің харак-
терін,  музыкалық  образын  жасаудың  құра-
лы,  ырғақтық  қасиеті  десек  қателеспейміз. 
Бұл  әркімге  де  түсінікті  болуы  керек.  Мы-
салы,  «Байжұманың»  (Құрманғазы)  «Нара-
тудың»  немесе  «Жігер»  мен  «Бұлбұлдың» 
қағыстарын  өзгертсек,  онда  осындай  та-
маша күйлердің сұлу бейнесі мен әсем көр-
кіңнен  жұрдай  болып  шығатынын  біз  оп  – 
онай  -  ақ  ажырата  алар  едік.  Сондықтан 
оқытушының,  күйдің  өзіндік  орындау  сти-
лін,  аппликатурасы  мен  штрихтарын  сақ-
тауы  бірден  -  бір  жауапты  міндеті  болуы 
керек. 
Оқытушының ең негізгі, қажет деген 
орындау  аппликатура  белгілерін  нота  үс-
тіне  жазып  беруінің,  оқушы  үшін  пайдасы 
аса зор. Шығарманы үйренгенде тек орын-
дау  техникасын  ғана  емес,  сонымен  бірге 
оның  барлық  нюанстарын  да  бірге  үй-
ренетін  болады.  Оқытушы  музыка  харак-
теріне  сай,  автор  ойын  толықтыра  түсетін 
түрлі  нюанстарды  пайдалануға  міндетті. 
Бұл  тұрғыдан  орыс,  Батыс  Европа  клас-
сиктерінің,  совет  композиторларының  ка-
мералық  -  аспаптық  шығармаларының 
асқан  шеберлікпен  орындап  тыңдаушы-
ларына  жеткізе  білетін  совет  музыкантта-
рының  творчествосы,  домбыра  оқытушы-
сына бірден - бір үлгі өнеге болуы керек. 
Оқушысының  музыкалық  ой  -  өрісі 
өсіп  түсінігі  тереңдеген  сайын,  оқыту-
шының  орындалатын  шығарманы  жан  – 
жақты түсіндіру жұмысы азая түседі. Әри-
не бұл оқытушының бұған дейін дұрыс са-
бақ беру методикасының, ұғымды түсіндір-
гендігінің, жемісті қорытындысы болып са-
налады.  Осының  арқасында  оқушының  өз 
бетімен дайындалып, үйренуіне де қабілеті 
жететін болады. 
Сабақты  жоспарлау  дегеніміз,  сабақ 
сайын  оқушыға  берілетін  әрбір  тап-
сырманы  белгілеп,  сол  тапсырмаға  байла-
нысты  әзірлену  деген  сөз.  Мұндай  жос-
парда  сонымен  бірге  шығарма  үйрену  ке-
зінде  кездесетін,  келесіде  оған  ерекше  на-
зар  аударатын  шығарманың  техникалық 
қиын жерлері де көрсетілуі тиіс. 
Оқытушы  әрдайым  өзі  үшін  мето-
дикалық  дәптер  пайдаланып  қана  қоймай, 
оқушысына  да  күнделікті  пайдалануды  та-
лап  ету  керек.  Оқушы  күделігіне  берілген 
тапсырманың  қысқаша  мазмұны,  шығар-
мада кездесетін техникалық қиын жерлерін 
игеруі  үшін  берілетін  жаттығулар,  оқы-
тушы  айтып  түсіндірген  музыканың  қыс-
қаша  мазмұны  мен  оның  орындалу  екпіні, 
характері  жазылады.  Күнделікке  жазылған 
тапсырма,  оқушының  үйде  дайындалуы 
үшін, класта айтылған оқытушы сөзін  еске 
сақтауы  үшін  үлкен  көмегін  тигізеді.  Сон-
дықтан  оқытушы  оқушысының  күнделігін 
сабақ сайын тексеріп тұруға міндетті. 
Оқытушының  міндетін  қиындататын 
бір  жағдай  -  оқы  жоспарының  әр  алуан-
дығы.  Біздің  бұл  жерде  айтып  отырға-
нымыз  оқушының  түрлі  музыкалық  пье-
салар мен жаттығулар, әндермен бірге күй-
лер үйрену міндеті жайлы болып отыр. Де-
мек,  оқытушы  бұл  тұрғыдан  әр  сабағын 

ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
213 
жоспарлап,  оны  уақытқа  бөлгенде,  бұған 
жауапты  қарауға  міндетті.  Күй  үйрену  өзі-
нің көптеген сыры бар, аса ұқыптылық пен 
жауаптылықты  қажет  ететін  мәселе  болып 
саналады.  Басқа  шығармалар  мен  бірге, 
оқушы  жылына  кем  дегенде  сегіз  -  он  күй 
үйренуге тиіс. 
Әрине,  сабақ  барысында,  оқушының 
тапсырманы  үйренуіне  байланысты,  әрбір 
шығармаға  бөлінген  сағат  мөлшері  өзге-
руінде  мүмкін.  Бұған  таңдануға  болмайды. 
Бірақ  оқытушы  жалпы  оқу  жоспарының 
орындалуын,  негізінде  оның  өзгеру  жағын 
қадағалап отыруы тиіс. 
Оқытушының  келесі  сабаққа  жа-
сайтын  жоспары,  өткен  сабақтың  қоры-
тындысына  байланысты  жасалынады.  Са-
бақ  қалай  өтті,  оның  қандай  жетістігі  мен 
кемістігі  болды,  келесі  сабақта  шығар-
маның  қайсы  жағына  назар  аудару  керек, 
сабақ  беру,  түсіндіру  тұрғысынан  оқы-
тушының  методикасы  оқушыға  қалай  әсер 
етті,  міне  осы  мәселелерді  қамту  керек. 
Оқытушы  сабақты  тек  осылай  жоспарлап 
өз  методына  әр  кез  сын  көзімен  қарап  қо-
рытынды  жасағанда  ғана  оқушының  сабақ 
үлгеруі, орындаушылық шеберлігі жаңа та-
быстарға жете береді. 
Оқытушы  келесі  сабаққа  оқушының 
қай пьеса мен этюдті ойнап келуін күні бұ-
рын  жоспарлауы  тиіс.  Осыған  байланысты 
ол  қайсы  шығарманы  класта  түгел  ойна-
татынын, қайсы шығарманың тек қиын де-
ген жерін үйрететінін белгілейді. 
Сабақтың  жоспарында  нотаға  қарап 
ойнату,  жатқа  орындату  сияқты  пайдалы 
жұмыстарда көрсетілуі тиіс. 
Оқытушы  әр  уақытта  мынаны  есте 
сақтауы  қажет.  Музыкалық  шығармаларды 
үйрету деген, ең алдымен оқушының орын-
даушылық  шеберлігін,  қабілетін  дамыту 
деген сөз. Сондықтан оқытушы оқушысына 
мейлі ірілі - уақты пьесалар үйретсін, мейлі 
техникалық  жаттығулар  мен  этюдтер  үй-
ретсін,  оқушысының  орындаушылық  ше-
берлігінің  өсуін  негізгі  міндет  етіп  қоюы 
керек.  Сабақты  жоспарлаудың  мағынасы 
мен мәніңде осында. 
Сабақ – оқу - тәрбие жұмысының не-
гізі. Демек, оқытушы оқушыдан сабаққа уа-
қытында келуін, себепсіз  сабақ жібермеуін 
талап  етуі  керек.  Бұл  тұрғыдан  ол  өзі  де 
үлгі болуы тиіс. 
Сабақ  өткізу  жұмысы  үйге  берілген 
тапсырмамен  тығыз  байланысты.  Сабаққа 
келген  сайын  оқушының  ойынына,  үлге-
руіне  қарап  оқытушы  тиісті  қорытынды 
жасап, оған жаңа тапсырмалар береді. Оқу-
шының  үйде  нәтижелі  дайындалуы,  клас-
тағы  сабақтың  қызғылықты  өтуімен,  оның 
алған  әсерімен  тығыз  байланысты.  Сон-
дықтан  үйдегі  дайындық  кластағы  өткен 
сабақтың  жалғасы  болуы  үшін,  сабақ  ұй-
ымдастыру  жұмысы  ойдағыдай  жоспарлы 
болуы  қажет.  Оқытушы  оқушыны  өз  бе-
тімен жұмыс істеуге үйретуімен қатар шы-
ғарманы  түсініп,  саналы  үйренуге  де  тәр-
биелеуі керек. 
Оқытушы  оқушысын,  берілген  пье-
салар  мен  жаттығу  -  этюдтерді  әуелі  тәр-
биелеуі керек. Ол үшін оқушы ойланбас бұ-
рын  оған  шығарманы  ойнатуға  болмайды. 
Оқушы  не  ойнайтынын,  қалай  ойнайты-
нын,  ол  шығарма  жайлы  оқытушыға  оған 
не  айтты,  қалай  түсіндірді,  шығарманың 
қайсы  жеріне  көбірек  көңіл  аудару  керек 
екенін күні бұрын ойлап есіне түсіруі тиіс. 
Сонда  ғана  жаңа  шығарманы  үйрену  оқу-
шыға жеңіл тиеді. 
Шығарманың  кейбір  жерлері  дұрыс 
немесе ойдағыдай шықпайды. Мұны айыра 
білудің  оқушы  үшін  үлкен  мәні  бар.  Әсі-
ресе  үйде  дайындалғанда,  егер  шығарма-
ның  қайсы  бір  буындары,  көріністері,  бө-
лімдері  айтарлықтай  қиындық  тудыратын 
болса,  сол  жерлерін  бір  емес,  бірнеше  рет 
қайталап  ойнауды  оқушыға  түсіндіру  оқы-
тушының міндеті болып саналады. 
Жаңа  шығарманы  үйрену  кезінде, 
оны  бірден  тез  екпінде  ойнауға  болмайды, 
қайта  алғашқыда  өте  жәй  екпінде  ойнап, 
шығарма  нотасын  дұрыс  үйреніп,  өз  ырға-
ғында  дұрыс  орындауды  талап  ету  керек. 
Шығарманы  автор  көрсеткен  екпінде 
орындау  үшін,  оған  біртіндеп  дайындалу 
керектігін, оқушы есіне әрдайым салуға ти-
істі.  Оқытушы  оқушыға  шығарманы  сабақ 
сайын  белгілі  бір  екпінде  ойнауды,  біраз 
дайындықтан кейін аздап екпін қосуды тап-
сырады.  Тек  осындай  әдіспен  үйренгенде 
ғана оқушы алдына қойған мақсатына жете 
алады. 
Шығарманы  жақсы  орындау,  дом-
быра  дыбысын  жақсы  шығара  білуге  де 
байланысты. Басқа музыкалық аспаптар се-
кілді,  домбыраның  да  өзінің  дыбыс  құ-

ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
214 
діреті,  дыбыс  бояуы,  дыбыс  шығара  білу 
әдістері  бар.  Тек  соларды  біз  айта  қалар-
лықтай  меңгере  білуіміз  керек.  Оқытушы 
шығарманың  характеріне,  мазмұнына,  түр-
лі орындаушылық белгілеріне қарай, оң қол 
мен  сол  қолды  қалай  пайдалану  керектігін 
түсіндіріп, көрсете білу керек. Әсіресе, ды-
быс  шығарудың  бір  әдісі,  оң  қол  шын-
тағын, сондай - ақ қолдың басы мен  қағыс 
күшін  орынды  пайдаланудың  үлкен  ма-
ңызы  бар.  Сондықтан  оқытушы  оқушыға 
жаңа  тапсырма  бергенде  осыларды  оның 
нотасына жазып, көрсетіп беруі керек. Оқу-
шыдан  құлаққа  жағымды,  нәзік,  шығарма 
сазына  лайық  сырлы  дыбыс  шығара  білуді 
талап ету керек. 
Әдетте  сабақ  үйге  берген  тапсыр-
маны  оқушы  дұрыс  үйреніп  келді  ме,  жоқ 
па, ойнау - орындау әдістері оқытушы көр-
сеткендей ме, міне осыларды қарастырудан 
басталады.  Егер  үйге  берілген  тапсырма 
тек  күй  немесе  бір  -  екі  басқа  музыкалық 
шығармалар  болса,  оқытушы  тек  соларды 
ғана  тексереді.  Басқа  шығармаларды  қарау 
міндет  емес,  өйткені  оқушының  дайындап 
келмеген  шығармаларын  тыңдағанмен, 
пайда  жоқ.  Қайта  оның  орнына,  сабаққа 
дайындап  келген  күйді  тыңдап,  оның  қа-
ғыстарын,  саусақтарын  тексеріп,  дұрыста-
ған пайдалы болады. 
Сабақты  тексеру  тек  оқушы  ой-
ынынан  басталмайды,  әуелі  оқушыдан 
ауызба  -  ауыз  сұрауға  болады.  Оның  үйде 
қалай дайындалғаны, қандай қиындық кез-
дескені  туралы  сұрап  білудің  оқытушы 
үшін артықшылығы жоқ. 
Оқытушы  шығарма  дайын  болғанда 
ғана  оны  басынан  аяғына  дейін  тыңдайды. 
Оқушыға  бұдан  былай  енді  қалай  орындау 
керектігін айтып түсіндіреді. Үйренген шы-
ғарманы  класта  жеке  тыңдауды  әдетке  ай-
налдырады. Бірақ мұндай тыңдаудан кейін, 
шығарманың  тек  шықпай  жатқан  жерін 
ғана үйде ойнауды тапсырады. 
Оқушы  оқытушысын  өзінің  әрі  қам-
қоршысы, әрі қатал сыншысы ретінде ұстаз 
тұтады.  Оның  айтқан  әрбір  сөзі,  пікірі  ол 
үшін  заң  болып  есептеледі.  Сондықтан 
оқытушы  оқушысын  класта  тыңдағанда 
оның  ойынын  зейін  қойып  тыңдап,  кемші-
ліктерінің  бәрін  сырт  қалтырамай,  түсін-
діріп  беруі  тиіс.  Егер  оқушы  берілген  шы-
ғарманы  жартылай  немесе  бүтіндей  үй-
реніп, ойнай алмайтындай болса, оқытушы 
оның  себебін  білуге  тырысады.  Өзінің  жа-
сап келген сабақ жоспарын қайта тексереді, 
керек  болса  оны  мүлдем  өзгертіп,  оқушы 
түсінгеніне байланысты қайта жасайды. 
Класта  бір  оқушының  орындауына 
бірнеше  шығармаларды  қайта  -  қайта  тың-
дай беру оңай жұмыс емес. Ол оқытушыны 
жалықтырып  «қалжытып»  жіберуіде  мүм-
кін. Мұндай жағдайда оқушының ойынын-
да  кеткен  қателіктерді  оқытушы  байқа-
мауда  қалады.  Ол  оқушының  дұрыс  музы-
калық - эстетикалық тәрбие алуына нұқсан 
келтіреді. Демек, оқушы шығарманы қанша 
рет  орындаса  да,  оқытушы  қадағалап  бар 
зейінімен тыңдауы керек. 
Сабақтың  соңғы  уақыты  жалпылама 
түсіндіру методына арналуы керек. Бұл бі-
ріншіден, оқытушы оқушы ойнаған шығар-
маның  әуелі  қиындау  деген  жерлерін  ой-
нап,  одан  кейін  оны  басынан аяғына  дейін 
орындап  береді.  Екіншіден,  оқушының 
үйге  берген  тапсырманы  қандай  дәрежеде 
орындап  келгені  жайлы  өткізеді.  Үшін-
шіден,  келесі  сабаққа  оқушы  не  дайындап 
келеді,  оны  қалай  дайындау  керектігі  ту-
ралы нақтылы тапсырма береді. Мұның бә-
рі тек ауызша түсіндірілмей, аспапта ойнап 
көрсетілуі керек. 
Сабақты әрі жемісті, әрі қызғылықты 
өткізу  үшін,  оқушының  көңіліне  қонымды 
және түсінікті болу үшін, оқытушының са-
бақ беру, сабақ өткізу методы оқытушының 
класта  сабақ  беру  методы  әр  түрлі  болуы 
заңды. 
Оқушы  болашақ  –  орындаушы  –  му-
зыкант,  өнер  қайраткері,  сондықтан  ал-
ғашқы үйрену кезінде оның өз бетімен жұ-
мыс  істеп  үйренуі  үшін,  оған  еркіндік  бе-
рудің үлкен маңызы бар. 
Сабақ  беру  тәжірибесі  көрсет-
кеніндей  оқушыға  шығарманы  қайталатып 
ойнатып  жаттықтыру  әдісінің  маңызы  зор. 
Біздің жоғарыда айтқанымыз оқушының өз 
түсінігімен,  бірақ  оқытушының  бақылауы, 
жәрдемі  арқылы  үйрену  әдісі  болса,  жат-
тықтыру  әдісі  дегеніміз  тек  оқытушының 
айтуы мен оның нұсқауы бойынша өтілетін 
әдіс болып саналады. Мысалы, шығарманы 
үйренуде  оның  ырғағы  қиындық  туғызса, 
орындау белгілері  ойдағыдай шықпай жат-
са,  оқушы  оқытушының  айтқанын  қай-
талап  ойнаған  сайын,  есіне  түсіріп,  оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет