ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Вестник КАСУ
215
игергеннен кейін ғана шығарманың келесі
буынына көшуге тиіс.
Оқытушы оқушыға шығарманы ба-
сынан аяғына дейін ойнататын болса, оған
дейін тек жалпылама бағыт береді. Бұл ме-
тод шығарманың жалпы характерін білу,
шығарма туралы оқушыға ой туғызу үшін
қолданылады.
Оқушы шығарманы орындаған кезде
оқытушы оған жол жөнекей оның ырғағын
дауыстап есептеп, қате жерін қалай орын-
дау керек екендігі жөнінде айтып отырады.
Оқушының ойынын тоқтатпай - ақ оған кү-
ні бұрын шығарманың «мына жерінде кре-
щендо, мына жерінде диминуэндо немесе
пиано, пианиссимо орындалады» деп ай-
тып отырудың үлкен маңызы бар. Ондай
ескертулер оқушы ойында тез сақталады.
Әрине, оқушы ойнап отырған кезде мұндай
ескертпелер көп және көп сөзді болмауы
керек. Әдетте шығарма нюанстарын тек ау-
ызша айтпай, әндетіп те немесе әртүрлі ди-
рижерлік қимылдар жасап та көрсетуге бо-
лады.
Оқытушы ойын кезінде оқушының
отырысында, оң қол мен сол қолының дұ-
рыс пайдалануын да бақылап жөндеп оты-
рады. Мысалы, түрлі дыбыс шығару ню-
анстарына қарай оқушының оң қолын, оң
қол шынтағын бақылап, оны ілгері- кейінді
ысырып, жылжытып отыру оқытушыға қи-
ындық туғызбайды.
Қайсы бір уақыттарда оқушының му-
зыка ырғағын дұрыс ойнау үшін аяқ пен
қол соғып есептеу әдісі де кездеседі. Бірақ
мұндай әдісті бүтіндей дұрыс деуге бол-
майды. Мұның орнына ауызша есептеп ой-
натуға үйреткен дұрыс болады.
Оқушы шығарманы ойнап болғаннан
кейін оқытушы байқалған кемшіліктерді
жөндеу, дұрыстау методына көшеді. Ол, ең
алдымен, шығарманы орындауда оқушы
қандай қате жібереді, оны қалай жөндеуге
болатындығын айтып түсіндіреді. Шығар-
маның сол жерін бірнеше рет қайталат-
қызып ойнат тырады, өзі ойнап көрсетеді.
Әрине, бұдан кейін оқушының өз қатесін
түсініп, оны тез игеріп кететіні өзінен - өзі
түсінікті.
Шығарманы үйреніп оны орындау
кезінде, оқушы ойынын жиі тоқтатуға бол-
майды. Өйткені орындау үстінде оқушы
сол шығарманың музыкалық мазмұнын, ха-
рактерін беру үшін өзінің бар орын-
даушылық творчестволық шеберлігін, мүм-
кіншілігін салады, бұл бір. Екіншіден, ой-
нап отырғанда қайта - қайта тоқтату сол
шығарманың жалпы үндестік қасиетін оқу-
шыға есітіп, жаттығуға кедергісін тигізеді.
Демек, берілетін ақыл - кеңесті оқытушы
не ойнағанға дейін, немесе оқушы ойнап
болғаннан кейін айтуы керек.
Сабақ беру методына, тек үйге бер-
ген тапсырманы тексеру, оны тымдап жөн-
деу немесе шығарманы талдап - орындау
шеберлігіне үйрету сабақтары ғана жат-
пайды, оған орындалатын музыкалық пье-
салар, жаттығулар мен этюдтар жайлы бо-
латын кластағы әңгімелерде жатады. Мұн-
дай сабақтарда оқытушы шығарма қалай
орындалады,оны белгілі музыкант – дом-
бырашылар қалай орындайды деген та-
қырыпта әңгіме өткізу керек. Мұндай әң-
гіме кезінде орындаушылық техникалық
шеберлік және шығарманы мазмұнына,
формасына, стиліне байланысты орындау
жайлы оқушымен кеңес өткізу, сөз жоқ,
пайдалы болады. Класта белгілі орындау-
шылардың орындауында пластинка тың-
дау, музыкалық - әдеби кітаптар оқып та-
нысу, әрине, оқушының ой - санасының
өсуіне, оның музыкалық - орындаушылық
шеберлігінің жетілуіне әсерлерін тигізетіні
өзінен - өзі түсінікті. Әрине, мұндай метод-
пен көп әуестенуге болмайды. Мұндай ме-
тод әрбір оқушының қабілетіне қарай жос-
парлануға тиіс. Егер оқытушы сабақ сайын
құрғақ әнгіме, пластинка тыңдатумен әуес-
тенетін болса, сабақ беру методының не-
гізгі мақсаты орындалмай қалуы сөзсіз.
Музыкалық шығармаларды оқушыға
үйрету үшін мұғалім, ең алдымен, ол шы-
ғармаларды өзі жан-жақты білуі керек. Де-
мек, музыкалық шығармаларды үйрету
үшін, оқушыға әрбір шығарманы талдап,
оның есінде сақталатындай дәрежеде қара-
пайым тілмен түсіндіре білу қажет. Тәжі-
рибе көрсеткендей, тек ұстаз басшылы-
ғымен үйренген музыкалық шығармалар
арқылы ғана оқушының музыкалық –
орындаушылық шеберлігі техникасының
өсіп-жетілетіні біздің сөзімізді растайды.
Музыкалық шығармаларды үйрету-
дің бірнеше жолдары бар, оны түрлі сақ-
тығы бөлуге болады. Шығарманы алғаш
үйреткенде, оқушыға басынан аяғына дейін
ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Вестник КАСУ
216
бір орындап шығу қажет. Мұның үлкен мә-
ні бар. Алғашқы ойын арқылы оқушыға
шығарманың жалпы мінезі, көркемдік су-
реті айта қаларлықтай әсер етеді.
Оқушы жаңа шығарманы басынан ая-
ғына дейін ойнап танысқаннан кейін, мұ-
ғалім енді шығарманы оған өте жай ой-
натып талдауға кіріседі. Шығарманың қи-
ын жерлеріне көбірек тоқталып, шәкіртіне
оның игеру жолдарын түсіндіріп, музыка-
лық құрылысы, ырғағы, мелодиялық ерек-
шелігі жайлы әңгімелеп таныстырады.
Әрине, осы тұрғыдан үйретумен бірге тә-
лімгер оқушыдан, ең алдымен, шығарма-
ның ноталарын өте дұрыс үйреніп, оған аса
ұқыптылықпен қарауды талап ету керек.
Біз ноталарды дұрыс үйрену керек дегенде,
шығарманың гармониялық фактурасын, ди-
намикалық ерекшеліктерін, шығарманы
алғашқы үйрену мерзімінен бастап-ақ түсі-
ніп ойнауға тырысу керек деген ұғымды
айтып отырмыз. Сондықтан оқушының
шығарманы дұрыс түсініп, ырғағы мен ме-
лодиясын бұзбай ойнауын мейлінше қада-
ғалау - үйретушінің жауапты міндеті.
Бұған дейін атап өткеніміздей, шы-
ғарма үйренуде аппликатураны дұрыс пай-
даланудың маңызын еш уақытта естен шы-
ғармау керек. Асылында, оқушыға аппли-
катураны өзі қойып үйренуге жаттықтыру,
оқытушының міндеті болып саналады.
Қандай шығарма болмасын, оқытушының
жәрдемісіз - ақ оқушының өзіне ынғайлы
етіп тиісті аппликатура қоя білуі, оның шы-
ғарманы дұрыс ойнауына, саусақтарын
орынды пайдалана білуіне көп көмегін ти-
гізеді.
Жасыратыны жоқ осы күнгі бірқатар
домбырашыларымыз күні бүгінге дейін
домбыра дыбысын үнемдеп пайдалануды
білмейді. Олар үшін фортенің бәрі форте,
пианоның бәрі пиано, бір - бірінен ешбір
айырмашылығы жоқ сияқты. Әрине бұл тү-
сінбегендік. Домбыра оқытушылары дәл
осы жағдайға ерекше назар аударуға мін-
детті. Ауан түрлі дыбыс шығару – домбы-
рашының шеберлігіне, орындаушылық
әдістеріне, дыбыс табиғатын жүрегімен
ести билеуіне байланысты. Сондықтан му-
зыкалық шығарманы үйренгенде, оның сы-
рын, сипатын ашу үшін шығармада көр-
сетілген динамикалық белгілерді мағыналы
орындауға оқушыны тәрбиелеу керек. Ол
оң қолын, оң қол шынтағын, әрбір қағысты,
домбыраның бар дыбыс мүмкіншілігін өте
ептілікпен, орынды және орындаушылық
интерпретацияға сай, жоғары музыкалық
дәрежеде пайдалана білуі тиіс. Өйткені
мұның бәрі музыкалық образ жасаудың не-
гізгі тәсілдерінің бірі болып саналады.
Қорыта айтқанда, оқытушының әрбір
сабағы тиянақты, түсінікті болып, бір- бірі-
мен астарласып, бірін - бірі толықтырып
жатуы керек. Оқытушының сабақ беру ме-
тоды әр сабаққа лайықты жаңаланып өз-
геріп отыруы тиіс. Оқытушы әрбір оқу-
шының өзіндік ерекшелігін ескеріп, оны-
мен есептесуге міндетті. Сонда ғана оқыту-
шының сабақ беру методы жемісті болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Сахарбаева К.С. Домбыра тартуды
үйрену әдістері. – Алма-Ата, 1989
2. Сахарбаева К.С. Домбыра - дастан. – Ал-
маты: «Мектеп», 2002.
3. Меңдіаяқова Қ.М., Қарамолдаева Г.Ж.
Мектепте музыка тәрбиесін беру әдіс-
темесі. - Алматы, 1997.
4. Момынұлы П. Музыкалы-эстетикалық
тәрбие. - Алматы, 2000.
5. Музыкалық әдістемелер, 5-4 сынып. –
Алматы: «Атамұра», 1997.
УДК 159.98
ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӘН-КҮЙ ӨНЕРІ
Малаева Д.И.
Өзінің кезекті жолдауында «Қазақ-
стан – 2050» Стратегиясын орындаудың
бес жылдық кезеңді қамтитын маңызды
міндеттері тұрғанын елбасы Н.Ә. Назар-
баев атап көрсетіп, мәдениет және білім са-
ласына да айырықша көңіл бөлу керектігін
айтты.
Қазақстанда өткен ғасырымыздың
ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Вестник КАСУ
217
мәдениетінің озық үлгілерін қабылдау, сақ-
тау және насихаттаудың тұтас жүйесін қа-
растыру барысында 2004 жылы кең де ау-
қымды «Мәдени мұра» мемлекеттік бағ-
дарламасы қабылданды. Бүгінгі күннің ке-
лелі мәселелерінің бірі осы бағдарламаға
байланысты кәсіби оқу жүйесінің қалыпты
даму сатысы болып табылады. Сабақ бе-
рудегі бұрын соңды зерттелмеген кейбір
әдістемелік мәселелерді, соның ішінде дәс-
түрлі ән өнерді терең меңгеруде халықтық
музыкалық терминологияны сабақтасты-
рып, қозғауды қажет етеді.
Қобыз бен домбырада орындалатын
халық әндері мен күйлері қазақ халқының
дәстүрлі өнеріне жатады. Ол – сонау өткен
заманнан бері қалыптасқан халқымыздың
асыл қазынасы, фольклордың музыкалық
саласының бір тармағын құрайды. Хал-
қымыздың мақтаныш етер асыл мұрасы,
бүгінгі ұрпақтың еншісіне жеткен ән қа-
зынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қай-
мағы саналады. Қазақтың әншілік өнері
жанрлық сипаты жөнінен әр түрлі болып
келеді.
Дәстүрлі ән өнерін музыка зерттеу-
шілері тұрмыс –салтқа байланысты халық
әндері, ғұрыптық әндер, және кәсіби әндер
деп жіктеп қарастырып жүр. Ең жоғары кә-
сіби өнеріміздің бірі ол дәстүрлі музыка яғ-
ни дәстүрлі ән өнері. Біздің заманымызға
жеткен әндердің тақырыбы мен мазмұны,
мақамдары мен әуен ырғақтары халықтың
ой-арманынан туған ал, халық орын-
даушылары сол әндерді бұзбай сақтап, ке-
лесі ұрпаққа жалғастырып отырды. Біз оқу-
шыларға табиғи қалпы сақталған, әуен ыр-
ғағы бұзылмаған, бұрынғы нұсқасы өзгер-
меген әндерді үйретуге міндеттіміз, әрі мұ-
ны болашақта жас дәстүрлі әншіні тәрби-
елейтін музыкалық білім көзінің қайнар бұ-
лағына айналдыруға тиіспіз. Өйткені хал-
қымыздың рухани асыл қазынасы ән.
Ендеше қазақтың ән өнері, күй жан-
ры да өзінің тарихи түр - сипатын анықтап,
дәстүрлі ерекшеліктерін белгілеп алуға
тиіс. Келешекте мұның өзі қазақтың дәс-
түрлі өнерінің түрлі жанрларының даму са-
пасының жоғары сатыға көтерілуіне жол
ашып береді.
Қазақ халқы ән мен күйге аса бай ха-
лықтардың бірі. Қазақ халқының музыка
мәдениетін зерттеушілер мың ән, бес жүз
күй барлығын XIX ғасырда жазған бола-
тын. Қазақтың музыка мәдениеті заманнан
заманға қарай дамып келді.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,
- деген ұлы Абайдың өлеңі, қазақ хал-
қының жақсы ән мен тәтті күйді жан азығы
етіп ардақтаған көңіл-күйін бейнелейді. Қа-
зіргі ән үйрену мектебі ғасырлар бойы қа-
лыптасқан күй үйрену тәжірибесінің қағи-
даларымен тығыз байланыста болуы керек.
Халық әншілері қалдырған әнмен қоса күй
үйрену тәжірибесінің негіздерін жинақтап,
қазіргі домбыра үйренудің жүйелі әдіс-тә-
сілдерін жасап, домбыра үйренудің бола-
шақтағы бағыт-бағдарын анықтап алуды
өмірдің өзі талап етіп отыр.Қазақта ән өне-
рі тәжірибесі өте жоғары дәрежеде бол-
ғанын дәлелдейтін жүздеген әндер, ән жан-
рының дәстүрлік сипаты, ән жанрының
мектептері т.б. сапалық дамуы тарихи
шындық.
Ендеше, қазақтың өнер тарихында
Мұхит, Біржан сал, Ақан серілер бастаған
ұлы қазақ әндері өзінен-өзі пайда болм-
ағаны белгілі жай. Олардың ұстаздары бол-
ғаны, сол ұстаздардың арасында қазақтың
әншілік, күйшілік, жыршылық, ақындық,
шешендік, сияқты өнер түрлері қалып-
тасқаны мәлім. Өнерді баптайтын нағыз
бапкер болғанда ғана шеберліктің биік шы-
ңына көтерілуге болады. Халық арасынан
шыққан өнерпаздардың өздері жасаған
әдістемелік жүйесі бар екенін осыдан бі-
леміз.
Қазақ халқының әншілік дәстүрлі
өнері: Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі,
Арқа әншілік дәстүрі, Сыр өңірі әншілік
дәстүрі, Жетісу әншілік дәстүрі, болып бө-
лінеді. Ғұрыптық әндердің өзі – беташар,
бесік жыры, тойбастар, сыңсу, жоқтау, кө-
рісу, жар-жар, жарапазан болып, тармақ-
талса, әншілік өнердің кең өріс алған ке-
зінде пайда болған кәсіби ән өнері халық
композиторларының әндері және халық ән-
дері (анонимды - авторлық) болып са-
налады.
Әншілік өнер жанрлық сипаты жө-
нінен алуан түрлі болып келеді. Б. Тұрма-
ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Вестник КАСУ
218
ғамбетова өзінің «Қазақстанның Батыс ай-
мағының ән мәдениеті» атты еңбегінде ғұ-
рыптық, тұрмыстық ән жанрларымен қоса,
өңірдің өзіне ғана тән «мәтөк» ән жан-
рының қалыптасқанын айта келе: «Ғашық-
тық сезімді арқау еткен әндер қатарын мә-
төк әндер тобы толықтырып отыр. Мұн-
дағы «мәтөк» осы өңірде ғана кездесетін
диалект сөздерінің бірі» – дейді. Сонымен
қатар Б. Тұрмағамбетованың еңбегінде мә-
төк әндерінен басқа «сағыныш ән», «қара
өлең» «қоңыр ән», деп аталатын үлгілер не-
гізгі орынды алады.
Автордың көзқарасы бойынша, ли-
рикалық және тұрмыстық жанрды жан-
жақты зерттеуде мұндай туындылардың
өңірде ән мәдениетіндегі алар орнын анық-
тап, болашақта міндетті түрде ғылыми тұр-
ғыда қарастыру қажет екенін айтады.
Домбыра өнерінде Шығыс Қазақ-
стандық шертпе, Батыс Қазақстандық төк-
пе, тәрізді дәстүр қалыптасса, сол екі мек-
тептің айырмашылығы қағыс түрлерінде.
Шығыс Қазақстандық шертпе дәстүрінің
ерекшеліктерінде күйлердің жұмсақ нәзік
үнді ән тектес әуенді, сазды болып келуін
саусақ басымен шертіп тарту әдістері қа-
лыптасса, Батысқа тән күйлер оң қолдың
сермей соғуымен орындалып, «қара қа-
ғыс», «бөгеме қағыс» «ілме қағыс», т.б. бо-
лып сан түрге бөлінуі сол аймақта қалып-
тасқан ән дәстүріне де өз ықпалын тигізбей
қойған жоқ.
Ал, әнге келетін болсақ, халық ән-
шілері қалыптастырып кеткен әннің түпкі
айтылу нақышынан адасып қалмау керек.
Әр мектептің дәстүрін бұзбай, әннің маз-
мұнын түсініп, мәнерлеп жақсы айту үшін
шеберлік қажет. Сонымен қатар ғасырлар
бойы қалыптасқан әнді орындау өнерін
жан-жақты меңгеру үшін әдістемелік жүйе
керек. Ән айтудың барлық сырларын, оның
тұнып тұрған әдістерін жүйелі түрде үй-
рену үшін ұстаздық үлкен тәжірибе керек.
Ал соның ішінде Батыс ән мектебінің қа-
лыптасқан ән дәстүрі бойынша – мұнда ән-
ді дұрыс орындау үшін, орындаушыдан
күрделі әрі екпінді, төкпе күйлерде кез-
десетін шеберлікті пен дауыс күшінің зор
әрі диапазонының кеңдігін талап етеді.
Сондықтан, халқымыздың рухани талап-ті-
легін қанағаттандыра алатындай дәрежеде
Батыстың дәстүрлі ән өнерін өз нақышына
келтіріп, сол ән мектебіне тән домбыра қа-
ғыстарын меңгеру үшін, домбыра шебер-
лігін жан-жақты зерттейтін еңбек қажет.
Батыс Қазақстан мектебінің орындау-
шылық дәстүрінде домбыраның барлық
техникалық дыбыс мүмкіншілігін пайда-
лану салалары көп. Соның бірі оң қол мә-
селесі. Қазақ халқының домбыра үйрену
мектебінде аспапты меңгеруде түрлі әдіс-
қағыстарды суреттейтін көптеген түсінік-
тер бар. Осы сөздердің көбі дәстүрді сақтау
және алға алып барудың керектігінен туған
және күні бүгінге дейін ауызша үйрету
жүйесінде белсенді түрде қолданылып ке-
леді.
Қалыптасқан Батыс ән мектебіндегі
домбыра қағыстары, әннің мазмұнын түсін-
дірудегі ең басты құрал, қысқаша айтқанда,
домбыраның қағысы – әннің тілі. Сон-
дықтан да, оң қолдың қағысының түрлерін
көрсететін, тіпті төкпе күй дәстүрінде кез-
деспейтін белгілі бір өзіне тән техникасы
бар (ол әдіс жалпы батыс ән орындау-
шылар арасында «теріс қағыс» деп аталып
жүр) көптеген әртүрлі атаулар термин-
дермен бар. Қазақтың ән өнері, шын мә-
нінде халық болмысының шежірелі сазы
бола алған. Кейде шығармашылықпен ай-
налысатын адамға замана тұлғасын сомдау
керек, өлмес өнер тілімен уақыттың порт-
ретін жасау керек деген талаптар да қой-
ылып жатады. Бірақ, рухани үрдістердің
қай-қайсысы да ең алдымен заманалық нә-
тиже екенін, уақыттың айғағы болатыны да
еске келе бермейді. Көркем өнердің барша
болмысы тарихи-әлеуметтік жағдайдан тыс
болатын үрдіс емес. Тұтас бір тарихи ке-
зеңдерде рухани құлдыраулардың, тіптен
рухани ақтаңдақтардың болғаны өнер ше-
жіресінен белгілі. Яғни, өнер түрлері өзінің
шырқау биігінде де немесе жер бауырлап
құлдыраған кезінде де тек қана өз уа-
қытының айғағы болып қалатыны кәміл.
Өнердің осынау заңдылығы қазақ әндеріне
де жат емес. Қазақ ән өнерінің тек қана му-
зыкалық бітіміне назар аударып қоймай,
оның тарихи тек тамырына ден қойып, ха-
лықтың қатпарлы өмір жолындағы белгі -
нышандарын бажайлауға көңіл аударған
абзал. Халықтың сонау заманнан бастау ал-
ған тарихымен рухани мұраларды қарау ең
алдымен сол өнер түрінің даму, жетілу ди-
алектикасын саралауға мүмкіндік берсе,
ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Вестник КАСУ
219
екіншіден - халықтың өмір жолын жалаң
хронология тұрғысында емес, тарихи-әле-
уметтік құбылыс ретінде өнермен де шен-
дестіре тануға мүмкіндік береді.
Ұстаздардың міндеті Батыс ән мекте-
бінің ұлы әнші-композиторлары қалыптас-
тырған тәжірибесін сақтай отырып, қолдан
келгенінше кейінгі ұрпаққа аталған ай-
мақтың әнін бұзбай жеткізу. Сондай-ақ, Ба-
тыс Қазақстан фольклор үлгілерінен бастап
жоғары дәрежелі, яғни, кәсіби әншілік
және эпикалық өнердің жанрларын қамти-
тын қазақ әндеріне негізделіп құрасты-
рылған сольфеджио жинақтары жоқтың
қасы. Казіргі кезде әр облыстың музыка
мектептерінде дәстүрлі әннен сыныптар
ашылуда, бұл үлкен қуантарлық іс. Бірақ
бұл істің артында үлкен ауыртпашылықтар
бар, біріншіден дәстүрлі ән маманына
әдістемелік көмек қажет, екіншіден оқушы
саны керек. Ал аймақтың әдет-ғұрып, тұр-
мыс-салт үлгілерін және халықтық шы-
ғармалар мен ауызша кәсіби авторлар ту-
ындылары, әншілік мектебінің негізін са-
лушы Мұхит сал мұрасының және өңірлік
қайқылар әндерінің авторлық қолтаңба-
лары Батыс Қазақстан өңірлеріндегі му-
зыкалық материалын құрауы қажет.
Сондықтан да фольклор үлгілерінен
бастап кәсіби әншілік және өңірдегі эпи-
калық өнердің жанрларын қамтитын, жал-
пы осы өңірдің материалына негізделіп құ-
растырылған этносольфеджио курсына ар-
найы нота құралын құрастыру қажеттілігі
туындады. Дәстүрлі музыкада кәсіби
трансляциялау Ұстаз - шәкірт жүйесі бой-
ынша жүзеге асқан болса, ол сондай-ақ
жалпы мәдени, жоғары кәсіби орындау-
шылық, әншінің мінез-құлқын, биік эсте-
тикалық талғамын да қалыптастырып отыр-
ды. Бұл жүйе әннің теориялық, тарихи жақ-
тарын да, жалпы дәстүрлі музыканы терең
меңгеруге үлкен мүмкіншіліктер туғызды.
Қазіргі европаланған оқыту жүйесі дәс-
түрлі музыка мен дәстүрлі мәдениеттің
құндылығының қыр-сырын өз жүйелеріне
толық дерлік енгізбегенінің кесірінен терең
теориялық және философиялық білім жа-
ғынан толық көңіл бөлінбей шетте қалып
отыр. Қазіргі заман талабы дәстүрлі ән мек-
тебіне арнап этносольфеджио әдістеме жи-
нағын көп уақытқа созбай дайындау қажет.
Қазіргі музыка зерттеуші ғалым-
дардың тұжырымына қарағанда музыка тілі
халықтың рухани мәдениетінің ішіндегі ең
бір тұрақты айғағы, өзгеріске оңайлықпен
ұшырай қоймайтын түрі болып есепте-
лінеді. Славян музыкасының тарихи тегін
зерттеуші ғалым В. Гошовскийдің: «Тари-
хи жағдайға орай ассимиляцияға түскен
белгілі бір халық басқа бір халықтың өлең-
дерінен гөрі заттық мәдениетін, тіпті тілін
әлде қайда оңай игереді», - деген тұжыры-
мы назар аударады.
Музыка тілі халықтың рухани мәде-
ниетінің ішіндегі ең бір тұрақты айғағы, өз-
геріске оңайлықпен ұшырай қоймайтын
түрі болып есептеледі - дейді қазіргі музы-
ка зерттеуші ғалымдар. Славян музыка-
сының тарихи тегін зерттеуші ғалым В. Го-
шовскийдің: «Тарихи жағдайға орай асси-
миляцияға түскен белгілі бір халық басқа
бір халықтың өлеңдерінен гөрі заттық мә-
дениетін, тіпті тілін әлде қайда оңай иге-
реді», - деген тұжырымы назар аударады.
Қазақ ән - өнерінің тарихына әзірше
байсалды барлау жасала қойған жоқ. Қа-
зіргі танымның деңгейі «ақтабан шұбырын-
ды, алқакөл сұлама" кезінде туған «Елім-
ай» әнінен аса бойлай алмай келеді.
Аспапты музыка ретінде бөлек жанр
болып орныққан қазақ күйлерінің мың
жылдық, тіптен одан да көне («Ақсақ құ-
лан», «Қорқыт», «Ел айрылған», т.б.) тари-
хының бары белгілі. Бұл жағдайлар ән өне-
рінің де түп-тамырын аршуға ынтықтыра
түссе керек. Басқасын былай қойғанда,
XVIII—XIX ғасырлар мен XX ғасыр ба-
сында дүниеге келген әндердің тек қана әу-
ендік ерекшеліктеріне мән беріп қоймай,
оларды уақытымен қарауға мән беретін кез
келген сияқты. Бұл орайда, ән мұраларын
этникалық шежіремен біріктіре саралап, қа-
жет болса көрші ру - тайпалардың, ел-жұр-
ттардың тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани
байланысы тұрғысында қарастыру жақсы
нәтиже беруге тиіс. Сонан соң ән мек-
тептері, олардың типтік және типоло-
гиялық қасиеттері білікті жүйеленсе, тарих
қойнауларының рухани жік - жапсарын ай-
ырудың сәті түспек. Жасырары жоқ, күні
бүгінге дейін қазақтың ән өнерін сара-
лағанда көшпелі өмір салттағы саяси-әкім-
шілік жағдай тудырған жүздік бөлікке орай
үш жүзде үш ән мектебі болды деп оңай
қайыра салушылық байқалады. Мұндай са-
|