Научный журнал выпуск 5 вопросы психологии. Личность, образование, общество


ВО «КАЗАХСТАНСКИЙ ФИЛОСОФСКИЙ КОНГРЕСС»



Pdf көрінісі
бет9/53
Дата31.03.2017
өлшемі3,61 Mb.
#10697
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53

ВО «КАЗАХСТАНСКИЙ ФИЛОСОФСКИЙ КОНГРЕСС»:  
РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОГО ЗНАНИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
44 
функцию,  рассказывая  о  правилах  грамот-
ного  общения  и  возможностях  избегания 
конфликтов в общении и взаимоотношени-
ях, способах  ухода от манипуляций и уме-
ния видеть манипулятивные игры как в по-
ведении окружающих, так и в собственном 
поведении» [6]. Действительно, ТА являет-
ся  эффективным  путеводителем  по  лаби-
ринтам  коммуникативных  игр,  однако  эта 
тема  является  предметом  нашего  дальней-
шего исследования. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
1.  Берн  Э.  Игры,  в  которые  играют  люди. 
Люди,  которые  играют  в  игры.  –  М., 
1992. 
2.  Берн  Э.  Трансактный  анализ  в  психоте-
рапии: Системная, индивидуальная и со-
циальная  психиатрия  /  Пер.  с  англ.  А. 
Калмыкова, В. Калиненко. –  М.: Акаде-
мический Проект, 2001. 
3.  Гулдинг  Р.,  Гулдинг  М.  Основы  тран-
сактного анализа // http:// www. igisp. ru/ 
klass/ books/ books/ fragment/ f1-22. shtml 
(дата обращения: 10.10.2015). 
4.  Стюарт  Й.,  Джойнс  В.  Современный 
транзактный анализ / Пер. с англ. – СПб.: 
Социально-психологический 
центр, 
1996. 
5. Трансактный анализ // Большая психоло-
гическая  энциклопедия  //  http://  psychol-
ogy. 
academic.ru/ 
(дата 
обращения: 
20.06.2015). 
6. Трансактный анализ // Психологос – Эн-
циклопедия  практической  психологии  // 
http:  //www.  psychologos.  ru/  articles/ 
view/  transaktnyy_  analiz  (дата  обраще-
ния: 10.10.2015)  
7.  Шмидт  Р.  Искусство  общения  /  Пер.  с 
нем. А.П. Иконникова. – М.: СП «Интер-
эксперт», 1992. 
8.  Шустов  Д.  И.  Руководство  по  клиниче-
скому трансактному анализу. – М.: Коги-
то-Центр, 2009. 
 

ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ПСИХОЛОГИИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
45 
УДК 159.9 : 378 
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМНЫҢ ДАМУЫНА ТАРИХИ ШОЛУ 
Оракбаева М.К. 
 
Қазіргі кезде толеранттылық және эт-
никалық толеранттылық мәселелері туралы 
саясаттану,  педагогика,  медицина,  мәдени-
еттану,  философия,  психология,  мәдениет-
тану ғылымдары бойынша өткізіліп жатқан 
көптеген  ғылыми  конференциялар  мен 
дөңгелек  үстелдерде  талқыланып  жатқан 
өзекті тақырыптарының біріне айналды.  
Толеранттылықтың 
мәнін 
түсіну 
үшін ең алдымен «толеранттылық» түсінігі 
қашан және қандай себептер - жағдайларда 
пайда  болғанын  білуіміз  қажет?  Ол  үшін 
«толеранттылық»  термінінің  шығу  тари-
хына тоқталып кетсек.  
Толеранттылық  -  бұл  көпмағыналық 
ұғым,  оның  негіздері  сонау  ерте  кезден 
Гераклит,  Антифон,  Аристотель,  Сенек 
және  т.б.  ойшылардың  пікірлерінен  бастау 
алған.  Толеранттылық  түсінігі  туралы  ең 
алғашқы  ойлар  антикалық  заманда  басқа 
діндер мен сенімдерді түсіну, қабылдау ре-
тінде пайда болады. Сократ индивидті кос-
мостан бөліп алуға ең алғаш талпынады, ол 
тұлға  аралық  қатынасты  табиғаттан  тыс 
күштердің болжауы ретінде емес, тұлғаның 
ерік-жігері  мен  мінезіне  байланысты  қа-
растырады.  Сократ, алғаш  индивидтің  әле-
уметтік  мінез-құлқының  феноменін,  оның 
мінез-құлқын  анықтайтын  мотивтерін  тү-
сіндіреді.  Платон  мектептеріндегі  шығар-
маларда  еңбектегі  шыдамдылық  жақсылық 
үшін,  қайғыдағы  шыдамдылық  жақсылық 
үшін деп «төзімділік» түсінігін сипаттайды. 
Бұл жерде қайғы рушылықты айтып тұрған 
жоқ,  керісінде  сабырлық,  өзін  ұстай  білу, 
рухтың  күшін  баяндап  тұр.  Жалпы,  Пла-
тонның  көзқарасы  бойынша,  толерантты-
лық – ақыл-ойдың өзін-өзі қорғауы» деген. 
Қоғамның  табысты  дамуы  үшін  төзімділік 
міндетті екенін айтып өткен.  
Аристотель  бұл  көзқарасты  ары 
қарай дамытып, құндылық аспектісін бөліп 
көрсетеді:  шыдамдылық  –  тәжірибелік  мі-
нез-құлық  қасиеті  ретінде  және  дағдыдан 
пайда  болған  этикалық  қайрымдылық. 
Аристотель (б.з.д. 384-322 ж. ж. ) «Никома-
ховая этика» атты еңбегінде: өзіне мейірім-
ділік  көрсеткен  адамға  түсіністікпен  қа-
райтын  адамды  жақсы  деп  есептеуге  бол-
майды»,  «жақсы  адам»  өзгеге  сондай  қа-
рым-қатынас  көрсеткен  адам,  ал  бұл  қиын 
іс», − деп жазған.  
Цицерон  Марк  Тулий  tolerantia  сөзін 
адамзаттың  істеріне  төзімділікпен  қа-
райтын,  данышпанның  рухына  қатысты 
қолданылды. Толеранттылықтың мазмұнды 
жағын  Сократпен  софисттер  қарастырды. 
Стоиктер мен эпикурейцтер үшін «шыдам-
дылықты»  азапқа  шыдаумен  байланысты-
рады, яғни, қатыгездік пен әділетсіздік қай-
рымдылық  жасауға  мүмкіндік  береді  және 
ерлік  пен  төзімділікке  тәрбиелейді.  Кейін 
стоиктер (Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий) 
ерте  кезде  стоиктер  мен  эпикурейцтердің 
айтылған  негіздемесін  біріктіруге  талпы-
ныс жасады, «шыдам» түсінігін ерлік үшін 
негіздеме деп түсіндірді(Сенека. 
Рим  императоры  Марк  Аврелий  Ан-
тонионың (121-180 ж. ж.) «К самому себе» 
немесе  «Наедине  с собой» деген  шығарма-
ларында əңгімелесушіге толеранттылық қа-
рым-қатынасты сипаттайтын жазбалар бар: 
«Адамдарды  сендіруге  тырыс.  Егер  олар 
көнбесе  өзің  əділет  заңына  қарсы  келме», 
«Оларға шын мейірім мен пайданы көрсет, 
бірақ  тітіркенбей,  сілкінбей»,  «Өзіңе  ай-
тылған  нəрсені  мұқияттың  дауға  дағдылан 
және  өзіңмен  сөйлесіп  отырған  адамның 
ойын  толық  қабылдауға  ұмтыл.  Адамдар-
дың  басшылыққа  алатын  əдет-ғұрпы  мен 
күшін  түсіну  үшін  мінез-құлқы  мен  əдет-
терін жақсы білу керек» [4].  
Марк  Аврелий  шыдамдылықтың 
адамгершілік  құндылықтары:  «әділеттілік, 
ақиқат, ақылдылық пен ерлік» болып табы-
латынын  мойындады.  Толеранттылық  не-
гіздері  ретінде  әртүрлі  мәдени  принциптер 
болды. Грек-рим өркениеті үшін негіз бол-
ған діни сенімділік болды.  
Н.В.  Круглованың  «Толерантность: 
генезис  и  типология»  өзінің  еңбегінде  та-
рихта толеранттылық белгілерінің болуына 
байланысты  зерттеу  жүргізді.Яғни,  автор 
толеранттылықтың  екі  типін  бөліп  көр-
сетеді:  христиандық  және  христиандықтан 
кейін  деп.  Христиандық  типтің  өзі  полис-

ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ПСИХОЛОГИИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
46 
тік,  имперлік  деп  екіге  бөлінеді.  Полистік 
тип  -  антикалық  демократияның  тенден-
циясы  басым  азаматтық  қоғам  үшін  тән 
және  сыни  рационализм,  жоғары  мәдени-
еттілік, жан-жақтылыққа бейім, саяси плю-
рализм  мен  діни  тәжірибенің  форма-
ларының  көптүрлілігінде  көрініс  тапқан. 
Имперлік  типі  діни  плюрализм  мен  ай-
қындалған  көпұлтты,  көпмәдениетті,  көп 
дәстүрлікте  саяси  плюрализмнің  болмауы 
тән.  Толеранттылықтың  христиандықтан 
кейін  типі  Реформация  барысында  қалып-
тасты.  
Толеранттылық  идеялар  16  ғасырда 
түпкілікті мойындаушылыққа ие болды.  
Толеранттылық  (tolerarе)  түсінігі 
римдік  авторлар  алғаш  енгізген,  уақыт  өте 
келе христиандық әдебиеттерде кеңінен та-
нымал болады. Бұл ұғым бастауы ең алды-
мен  «шыдау»,  «төзу»,  дегенді  білдіретін 
«tolero»  етістігінен бастау алған. Толерант-
тылық  түсінігінде  адам  өмірінің  қайғыру 
негізінде  діни  мағына  қамтылған,  яғни, 
христиандық  сана-сезім.  Төзім  христиан-
дықтардың  рақымшылдығының  негізінің 
бірі болып табылады. «Құдай шыдады және 
бізге  әмір  етті»  деп  христиандық  өмірдің 
ережесінің бірінде айтылған.  
Негізінен  «толеранттылық»  түсінігі 
еретиктерді  догматтары  мен  салт-дәстүр-
леріне  төзі  мүмкіндігімен  байланысты 
қолданылады.  Демек,  толеранттылықтың 
алғашқы  формасы  дінге  еріктілік  болып 
табылады.  
Толеранттылық  ұғымына  «еркін-
ділік»,  «плюрализм»  түсініктері  жақын, 
Христиандықта  толеранттылық  этикалық 
принцип ретінде енгізіледі және өзінің маз-
мұнын  діни  рақымшылық  ретінде  алды. 
Барлық  библиялық  көз  қайнарлары  төзім-
ділікке  үндейді.  Христиандық  авторлар 
үшін  төзімсіздік  жын-перінің  тудырған 
нәрсесі, ол адамда ашу, кекшілдік және өш-
пенділік тудырады деді.  
В.М.  Золотухин  өзінің  зерттеуле-
рінде,  төзімділік  ерте  христиандық  эти-
када  (Августин,  Григорий  және  т.б.)  аске-
тикалық  нормативтік  идеал  арқылы  күнә-
ден  арылу  мүмкіндіктерімен  байланысты-
ратынын  айтқан.  Бұндай  жағдайда  адам 
құтқаруға  үміт  тілік  пен  Құдайға  сенімді-
лікпен ғана қалады.  
14-16ғғ.  бастап  ғылыми  білімдерге 
қызығушылық  туындағанда,  моральдық 
радикализимнен  моральдық  компромисске 
және  Құдайдың  күнә  өмірімен  татулас-
тыруға  ауысу  қажеттілігі  туындайды.  Де-
мек,  орта  ғасырда  «төзімділікті»  адам  құ-
дайды  ауызға  алып,  қайғы-қасіретке  төзу 
ретінде  қабылдады.  Бұл  жағдайда  төзім-
ділік  пен  төзу  адамға  байланысты  емес, 
адамға Құдай, Шіркеу және басқа адамның 
төзімділік  қарым-қатынас  мүмкіндігіне 
байланысты деп түсіндірді. Осылайша ерте 
орта ғасырда «толеранттық» термині біздің 
зерттеу  мәселемізге  қатысты  қолданыл-
мағанымен,  құдайдан  өзге  ешкім  кіре  ал-
майтын  жабық  әлем  ретінде  қабылданды. 
Сондықтан  толеранттық  жақын  адамға  де-
ген махаббат және көнбістік түрлерінде кө-
рініс тапты.  
Біз  христиандықтар  үшін  толерант-
тылықты  көптеген  философтардың  еңбек-
терін  қарастырдық,  алайда  Квинт  Тертул-
лиан  ерекше  орын  алады.  Квинт  Тер-
туллиан «Біреу Құдайды пір тұтса, басқасы 
Юпитерді»  деген  ой  айтып,  толерантты-
лықтың  негізі  адамға  парыз  ретінде  ар-
татын,  тепе-теңдік  болып  табылады.  Бұл 
тек  төзімділікке  байланысты  болады,  оны 
жағымды  дағды  және  құтқарушы  ретінде 
өзіңді шыңдауың керек [4].  
Қазіргі  кезде  толеранттылық  мәсе-
лесің  тарихи-философиялық  аспектілеріне 
арналған  (В.М.  Золотухин,  М.Б.  Хомяков, 
Н.В.  Круглова,  В.А.  Лекторский,  С.В. 
Скворцов,  Б.В.Емельянов,  Е.В.  Маго-
медова, Р.Р. Валитова), ғылыми зерттеулер 
пайда болды. Зерттеушілердің еңбектерінде 
толеранттылықтың  философиялық  қайнар-
лары  туралы  сұрақта  пікірталас  туын-
дайды. Бір авторлар Қайта өрлеу дәуірінде 
діни нанымдық мәселесінен толеранттылық 
генезисі  туралы  көзқарасты  қолдаса,  а 
басқа авторлар толеранттылық діни наным-
дық  ретінде  Реформация  дәуірінде  келді 
деді.  
Толеранттылық»  түсінігіне  байла-
нысты екі негізгі түсіндірме қалыптасты: 
төзімділік  (patientia)  және  Исидора 
Севильскийден  бастау  алған  оны  рухпен, 
жанмен байланыстырды. Әлеуметтік мағы-
нада  «толеранттылық»  түсінігі  сирек  қол-
данылды  және  негізінен  еретиктерді  дәс-
түрлері  мен  догматтарына  төзу  мүм-
кіндігімен  байланыстырды  (Фома  Аквин-

ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ПСИХОЛОГИИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
47 
ский, «Сумма Теологии»).  
Сонымен бірге Орта ғасырдағы хрис-
тиандықта  әлеуметтік  және  діни  толе-
ранттылық «өзіне» құндылық ретінде емес, 
ізгілік,  қайрымдылық  емес  қақтығысты 
болдырмаудың  құралы  ретінде  қолда-
нылды.  Сонымен  «егер  сенімсіз  адамдар 
мен  еретиктерді  жеңе  алмасаң,  қақты-
ғыстан қаш» деген толеранттылықтың қол-
данбалы  сипаттамасы  пайда  болды.  Толе-
ранттылық  туралы  ойлардың  тарихи  даму-
ына  назар  салсақ,  Ежелгі  Қытай,  Ежелгі 
Үнді,  Ежелгі  Греция  және  Рим  империясы 
басқа  тайпалардың  құдайы  мен  табыну-
шыларына  олардың  төзімділікпен  қа-
рауында  байқалды.  Толеранттылық  тү-
сінігіне  тарихи  жақын  ұғымдар  болып  қо-
ғамдық  санада  таралған.  Олардың  ақи-
қаттылығы  айдан  анық,  мысалы,  «еркін-
ділік»  немесе  «плюрализм»  ойы,  өзінің 
нормативтік  мазмұнының арқасында  басы-
нан  бастап  толеранттылыққа  бағытталған, 
ал  толеранттылық,  плюрализм  сияқты,  ер-
кінділік принципі Жаңа уақытқа сәйкес ке-
летін  және  өзінің  әділдік  ойларында  өзінің 
заңдық  негізі  бар.  Бұл  идеялар  орта  ға-
сырдың  философтарының  ойларында  қам-
тылған, олар «дінді  ішкі, ар ұяттың ісі, ре-
тінде  түсіндірді,  өйткені,  шіркеу  қанауына 
қарсы  тұрды».  Олардың  ішіндеПьер  Абе-
ляр и Агорд из Лион. Толеранттылық біраз 
уақыт көлеңкеге кетіп, Қайта Өркендеу дә-
уірінде  жаңа  күшпен  пайда  болады.  Яғни, 
толеранттылық  философиялық  мен  құқық-
тық  негіз  алып, ғылымилыққа  бастау  алып 
толыққанды қалыптаса бастайды.  
Қайта  Өркендеу  дәуірі  сенім,  наным 
сұрақтары  бойынша  да  бостандық  кезеңі 
болды. 1453 жылы философ әрі дінтанушы 
Никола  Кузанский  «О  согласии  вер»  трак-
татынын  жазады,  онда  барлық  діндерде 
негізгі  ұстанымдар  тұтастығын  сендіре 
көрсетеді. Реформация кезеңінде  қарсы тұ-
рушылық  күшейді,  протестанттар  мен  ка-
толиктердің  діни  фанатизмі  мыңдаған 
адамдардың өліміне әкелді.  
16 
ғасырда 
Францияда 
«Толе-
ранттылық»  түсінігі  пайда  болады,  1598 
жылы  Нантский  эдикт  уақытынан  бастап, 
төзімділік туралы көптеген заңдардың шы-
ғуы  және  француз  протестантары-гуген-
ноттары  діни  өмірдің  бостандықта  көрі-
нуіне құқық пен жол берді.  
Оның көрінуі діни соғыстардың дәуі-
рімен  негізделген,  онда  католиктер  мен 
протестанттардың амалсыз  келісімге  келуі, 
ымыраның  көрінуіне  ықпал  етті.  Көптеген 
ғасырлар бойы созылған қанды діни соғыс-
ты тоқтату үшін осындай қабылданған ше-
шім қоғамның құтқарушы әрекеті болды.  
Жаңа  заманда  төзімділік  әлеуметтік 
реңк береді және қандай да бір мәдени дәс-
түрдің өмір сүруімен байланыстырды. (Дж. 
Бруно, П. Бейль, М. Монтень).  
Дж.  Локктың  толеранттылық  ой-
ларын жүзеге асыруда үлесі ерекше болды. 
Өзінің  «Послание  о  веротерпимости»  пен 
«Опыт веротерпимости» атты екі еңбегінде 
Джон Локк төзімділіктің маңызды ойларын 
толық  және  көлемді  біріктірді.  Д.Локк 
(1632-1704) 
өзінің 
«Опыт 
о 
веро-
терпимости»  (1667ж)  еңбегінде  толерант-
тыққа  шексіз  құқық  береді.  Толеранттық-
тың апологеттікі дәстүрі -  билеушінің діни 
істерге  араласу  құқығының  болмауы.  Тұл-
ғаның рухани ізденісіне қол сұғу, өзге дінді 
мойындауға  мәжбүрлеу  дұрыс  емес.  Бұл 
билік  өкілі  үшін  оны  ақырында  жеңіліске 
ұшырататын ең тиімсіз жол. Д. Локк «Пос-
лание  в  веротерпимости» 
еңбегінде: 
«Адамның  рухани  сенімін  өзгерту  үшін 
көңіліне  сәуле  түсіру  керек,  ол  ешқашанда 
дене жарақаты арқылы мойындалмайды», - 
дейді.  Сөйтіп,  ол  басқаша  ойлайтын  бы-
тыраңқы  секталарға  қатысты  толерант-
тыққа жол беруге болады, ал олардың езу-
шіні  тайдыру  ниетімен  бірігуіне  жол  бер-
меу  керек  деген  пікір  айтады.  Д.  Локк  се-
німдері  мемлекет  құрылымын  шайқал-
татындай  ой-пікірлері  бар  адамдарға  қа-
тысты  мәжбүрлеуді  ақтайтынын  атап  көр-
сетеді.  
Толеранттылық  тақырыбы  француз 
публицисті және философы П. Бейль (1647-
1706  ж.ж.)  еңбектерінде  де  көрініс  тапты. 
Оның  пікірінше,  адамдардың  табиғи  үй-
лесімсіздігі  өз  кезеңінде  пікірлердің  әр-
түрлілігіне  әкеліп  соқтырады:  «Қабылдау 
мүшелері  бірдей  болғанымен  әр  адам  бір-
нәрсені  түрліше  таниды,  олардың  тәрбиесі 
бірдей емес, қалған жағдайларда да осылай 
әрекет етеді».  
П.  Бейльде  ұят  еркіндігі  және  оның 
мемлекет  билігіне  бағынбайтындығы  тура-
лы талап Д. Локкқа қарағанда жоғары. То-
леранттылық  оның  шығармаларында  дог-

ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ПСИХОЛОГИИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
48 
матикалық билікке қарсы құрал ретінде кө-
рінеді  және  билікті  ұстап  тұрудың  басты 
қаруы  өрескел  қарсылықты  жоюға  бағыт-
талған.  Ол  философтардың  толеранттылық 
жөніндегі  пікірталасы  діни  негізде  жүр-
генімен,  діни  ұстанымның  астарында  мем-
лекет  мүддесі  жатқандығын  жақсы  түсіне 
білді.  Билеуші  өз  билігін  шіркеудің  әмбе-
баптығына сүйене отырып, ғайбаттау, жал-
ған сөйлеу, жер аудару, өлім жазасына кесу 
секілді  жаман  құралдар  арқылы  жүргізді. 
Сөйте тұра, ол жасап отырғандарының бар-
лығының  дінді  насихаттау  барысындағы 
дұрыстығына,  заңдылығына  өзі  сене  білді 
немесе сондай түр жасады [3].  
Философ  «мен»  және  «басқа»  ара-
сындағы  қарама-қарсылықты  драмалықпен 
сипаттайды.  Француз  жазушысы  және  фи-
лософ  Мишель  де  Монтеньнің  қарама-қар-
сы  ойлары  өмір  сүрудің  екі  тәсілінің  ара-
сында:  адамдар  арасындағы  өмір  мен  өзін 
оқшаулау  арасында  арпалысады.  Ал  шын-
дық өмірде барлық адамгершілікке жат әре-
кеттер  аяныш  сезімдеріне  белсенді  қарсы-
лық көрсетіп отырғандығын ол ашына жаз-
ды.  
Біртіндеп  толеранттылық  мәселесі 
теология  аймағынан  әлеуметтік  филосо-
фияға  ығыстырылады.  Танымал  ойшылдар 
төзімділіктің  болу  қоғамның  толықтай  да-
муы  және  адамның  тұлға  ретінде  дамуы 
үшін қажеттілігін дәлелдеуге тырысты. Бұл 
ойларды  Жан-Жак  Руссо  өзінің»  Теории 
Общественного  договора»  атты  еңбегінде 
және  Ш.  Монтескье  «Персидских  пись-
мах»,  «О  духе  законов»  атты  еңбектерінде 
дамытты.  Франсуа  Мари  Аруэ  Вольтер  то-
леранттылық  мәселесін  бірнеше  туын-
дыларында  қарастырды:  «Философские 
письма»  (1734),  «Философский  словарь» 
(1766), «Трактат о веротерпимости» (1763), 
«Вопросы по энциклопедии» (1772).  
18 ғасырдағы француз жазушысы жә-
не  философы  Вольтер:  «...  сіздің  пікіріңіз 
маған жат, бірақ сізге оны жақтау үшін мен 
өмірімді құрбан етуге дайынмын», – деген. 
Ол  –  толеранттылықтың  басты  қағидаты. 
Бұл  адамдар арасында  өзара  сыйластықты, 
мейірбандықты  білдіреді.  Сондықтан,  то-
леранттылық  екі  жақты  сана:  мемлекеттер, 
діндер,  этностар,  жеке  адамдардың  бір-бі-
ріне шапағат жасай білуі [5].  
Вольтерде  толеранттылық  бір  жа-
ғынан  барлық  демократиялық  бостан-
дықтың негізі, ал басқа жағынан «Не делай 
другому  того,  что  ты  не  желаешь,  чтобы 
делали  тебе»  деген  адамгершіліктің  алтын 
қағидасының  нәтижесі  ретінде  қарасты-
рады.  
Танымал  философ  педагог  И.  Кант 
(1724-1804)  көптеген  еңбектері  толерант-
тық  проблемасына  арналған.  Оның  эти-
калық  тұжырымдамасында  алғаш  рет  «тө-
зімділікті»  «толеранттылықпен»  байла-
ныстырады.  Төзімділікті  жалпы  адам-
заттың  парызына  жатқызады,  егер  өзіне 
ұнамаған  дүниелерге  адам  төзетін  болса 
онда  ол  адам  төзімді  болып  саналатынын 
және төзімділікті өшпенділікке қарама-қай-
шы  деп  айтқан.  Ол  толеранттық  пробле-
масын  адамның  ішкі  «мені»  тұрғысынан 
қарастырған.  Неміс  ойшылы  «Идея  все-
общей  истории  во  всемирно-гражданском 
плане» (1784) еңбегінде толеранттылықтың 
«Өзгеге»  қатыстылығы  мәселесіне  пайым-
даулар  жасайды.  И.  Канттың  пікірінше, 
адамда екі жақты бейімділік болады: бірі - 
өзі  сияқтылармен  пікірлесу  мүддесі,  екін-
шісі  -  оқшаулануға  тырысу.  Бұл  жағдайда 
адамның өз туыстарымен сыйласудан басқа 
амалы  қалмайды.  Басқаша  айтсақ,  адам 
өзінің  басқаларға  деген  табиғи  шыдам-
сыздығын  жеңе  алады,  қоғамда  құнды-
лықтарға ие болып, өз орнын табады.  
18  ғасырдағы  Ағартушылық  дәуірін-
дегі  Франциядағы  революция  «Адам  және 
азамат  құқықтарының  Декларациясының» 
дүниеге келуіне ықпал етті.  
Вольтердің  өлгеніне  11  жыл  өт-
кеннен  кейін1789  жылы  26  тамызда  құ-
рылтай жиналысы қабылдаған «Адам және 
азамат  құқықтарының  Декларациясынан» 
көрініс  тапты.  Бүкіл  әлемге  ойлар  мен 
сөздің еркінділігін паш етіп, Вольтердің та-
бандылықпен  қалаған  ойы  танылды.  Ұлы 
Француз  революцияның  нәтижесі  тек  аза-
маттық  еркіндікті  жариялау  ғана  емес,  со-
нымен бірге мемлекеттің жаңа типінің «на-
циональное»  дүниеге  келуіне  ықпал  етті. 
Бұл  төзімділік  идеяларының  екі  жүз  жыл-
дықта  ары  қарай  дамуын  анықтап,  ұлттық 
төзімділік  идеясын  плюрализм,  еркінділік 
идеялардың  жалпы  жиынтығынан  бөліп 
алып,  алғаш  ұлттық  сипатталық  берді.  Ға-
лымдардың айтуынша, ұлттық сұрақ 19 ға-
сырда  қалыптасып  және  қойылған  деген. 

ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ПСИХОЛОГИИ 
 
 
Вестник КАСУ
 
49 
Осылайша  өз  беттілік  тарихына  құқығы 
бар,  халықта  тұлғаның  адамгершілік  пен 
еркінділігін  мойындайтын.  Сонымен  толе-
ранттылық  Батыс  Европаның  рухани  өмі-
рінің құбылыс ретінде оның буржуазиялық 
өзгертілген нәтижесінде бекітілді.  
Чех  педагогы  Ян  Амос  Коменский 
толеранттылыққа  көңіл  бөліп,  ешкім  басқа 
біреуге  өзінің  принциптерін  міндеттемеу 
керек  және  әркімге  өзінің  ісімен  айна-
лысуға еркін құқық беру керек деген. Оның 
ойынша  ортақ  ақиқаттылыққа  барлығы 
келу үшін барлығы келісімге ұмтылу керек 
және әркім өзінше оны нығайту керек.  
Голландиялық  философ  Бенедикт 
Спиноза  өзінің  трактаттарында  сенім-на-
ным  сұрақтарында  иудейлік  консерватизм 
мен  догматиканың  жалғандығын  ашуға 
талпыныс  жасады.  Ол  «Богословско-по-
литическом  трактат»  атты  еңбегінде  еркін 
мемлекетте әрбір азамат калай ойлайды, со-
лай  ойлай  алады,  не  ойласа  соны  айта 
алады деген.  
Толеранттылық  идеяларының  мәселе 
жиынтығы  неміс  философиясындағы  Л.  А. 
Фейербаха  (1804-1872)  еңбектерінде  қа-
растырылады. Оның ойынша, адамның мә-
ні адамда туғаннан бастап болмайды. Кері-
сінше  басқа  адамдармен  қарым-қатынаста 
құрылып, қалыптасады деген. Жеке адам, - 
«Ойлаушы  ретінде  емес,  моральдық  мәні 
ретінде  емес  өзінде  адамдық  мәні  де  қам-
тылмаған  бірдеме  оқшауланған  ретінде»,  - 
деді  ол.  Адамның  мәні  Мен  және  Сен  ара-
сындағы  шынайылыққа  негізделген  тұ-
тастықта,  адаммен  адам  тұтастығында,  қа-
рым-қатынаста  болады.  Орыс  ойшыл-
дарының тарихында толеранттылық сипат-
тамасына балама ретінде төзімділік түсінігі 
жиі қолданылды. 19 ғасырдың екінші жар-
тысында төзімділік мәселесінің зерттелуіне 
аса  үлес  қосқан  орыс  философы  В.  С. 
Соловьев  болды.  Ол  «төзімділік»  пен  «тө-
зу»  түсініктерін  ажыратады.  Біріншісінде 
В.С. Соловьев жан қасиеттерінің оның әре-
кетте  көрінуін  кең  пейілділік  деп  аталады, 
ал кейде – рухани батырлық.  
B.C.Соловьев  бойынша  төзімділікті 
адамның  ішкі  мотивтеріне  байланысты,  ол 
басқалардың  мінезіне  кең  пейілділік,  құр-
меттілік  және  басқаға  бостандық  берумен 
анықталады  деген  ойды  айтты.  Орыс  мә-
дениетінің  тарихында  революциядан  кейін 
толеранттылық  идеяларына  аса  қызы-
ғушылық танытқан жоқ.  
Революциядан кейінгі сөздіктерде то-
леранттылық  түсінігі  сирек  кездеседі. 
«Большой  Советский  энциклопедический 
словарь»  сөздігінің  3-ші  басылымында  то-
леранттылық  түсінігі  тек  арнайы  меди-
циналық  термин  ретінде  енгізілді.  То-
леранттылық түсінігі 90-жылдардан бастап 
және  осңғы  уақытта  ғылыми  әдебиеттерде 
белсенді қолданылуда.  
20  ғасыр  әлемге  көптеген  саяси,  эко-
номикалық  және  әлеуметтік  өзгерістер 
әкелгенмен,  зорлық-зомбылықтың  әртүрлі 
формалары  мен  интолеранттылықтың  бел-
гілері жиі көріне бастады. Адамзат алдында 
зорлық-зомбылық,  лаңкестік,  нәсілшілдік 
пен  ұлтшылдық  алға  шықты.  Әсіресе  дін-
дер  және  ұлттар  арасындағы  қақтығыстар 
әлемді мазалады.  
Сонымен  толеранттылық  түсінігінің 
пайда болуының жалпы зерттелу тарихына 
жасалған қысқаша шолудан əр дәуірде бұл 
түсініктің  əртүрлі  түсіндірілді  деп  пай-
ымдауға болады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет