Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»


Шоќан Уалихановтыѕ јлеуметтік-саяси, ќўќыќтыќ кґзќарастары



бет54/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65
Шоќан Уалихановтыѕ јлеуметтік-саяси, ќўќыќтыќ кґзќарастары.

Қазақ даласындағы ағартушылық көшiн бастаған аса дарынды ұлы тұлға Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865 жж.) болды. Өзiнiң қысқа өмiрiнiң шеңберiнде ол өте көп iстер тындырып, тек қана қазақ халқының өткен тарихын, әдет-ғұрпын, жалпы руханиятын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар сол кездегi нақтылы өмiршең мәселелерге атсалысып, қалың бұқараның мүдделерiн аса батылдықпен қорғап, соның жолында «аққан жұлдыздай», өкiнiшке қарай, ерте жанып кеттi. Шоқанның онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, ол күнбе-күнгi адамның тәжiрибесiнен шығатын, сол кездегi 299 жаратылыстану ғылымдарына сүйенетiн материалистiк бағытта болды. Оның тiкелей болмыс жөнiндегi еңбектерi болмағанмен, оны бiз Шоқанның қазақтардың шамандық (бақсылық) сана-сезiмiн талдауынан байқаймыз. Шамандықты көшпендiлердiң алғашқы көне дiнi ретiнде қарап, ойшыл табиғаттың сиқырлы да үрейлi күштерiнiң осы дiнде бейнеленгенi жөнiнде айтады. Яғни табиғат бiрiншi де, адамның өзi сол табиғаттың төл туындысы болғаннан кейiн, өзiнiң сана-сезiмiнде айнала ортаны дұрыс, я болмаса қияли бейнелейдi. Ендi ойшылдың әлеуметтiк болмыс жөнiндегi көзқарастарына келер болсақ, оның «географиялық детерминизм» бағытын ұстағанын байқаймыз. Қоғамның дамуына айнала қоршаған ортаның жазықтығы, я болмаса тау-тастығы, ауа райы, жер құнарлылығы т.с.с. факторлар жатады. Сондықтан шегi жоқ жазық дала мал баққан көшпендiнiң енжарлығын, ерiншектiгiн т.с.с. қасиеттерiн қалыптастырса, тау мен тасқа толы, сарқырап аққан қаһарлы өзен-сулары бар, неше түрлi қауіпке толы аймақтар, керiсiнше, адамның жинақтылығын талап етедi. Мұндай көзқарас Батыс Еуропадағы француз ағартушыларының ойларына сай келедi: мұның өзi ойшылдың тек орыс ғалымдарымен ғана емес, сонымен қатар Батыс философиясымен де таныс болғанын дәлелдей келе, оның өз заманының ой-өрiсiнен қалмағанын көрсетедi. Олай болмақ түгiл, ол бүгiнгi таңдағы мәселелердi тереңiрек түсiнуге көмектеседi. Мысалы, реформалардың басында ауыл шаруашылығындағы iрi ұжымдық мекемелердi жойып, олардың орнына жеке шаруашылық қожалықтарын орнату саясаты жүргiзiлдi. Әрине, мұндай саясатта елдiң географиялық ерекшелiктерi ескерiлген жоқ. Қазақстан АҚШ, я болмаса Бразилия немесе Франция емес. Ендi бүгiнгi таңда ғана бiз жiберген қателiктерiмiздi байқап, талдап жатырмыз. Сонау көне заманнан бастап Жаңа дәуiрге дейiн, елдiң сайын даласында тек қана көшпендi мал шаруашылығы ең тиiмдi шаруашылық формасы болғанын Шоқаннан кейiнгi бiзге де мойындауға тура келедi. Тек қана индустриялық-машиналық өндiрiс пайда болып, өндiргiш күштер зор даму қарқынын алған кезден бастап қана, солтүстiк және орталық өңiрлерде жерге тұрақтану мүмкiншiлiгi пайда болып, сол кезден бастап қазақ жерлерiне басқа мемлекеттердiң «қызығушылығы» арта бастады. Шоқан Уәлихановтың әлеуметтiк-саяси, құқықтық көзқарастарына келер болсақ, ойшыл жан-тәнiмен халықтың қамын ойлап, «әдiлеттi басқару» жүйесi арқылы «парасатты реформалардың» негiзiнде халықтың хал-ахуалын өзгертуге болатынына сендi және оны жақындату үшiн барлық күш-жiгерiн салды. Ол 1862 ж. Атбасар аймағының сұлтан-басқарушы лауазымын жеңiп алу үшiн сайлауға түсiп жеңгенмен, патша үкiметi оны бұл орынға бекiтпей 300 қойды. Одан кейiн Шоқан «Сот реформалары жөнiндегi жазбалар» атты өзiнiң ғылыми еңбегiн жазады. Осы кездегi Ресей мемлекетiнде буржуазиялық-демократиялық реформалар қомақты орын алып жүрiп жатқанымен, «азиаттық озбырлық», пара алу, заңды бұзу, қарапайым адамның ар-намысын аяққа басу т.с.с. кертартпалықтар бұрынғыдай болып жатты. Сондықтан Шоқан Ресей мемлекетiнiң құқықтығына зор күмән келтiредi. «Құқықтық мемлекетте заңдардың үстемдiгi әрқашанда сақталуы қажет, оны ешкiмнiң де аттап өтуiне құқы жоқ. Заңдар бұзылған жағдайда жаза әдiл сот арқылы берiлуi керек», – деп қорытады ойшыл. Шоқан патша өкiметiнiң Ресей сот институтын өзгертпеген, бейiмделмеген түрде қазақ қоғамының өмiрiне енгiзуiне үзiлдi-кесiлдi қарсы шығып, оның негiзсiздiгiн көрсетедi. Ресей заңдары қазақ қоғамындағы әлеуметтiк қатынастардың ерекшелiктерiн, халықтың тарихи қалыптасқан құқықтық көзқарастарын ескермейдi. Шоқанның ойынша, таяу болашақта қазақ даласында үйреншiктi, халық алдында абыройы бар билер сотын қалдыра тұру қажет. Ш.Уәлиханов қазақ халқының рухани өмiрiн зерттеуге де қомақты үлес қосты. Оның даналығы – болашақтағы халықтың рухани жаңаруындағы тарихи қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен жыр-дастандардың, аңыздардың, т.с.с. халық туындыларының маңыздылығын ұғып, олардың әртүрлi түпнұсқаларын қағазға түсiрiп, болашақ ұрпақтарға қалдыру болды. Солардың iшiнде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Едiге», «Ер Қосай», «Ер Көкше» сияқты жырлар бар. Туысқан қырғыз халқының аса көрнектi туындысы – «Манасты» алғаш рет қағазға түсiрiп, оны орыс мәдениет зерттеушiлерiне көрсеткен де Ш.Уәлиханов болды. Егер бiз орыс ұлы ойшылы А.Ф.Лосевтің: «Қайсыбiр халықтың мәдениетiнiң биiктiгi мен шоқтығы оның тарих тудырған аңыздары мен жыр-дастандарының байлығына байланысты», – деген пiкiрiне құлақ түрсек, Шоқанның бұл еңбегiн асыра бағалау өте қиын жұмыс болар. Осы ойларға сәйкес, бiз қазақ халқының мәдениетiнiң әлi талай-талай шыңдарға жететiнiне күмәнiмiз жоқ, өйткенi оның iргетасы мықты, ол ғажап iнжу-маржандармен безенген, мыңдаған жылдарды артына тастап, бiздiң өмiрiмiзге дейiн жеткен – халық мифологиясы. Ол – қазiргi қазақ тiлi мен мәдениетiне ерекше өзiндiк сипат беретiн сарқылмайтын бұлақ, рухани тiрек. Ш.Уәлиханов халықтың дiни өмiрiн де терең зерттеп, оны ағарту жолында көп еңбек етедi. Ол шамандықты (бақсылықты) көшпендiлердiң табиғатқа табыну жолында тудырған дүниетанымы ретiнде қарайды. Бұл iзденiс жолында халық осы дүниенi жаратқан «Тәңiрдi», адамдарды әрқашанда қолдап отыратын бабалардың рухы – «аруақты» табады. Ислам дiнiнiң Орта Азия мен Қазақстанға тарауы 301 көшпендiлердiң рухани өмiрiнiң өзгеруiне әкелгенiн айтады. «Дегенмен де қазақ дүниесезiмiнде ислам қағидалары шамандықпен араласып, бiр жағынан, Аллаға тағзым етумен қатар, екiншi жағынан, отқа табынумен жалғасып жатты», – деп қорытады ойшыл. Жалпы алғанда, ойшыл ислам дiнiне терiс көзбен қарайды, молдалар халықты қараңғылық пен надандықтың шырмауынан шығармайды, сол кездегi қазақ жерiндегi мешiттердiң көп салынуына алаңдаушылықпен қарап, оларды халықты бодандаудың бiр құралы санайды. Мүмкiн, бұл – жаңа бодандық жағдайдағы халықтың өзiн-өзi сақтап қалу шараларының бiрi болуы да ғажап емес, бiрақ Шоқан ондай ойға келген жоқ-ты. Дегенмен оның кейбiр терең ойлары бүгiнгi таңдағы дiни салада болып жатқан күрделi өзгерiстердi, соның iшiнде мистицизм, дiни фанатизм және экстремизм сияқты келеңсiз құбылыстарды сараптауға көмектеседi.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет