Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»


Абай – ќазаќ аєартушылыќ философиясыныѕ алыбы



бет55/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65
Абай – ќазаќ аєартушылыќ философиясыныѕ алыбы.

Ағартушылық философияның аса алып тұлғасы Абай Құнанбайұлы (1845-1904 жж.) – тек қазақ халқы емес, сонымен қатар бүкiл дүниежүзiлiк руханиятта өзiнiң өшпес iзiн қалдырған ұлы ғұлама. 1995 ж. ЮНЕСКО тарапынан ұлы ойшылдың 150 жылдығы бүкiл Адамзат көлемiнде атап өтiлiп, қазақ халқының мерейiн биiк шыңға көтердi. Абайтану бүгiнгi таңда тек қана қазақ зиялыларының үлесiнде ғана емес, сонымен қатар бүкiл дүние-жүзiлiк құбылысқа айналды. Соңғы кезде бiрталай мәндi де терең зерттеулер жарық көрiп, қазақ халқының руханиятының дамуына өз үлесiн қосты. Бiздiң ойымызша, «Абайтану» саласының мерзiмдi түрде шығып тұратын өз журналының да шығуына көп уақыт қалмаған сияқты. Өйткенi бiз ары қарай дербес мемлекет ретiнде дамыған сайын, Абайдың айтқан терең ойларымен сусындап, өз өмiрiмiзде дұрыс бағыт ұстауға мүмкiндiк аламыз. Әрине, шағын оқулықта Абайдан қалған мұраны жан-жақты сараптау мүмкiн емес. Сондықтан бiз Абайдың бүгiнгi күндегi көкейкестi 302 мәселелерге байланысты ойларына көбiрек көңiл бөлсек деймiз. Қосымша әдебиеттi талантты оқырман қиындық көрмей-ақ, бүгiнгi кiтапханалардан табады. Осы орайда бiз белгiлi абайтанушы проф. Ғ.Есiмнiң еңбектерiн ерекше ұсынар едiк. Абай еуропалық мағынада айтылатын классикалық бiлiм алған жоқ (университеттерде оқымаған). Бiрақ өзiнiң iшкi жалыны, дүниенi, өмiрдi тануға деген зор құштарлығы мен шабытының арқасында, ол араб, парсы, орыс тiлдерi мен мәдениетiн терең игерiп, өзiнiң дүниеге деген көзқарасында олардың негiзгi нәтижелерiн қазақ руханиятымен бiрiктiре бiлдi. Абайдың шығармашылық еңбегi жан-жақты универсализмдiгiмен таңғалдырады: ол – ақын, сазгер, философ, аудармашы, құқықтанушы, саясаткер. Уақытында М.Дулатов айтқандай, «Зәредей шүбә етпеймiз, Абайдың өлген күнiнен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемi бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-бiлiмге қанар, сол күндерде Абай құрметi күннен-күнге артар». Мiне, бүгiн сол күндер келдi, ал жастарға қойылатын талап – ұлы Абайды мұқият зерттеп, өз жан-дүниесiне сiңiру болмақ. Ол – бiздiң хакiм-ата алдындағы парызымыз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет