БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бұл мақалада білім берудегі жаңа технологиялар және оларды
қолданудың ерекшеліктері туралы қарастырылған.
Түйін сөздер: жаңа технологиялар, функционалдық сауаттылық,
құзыреттілік, әдістер.
Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт
алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге
байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің
мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып
қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу
ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз
61
білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі бүгінгі
жас ұрпақтың қолында.
Оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын,
құзыреттілігін
қалыптастыру жолдары, мәселелері тек қана білім мазмұнын жаңартуды жүзеге
асырып қана қоймайды, сондай-ақ оқытудың тиімді технологиясы мен әдістерін
қолдануды көздейді. Яғни бүгінгі күні мұғалімдердің алдына қойылып отырған
басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру
және педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін
ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Осыған орай, қазір оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары мектеп
өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар: Оқытудың компьютерлік технологиясы
компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету,
жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы,
тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және
практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген
теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс
істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің
алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы
бірнеше деңгейде тапсырма беру және т.б., мәселелік оқыту, оқытудың белсенді
әдістері, т.б.
Сондай-ақ М.Н.Жанпейісованың блоктық-модульдық технологиясы мен
В.М.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ,
профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциалау және
білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген
жаңа
педагогикалық
компьютерлік
технологиясы
еліміздің
барлық
мектептерінде дерлік қолданылып жүр.
Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың
басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне
енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың
бірлесе жасаған “Дамыта оқыту жүйесі” бір-бірімен тығыз байланысты әрі
мынадай ұстанымдардан құралады:
1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
2. Теориялық білімнің жетекші рөлі.
3. Оқу материалын жеделдете оқыту.
4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Л.В.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның
әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы
жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-катынастың іргетасы
қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу
әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
62
Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның
субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы мынадай: оқу-
танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-
жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология
бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.
Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен
құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны
орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап
етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту
әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп
отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы.
Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім
алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық
түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға
деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-
қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру,
талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет.
Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе
алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты
қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса
бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.
Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын
теория - Л.С.Выготскийдің "оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы
"актуалды даму" аймағынан жақын арадағы даму" аймағына ауысуы туралы
теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші
деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі
іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі:
бірінші деңгей - "міндетті, оқушылық", екінші - алгоритмдік, үшінші -
эвристикалык, төртінші - шығармашылық.
Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын, құзыреттіліктерін
жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және
дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі
сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның
өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға
қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтуы тиіс.
Технологиялар мен әдістердің тізімі ауқымды, олардың мүмкіндіктері әр
түрлі, сондықтан алдымен негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау қажет,
63
әрине, өмірдің әр түрлі жағдайларына дайын рецепт жоқ. Белсенді
технологиялар мен әдістердің әлеуеті өте жоғары, ал оларды оқыту барысында
пайдалану оқытудың нәтижесі - құзыреттілікке ықпал етеді.
Төмендегідей негізгі міндеттерді бөліп алуға болды:
-
оқушылардың дамуына, өзіндік дамуына жағдай жасау;
-
өнімді білім, білікті игеру;
-
бүкіл өмір бойына өз білімін толықтыруға деген қажеттілікті
дамыту.
Оларды орындау үшін мұғалім нені басшылыққа алуы керек?
Ең алдымен, мұғалім қолданатын технологияға тәуелсіз төменде
келтірілген ережелерді есіне сақтауы керек:
1. Ең бастысы, Сіз оқытып отырған пән емес, Сіз қалыптастырып отырған
тұлға. Тұлғаны Сіз оқытатын пән қалыптастырмайды, пәнді оқытатын мұғалім
қызметі арқылы қалыптасады.
2. Белсенділікті қалыптастыру үшін уақытты да, күшіңізді де аямаңыз.
Бүгінгі белсенді оқушы – ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі.
3. Оқушыны білім алуға, оқу-танымдық қызметтің өнімді әдістерін
игеруге көмектесіңіз.
4. «Неліктен?» деген сұрақты жиі пайдаланыңыз, бұл себепті ойлауға
үйрету үшін қажет: себеп-салдар байланысын түсіну дамыта оқытудың міндетті
шарты болып табылады.
5. Ауызша айтқан адам емес, практикада қолданған адам білетінін есіңізге
сақтаңыз.
6. Оқушыларды ойлауға және өздігінен әрекет етуге үйретіңіз.
7. Шығармашылық
ойлауды
проблеманы
жан-жақты
талдаумен
дамытыңыз, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен шешіңіз, жиі
шығармашылық есептерді жоспарлаңыз.
8. Оқушыларға оларды оқыту перспективасын жиі көрсетіңіз.
9. Білім жүйесін игеруді қамтамасыз ету үшін сызбаларды, жоспарларды
қолданыңыз.
10. Оқыту үрдісінде әр оқушының жеке қабілеттерін есепке алыңыз,
бірыңғай деңгейдегі білімі бар оқушыларды кіріктірілген топтарға біріктіріңіз.
11. Оқушылардың өмірлік тәжірибелерін, қызығушылықтарын, даму
ерекшеліктерін есепке алыңыз.
12. Өз пәніңізден ашылған жаңалықтар бойынша ақпаратты біліңіз.
13. Оқушылардың
зерттеу
жұмысын
ынталандырыңыз.
Оларды
эксперименттік жұмыстың техникасымен, есептерді шығару алгоритмімен,
анықтамалық материалдармен, шығармалармен таныстыруға мүмкіндік
табыңыз.
14. Білім ол үшін өмірлік қажеттілігі екенін түсінуге үйретіңіз.
15. Оқушыларға әр адамның өмірлік жоспарларын жүзеге асыру үшін
барлығына үйренетін болса, онда ол өмірден өз орнын табатынын түсіндіру
қажет.
64
Бұл пайдалы кеңестер-ережелер - бұл педагогикалық даналықтың,
педагогикалық
шығармашылықтың,
көптеген
ұрпақтардың
жалпы
педагогикалық тәжірибелерінің шағын бөлшегі ғана.
Осыларды есте сақтау, оларды басшылыққа алу - бұл ең басты мақсатқа -
тұлғаның дамуын қалыптастыруға жетуде мұғалім еңбегін жеңілдетудің басты
шарты болып табылады.
Библиографиялық сілтемелер
1. Әбенбаев С., Ахметова Г., Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ
турасында//Мектептегі шетел тілі. 2003, №2, бб.11-16.
2. Кішібаева Д.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар.Оқу құралы.
Түркістан қ. А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2010.
3. Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде
жетілдірудің дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. – Алматы,
2005. –137 бет.
4. Манабаева А.Ш., Абылайхан С.М., Алшынбаева Ж.Е. Қазіргі білім
беру технологиялары Оқу-әдістемелік құралы. Қарағанды, Санат баспасы,
2007, 80б.
5. Селевко Г.К. Современные технологии в образовании. –М., 1998.
6. Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -
1999. №4. бб-5-12.
Жаңыл Сундетовна Бекмурзина
«Ұштаған орта мектебі» ММ
Қазақстан, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН
АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны
пайдалана
отырып,
оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын,
шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор. Бұл ретте функционалдық
сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың жастарға алған білімдерін
практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті
пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып
табылады.
Түйін сөздер: функционалдық сауаттылық, құзіреттілік,шығармашылық.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27
қаңтардағы «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының
басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің білім беру
жүйесін жаңарту мәселелері ерекше атап көрсетілді.Жолдауда мектеп
65
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық
Ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.
Аталған міндеттер Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің
қатарына кіру стратегиялық жоспарында да атап көрсетілген.Еліміз үшін
маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында
тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда
ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік,
өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.Оқушының бойындағы
бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы
білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және
рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық
құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы
қажеттіліктерін қанағаттандыру. Осы мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-
қимыл жоспары (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) мектеп оқушыларының
функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік,
материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін
қамтиды. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын
жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен
жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған. Ұлттық жоспардың мақсаты -
Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту.
Ұлттық жоспардың міндеттері:
1.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың
отандық және халықаралық практикасын зерделеу.
2.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
3.
Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу
жоспарлары мен бағдарламалар.
4.
Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
5.
Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг үшін
жағдай жасау, жүргізу жүйесін дамыту.
6.
Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының
материалдық-техникалық базасын нығайту.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы
жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің
қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің
(бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен
байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде
түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық
66
адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге
белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық
факторлардың біріне айналуда.
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым
танымал
халықаралық
бағалау
зерттемелерінің
бірі
Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15
жастағы
оқушылардың
оқу
жетістіктерін
бағалаудың
халықаралық
бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып
табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін,
іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-
ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік
міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің
тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады.
Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері
ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі,
отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру
жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.
РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың
үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және
жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір
рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір
түріне ерекше назар аударылады. РІSА бағдарламасының фокусында 2009
жылы оқу сауаттылығы болды. 2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші
рет қатысты. Нәтижелер мыналарды дәлелдейді:
1) қандай да бір күрделі оқу мәтіндерін дәл пайдаланып, олардың
көмегімен күнделікті жағдайларда бағдар алуға әзір қазақстандық
оқушылардың үлесі - оқу сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 5%-
ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 28,6%);
2) нақты бір жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс жасауға,
әртүрлі тапсырмаларды дамыту мен кіріктіруге әзір қазақстандық
оқушылардың үлесі – математикалық сауаттылықты зерттеуге қатысушылар
санының 4,2%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 16%
қатысушы);
3) жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды жасауды
талап ететін тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі жаратылыстану пәндерінен
түсініктемелерді таңдауға және біріктіруге, осы түсініктерді өмірлік
жағдаяттарға тікелей қолдануға дайын қазақстандық оқушылардың үлесі -
жаратылыстану ғылыми сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының
3,6%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 20,5%).
Бұл ретте TIMSS зерттеулерінде қазақстандық оқушылар жоғары
нәтижелер көрсетуде. Осылайша, Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу
нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты
67
пәндік білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға
үйретпейтіндігін көрсетеді.
РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия,
Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.)
нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға
мынадай факторлар оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі:
-барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы
білім беру ортасының болуы;
-ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді
рөлі.
Төменде ұсынылған қазақстандық оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту тетіктері жоғарыда аталған факторлар есебінен
анықталды.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту қазіргі 11
жылдық сияқты 12 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартын (МЖБС) жаңарту шеңберінде білім берудің басым
мақсаттарының бірі ретінде айқындалады.
Негізгі құзыреттілік - бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның
сапасына МЖБС-да және оқу бағдарламаларында көрсетілген білім беру
нәтижелері түрінде қоятын талаптары.
Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:
Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім
ала білуі);
Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша,
жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті);
Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті);
Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-
өзі анықтау, төзімді болу қабілеті);
Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде
өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);
Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның
ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).
Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде
пәндік құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік,
дағды ерекшеленеді. Негізгі және пәндік құзыреттіліктің білім берудің нәтижесі
ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған болуы
қажет. Оқу бағдарламалары, сондай-ақ, мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамытуға және негізгі, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге
бағдарланады. PISA зерттеуінде табысты елдердің (Оңтүстік Корея, Жапония,
Қытай, Гонконг және т.б.) тәжірибелерін ескере отырып, жоспардың
инварианттық (міндетті) және вариативтік (мектептің таңдауы бойынша)
бөліктері арасындағы тиімді пропорцияны анықтау есебінен оқу жоспарын
реттеудегі мектептер дербестігінің сәйкес деңгейі қамтамасыз етілетін болады.
68
Оқу жоспарлары оқу әдебиетін, математиканы оқыту және жаратылыстану-
ғылыми, ақпараттық, тілдік сауаттылықты қалыптастыру үшін оқу
сағаттарының қажетті санын бөлуді қарастырады.
Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін жаңарту
үдерісіне сәйкес білім беру жүйесін жаңарту шарттары:
- біріншіден,оқу үдерісіне заманауи әдістемелер мен технологияларды
енгізу;
- екіншіден, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру
ұйымының тәжірибесін қазақстандық білім беру жүйесіне тарату;
- үшіншіден, педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін
арттыру;
- төртіншіден,педагогикалық базалық білім беру стандарттарын,мектеп
мұғалімдері мен ЖОО мұғалімдерінің біліктілігін арттыру талаптарын
жаңарту;
- бесіншіден,аймақтарда
педагогтардың
біліктілігін
арттырудың
кіріктірілген орталықтарын құру болып табылады.
Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттық және
мәдени қарымы білім сапасының күйін,оның прогрессивтік даму тарихын
айқындайды.Осы тұрғыдан алғанда,тәуелсіз еліміздің ғылым мен білімді
дамыту стратегиясы, білім беру жүйесінің ұлттық білім мен тәрбие идеяларын
сақтай отырып,әлемдік білім кеңістігіне кірігуімен анықталады.Сондықтан
әрбір ұстаз жаңа кезең талаптарына сай болу үшін педагогикалық үрдістің
бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып,оқушының
рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы,өз
әрекетіне өзгеріс енгізе алатын,өзгермелі өмірге оқушыны да,өзін де даярлай
білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.
Библиографиялық сілтемелер
1. Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3. Мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
4. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» - «Назарбаев Зияткерлік мектебі»
ДББҰ, Астана, 2012.
Достарыңызбен бөлісу: |