Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


САПАЛЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ



Pdf көрінісі
бет9/32
Дата22.02.2017
өлшемі5,03 Mb.
#4699
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

 
САПАЛЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ 
 
Бұл  мақалада  болашақ  мамандардың  кәсіби  құзыреттіліктерінің  негізін 
қалауда  және  қазіргі  талаптарға  сай  педагогикалық  шеберхананы 
ұйымдастыруда  педагогтардан  жан-жақты  ізденістерді  қажеттіліг  туралы 
айтылады. Сонымен қатар болашақ маман-тәрбиешіні даярлауда білім беру ісін 
оңтайландыру  жолдарын  және  білім  алушылардың  алған  білім,  іскерлік, 
дағдыларын  іс-тәжірибемен  байланыстыра  білулері  талап  етілетіндігі  туралы 
сөз қозғалады. 
 
Түйін  сөздер:  құзыреттілік,  педагогикалық  шеберхана,  шеберлік  сабағы, 
мектепке дейінгі тәрбие және білім беру. 
 
«Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын  жақсартуда  бізді 
ауқымды  жұмыс  күтіп  тұр.  2020  жылға  қарай  Қазақстандағы  3-6  жас 
аралығындағы  балаларды  мектепке  дейінгі  біліммен  100  пайыз  қамту 
жоспарлануда.  Сондықтан  оларға  заманауи  бағдарламалар  мен  оқыту 
әдістемелерін,  білікті  мамандар  ұсыну  маңызды»  екендігін  Қазақстан 
Республикасы Президенті Н.А.Назарбаев өз Жолдауында атап өтті [1]. 
Бүгінгі таңда адамзат қоғамында ғылыми жаңалықтар мен инновациялық 
технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды 
тәрбиелеу мен оқыту да маңызды. Сондықтан, бүлдіршін балаларды тәрбиелеу 
мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын 
кәсіби құзыретті мамандармен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Осы 
өзгерістерге  орай  болашақ  мамандарды  даярлауда  Шығыс  Қазақстан 

83 
 
гуманитарлық  колледжінің  «Мектепке  дейінгі  тәрбие  және  білім  беру» 
мамандығынада білі беруші әр педагогтан оқыту ісін оңтайландыру жолдарын 
және  білім  алушылардың  алған  білім,  іскерлік,  дағдыларын  іс-тәжірибемен 
байланыстыра білулері талап етіледі. 
Бүгінде  колледж  білім  алушыларының  кәсіби  және  арнайы 
құзіреттіліктерін  дамыту  мақсатында  ашылған  педагогикалық  шеберхана 
жұмысының  маңыздылығы  күннен  күнге  артып  отыр.  Педагогикалық 
шеберхана  жұмысының  ұйымдастыруда  креативті  жаңашыл  идеялармен  және 
мол  тәжірибесімен  бөлісуде  мектепке  дейінгі  педагогика  пәнінің  оқытушысы 
Ғ.М.Ахметқалиеваның  жетекшілігімен  атқарылып  отырған  игі  бастамалар  өз 
жемісін беруде. 
Шеберхана  мектептке  дейінгі  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына 
сәйкес  «Денсаулық»,  «Таным»,  «Әлеуметтік»,  «Қатынас»,  «Шығармашылық» 
салалары бойынша арнайы дидактикалық-оқу құралдарымен, ойыншықтармен, 
жиһаздармен  жабдықталған.  қазіргі  заман  талабына  сай  жабдықталған 
шеберхана білім алушылардың білім,іскерлік, дағдыларын шыңдайды. Мысалы, 
мектепке  дейінгі  педагогикадан  жүргізілетін  практикалық  сабақтарда 
дидактикалық-дамытушы  ойындар  жайында  жадынамалық  жобалар  жасауды 
үйренеді.  «Денсаулық»  пәндік-дамытушы  орталығында  білім  алушылар 
мектепке  дейінгі  балалармен  жүргізілетін  дене  тәрбиесі  сабақтарында 
қолданылатын  құралдармен  әрекеттеніп  дағдыланумен  қатар  дәстүрден  тыс 
денені  жетілдіруші  құралдар  үлгілерін  жасап  үйренеді.  «Таным»  пәндік-
дамытушы  орталық  қазіргі  заман  технологиялары  «Кьюзенер  әр  түсті 
таяқшалары»,  «Мария  Монтессоридің  өзіндік  дамыту  технологиясы», 
«Деньештің 
логикалық 
блоктары», 
«Никитиннің 
кубтары», 
«ТРИЗ 
технологиясы»  құралдарымен  жабдықталған.  «Таным»  пәндік-дамытушы 
орталығында материалдар қарапайым математикадан жинақталған құралдармен 
білім алушылар математикадан әдістемелік біліктіліктерін жетілдіреді. 
«Әлеуметтік»  пәндік-дамытушы  орталығында  білім  алушылар  тікелей 
құммен  жұмыс  жасай  отырып  «Құм  терапиясының»  әдістемесін  және  құммен 
эксперименттік-ізденіс іс-әрекеттер жасау жолдарын меңгереді [2]. 
Келешекте  шеберхананы  Мария  Монтессоридің  өзіндік  дамыту 
технологиясы бойынша арнайы жабдықтармен толық қамту жоспарланған. 
Педагогикалық  шеберханада  болашақ  мамандарға  мектепке  дейінгі 
педагогика,  психология  және  жеке  арнайы  пәндерден  теориялық-әдістемелік 
білімдерін  практика  жүзінде  қолдана  алуларына  толық  жағдай  жасалған. 
Педагогикалық шеберхана аясында сырттай оқу бөлімінің білім алушыларының 
зертханалық-тәжірибелік  сабақтары;  қалалық,  облыстық  мектепке  дейінгі 
мекемелер педагогтарын қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру курстары 
мен  шеберлік  сабақтары;  білім  алушылардың  қол  өнер  көрмелері; 
педагогикалық  іс-тәжірибе  бойынша  байқаулар,  конференциялар,  мамандыққа 
бағдарлауға байланысты ашық есік күндері ұйымдастырылып отырады. Сондай 
шаралардың  бірі  колледж  оқытушылары  С.Е.Тюлекпаева,  А.С.Рахимова, 
Г.Қ.Жылқышыбаева, Г.Қ.Құдайбергеновалардың «Тұран–Профи» халықаралық 

84 
 
кәсіптік  академиясы  және  «ӨРЛЕУ»  БАҰО  АҚ  филиалы  ШҚО  бойынша  ПҚ 
БАИ  ұйымдастырған  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  саласы  бойынша 
республика  және  облыс  деңгейіндегі  курстан  өтуші  педагог  қызметкерлерге 
жүргізген  «Жаңа  педагогикалық  технологияларды  мектепке  дейінгі  бала 
тәрбиесінде  ата-аналарға  дәріптеу»  тақырыбындағы  шеберлік  сабақтары  жас 
мамандар үшін тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік береді. 
Соңғы жылдары қалалық мектепке дейінгі ұйымдармен тәжірибе алмасу 
мақсаттарында  бірлескен  педагогикалық  семинарлар  ұйымдастыру  дәстүрге 
айналған.  Семинарлардың  ұйымдастырылуы  мен  жүргізуінде  педагогтармен 
қатар білім алушылар да белсенді қатысып, педагогикалық іс-әрекеттердің жан-
жақты  қырлары  мен  сырларын  танып  біледі.  Бұл  болашақ  мамандардың 
келешектегі  педагогикалық  іс-әрекеттерге  белсенді  қатысуға  және  өзіндік 
«позиция» қалыптасуына ынталандырады. өскемен қаласының балабақшалары 
мен  колледж  арасындағы  сабақтастықты,  әлеуметтік  серіктестікті  дамытуда 
қалалық  мектепке  дейінгі  мекемелер:  «Балапан»,  «Нұршуақ»,  «Еркетай» 
балабақша-бөбекжайларында өткен семинарлар тәрбиешілер мен колледж білім 
алушылардың,  оқытушылардың  біліктілігін  арттыра  түсітінгі  анық.  Сондай 
семинардың  бірі  жақында  Өскемен  қаласының  «Еркетай»  балабақша-
бөбекжайында ата-аналардың құзыреттілігін жетілдіруде өзара тәжірибе алмасу 
мақсатында ұйымдастырылды. 
Ата-аналардың  бұл  мамандық  иесі  болмаса  да  барлығының  атқарып 
жүрген  ортақ  ісі  -  бұл  бала  тәрбиесі.  Қазіргі  таңда  рухани  адамгершілік 
қасиеттерге  ие,  шығармашыл,  логикалық  ойлауы  дамыған  жан-жақты  бала 
тәрбиелеу  мектепке  дейінгі  мекемелермен  қатар  ата-ананың  да  міндеттері  деп 
білеміз.  Сондықтан  қазіргі  күні  әр  ата-ана  бала  тәрбиелеуде  педагогикалық 
сауатты, тәрбиенің жаңа жолдарымен таныс болу керек деген мақсатта қазіргі 
бала тәрбиесіндегі жаңа педагогикалық технологиялармен таныстырып, оларды 
отбасы  жағдайында  ұтымды  пайдалану  жолдары  көрсетілді.  Семинар  жаңа 
технологияларды  тиімді  қолдануда  ата-аналардың  бала  тәрбиелеуде  білімдік  -
тәрбиелік  сауаттылығын  арттырудағы  өз  мақсатына  жетті:  «Шығармашылық 
білім  беру  саласы»  орталығының  іс-әрекетін  жеке  әдістемелер  оқытушысы 
Г.Қ.Жылқышыбаева  өмірдегі  көптеген  қалдық  заттарды  -  фломастер, 
қаламдардың бос сауыттарын пайдалану арқылы балалардың ұсақ қол бұлшық 
еттерін  дамытуға,  түстерді  дұрыс  айыра  білуге,  баланың  өз  бетімен  зат 
атауларын  ойлап  табуға,  көзбен  мөлшерлеуге,  қиялдау,  ойлау  дағдыларын 
қалыптастыруға,  тұрмыста  қажетті  бұйымдарды  жасауда  дәстүрден  тыс 
әдісттерді  қолданудың  тиімділігін  көрсетсе,  педагогика  және  психология 
пәндерінің  оқытушысы  С.Е.Тюлекпаева  «Түстер»психологиялық  треннигімен, 
«Денсаулық  тілеймін!»  дәрумендер  терапиясын  жүргізу  арқылы  ата-аналарда 
жақсы көңіл-күйлер, өздеріне сенімділік туғыза білді. «Денсаулық білім беру» 
орталығының 
жұмысын 
көрсетуші 
жеке 
әдістемелер 
оқытушысы 
А.С.Рахимованың  мектепке  дейінгі  балалардағы  майтабандықтың  алдын 
алудың әр түрлі жаттығулары мен  әр түрлі қалдық материялдардан денсаулық 
жолын жасау үлгілерін демонстрациялап, таныстырды. Сол сияқты  тыныс алу 

85 
 
жаттығулары – ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің 
жұмысын  жақсартуды  көздейтіні  туралы  айта  келе,  дидактикалық 
материалдармен жаттығуларды практика жүзінде жүргізді. "Таным білім беру" 
орталығының  жұмысын  жеке  әдістемелер  оқытушысы  Г.Қ.Құдайбергенова 
мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  және  білім  берудің  жаңа 
технологиялары:  Кюизенер  әр  түсті  таяқшалары,  Дьенештің  логикалық 
блоктары,  Б.Никитин  кубтарымен  таныстыруды  ойыншық  дүкенінің  кеңесшісі 
рөлінде  дамытушы  ойыншықтар  сатып  алуға  шақырады.  "Балаңыздың,  не 
немереңізге  ойыншық  сыйлағыңыз  келе  ме?",  "Қандай  ойыншық  сатып  алуды 
ойлайсыз?", "Сізге арзан ойыншық керек пе, әлді балаңыз жалықпай ойнайтын, 
ойнап ғана қоймай ойлану қабілетін дамытатын дамытушы ойыншықтар керек 
пе?"-  деген  сұрақтар  арқылы  ата-аналарды  талқылауға,  ой  қозғауға  шақырды. 
«Қатынас білім беру» орталығының жұмысын Г.Қ.Құдайбергенова ата-аналарға 
балаға  тақпақты  тез,  жылдам  жатқа  оқытудың  тиімді  модельдеу  әдісімен 
таныстырып,  М.Әлімбаевтің  "Не  деу  керек?"  өлеңін  ата-аналардың  өздеріне 
шартты белгілер арқылы модельдеуді ұсынды. 
Ата-бабаларымыздың "Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла",- деп 
айтқанындай: осы бір нақыл сөздің өзі мектепке дейінгі бала тәрбиесіне ерекше 
көңіл бөлуді, педагогтардың өз іс-тәжірибелерінде бала дамуына қажетті әдіс-
тәсілдерді,  жаңа  технологияларды  мейлінше  пайдалануды  талап  етеді  деген 
жылы лебізімізбен семинарды аяқтап, "Еркетай" балабақша-бөбекжайының ата-
аналары мен педагогтары тарапынан ризашылықтарына ие болдық. [3]. 
Білім  алушылардың  теориялық  білімдерін  жүйелеу  және  жинақтау, 
қажетті  педагогикалық  біліктіліктер  қалыптастыруда  педагогикалық  іс-
тәжірибенің  алатын  орны  ерекше.  Қалалық  әлеуметтік  серіктестіктер  де  білім 
алушылардың  колледж  қабырғасынан  алған  теориялық-әдістемелік  білімдері 
мен практикалық іскерліктерінің жоғарғы деңгейде қалыптасқанын атап өтуде. 
Колледж  бітіруші  түлектерінің  өз  мамандықтары  бойынша  100  пайыз 
жұмыспен қамтылуы соның дәлелі деуге болады. 
Мәңгі  еліміздің  "Нұрлы  жолында"  елеулі  өзгерістермен  қатар  еліміздің 
болашағы  -  бала  тәрбиесі  қашан  да  өзектілігін  жоғалтпайды.  Сондықтан 
«Мектепке  дейінгі  тәрбие  және  білім  беру»  мамандығының  дәрежесі  өсіп, 
колледж  қабырғасында  кәсіби  құзыретті  тәрбиеші  маманын  дайындауда 
қажырлы жұмыстар атқарылатына сенімдіміз! 
 
Библиографиялық сілтемелер 
1. ҚР Президенті Н.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. 29.02.2013 ж. 
2. «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру»  стандарты 2012 ж. 
3. Ф.  Жұмабекова    «Мектепке  дейінгі  педагогика»    оқу  құралы.  Астана: 
Фолиант баспасы, 2008 ж. 
 
 
Сауле Советқызы Мадыева  
«№45 бейімделген орта мектебі»КММ 

86 
 
Қазақстан,Өскемен 
 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
ЖОЛДАРЫ 
Қазақ тілі және әдебиет пәндерін оқытуда оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын  дамыту-  оқушылардың  пәнді  меңгеруі  барысында  жүйелі 
ойлауын дамытып, мектепте алған білімін өмірдің қай саласында да қолдануға 
мүмкіндік береді.  
 
Түйін  сөздер:  сөйлесім  әрекеті,  интерактивті  оқыту,  коммуникативті 
құзыреттер, лингвистикалық құзыреттер. 
 
Елбасы  Н.Назарбаевтың  2012  жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік  -
экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты 
жолдауына  сәйкес  оқушылардың  функциональдық  сауаттылығын  арттыру 
мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар құрылған болатын. Ұлттық  жоспардың 
басты  мақсаты  –  Қазақстанда  білім  сапасын  жетілдіру  үшін  негізгі  бағдар 
ретінде  оқушылардың  функциональдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі 
атқарылар шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету [1]. 
Функциональды сауаттылық дегеніміз – адамдардың, әлеуметтік, мәдени, 
саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім 
алуына  ықпал  ететін  базалық  факторы,  яғни  бүгінгі  жаһандану  дәуіріндегі 
заман  ағымына  жасына  қарамай  ілесіп  отыруы.  Мұндағы  басшылыққа 
алынатын    функциолальдық  сапалар:  белсенділік,  шығармашылық  тұрғыда 
ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік т.б. 
Функциональды сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары елімізде білім 
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 
айқын көрсетілген.  
Осыған  орай  Ұлттық  жоспарда  функциональдық  сауаттылықтың  төрт 
негізі механизмі белгіленген.  
1.
 
Оқыту  әдіснамасы  мен  мазмұнын  түбегейлі  жаңарту,  яғни  мектеп 
оқушыларының  функциональдық  сауаттылығын  дамыту  жалпы  білім  беретін 
орта мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) 
жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған 
білімін  практикалық  жағдайда  тиімді  және  әлеуметтік  бейімделу  үдерісінде 
пайдалана  алатындай  негізгі  құзыреттіліктерді  сіңіруі  керек.  Олар: 
басқарушылық  (проблеманы  шешу  қабілеті);  ақпараттық  (өз  бетінше 
ақпараттар  көздері  арқылы  үнемі  білімін  көтеріп  отыруы,  сол  арқылы 
танымдық  қабілетін  ұштау);  коммуникативтік  (қазақ,  орыс,  ағылшын  тілінде 
қарым-қатынас  жасау);  әлеуметтік  (қоғамда  іс-әрекет  жасай  алу  қабілеті); 
тұлғалық  (өзін  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыру  қабілеті);  азаматтық  (қазақ 
халқының салт-дәстүрі, тілін, тарихын, мәдениетін терең меңгеруі). 
2.
 
Оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. 

87 
 
3.
 
Ата-аналардың  балаларын  оқыту  мен  тәрбиелеуге  белсенді 
қатысуын қамтамасыз ету. 
4.
 
Қосымша білім және мектептен тыс сабақтармен қамту [2]. 
Сонымен  қатар    функционалдық  сауаттылыққа  қол  жеткізудегі  қазақ 
тілінің  төмендегідей  арнайы  ұстанымдары  анықталып,  тілді  меңгертудегі 
маңызы сипатталды:  
Әрекеттік  ұстанымы.  Сөйлесімдік  қарым-қатынас,  өз  кезегінде,  қарым-
қатынас  жасаушы  адамдардың  «әлеуметтік  әрекеттесуі»  жағдайында 
адамдардың  өз  міндеттерін  шығармашылық  әрекетпен  шешуіне  қызмет  етіп, 
«сөйлесім  әрекеті»  арқылы  іске  асатындықтан,  тілді  қатысымдық  тұрғыдан 
меңгерту  әрекетшілдік  сипатқа  ие  болады.  Жұмыс  барысында  қазақ  тілін 
қатысымға  бағыттап  оқытудың  әрекеттік  мәні  «әрекетке  негізделген 
тапсырмалар»  арқылы  іске  асырылады.  «Әрекетке  негізделген  тапсырмалар» 
жүйесі  ойын,  имитациялық  (еліктеу)  және  еркін  қарым-қатынасқа  негізделіп 
құрастырылады  және  «осы  жерде  және  дәл  қазір»  жағдайында  жүзеге 
асырылады.  Олар  функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыруға  мүмкіндік 
береді. 
Оқушылардың  коммуникативтік  құзіреттерін  қалыптастыру  бірнеше 
құзіреттермен  сабақтастықта  жүзеге  асырылады.  Мәселен,  лингвистикалық 
құзірет  тілді  сөйлесім  әрекетінің  құралы  ретінде  пайдалануға  дайын  болуы 
арқылы қалыптасады.  
Интерактивтік  оқыту  ұстанымы.  Интерактивті  (inter  –  өзара,  akt  – 
әрекеттесу)  оқыту  ұстанымы  оқыту  үдерісінің  барлық  оқушылардың  тұрақты, 
белсенді,  өзара  қарым-қатынас  арқылы  әрекет  етуін  жүзеге  асырады.  Оқушы 
мен  мұғалім  оқытудың    тең  құқылы  субьектісі  болып  табылады.  Мұнда 
жұмыстың  нәтижесінен  оны  шешу  үдерісі  маңызды  саналады.  Себебі 
интерактивті  оқыту  ұстанымының  мақсаты  –  оқушылардың  өздігінен  жауап 
іздеуге бейімделуі. 
Құзіреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар.  Бұл тапсырма түрлерін 
орындату 
арқылы 
оқушылардың 
ақпараттық, 
коммуникативтік, 
проблемалардың  шешімін  табу  құзіреттіліктерін  қалыптастыру  көзделеді. 
Ақпараттық  құзіреттілік  тапсырмасы  дегеніміз  –  қатысымдық  және  танымдық 
мақсатқа  байланысты  өзіне  қажетті  ақпаратты  тауып,  талдау,  өңдеу,  сақтау, 
оның мазмұнын жеткізу, тапқан ақпаратты өзінің қажетіне қарай пайдалана алу 
және жаңа ақпараттық технологияларды игеру біліктілігі. 
Оқушының  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  біртұтас 
әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап 
оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы 
жүзеге  асады.  Сондықтан  мақсатқа  қол  жеткізудің  басты  құралы  саналатын 
білім  мазмұны  оқушының  функционалдық  сауаттылығына  негізделіп,  сынып 
сайын  күрделендіріліп  отыратын  «Әлеуметтік-тұрмыстық»,  «Әлеуметтік-
мәдени», «Оқу-еңбек» аялары бойынша құру тиімді болмақ. 
Осыған  орай  алған  білімдері  негізінде  әрекет  етуге  қабілеттілік  пен 
даярлықты  білдіретін  құзіреттерді  қалыптастыру  -  әрбір  пәнді  оқытудың  да 

88 
 
басым  бағыттарының  бірі  болып  табылады.  Ал  құзіретті  тұлғаны 
қалыптастыруда  басқа  пәндерді  оқытуға  негіз  болатын  тіл  пәндерінің  орны 
ерекше. 
Бұл  «қазақ  тілі»  пәніне  де  тікелей  қатысты.  Өйткені  қазақ  тілі  бойынша 
оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  Қазақстан 
Республикасының  «Білім  туралы»,  «Тіл  туралы»  Заңдары  мен  Тіл  саясаты 
тұжырымдамасындағы  айқындалған  мақсаттар  мен  міндеттердің  жүзеге 
асуының басты шарты болып саналады. 
Қазақ 
тілін 
оқыту 
барысында 
оқушылардың 
функционалдық 
сауаттылығын  қалыптастырудың  теориялық  негіздері  жүйесінің  моделі 
төмендегі кестеде көрсетілген.(1-сурет). 
Тіл  және  әдебиет  сабақтарында  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылық 
мазмұны 
оқу, 
жазу 
сауаттылығы, 
коммуникативті 
құзыреттіліктерінен көрінеді [3]. 
Қазақ  әдебиетіндегі  көркем  туындыларды  оқыту  арқылы  оқушыны 
қалаған  мамандықты  игеріп,  өмірден  өз  орнын  табуларына,  қалаулы  азамат 
болып өсулеріне тигізетін әсері мол екендігін ұғындыру қажет.  Ұрпақ бойында 
ұлттық  ұғымдарды  сіңіру  үшін,  оқушыға  өткен  тарихты,  әдебиетті  таныту 
керек. 
 
 
1-сурет. Қазақ тілінен функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың 
теориялық негіздері 
 
Қазақ  тілі  сабақтарының  тиімділігін  арттырып,  оқушылардың  алған 
білімінің  сапалы  болуына  не  ықпал  ете  алады?  Қазақ  тілі  сабақтарының 
тиімділігі,  ең  алдымен,  оқушылардың  іші  пыспайтын,  оқу  іс-әрекеттеріне 
толы,  нәтижесі  жоғары  деңгейде  болу  белгілерімен  танылады.  Ол  үшін 
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
 
Қазақ тілінің 
функционалдық-
коммуникативтік 
грамматикасы 
Психологиялық 
негіздері 
Қазақ тілін сапалы 
оқытуды 
ұйымдастырудың 
тиімді жүйесі 
Педагогикалық 
негіздері 
Оқушылар білімін 
құзыреттілік негізінде 
бағалау 
Жаңа оқыту 
технологиялары 
Қазақ тілінен функционалдық сауаттылықты 
қалыптастыру
 

89 
 
мұғалім  сабаққа  даярлығын  тиімділікті  арттыру  мақсатында  құруы  керек. 
Сөз  жоқ,  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігі  мен  білімінің  жан-жақтылығы, 
деңгейі жоғары болуы бұл ретте үлкен орын алады. 
Оқушының  назарын  аудару  үшін  мұғалім  сабақ  кезінде  әр  түрлі 
тақырыптық,  пәнаралық,  байланыс  орнатып,  түрлі  көрнекілік  құралдарын 
қолданып, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау,  айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу,  
проблемалық  мәселелерге  жауап  іздету,  шағын  шығармашылық  жұмыстарды 
орындату,  өзіндік  пікір  білдіру,  т.б.  алуан  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолданамын. 
Осындай  әдіс-тәсілдерді  түрлендіріп,  жүйелі  түрде  пайдаланған  мұғалімнің 
шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. 
Сабақтарда  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау» 
технологиясын  қолдану  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту 
сабақтарының негізінде оқушылар арасында: 
- бір-бірінің пікірін тыңдау; 
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға
- бір-біріне құрметпен қарауға; 
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға; 
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға
- достарының  ойын  тыңдай  отырып,  проблеманы  шешу  жолдарын  іздей 
отырып, қиындықты шешуге көмектесуге; 
- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды. 
Ұлттық  жоспарда  көрсетілген  функциональдық  сауаттылықтың  екінші 
механизмі  –  оқу  нәтижелерінің  бағалау  жүйесін  өзгерту  болып  табылады. 
Бағалау  жүйесі  функциональдық  сауаттылықта  сырттай  бағалау  және  іштей 
бағалау  болып  бөлінеді.  Іштей  бағалау  –  оқу  пәні  бойынша  оқыту  сапасын 
диагностикалау  және  мемлекеттік  жалпыға  білім  беру  стандарты  өлшеміне 
сәйкес  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Ал  сырттай  бағалау  –  әрбір  деңгейді  аяқтау 
бойынша  білімі  алушының  оқу  жетістіктерінің  нәтижелеріне  сәйкес  (ҰБТ, 
ОЖСБ,  халықаралық  зерттеулер  TIMSS,  PISA  және  PIRLS)  қатысуы  арқылы 
жүзеге асырылады. Сонымен қатар білім алушылардың өзін-өзі бағалауы жеке 
жетістіктерін  бағалау  арқылы  жүзеге  асырылады.  Білім  алушының  білімін 
бағалау  жүйесінде  ұлттық  төл  технология  –  «Сатылай  кешенді  талдауда» 
қолданған    тиімді.  Бұл  технология  жоғарыда  аталған  басқарушылық, 
ақпараттық,  коммуникативтік,  әлеуметтік,  тұлғалық,  азаматттық,  пәндік 
құзыреттіліктерді білім алушы бойына дарытады. 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  –  бүгінгі  заман 
талабы.  Осы  ретте,  қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәндерін  дұрыс  жүргізе  білудің 
маңызы  зор.  Жоғары  деңгейде  сабақ  беретін  оқытушының  алдынан  шыққан 
оқушы  –  өмір  айдынындағы  өз  жолын  адаспай  табады,  азамат  болып 
қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса 
ұрпақ алдындағы қарыздың  өтелгені. Білім қазығы мықты болса, оқушы алған 
білімін өз керегіне жарата алады. 
 
Библиографиялық сілтемелер 

90 
 
1. Назарбаев  Н.А.  Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан 
дамуының басты бағыты. Ана тілі газеті №5 2-8 ақпан, 2012. 
2. Мектеп  оқушыларының  функциональдық  сауаттылығын  дамыту 
жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары. 
3. ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық 
білім  академиясы  «12  жылдық  мектеп  оқушыларының  қазақ  тілінен 
функциональдық    сауаттылығын  қалыптастыру  әдістемесі.  Әдістемелік 
құрал, Астана, 2013. 
 
 
А. Оспанова 
Түркістан аумақтық мүгедек балаларды оңалту орталығы 
ОҚО, Түркістан қ. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет