Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


ӘЙЕЛ БАСШЫЛАРДЫҢ ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫ МЕН



Pdf көрінісі
бет6/32
Дата22.02.2017
өлшемі5,03 Mb.
#4699
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

 
ӘЙЕЛ БАСШЫЛАРДЫҢ ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫ МЕН 
ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАРЫ  
 
Мектеп  қабырғасында  қызмет  ететін  мұғалімдердің  қай  қайсысы 
болмасын,  еңбек  ету  барысында  белгілі  бір  жетістіктерге  ұмтылары  даусыз. 
Мақалада  әйел  азаматтары  мен  ер  азаматтарының  басшылыққа  ұмтылуының 
гендерлік  ерекшеліктері  туралы  сипатталады.  Әйел  басшылардың  басшылық 
қызметке  ұмтылысы,  олардың  өмірлік  құндылықтары  мен  ұстанымдарынан 
туындайтындығы айтылады. 
 
Басты  сөздер:  басқарушылық,  лидер,  әйел  басшы,  өмірлік  позиция, 
құндылық бағдар, жетістікке ұмтылу,  
 
К.А.Абульханова-Славскаяның  функционалды-динамикалық  бағытына 
сәйкес,  өмірлік  жетістіктер  мен  табыстылық  әлеуметтік  өлшемдер  мен 
критерийлер  негізінде  бағаланады  [1].  Алайда,  бұл  жетістік  критерийлері, 
өмірлік құндылықтар мен мақсатқа тәуелді. Сондықтан да, жетістікті бағалауда 
өмірге қанағаттану немесе қанағаттанбаудан шығу қажет. 
Біздің  қоғам  әлі  де  тұрақтылықтан  аулақ,  қоғамда  әйелдің  лидерлік 
тұрпатын  білдірулеріне  үлкен  мүмкіндіктер  бар.  Біздің  қоғамда  әйел 
парадоксты  жағдайға  душар  болды:  оған  отбасының  барлық  жауапкершілігі 
артылып  қойды,  ал  бұл  ретте  ер  адамдар  отбасылық  жауапкершіліктен  аулақ 
болды.  Әйелдерде  отбасыдан  тыс  жерде  қызмет  етуіне,  іскерлік  қызмет 
жөніндегі  мүмкіндіктерге  үміт  болмады.  Қазір  бізге  мәдениеттің  батыстық 
үлгісі еніп жатыр және бұрын болмаған іскерлік әйел типі пайда болды. 
Алайда барлығының өз өтеуі бар – жаңаша рольде әйелдер ер адамға тән 
құндылықтарды  қабылдай  отырып,  дәстүрлі  әйелдік  құндылықтардан  бас 
тартуларына  тура  келді.  «Отбасы,  үй,  махаббат»  құндылығы  мен  еркіндік  өсу 
құндылықтары  арасында  қарама-қайшылық  туындайды.  Табыс  баспалдағымен 
өрлеу қиын әрі қауіпсіз іс ретінде саналды. Іскер әйел өзіне және оны қоршаған 
ортаға  оның  нақ  өз  ісімен  айналысып  жатқандығын  дәлелдеп  отыруы  қажет. 
Бизнес-әйелдердің  жүйкелерінің  тозуының  шамамен  1/3-іне  олардың 
жұмыстағы басшылық етулері мен үйдегі атқарушы рольдері әсер етеді [2]. 
Басқарушы  әйелдің  әлем  танушылық  позициясының  спецификасы 
шынайы  жетістіктерге,  табысқа,  ойлары  мен  мақсаттарын  шынайы  өмірде 
жүзеге  асыруға    және  конструктивті  өмірінің  субьектті  бастауларына 
бағытталған.  Басқарушы  әйелдің  тұлғалық  әлемтанушылық  позициясының 
тұтас-мәнді компоненттері келесі ерекшелікерді қамтиды [3]: 
1.
 
Басқарушы 
әйелдің 
құндылықтарының 
бейімделуінен 
айырмашылығы  оның  махаббатты,  қарым-қатынасын  жүзеге  асыруда, 

53 
 
денсаулығынан  алған  эмоционалды  жайлылығымен    ерекшеленеді.  Және  ол 
сонымен  қатар,  эмоционалды  және  тәндік  жайлылықты  қамтамасыз  етуі 
мүмкін. Денсаулық құндылығын адам өзі талпынған тұлғалық қуатты үнемдеу 
ресурсы  ретінде  және  психологиялық  тұрғыда  қарастыруға  болады.  Және  ол 
тәндік  және  гармониялық  байланысты  тепе-тең  ұстауды  қамтамасыз  етеді. 
Мүмкін бұл жетімді құндылықтар оның мүмкіндіктерімен байланысты шығар. 
2.
 
Құндылықтар  мен  құндылық  мақсаттарын  араластыруға  келісу 
және  бір  жағынан  алыстағы  армандаған  болашағын  келесі  тәсілдермен 
түсіндіруге  болады.  Басқару  саласында  қызмет  істемейтін  адамдарда 
құндылық-жетістігінің  даму  механизмі  өте  төмен  деңгейде,  себебі  әдетте 
қоршаған ортасы олардың дамуына қосымша әсер етеді. Сондықтан құндылық 
жүйесінің  ерекшеліктері  көп  жағдайларды  талпыныстың  төмен  деңгейімен 
байланысты.  Мүмкін  басқарушы  әйелдерге  тұлғалық  ресурстармен  құндылық 
мақсаттар мен құндылық жетістіктер жеткіліксіз болар. 
3.
 
Басқарушы  әйелдердің  базалық  ойлары  адамды  бағындыра  ала 
алмайтын позициясы айналықшықтап тұрады. Және өміріне шешуші әсер етеді. 
Оларға  өмір  белгілі  бір  тапсырма  секілді.  Олардың  еркінсіз  жүзеге  асатын 
оқиғалар  заңдылығы.  Барлық  болып  жатқан  оқиғалар  кездейсоқтық  жүйесі 
болып  табылады.  Бірақ  әдетте  бұл  кездейсоқтық  емес.  Ол  адмның  ақылына, 
логикасына қонғысыз басқарылатын белгілі бір әділ мәнге ие. 
Басқарушы  әйелдің  әлем  танушылық  позициясының  оперативті 
компоненті  келесі  категориялармен  сипатталады.    Олар  жинақтылық, 
логикалық орналасу, түсінүсу мен нәзіктілік, қиындықтарға төтеп беру, өзіндік 
пассивті рөл, сынақтар және жайлылықа талпыну. 
Әйел  адамға  кәсіби  жетістікке,  табысқа  жетуге  бір  қатар  қасиеттер 
көмектеседі.  «Әйел»  стилінің  басшылығы  біркелкі  емес  қасиеттерінің 
үйлесімділігімен түсіндіріледі. Қаталдық пен мейірімділік, сабырлық пен талап 
етушілік,  жұмсақтық  пен  еріктік.  Басқарудың  әйелдік  стилінің  спецификасын 
талдай  отырып  әр  адам  өзінің  басшысын  өзінше  қабылдайтынын  ұмытпау 
қажет. Бірақ көптеген пікірлер толықтай басқарушы әйелдің бейнесін құрайды. 
Әр басшы өзінің стиліне тән белгілі бір басқарушы қызмет атқарады [4]. 
1.
 
Әйел  өзінің  қызметкерлерін  басқаруда  әдетте  ұжымындағы 
моральдық  психологиялық  климатқа  назар  аударады.  Үнемі  ұжымда  қолайлы, 
жағымды  жағдай  жасауға  тырысады.  Қол  астындағы  қызметкерлермен  үнемі 
қатынасқы  түсіп  отырып,  оларды  белсенді  жұмыстарына  қатысқан  жағдайда  
марапаттауға  тырысады.  Қызметкерлердің өзіндік бағалауын  көтереді, билікке 
қатысты  ақпараттармен  алысып  отырады.  Менеджер  әйелдерге  ақыл 
айту,үйрету тән. 
2.
 
Басқарушы  әйелдер  ішкі  топтағы  ұжымдық  шешім  қабылдауға 
қатысты  шарттарға  өте  қатал  тәртіппен  қадағалайды.  Басқарушы  әйел  өзінің 
қызметкерлеріне  қарым  қатынасын  төмендегідей  сипаттайды:  «  ойлап  әрекет 
жаса,  қатылықты  оймен  үйлестір,  интуициян  болсын».  Қиын  жағдайларда 
менеджер  әйелдер  дағдарыстан  шығу  жолын  стратегиясын  қызметкерлердің 
жоғары мотивациясы арқылы құрайды. 

54 
 
3.
 
Басқарушы  әйел  қызметкерлерін  жазалау  жағдайы  туындаған  
жағдайда  мүмкін  болатын  шешімдердің  барлығын  қарап  шығады.  Бірінші  рет 
ескерту  жасап,  риза  еместігін  сөзбен  жеткізеді.  Алайда  кейбер  әйелдер 
қызметкерлері  өздерінің  міндеттерімен  дұрыс  орындай  алмай  жүрген  болса 
қатігез жазаны да ойлап табуы мүмкін. 
4.
 
Басқарушы  әйелдің  ерекше  қасиеті  эмоционалдылық  болып 
табылады. Әйелдердің көпшілігі барлық нәрсені жүрегіне жақын қабылдайды. 
Тым эмоционалдылық әйелге басқаруға кедергі тудырады. 
5.
 
Менеджер әйел шешім қабылдаған кезде көбінесе өзінң интуициясы 
мен түйсігін тыңдайды. Тек осы қасиеттер іскерлік қызметті басқарушы әйелдің 
шығармашылық  мінез-құлқын  қалыптастыруға  көмектеседі.  Бұл  қасиеттер 
дұрыс  шешім  қабылдауға  және  жұмыстың  табыстылығын  бағалауға 
көмектеседі. 
6.
 
Конфликтті  жағдайларды  басқару  кезінде  әйел  адмам  қонфликтті 
терең түсінуге тырысады. Және себебін талдайды. 
7.
 
Ішкі  түйсік  әйел  адамға  дұрыс  шешім  қабылдауға  көмектеседі. 
Дағдарыс кезінде әйел ең тиімды жолдарын ойлап шешеді. 
8.
 
Сыртқы ортамен байланыс кезінде әйел стилі ситуативтілік пен тез 
бейімделгіштікпен  ерекшеленеді.  Дипломаттылықпен  гибкость  өз  айтқанына 
қайтпау  қасиетімен  үйлесіп  басқарушы  әйелдің  іскерлік  серіктестермен 
қатынасын және қолдау табуына бірден бір әсерін тигізеді. 
9.
 
Әйел  адам  үйлестіру  мен  жылдам  зейін  аудара  біледі.  (менеджер, 
бизнес –ледиден) (жар, қыз,ана) тез ауысады. 
Басқарушы  әйелдің  ең  негізгі  қасиетті-  басқа  адамдармен  тез  тіл  табыса 
білу, шынайы болу, мейрімді әрі жауапкершілігі мол, бастаған ісін аяқтайтын, 
өзі  барлығын  түсінуге  тырысу,  интуиция,  ырыстылық  пен  айла.  Менеджер 
әйелдер  өздерін  батыл,  динамикалық  шартпен  ұыймдасқан  жүйені  тиімді 
басқара алатынын көрсете алатын тұлға. 
Басшы  әйелдердің  психологиялық  ерекшеліктері  туралы  мәселелерге 
және  лидерлік  психологияға  қоғамның  әуелгі  уақыттарында-ақ  қызығушылық 
танытқан.  Лидер  –  бұл,  ең  алдымен,  адам,  оның  тәртібіне  топ  мүшелері 
бағытталады;  нақ  ол  ғана  мақсаттарды  және  топтың  міндеттерін  анықтай 
отырып,  тәртіптің  стандарттарын  ұсынады.  Нақ  ода  ғана  топ  мүшелерін 
олардың  алдарына  қойған  міндеттерді  орындауға  күштеуге  психологиялық 
құқығы  болады.  Басқалай  айтсақ,  лидер  билікке  ие.  Және,  ең  бастысы  лидер 
топтағы  адамдар  мен  олардың  әрекеттері  үшін  жауапкершілікті  өз  мойнына 
алады [5]. 
Дамыған  елдерде  бизнеске  әйел  адамдардың  араласуы  әдеттегі  жағдай 
болып  саналады  және  іскерлік  әлем  мен  қоғамда  таңқаларлық  жағдай  емес. 
Керісінше, бұл салада әйелдердің қабілет пен іскерлік қасиеттерін көрсетулері 
тамаша.  Әйелдер  әлсіз  қауым  деген  ұғым  бар  және  ол  физикалық  күшке 
қатысты  орынды.  Ал  рухани  жағынан  алып  қарағанда  бұл  сұрақ  дау 
тудырарлық  сұраққа  жатады.  Рухани  жігер  басшы  әйел  үшін  ерекше  қажет, 
оның басқаруы, бағалауы, мадақтауы немесе жазалауы қажет. Ал мұның бәрін 

55 
 
ер адамдар қалай қабылдайды? Көп адамдар ер адамдардың басшы әйелдердің 
қол  астында  жұмыс  істеулері  олардың  намысына  тиеді  дейді.  Олар  басшы 
әйелдермен қалай байланыс орнату керектігін білмейді. Алайда әйелдер басшы 
ер  адамдармен  өз-өздерін  ұстауды  жақсы  біледі.  Бизнесті  француздық 
зерттеушілердің  мәліметтеріне  сүйене  отырып,  басшылары  әйел  болған 
жиырма  екі  мың  фирманың  ішіндегілер  ер  адамдармен  басқарылатын 
фирмаларға  қарағанда  екі  есе  пайда  әкелетіндігін  анықтауға  мүмкіндік  алған. 
 
Шынайы  басшылардың  арасында  ақымақтардың  жоқ  екендігі  байқалды. 
Олар  үшін  интеллект  маңызды.  Олар  тіпті  абстрактілі  интеллект  тұрғысынан 
сауатсыз  болмауы  мүмкін,  алайда  оларға  адамдарды  басқару  қасиеті  немесе 
әлеуметтік  интеллект  тән.  Көптеген  басшылар  сырттан  болатын  қысымға 
қарамастан  шешімді  жеке  қабылдайтындығы  маңызды.  Интеллектуалдық 
тәуелсіздік – бұл нағыз басшыны ажырататын қасиет [6]. 
Сонымен қатар, ол эмоциялық тұрғыда тұрақты. Психологтардың тілінде 
мұндай  құнды  қасиет  «инфарктқа  төтеп  беру»  -  қорқыныш  пен  үрейдің 
болмауы деп аталады. Сіздің ойыңызда табысты  ер адам, өзіне сенімді басшы 
немесе бизнесмен елестеген шығар. Инициативті, энергиясы мол, қиындықтан 
қорықпайтын іскер әйелдер пайда болмағанға дейін бұл жағдай үстем етті. 
Сонда  да  көптеген  әйелдердің  іскерлік  мансаптарындағы  басты  бөгет  – 
қыздардың, одан соң әйелдердің өзара тіл табыса алмауынан деген тұжырымға 
келеміз. Алайда әйелдің бойында бірқатар артықшылықтар бар, оларды жүзеге 
асыру  арқылы  олар  табысты  басшы  бола  алады.  Лидер  әйелде  басқа 
адамдардың  әрекеттерін бағалай  және болжай  алады.  Алайда оларға  өздерінің 
эмоцияларын  асыра  көрсету  нәтижесінде  бірқатар  қауіптер  төнеді.  Әйел  адам 
байланысқа жақсы шығады. Егер ер адам ұзақ мерзімді жоспарлар құрып, ұзақ 
мерзімді болашаққа сенсе, ал әйелдер нақты кепілдемелік нәтижесі қалайды [7]. 
Әйел  ер  адамға  қарағанда  өзінің  де  өзгелердің  де  қателерін  жақсы 
бақылайды; әдетте, ол өз пікірін жақсы құра алады [8, 134б].  Ол іс пен ойын-
сауықты  ажырата  алады.  Іскерлік  әйелдің  мансаптық  өрлеуіндегі  бөгеттердің 
біріне  мәселеле  жаһанды  көзқарас,  дамыған  консерватизм,  эмоцияларға  бой 
алдыру  жатады.  Аталғандар  іскерлік  әйелге  үлкен  кері  әсерін  тигізеді. 
Сондықтан әрқашан да ер адамнан кеңес сұралады. 
 
Библиографиялық сілтемелер 
1. Абульханова-Славская 
К.А.  Социальное  мышление  личности: 
проблемы  и  стратегии  исследования  //  Социальная  психология  в  трудах 
отечественных психологов: Сб. СПб.: Питер, 2000. 
2. Найзағараева  Е,Жүсіпалиева  А.  Гендерлік  теңдік  негізіндегі  саяси 
сараптама // Ұлағат, 2003, №1, 23-26б. 
3. Матвеева  Т.Н.  Социально-психологические  условия  формирования 
имиджа успешного руководителя женщины. Автореферат. Москва, 2005. 
4. Задорожникова 
Е.Б. 
Профессиональная 
карьера 
женщин: 
Социологический  анализ  состояния  в  условиях  радикальных  перемен. 
Автореферат. Нижний Новгород, 2003. 

56 
 
5. Генов  Ф.  Психология  управления.  Основные  проблемы.  -М.,  1982,  Б. 
424. 
6. Шаповалов В. К. Профессиональная карьера. Ставрополь: Ставрополь 
сервис школа, 1999. 147б. 
7. Хвостов  А.  Гендерные  особенности  организационного  поведения// 
Вопросы психологии. 2004.-№3.-с.29-37. 
8. Вейнингер О. Пол и характер, М.,1992, 140б. 
 
 
Жанат Шаймерденқызы Байжұманова  
Алматы қаласы, 
№169 мектеп-лицейі
бастауыш мектеп мұғалімі 
Қазақстан, Алматы 
 
АДАМДАРДАҒЫ ПСИХИКАЛЫҚ КҮЙЗЕЛІСТЕР ЖАЙЛЫ ЖӘНЕ 
ОНЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ 
 
Білім беру саласында мұғалімдердің психикалық ахуалы олардың кәсіби 
іс-әрекетіне  тікелей  әсер  ететіні  белгілі.  Олай  болса,  қазіргі  қоғамда  болып 
жатқан  кез-келген  адамдардағы  психикалық  күйзеліс,  мектеп  қабырғасындағы 
мұғалімдерде  де  болатыны  анық.  Сондықтан,  мақалада  адамдардағы 
психикалық күйзелістер, одан шығу жолдары мен тәсілдері туралы айтылады. 
 
Түйін  сөздер:  стресс,  күйзеліс,  психикалық  ахуал,  гиперстресс, 
постстресс, босаңсу. 
 
Стресс (
ағыл. 
stress) қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық 
деген  сияқты  бірнеше  мағынаны  қамтитын  жалпылама  сөзбен  айтылған 
адамның  ерекше  күйі.  Ғылымға  ең  алғаш  ең  алғаш  осы  ұғымды  енгізген 
канадалық  физиолог 
Ганс  Селье.
  Оның  анықтамасы  бойынша,  стресс-  өте 
жағымсыз  әсерлерге  жауап  ретінде  туған  организмнің  қалыпсыз  бейімделу 
әрекеттерінің  жинағы.  Адамның  жеке  ерекшеліктеріне,  мінезіне,  жоғарғы 
жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады. 
Стресс үш кезеңнен тұрады: 
1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың 
алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады; 
2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу 
реакциясы туады. Бұл кезде 
гипоталамус
-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек 
үсті  безінің  гормондарының  мөлшері  қанда  тез  мөлшерде  көбейіп  кетеді. 
Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, 
тыныс  алу  ырғағы  да  жиілене  түседі.  Бұлшық  еттердің  жиырылу  қабілеті 
күшейеді; 
3) әлсіреу  –  бейімделу  қорының  мүмкіндігі  азайып,  таусылады, 
сондықтан 
психологияда  дезадаптация  (бейімделудің  нашарлап  жойылуы) 

57 
 
пайда  болады.  Стресстің  көпке  созылған  ауыр  түрі  адамды  жүдетіп,  қайғыға 
батырады

Алғаш  рет  стрессті  ғылыми  тұрғыдан  сипаттаған  канадалық  ғалым 
физиолог Ганс Селье. Оның 1936 жылы тапқан осы жаңалығы сол кезге дейін 
беймәлім  болып  келген  ғалымның  атын  бүкіл  әлемге  паш  етті.  Ол  тәннің 
қоршаған  орта  тарапынан  жасалған  оқыс  әсерге  жауабын,  дәлірек  айтқанда, 
«зақымдаушы әсерге жауап белгісін» анықтады. 
Алайда  оның  бұл  жаңалығы  ғылымға  көптеген  кедергілермен  біраз 
жылдарды  араға  салып  енгізді.  «Стресс»  терминін  медицина  ғылымына  ХХ 
ғасырдың  60-шы  жылдарда  пайдаланыла  бастады.  «Стресс»  ағылшын  тілінде 
«ауыртпалық», «зорлану» деген ұғымдарды білдіреді. Адам мен жануарлардың  
организдеріне  қоршаған  сыртқы  ортадан  көптеген  қолайсыз  ықпалдар  әсер 
етеді.  Оларға  физикалық  ықпалдар  (ыстық  немесе  суық,  иондағыш    сәулелер, 
электр  соққы,  жарақат,  ауыр  қол  жұмыстарын  атқару  т.с.с.  химиялық  заттар, 
дем  алатын  ауада  оттегінің  аздығы  т.с.с.),  биологиялық  әсерлер  (микробтар 
және  олардың  уыттары,  вирустар  т.б.)  жатады.  Г.Сельенің  анықтамасы 
бойынша,  стресс-өте  жағымсыз  әсерге  жауап  ретінде  туған  организмнің 
қалыпсыз  бейімделу  әрекеттерінің  жинағы.  Адамның  жеке  ерекшелігіне, 
мінезіне,  жоғарғы  жүйке  әрекетінің  типтеріне  байланысты  стресстің  бірнеше 
түрлері байқалады. 
Ганс Селье стресстің дамуының мынадай үш сатысын атап көрсетеді: 
Бірінші  кезең  (бастапқы  кезеңі),  «үрей  сатысы»  деп  аталады.  Бұл 
қысымның  алдында  болатын  кезең.  Мысалы,  бұдан  былайғы  тағдырыңызды 
шешетін сынақ алдындағы толғаныс. Бұл қезеңде стресстік салмаққа бейімделу 
процесі өтіп жатады, егер осы кезде адам үрейге төтеп бере алмаса, ол адамның 
тіпті өліп кетуі де мүмкін. Мұндай жағдай Шығыстың ұлы ғұлама дәрігері Әбу 
Әли Ибн Сина тарапынан сипаттағаны жоғарыда көрсетілген.  
Екінші  кезең  стресстің  жүзеге  асуы.  Ол  тәннің  бейімделу 
мүмкіндіктерінің  іске  түсуі  арқылы  орындалады.  Қажетті  арнаға  бағытталған 
қуат қиындықты жеңуге көмектеседі, адамның өзіне деген сенімін арттырады, 
қанағаттанушылық  сезімін  туындатады.  Сол  арқылы  алғашқы  қорқыныш 
сезімін жеңуге мүмкіндік туады. Ал егер ішкі эмоционалдық қысым ұзақ уақыт 
бой  бермесе,  тәннің  мүмкіндігі  шектеулі  болғандықтан  оған  төтеп  бере 
алмайды.  Ұзақ  стресс  және  қиын  жағдайдан  шығу  мүмкіндігінің  жоқтығы 
жүйке  стрессіне  душар  етеді,  организм  өзінің  бейімделу  мүмкіндіктерін 
тауысады, сондықтан ол біртіндеп гиперстресске айналады. Гиперстресс немесе 
дистресс соматикалық адреналдық жүйенің қорларын құртады, өйткені ағзаның 
«бейімделу  қуаты  да  шексіз  емес».  Сөйтіп  ұзақ  стресс  және  үрейлі  жағдай 
ауруға  алып  келеді,  ал  қысқа  мерзімді  стресс  керісінше,  тәннің  белсенділігін 
арттырып,  ширата  түседі.  Мәселен,  спортшы  жарысқа  қатысу  барысында, 
артист сахнаға шығу кезінде қорқыныш не толқу сезімін жеңу арқылы табысқа 
қол жеткізеді. 
Үшінші  кезең  постстресс  –  діңкенің  құру  кезеңі.  Стрессті  жайттардың 
ұзақ  уақытқа  созылуы,  үздіксіз  қысым  жасалуы,  жүйкені  әбден  діңкелетіп, 

58 
 
денсаулықты бұзады. Қазіргі күнде белгілі болғандай, көптеген аурулар тәндегі 
гомеостаздың (ағзаның бейімделу тепе-тендігін сақтауы, өмір сүруге қабілетін 
жоғалтпауы)  бұзылуына  алып  келетіні  стресстік  жағдайлардан  туындайтыны 
дәлелденген. 
Стрестік  жағдайда  адамның  өзін  қалай  ұстауы  –  белсенді  немесе  енжар 
болуы  да  оның  психологиялық  құрылымына  байланысты.  Белсенді,  жігерлі, 
пысық адам алдымен өзіне сеніп, өзі жол тауып шығуға тырысады. Ал, инертті, 
енжар  адам  тағдыр  жесегіне  еріп,  өзгелердің  шешіміне  төзуге  жәжбүр. 
Эмоцияны  іште  ұстау  психологиялық  тұрғыдан  алғанда  өте  зиянды  нәрсе. 
Шетелдіктердің әрқайсысының өз психотерапевті бар екендігі сондықтан болса 
керек.  Негізінде,  стрессті  қабылдауға  онымен  күресе    білуі  адамның  ақыл-
ойының,  парасатының  деңгейіне,  өзгешіліктеріне  тікелей  байланысты  екені 
дәлелденген. 
Стреске қарсы 10 амал мен ереже: 
1.
 
Ең қиын кездердің өзінде амалдармен араласуды тоқтатпаңыз. Өзін 
жалғыз  сезінетін,  өз  қайғысымен  жалғыздан-жалғыз  қалдым  деп  ойлайтын 
адамға  дос-жарандар  өте  қажет.  Досыңызбен  телефон  арқылы  аз  ғана 
сөйлескеніңіздің өзі уыс-уыс дәрі  ішкеннен әлдеқайда тиімді әсер етуі мүмкін. 
2.
 
Стрессті  тудыратын  нәрсені  жоюға  тырысыңыз.  Мысалы,  егер  сіз 
әріптестеріңізбен жанжалдассаңыз немесе жұмыста қиындықтар болса, олармен 
арақатынасыңызды  реттеп,  ортақ  жұмыстарды  дұрыс  ұйымдастыруға 
тырысыңыз. 
3.
 
Жақын  адамдарыңызбен  өз  проблемаларыңызды  талқылаудан 
қорықпаңыз.  Ұрыс-керіс,  дау-жанжалдың  көбі  үйде  болатыны  белгілі,  өйткені 
адамдардың  көбінің  кешке  қарай  жүйкесі  шаршайды  да  болмашы  нәрсеге 
ренжігіш, ашуланғыш келеді. 
4.
 
Ол жөнінде өздеріңіз қателігіңізді болашақта қайталамас үшін ғана 
еске  аларсыз.  Өзгертуге  болмайтын  нәрсе  туралы  ойлап,  өзіңізді  кінәлау 
ештеңеге  әкелмейді.  Болар  іс  болды.  Оны  өзгерту  мүмкін  емес  екенін,  енді 
үнтаспа лентасы секілді кері айналдыра алмайтыныңызды ұмытпайсыз. 
5.
 
Тұратын,  жұмыс  істейтін  жеріңіздегі  мүліктер,  жиһаздарға  назар 
аударыңыз.  Пәтеріңізді  (мүмкін  болса,  жұмыс  орыныңызды)  көркейткенде 
қызыл және сары түстен аулақ болыңыз, өйткені қызыл түс адамды қоздырады, 
сары түс болса, алғашында жылы, жағымды әсер еткенімен, ақыр соңында адам 
психикасы  басып-жаншиды.  Сонымен  қатар,  қабырғалары  тым  ашық  түске 
боялған  жерлерде  ересектер  жиі  ұрысып,  балалар  болса  жиі  төбелесетіні 
байқалған.  Сондықтан  жасыл-көгілдір  гаммадағы  жұмсақ,  солғын  түстерді 
таңдаңыз. 
6.
 
Егер  стресс  уақыттың  жетіспеуінен  туса,өз  өмірімізді  қалай  тиімді 
ұйымдастыруға  болатыны  жөнінде  ойланыңыз.  Ең  болмаса,  таңертең 
әдеттегіден 15 минуттай ерте тұрып көріңіз. Осылай сіз асып-саспай жиналып 
жұмысыңызға кетіңіз. 

59 
 
7.
 
Өмірдегі  басты  мақсаттарыңызды  айқындап  алыңыз,  барлық  күш-
жігеріңізді  соған  жетуге  бағыттаңыз.  Алға  қойған  мақсатқа  қарай  апаратын 
жолдарға кішкентай жетістіктің өзі жан сезімді жақсартады. 
8.
 
Дене  жаттығуларын  жасауды  ешқандай  естен  шығармаңыз.  Олар 
жүйкенің тозуын жеңуге көмектеседі (өйткені, бұлшық етте стресс гормонының 
антогонисі – сүт қышқылы жиналады). 
9.
 
Музыка - өте маңызды психотерапевті элемент! Осыны ұмытпаңыз. 
Сондықтан  музыканы,  әсіресе,  бұрын  көңіліңізді  көтерген  әуендерді  жиірек 
тыңдаңыз. 
10.
 
Және де  ең  бастысы  –  көңіл  көтеру,  күліп-ойнау  өміріңізден берік 
орын алсын. Өйткені, күлкі сіздің психологиялық қорғаныш күшіңіздің негізін 
құрайды. Сондықтан тұрған бойда күлімдеп, тағы бір таңның сіз үшін атқанына 
қуаныңыз. 
«Соқыр»  жан  жетекшісі.  Бір  «соқыр»  (көзіне  қара  мата  жабыстырамыз) 
басқасы  оны  алып  жүріп  жанында  қоршаған  заттармен  таныстырады  (стол, 
қабырға  және  т.б.)  5-минут.  Бұл  уақыт  ішінде  топтағылардың  бірнешеуі 
соқырды  жетелеп,  оған  кедергіден  өтуіп  шығуына  көмектеседі.  Жетекші 
бірнеше мәрте заттардың орындарын ауыстырады. 
Орнына  басқа  «соқыр»  келеді.  Осындай  орын  алмасу  бірнеше  рет 
қайталанады.  Ойынның  аяғында  барлығы  үнсіз  тұрады.  Содан  соң  соқыр 
болған адам өзіне жетекші болған адамды табады. Ойыннан кейін өзінің сезімі 
жайлы әңгіме жазуға немесе сурет салуға болады. Бір-біріне ынтымақтастыққа 
үйретеді. 
Ойын «Бос кресло». Бір ойнаушы креслода отырады, басқа қатысушылар 
оның  арқасында  тұрады.  Бір  орын  бос  болады,  бірақ  орындық  жетіспеген 
қатысшуылар  саны  екеу.  Команда  берілген  кезде  барлық  қатысушылар 
орындарынан  тұрып  музыка  ырғағымен  билейді.  Музыка  тоқтаған  кезде 
барлығы орындықтарға отыруы керек. Кімге орын жетпей қалса сол қатысушы 
ойыннан  уақытша  шығады.  Келесі  айналымда  бір  оырндақ  алынып  тасталады 
да  қалған  балаларға  тағы  бір  орындық  жетпейтіндей  жағдайда  ойын 
жалғатырылады  (ойын  өте  көңілді  өтеді).  Бұл  ойын  ермек  ойындарға  жатады, 
дегенмен басқалармен емін-еркін қатынаста болуға үлкен әсерін тигізеді. 
Келесі  кезеңде  «Ауа  шарында  ұшу»,  «Адам  тұрмайтын  құрлық»,  «Қара 
және  қызыл»,  «Су  астындағы  қайық»,  «Бұлақ  сияқты»,  «үшінші»    ойындары 
ұйымдастырылады.  Әрбір  ойын  алдында  әртүрлі  мақсат  қойылады  (топта 
жіктелу,  дене  құрысын  босаңсыту,  комплексті  түрдегі  жаттығулар,  тынығуға 
арналған ойындар) беріледі  
Ойын  тренингінен  соң  жүргізілген  сауал  жауап,  ата-аналармен  
әңгімелесу  нәтижесінде  балалардың  да,  ата-аналарының  да  ойы  бір  жерден 
шыққанын  көрсетті:  олар  жалпы  эмоционалдық  жағдайларының  бұрынғыға 
қарағанда оң белгіге бет бұрғаны анық байқалатындығын атап өтті. Отбасында 
қақтығыс,  түсінбеушілік,  ұрыс-керіс  жағдайлар  сирегірек  бола  бастағаны 
айтылды.  Зерттелінушілердің  басым  көпшілігі  ұнамсыз  нәрселердің  әсерінен 
кейде  өзін  ұстай  алмай  қалатындық  орын  алғаны  мен,  бұрынғыға  қарағанда 

60 
 
ұсақ-түйек  нәрселерге  бола  күйгелектенбейтін  көрсеткішке  ие  болды.  Ата-
аналары  мен  балаларының  көрсеткіштерін  салыстырмалы  талдау  барысында 
олар бір-біріне өте жақын болып шықты. Негізгі өзгеріс-теріс эмоцияға бөлену 
және  шамадан  артық  зорлану  жағдайына  ұшырау,  мазасыздану  және 
агрессивтілік көрсеткіштері төмендеді. 
 
Библиографиялық сілтемелер 
1. Щербатых Ю.В. Психология стресса. -М.: Изд-во Эксмо, 2006. - 304 с.  
2. Щербатых  Ю.В.Психология  стресса  и  методы  коррекции.  –  Спб.: 
Питер, 2006. -256 с.  
3. Yang  TZ,  Huang  HT  (2003)  An  epidemiological  study  on  stress  among 
urban residents in social transition period. Chinese Epidemiology 24. 
4. Джин Брайт, Фиона Джонс –стресс, теории, мифы, исседование. 
5. «
Семья  и  душевное  здоровье  человека»
  греческого  психиатра 
Константина  Кóллиаса,  перевод  которых  выполнен  монахиней 
Екатериной специально для журнала Матроны.РУ. 
6. 
http://www.matrony.ru/depressiya-i-samoubijstvo/
 
7. 
http://www.nostress.ru/teen_stress.html
 
 
 
Рысқаным Жолболсынқызы Бахтиярова
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» 
тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру 
кафедрасының аға оқытушысы 
Қазақстан, Орал қаласы 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет