Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет8/32
Дата22.02.2017
өлшемі5,03 Mb.
#4699
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32

 
 
Күлән Босынова 
№82 санды Кенесары Қасымұлы атындағы 
жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі 
Қазақстан, ОҚО, Шымкент қ. 
 

69 
 
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ӨЗІНДІК АНЫҚТАЛУЫ МЕН 
КӘСІБИ БЕЙІМДЕЛУШІЛІГІ 
 
Қазіргі  кезде,  өзі  сүйіп  таңдаған  педагогикалық  жоғары  оқу  орнын 
тамамдаған жастар, бірден өзінің кәсіби іс-әрекетіне көшуге кіріседі. Дегенмен, 
көп  ұзамай  мектепті  тастап,  басқа  кәсіби  іс-әрекеттерге  ауысып  жатқандар  да 
кездеседі.  Себебі,  өзіндік  кәсіби  анықталу  үрдісі  жетілмеген,  мектептік  кәсіби 
іс-әрекеттің  қиыншылығына  төзімділік  танытпай,  бейімделу  деңгейі  төмен 
жағдайлар  кездеседі.  Мақалада  жас  педагогтардың  кәсіби  өзіндік 
анықталуының  аяқталуына,  кәсіби  іс-әрекетке  бейімделуіне  оның  ішкі  және 
сыртқы факторлары әсер ететіндігі сөз етіледі. 
 
Басты  сөздер:  педагог,  кәсіби  анықталу,  өзіндік  анықталу,  кәсіби 
бейімділік, кәсіби іс-әрекет, педагогикалық құндылық. 
 
Болашақ  мамандықты  таңдау,  адамның  таңдауға  тиісті  ең  маңызды 
шешім  қабылдауы,  яғни  өмірдегі  өзіңнің  ең  қолайлы  орнын  анықтауы. 
Мамандықты  таңдау  біздің  заманымызда  адамның  қоғамдағы  өзін  өмірлік 
танытудың  негізі  ретінде  қарастырылады.  Өзін  еңбекте  таппаған,  өзінің 
айналысатын  ісі  жоқ  адам  тұрғысында  қоғамға  орны  толмас  рухани  және 
материалдық  жоғалту  келеді.  Сонымен  қатар,  тұлғаның  өзі  де  өз  үлесін  қоса 
алмағандығына  қанағаттанбай  үлкен  зардап  шегеді.Тұлғаның  үйлесімді 
дамуына міндетті түрде өзін дұрыс кәсіби анықтауы әсер етеді. 
И.И.Мечников  мамандықтың  өмірдің  ұзақтығына  әсері  бар  екенін 
байқаған.  Ол  субъектінің  кәсіби  қызметтегі  жан  дүниесіне,  іс-әрекетінің 
сапасына,  жалпы  денсаулық  жағдайына  айтарлықтай  әсерін  тигізеді.  Егер 
мамандықты  дұрыс  таңдамаған  жағдайда,  оның  салдары  жағымсыз  белгілерге 
ие болады. Адам атқаратын жұмысынан қанағаттанушылықты жоғалтып, оның 
сол  еңбекте  өзін  жетілдіруге  деген  құштарлығы,  еңбек  өнімділігі  төмендейді. 
Шетелдік  зерттеулердің  көрсеткіштері  бойынша,  еңбекке  қанағаттанудың 
төмендеуі  мен  әлеуметтік  дәрежесінің  төмен  болуы,  жүрек-қан-тамыр 
ауруларынан қаза болудың ең маңызды факторы болып саналады. Мамандықты 
дұрыс таңдамау кісіби аурулар мен негативті жағдайлардың өсуіне алып келеді. 
Адамның  психикалық  жағдайының  деформациясы  да  барынша  мүмкін. 
Ю.А.Андреев  дұрыс  және  уақытылы  маманданған  бағыт  мықты  денсаулықты 
қамтамасыз  етуге  тікелей  байланысты  деп  көрсетеді.  Яғни  жастар  неғұрлым 
ертерек  өзінің  сүйікті  ісіне  орай,  кәсіби  мамандығын  дұрыс  таңдау  арқылы, 
кәсіби тұрғыда өзін-өзі дұрыс анықтай алса, ертерек көп нәрсеге қол жеткізеді. 
Кәсіби  өзіндік  анықталудың  жетілмеуі  кез  келген  жаста  кәсіби  іс-әрекет 
саласын үнемі өзгерту мүмкіншілігін арттырады, бір жұмыстан басқа жұмысқа 
жиі  ауысып,  тұрақсыздық  болып,  ісі  назырға  шабады.  Егер  адам  осы  себеп 
бойынша  сәтсіздікке  ұшыраған  болса,  онда  оның  өмірлік  табыстары  мен 
көтеріңкі көңіл-күйі сенімсіздік тудырады. Бірақ ол өте «салбырт» өмір сүріп, 
жағымсыз  сезімдерін,  өзінің  көңілі  толмайтындығын  отбасына  және 

70 
 
айналасындағыларға көрсетеді. Сондықтан кәсіби өзіндік адекватты анықталу – 
бақыттың бастамасы. 
XX ғасырдың басында педологияның орталық институтының директоры, 
профессор  Н.А.  Рыбников  кәсіби  өзіндік  анықтау  тәжірибесі  мен  қазіргі 
заманғы  теориялардан  көрініс  тапқан  көптеген  бақылаулары  мен  құнды 
ойларын  айтты.  Автор  мамандықты  адекватты  таңдауды  анықтайтын  жағдай 
ретінде  «өзіндік  білімге»  ерекше  көңіл  бөледі.  Адам  өзінің  ұмтылысын, 
психологиялық  белгілерін,  қабілетін  таба  білу  қажет.  Рыбников  мектеп  пен 
отбасы  жас  адамға  бұл  өзін  тану  қабілетіне  (өзіндік  талдау)  көмек  бермейді 
дейді.  Мамандықты  дұрыс  таңдамауларына  отбасы  мүшелерінің  де  кінәсі  бар 
екендігіне мән беріп, олардың қабілетіне емес сыртқы факторларға (жалақысы, 
отбасында  мамандықтың  лайықтылығына,  мамандыққа  ие  болудың  қол 
жетімділігіне) қарайлайтынын айтады. Отбасының әсері бұл сұрақта кеңес беру 
түрінде емес, үзілді-кесілді талаптары болады. Автор мамандықты достарының, 
таныстарының  айтуымен  т.б  үстіртін  қарау  себептерімен  кездейсоқ 
таңдайтындарын  көрсетеді.  Қазіргі  уақытта  кәсіби  өзіндік  анықтау  процесіне 
аса  қатты  әсерін  тигізетін  бірнеше  факторлар  бар.  Біріншіден,  өз  кезегінде 
қабілеттер,  алдыңғы  тәжірибесі,  мамандық  туралы  ойлары,  әсер  ететін 
қызығушылықтың  құрылуы.  Статистикалық  талдауда  түлектердің  40% 
мамандық  таңдауда  тартымды  қырлары  айтылып  қана  қоймай,  ол  туралы 
мазмұндық мағынасы мен жағымсыз аспектілері де айтылған, мамандық туралы 
алған  ақпараттарына  жүгінеді.  Екіншіден,  жеке  ерекшеліктері,  атап  атйқанда: 
мінез  түрлері,  темперамент  және  жүйке  жүйесінің  құрылымы.  Үшіншіден, 
мәдени  өрісі,  дүниетанымы,  мектептегі  үлгерімі  кіретін  дайындық  деңгейі. 
Төртіншіден,  денсаулығының  жағдайы.  Және  соңғысы,  әлеуметтік  факторлар 
қатары:  тұрғылықты  жері,  ата-анасының  мамандығы  мен  ақыл-кеңесі, 
ұстаздардың, достарының, ақпарат көздерінің ұсыныстары. Сондықтан адамзат 
ең  алдымен,  кәсіби  өзіндік  анықталуына  баса  көңіл  бөлу  қажет.  Неғұрлым 
кәсіби дұрыс анықталу оның кәсіби бейімделу сапасына да тікелей әсер етеді. 
Кәсіби  бейімделушілік  дегеніміз  «еңбек  субъектісі  -  кәсіби  орта» 
жүйесінде  қарқынды  тепе-теңдікті  ұстап  қалу  мен  қалыптасу  процесі.  Білім 
алуды  тоқтатқаннан  кейін  әрбір  кәсіби  қызметтегі  субъектке  алғашқы 
бейімделу  кезеңін  өту  тұрады.  Ол  бастапқы  кәсіби  қызметке  кірісу  деп 
түсіндіріледі. Бейімделу бірнеше бағыт бойынша жүзеге асады: 

 
Қызметтің жағдайлары (жұмыс орны, физикалық ортасы); 

 
Кәсіби міндеттері; 

 
Басшылық; 

 
Кәсіби  ортаның  әлеуметтік  факторлары  (ұйымға,  ұжымға  қарым-
қатынасының қалыптасуы, жұмыс тобындағы тұлға аралық қарым-қатынастың 
құрылуы, және т.б.). 
Алғашқы  кәсіби  бейімделудің  табысты  өтуін  келесі  критерийлер 
бойынша саралауға болады. Оларға жататындар: 
1.
 
Атқаратын жұмысқа қанағаттану. 
2.
 
Басшалақпен іскерлік қарым-қатынас құру. 

71 
 
3.
 
Әлеуметтік-психологиялық 
үйлесімділік 
(коллективке 
сіңу, 
ұйымның ішкі тәртібі мен мақсаттарын қабылдау). 
4.
 
Атқаратын жұмыстың табыстылығы, атап айтқанда: 

 
Кәсіби әрекеттің қатесіз, өз уақытында орындалуы. 

 
Өзіне  және  басқаларға  жарақаттану  мен  төтенше  жағдайды 
тудырмау. 

 
Денсаулыққа зиянын тигізбей қызметті атқару. 
Арнайы зерттеулер барысында еңбекті ұйымдастыруда және жағдайында, 
оны  орындау  барысында  жұмысшылардың  денсаулығына  және  кәсіби 
бейімделу  процесіне  кері  әсерін  тигізетін,  негізгі  кемшіліктер  пайда  болды. 
Олардың қатарына кіретіндер: 

 
Ыңғайсыз жұмыс орны 

 
Қажетті құралдармен жеткілікті қамтамасыз етпеу 

 
Лауазымдық міндеттерін анықтаудағы түсініксіздіктер 

 
Бірқалыпсыз жұмыс (құйындатушылық) 

 
Ыңғайсыз жұмыс режимі (жұмыс күнінің басталу, аяқталу уақыты, 
еркіндік деңгейі т.б.) 

 
Тұрғылықты жердің жұмыс орнынан қашықтығы 

 
Төмен жалақы 

 
Біліктілікті жоғарылату мүмкіндігінің жоқтығы 

 
Басшылықтың жеткіліксіз біліктілігі 

 
Әлеуметтік  ортаның  жағымсыз  ерекшеліктері  (коллективтегі 
әлеуметтік-психологиялық 
климаттың 
қанағаттанбауы, 
жұмысшыларды 
әлеуметтік мүмкіндіктермен қамтамасыз етпеу т.б.) 
Бейімделу  процесіне  өтуге  әсер  ететін  жалпылама  факторлардың  ішінде 
бөліп көрсетуге болатыны: 
1.
 
Жас мөлшері: 

 
Жастар  кәсіби  міндеттерге,  қызметтің  талаптарына,  жағдайына 
жақсы бейімделіп кетеді, жасы келе әлеуметтік бейімделу тәжірибесі жиналып, 
жұмысшының  тәртібінде  көрініс  табады.  Олардың  қабілеттіліктері  икемділік 
таныту, компромиске келу, түбегейлі пікірден қаша алу жатады. 
2.
 
Жынысы: 

 
Әйелдер - әлеуметтік бейімделуге бағытталған 

 
Ер  азаматтар  -  кәсіби  қызметтің  мазмұнына  бейімделуге 
бағытталған 
3.
 
Жеке ерекшеліктері: 

 
Жүйке жүйесінің типі  

 
Мотивация 

 
Дербестік 

 
Ынтымақтастыққа икемділік 

 
Өзін  адекватты  бағалау  (өзінің  тұлғалық  қасиеттерін  және  кәсіби 
мүмкіндіктерін) 

 
Көңіл-күйінің тұрақтылығы 

72 
 

 
Беймазалықтың дәрежесі 

 
Өзін-өзі бақылау 
Соңғы  уақыттағы  зерттеулер  (Маклаков,  1996)  әскери  қызметтің 
жағдайларына алғашқы бейімделу кезінде ауруға шалдыққандарға тән тұлғалық 
профильді шығарды. Ол адамдарға тән: 

 
Жүйкелік-психикалық тұрақтылықтың төмендігі 

 
Беймазасыздықтың жоғарылығы 

 
Өзін-өзі бағалаудың төмендігі 

 
Алдағы қызметке нақты құрылымның жоқтығы 

 
Талаптарды орындауға моральді дайын болмау 

 
Қақтығысулар 
Кәсіби  денсаулықты  сақтау  мен  өміріне  шынайы  қауіптің  әсер  ету 
факторларына жақсы бейімделушілікті көрсеткендерге келесі мінездемелер тән: 
-
 
Психикалық  өзін  реттеу  механизмі  қызметінің  жоғары  деңгейі 
(эмоция  тұрақтылығының  жоғарылығы,  беймазалық  пен  психикалық  
ауырлықтың төмен болуы. 
-
 
Қарым-қатынастық қабілеттердің жоғарылығы 
-
 
Бастан  өзкізген  психоэмоциялық  күшке  қарамастан,  тәртіптің 
моральді қалыптарын қадағалауды сақтау. 
Қорыта айтқанда, педагогтардың кәсіби өзіндік адекватты анықталулары, 
педагогикалық іс-әрекетке кәсіби бейімделудің нәтижелілігін көрсетеді. Оған 
қоса, кәсіби іс-әрекетке жақсы бейімделуді қамтамасыз ететін қасиеттерді 
қалыптастыру керек. 
 
Библиографиялық сілтемелер 
1. Жақыпов С.М. Жеткіншектердегі «Мен» бейнесі және агрессивті мінез-
құлық пен өзіндік бағалаудың байланысы, Хабаршы, 2-2004. 
2. Джанерьян  С.Т.  Профессиональная  Я  –  концепция:  системный  анализ. 
– Роств н/Д: Изд-во Рост. Ун-та, 2004. – 480 с. 
3. Болотова 
А.К.  Развитие  самосознания  личности:  временной 
аспект//Вопросы психологии 2006, №2 С. 117-125. 
4. Налчаджан  А.А.  Социально-психическая  адаптация  личности.  Ереван: 
Издательство АН Армянской ССР, 1988. 
 
 
Гульназ Наймангазиновна Ибраева 
«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы 
ШҚО бойынша ПҚ БАИ 
 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ТҰЛҒАНЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ 
 

73 
 
Функционалдық  сауаттылық  тек  білік  пен  білімділік  әлеміне  барудың 
жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және 
әлеуметтік дамуының өлшемі ретінде қарастырылады. 
 
Түйін  сөздер:  Функционалдық  сауаттылық,  тұлға,  Ұлттық  әрекет 
жоспары, психологиялық-педагогикалық. 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  -
2050»  Стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағытты»  атты 
Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Бәскеге  қабілетті  мемлекет  болу  үшін  біз 
сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз  керек»  деп  баяндалады.  [1].  Қазіргі 
әлемде  жай  ғана  жаппай  сауаттылық  жеткіліксіз  дей  келе,  Елбасымыз 
«функционалды сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етіп жүктейді. 
Аталған  тапсырманы  орындау  үшін  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын  арттыруға  бағытталған  бес  жылға  арналған  Ұлттық  әрекет 
жоспары  құрылды.  Оның  мақсаты  –  оқушылардың  сапалық  сауаттылығын 
дамыту арқылы, тиімді қызмет түрлеріне бейімдеу [2]. 
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, 
саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсене  араласуы,  яғни  бүгінгі 
жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның 
мамандығын  әрдайым  жетілдіріп  отыруы.  Функционалдық  сауаттылықты 
дамытудың  жалпы  бағдары  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 
дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  анық 
көрсетілген. 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда балаларды оқыту 
мен  тәрбиелеу  процесіндегі  маңызды  фактор  –  ата-ананың  рөлі  өте  зор. 
«Отбасы»  ұғымына  –  отбасы  тәрбиесіндегі  функционалдық  сауаттылық,  ата-
аналардың  саналылығы,  тәрбие,  тәрбиенің  бірізділігі,  отбасы  құрылымы, 
отбасының  жіктелуі,  тәрбиенің  оң  тәжірибесі,  құқық,  заң,  құқықтық  тәрбие, 
тәрбиенің ауытқуы, әлеуметтену, сауықтыру, отбасы мәдениеті жатады. 
Отбасы  тәрбиесі  мазмұнын  анықтайтын  ең  маңызды  құндылықтар: 
отбасы,  отбасы  әдет-ғұрпы  мен  дәстүрлері,  баланың  отбасына  құқығы, 
қарашаңырақ,  шежіре,  әке  және  ана,  әкенің  және  ананың  беделі,  ата-ана 
махаббаты  мен  қамқорлығы,  баланың  отбасында  қорғалғандығы,  қарттарға, 
кішілерге, науқастар мен мүгедектерге қамқорлық болып табылады. 
Отбасы  бала  бойында  балалық  кезеңнен  адамгершілік  құндылықтарды, 
парасатты  және  тиімді  өмір  дағдыларын  құру  бағытын  қалыптастыруы  тиіс. 
PISA-2009  зерттеуі  баланы  оқыту  мен  тәрбиелеу  процесіне  ата-аналардың 
қатысуы  функционалдық  сауаттылық  деңгейіне  оң  әсер  ететінін  көрсетті. 
Осыған байланысты, ата-аналарды мектеп өміріне белсенді түрде қатыстыруға 
бағытталған  шаралардың  тұтас  жүйесін:  қамқоршылық  кеңесін,  ата-аналар 
қауымдастығын, ата-аналар университеттерін құру қажет. [3]. 
Ғылыми,  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттер  және  жалпы  білім 
беретін  мектептер  мен  отбасы  жұмысының  заманауи  өзара  іс-әрекеті 

74 
 
практикасының  талдауы  көрсеткендей,  көптеген  педагогтар  ата-анамен 
байланыстың  мазмұны,  түрлерін  және  әдістерін  жеткілікті  дәрежеде  толық 
меңгермеген.  Бір  жағынан,  бұл  міндетті  тиімді  шешуде  ата-анаға  тиісті 
педагогикалық  білім  жетіспейді.  Отбасы  және  мектеп  іс-әрекетінің  жеткілікті 
түрде  үйлеспеуі  ата-аналардың  тәрбие  түрлері  мен  әдістерін  тиімді  жүзеге 
асыруға  даяр  болмауынан  көрінеді,  мектеп  тарапынан  оқушыларда 
функционалдық  сауаттылықты  қалыптастырудағы  әрекетінің  нәтижелілігін 
төмендетеді. 
Екінші  жағынан,  мектептің  отбасымен  әрекеттілігін  қалыптастырудағы 
әкімшілік  және  ағартушылық  көзқарастары  отбасы  әрекетін  шектейді, 
оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудағы  әлеуетін 
ашпайды.  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  айтарлықтай  арттыру 
мүмкіндігі  мектеп  пен  отбасының  бала  тәрбиесіндегі,  ұлттық  құндылықтар 
басымдығын  қамтамасыз  етудегі  отбасы  және  мектептің  бірлескен  жұмысын 
ұйымдастырудағы  субъектілік  принциптерін,  іс-әрекеттік  және  құзыреттілік 
тұғырын  жүзеге  асырудағы  мектеп  пен  отбасы  әрекеттерінің  өзара  кірігуінде 
болып табылады. 
Қазақ  маманы  С.Раевтың  ойынша,  сауатсыздық  дерті  адамға  кішкентай 
кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 
1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы 
ешқашан  кітапханаға  бармаса,  оқулықтан  басқа  ешқандай  кітап  оқымаса  тағы 
бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан 
бастап  оқушылардың  60  пайызының  өз  бетімен  жазып-оқуға  деген  ынтасы 
жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын 
көрінеді. [4]. 
Ондағы  басты  мақсат  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан 
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын 
қалыптастыру,  оның  әлемде  әлеуметтік  бейімделуі  болып  табылады. 
Оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Бұл 
функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. 
Функционалдық  сауаттылығы  дегеніміз  –  адамдардың  әлеуметтік, 
мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі 
жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның 
мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты 
мақсат  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының 
зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру, 
оның  әлемде  әлеуметтік  бейімделуі  болып  табылады.  Мұндағы  басшылыққа 
алынатын  сапалар:  белсенділік,  шығармашылық  тұрғыда  ойлау,  шешім 
қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алу, өмір бойы білім алуға дайын тұруы 
болып  табылады.  Бұл  функционалдық  дағдылар  мектеп  қабырғасында 
қалыптасады. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-
2020  жылының  мемлекеттік  бағдарламасында  айқын  көрсетілген.  Ұлттық 
жоспардың  мақсаты  -  Қазақстанда  білім  сапасын  жетілдірудегі,  оқушылардың 
функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  атқарылатын  іс-шаралардың 

75 
 
жүйелілігі  мен  тұтастығын  қамтамассыз  ету  болып  табылады.  Осыған  орай, 
Ұлттық  жоспарда  функционалдық  сауаттылықтың  төрт  негізгі  механизмін 
бөліп  көрсетеді.  Оның  бірінші  механизмі  –  оқыту  әдіснамасы  мен  мазмұнын 
түбегейлі жаңарту /МЖБС -мемлекеттік стандарт/. Ол үшін мұғалім оқушының 
бойына  әлеуметтік  ортаға  бейімделуіне,  алған  білімін  практикалық  жағдайда 
тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Оқушы осы 
аталған  негізгі  құзыреттіліктермен  қатар  пәндік  құзыреттіліктерді  /әр  пәннің 
мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс. 
Қазіргі  таңда  білім  тұлға,  қоғам  және  мемлекет  дамуының  басты 
стратегиялық  ресурсы  ретінде  қарастырылады.  Заманауи  жағдайлардағы  оның 
мақсаты  –  шығармашылыққа,  өзгермелі  заман  жағдайында  өз  тағдырын  өзі 
шешуге қабілетті әлеуметтік құзыретті тұлға қалыптастыру. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  әйелдер 
қоғамының  өкілдерімен  кездесуінде:  «бізге  ойшыл,  жауапты,  елін  сүйетін 
азаматтар қажет. Мұның барлығы тек тәрбиемен беріледі... Тәрбие беру ісінде 
мектеп  ата-ана  жауапкершілігі  жөнінде  айтады,  ата-ана  мектепке  сілтейді. 
Дұрысында, тәрбие үшін барлық жауапкершілік жүгі отбасына да, мектепке те 
жүктелуге  тиіс.  Мұғалімнің  рөлін  білімді  тек  қана  «таратушы»  деңгейіне 
түсіруге болмайды. Бізге мүлде басқа педагогика керек», − деп атап көрсетті. 
Мектептің  тәрбиелік  әлеуетін  күшейту,  әрбір  білім  алушының  дара 
психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеуін  қамтамасыз  ету  –  заманауи 
мектептің  жетекші  басымдықтары  ретінде  көрсетілген.  Патриоттық,  мораль 
және  адамгершілік  нормалары,  ұлтаралық  келісім  және  толеранттылық,  дене 
бітімі және рухани даму, заң сыйлаушылық сияқты құндылықтар қалыптастыру 
– бүгінгі заман талабы.  
 
Библиографиялық сілтемелер 
1. Мектеп  оқушыларының  функционалдық    сауаттылығын  дамыту 
жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары. 
Астана. 2012 жылғы 25 маусым.  
2. Мектеп  оқушыларының 
функционалдық  сауаттылығын  дамыту 
жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары:  / 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2012  жылғы  25  маусымдағы  №832 
қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.  
3. Назарбаев,  Н.  Ә.:  Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға 
Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  жиырма  қадам  /  Н.Ә.  Назарбаев  //  Егемен 
Қазақстан. – 2012. – 10 шілде. 
4. Назарбаев,  Н.  Ә.  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан 
дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев 
//Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар. 
5. Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасы 
Президентінің  2010  жылғы  7  желтоқсандағы  №1118  Жарлығы  //  ресми 
мәтін. – Астана, 2012. – 114 б.  

76 
 
6. Крупник,  С.А.  Функциональная  грамотность  /  С.А.  Крупник,  
В.В. Мацкевич. 

 М.: Педагогика, 2010. 
 
 
Айгуль Аукешовна Кубикенова 
«Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ 
Қазақстан,Зайсан 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 
ДАМЫТУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖОСПАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Бұл  мақалада  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 
жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  Ұлттық  іс-қимылдар  жоспарын 
мектепте қалай жүзеге асырып жатқандығы, мектеп  түлегінің бойында қандай 
құзіреттіліктерді қалыптастырып дамыту керектігі және мектепте жүріп жатқан 
эксперименттік  жұмыстың  қандай  түйінді  мәселелердан  туындағаны  туралы 
жазылған. 
 
Түйінді  сөздер:  функционалдық  сауаттылық,құзіреттілік,  тәжірибе-
эксперименттік жұмыс, даму мониторингісі. 
 
Бүгінгі  таңда  адамзаттың  ақпараттық  қоғамға  қарқынды  түрде  өтуіне 
байланысты білім берудің мақсаты алған білімнің,кәсіби дағдылардың негізінде 
өмірдің  өзгермелі  жағдайларында  еркін  бағдарлай  алатын,өзінің  алған  білімін 
өз өмірінде қолдануға,өзін өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше 
дұрыс,шауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру. 
Оқу  жетістіктерін  бағалаудың  халықаралық  бағалау  PISA,TIMSS 
зерттеулері  республикадағы  жалпы  білім  беретін  мектептер  педагогтарының 
мықты  пәндік  білім  беретіндігін,бірақ  оны  нақты  өмірдегі  жағдайларда 
пайдалануға үйретпейтіндігін көрсетті. 
«Әлеуметтік-эканомикалық  жаңғырту  -Қазақстан  дамуының  басты 
бағыты» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан 
халқына  Жолдауында  мектеп  оқушыларының  функциональдық  сауаттылығын 
дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылды. 
Осы 
Елбасының 
тапсырмасы 
бойынша 
әзірленіп, 
оқушылардың 
функциональдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016  жылдарға 
арналған Ұлттық іс-қимылдар жоспары қабылданды. 
Ұлттық  жоспардың  мақсаты-оқушылардың  білімдерін  өмірде  тиімді 
қолдануға үйрету. 
Функционалдық  сауаттылық-адамдардың(жеке  тұлғаның)  әлеуметтік  –
мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсене  араласуы  және  өмір 
бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы,яғни үнемі білімін жетілдіріп 
отыруы. 
Функционалдық сауаттылық мазмұны: 

77 
 
•Оқу және жазудағы сауаттылық, 
•Жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық, 
•Математикалық сауаттылық, 
•Компьютерлік сауаттылық, 
•Отбасылық өмір мәселесіндегі сауаттылық, 
•Заң сауаттылық, 
•Экономикалық сауаттылық, 
•Денсаулық мәселесіндегі сауаттылық, 
•Дүниетану,қоршаған ортамен байланыс сауаттылық. 
Функционалдық сауаттылықты дамытуға әсері бар факторлар: 
•Білім мазмұны, 
•Оқыту нысандары мен әдістері, 
•Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау 
жүйесі, 
•Мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламасы, 
•Әріптестікке негізделген білім беру орталығының болуы, 
•Ата-аналарды оқу және тәрбиелеу процесіне белсене араластыру, 
Ұлттық жоспарды жүзеге асыру тетіктері: 
•Оқыту методалогясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту, 
•Оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту, 
•Баларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы, 
•Қосымша білім беру жүйесі. 
Мектепте оқушылардың  функционалдық сауаттылығын дамыту жөнінде 
2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары  аясында атқарылатын 
іс-шара жоспары жасалынған. 
 
 
І Іс-шара атауы 
Ағымдағы жағдай 
Дамытуға 
бағытталған іс-шара 
Күтілетін нәтиже 
«Мектеп 
оқушыларының білім 
сапасын бағалау 
және мониторинг 
жүргізу жүйесін 
дамыту» 
әр оқу тоқсаны сайын 
мектеп директорының 
оқу ісі жөнінен 
орынбасары білім 
сапасына мониторинг 
жүргізеді 
әр сынып бойынша 
барлық пәндер 
бойынша білім 
сапасына 
мониторинг 
жүргізу; 
әр сыныпта 
мониторинг 
көрсеткіші бойынша 
пән мұғалімдері мен 
сынып жетекшілер-
дің отырысын өткізу 
Сынып 
жетекшісінің пән 
мұғалімдерімен 
байланысы артады,  
ата-ананың білім 
сапасын арттыруға 
ықпалы күшейеді 
«Мектептің 
материалдық–
техникалық базасын 
нығайту» 
1. 12 пән кабинеті, 
1 зал ата-аналар 
демеушілігімен евро- 
стильге сай 
жөндеуден өткен 
2. 3 жаңа модифика-
1. «Қазақстан 
залын», «Даңқ 
залын» жөндеу 
2. Әдістемелік 
кабинетке жиһаз, 
лингофонды 
Оқушыларға 
патриоттық тәрбие 
беру мүмкіндіктері 
артады 
АКТ қолдану, жаңа 
технологияларды 

78 
 
цияланған кабинет 
бар. 
3. Мектеп 1994 жылы 
пайдалануға берілген, 
күрделі жөндеуден 
өтпеген. 
4.Мектеп ауласы жыл 
сайын көгалданды 
рылады . 
кабинет алу 
3.Күрделі жөндеу 
керек: есік, 
терезе,электр, су 
желісі 
4.Көгалдандыру-
дың жаңа жоспарын 
әзірлеу  
енгізу жұмыстары 
дамиды 
PISA,TIMSS 
нәтижесі республика 
бойынша мектепте 
мықты пәндік білім 
берілетінін, бірақ 
оны нақты өмірдегі 
жағдайларда 
пайдалануға 
үйретпейтіндігін 
көрсетеді 
Оқушылар білімі 
міндетті жаппай білім 
беру стандарты-ның 
көрсеткіштерімен 
бағаланады 
Мұғалімдерді қайта 
даярлау 
курстарынан 
жоспарлы 
өткізу,курстан 
кейінгі жұмыстарын 
ұйымдастыру. 
Пән мұғалімдері- 
нен сабақтарында 
PISA, TIMSS 
тапсырмала-рын 
қолдануды талап 
ету 
Өмірде кездесетін 
түрлі жағдайларда 
алған білімін 
қолдана алады, 
жеке, әлеуметтік-
экономикалық және 
жаһандық 
жағдайлар 
контекстінде 
қабылданған 
ұсынымдар немесе 
шешімдерді 
дәлелдеу үшін өз 
білімдерін қолдана 
алады. 
Білім алушылардың 
өзін-өзі бағалауы 
және жетістіктерін 
есепке алу үшін 
портфолио жүргізу 
Әр сыныпта 2008 
жылдан бастап 
портфолио басталған 
Портфолионың 
жүргізілуін 
бақылау, біріңғай 
талап ережесін 
әзірлеу 
Оқушылардың 
білім, тәрбие сапасы 
бойынша 
жетістіктері 
сарапталады 
Ата-аналарды мектеп 
өміріне белсенді 
тартуға бағытталған 
іс-шаралар жүйесі 
әзірленеді; 
Ата- аналардың 
мектеппен байланысы 
өте жақсы, «Әкелер 
алқасы» белсенді. 
Демеушілік көмек 
үнемі көрсетіледі. 
Ата-аналардың 
мәдени шараларға 
белсенділігін 
арттыру, «Ашық 
есік» күндерінің 
рөлін арттыру. 
Ата-анамен рухани 
байланыс артады, 
ата-ананың баланың 
дұрыс білім алуына 
жағдай жасауға оң 
көзқарасы 
қалаптасады,функци
оналдық 
сауаттылығы 
артады 
Қосымша білім беру 
мазмұны жаңаратын 
болады 
Мектептен тыс 
мекемеге 
оқушылардың 
тартылуы: 
Өнер мектебі-17 
Саз мектебі-35 
Спорт мектебі-29 
 
Мектепішілік 
үйірмеге-185 
Оқушының 79%-і 
Оқушыны бүгінгі 
қоғамға қажетті 
бағытқа 
тәрбиелейтін 
үйірмелер құру: 
«Мамандық әлемі», 
«Дебат» 
«Бизнес» 
Оқушылардың бос 
уақытын дұрыс 
пайдалану 
қалыптасады, 
бүгінгі күндегі 
сұранысы жоғары 
мамандық түрлерін 
білетін болады.Өз 
пікірін білімін 
қолдана отырып 
дәлелдеуге 
тырысады,өзара 
қарым-қатынастары 

79 
 
Ондағы  басым  бағытымыз  білім  сапасын  көтеру,оны  оқушылардың  оқу 
және  жазудағы  сауаттылығын  ,математикалық  сауаттылығын,  компьтерлік 
сауаттылығын,  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылықтарын  арттыру  арқылы 
жүзеге асыру. 
Мектепте  соңғы  үш  жылда  5  сынып  оқушыларының  білім  сапасына 
сараптама  жасалып,олардың  сапа  көрсеткіші  бастауыш  сыныпта  көрсеткен 
білім сапасынан төмендігі анықталып отыр. 
 Білім сапасының  төмендеу себебі неде? 
• Бастауыш сыныпта оқушы білімінің нақты бағаланбауы 
• Оқушылардың пән мұғалімдеріне бейімделуіндегі қиындықтар 
•  Пән  мұғалімдерінің  оқушыны  зерттеу  жұмыстарының  өз  деңгейінде 
болмауы, яғни бастауыш сынып мұғалімдерімен байланыстың төмендігі 
• Әр пән мұғалімі мен ата-ана байланысының нашарлығы. 
•  Бастауыш  сыныптағы  оқу  пәні  бойынша  пәндік  құзіреттіліктерді 
оқушылардың білімді тереңдетуде қолдана алмауы. 
• Пәндер бойынша мұғалімдердің кәсіптік деңгейінің әртүрлі болуы. 
Міне,  осы  жоғарыда  көрсетілген  кемшіліктерді  жою  мақсатында 
мектебімізде  бастауыш  сыныптардағы  білім  беру  тәсілін  білім  сапасын 
арттыруға  бағыттай  отырып  жаңашаландыру  мақсатында  тәжірибе-
эксперименттік жұмыс енгіздік. 
Тәжірибе-эксперименттік 
жұмыстың 
мақсаты: 
Оқушылардың 
функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  ұлттық  іс-қимылдар  жоспарын 
жүзеге  асыру.Бастауыш  сыныптардағы  білім  сапасын  арттырудың  тәсілдерін 
артады. Нарықтық 
экономиканың 
ерекшеліктері-мен 
танысады.  
Мұғалімнің кәсіби-
жеке тұлғалық 
құзіреттілігін 
диагностикалау 
жүйесі әзірленетін 
болды 
Деңгейлік курстан 
өтті 
1 кадр-2012 ж 
2 кадр-2013 ж 
2 кадр-2014 ж 
Педагог кадрлардың
7 модулді сабаққа 
енгізу, АКТ –ны 
игеруіне бағытталған 
іс-шаралар жоспары 
құрылып, жүзеге 
асырылуда 
3 кадрды деңгейлік 
курстан өткізу. 
Мұғалімдер 
арасында 
коучингтер өткізу,  
7 модулді 
сабақтарға 
енгізу,семинар-лар 
өткізу,  
АКТ-ны қолдана 
отырып сабақ 
көрсетуге 
бағытталған 
сабақтардың 
кестесін құру, 
өткізуді қамтамасыз 
ету 
Инновациялық 
қызметке деген 
қажеттілік 
қалыптасады. 
Критериалды 
бағалау жүзеге 
асады 

80 
 
жаңашаландыру.Жұмыс  төмендегі  бағыттар  бойынша  жүргізіліп,сарапталды. 
 
Күтілетін қиындықтар: 
•Оқушылардың әр пән мұғалімдеріне бейімделуі 
•Ата-аналар тарапынан әртүрлі көзқарастың болуы 
•Материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуде 
2012  оқу  жылының  ІІІ  тоқсанынан  бастап  мектебімізге  қолданысқа 
енгіздік. 
Әр  пән  мұғалімінің  сабақтарына  қатысып,әдістемелік  көмектер 
көрсетілді, ұсыныстыр айтылды.  
Мұғалімдерге айтылған ұсыныстар төмендегідей 
• Ата-анамен байланысты нығайту 
•  Пәнге  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  өз  пәндері  бойынша 
сыныптан тыс шараларды ұйымдастырып,түрлендіріп өткізу. 
• Әр пән мұғалімі сабақтарында педагогикалық технологияны толығымен 
қолданысқа енгізуді қолға алу. 
•Оқушының даму мониторингісін жасап отыру 
Мектепте  педагогикалық  технологияларды  меңгерудің  сапасын  арттыру 
мақсатында  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  арналған  мектепішілік  семинар 
өткізілді.Онда жекелеген технология туралы толық мәліметтер берілді. 
Осы  аралықта  пән  мұғалімдерінен  өздеріне  қиындық  туғызатын 
тақырыптар  туралы  мәліметтер  алынып,  өзара  тәжірибе  алмасу  бағытында 
жұмыстар жоспарлануда. 

81 
 
Бастауыш  сыныптардағы  жұмыстың  сапасын  арттыру  мақсатында 
атқарылатын жұмыстар: 
•  Бастауыш  сынып  мұғалімдерімен  жоғары  сынып  мұғалімдерінің 
байланысын нығайту 
• Педагогикалық технологияларды меңгерудің сапасын арттыру 
•  Мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігін  арттыру  мақсатында  мектепішілік 
өзара іс-тәжірибе алмасу жұмысын нығайту 
• Бастауыш сынып пән кабинеттерін жабдықтау 
• Пән бойынша мұғалімдердің біліктілігін көтеру жұмыстарын жүргізу 
• Бастауыш сынып бітірушілердің білім алу жетістігінің бастапқы толық 
диагностикалық жұмыс жоспарын дайындау.  
Орта мектеп бітіруші түлектеріне қойылатын талаптар: 
•рухани-адамгершілік негізді арттыру; 
• функционалды сауаттылық пен бәсекеге қабілеттілікті көрсету; 
• оқу және өмір жағдаяттарын шығармашылықпен шешу; 
Мектепте  оқушы  бойында  негізгі  құзыреттіліктерді  қалыптастыру 
мақсатында  оқу  жоспарының  вариативті  бөлігін  осы  бағыттарда  қолдану 
көзделген. 
Негізгі құзіреттіліктер 
Сауаттылық бағыттары 
Іске асырылу түрлері 
Коммуникативтік 
Оқу және жазу 
сауаттылықтары 
Орыс тілінен  
1 сыныптарда «Веселая 
картина», 2 сыныпта 
«Занимательные игры» 
3-5 сыныптарда «Полиглот». 
10-11 сыныптарда «Культура 
речи» курстары 
Ақпараттық технологиялық 
Компьютерлік 
сауаттылық 
Информатикадан 3-4 
сыныптарда «Алғашқы 
компьтерлік сауаттылық»,5- 9 
сыныптарда «Алгоритм», 10-
11сыныптарда «Компьютерлік 
моделдеу» курстары 
Азаматтық  
Тарихи-қоғамдық 
сауаттылық 
5-11 сыныптарда «Өлкетану», 
6 сыныпта «Елім-ай» , 
10-11 сыныптарда «Мәңгілік 
Ел» курстары 
Әлеуметтік 
Өзара қарым-қатынас 
сауаттылығы 
«Дебат» клубы, 
«Отбасы және мен» үйірмесі 
10-11 сыныптарда, 
9,11 сыныптарға 
«Мамандықтар әлемінде» 
курсы берілген 
Тұлғалық 
Эстетикалық сауаттылық  7-8 сыныптарда «Қолөнер» 
3,4,5 сыныптарда «Өнер 
әлемі»,6-8 сыныптарда 
«Балауса» ән үйірмесі 
жүргізіледі. 
Пәндік құзіреттіліктер 
Оқу пәні бойынша ББД 
Әр пәннің мазмұны арқылы 
беріледі,пән үйірмелері 

82 
 
«Математик», «Жас физик», 
«Эко» клуб, «Эрудиттер», «Жас 
саяхатшылар» 
 
Сонымен қатар бүгінгі күні мектепте «Интеллект» шығармашылық тобы 
құрылған.Ол  негізінен  PISA  бағдарламасы  бойынша  дайындық  курстарынан 
өткен  мұғалімдерден  тұрады.  Бұл  шығармашылық  тобының  негізгі  мақсаты: 
оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында PISA,TIMSS 
тапсырмаларын сабақтарда қолдануды,осыған ұқсас тапсырмаларды құрастыру 
үшін  мұғалімге  қандай  құзіреттіліктер  қажет  екеніне  нұсқау  беріп,көмек 
көрсету. 
ХХІ  ғасырда  бірінші  орынға  барлық  мемлекеттер  білім  беру  сапасын 
қояды.  Білім  сапасы  бұл  жерде  тек  сауаттылық  деңгейімен  өлшенбейді,оның 
критерийі-функционалдық сауаттылық болып табылады. 
 
 
Гүлмира Кабылкалыковна Кудайбергенова 
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі 
Қазақстан, Өскемен 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет