Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Ми сыңарының төменгі беті



бет26/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Ми сыңарының төменгі беті.

Маңдайлық үлестің төменгі бетінде үлкен мидың бойлық саңылауына параллелді бағытта иіс сезу жүлгесі, sulcus olfactorius, өтеді ( 26, 27 – суреттер ). Осы жүлге мен бойлық саңылау аралығында тік қатпар, gyrus rectus, орналасады. Оның латералды жағында көзұялық жүлгелермен, sulci orbitales, бөлінген бірнеше көзұялық қатпарлар, gyri orbitales, жатады. Иіс сезу жүлгесінде иіс сезу буылтығы, bulbus olfactorius - пен иіс сезу жолы, tractus olfactorius, орналасады. Бұл жол иіс сезу үшбұрышына, trigonum olfactorium, жалғасады.



26 – сурет.Үлкен ми сыңарларының төменгі бетінің жүлгелері мен қатпарлары.


1 – тік қатпар; 2 – иіс сезу жүлгесі; 3 – көзұялық қатпарлар; 4 – көзұялық жүлгелер; 5 – алдыңғы тесіктелген заттек; 6 – шүйде – самайлық жүлге; 7 - шүйде – самайлық латералды қатпар; 8 - шүйде – самайлық медиалды қатпар; 9 – жанама (коллатералды) жүлге; 10 – гиппокамптық жүлге; 11 – тілдік қатпар; 12 – топшылық жүлге; 13 – гиппокампжанындағы қатпар; 14 – ілмек.

Шүйделік және самайлық үлестердің төменгі бетінде, гиппокампжанындағы қатпар, gyrus parahippocampalis, орналасқан, оны латералды жағынан жанама жүлге, sulcus collateralis, шектеп тұрады. Бұл жүлге алдыңғы жағында мұрындық жүлгеге, sulcus rhinalis, жалғасады. Гиппокампжанындағы қатпардың алдыңғы иілген шеті ілмек, unсus, деп аталады, оны алдыңғы жағынан мұрындық жүлге шектеп тұрады. Gyrus parahippocampalis, артқы жағында тілдік қатпарға жалғасады. Жанама жүлгенің латералды жағында шүйде-самайлық медиалды қатпар, gyrus occipitotemporalis medialis, орналасады. Бұл қатпарды латералды жағынан шүйде-самайлық жүлге, sulcus occipitotemporalis, шектеп тұрады. Осы жүлгенің сыртында шүйде-самайлық латералды қатпар, gyrus occopitotempralis lateralis, жатады. Үлкен мидың төменгі - латералды жиегі аталған қатпарды төменгі самайлық қатпардан бөліп тұрады.



27 – сурет.Үлкен ми сыңарларының төменгі бетінің жүлгелері мен қатпарларының сызбасы.


1 – тік қатпар; 2 – иіс сезу жүлгесі; 3 – көзұялық жүлгелер; 4 – көзұялық қатпарлар; 5 – алдыңғы тесіктелген заттек; 6 – шүйде – самайлық жүлге; 7 - шүйде – самайлық латералды қатпар; 8 - шүйде – самайлық медиалды қатпар; 9 – жанама (коллатералды) жүлге; 10 – гиппокамптық жүлге; 11 – тілдік қатпар; 12 – топшылық жүлге; 13 – гиппокампжанындағы қатпар; 14 – ілмек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет