Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Ми сыңарларының жоғарғы - латералды беті



бет23/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Ми сыңарларының жоғарғы - латералды беті.


Маңдайлық үлес, lobus frontalis. ( 22,23 –суреттер ). Орталық жүлге мен оған параллелді жүретін орталықалдындағы жүлге, sulcus precentralis, аттас қатпарды, gyrus precentralis, шектейді. Маңдайлық жоғарғы және төменгі жүлгелер, sulci frontales superior et inferior, орталықалдындағы жүлгеден басталып, алдыға қарай бір-біріне және ми сыңарының жоғарғы жиегіне параллелді өтеді. Бұл жүлгелер маңдайлық үлесті жоғарғы, ортаңғы және төменгі қатпарларға, gyri frontales superior, medius et inferior, бөледі.

22 – сурет. Ми сыңарының жоғарғы – латералды бетінің жүлгелері мен қатпарлары.

  1. латералды жүлге; 2 – жамылғылық бөлік; 3 – үшбұрышты бөлік; 4 – көзұялық бөлік; 5 – маңдайлық төменгі жүлге; 6 – маңдайлық төменгі қатпар; 7 - маңдайлық жоғарғы жүлге; 8 – маңдайлық ортаңғы қатпар; 9 - маңдайлық жоғарғы қатпар; 10 – орталық алдындағы жүлге ( төменгі бөлігі ); 11 - орталықалдындағы жүлге ( жоғарғы бөлігі ); 12 – орталықалдындағы қатпар; 13 – орталық жүлге; 14 – орталықартындағы қатпар; 15 – шекеішілік жүлге; 16 – шекелік жоғарғы үлесше; 17 - шекелік төменгі үлесше; 18 – жиекүстілік қатпар; 19 – бұрыштық қатпар; 20 – шүйделік шет; 21 - самайлық төменгі жүлге; 22 - самайлық жоғарғы қатпар; 23 - самайлық ортаңғы қатпар; 24 - самайлық төменгі қатпар; 25 - самайлық жоғарғы жүлге.



Самайлық үлес, lobus temporalis. Самайлық жоғарғы және төменгі жүлгелер, sulci temporales superior et inferior, латералды жүлгеге параллелді жүре отырып, самайлық үлесті жоғарғы, ортаңғы және төменгі қатпарларға, gyri temporales superior, medius et inferior, бөледі. Самайлық жоғарғы қатпардың жоғарғы бетінде (латералды жүлгенің тереңінде) қысқа самайлық көлденең қатпарлар, gyri temporales transversi, ( Гешл қатпарлары ) ораласқан.
Шекелік үлес, lobus parietalis. Орталық жүлге мен оған параллелді өтетін орталықартындағы жүлгенің, sulcus postcentralis, арасында орталықартындағы қатпар, gyrus postcentralis, орналасады. Орталықартындағы жүлгеден басталып, шекелік үлес арқылы жоғарғы жиекке параллелді өтетін шекеішілік жүлге,sulcus intraparietalis, осы үлесті (орталықартындағы қатпардан басқа) шекелік жоғарғы және төменгі үлесшелерге, lobuli parietals superior et inferior, бөледі. Шекелік төменгі үлесшеде: латералды жүлгенің шетін айнала орналасатын жиекүстілік қатпарды, gyrus supramarginalis, және самайлық жоғарғы жүлгенің шетін айналатын бұрыштық қатпарды, gyrus angularis, ажыратады.
Шүйделік үлес, lobus occipitalis, жоғарыда аталғандай шеке – шүйделік жүлгенің артқы жағында орналасады. Оның жүлгелері мен қатпарлары тұрақсыз және өзгермелі болып келеді.

23 – сурет. Ми сыңарының жоғарғы – латералды бетінің жүлгелері мен қатпарларының сызбасы.


1 - латералды жүлге; 2 – жамылғылық бөлік; 3 – үшбұрышты бөлік; 4 – көзұялық бөлік; 5 – маңдайлық төменгі жүлге; 6 – маңдайлық төменгі қатпар; 7 - маңдайлық жоғарғы жүлге; 8 – маңдайлық ортаңғы қатпар; 9 - маңдайлық жоғарғы қатпар; 10 – орталықалдындағы жүлге ( төменгі бөлігі ); 11 - орталықалдындағы жүлге ( жоғарғы бөлігі ); 12 – орталықалдындағы қатпар; 13 – орталық жүлге; 14 – орталықартындағы қатпар; 15 – шекеішілік жүлге; 16 – шекелік жоғарғы үлесше; 17 - шекелік төменгі үлесше; 18 – жиекүстілік қатпар; 19 – бұрыштық қатпар; 20 – шүйделік шет; 21 - самайлық төменгі жүлге; 22 - самайлық төменгі қатпар; 23 - самайлық ортаңғы қатпар; 24 - самайлық жоғарғы қатпар; 25 - самайлық жоғарғы жүлге.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет