Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет22/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   104
құйғыш ұңғылы, recessus infundibuli, орналасады. Жоғарғы қабырғасы үшінші қарыншаның тамырлы негізімен, tela choroidea ventriculi tertii, түзілген. Тамырлық негіздің құрамына мидың көлденең саңылауы арқылы сүйелді дене мен күмбездің астынан енетін, мидың жұмсақ қабығы және оның астында орналасқан эпителийлік табақша кіреді. Олардың ішінде тамырлы өрім, plexus choroideus ventriculi tertiі, жатады. Бұл өрім ми-жұлын сұйықтығын өндіреді.


Соңғы ми


Соңғы ми, telencephalon, немесе үлкен ми, cerebrum, омыртқалылар миының эволюциясында соңынан пайда болып, ертеректе пайда болған барлық нерв құрылымдарының қызметін бақылауға алады. Ол мінез - құлықтың күрделірек түрлері мен организмнің үнемі өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайына бейімделуін және организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.


Үлкен ми, cerebrum, құрамына екі ми сыңары кіреді.Әрбір сыңардың құрамына сұр заттан түзілген жамылғысы, pallium, (үлкен ми қыртысы), жамылғының астында орналасқан ақ зат, ақ заттың ішінде жатқан базалды (қыртысастылық) ядролар, иіс сезу миы және бүйір қарыншалар кіреді.
Үлкен ми сыңарлары, hеmispheriае cerebralеs, бір-бірінен бойлық саңылау, fissura longitudinalis cerebralis, арқылы бөлінген. Әр ми сыңарының жоғарғы-латералды, медиалды, төменгі беттерін, төменгі-латералды, төменгі-медиалды, жоғарғы жиектерін және маңдайлық, самайлық, шүйделік шеттерін ажыратады. Төменгі - латералды жиектің бойымен, оның алдыңғы және ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасында үлкен мидың латералды шұңқыры, fossa lateralis cerebralis, орналасады.
Адамның ми сыңарларының беттерінде, барлық жоғары сүтқоректілердегідей ұзындығы, тереңдігі және пішіні әртүрлі болып келетін жүлгелер, sulci cerebrales,орналасқан. Жүлгелердің арасында үлкен ми қатпарлары, gуri cerebrales, жатады.
Терең үш жүлге: жоғарғы - латералды бетте орналасқан орталық және латералды жүлгелер, медиалды бетте орналасқан шеке – шүйделік жүлге, әр ми сыңарын төрт: маңдайлық, самайлық, шекелік және шүйделік үлестерге бөледі. Маңдайлық үлес, lobus frontalis, артқы жағындағы шекелік үлестен орталық жүлге, sulcus centralis, (Роланд жүлгесі) арқылы бөлінеді. Орталық жүлге медиалды беттен, жоғарғы жиекке жақын басталып, оны кесіп өтіп, жоғарғы - латералды беттің ортасымен төмен және алға бағытталады да, латералды жүлгеге аз жетпей аяқталады. Бұл жүлгенің ерекшелігі еш жерде үзілмейді және фронталды жазықтықта орналасады. Самайлық үлес, lobus temporalis, жоғарғы жағындағы маңдайлық және шекелік үлестерден латералды жүлге (Силвий жүлгесі), sulcus lateralis, (Sylvii) арқылы бөлінеді. Бұл жүлге үлкен мидың латералды шұңқырынан басталып, ми сыңарының төменгі - латералды жиегіне параллелді жүре отырып, артқа және сәл жоғары бағытталады. Шүйделік үлес,lobus occipitalis, шекелік үлестен, медиалды бетте орналасқан шеке - шүйделік жүлге, sulcus parietooccipitalis, және оның жоғарғы - латералды беттегі шартты түрде алынған жалғасы арқылы бөлінеді. Шекелік үлес, lobus parietalis,алдынан – орталық, артынан шеке - шүйделік, ал төменінен – латералды жүлгелермен шектелген.
Ми сыңарының латералды жүлгесінің тереңінде мидың бесінші кіші үлесі – аралшық, insula, орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет