Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Есту анализаторының ядросы



бет34/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   104
3. Есту анализаторының ядросы, самайлық жоғарғы қатпардың ортаңғы бөлігінің жоғарғы бетінде жатады. Аралшыққа қараған бұл бетте самайлық көлденең қатпарлар (Гешле қатпарлары) орналасады. Есту анализаторларының ядросы осы қатпарларға сәйкес келеді (22 алаң ). Бұл ядроға есту импулстері өз және қарама – қарсы жағынан келеді. Сондықтан бұл орталық зақымданғанда есту мүкістігі екі құлақта бірдей пайда болады. Екі жақтың бірдей зақымдануы ғана толық кереңдікке әкеледі.
4. Көру анализаторларының ядросы, шүйделік үлестің медиалды бетіндегі топшылық жүлгенің айналасында (17 алаң) орналасады. Ядрода көру импулстері өзінің және қарсы жақтың көз алмасынан келеді. Оң жақтағы ми сыңарында – оң жақтағы көз алмасының торлы қабығының латералды жартысынан және сол жақтағы көз алмасынын медиалды жартысынан шығатын көру импулстері аяқталады.
Сондықтан бір жақтағы орталық зақымдалғанда, екі көзде де жартылай соқырлық пайда болады. Екі жақтағы орталықтардың зақымдануы толық соқырлыққа әкеледі.
5. Иіс сезу анализаторларының ядросы, самайлық үлестін төменгі бетіндегі гиппокампжанындағы қатпарда, оның ілмегінде ( uncus) және гипокампта (А, Е алаңдары ) орналасады. Бұл жерде де оң және сол жақтардан келетін иіс сезу талшықтары аяқталады.
Сондықтан, бір жақтағы иіс сезу орталығы зақымданғанда иіс сезу қабылеті екі жақтада бұзылады.
6. Дәм сезу анализаторының ядросы, иіс сезу анализаторының ядросымен көршілес, тығыз байланыста болып: гипокампжанындағы қатпарда, ілмекте және гиппокампта орналасады. Бұл ядроларда өз және қарсы жақтардан келетін дәм сезу импулстері аяқталады.
Сондықтан, бір жақтағы дәм сезу орталығы зақымдалғанда, дәм сезу қабылеті екі жақтада да бұзылады.
7. Ішкі ағзалар анализаторының ядросы, орталықартындағы және орталықалдындағы қатпарлардың төменгі үштен бір бөлігінде орналасады (43 алаң). Бұл орталықта ішкі ағзалардан бездерден,тамырлардан келетін импулстер аяқталады (ауырсыну, тоқтық ,аштық сезімдері ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет