Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет27/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Лимбикалық жүйе. Бұл жүйе адамның көңіл-күйін, сергектігін, ұйықысын, түрлі сезімдерге (эмоцияға) бой алдырушылығын (жан толғанысын, ашу немесе қуаныш сезімдерін) және т.с.с. жалпы жағдайларын, сонымен қатар вегетативтік қызметтерін қамтамасыз етуге қатынасады. Бұл жүйеге негізінен ми сыңарының медиалды бетінде орналасқан және олармен тығыз байланыста болатын қыртысастылық құрылымдар жатады. Филогенездік даму барысында бұл қызметтердің иіс сезу қызметіне байланысты дамуы себепті, олардың анатомиялық құрлымдары негізінен иіс сезу миының құрамында орналасады.

28 – сурет. Лимбикалық жүйеге жататын мидың бөліктері.


1 – иіс сезу буылтығы; 2 – иіс сезу жолы; 3 – иіс сезу үшбұрышы; 4 – белдеулік қатпар; 5 – сұр жолақ; 6 – күмбез; 7 – белдеулік қатпар қылтасы; 8 – шекаралық жолақ; 9 - гиппокампжанындағы қатпар; 10 – милық жолақ; 11 – гиппокамп; 12 – емізіктәрізді дене; 13 – бадамшатәрізді дене; 14 – ілмек; 15 – шекаралық табақша жанындағы қатпар.

Бұл жүйенің екі бөлігін ажыратады. Шеткі бөлігіне үлкен мидың төменгі бетіндегі ( 28 – сурет ) иіс сезу буылтығы, иіс сезу жолы, иіс сезу үшбұрышы, алдыңғы тесіктелген зат (иіс сезу миының шеткі бөлігі), орталық бөлігіне күмбездік қатпар, тістік қатпар, гиппокамп (иіс сезу миының орталық бөлігі) және таламус, гипоталамус, мөлдір қабық ядролары, ортаңғы мидың торлы түзілістері жатады.


Сонымен, лимбикалық жүйені түзетін анатомиялық құрылымдар соңғы, аралық және ортаңғы мида орналасады.


Базалды ядролар
Базалды (негіздік немесе қыртысастылық) ядролар үлкен ми сыңарлары ақ затының ішінде, ми негізі деңгейінде, бүйір қарыншалардың латералды жағында орналасады. Базалды ядролардың құрамына: жолақ дене, шарбақ және бадамшатәрізді ядролар кіреді ( 29 – сурет).

29 – сурет. Базалды ядролар, мидың көлденең кесіндісі.


1 – ми қыртысы; 2 – сүйелді дене иіні; 3 – бүйір қарыншаның маңдайлық мүйізі; 4 – ішкі қапшық; 5 – сыртқы қапшық; 6 – шарбақ; 7 – ең сыртқы қапшық; 8 – қабық; 9 – бозғылт шар; 10 – III қарынша; 11 – бүйір қарыншаның шүйделік мүйізі; 12 – таламус; 13 – аралшық қыртысы; 14 – құйрықты ядроның басы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет