Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет30/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   104
Иіс сезу миы
Иіс сезу миы,rhinencephalon, шеткі және орталық екі бөліктен тұрады. Шеткі бөлігі иіс сезу үлесі, lobus olfactorius , деп аталады. Оның құрамына мидың төменгі бетінде орналасқан : 1) иіс сезу буылтығы, bulbus olfactorius, 2) иіс сезу жолы, tractus olfactorius, 3) иіс сезу үшбұрышы, trigonum olfactorium, 4) алдыңғы тесіктелген зат, supstansia perforate anterior, кіреді.
Орталық бөлігін: 1)белдеулік қатпар, gyrus cinguli ; қылта, isthmus ; гиппокампжанындағы қатпар, gyrus parahippocampalis, (аталған үшеуі-күмбездік қатпарды, gyrus fornicatus, түзеді); 2) тістік қатпар, gyrus dentatus; 3) гиппокамп, hippocampus, құрайды.

Бүйір қарыншалар

Соңғы мидың (үлкен ми сыңарларының) қуысы бүйір қарыншалар, ventriculi laterales, деп аталады. Бұрынғы кездері сол жақтағы ми сыңарының қуысы – бірінші қарынша, оң жақтағысы – екінші қарынша деп аталатын. Бүйір қарынша сүйелді дененің астыңғы жағында, ми сыңарының төрт үлесінің ішінде орналасады (31 - сурет). Осыған сәйкес оның: маңдайлық үлесте орналасқан алдыңғы (маңдайлық) мүйізі, cornu anterius (frontale); шекелік үлесте орналасқан – орталық бөлігі, pars centralis; шүйделік үлестегі – артқы (шүйделік) мүйізі, cornu posterius (occipitale), және самайлық үлесте жататын – төменгі (самайлық) мүйізі, cornu inferius (temporale), деп аталатын төрт бөлігі ажыратылады.


Алдыңғы мүйіздің латералды қабырғасын мен төменгі қабырғасының бір бөлігін құйрықты ядроның басы түзеді. Медиалды қабырғасын – мөлдір қалқа, septum pellucidum, құрайды, оның артқы жағында, таламус пен күмбез діңінің (сабауының) арасында, қарыншааралық тесік, foramen interventriculare, (Монрой тесігі) орналасады. Осы тесік арқылы ми - жұлын сұйықтығы бүйір қарыншадан үшінші қарыншаға өтеді. Алдыңғы мүйіздің жоғарғы, алдыңғы және төменгі қабырғаларын сүйелді дене құрайды.
Бүйір қарыншаның орталық бөлігінің жоғарғы қабырғасын немесе төбесін – сүйелді дене түзеді. Төменгі қабырғасын (түбін) құйрықты ядроның денесі мен таламустың жоғарғы бетінің бөлігі құрастырады. Медиалды қабырғасында күмбездің денесі орналасады. Орталық бөліктің төбесі мен түбі латералды жағында бір – бірімен үшкірленіп, тұтасып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет