Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет33/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   104
1.Жалпы сезімталдық және проприоцептивтік анализаторлардың ядросы. Жалпы сезімталдыққа – ауырсыну және температура сезу, жанасу және қысым (тактилдік) сезу жатады. Бұл ядро (орталық) орталықартындағы қатпарда (1, 2, 3 алаңдар) және шекелік жоғарғы үлесшеде (5 және 7 алаңдар) орналасқан.
Орталықартындағы қатпарға және шекелік жоғарғы үлесшеге нервтік импулс дененің қарама – қарсы жағынан келеді (жоғарылаған өткізгіш жолдар жұлын мен сопақша мида қиылысып, қарсы жаққа өтеді). Орталықартындағы қатпардың жоғарғы бөлігінде аяқ пен тұлға, ортаңғы бөлігінде қол, төменгі бөлігінде бас проекцияланады. Яғни, адамның аяғы аталған қатпардың жоғарғы, ал басы – төменгі бөлігінде орналасады (33 - сурет) .

33 - сурет. Жалпы сезімталдықтың қыртыстық орталығы (сезімтал гомункулус). жалпы сезімталдық анализаторының қыртыстық орталығындағы - адам денесі бөліктерінің проекциялары (үлкен мидың орталықартындағы қатпары).



  1. орталықартындағы қатпар; 2 – самайлық үлес; 3 – латералды жүлге; 4 – бүйір қарынша; 5 – мидың бойлық жүлгесі.

Бұл орталық зақымданғанда дененің қарама – қарсы жартысында ауырсыну, температура сезу, тактилдік және проприорецептивтік сезімталдықтар жойылады.
2. Қозғалтқыш анализатордың ядросы. Бұл ядро орталықалдындағы қатпарда ( 4 және 6 алаң ) және орталықжанындағы үлесшеде орналасады. Қыртыстың 3 – 4 қабаттарында проприоцептивтік импулс қабылданып, талданады. Қыртыстың 5 қабатында алып пирамидалық жасушалар жатады. Олардан төмендеген пирамидалық жол басталады. Сонымен, ми қыртысының қозғалтқыш аймағы – сезімталдықты қабылдау қызметін де атқарады. Орталықалдындағы қатпарда да адамның аяғы – жоғарғы, басы – төменгі бөлігінде проекцияланады. Ең көп орынды – тіл, бет және қол басы бұлшықеттерінің проекциялары алып жатыр, себебі, олар дәлдікті қажет ететін өте күрделі қызметтер атқарады. Бұл орталық зақымданғанда ( қан құйылу, жарақат алғанда) дененің қарсы жағының бұлшықеттерінің қызметтері бұзылады. Ал, тұлғаның, көмейдің және жұтқыншақтың бұлшықеттері ми сыңарының екеуінен де нервтеледі.

34 – сурет. Үлкен ми қыртысының қозғалтқыш аймағы (қозғалтқыш гомункулус). Адам денесі бөліктерінің проекциялары (үлкен мидың орталықалдындағы қатпары).


1- орталықалдындағы қатпар; 2 – самайлық үлес; 3 – латералды жүлге; 4– бүйір қарынша; 5 – мидың бойлық жүлгесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет