Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Экстрапирамидалық өткізгіш жолдар



бет50/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104
Экстрапирамидалық өткізгіш жолдар

Үлкен ми қыртысы организмнің көлденең жолақты бұлшықеттерінің қызметін пирамидалық және экстрапирамидалық жолдар арқылы басқарады. Филогенездік дамудың, ми қыртысы мен пирамидалық жүйенің әлі пайда болмаған кезеңінде (балықтарда) - экстрапирамидалық жүйе рецепторлар арқылы ағзалардан ақпараттарды қабылдап, организмнің оларға – бұлшықеттердің қарапайым автоматтық (санасыз іске асатын) қозғалыстары арқылы жауап беруін қамтамасыз етіп отырды.


Экстрапирамидалық жүйе жоғары шартсыз рефлекстерді қамтамасыз етеді, яғни қаңқалық бұлшықеттердің жиырылу реттілігін және тонусын санасыз түрде («автоматты түрде») қамтамасыз етіп отырады. Мысалы: адамның білекті бүгу туралы тілегі пирамидалық жол және одан әрі қарай жұлын нервтері арқылы саналы түрде орындалса, білектегі бұлшықеттердің жиырылу реттілігі – экстрапирамидалық жол мен әрі қарай жұлын нервтері арқылы санасыз, автоматты түрде іске асады. Экстрапирамидалық жүйенің қызметі үлкен ми қыртысының бақылауында болады.
Экстрапирамидалық жүйені: үлкен мидағы жолақты дене, corpus striatum, (құйрықты және жасымықтәрізді ядролар), шарбақ, claustrum; аралық мидағыталамус, thalamus; ортаңғы мидағы - қызыл ядро, nucleus ruber, және қара зат, substantia nigra; көпірдегі - кіреберістік ядролар, nucll. vestibulares; сопақша мидағыоливалық ядро, nucleus olivaris; мишық, cerebellum, және торлы құрылымның, formatio reticularis, ядролары құрайды.
Экстрапирамидалық жүйені құрайтын ядролар өзара және үлкен ми қыртысымен тығыз байланыста болады. Экстрапирамидалық жүйенің өткізгіш жолдарына: төбе - жұлындық жол, tractus tectospinalis; қызыл ядро – жұлындық жол, tractus rubrospinalis; кіреберіс - жұлындық жол, tractus vestibulospinalis; торлы – жұлындық жол, tractus reticulospinalis, жатады. Осы төмендеген өткізгіш жолдар жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондарда аяқталады. Қозғалтқыш нейрондардың аксондары жұлын нервтерінің құрамында (мысалы: n.radialis, n.femoralis, т.б.) қаңқалық бұлшықеттерді нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет