Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет49/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   104
Қыртыс - жұлындық жолдар


Қыртыс - жұлындық алдыңғы және латералды жолдар, tractus corticospinales, anterior et lateralis, орталықалдындағы қыртыстың жоғарғы үштен екі бөлігінен басталып, төмен жүреді де, ішкі қапшықтың, capsula interna, артқы аяқшасының алдыңғы бөлігі арқылы өтеді. Одан кейін ортаңғы мидың аяқшасы, көпірдің және сопақша мидың алдыңғы (вентралды) бөліктері арқылы төмен түседі (44 – сурет). Сопақша ми арқылы өткен кезде олар пирамидаларды, pyrames, түзеді. Сопақша мидың жұлынмен шекаралас төменгі бөлігінде, пирамидалық жолдың бір бөлігі қарсы жаққа өтіп, пирамидалар қиылысын, decussatio pyramidum, құрайды. Қарсы жаққа өткен бөлігі жұлынның бүйір жіпшесі арқылы төмен түседі де қыртыс - жұлындық латералды жол, tractus corticospinalis lateralis, ал, жұлынның алдыңғы жіпшесімен тік төмен түсетін бөлігі, қыртыс - жұлындық алдыңғы жол,tractus corticospinalis anterior - деп аталады. Қыртыс-жұлындық алдыңғы жол, сегмент сайын жұлынның ақ дәнекері, comissura alba, арқылы қарсы жаққа өтіп, алдыңғы мүйіздің қозғалтқыш нейрондарында аяқталады. Қыртыс - жұлындық латералды жолдың да талшықтары алдыңғы мүйіздің қозғалтқыш ядроларына барады. Сонымен, пирамидалық жолдың үш бөлігінің де талшықтары қарсы жаққа өтіп, қиылысады.
Қозғалтқыш нейрондардың аксондары жұлын нервтерінің құрамында қаңқалық бұлшықеттерді нервтендіреді. Мысалы: орталық, кәріжілік, шынтақ жілік нервтерінің құрамында - қол бұлшықеттерін; сан, шонданай нервтерінің құрамында - аяқ бұлшықеттерін нервтендіреді.




  1. – сурет. Қыртыс - жұлындық жолдар.

1 – орталықалдындағы қатпар; 2 - таламус; 3 – қыртыс – ядролық жол; 4 – ортаңғы ми; 5 – көпір; 6 – сопақша ми; 7 – пирамида қиылысы; 8 – қыртыс – жұлындық латералды жол; 9 – жұлын; 10 – қыртыс – жұлындық алдыңғы жол (қол – аяқ бұлшықеттерін нервтендіреді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет