Нұрлан Рахымжанов



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата26.01.2017
өлшемі1,85 Mb.
#2739
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

«Қырымның қырық батыры» 
 
Қадірменді  ағайын,  атадан  балаға  мұра  болып  жеткен,  қағаз 
бетіне  Мұрын  жыраудың  жырлауымен  жеткен  «Қырымның  қырық 
батыры» тарихи жыры әлемдік әдебиеттегі ең үлкен жырлардың бірі 
болып табылады. Оның көлемі жағынан қырғыздың әйгілі «Манас» 
жырынан  да  қомақты  екендігі  талай  зерттеушінің  қызығушылығын 
тудырған. Бір қызығы, «Қырымның қырық батыры» жыры – Қырым 
хандығы  тұсындағы  оқиғаларды  жырлаумен  ғана  емес,  қазақтың 
кешегі  өткен  тарихын  таразылау  үшін  жақсы  бір  дереккөзі  ретінде 
құнды саналады. Қырым дегенде біздің көз алдымызға Қырым теңізі 
мен Қырым түбегі түсері анық. Ақиқатында, Қырым хандығы қазақ 
даласында  орналасқан  мемлекет  болған.  Ал,  Қырым  теңізі  мен 
түбегі осы хандықтың жаулап алған жерлерінің бірі ғана. 
Қырым  хандығы  қазіргі  Батыс  Қазақстан  және  Ресейдің 
Астрахан, Кавказ жерлерінде орналасқан. 
Осы жырдың үлкен бөлігі «Қарадөң және оның ұрпақтары» деп 
аталады. Мұндағы Қарадөңнен бастап Шора батырға дейінгі жыр  – 
біздің  елге,  Тама  жұртының  төл  тарихы  деп  атауға  да  болады. 
Ендеше,  осы  жырлардан  шамалап  үзінді  беріп  өтуді  өзіме  парыз 
санадым. Ал, тұтастай баспаға салу – онда осы жырдың өзін бірнеше 
томдық  ретінде  қайталап  ұрлап  басу  деген  сөз.  Мен  зерттеу 
мақсатында ғана енгізіп отырмын. 
Ақ жол! Кеттік, Қырымға! 
 
 
Қарадөң 
 
Қарадөң  бір  жаста  әкеден,  екі  жаста  шешеден  жетім  қалады. 
Бала  сөйтіп  жүріп  үш  жасқа  жетеді.  Сонда  Қарадөң  ноғай  еліне 
келеді.  Балалар  қаңғырып  жүрген  баланы  сабалап  қуады,  соған 
қамығып  жылап  отырған  баланы  астында  есегі,  басында  сәлдесі, 
үстінде  мәллесі,  қолында  асасы  бар  бір  кісі  келіп:  «Анда  тұрған 
тоғыз  үйдің  ортасындағы  үлкен  үйге  бар,  солар  бала  қылып 
асырайды»  дейді.  Бала  жаңағы  үйге  келеді.  Үй  ішінде  отырған 
кемпір балаға назар аудармайды.  Үй егесі  шалдың алдынан шығып 
Қарадөң атын ұстап байлайды. Шал баладан жөн сұрайды. Бала: 
-
 
Мен бір жетім баламын, ата-анам жоқ, - дейді. 

 
82 
-
 
Мына қаңғырып жүрген балаға киім, тамақ беріңдер. Осы үйде 
тұрсын, кез келгенін ішіп-жесін, - дейді шал. 
Ол үйдің де жүгіріп жүрген баласы бар екен. Қарадөң осы үйдің 
баласы болып жүре береді. Күндердің күнінде шал Қарадөңді ертіп 
кеңеске апарады. Сөйтсе, шал тоқсан баулы ноғайлының ханы екен. 
Бұл уақытта Қарадөң он беске жасы келгенді. Хан батыры мен биін 
жинап алып кеңес етеді. 
-
 
Осы  баланы,  шамадан  келсе,  сыйлағым  келеді.  Астымдағы 
тағымды,  басымдағы  тәжімді  берсем,  -  дегенде  бала  жылап 
«Қаңғырған  қу  жетімнің  таққа  отырғанын  кім  мойындайды»  деп 
егіледі. 
-
 
Бір балам бар еді, ол қатарға кірмейді. Мынау тұрған Қарадөң 
кеудесі  толған  сана  еді.  Тоқсан  баулы  ноғайды,  тірі  болса  бағады. 
Ашы менен арығын, пақыр, міскін, кәрібін түгелдей көңлін табады, - 
деп атасы мұны қолдап сөйлейді. 
-
 
Мен  бес  жылдай,  оның  әкесі  –  ханның  қасында  жүріп  едім. 
Әкесі  ел  билеген  хан  еді,  ақылы  көп  жан  еді,  -  деп  ханның  сөзін 
қостап бір бек сөйлейді. 
-
 
Бір-екі жыл қасында жүріп көрейін. Бірақ, тақты берейін, - деп 
атасы Қарадөңге тағын берді. 
Қарадөң ұзақ жатып ойланып, екі-үш күн өткеннен соң атасына 
келіп: 
-
 
Қараменде деген қалмаққа барайын, соны шауып алайын, - деп 
ер  қаруы  –  бес  қаруын  асынып,  басына  дулығасын  киіп,  қара 
тұлпарды ерттеп мініп, жүріп кетеді. 
Қарадөң  батыр  жалғыздан-жалғыз  қалмақтың  елін  бетке  алып 
жортып  жүріп  кетеді.  Жолда  әкесі  Бекті  есіне  алып,  Баба  Түкті 
Шашты  Әзіз,  Қырық  шілтен  Қызырға  сыйынып  келеді.  Астындағы 
Қара аты шапқан сайын зулайды. Қанша жүргенін кім білсін, зырлап 
күндер,  қараңғы  түндер  өтіп  жатыр.  Дамылсыз  шауып  келеді,  қара 
ат-тағы піл болды. Төрт аяғын тең басып, ұшқан құспен тең болды. 
Ен даладан өткенде, қалмаққа жақын жеткеенде, алыстан үлкен шаң 
көрді. 
Ақ семсерін қолға алып, қалмақка қарап ақырды, аллалап ұран 
шақырды.  Бірін  найзамен  шаншып,  екіншісін  қылышпен  шауып 
шетінен  қырып  барады.  Қалаға  қашқан  қалмақты  қуалап  жүріп 
өлтірді.  Мұсылман  қылды  діндерін.  Жесір-жебірін,  жетімін,  малын 

 
83 
елге айдады. Атасына сәлем беріп, мал мен мүлікті Ноғайлының аш-
арық жандарына таратып беруін сұранды. 
Хан  өзінің  жалынды  сөзімен  елді  Қарадөңге  артқан  сенімінің 
дұрыс шыққандығын айтып шаттанды. Елін жинап той қылды. 
Арада  неше  жыл  өтті.  Ханның  баласы  Бердіханды  ноғай  елі 
адамдары азғырды. Әкесі жоқ күні олар келіп кеңес қылды. Билердің 
бірі тұрып: 
-
 
Ай, Бердіхан, Бердіхан, әкеңнің тұрған алтын тақ, қаңғырып 
келген жетімге билеттің оны сен бейбақ. Алтын тақты билеуің, саған 
бала, жөн еді. Айрылдың мұра орныңнан, ақылың сенің кем, - деді. 
Араға  түсіп  шайтандар  бала  қатты  қысылды.  Ақылы  кемдігі 
білінді.  Әкесі  мен  баласын  бір-біріне  қарсы  қойды.  Бала  әкесінен 
барып  тағын  сұрамаққа  бекінді.  Қарадөң  бұл  сөздерді  естіп,  өзінің 
жетімдігі  есіне  түсіп  қайғыланып  қан  жұтты.  Қалаға  келгеніне 
өкініп, кетпекке ой қылды. 
Бұл кезде Бердіхан да әкесіне келіп: 
-
 
Жетімді  қойып  тағыңа,  бердің  маған  зорлықты.  Хан  баласы 
болсам да, қатарыма енбедім, - дейді. 
Хан баласын  ертіп жиналған  топқа  келеді. Топ  алдында  тұрып 
айтқаны: 
-
 
Атам  деп  маған  ермедің,  жолығып  жауап  бермедің, 
қатарымда  жүрмедің.  Жас  он  беске  келгенше  қатарымды  көрмедің. 
Қарадөң  жауымнан  кегімді әперді.  Жақсымен  жолдас болды.  Жасы 
үлкенді  сыйлады.  Жаманға  жүдә  ермеді.  Соны  алуға  билерің  мен 
шораңды ертіп келгенің не, - дегені. – Жауыңа қарсы тұра алмайсың. 
Сені  хан  қойсам,  елім  бұзылады.  Ел  бұзылса  хан  болып  тұра 
алмайсың. 
Елінің басты адамы бар еді. Ол ханды қостады. Ол қостағаннан 
соң  барлығы  да  қостады.  Қарадөң  «Мыналардың  ойы  бұзық  екен. 
Тағы  да  қалмақты  шабайын»  деп  ойланып,  қаруын  асынып,  атын 
дайындап  жорыққа  аттанды.  Бір  де  бір  адам  ермеді.  Қалмақтың 
Қаразым деген хандығына қарай келеді. Сегіз жүз қалмақты Қарадөң 
қырып  салады.  Қырылып  көбі  қалған  соң  не  етерін  білмей  сасады, 
қалаға келіп қамалды-ай, таппады басқа амалды-ай. Қарадөң мінген 
қарасы желеді есіп самалдай. Қаланың ішін қан қылды, қатын менен 
баласын,  қалмақтың  алды  қаласын.  Мұсылман  қылды  діндерін, 
жесір-жебір,  мал  алып.  Қаразымның  қызы  еді,  Гүлқашима  сұлуды 
алып жүрді оны да, еліне қайтты, қарашы. Бірнеше күн жүреді, нақ 

 
84 
үш  айға  толғанда  жесір-жебір,  мал  алып,  еліне  сонда  келеді.  Жесір 
менен  жебірді  үлестіріп  батырың  халыққа  оны  береді.  Жарлысы 
байға теңелді... 
 
 
Жұбаныш 
 
Қарадөңнің  баласы  Жұбаныш  та  он жасқа  келгенде  атқа  мінді. 
Сонда әкесі Жұбанышқа айтады: 
-
 
Тоқсанның  төртеуіне  келдім.  Он  жасар-ақ  баласың, 
Ындыстың (Үндістан) жерін алуға кетіп міне барасың. 
Бабасының  батасын  алып  Жұбаныш  Ындыс  еліне,  хан 
Қылышбайды шауып алмаққа, бес құлаш болар қылышын қамдап, ақ 
сүңгісін  белге  байлап,  астына  Көкшабақ  атын  мініп  жолға  шықты. 
Артынан  ерген  жан  жоқ.  Таудан-тау,  көлден-көл  асып,  жолындағы 
қарды  шашып  Ындыстың  еліне  де  барды.  Тәуекелге  бел  буып, 
Ындыстың  елін  аралап  көрді.  Жауының  көп  екендігін  білді. 
Қылышбай  ханның  қасына  мың  кісісін  ертіп  ноғай  елін  шауып 
алмаққа  кеткенін  біледі.  Биік  таудың  басына  шығып  ой  қылады. 
Ойлана  келе,  ноғай  елінен  қайтар  сапарында  соғыспақ  болып 
Қылыш ханның жолын күтіп екі ай сонда жатады. 
Тоқсан  төртте  ханы  бар  ноғайлының  елін  Қылыш  хан  басып 
алып,  қолында  әскері  жоқ,  бес  қарудан  бірі жоқ Қарадөңді  өлтірді. 
Қарадөңнің  қаласын  талқандады.  Осыған  тоқмейілсіп  ындыс әскері 
кері  қайтады.  Қарадөңнің  жеті  қатынының  алтауын  өлтіріп, 
Жұбанышты  туған,  елуге  жасы  келген,  өлуге  таянған  бәйбішені 
тұтқынға  алып  әскер  кері  келеді.  Тау  басында  астына  Көкшабақ 
атын  мінген  Жұбаныш  жүз  адамға  тақанып  келеді.  Қылыш  хан 
бұның Жұбаныш екенін білмей: 
-
 
Ноғайлы  елін  шауып,  Қарадөң  деген  ханын  өлтіріп,  қатынын 
жесірге  алдық.  Қатынын  елге  барған  соң,  елуге  келгеніне  қарамай 
өзім аламын. Жолымнан тұрмай кет, бала, - деді. 
Әкесінің өлгенін естіп Жұбаныш қатты тулады. 
-
 
Мен  –  ноғайдың  елімін,  елден  шыққан  ерімін,  айқайлаған 
бөрімін.  Тәуекел  етіп  жол  шықтым.  Енді,  ындыс,  көрермін. 
«Мықтымын» деп мақтанба, жазаңды сенің берермін, - деп айқайды 
салады. 

 
85 
Сонда  Қылыш  хан  тебінді, жалмауыздай  емінді, қорамсаға  қол 
салды. Атайын деп Жұбаныш ол қалмаққа оқ атты. «Тәуекел, Алла, 
енді» деп өз өзінен бусанды. Жүз әскерді қырып сап, артынан келген 
әскерін  қашырды.  Оларды  қумады.  Қорамсаны  қолға  алып,  бір 
атқанда  –  он  атты.  Сасқан  қалмақ  қашады.  Сегіз  жүзін  қырдырып, 
бір  жүзі  қашып  кетеді.  Соларды  қуалап,  анасын  көрмек  болып 
Жұбаныш жауды қуып қалаға келеді. Анасын іздеп келе жатса тезек 
теріп анасы қарсы кездеседі. Анасы мұны танымай, кім екенін сұрап, 
өзінің зарын айтып жылайды. Бала өзінің Жұбаныш екендігін айтып, 
Қылыш  ханды  өлтіріп,  өзін  іздеп  шыққанын  айтады.  Оған  шешесі 
сенбей мазақ қылма дегенде Жұбаныш барып: 
-
 
Айналайын, анажан, мамаңды маған бер, - деді. 
Шыдасын  ба  анасы  танығасын  баласын.  Танығасын  анасы  екі 
емшегін  шығарып  баласына  береді.  Еме  берді  баласы,  танығасын 
анасы.  Мейірі  қанып,  анасымен  табысқан  Жұбаныш  әкесінің  кегін 
алуға,  анасын  сандалтқандығы  үшін  ындыстың  көп  жанын  өлтіріп, 
қаласын алды. Шешесін алтын таққа, күймелі арбаға мінгізді. 
-
 
Қылыш  ханның  қатынын,  жалғыз  қызын  Ажарды  аламын,  - 
деп Ындысты қайта шапты. 
Үш  ай  жүріп  анасымен  екеуі  еліне  оралады.  Қарадөңнің 
моласына барып тағзым етеді. 
Он бес жасқа келгенде ескі кегі есіне түсіп Жұбаныш ындысты 
алуға қайта шығады. Екі жүз мың әскермен алдына ындыс бегі күтіп 
алады.  Он  күн  соғысып  оларды  қырып,  ындыстың  қаласын  алады. 
Ондағы  ханның  Жәмила  деген  қызын  алмаққа  ой  қылды.  Он  екі 
жасар Ақ Жәмиланы алып еліне келіп той қылды. Екі шаһарды алған 
Жұбаныштың жыры осы. 
 
 
Сүйініш 
 
Қарадөңнің  баласы  Жұбаныш  деген  ер  еді.  Он  жас  пенен  он 
бесте атқа мініп кек алған. Жұбаныш атқа мінгенсін, Ноғайлы халқы 
дем алған. Баба түкті шашты Әзіз бабасына үйінде отырып сыйынып 
жүргенінде қатыны ұл тауып, сүйініп, туған баланың атын Сүйініш 
қойған. 
Бала  өсіп  асық  ойнар  қатарға  қосылды.  Бірде  балаларға  қарай 
асығып кетіп бара жатқанында бір шал тоқтатып: 

 
86 
-
 
Арғы  атаңды  білемін,  Қарадөң  деген  ер  еді.  Атаңа  тартып 
тумадың, атаның жолын қумадың. Әкең еді – Жұбаныш, адырнасын 
қолға алып, ел шетіне жау келсе жүруші еді долданып. Он жасында 
ел  алған,  ындыс  пенен  қалмақтан,  жапанда  талай  кек  алған. 
Жұбаныш таққа мінген соң бұл ноғайлы дем алған. Ноғайдың шетін 
жау  алды,  оны  қылған  қалмақ  ел.  Жұбаныштай  ерлерің  алпысқа 
жасы  толған  соң,  өзі  де  егде  болған  соң,  шықпай  отыр  далаға. 
Ақылды  болсаң,  кетпеші.  Ақылсыз  болсаң,  кете  бер.  Кете  бер  енді 
далаға.  Жұбаныш  пен  Қарадөң  атадан  бол  садаға!  Бүйтіп  адам 
болғанша, барғайсың жылдам молаға. Менің атым – Нұр, - деді. 
Сүйініш қатты ойланды. Асығын тастап үйіне келеді. Шешесіне 
келіп жаудан кек аларын, әкесіні аты мен қаруларын беруін сұрады. 
Шешесі: 
-
 
Қабырғаң  қатсын,  омыртқаң  өссін.  Он  беске  келмей,  ешкім 
соңыңнан ермес. Босқа далада өлесің, - десе де, айтқанынан қайтпай 
бала атқа қарай барады. 
Атты ертеп, жүгендеп үйіне келіп, сандықтан қорамсаны алады. 
Көк  жебені  алады.  Үстіне  киіп  шарайна,  беліне  тартып  беренді, 
дулығасын киеді. Ақылсыз туған сорлы деп ноғайлыдан ермеді. Бір 
Аллаға  сыйынып  кетті  батыр  алысқа,  шыдасын  ба  намысқа. 
Қашаннан тұлпар серігі, шаршасын ба шабысқа. 
Қараойық  көлдің  шетінде  Сұлтан  ханның  елі  деп,  қалмақтың 
алыс жеріне екі айшылық жол жүрді. Оның бір ай жолы шөл болды. 
Сұлтан хан әскерін жинап, үш мың қолмен келеді. Хан: 
-
 
Жүз  әскермен  барып  жеңіп  келгеніңді  патша  қоямын,  -  деп 
жар салды. 
Бір  ноғайды  өлтіреміз  деп  әскері  мақтанды.  Сүйініш  батыр 
дулығасын  киіп,  қалмақ  қасына  келгенше  найзасына  сүйеніп 
ойланып  тұрды.  Көп  кісіні  көргесін  бір  Аллаға  сыйынды,  бұрынғы 
өткен пірлерге. Шарайна мен дулыға, оны жақсы киінді, екі білегін 
сыбанды. Үш мың кісі әскердің шаңы болған тұмандай. «Құтылар ма 
екен адам» деп, он екі тұтам қу жебе ер қасынан алады. Атайын деп 
ол  оқты  оңтайланып  қарады.  Ақ  сүңгінің  бар  еді  ортасында  ілгегі, 
қарына оны іледі. Қалмақтар шыр айнала қоршауға алады. Садағын 
керіп  атқанда  төрт,  бес  кісі  емес,  талайдың  басы  домалап  басылып 
жерде  қалады.  Бірнеше  атқанда  талайлар  өледі.  Шыдамай  қалмақ 
шабады.  Жебені  ерге  іліп  Сүйініш  ойын  қылады.  Талай  адам  ажал 
құшып, күн де батып кетеді. Мың адамы қырылды 

 
87 
Таң  атқан  соң,  алты  жүз  жаны  бар  хан  әскерімен  соғысады. 
Ханмен  екеуі  бетпе-бет  келіп  жеке  дара  соғысты.  Ақ  сүңгімен 
салысты, алмаспенен шабысты. Қорамсамен атысты. Жайына қарап 
жүрген  жоқ,  қызыл  қанға  батысты.  Бір  күн,  бір  түн  алысып, 
Сұлтандайын  ханыңды  жығып  жерге  салады.  Сұлтанның  қызы 
Бибіжан  Сүйінішті  көруге  келді.  Сүйініш  оған  тимей,  көп  кісіге 
қосып еліне айдайды. 
Еліне жақындап келегнде, анасын көруге асығып, еліне жылдам 
жетеді.  Анасы  бұған  риза  боп,  еліне  той  қылады.  Бибімен  қосып 
екеуін, бақытты ғұмыр жасайды. Бір күндері болғанда қатынынан ұл 
туады. 
Сүйініштей  ханыңыз  ноғайды  билеп  тұрған  заманда  бір  күні 
хабар  алады  аттанып  қалмақ  келді  деп.  Ноғайды  шауып  алды  деп. 
Халқын, би мен ер, шорасын жинап «Қарауылға шығуға біреуің ер» 
дегенде  ешбірі  үн  қатпайды.  Жалғыз  ғана  Нұрлыхандай  жас  жігіт 
«Мен  барам»  деп  шығады.  Жарлы  жігіт  болған  соң  қазынадан  ат 
пенен  қару  ал  деп  жұмсайды.  Атты  аралап  Нұрлыхан  бір  атты  да 
ұнатпай,  ханға  қайтып  келеді.  Бір  жарлының  астынан  көк  атын 
қапты  ұнатып.  Соған  керек  төрт  ат  деп.  Байларды  жинап  Сүйініш 
төрт  жылқысын  бергізіп,  Көк  атты  алды.  Екеулесіп  жүргенде 
қалмақтың елі қырық күн. 
Қалмақтар  барлауға  қырық  кісі  жібереді.  Жемнің  бойын 
жағалап,  Темірдің  келіп  басына  екі  батыр  демалды.  Сол  кезде 
қалмақ  алыс  деп  дамылдап  жатқан  Сүйініш  «Тұр!»  деп  бірден 
ақырды. «Жау келді!» деп қаруын ала салып тәк тұрды. Екі қараны 
көріп  жаудың  шетіне  келдік  деп  қырық  қалмақ  кері  қайтады. 
«Алла!» деп ұран шақырып Сүйініш батыр ақырды. Ойынды үлкен 
салады.  Күні-түні  соғысты,  қалмақтар  жаман  тоғысты.  Оқ  тиген 
жерде  тастады,  қалып  жатыр  қалмақтың  домалап  жерде  бастары. 
Қарсы тұрған қалмаққа жарағы қанға тоймады, көрінгенді қоймады. 
Қараса  қасындағы  жолдасының  шүберектен  өзге  киімі  жоқ. 
Сүйініш  шешініп  шарайнасын  береді.  Таң  атып,  күн  шығады. 
Жаппар  Құдайға,  Рүстем,  Дастан  ерлерге,  Аршылан  шеріге 
сыйынып Сүйініш тұр. 
Сәскеден күн батқанша соғысып, өліктен тау тұрғызды. Ұрыса 
берді қарамай, ағарып таң атқанша. Үш күндейін шабуыл ат үстінде 
салысты.  Хан  мен  өлді  қарасы,  шулады  қатын-баласы.  Қалмақтың 
қаласын  алады,  қалған  қалмақ  қашады  көрінбей  кетіп  далаға. 

 
88 
Шұбыртып  сонда  қалмақтың  қатыны  мен  баласын,  жинап  алып 
қарасын.  От  жібертіп  өртеді,  ағаштан  қылған  қаласын.  Еліне 
қалмақтың  кемпір-шалын,  қатын-баласын  түгел  айдап  келіп, 
ағайынына еншіге бөліп берді. 
 
 
Ер Бегіс 
 
Сүйініштің  жасы  қырыққа  келгенде,  бала  көрмей  жүріп  барып 
бір балалы болады. Ол баласының атын ноғайлы жиналып отырып: 
«Бұның  арғы  атасы  –  Қарадөң,  о  да  асқан  ер  еді,  мұнан  туған 
Жұбаныш,  өз  қатарында  бұ  да  асқан  ер  болды,  мұның  әкесі  – 
Сүйініш,  бұ  да  өз  қатарында  ер  болды.  Мұнан  туған  бала  да  ер 
болар,  мұның  атын  Бегіс  қоялық.  Егер  ер  болса,  қатарына  жетіп 
қалар, көздесе «Ер» деген атақты, ер атағын қосармыз» деп ойлайды 
да, бұның атын Бегіс қойды. 
Бегіс  өзі  үлкен  болып,  жасы  жиырмаға  келеді.  Сонда  отырып 
ноғайдың ақсақал, билері келеді. Келіп отырғанда бір ақсақал тұрып: 
«Осы  Сүйініштің  баласы  адам  болудан  кетті,  жасы  жиырмаға 
келгенше  балалықтың  жолында  жүр,  әлі  адамдық  ойламай  отыр. 
Әкесі  шынжыры  үзілмей  келе  жатқан  ер  еді.  Әкесі  Сүйініш  он  бес 
жасқа келгенде, халықтың арын ойлап, кегін кектей, ноғайдың жерін 
қалмаққа  бермей,  қалмақтан  жетім-жесір,  мал  алып,  елінің  аш-
арығын бағып отырушы еді. Бұ да ол жоқ. Осының шынжырын үзіп 
кетеді-ау деген ой туып жүр. Халықтың ойы осылай» деді. Сол сөзді 
естіп Бегіс әкесіне келеді. 
-
 
Арғы  атаң  –  Қарадөң,  өзінен  ерлік  озбаған.  Байлығы  оның 
қарасаң,  мыңнан  қозы  қоздаған.  Сары  інген  жүздеп  боздаған. 
Есігінің алдында жүзден-жүзден құл болған. Оның ұлы – Жұбаныш, 
қатарында ол да ер екен. О да айтулы бөрі екен, шынжырлы туған ер 
екен.  Оның  ұлы  сен  едің.  Он  бесіңде  ат  мініп,  ноғайдың  қамын 
ойладың.  Сендерге  тартпады,  шынжыры  үзілгелі  тұр  деп  отыр 
ноғайлы.  Қалмақты  жерінен  қуамын,  -  деп  Қаракөк  тұлпарын 
жаратып, қылышы мен найзасын шақпақ тасқа қайратты. 
Ер Бегіс келіп қалмаққа айқай салады. Айқайы оның шыққанда 
жапырылып көп қалмақ сонда тұра қалады. Қылышын суырып Бегіс 
қалмақтарды жекпе-жекке шақырды. 

 
89 
Қалмақтың ханы тірсекпен екеуі ақ найзасымен соғысып жатыр. 
Бір уақытта қолдары қарысып, шамасы таусылуға айналғанда Тірсек 
ханды  шаншыды.  Хан  найзаны  суырып  алып  артындағы  әскерге: 
«Келіңдер!»  деп  бұйырды.  Сонда  қалмақ  жапырды.  Бегіс  те  қарап 
оларға сонда тұрып ақырды. Аузынан зәрі шашылды, әруағы судай 
тасыды.  Тасада  тұрған  Сүйініш  жүз  кісімен  шыға  келеді.  Тірсек 
ханы  мұны  көріп  жүрегінен  қаны  бұрқырап  қашып  барады.  Елін, 
жерін айтып, бұ дүниемен қош айтысып жылап барады. Осылай бара 
жатқанда  аты  қарғып  кетеді.  Қолынан  ұшқан  болатқа  жүрегімен 
түседі.  Сүйініш  оның  аты  мен  сауытын  олжа  қылып  Ер  Бегіске 
барады. Бегістің ерлігі тіптен ерен болады. Жүз кісісі олар да қайрат 
көрсетіп,  қалмақтың  иманы  ұшып  қашады.  Осының  бәрін  көрген 
Сүйініштің  суалып  қалған  жүрегіне  күші  қайта  кіреді.  Ол  да 
қалмақты  барып  шабады.  Бытырап  қашып  қалмақтар  барады.  Ер 
Бегіс  пен  Сүйініш  қарсы  кездесіп  қалады.  Сонда  тұрып  Сүйініш 
баласына бата беріп, қалмақты қууды тапсырады. 
Тарап  кеткен  қалмақты  жалғыздап  жүріп  қырады.  Ноғайдан 
келген жүз кісі, алпысы оның қалыпты. Қалғанын алып қасына Бегіс 
пенен Сүйініш еліне сонда қайтады. Елі қуанып қарсы алады. 
Арада неше жыл өтеді. Бегіс өзімен қатар бір кісімен қияметтік 
дос болады. Бірде ата-анасына білдірмей, досына келіп: «Жас отызға 
келді.  Елге  еңбек  сіңірейік»  дейді.  Сонда  досы:  «Жауға  барып,  кек 
алайық.  Халықтың  қамқоры  болалық»  депті.  Үйіне  келіп  Ер  Бегіс 
Қаракөктей тұлпарды алты күнде жаратты. Ақ найза мен қылышын 
тасқа  қайрап  алады.  Сауытын  киіп,  беренін  тартынып,  қорамса, 
садағы  мініп,  дулығасын  киіп,  найзасын  алып  атына  мінеді.  Әкесі 
оны көріп, өлерімнің шағында мен тастап қайда барасың деп реніш 
білдіреді.  Сонда  Бегіс  ата-анасына  барып  бата  сұрайды.  Олар 
ақылдасып  елі  үшін  шыққан  ерге  бата  бермек  болады.  Сонда  Бегіс 
аттан түсіп, қолын жайып тұрады. Әкесінің батасы: 
-
 
Әулие,  шайқы,  пірлерім,  қолтығыңнан  сүйесін,  қысылған 
жерде демесін! Қызыр менен Ілияс, Баба түкті шашты Әзіз  – солар 
болсын  панаңыз!  Жолыңды  Алла  оңғарсын!  Енді,  балам,  барыңыз, 
түк  қоймай  жауды  алыңыз.  Жау  қалмаққа,  жан  балам,  аман-есен 
барыңыз! – дейді. 
Екі  арыстан  елінен  жолға  шығып  жөнеді.  Екеуінің  әкесі  кәрі 
болған  шал  еді.  Оларға  да  қарамай,  қарындас,  халқы  қамы  үшін 
елден шығып жөнеді. Бұлардың іздеп келген жерінде Хан Тірсектің 

 
90 
баласы  Тобылғы  хан  «Әкемнің  кегін  алам  деп,  сол  ноғайға  барам» 
деп той жасап жатыр екен. Бұларды көріп Тобылғы хан: 
-
 
Танымадым мен, - деді. – Жөніңді айтшы, сен, - деді. – Түсің 
сары,  көзің  көк,  одан  басқа  мінің  жоқ.  Үстіңе  киген  темір  көп. 
Жөніңді маған айтшы, білейін сені мен, - деді. – Не болмаса ермісің, 
кек алатын шермісің? – деп сұрайды. 
-
 
Менің  тегім  –  ноғайлы.  Менің  атым  –  Бегіс,  арғы  атам  – 
Қарадөң,  бергі  жағым  –  Жұбаныш,  өзімнің  әкем  –  Сүйініш. 
Іздегенімді  сұрасаң,  хан  Тірсектің  баласы  Тобылғы  ханның  елі  еді, 
жүрген жөнім сол еді. 
-
 
Іздегенге  –  сұраған,  қарап  тұрмай,  қалмақтар,  қыздырыңдар 
майданды, - деп хан да қуанып кетеді. 
Бегіс пен қалмақ батыры жекпе-жекте соғысты. Ақырында Бегіс 
оны  қылышпен  бастан  шауып  өлтіреді.  Мың  қалмақ  бұларға  лап 
қояды. Екі батыр қалмаққа барып лаң салды, айналаны шаң қылды. 
Бір  уақытта  қараса,  қасындағы  жолдасы  көзіне  түсе  қоймады. 
Жүрегі  мұздап  артқа  қарай  келсе,  жолдасының  аузынан  қан  ағып, 
жүрегі  тесіліп  жатыр  екен.  Оны  көріп  Ер  Бегіс  есінен  танып 
құлайды.  Есін  жинап  қараса  досының  көзінен  жасы  бұршақтап 
жылап отырғанын көреді. Досы сонда айтады: 
-
 
Артымдағы  қалған  кәрі  атам  мен  анамды  қабатыңа  аларсың, 
өзімдей қылып бағарсың. Алған жарым бар болса, ішінде оның бар 
болса,  не  болса  да  баланы  қолыңа  сенің  берсін  ол.  Өзімдей  сені 
көрсін ол. Қамықпасын қайғырып, барсын қайны халқына, бұрынғы 
түссін салтына. Аман бол енді сен, - деп кірпігін қағып ол кетті. 
Қайғырып  қамыққанмен  болмады.  Өлген  тірілмеді.  Атын 
сонсоң  мініп  ап,  қалмаққа  қарай  жөнеді.  Қалаға  келсе,  ел  қашып 
кеткен.  Кемпірлер  мен  бесіктегі  жас  балалар  ғана  қалыпты. 
Мыңдаған қойы, сиыры мен түйесі, құлынды биесі қалыпты.  Егесіз 
жатқан малдарды айдап алып жөнеді. Бір, екі, үш ай болғанда елінің 
келді маңына, түсірді елдің жанына. Керегін жұрт алады, тоғыз жүз 
мал  қалады.  Баяғы  өлген  досының  кемпір-шалы,  әйелі  –  үшеуіне 
барады.  Сонда  оның  әйелі  егіліп,  көзінің  жасы  төгіліп,  артында 
қалған орда үй, бүкірейген белдері кемпір мен шалдың қалғанын, он 
бесінде  қосылған  жары  өзі  қалғанын,  титтей  ғана  бала  бар.  Оларға 
пана кім болар дейді. Бегіс бәрін өз қолына алып, іште қалған балаға 
да егелік етіп, ісі келді оңынан. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет