Алғашќы ќадамдар: экономиканы ырыќтандыру,
1991-1997 жылдар
«Єркімнің ќабілетіне ќарай, єркімге – еңбегіне ќарай» дейтін
коммунистік «Алыстағы Тамашаға» жетуге ұмтылған Кеңес Ода-
ғының басшылығы көп жағдайда шаруашылыќ жєне өндірістік
ќатынастарды ќұрғанда, экономикалыќ мєннен єлдеќайда ќашыќ
жататын ойды басшылыќќа алды. Нєтижесінде, экономикалыќ
тұрғыдан негізделмеген өндірістік тізбектерге ұќсас, өзінше бір
«жасанды тыныс алдыру» аппараты сияќты, орталыќтан жоспар-
ланатын тетіктің ќұлауымен бірге, Одаќтыќ экономикалыќ жүйенің
барлыќ ќайшылыќтары жєне жасандылығы жалаңаштанып сырт-
ќа шыќты.
Сондыќтан, нарыќќа өтуге апаратын біздің жолымыздың ең
басында, бізге шаруашылыќ жүргізудің негіздерін өзгерту талабы
ќойылды. Бєрінен де бұрын, ресурстарды бөлу жөніндегі эконо-
микалыќ шешімдерді мемлекеттік деңгейде өндіріспен тікелей ай-
налысатын субъектілерге аудару ќажет болды. Бұл өндіріс орын-
дарының ќаржылыќ дербестігін ќамтамасыз етіп, оларға инвести-
циялардың нєтижесі мен тиімділігі үшін жауапкершілікті жүктеу-
ге мүмкіндік беретін еді.
Бұрын, Одаќ кезінде ќалыптасќан тауар-аќша ќатынастары,
ќажетті шешімдерді ќабылдауға мұрсат берілген күнде де, олар-
дың барлығын орталыќ ведомстволар деңгейінде шешуді талап
ететін. Осы «ќолапайсыз» ќатынастардың мєні мынаған келіп тіре-
218
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
летін. Өндірістік-шаруашылыќ ќызметтің кез келген субъектісі өзінің
ќаржы ресурстарын КСРО-ның Мемлекеттік банкінде немесе оның
одаќтыќ республикадағы есепшотында ұстайтын. Егер осы ресурс-
тарды өзіне ќажетті маќсат үшін мысалы, ќұрылыс салуға, азыќ-
түлік сатып алуға жєне т.б., пайдаланғысы келсе, кєсіпорын осы
мєселені Мемлекеттік жоспарлау комитетімен келісетін, ол ќана-
ғаттанарлыќ шешім ќабылдаған жағдайда, ќажетті ќаржыны бөлу
үшін осыған сєйкес тапсырманы Мемлекеттік банкке беретін.
Сайып келгенде, кез келген мемлекеттің банк секторы мен
мемлекеттік ќаржысының негізін ќалаушы бірнеше салалардың –
салыќ жєне бюджет сияќты жүйелерінің мєселелерін шешуді бір
мезгілде талап етті. Оларды сєтімен реформаландыру осыларды
бір-бірімен өзара байланыстырғанда ғана мүмкін болатын.
Ашыќ нарыќтыќ ќатынастарды ќұру бізден экономиканың не-
гіздерін түбегейлі өзгерістерге апаратын ќадамдар жасауды талап
етті. Мойындауым керек, бұл оңай емес еді. Осындай шешімдердің
бірі 1993 жылғы нарыќтыќ ќатынастарды ырыќтандыру болды.
Нарыќќа барар жолдағы осы ќадамға біз тауар тапшылығы мен
өсіп отырған гиперинфляция жағдайында бардыќ. Ырыќтандыру-
ды іске асырудың басталуымен бірге єртүрлі ќаржы ұйымдары-
ның жылдам өсуі басталды. Олардың ішінде коммерциялыќ банк-
тер мен банк операцияларының жеке түрлерін іске асырушы ұйым-
дар ерекше орында тұрды. Мєселен, 1993 жылдың соңына ќарай
Ќазаќстанда 200-ден астам коммерциялыќ банктер ќұрылды. Бұл
жағдайдың пайда болуы, заңнамадағы кемшіліктерге байланысты
еді. Соның салдарынан кез келген кєсіпорын мен кооперативке
өзінің меншікті банкін ќұрып алуға мүмкіндік туды. Бұлардың
көпшілігі кейіннен ќаржы жағынан ќауќарсыз болып шыќты. Олар
аса жоғарғы инфляция мен валюта нарығындағы тұраќсыздыќ
жағдайында, алыпсатарлыќ пайда табу үшін ғана ќұрылды.
Бұл, өз кезегінде, ырыќтандырудың бірінші кезеңінің инфля-
цияның өсуімен жєне төлем ќабілеттілігіне деген сұраныстың ќыс-
ќаруымен ќосарлас жүруіне єкеліп соќты. Мєселен, 1993 жылдан
1995 жылдың соңына дейінгі кезеңде жылдыќ орташа инфляция
1200%-ға тең болды да, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы 1995
жылдың өзінде ғана шамамен 40 млрд. теңгені ќұрады, ал екінші
деңгейдегі банктердің кєсіпорындарға несиесі бойынша жылдыќ
көрсеткіші 400%-ға жетті.
Ырыќтандырудың бастапќы кезеңінде тауарлардың белгілі бір
түрлерінің бағаларына мемлекеттік баќылау єлі де болса саќталған
еді. Мемлекеттік ќажеттіктер үшін єкелінетін тапсырыстар тєжіри-
Ұлттыќ ќаржы жүйесі
219
бесін жєне басќа да шектеулерді мемлекет кєдімгі жай тіршілік
маќсатында пайдаланды. Азыќ-түлікке жєне бірінші ќажеттегі та-
уарларға наќты бекітілген бағалар ќойылды. Осыған байланысты
кєсіпорындар шығынға ұшырады. Бұл шығындардың орнын жеңіл-
діктер берілген көтерме шаралар да, несиелерді ќайтару мерзімін
өзгерту саясаты да толтыра алмады.
Сонымен бірге, ол кезде мемлекет тұрғындарды ќажетті тауар-
лармен жеткілікті түрде ќамтамасыз ете алмады, осыдан келіп
олардың үлкен тапшылығы туды. Біздің экономикамыз тар шең-
берде шектеулі болатын, кеңес уаќытында бірінші ќажеттіліктің
көптеген тауарлары оларды өндіретін басќа одаќтыќ республика-
лардан жеткізілетін. Енді бірінші зєруліктегі тауарлармен ќамта-
масыз ету үшін, Үкімет көрші өндіруші-елдерден «тауарлыќ (матас-
ќан) несиелер» алуға мєжбүр болды. С.Терещенко Үкіметі 100
млн. АЌШ доллары сомасында осындай несиелер алды. Олардың
тауарлыќ деп аталған себебі – бізге несие беріп отырған елдердің
тауарларын сатып алу ќажеттілігі үшін берілетін. Ќойылған шарт
осылай болғандыќтан, алынған несие олардан ќант, темекі, май,
шұжыќ жєне т.б. сатып алуға жұмсалатын.
Көптеген адамдар, осы жағдайды естігенде: «Неге бұлай істелді,
алынған несиелер неге басќаша жұмсалмады?» деген орынды сұраќ
ќоюлары мүмкін. Бізге жалпы тапшылыќќа байланысты пайда бол-
ған єлеуметтік шиеленісті бєсеңдету үшін нарыќты тауарларға
толтыру ќажет болды. Біздің адамдар азыќ-түлікті тапшылыќтан
сатып ала алмай жатќанда, ќайдағы бір реформа туралы айтудың
өзі ќисынсыз еді. Дүкендердің сөрелері ќаңырап бос ќалған. Жа-
ныңды тітіркендіретін көрініс ќой – дүкенге кірсең, тауар жоќ.
Мұны тек көзбен көру керек еді.
Үкімет бұл несиелерді бизнеспен енді ғана айналыса бастаған-
дарға бөлуді ұйғарды. Өйткені олардың нарыќтағы ќызметін ќол-
дау керек болды. Біз бір жағынан, олар бұл несиелерді тұрғындар-
ға ќажет азыќ-түлікті, дєрі-дєрмек сатып алу үшін мемлекеттік
органдарға ќарағанда єлдеќайда тиімді пайдаланар, содан соң несие-
лерімен өздері есептесер деп үміттендік. Дүкендегі саудадан түскен
аќшаны жоғары инфляция ќұнсыздандырып отырды, ол алынған
несиенің көлемін жаба алмады. Сонымен ќатар, инфляция мен
валюта бағамының арасындағы айырмашылыќ деңгейінде алаяќ-
тыќ жасап, мемлекеттің осы шарасын пайда табу үшін олжаланып
ќалған бизнесмендер де болды. Бұл олардың алғашќы капиталда-
рын ќалыптастырудың бір көзі болған. Біраќ та олардың несиені
ќайтаруға мүмкіндіктері болмады да, оларды мемлекеттің төлеуіне
тура келді.
220
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Барлыќ мєселенің түп тамыры – бағаны ырыќтандырудан туын-
даған салдарға біздің тез жылдам ќалыптаса алмағанымызда жат-
ты. Ќазаќстандыќ кєсіпорындар, орасан зор ќұрылымдыќ пробле-
малармен бетпе-бет келгенде, өздерінің нарыќ ауќымдарынан ай-
рылып ќалды. Тұраќты макроэкономикалыќ жағдайды ќұру үшін
бірќатар кезек күттірмейтін шараларды іске асыру ќажет болды.
Енді мемлекет орталыќтандырылған несиелер беру практика-
сын, салыќ түрлерін жєне т.б. азайтуға тиіс болды. Ќаржы жүйесі
ресурстарды бөлудегі мемлекеттің рөлін ќысќарту жолымен несие-
нің наќты бағасын ќалпына келтіруді талап етті. Мемлекеттің
несие түріндегі жасырын дотациялары арќасында шығынмен өмір
сүріп отырған кєсіпорындарға ќұрылымдыќ өзгерістер жасап, оларды
жауапкершіліктері жоғары жеке кєсіпкерлердің ќолына беру ке-
рек болды. Сөйтіп, тек 1994 жылы ғана жеңілдіктермен берілетін
несиелерді беру практикасы жєне кєсіпорындардың несие сұрап
елдің жоғарғы банкіне тікелей шығуы тоќтатылды.
Ол кездерде мен табан астында шешуді талап ететін толып
жатќан проблемаларға үлгермейміз бе деп ќауіптенгенмін. Оның
үстіне, солардың барлығы да іс жүзінде еліміздің шаршаған,
көңілдері ќалған, алғашќы сылтаумен-аќ бұрќ етуге дайын тұрған
тұрғындарымен байланысты еді. Ќазір, реформаның табысты бо-
луының себептері туралы сұраќтарға жауап бергенде, мен кейде
белгілі бір аныќтаушы факторды бөліп көрсетуге ќиналамын. Кей-
біреулер, бұл факторды адамдардың ќайта ќұруға дайын тұратын,
оларды іске асыру ќажеттігін түсінетін жєне ќарсы алатын ќоғам-
дыќ «аужай» деп есептейді. Біраќ біз реформаны мүлде ќарама-
ќарсы «аужайдан» бастадыќ деп айтуымызға болады. Одаќтың
ыдырауы, жұрттың саќталған аќшалары мен жиған-терген ќорла-
рының жойылып кетуі, ең бастысы – олардың Идеяға жєне ер-
теңгі күнге деген сенімді жоғалтуы, біздің адамдарды өздерін ешкімге
керексізбіз деп, алданып ќалдыќ деп ойлауға мєжбүр етті. Ал,
көпшілігі белгілі дєрежеде осы түңілулерін, осы сенбеулерін біздер-
мен де байланыстырды. Біраќ реформа іске асты – айтарлыќтай
табысты болды.
Кейбір ғалымдар немесе сарапшылар реформалаудың барысын-
да сол реформаның өзінің єзір болу-болмауын бірінші ќатарға ќояды.
Бұл сияќты реформаның «инкубациялыќ» кезеңдерінің 4 жылдан
5 жылға дейін созылғандығын көрсететін көптеген мысалдар бар.
Біраќ, тағы айтайыќ, бізде мұќият дайындыќќа немесе ұзаќќа со-
зылған зерттеулерге, оларды сынап көруге мұрша болған жоќ.
Уаќыт аймен, аптамен, кейде тіпті єрбір күнмен өлшенді. Жағдай
күн сайын өзгерістерге ұшырап тұрды. Біраќ ќалай болғанда да
бұл реформалар табысты өтті.
Ұлттыќ ќаржы жүйесі
221
Мен біздің реформалардың табысты болуында ең үлкен рөлді
адам факторы атќарды деп есептеймін. Наќты ќалай болғанын,
бєлкім, мен тап басып айта алмаспын, біраќ жалпы алғанда, біздің
адамдардың менталитетінің кейбір жаќтары, олардың жаңаны ќабыл-
дауға немесе сырттан келген өзгерістерге оңтайлана алатын ерек-
ше ќабілеттері, ал жекелей алғанда – сол кездегі реформаторлар
жасағына кірген адамдардың тұлғалыќ ќасиеттері табысымыздың
кепілі болды.
Сөйтіп, 1999 жылға ќарай реформаның ыќпалды көмегімен
адрестік єлеуметтік көмекке өте отырып, зор көлемдегі єлеуметтік-
тұрмыстыќ жеңілдіктердің проблемаларын шешу мүмкін болды.
Сол кездегі ќолданыстағы ынтымаќтастыќ зейнет жүйесінен жаңа
– жинаќтаушы зейнетаќы жүйесіне көшу іске асырылды. Бюд-
жеттік ќатынастар жєне оған сєйкес еліміздің салыќ жүйесі ќайта
ќарастырылып, ќайтадан ќұрылды. Барлыќ осы ќайта ќұрулардың
нєтижелі болуының кепілі, ең алдымен ТМД-дағы ең үздік деген
мєртебеге заңды түрде ие болған біздің күшті де серпінді банк
жүйеміз болды.
Банк жүйесінің дамуы
Ќазаќстан өзінің банк жүйесін ќұруға егемендікті алғаннан
кейін, 1990 жылы желтоќсанда бірден кірісті. Кеңестік икемсіз
банк тетіктерінің барлыќ «тамашаларын» бастан кешірген біздер,
енді экономиканы толыќќанды дамыту үшін, бүкіл дүние жүзінде
нарыќ жағдайында ең тиімді деп танылған, осы заманғы ќос дең-
гейлі банк жүйесінің керектігін түсіндік. Ол біздің тєуелсіз аќша-
кредит саясатын жүргізуімізге, инфляцияның жєне мемлекет пен
ќоғамды ќаржымен ќамтамасыз ету сұраныстарының проблемала-
рын шешуімізге мүмкіндік беретін еді. Бізге капиталдың шынайы
өзіндік ќұнын пайыздыќ мөлшерлермен көрсететін, ал банкілерге
ќарыз алғандардың ќаржылыќ өміршеңдігі жєне несиелеудің эко-
номикалыќ тиімділігі негізінде несие беретін жүйе ќажет болды.
Шын мєнінде, «Ќазаќ КСР-індегі банктер мен банк ќызметі
туралы» 1991 жылы ќаңтарда ќабылданған Заң еліміздегі банк
реформасының басы болды. Аталмыш Заң ќос деңгейлі банк
жүйесінің негіздерін ќалауды ќамтамасыз етті. Мысалы, облыстыќ
басќармалары жєне бөлімшелері бар Республикалыќ мемлекеттік
банк Ќазаќстан Республикасының Ұлттыќ банкіне айналдырылды.
222
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Республикалыќ Өнеркєсіп-ќұрылыс банкі акционерлік-коммерция-
лыќ «Тұранбанкке», Агроөнеркєсіп банкі – «Ќазаќстан Республи-
касының агроөнеркєсіп банкіне» айналды, акционерлердің ортасы-
нан кейіннен «Ќазкоммерцбанк» атанған «Ќазаќстан Коммерц» банкі
шыќты, Сыртќы сауда банкі – акционерлік-коммерциялыќ «Єлем-
банк», Республикалыќ жинаќ банкі – акционерлік-коммерциялыќ
«Ќазаќстан Республикасының Жинаќ банкі» болып аталды. 1993
жылы осы банктердің барлығы акционерлік банктерге айналды, ал
Жинаќ банкінің аты Ќазаќстан Республикасының Халыќ банкі деп
өзгертілді. Ќазір біздің банк жүйесінің екінші деңгейінің негізгі
ќұрамы болып отырған бұл банктер Ќазаќстандағы аса ірі жеке-
меншік банктері болып табылады.
Сайып келгенде, 1993 жылы теңгені енгізудің ќарсаңында Ќазаќ-
станның банк жүйесінде елеулі реформа болды: ќос деңгейлі банк
жүйесі ќызмет етті, барлыќ мамандандырылған банкілер акцио-
нерлік банкіге айналды, ал Ұлттыќ банк орталыќ банктің кейбір
ќызметтерін атќаратын болды. Осының бєрі белгілі мөлшерде
өзіміздің ұлттыќ валютамызға өтуді жеңілдетті.
Сонымен ќатар, тєуелсіз Ќазаќстанның алғашќы күндерінен-аќ
Ұлттыќ банктің ұйымдасќанына ќарамастан, ол бєрібір єлі де
еліміздің классикалыќ түрдегі орталыќ банкі бола алмады. Ұлттыќ
банк екінші дєрежедегі атќаратын ќызметтерін жалғастыра берді,
сол сияќты, мемлекеттік органдар жүйесіндегі оның мєртебесі де
айќын болмады. Мысалы, Ұлттыќ банк 1991 жылдан 1993 жыл-
дың соңына дейін биліктің барлыќ тармаќтарына бағынып келді.
Үкімет оған тапсырмалар берді, депутаттар оның ќызметін баќы-
лап отырды жєне ќосымша жүктемелер беріп, олардың бірден
орындалуын талап етті. Барлығы да єр түрлі ќажеттіліктеріне ќаржы
бөлуін сұрай бастады.
Осы проблеманы шешу үшін 1995 жылы наурызда мен заңды
күші бар «Ќазаќстан Республикасының Ұлттыќ банкі туралы»
Жарлыќќа ќол ќойдым. Ол бойынша Ұлттыќ банк өзіне заңнама-
лыќ актілер берген өкілеттіліктің аумағы көлемінде тєуелсіз ќыз-
мет жасайтын жєне Президентке ғана есеп беретін болды. Содан
бері өкілетті жєне атќару билігінің ешќандай да органдарының
Ұлттыќ банктің ќызметіне араласуға ќұќығы жоќ. Біраќ та, єрине
барлыќ басќа елдердегі сияќты, біздің Ұлттыќ банк жалпы мемле-
кеттік экономикалыќ саясаттың мєселелерін Үкіметпен үйлестіріп
отыруы тиіс. Сол 1995 жылы біз республиканың банк жүйесін
реформалаудың бірінші бағдарламасын ќабылдадыќ. Бұл бағдарла-
маның мєні банктердегі тұрғындардың өз беттерімен салған жи-
Ұлттыќ ќаржы жүйесі
223
наќтары, шаруашылыќ жүргізуші субъектілердің бос ќаржылары
жєне сыртќы заемдары есебінен, экономикаға несие бөлуді ќамта-
масыз етуінде болды. Сөйтіп біз, Ұлттыќ банкті саяси ќысымнан
жєне екінші деңгейдегі банктер єлдеќайда тиімді орындай алатын
ќызметтерді атќарудан «азат еттік».
Енді ол орталыќ банктің тікелей ќызметтерін атќаруға – тє-
уелсіз аќша-кредит саясатын іске асыруға жєне ќазіргі талаптарға
жауап беретін банк жүйесін ќұруға кірісті. Єр түрлі уаќыттарда
Ұлттыќ банкті Ѓ. Байназаров, Д. Сембаев, О. Жандосов, Г. Мар-
ченко, К. Дємитов басќарды. Бұлардың барлығы да ел үшін күрделі
кезеңде ќызмет атќарды жєне банк жүйесінің дамуына өз үлес-
терін ќосты.
Біздің банк жүйесінің дамуындағы келесі маңызды ќадам –
екінші деңгейдегі банктердің ќаржылыќ есеп берудің халыќара-
лыќ стандартына өтудің бағдарламасы, ол 1996 жылы желтоќсан-
да ќабылданды. Бұл бағдарлама бойынша, Ќазаќстандағы барлыќ
ќызмет жасап тұрған банктер 2000 жылдың соңына дейін өтімді
капиталдың жеткілікті мөлшері, активтердің сапасы, бухгалтерлік
есеп, менеджмент деңгейі, аќпаратты енгізу жєне жеткізу сала-
лары бойынша халыќаралыќ стандартќа жетулері тиіс болды.
2001 жылдың басында осы бағдарламаның жазбаша өкімдерінің
орындалуын баќылау маќсатында, банк ќызметін ќадағалауды
жүргізу үшін, Ұлттыќ банкке өкілеттілік берілді. Сөйтіп, 2001
жылдың 1 шілдесінен бастап жаңадан ќұрылған банктерге ең
кем дегенде 2 млрд. теңге ќатаң деңгейдегі жарғылыќ капитал
белгіленді. Бұл көрсеткіш аймаќтыќ банктер үшін кемінде 500
млн. теңгеден, ал басќа ќызмет жасап тұрған банктер үшін 1
млрд. теңгеден астам болды.
Банктер капиталының өсуі ұсаќ банк ќұрылымдарының жойы-
луы, банктердің шоғырлануы жєне ќосылуы сияќты кінєратты
үрдістермен ќатар жүрді. Біраќ осы үрдіс елдің бүкіл ќаржы жүйе-
сіне кереметтей пєрменді єсер етті, ќаржы жағынан тұраќты, зор
мүмкіндіктер мен єлеуетке ие ірі банкілер ќұрылды.
Єдетте, осындай ірі банкілер дамыған нарыќтыќ экономикасы
бар елдерде банк жүйесінің «ұйытќысы» болып табылады, оларда
бірнеше ірі коммерциялыќ банктердің үлесіне барлыќ банктердің
активтер сомасының басым бөлігі келеді. Сонымен ќатар, банк
капиталының шоғырлануы осы банктердің арасында бєсекені ќам-
тамасыз етті, ол өз орайында банктердің ќызмет көрсету сапасы-
ның артуына алып келді. Біздің банк жүйесінің осы ерекшелігін
банк секторының көптеген сарапшылары мен мамандары атап
көрсетті.
224
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Осындай түбегейлі өзгерістерді іске асыру барысында біз
«күштілер ғана тірі ќалады» дейтін нарыќтың єрі ќарапайым, єрі
ќатаң логикасын басшылыќќа алдыќ. Біздің ќаржы жүйеміз мем-
лекеттің өзі ќұптаған жеке меншік коммерциялыќ банктердің пай-
да болуын, ќалыптасу кезеңін басынан өткізді. Ендігі єңгіме осы
банктердің жұмыс деңгейлері мен көрсетілетін ќызметтерінің са-
пасы туралы болуға тиіс еді. Шынында да, ұлттыќ банк пруденци-
алдыќ нормативтерді күшейткеннен кейін, еліміздегі коммерция-
лыќ банктердің саны үш есе ќысќарды, өйткені жұмыс деңгейін
көтеруге олардың кейбіреулері ғана дайын болды. Біраќ, екінші
жағынан, банктердің меншікті капиталдарын өсіру жөніндегі Ұлттыќ
банктің ќатаң талаптары жєне реформаның барысында, жасалған
басќа да нормативтер республиканың банк жүйесіне 1999 жылғы
сєуірдегі теңгенің ќұнсыздану салдарын онша ауыртпалыќсыз
көтеріп кетуге, сөйтіп Ресейдегі жєне басќа елдердегідей ќаржы
дағдарысын болдырмауға мүмкіндік берді.
Біраќ, сонымен бірге, осындай ќадамды іске асыру барысында
біз өзіміздің ерекшеліктерімізді де есепке алғанбыз. Мысалы, бізде
ќызметтері негізінен ұсаќ бизнес пен ауылшаруашылыќ өндірісі
басым болған аймаќтарда шоғырланған банктер болды. Осылар-
дың басым бөлігі ќаржы тапшылығын көрді. Республиканың көптеген
облыстарындағы өтімділік тапшылығы, амалсыздан, жергілікті кли-
енттердің шектеулі шеңберінде ќалып ќойған банктердің жұмыс
мүмкіндіктерін шектеді. Республика экономикасының осал жері –
бір-бірінен алыс ќашыќтыќта орналасќан єртүрлі аймаќтарға ќаржы
ресурстары біркелкі бөлінбей келгені ешкімге де ќұпия емес. Осы
жылдары адал адамдарды алдай соќќан алаяќтардың банк «пира-
мидалары да», біздерді орағытып кеткен жоќ.
Ұлттыќ банк ќойған жоғарғы талапты осындай «жергілікті»
банктердің орындай алмайтынын түсініп, біз 1998 жылдан бастап,
барлыќ жерлерде микрокредиттік ұйымдарды, ал одан кейін кре-
диттік серіктестіктерді ќұра бастадыќ. Оларды ќұру, ең бірінші,
кедейшілік пен жұмыссыздыќќа ќарсы күреске бағытталды. Ауыл-
дыќ жерлерде банктік ќызмет көрсетуге жол ашуды ќамтамасыз
ету маќсатында пошта-жинаќ мекемелерінің саласын кеңейту
жөнінде шешім ќабылданды. Бұл банк секторына шалғай өңірлер-
де тұратын тұрғындардың басым бөлігінен олардың жеке салым-
дарын тарту маќсатында балама єдістер ұсынуға мүмкіндіктер берді.
Сонымен бірге, мұндай кредиттік серіктестіктер несиелеудің үш
деңгейлі жүйесінде жұмыс істеуге мүмкіндік туғызды. Бұл жүйе-
ге банк ќызметтерін көрсету түрлерімен айналысатын жеке банк-
тер мен микрокредиттік ұйымдардан ќұралатын болды.
Ұлттыќ ќаржы жүйесі
225
Содан кейін, біз Ұлттыќ банктің ел экономикасындағы рөлін
күшейту маќсатында келесі ќадамдарды жасадыќ. Бєрінен бұрын,
бұл ќаржы жүйесі субъектілерінің ќызметтерін реттеуде тєртіп
енгізу үшін ќажет болды. Ол кезде мұндай реттеулерді єр түрлі
баќылау органдары іске асыратын. Мысалы, банктердің ќызметін
Ұлттыќ банк, саќтандыру компанияларын – Ќаржы министрлігі,
зейнетаќы ќорларын – Еңбек министрлігі реттейтін. Нєтижесінде,
елдің ќаржы жүйесін реттеу жөнінде, ќандай да болмасын жалпы
саясатты іске асыру үшін ќаржы нарығының єр түрлі бөліктерін
үйлестіру үрдісі ұзаќќа созылып кетті жєне тиімсіз болды.
Сонымен, 2000 жылы Ұлттыќ банкте саќтандыру жєне банктік
баќылау, 2001 жылы бағалы ќағаздар нарығын баќылау, ал 2002
жылы жинаќтау зейнетаќы ќорын басќару ќызметтері шоғырлан-
дырылды.
Кейін келе, 2004 жылы, бағалы ќағаздар нарығының, саќтан-
дыру нарығының, зейнетаќы жүйесінің ќызметін реттеу ќызмет-
тері Ұлттыќ банктен дербес орган – Ќазаќстан Республикасының
ќаржы нарығын жєне ќаржы ұйымдарын реттеу жєне баќылау
жөніндегі Агенттікке берілді, ол елдің Президентіне тікелей есеп
беріп тұратын болды.
Бұл Агенттік еліміздің ќаржы нарығындағы тєртіпті ќамтама-
сыз етуге тиіс болды. Ол зейнетаќы ќоры жүйесіне, бағалы ќағаз-
дар нарығына жєне одан да басќаларға ќатысты, көптеген ереже-
лер мен заңнамалыќ заңдар жинаќтарының шеңберінде тиімді
жұмыс істеуде. Айта кетейін, мені Агенттіктің жұмыс нєтижесінің
мынадай мєліметтері ерекше ќуантты. 2005 жылы Агенттік 762
жеке жєне заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеді. Бір ќарағанда,
бұл аса көп те емес. Біраќ біздің адамдар єр түрлі себептер мен
ќандай да бір мєселелерді көтергісі келмейтіндерін еске алсаќ,
онда бұл сандар ќомаќты көрінеді. Мысалы, осындай бір өтініш
бойынша, Агенттік банкоматтардың ќызмет жасауының мєселеле-
рімен айналысты. Дєлірек айтќанда, олардың ќызмет жасамай, босќа
тұрып ќалатынына ќатысты іспен шұғылданды. Осыған жауап ре-
тінде, екінші деңгейдегі банктерге банкоматтардың жұмыстарын
ұйымдастыру жєне олардың тиісінше дұрыс ќызмет жасауын ќам-
тамасыз ету жөнінде ќойылатын талаптар көрсетіліп Нұсќаулар
жобасы жасалды жєне осы Нұсќауларды іске енгізу жоспарланды.
Жеке мен үшін бұл жағдай, менің ойлауымша, белгілі бір
дєрежеде біздің барлыќ мемлекеттік органдардың ќалай жұмыс
істеуі керектігінің мысалы болуға тиіс. Азаматтардың барлыќ
өтініштері назарға алынып, ой елегінен өткізіле ќарастырылуы жєне
226
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
барлыќ сұраќтарға жауап берілуі керек. Жаңа тарихи жағдайлар-
да жұртты: «адам – мемлекет үшін емес, мемлекет – адам үшін»
деген ќағидаға үйрету ќажет. Кєнеки, келіңіздер, білуге тырысы-
ңыздар, сұраќ ќойыңыздар, мєселе көтеріңіздер, соның жауабын
алуға тырысыңыздар. Сіздер – Ќазаќстанның азаматтарысыздар.
Демек, бір кездерде мысќылға айналған: «халыќтың ќызметшісі»
деген жораны шындыќќа айналдырайыќ.
Тұтастай алғанда, біздің ќаржы жүйемізді нығайтудан, оның
халыќ сеніміне ие болуынан жєне оның алғашќы табыстарын єлем
ќауымдастығының тануынан ќорытынды шығарып, 90-шы жылдар
келмеске кетті деп заңды түрде айтуға болады. Дєл осы кезеңде
болып өткен дағдарыстан кейін елдің экономикасының көтерілуі
басталды. Мысалы, 1997 жылы ішкі жалпы өнімнің өсуі одан бұрын-
ғы жылмен салыстырғанда 101,7% болды. Ќолайлы экономикалыќ
ахуал, бєсекеге түсе алатын нарыќтың ќалыптасуы даму үрдісімен
бірге жүріп, банк секторының динамикалыќ дамуына ыќпал етті.
Осы жерде мен, біздің банк жүйесін реформалаудың жеке бір
сєті ретінде, халыќтың сенімін арттыруға байланысты шаралардың
болғанын тағы да бір атап өткім келеді. Бұл – бүгінде біздің
адамдарымыз пайдаланып отырған несиелердің:автомобиль, ипоте-
ка жєне т.б. алуға арналған түрлері. Бір кездерде біздің адамдар
«несиемен өмір сүруге» ќорќатын. Демек, бұл жерде, еліміздің
ќаржы жүйесіне деген адам сенімдерінің деңгейін єлдеќайда арт-
тырған – халыќтың салымдарын саќтандыру жөніндегі шаралар
зор рөл атќарды. Мысалы, 1999 жылдың соңына ќарай Ќазаќстан-
ның жеке адамдар салымына кепілдік (саќтандыру) ќоры ќұрыл-
ды. Оның ќызметі – осы жүйеге кірген банктер жойылған жағ-
дайда, азаматтарға олардың салымдарын ќайтарып беруді ќамта-
масыз ету болды.
Соңғы осындай мысал – «Наурыз-банк» төңірегінде болған
жағдай. Бұл банк мемлекеттік ќұрылымдардың ќолдауымен ќұрыл-
ған еді, біраќ оның ќабілетсіз басшысы банкті банкротќа ұшырат-
ты. Салымшылар, оның ішінде мемлекет те бар, аќшаларынан ай-
рылды. Банктің басшылары ќашып жүр. Ќор жеке тұлғалардың
аќшаларын ќайтаруға мєжбүр болды. Ќазіргі кезде Салымдарға
кепілдік беру ќоры, халыќаралыќ стандартќа бірте-бірте өтуді іске
асыра отырып, тұраќты ќызмет жасауда. Кейінірек, 2001 жылы
халыќаралыќ сарапшылардан жоғары баға алған Актуар орталығы
ќұрылды. Бұдан басќа, Несие тарихының бюросы жєне Ипотека-
лыќ несиелер кепілдігінің ќоры бар. 2005 жылдың 30 желтоќсан-
Ұлттыќ ќаржы жүйесі
227
дағы жағдайы бойынша ќор жалпы сомасы 5 млрд. теңгеге тең
ипотекалыќ несиелердің кепілдіктерін ќолдады. Ќазаќстанның 20
банкі мен ипотекалыќ компаниялары ипотекалыќ несиелер кепілдігі
жүйесінің ќатысушылары болып табылады.
Менің ойымша біздің ќаржы жүйеміздің табысты болуын
шетелдік сарапшылардың бағалауы немесе ќандай да болмасын
экономикалыќ есептеулер емес, мына төмендегі дерек айќын
дєлелдейді.
1999 жылдың 1 сєуіріне таман екінші деңгейдегі Ќазаќстан
банктеріндегі халыќтың салымдары 348 млн. АЌШ доллары мөлше-
рінде болды. Біраќ, єр түрлі сараптамалыќ бағалаулар бойынша,
азаматтардың жасырын жинаған аќшалары 1 миллиардтан 3 мил-
лиардќа дейінгі АЌШ долларына тең делінеді. Бұл сома сол кезең-
дегі банк есеп шоттарындағы жєне зейнетаќы жинаќтау жүйесін-
дегі сомадан кем дегенде бір жарым есе артыќ болды. Жүргізілген
реформаның көмегімен, біз азаматтар жинаќтарының біздің ќаржы
жүйемізге ағылып келуіне ќол жеткіздік, сөйтіп бүгін «Ќазаќстан
Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалар-
дың салымдарына кепілдік беретін Ќазаќстан ќоры» акционерлік
ќоғамының резерві 339 млрд. теңге шамасында болып отыр.
Сол уаќыттарды еске ала отырып, мен: оның арғы жағында
ќаншама реніштер, кейде тіпті күлкілі оќиғалар болғанын ойлай-
мын. Мысалы, маған солардың ішінде мына бір жағдай өте ұнай-
ды. Тұрғындардың ќаржыларын банкілерге тарту науќаны жүріп
жатќан кезде сондағы Ұлттыќ банктің төрағасы Григорий Марчен-
ко бірде: «бұл науќан нєтижелі болып аяќталған жағдайда, өзімнің
саќалымды ќырып тастаймын», – деп көпшіліктің алдында маған
уєде бергені бар. Сонымен бірге, егер жеке тұлғалардың екінші
деңгейдегі банктердегі салымдары 1 млрд.АЌШ долларына жетсе,
соны нєтижелі деп есептейтін болдыќ.
Григорий Марченконың мєлімдемесі єсіресе бұќаралыќ аќпарат
ќұралдарына ұнап ќалыпты. Көптеген экономистер мен журналис-
тер: «Марченко енді өмір бойы саќалмен өтетін шығар» деп ай-
тып та, жазып та жүрді. Содан арада тура екі жыл өтісімен, атап
айтќанда, 2001 жылы 7 ќыркүйекте, ол баспасөз конференциясы-
на «кенеттен жасарып» кіріп келіпті. Жұрттың бєрінің көзінің
түскені – оның аќ кіре бастаған саќал-мұрты жып-жылмаған тап-
таќыр ќылып ќырып тастапты, дейді. Ол сол жерде жеке тұлғалар
жинаќтарының мөлшері 1,116 млрд. АЌШ долларына жеткендігін
хабарлапты.
228
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Тұрғындар ќаржысын Ќазаќстан банкілеріне тартуда осы бір
бєстесудің пайдасы жарнамалыќ жєне аќпараттыќ шаралардан артыќ
болмаса кем болмауы єбден мүмкін. Кейіннен, Марченко ќаржы
нарығының жеке бөліктері тиімділікпен дамитын болса саќалымды
ќырып тастаймын деп тағы да екі рет уєде берді. Біраќ, енді оны-
мен бєстесуге ешкім шыќпады.
Григорий Александрович Марченко – «Евромани» журналы
«ең үздік банкир» деп таныған, өзінің позициясын ќорғай білетін
жєне айтќандары көп жағдайларда дұрыс болып шығатын, кєсіби
біліктілігі жоғары маман. Ұлттыќ банктің төрағасы ретіндегі оның
ќызметін мен ќашанда ќолдап отырдым. Оның бірбеткейлігіне бай-
ланысты Үкіметпен жєне Парламентпен ќағысып ќалуы аз болмай-
тын, біраќ ол ќашанда өз пікірін ќорғап шығатын.
Жинаќ аќшаны саќтаудың жєне оған халыќты ынталандыру-
дың идеясын мен 1999 жылы мамырдың аяғында Республика ќар-
жыгерлерінің I Конгресінде-аќ ұсынғанмын. Ол кезде біздің эконо-
микамыз, дүниежүзілік ќаржы жєне тауар нарыќтарындағы күрт
өзгерген жағдайларға бейімделу салдарынан өте ауыр проблема-
ларға ұрынған болатын. 1998-1999 жылдардағы дағдарыс, эконо-
миканы дамыту үшін инвестициялыќ ресурс ретінде, азаматтар-
дың ішкі жинаќтарына көңіл аударуға итермелеген. Ал оған дейінгі
экономиканы ќолдап тұруға жєне дамытуға ќажетті ќаржының
жетіспеуін, банк ќауымдастығы, сыртќы заемдар мен шетел ин-
вестицияларының ағылып келуі есебінен шешіп келген болатын.
Ќаржы жүйесінің осы жєне басќа да мєселелеріне мен ќашан да
мұќият көңіл бөлетінмін. Мемлекеттік жєне жеке секторлардың
өзара ынтымаќтасуы экономика үшін, біржаќты мемлекеттік жос-
парлауға ќарағанда, єлдеќайда пайдалы екендігі кімге болсын
ќұпия емес-ті.
Атап айтќанда, I конгрестің арќасында ќаржы нарығының бар-
лыќ секторларының өкілдері, Ќазаќстан ќаржы нарығының даму
проблемаларын талќылауға бірінші рет өз еріктерімен бірікті.
Мысалы, олар экономикалыќ дамудың жєне халыќтың єл-ауќатын
жаќсартудың орасан зор міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін
инвестициялыќ салымдарды кеңейту жєне жаңа ќаржы ќұралда-
рын ќалыптастыру проблемаларын ќарастырды.
Салымдардың кепілді жүйесін ќұрумен бір мезгілде салымшы-
лардың мүдделерін ќорғау маќсатында банк ќұпиялары бойынша
заңнама күшейтілді. Мысалы, жеке тұлғалардың есеп шотындағы
аќшаның ќалдығы жєне аќшаның ќозғалыстары туралы мєлімет-
тер тексеру органдарына тек ќылмыстыќ іс ќозғалғанда жєне про-
Ұлттыќ ќаржы жүйесі
229
курордың санкциясы болғанда ғана беріледі. Сонымен бірге, салыќ
жєне кеден органдары банк ќұпиясы болып табылатын мєлімет-
терді алу ќұќығы бар мемлекеттік органдар тізімінен шығарылды.
Біздің ќаржы жүйеміздің табыстылығының тағы бір жарќын
көрінісі – Ќазаќстан капиталының көрші елдердің нарыќтарына
экспансия жасауы жєне біздің ќаржы нарығымызға шетел капита-
лының келе бастауы болды.
Бір кездерде біз бұл туралы ойға да ала алмайтынбыз. Біз
бүтіндей алғанда өзіміздің ќаржы жүйеміз бен экономикамыздың
дұрыс ќызмет жасауын ќамтамасыз етуді ғана ойладыќ. Біраќ нєтиже
басќаша болып шыќты, реформаның нєтижесі біз ойлаған ең ба-
тыл нєтижелерден артығымен асып түсті. Ќазір Ќазаќстан эконо-
микасының монеталану деңгейі – ТМД елдері ішіндегі ең жоғар-
ғысы. Бұл біздің банктерге көршілеріміздің ќаржы нарыќтарына
белсенді түрде экспансия жасауға мүмкіндік беріп отыр. Көрші
елдердікімен салыстырғанда єлдеќайда дамыған банк жүйесі бар
біздің банктерге, олар сияќты капиталы жєне ең бастысы – салым-
дардың ќауіпсіздігі мен табыстылығына кепілдемесі жоќ, олардың
жергілікті банктермен бєсекелі күресте жеңіске жете отырып, көп
жағдайда өздеріне тиімді пайда пайыздары мен шарттарын ұсы-
нуға мүмкіндік берді. Мысалы, Ќазаќстандағы орташа жылдыќ
пайыздыќ мөлшерлеме 10-15 пайыз арасында ауытќып отыратын
болса, Тєжікстандағы бұның бір жылдыќ көрсеткіші 36 пайызға
тең. Келісіңіз, айырмашылыќ өте үлкен.
Микроэкономикалыќ ахуалдың тұраќтылығы, өсіп отырған
біздің адамдардың тұрмыс деңгейі, өз орайында, Ќазаќстанды,
шетел ќаржы компаниялары үшін аса тартымды етеді. Егерде
біздің пайыздыќ мөлшерлеме ТМД елдерінікімен салыстырғанда
төмен деп есептелінсе, онда батыстың тұтынушылары үшін осы
10-15% келісуге болмайтын тым көтеріңкі деп есептеледі. Шетел
банкілерінің келуі Ќазаќстанның ќаржы нарығындағы бєсекені
дамытуға мүмкіндік береді.
Мысалы, ќазірдің өзінде біздің нарыќта Чехияның аса ірі «Хоум
Кредит» (Home Credit Group) саќтандыру компаниясы ќызмет жа-
сай бастады, бұрыныраќта «Хоум Кредит Ќазаќстан» акционерлік
бірлестігі ќұрылған. Кєсіпорын ќызметінің басым бағыттары тұты-
нуды несиелеу болып табылады. Компания Ќазаќстан нарығында
несиелік ќызмет көрсетудегі өзгерістерге өте шапшаң рай білдіре
отырып, клиенттер мен єріптестерге несиелеу мен ынтымаќтас-
тыќтың ќолайлы шарттарын ұсынады. Ќазаќстандағы ең табысты
кєсіпорындар «Хоум Кредит Ќазаќстан» акционерлік ќоғамының
230
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
єріптестері болып табылады, бұлардың ішінде ірі сауда жүйелері
«Технодом», «Евросеть», «Сулпак», «М-Техникс», сондай-аќ елдің
барлыќ аймағындағы мамандандырылған жеке дүкендер жєне басќа
да компаниялар бар. Єріптестік байланыстарды үздіксіз кеңейте
отырып, компания сенімді жєне тєжірибелі єріптестермен іскерлік
өзара ќарым-ќатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөледі.
Тұтынуды несиелеу нарығының өсуі Ќазаќстанға шетелдік жаңа
ойыншыларды тартуда. Чех ќаржы тобынан кейін іле-шала еуро-
аймаќтағы аса ірі тағы бір ќаржы тобы Ќазаќстанның бөлшек
саудасын игеруді жоспарлап отыр. Француздың «Societe Generale»
банк тобы таяу араларда Ќазаќстанда өзінің бөлімшесін ашќысы
келеді.
Бұл кейбіреулерге ерсі көрінуі мүмкін, біраќ мен шетел капи-
талының келуіне кєдімгідей ќуанамын. Өйткені жоғары пайыз алу
несие салудың күшті тєуекелдігімен байланысты болған кез артта
ќалды. Ќазір тұрғындардың тұраќты табыстары жєне тиянаќты
ќаржылыќ жағдайлары бар. Ал, біздің банктер жоғары пайыз алу
єдетімен єлі де «ќоштасќылары» келмейді. Шетелдіктер ќаржы
ќызметін көрсету нарығындағы бєсекенің деңгейін көтереді, нєти-
жесінде ќоғам ұтады.
Жалпы алғанда, банк секторы дамуының ќорытындысын
түйіндей келе, оның осы уаќыттар ішіндегі дамуы, мемлекеттің
жан-жаќты ќолдауының жєне мемлекеттік ќаржы жүйесін кең
көлемде реформалаудың нєтижесінде іске асты деп, айтуға бола-
ды. Сондыќтан, єсіресе нарыќќа өту кезеңіндегі үрдісте біздерге
бюджет жүйесі саласында да, сол сияќты салыќ салу саласында да
түбегейлі реформаларға баруға тура келген кезде, оларды жетіл-
діру үрдісін босатып жіберу єділетсіздік болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |