Нұрсұлтан Назарбаев Ќазаќстан жолы


Глава II КОНСТИТУЦИЯ 1995 ГОДА



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата31.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#10872
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Глава II
КОНСТИТУЦИЯ 1995 ГОДА

48
    ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ

1995 жылғы Конституция
 
 
 
 
 
 
 
49
XVIII
  ғасырдағы француз заңгері, биліктің бөлінуі ту-
                     ралы ілімнің авторы Шарль де Монтескье былай
деген екен: «демократияның принциптері тепе-теңдік рухын жо-
ғалтып алғанда ғана емес, сонымен бірге, тепе-теңдік рухын шегі-
не дейін жеткізіп, єркім өзінің билікке сайлаған адамдарымен тең
болуға ұмтылғанда іриді».
КСРО-ның өмір сүруінің соңғы жылдарында республикалар-
дағы єртүрлі деңгейдегі депутаттар єкімшілік-єміршілік жүйенің
сыншысына айналып кетті. Бұќаралыќ аќпарат ќұралдары Жоғарғы
Кеңестер мен Съездердегі халыќ депутаттарының пікірталастарын
тікелей эфирде таратып, оларға биліктің єртүрлі тармаќтарының
арасындағы ќаќтығыстар сипатын берді. Ерсілігі сол, Кеңес
өкіметінің түпќазығы болып табылатын Кеңестердің өздері
біраздан кейін осы өкіметті көпшіліктің алдында тұралатудың
аренасына айналды.
Бұќаралыќ аќпарат ќұралдары өзінің негізгі міндеті – адамға
шындыќ аќпаратты жеткізудің, жаңа өзгерістердің өскіндерін ай-
тып, жалпы адамзаттыќ ќұндылыќтарды саќтаудың орнына ќызба-
лыќтың отына май ќұйды.
Ондаған жылдар бойғы цензура мен тыйым салулардан кейін,
ќоғам басќа бір  ұшќарылыќќа ұрынып, сөз еркіндігі мен жариялы-
лыќ принциптері адам танымастай болып өзгерді. Жариялылыќ
тамаша, егер ол тексерілген аќпаратты беретін болса. Жалған аќпарат
– ол еркіндік емес, еркіндікке ќиянат жасағандыќ. Мұны өркени-
етті ќоғамдар ерте түсінген, сондыќтан оларда жала жапќаны үшін
заңның барлыќ ќатаңдығымен жауап сұралады. Осынау аса күрделі
жағдайларда түрлі саясаткерсымаќтар адам сезімін саудаға салып,
билікке ұмтылды, мемлекеттіліктің түпќазығын шайќалтты, сөйтіп
мемлекеттің тұтастығына ќауіп төндірді.
Нєтижесінде біз наќты не таптыќ? Тапќанымыз – ұзаќќа
созылған көпжаќты саяси дау-жанжалдар болды, ал оған орта-

50
    ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
лыќтағы жєне одаќтыќ республикалардағы єртүрлі саяси топтар
ќатынасты.
Тоќсаныншы жылдардың басындағы саяси текетірестер сол
кездегі аса ќатал экономикалыќ дағдарыспен ќатарлас келді. Елде
кєсіпорындар тоќтап, жұмыссыздыќ етек алды, бірінші кезектегі
сұранысќа ќажетті тауарларға деген төтенше тапшылыќ туды, ал
одаќтыќ «бюджет», дєлірек айтсаќ, «тігісінен ќаќырап, сөгіліп» жатты.
Біз тєуелсіздігімізді жариялаған 1991 жылғы шынайы жағдай
осындай еді.
Ќазаќстан өз тєуелсіздігін ресми түрде бұрынғы кеңестік рес-
публикалар арасында ең соңынан, 1991 жылдың 16 желтоќсанын-
да жариялаған ел болды. Сол кезде көптеген «жанашырлар» Ќазаќ-
стан өз тєуелсіздігін тағдырдың бір сыйы ретінде күтпеген жерден
алды дегенді айтты. Тіпті кейбіреулер тєуелсіз Ќазаќстанның ғұмыры
ұзаќќа бармайды деп те сєуегейсіді.
Біраќ ќалай болғанда да, бір ќызығы сол – біздің тєуелсіздігіміз
үшін күрестің ең күрделі де жауапты кезеңі 1991 жылы дер-
бестігімізді алғаннан кейін барып ќана басталды. Біреудің өз тє-
уелсіздігін єлде кімнің жай ғана мойындағанынан гөрі, саяси жєне
экономикалыќ жағынан шын мєнінде тєуелсіз болу єлдеќайда ќиын.
Күрес єлі де жалғасуда – біраќ бүгін бұл бєрінен бұрын тєуелсіз
мемлекетті ќұрудың жоспарлы үрдісі түрінде болып отыр. Бұл
тарауда єңгіме тєуелсіз мемлекетіміздің алғашќы іргетасы ќалай
ќаланғандығы жайында айтылатын болады. Ол – Конституция
туралы болмаќ.
Тєуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен
жєне алдағы уаќытпен бірге ќадам басып, өткен ұрпаќтың іс-тєжіри-
бесі мен жарќын болашаќќа деген сенімді жинаќтаған Негізгі Заң
ќажет болды. Тєуелсіз Ќазаќстанның Конституциясы ашыќ жєне
демократиялыќ ќоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге
тиіс болатын.
Конституциялыќ ќұрылыстың бастапќы кезеңдеріндегі біздің
алдымызда тұрған міндеттер аса күрделі, сан алуан жєне жауапты
еді. Біріншіден, жаңа ќұрылған мемлекетті, мемлекеттік билік пен
басќарудың бүкіл жүйесін барынша нығайту ќажет еді. Екінші-
ден, экономикалыќ түбегейлі реформалардың кезек күттірмейтін
мєселелерін шешіп, оны терең дағдарыстан шығару керек.
Үшіншіден, сыртќы саясатты ќалыптастыру ќажет. Төртіншіден,
ішкі саяси тұраќтылыќты ќамтамасыз ету керек. Сонымен ќатар,
азаматтардың  жалпы өркениетті дүниеде ќабылданған ќұќыќтары
мен бостандыќтарын бекітуге, демократиялыќ институттарды да-
мытуға  байланысты міндеттердің жиынтығын шешу керек болды.

1995 жылғы Конституция
 
 
 
 
 
 
 
51
Бүгінде біздің еліміз 1995 жылғы Конституция бойынша өмір
сүреді. Ол ќабылданғаннан кейін Ќазаќстан өзінің одан єрі даму
жолын түпкілікті таңдап алды. Бүкілхалыќтыќ референдумда ќабыл-
данған осы Негізгі Заң, шын мєнінде, ќоғамдыќ келісімге айналды,
сол бойынша өкімет Ќазаќстанды демократиялыќ, зайырлы,
ќұќыќтыќ жєне єлеуметтік мемлекетке айналдыруды өзіне басты
міндет етіп алды, ал азаматтар Конституцияны жєне еліміздің заң-
дарын бұлжытпай орындауға жауапкершілікті өз мойындарына
ќабыл етті. Осындай өзара міндеткерлік ќоғам мемлекеттің одан
єрі нєтижелі дамуына тиянаќты негіз ќалыптастырады жєне біздің
болашаќќа сеніммен ќарауымызға мүмкіндік береді.
Конституцияны ќабылдау ќарсаңында ұзаќ мерзімді ќызу жұмыс-
тар атќарылды. Көптеген Конституциялар, єсіресе ХХ ғасырдың
екінші жартысында ќабылданғандары мұќият сараптаудан өткізілді.
Біз үшін дамудың єртүрлі сатыларында тұрған, сан алуан єлеу-
меттік-мєдени, ұлттыќ жєне басќа да ерекшеліктері, єр түрлі
ќұќыќтыќ жүйесі бар елдердің Конституциясы басты мєселені –
тұраќтылыќты нығайтудағы, халыќтың єл-ауќатын жаќсартудағы
жєне демократияны дамытудағы ќол жеткен табыстарын ұғыну
маңызды болды. Ізденіс географиясы да ауќымды болатын – ол
Еуропаны, Азияны, Солтүстік жєне Латын Америкасын ќамтыды.
Мен өз басым тікелей єлемдегі жиырма елдің конституциясын
талдап, олардан конспекті жасап алдым.
Нєтижесінде, жаңа Конституцияның ќажеттігі туралы шешім
ќабылдамас бұрын біздер бес жылдыќ жинаќталған тєжірибе бол-
ды. Біз содан негізгі басымдыќтарды, маќсаттарды ажыратып, оларға
жетудің ќұралдарын үйрендік.
Конституцияны ќабылдау ќарсаңында ондаған жылдар бойы
азаматтарымыздың ой-санасында ќордаланып ќалған стереотиптерді
жою үшін, мемлекет пен ќоғамды түбегейлі реформалау барысын-
да пайда болатын көптеген объективті жєне субъективті пробле-
маларды шешу үшін бірнеше жылға созылған табанды жұмыстар
атќаруға тура келді. Иє, кейде біздің шешімдеріміз жартыкеш,
ымырашыл сипатта да болды. Кез келген жаңа істе болатыны си-
яќты, ќателіктер де жіберілетін. Осының бєрі сол кездерде аныќ
өтпелі сипатта болған мемлекеттік институттар мен заңнамалыќ
ќызметтерден көрініс тауып отырды.
Біраќ, сол бір ќиын-ќыстау жылдарды еске алғанда, елімізді
күрделі єлеуметтік катаклизмдерге соќтырмай, аман саќтап, єлемдік
ќауымдастыќтың тең ќұќыќты мүшесі ретіндегі осы заманғы мем-
лекетін ќұру үшін не керектің бєрін істегеніме, мемлекетті ќұруға
ќызмет жасағаныма сенімдімін.

52
    ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
1995 жылғы Конституция таќыр жерде пайда болған жоќ. Ол
егемен Ќазаќстанда конституциялыќ ќұрылыс орнату үшін бұрын-
нан жинаќталған тєжірибелерді, сондай-аќ біздің жағдайымызға
сєйкес келетін ең прогресшіл шетелдік тєжірибелерді барынша
толыќ пайдаланған еді. Сондыќтан да, кімде-кім еліміздің Негізгі
Заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың,
ќалыптастырудың тарихын жаќсы білуі керек.
1990 жылдың 25 ќазанындағы
Ќазаќ КСР-інің мемлекеттік егемендігі
туралы Декларация
Ќазаќстанның өзіндік конституциялыќ заңнамасын ќалыптас-
тырудың басы уаќыт жағынан Кеңестер Одағының ыдырауына
сєйкес келді. Тєуелсіздікке ќарай барар жолдағы алғашќы ќадам
1990 жылғы 25 ќазанда Ќазаќ КСР-і Жоғарғы Кеңесі ќабылдаған
Ќазаќ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі
туралы Декларациясы болды.
Онда егемен Ќазаќстанның соңғы екі Конституциясында одан
єрі дамытылған – гуманистік, демократиялыќ жєне ќұќыќтыќ
мемлекет ќұру ниеті, халыќтың мемлекеттік биліктің бірден-бір
ќайнар көзі ретінде айќындалуы, еліміздің аумағының
бөлінбейтіндігі жєне оған ќол сұғылмайтындығы сияќты жєне т.б.
іргелі ережелер көрініс тапты.
Єрине, мемлекеттің егемендігі туралы Декларация, заңдыќ
ќұжаттан гөрі көбінесе саяси ќұжатќа ұќсайтын. Дєлірек айтсаќ,
оның ережелері ќұќыќтыќ нормалар емес еді, яғни, оның ешќан-
дай да заңдыќ күші болған жоќ. Егемендікті заңдыќ негізде бекіту
үшін соған сєйкес конституциялыќ акт ќабылдау талабы ту-
ындады.
1991 жылдың 16 желтоќсанында ќабылданған «Ќазаќстан Рес-
публикасының мемлекеттік тєуелсіздігі туралы» Конституциялыќ
осындай акт Заңы болды. Дєл сол күн – ќазір Ќазаќстанның Тє-
уелсіздік күні болып атап өтіледі.
Мен осы арада мынадай бір ойды айтќым келеді. Тєуелсіздік
күні ресми түрде бекітілген мереке күні ғана болмауы керек. Бұл
күннің мағынасы өте үлкен. Ол, бір жағынан, біздің тєуелсіздік
жолындағы күресімізге ќойылған нүкте жєне, екінші жағынан,

1995 жылғы Конституция
 
 
 
 
 
 
 
53
жаңа өмір белесінің басы болды. Бүгіндері бұл күнді єрбір ќазаќ-
стандыќ өзінің жеке өмірінің тєуелсіздігі мен табыстарының бас-
тауы ретінде тойлауына болады.
«Ќазаќстан Республикасының мемлекеттік тєуелсіздігі туралы»
Конституциялыќ Заң Ќазаќстан Республикасының мемлекеттік
тєуелсіздігін жариялап, біртұтас, бөлінбейтін, ќолсұғылмайтын аумаќ-
тарға ие болатын, барлыќ мемлекеттермен өз ќарым-ќатынасын
халыќаралыќ ќұќыќ принциптері негізінде жүргізетін егемен мем-
лекет ретіндегі мемлекеттік тєуелсіздігін заң жүзінде бекітті. Рес-
публика халќының атынан сөйлеу ќұќығы тек Жоғарғы Кеңеске
ғана емес, сол сияќты мемлекеттің Басшысы – Ќазаќстанның Пре-
зидентіне де берілді.
Сонымен бірге заңда Ќазаќстанның өзіндік экономикалыќ жүйесі
де болатыны ќарастырылды. Бұл жүйе меншіктің сан алуандығы-
на жєне олардың заң алдында тең болуына, өзіндік ќаржы-несие
жєне аќша жүйесін ќұру мүмкіндіктеріне, өзіміздің алтын, плати-
на жєне валюта ќорларымызды ќалыптастыруға негізделді. Өзіндік
ќарулы күштерді ќұру да сонда мєлімделді.
Заңда мемлекеттің егемендігі туралы Декларациямен бірге,
оның Республиканың жаңа Конституциясын жасауға да негіз
болатыны жарияланды. Сонымен бірге Конституция ережелерінің
жєне Ќазаќстан Республикасының басќа да заңдары ќолданыста
болатындығы көрсетілді, себебі олар осы ќабылданған заңға ќайшы
келмейтін еді.
Сөйтіп, егемен Ќазаќстанның ең тұңғыш осы заңнамалыќ акт-
ісінде Ќазаќ КСР-інің 1978 жылы ќабылданып, сол кезде ќолданыста
болған Конституциясына ќарағанда заңдыќ күш көбірек берілді.
Бұл ќажетті ќадам болды, өйткені одаќтыќ мемлекет ќұрамын-
дағы кеңестік социалистік республиканың Конституциясын ќанша
«жамсап-жасќаса» да, жаңа ќоғамдыќ-экономикалыќ формацияға
өтуді ќолға алған жєне мүлде басќаша ќоғамдыќ, оның ішінде
халыќаралыќ ќатынастарға түскен, жылдам өзгеріп отырған елдің
өмірлік талабын ќамтамасыз ете алмайтын еді. Енді ғана алғашќы
ќадамдарын жасап, егеменді, демократиялыќ жєне ќұќыќтыќ ел
болуға бағыт ұстанған мемлекет мүлде жаңа принциптерде ќұрылды
жєне басќаша конституциялыќ негіздерге мұќтаж болды. Мұндай
негіздер «Ќазаќстан Республикасының мемлекеттік тєуелсіздігі ту-
ралы» Конституциялыќ Заңға кіргізілген болатын. Міне, осы кезде,
дербес мемлекетті түпкілікті ќалыптастыру үшін жаңа Конститу-
ция ќабылдау талабы туындады.

54
    ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
«Ќызыл» Жоғарғы Кеңес
Егемен Ќазаќстанның бірінші Конституциясының жобасын жасау
жөніндегі жұмыс мемлекеттің егемендігі туралы Декларацияны
ќабылдағаннан кейін бірден басталып кетті. 1990 жылдың 15 жел-
тоќсанында Ќазаќ КСР-інің Жоғарғы Кеңесінің ќаулысымен Ќазаќ
КСР-інің Конституциялыќ комиссиясы ќұрылып, єуелде оны сол
кездегі Республиканың Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы ќызметіндегі
Ерік Асанбаев басќарды.
Конституциялыќ комиссияның ќұрамына Жоғарғы Кеңестің
бүкіл басшылығы, Премьер-Министр, Єділет министрі, Бас проку-
рор, Жоғарғы соттың төрағасы, көрнекті ғалым-заңгерлер, белгілі
тєжірибелі заңгерлер, Ќазаќстан Компартиясы Орталыќ Комитетінің
бір хатшысы, Ќазаќстан ЛКЖО Орталыќ Комитетінің бірінші хат-
шысы – барлығы 35 адам кірді. Комиссия Одаќ кездеріндегідей
өте өкілетті болып шыќты. Өкінішке ќарай, ол белгілі объективтік
себептердің салдарынан тиімді жұмыс істей алмады. Ондай себеп-
тердің ішінде ќатысушылар санының көптігіне байланысты туын-
даған пікірлер алалығы, оларды келістіруге көп уаќыт кететіндігі
жєне елдегі саяси жағдайдың тез өзгеріп отырғандығы да бар еді.
Мєселен, комиссия ќұрылғаннан кейінгі бір жылдың ішінде,
басќа да заңнамаларды айтпағанның өзінде, ќолданыстағы Ќазаќ
КСР-інің Конституциясына 7 рет (1990 жылы 20 ќарашада, 1991
жылы 15 аќпанда, 20 маусымда, 25 маусымда, 25 тамызда, 10
желтоќсанда, 24 желтоќсанда) өзгертулер мен толыќтырулар
енгізілді. Байќағанымыздай, Конституциялыќ комиссия мүшелерінің
өздерінде де бір нєрсені тірек етіп, серпіліп кететіндей тұраќты
негіз болған жоќ. Елдің одан арғы даму жолы да айќын болмады.
1991 жылғы Кеңестер Одағының ыдырауымен аяќталған, Ќазаќ
КСР-нің атын Ќазаќстан Республикасы деп өзгерткен, «Ќазаќстан
Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Конституциялыќ
Заңының ќабылданған зор оќиғалардан кейін, жағдай біршама
айќындала бастады. Тоталитарлыќ дєуірден бүтіндей ќұтылғаны-
мыз, күн тєртібінде егемен, демократиялыќ мемлекетті ќұру мєсе-
лесі тұрғаны баршаға ұғыныќты болды. Ќазаќстанның одан арғы
тағдыры біздің өз ќолымызда тұрды. Елдің жаңа Конституциясын
жасаумен байсалды түрде айналысудың уаќыты жеткені білінді.
Ќазаќстан Президенті ретінде мен үшін бұл – ең  бірінші міндетке
айналды.
Жоғарғы Кеңестің 1991 жылғы 15 желтоќсандағы ќаулысымен
мен Конституциялыќ комиссияның төрағасы болып тағайындал-

1995 жылғы Конституция
 
 
 
 
 
 
 
55
дым, ал менің Комиссиядағы орынбасарым, Жоғарғы Кеңестің жаңа
төрағасы С. Єбділдин (бұған дейін осы ќызметте болған Е. Асан-
баев бұл кезде Республиканың вице-президенті болып сайланған
еді) болды. Конституциялыќ комиссия берген өкілеттілікті пайда-
лана отырып, мен белгілі ғалым-заңгер Ѓайрат Сапарғалиев же-
текшілік еткен, саны жағынан шағын жұмыс тобын ќұрдым. Бұған
сол сияќты Ю. Ким, Є. Кєженов жєне ол кезде єлі жас, біраќ
келешегінен көп үміт күттірген заңгерлер – Б. Мұхамеджанов,
К. Колпаков, Ю. Мальцев, Т. Донаков кірді. Біраздан кейін бұл
жұмыс тобына, сол кезде менің ќұќыќтыќ мєселелер жөніндегі
кеңесшім болған Н. Шайкенов келіп ќосылды. Жалпы басшылыќ
сол кездегі Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары Зинаида
Федотоваға жүктелді.
Жұмыс тобының алдына Конституциялыќ комиссияның тал-
ќылауына түсетін Ќазаќстан Республикасы Конституциясы жоба-
сын дайындаудың наќты міндеті ќойылды.
Көп ұзамай Конституцияның бірінші нұсќасы дайын болды жєне
ол біршама өткір шиеленіспен өтіп жүрген Конституциялыќ ко-
миссияның мєжілістерінде талќылана бастады. Конституциялыќ
комиссияның ќұрамында Жоғарғы Кеңес Президиумының бүкіл
мүшелері жєне оның комитеттерінің барлыќ төрағалары болды.
Олардың көпшілігі басында Жоғарғы Кеңес тұратын кеңестердің
билік вертикалын жаңа Конституцияда саќтап ќалуды өздерінің
басты міндеті деп білді. Олар ашыќ єңгімеге жєне баламалы ұсы-
ныстарға дайын емес еді. Алға ќарай одан єрі жылжудың ќиын-
дай беретіндігі түсінікті болды.
Ќазаќ КСР-інің сол кездегі ќолданыстағы Конституциясы жаңа
Конституцияны ќабылдауды тек парламенттік жолмен іске асыру-
ды ќарастырған. Сондыќтан да Жоғарғы Кеңес өзінің шешуші
билік өкілеттілігінің көбін саќтап ќалды, ал бұл кезде президенттік
билік енді ғана ќалыптасу сатысында болатын. Осы жағдайларда,
ќоғамды жєне мемлекетті ыдыратуға жол бермеу, енді ғана туып
келе жатќан мемлекетте жєне полиэтникалыќ ќоғамда бейбітшілік
пен тұраќтылыќты саќтау үшін мємілеге баруға тура келді. Түпкі
нєтижесінде ішкі саяси тұраќтылыќты саќтау ќажеттілігі ел үшін
маңызды проблемаларды шешетін принципті жєне бұлтартпайтын
міндеттерден жоғары ќойылды.
Бұл арада мємілеге баруға сыртќы саяси факторлардың белгілі
рөл атќарғанын айтуымыз ќажет. Осы кезде біз ТМД-нің жекеле-
ген елдерінде конституциялыќ ќұрылысќа байланысты мєселелер
бойынша келіспеушілік болғанының жєне жаңа конституциялар-

56
    ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
ды ќабылдау ұзаќќа созылғанының, соның нєтижесінде ќаќтығыс-
тарға апарып ұрындырғанының куєсі болдыќ. Ќазаќстанның жаңа
конституциялыќ моделіне ќатысты екіұштылыќ жүйелі єлеуметтік-
экономикалыќ жєне саяси-ќұќыќтыќ реформалардың басталуына
бөгет жасап, билік тармаќтары ќұзырларының конституциялыќ
деңгейде наќты көрсетілмегендігінен, олардың арасында ќажет емес
шиеленіс туғызды. Конституциялыќ ќұрылыстың барлыќ ќатысу-
шылары мємілеге келудің ќажеттігін түсінді.
Пікір алалыќтарының болуына ќарамастан, мүмкін болса, Кон-
ституцияны тезірек ќабылдау керек еді. Себебі, тєуелсіздік мєрте-
бесі бар ел, екінші жыл, сол бұрынғы, ќоғам талаптарына жауап
беруден ќалған кеңестік дєуірдің Конституциясы бойынша өмір
сүріп жатты.
Осы ќалыптасќан жағдайларды толыќ түсінгендіктен жєне ке-
ңестік кезеңде сайланған Жоғарғы Кеңестегі консервативті
көпшіліктің көңіл-күйін білгендіктен, менің жаңа ќұжатты ќабыл-
дату үшін мємілеге баруыма тура келді. Амалсыздан көптеген
мєселелер бойынша шегініске барудың нєтижесінде, бірінші Кон-
ституция ќоғамдыќ жєне мемлекеттік дамудың өмірлік мєселелері-
не жауап бере алмады.
Ќос палаталы Парламент идеясын ќорғап ќалу єрекеті, меншіктің
барлыќ түрлерінің, єсіресе жеке меншіктің, тепе-тең дамуы, Негізгі
Заңға демократиялыќ ќұќыќтыќ мемлекеттің ќарапайым ереже-
лерін – Парламентті тарату мен Президентке импичмент жасау
ќұќығын енгізу – нєтижесін берген жоќ. Осы ұсыныстарға Прези-
диумның көпшілігі жєне Жоғарғы Кеңестің басшылығы үзілді-
кесілді ќарсы болды.
Ќазаќстан заң ғылымының кейбір корифейлерінің өздері кері-
тартпа позиция ұстанды. Мєселен, Конституциялыќ комиссия
мєжілістерінің бірінде Ѓылым академиясының корреспондент-мүшесі
С. Сартаев ќос палаталы Парламентті енгізу ќазаќ халќының ұлттыќ
мемлекеттігін жоќќа шығарады деп, Жоғарғы Кеңеске «кез келген
уаќытта атќарушы биліктен кез келген мєселені шығарып алып,
сессияда шешетіндей» ќұќыќ беруді ќажет деді. Мұндай ұсыныс,
биліктің бөлінісі сияќты, кезінде мемлекеттік егемендік туралы
Декларацияда жарияланған принципке сөзсіз ќайшы келетін еді.
Конституциялыќ комиссияның басќа бір мєжілісінде беделі бұдан
кем емес заңгер С. Зиманов жаңа Конституцияны мүлде ќабылда-
майыќ, ескісіне өзгерістер енгізумен шектелейік деген ұсыныс
жасады. Мен осы екі адамға, еліміздің белгілі заңгерлеріне үлкен
ќұрметпен ќараймын. Оның үстіне олар маған үнемі көмектесіп

1995 жылғы Конституция
 
 
 
 
 
 
 
57
отырды, біраќ сол кездегі буырќанған дүбєрє кезеңде көптеген
адамдар ќателескен еді.
Аса өткір пікірталастар «ұлттыќ» мєселе дегеннің маңайында
өрістеді. Конституциялыќ комиссияның өздерін ќазаќ халќының
мүддесін ќорғаушыларымыз деп көрсеткен кейбір мүшелері, єр
түрлі ұлттар азаматтарының мүдделері мен ќұќыќтарын есепке
алмай, ќазаќ мемлекетін ќұру бағытын жариялауды ұсынды. Есте-
ріңізге салайын, ол уаќытта ќазаќтар еліміздегі халыќтың 50 пай-
ызына да жетпейтін. Осыған орай, Президент жєне Жоғарғы Ке-
ңестің төрағасы міндетті түрде ќазаќтан сайлансын, яғни ұлттыќ
ерекшелігі ескерілсін деген ұсыныстар да түсті. Бұл сияќты ұсы-
ныстар ќазаќстандыќтардың бірлігіне шындап ќауіп төндірді. Менің
осындай жалған патриоттарға ќатаң тойтарыс беруіме тура келді.
Біз жасап жатќан Конституция халыќты ұлттыќ белгісі бойынша
бөлуге емес, ќайта біріктіруге тиіс екендігін мен ќатысушылардың
барлығына ќайта-ќайта ескертіп отырдым. Республикадағы ұлттар
мен халыќтардың мүдделеріне ќатысы бар ќауіпті бұра тартулар-
ды болдырмас үшін Ќазаќстан Конституциясының єрбір бабын шын
мєнінде ќорғап ќалуымызға тура келді.
Тағы бір өткір мєселе Ќазаќстан Республикасындағы тілдер
мєртебесі туралы болды. Бір жағынан алғанда, ұзаќ уаќыттардан
бері ќиын жағдайда болған мемлекеттік тіл – ќазаќ тілін ќайта
түлету мен дамыту үшін наќты шаралар ќабылдау ќажеттігі тұрды.
Екінші жағынан алғанда, ќазаќ тілін дамытуды Ќазаќстандағы орыс
жєне басќа халыќтардың тілдеріне ќысым жасау есебінен жүргізуге
үзілді-кесілді болмайтын еді.
Ќазаќ тілін мемлекеттік тіл ретінде тану өздігінен алғанда
ешкімді де кемсітпейтін. Бұл ќисынды жєне заңды шешім бола-
тын. Ќазаќ тілінде іс ќағаздарын жүргізуді енгізуді дүмбілез
бюрократтардың тєлкегіне берген жерде, єсіресе жергілікті жер-
лерде, асығыс шешімдер,  єрине,  өзінің жағымсыз рөлін көрсе-
туі єбден мүмкін еді. Бұл кейбір жерлерде ќабылданып ќойған
Тілдер туралы заңды жою керек деген єңгімелердің тууына түрткі
болды.
Осы бір көкейтесті мєселе сол кездерде жан-жаќты Конститу-
циялыќ комиссияның мєжілістерінде ғана емес, көптеген басќа да
жиналыстарда талќыланды. 1992 жылғы 11-12 ќарашада өткен
єкімшілік басшылары мен жергілікті кеңес төрағаларының Рес-
публикалыќ кеңесінде мен ќатысушылардың назарын мынаған
аудардым:

58
    ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
«Тіл мєселесі ешќашанда арзан популизмнің, көпірме сөзді
сєудегерліктің өзегіне айналмауы керек. Ќабылданған заңды
тоќтатып ќоюмен Ќазаќстанда тыныштыќ орнатуға болады
деп шынымен біреулер ойлай ма екен? Ќасаќана айтпайтын
адамға, ќазаќ тілінің мүшкіл жағдайда екені, єңгіме осы тілді
ќұтќару туралы болып отырғаны ниеті дұрыс адамға ќалай
түсініксіз болады? Біздің ата-бабаларымыздың көптеген ұрпаќ-
тарының тілі жойылып кетуге тиіс емес. Кім өз еркімен мылќау
болғысы келеді екен? Біздің тіл саясатымыз заңда да, жєне
шынайы өмірде де ќазаќ жєне орыс тілдерінің, сондай-аќ аз
ұлттар тілдерінің дамуына жағдайды ќамтамасыз етуі тиіс».
Єкімшілік басшылары мен жергілікті кеңестер

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет