«Мұнай туралы» Заң, 1995 жыл
Біздің мемлекетіміздің алғашќы даму кезеңінде-аќ ќажетті заң-
дыќ базаның болмауына байланысты проблемалармен жиі кездесіп
ќалып отырдыќ.Ол, сірє, мемлекетіміздің сан алуан бағыттарына
ќатысты болса керек. Бұл жағдайда єсіресе дайындыќсыз екендігіміз
экономиканың түйінді салаларының бірі – жер ќойнауын пайда-
лануда айќын сезілді.
Кеңес уаќытында бєрі мемлекеттің меншігінде болды, соған
сєйкес жер ќойнауын пайдалану ќұќығына байланысты ќандайда
бір маңызды мєселелерді ресімдеу ќажеттігі болмады. Кєсіпорын
кен барлау немесе кен орнын игеру жұмыстарын жүргізу үшін
Мұнай жєне газ министрлігінің шешімі бойынша арнайы жер
бөлінгеннен кейін ғана барып, тиісті мұнай операцияларын бас-
тайтын. Сайып келгенде, мемлекетпен арадағы кєсіпорындардың
немесе жер ќойнауын пайдаланушылардың мүддесі ескерілетін єр
түрлі ќұќыќтыќ ќатынастардың мєні болмады. Ол уаќыттағы іс
жүзінде ќолданылып жүрген заңдылыќтармен, негізінен, өзара
ќарым-ќатынастың техникалыќ жағы ғана реттелді.
Тєжірибе көрсеткендей, мұнай операцияларын реттеуші Заң-
ның болмауы республиканы инвестициялауға кедергі келтіретін
ќолайсыз фактор болды. Инвесторлардың ќатысуымен еліміздің
минералдыќ шикізат ресурстарын игеру үшін тєуелсіздіктің алғашќы
кезеңінде кен орындарында өз ќызметін жүзеге асыратын, отан-
дыќ кєсіпорындар мен шетелдік єріптестер арасында бірлескен
кєсіпорындарды ќұру тєжірибесі пайдаланылды. Ынтымаќтастыќ-
тың негізі Ќазаќстан Республикасы аумаќтарында бірлескен кєсіпо-
рындарды ќұру туралы келісім шарт болды. Жер ќойнауын пай-
далану ќұќығына, ќорыта келгенде, ќазаќстандыќ кєсіпорындар
ие болды. Ал шетелдік єріптестер, бірлескен кєсіпорындар ќұра-
мына ене отырып, жер ќойнауын пайдалану ќұќығын бірлесіп
иемденушілерге айналды. Шетелдік инвестицияларды тартудың
мұндай түрі іс жүзінде ТМД-ның барлыќ аумаќтарында кең ќанат
жайды.
Ќаржы салуға ниет білдірген шетелдік инвесторлар, єрине,
неғұрлым салмаќты кепілдіктер алғысы келеді. Мұндай кепілдік-
тер беретін заңның болмауынан, єрбір келісім шарттың Парламент-
те бекітілуі немесе олардың ел Президенті Жарлығымен бекітілуі
тиіс болды. Єрбір келісім шарт үшін менің жеке өзіме жауап-
кершілік алуыма тура келді. Соған сєйкес, ұзаќ жылдарға арнал-
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
119
ған жобаны жүзеге асыру кезеңінде келісім шарттарға ќажет бол-
ған өзгертулер мен толыќтырулардың тек Президент Жарлығы-
мен енгізілуі керек-тін. Демек, халыќаралыќ деңгейде заңдыќ ба-
засы жоќ мұндай ќолапайсыз тєртіп мұнай-газ саласына шетелдік
инвестицияларды кеңінен тартуда ќол байлау болып шыќты.
1994 жылдың ортасына ќарай менің тапсыруым бойынша Үкімет
«Мұнай туралы» заң жобасын жасау жөнінде жұмыс бастады.
Отын жєне энергетика ресурстары министрлігінің басшылыќ етуі-
мен жұмыс тобы ќұрылып, оған түрлі мемлекеттік органдар, ғылым,
заң жєне ќаржы институттары, өндіріс өкілдері жєне басќалар
кірді. Жұмыс тобы өз ќызметінің бастапќы кезеңінде үлкен ќиын-
дыќтарға тап болды; өйткені олар мемлекет мүддесін тиімді ќор-
ғайтын жєне шетел инвесторлары ќабылдайтын осы заманғы заң
жобаларын жасауға тиісті болды. Бєрінен ќиыны ќалыптасып ќал-
ған менталитетті жеңіп шығу болды. Ќоғам ондаған жылдар бойы
өзінің еңбек ќызметін жаппай мемлекеттік меншік негізінде жүзе-
ге асырып келген. Енді жеке меншік секілді ұғымға үйреніп тек
мемлекет мүддесін ғана емес, сонымен бірге жекелеген инвестор-
дың мүддесін де ќорғайтын заңды дайындау ќажет болды.
Бұған ќоса Заң Үкіметтің, түрлі кєсіпорындардың, адам топта-
рының, шетелдік инвесторлардың мүдделері наќты тоғысатын ел
экономикасының маңызды бір саласындағы өзара ќатынастардың
ќұќыќтыќ негіздерін тағайындайтын болғандыќтан, ол Жоғарғы
Кеңесте ұзаќ талќылаудың мєселесіне айналды.
Ал, сондай заң жобасының түпкілікті нұсќасы дайын болған
кезде Жоғарғы Кеңес таратылып жіберілген болатын. Сондыќтан
экономикалыќ реформаларға негіз ќалаған 140 маңызды заңдар-
дың бірі –«Мұнай туралы» Заңды Ќазаќстан Республикасы Прези-
дентінің 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 заңдыќ күші бар
Жарлығымен мен ќабылдадым. Сонымен, осы Жарлыќтың арќа-
сында біз ќазаќстандыќ мұнайды игеру тарихының жаңа тарауын
бастадыќ.
Жер ќойнауындағы мұнай мемлекеттік меншік болып табыла-
тыны заңмен бекітілді, ал жер бетіне шығарғаннан кейін оның
кімге тиесілі екені Ќазаќстан Республикасының Үкіметі мен жер
ќойнауын пайдаланушылар арасында жасалған ќұќыќтыќ актілер-
мен айќындалатын болды. Заң біздің елімізде мұнай-газ операция-
ларын жүзеге асыру жөніндегі шарттардың бірнеше түрін ќарас-
тырды. Олар: салыќтар мен роялти (табиғи ресурсты пайдалану
ќұќығынан алынатын төлемдерді) төлеуге негізделген концессия-
лыќ шарт, өнімді бөлісу туралы келісім, ќызмет көрсету жөніндегі
120
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
шарттар еді. Заңға сєйкес, кен барлау жұмыстарын жүргізген кез-
дегі ќаржылыќ тєуекелдік инвесторға жүктелді. Мысалы, барлау
кезінде мұнай көзі табылмаса, инвестордың жұмсаған ќаржысы
өтелмейді. Сонымен ќатар, инвестор үшін келісім шарттарда гео-
логиялыќ-барлау жұмыстарының ең төмен көлемі көрсетілетін
болды, ал оның наќты көлемі мен аќшалай мөлшерін тиісті мемле-
кеттік орган тағайындайтын болды. Барлау мерзімі біткен кезде
шарт орындалмай ќалған жағдайда, инвестор ең төмен деңгейдегі
жұмыс көлемінің шартты көрсетілген бағалау ќұнының пайдала-
нылмаған сомасын мемлекеттік бюджетке төлеуі керек.
Заң келісім шарттар бойынша инвесторлар үшін мемлекетке де
жеткілікті кепілдіктер жүктейтін міндеттемелер тағайындады, сон-
дыќтан олар Ќазаќстан Республикасы Президентінің Жарлыќтары-
мен жер ќойнауын пайдалану туралы келісімдердің бекітілуін енді
ќайтіп сұрамайды. Заңның ќабылдануы, басќа посткеңестік елдер-
мен салыстырғанда, Ќазаќстанның «елдік тєуекелдігін» айтарлыќ-
тай азайтты. Заң жүзінде бекітілген «ойын ережесі» ќолдарында
болғандыќтан, келісім шарттарға ќол ќоюға ќатысушылар мүдде-
сіне ќандай да бір нұќсан келтірілмейтінін сезінген шетелдік мұнай
алыптары ќазаќстандыќ кен орындарын игеруді батыл инвестиция-
лауға алаңсыз кірісе алатын болды.
«Мұнай туралы» Заң еліміздің экономикалыќ игілігін нығайту
ісінде өзінің тарихи рөлін атќарды. Осы заңның арќасында жер
ќойнауын пайдалану саласындағы біздің елдің саясаты анағұрлым
айќын єрі алдын-ала ойластырылған іс болды. Біздің беделіміз бен
атаќ-абыройымыз жылдан-жылға өсіп нығая түсті. Елімізге ше-
телдің мұнай алыптары бірінен соң бірі келе бастады.
«Ќазаќстан мұнай ресурстарын тиімді пайдаланып ќалу үшін
өзінің алдында ќандай зор мүмкіндіктер тұрғанын шын мєнінде
жаќсы түсінеді.
...Мұнай ресурстары тиімді пайдаланылуы керек, олар эконо-
микалыќ даму бағдарламасына интеграциялануы тиіс. Мен Ќазаќ-
станның шын мєнінде наќ сол бағытта ілгері басып бара жат-
ќанына сенемін».
Perseus LLC вице-президенті Р. Холбруктің
Евразия медиа-форумындағы сөйлеген сөзінен,
Алматы, 2004 жылғы 24 сєуір
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
121
Ќазір жұрттың көбі мұны өз-өзінен бола ќалатын факт деп
есептейді. Ал сол кезде біз мұндай күрделі шешімдерді ќоғамның
ала-ќұла ќабылдайтынын білдік. Сол кезеңде көп адамдар бізді
отанына жєне жас ұрпаќтың болашағына сатќындыќ жасады деп
кінєлады. Алайда біз олармен ќұр босќа тєжікелесіп жатпай, ше-
телдік инвесторларға ќатысты мемлекеттік кепілдіктерді наќты
айќындамаќ болдыќ. Бізде мұнай ресурстарын игеру үшін капи-
тал, єсіресе, осы заманғы технология болмады. Ќазаќстанда ұзаќ
мерзімді жєне пайдалы бизнес жасауға єзір тұрған шетелдік мұнай
компанияларымен єріптес ретінде жұмыс істедік.
Ќабылданған Заң мұнай саласының одан єрі дамуына тірек
жєне түрткі болды. Алайда ќұрлыќтағы кен орындарын игеру
мєселелері бойынша республика деңгейінде заңды кепілдіктер бер-
генімізбен, теңізде көмір-сутегін барлау мен өндіру мєселелерінде
тек ќазаќстандыќ заңдыќ актілерді ќабылдап ќана ќоймай, мемле-
кетаралыќ келісімдерге де ќол ќоюымыз талап етілді.
Каспий теңізінің ќұќыќтыќ мєртебесі
Каспий теңізін пайдалану ќұќығының айќын еместігі єу бас-
тан-аќ Каспий шельфінде мұнай-газ индустриясының дамуына
өзінше бір тежеу болды. Осындай айќын еместіктен барып бірќа-
тар компаниялар ќолайлы күндердің тууын күтіп, Каспий теңізіне
өзінің ќатысын тек «нобайлап» ќана ќойды.
Єрине, Каспийдің ќұќыќтыќ мєртебесі жөніндегі бұлдырлыќ-
тан ќалыптасќан геосаяси жєне экономикалыќ ахуал бізді ќанағат-
тандырмады. Тарихи жағынан жағдай былай ќалыптасќан-ды: гео-
стратегиялыќ тұрғыдан алғанда аса маңызды саналатын бұл ай-
дын 1991 жылға дейін тек Кеңес Одағы мен Иранның арасындағы
өзара ќарым-ќатынастың ғана мєселесі болып келді. КСРО тараған-
нан кейін бұл аймаќтағы ахуал тіпті шиеленісе түсті. Бұл мєселеге
енді бес бірдей тєуелсіз мемлекет – Єзербайжан, Ресей, Иран,
Түрікменстан жєне Ќазаќстан араласты. Ал мұның өзі Каспий ай-
мағындағы барлыќ елдердің ұстанымдары ескерілетіндей жєне уаќыт
талабына жауап беретіндей етіп Каспий теңізінің мєртебесін ќайта
ќарап, айќындауды талап етті.
Сондай-аќ мєселенің зєрулігін күшейте түскен бір себеп: 1992-
1993 жылдардағы жағдайдың ќиындығына байланысты Каспий
өңіріндегі елдердің барлығы да Каспийдің бай ресурстарын игеру
122
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
өздеріндегі экономикалыќ жєне єлеуметтік-саяси жағдайды айтар-
лыќтай жаќсартуға көмектеседі деп есептеді. Алайда өзара шек-
тескен ұлттыќ секторлардағы Каспий теңізінің ќұќыќтыќ режимін
наќты айќындап алмайынша, барлау мен бұрғылау жұмыстарын
бастау, шетел инвесторларын барынша көп жєне тарту толымды
түрде мүмкін емес еді.
Келешекте Каспий теңізінің көмір-сутегі ресурстары Солтүстік
теңіз, Мексика бұғазы жєне басќалар секілді ірі мұнайлы аймаќ-
тармен бєсекелесе алатыны түсінікті болды. Міне, осыған байла-
нысты Каспий теңізінің проблемасы єу бастан-аќ аймаќтыќ көлем-
нен асып, єлемдік маңызға ие бола бастады.
Сондыќтан КСРО тарап, Ќазаќстан өз тєуелсіздігін алғаннан
кейін, біздің сыртќы саясат ведомствомыз бен Каспий өңірі елдері
арасында Каспий теңізінің ќұќыќтыќ мєртебесі туралы келіссөздер
жүргізіле бастады. Бұл менің ерекше назарымда болған аса маңыз-
ды мєселелердің бірі еді. Біз өзіміз үшін басты міндетті айќындап
алдыќ: Каспийдің ќазаќстандыќ секторындағы табиғи байлыќтар-
ды игеру жөнінде Ќазаќстанның Каспий өңіріндегі барлыќ мемле-
кеттер мен єлемдік ќауымдастыќ мойындаған, заңдастырылған
өзіндік ќұќығы болуы керек.
Маған өздерінің күштілігін сезінген жєне үлкенірек үлестер-
ден дємесі бар ұлы мемлекеттердің басшыларымен ќиын келіссөз-
дер жүргізуге тура келді. Мен жеке өзіме ќатысты жайларда бас-
ќаларға есе беруім мүмкін екенін єрдайым ашыќ айтамын. Ал егер
мєселе халыќ пен елге ќатысты болса, онда мен екі жаќты бірдей
ќанағаттандыратын балама шешімдерді іздеп табуды ұсынатын-
мын.
Каспий мєртебесі жөніндегі келіссөздерде де дєл солай болды.
Алайда біздің белсенді єрекеттерімізге ќарамастан, Каспий
өңіріндегі мемлекеттер өкілдерінің алғашќы кездесуі тек 1994
жылдың ќазанында ғана Мєскеуде болды. Онда Иран Каспийлік
мемлекеттердің аймаќтыќ ынтымаќтастыќ ұйымын ќұру идеясын
алға тартты. Ал ќазаќстандыќ делегация «бестіктің» ішінде бірінші
болып Каспий теңізінің ќұќыќтыќ мєртебесі туралы Конвенция-
ның жобасын ұсынды, біраќ та, «уаќыттың жеткіліксіздігінен» ол
егжей-тегжейлі ќарастырылмады.
Дегенмен, бұл бірінші кездесу болды, мұның өзі сонысымен
елеулі еді. Келіссөздер үрдісі, аќыры «ќимылсыз нүктеден» ілгері
жылжыды. Кейінде, 1995 жылдың мамырында, Алматыда тағы бір
кездесу өтті, онда біз келіссөздер үрдісін күшейтіп, оған неғұрлым
ұйымдасќан сипат беруге жеттік.
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
123
Келіссөздер өте ќиын жүрді. Ол негізінен Каспий өңірі ел-
дерінің Каспий теңізінің ќұќыќтыќ мєртебесін реттеудегі бастапќы
көзќарастарының єртүрлілігімен ерекшеленді. Бұл арада мен жа-
ғалаудағы мемлекеттердің Каспий теңізінің ќұќыќтыќ мєртебесі
туралы ұстанымдарының даму барысын біршама былайша бейне-
леп айтсам деймін.
Ќазаќстан ұстанымы негізінен Каспийдің біртұтас экологиялыќ
жүйе ретіндегі ерекшелігін ескере отырып, оған Біріккен Ұлттар
Ұйымының 1982 жылғы Конвенциясының жекелеген ережелерін
ќолдану мєселесіне байланысты болды. Теңіздің түбі мен ондағы
ресурстарды аралыќ сызыќтар бойынша межелеу ұсынылды. Су
айдынында келісілген ендіктерде теңіз аумаќтары мен балыќ аулау
аймаќтарын белгілеу ќажет дедік. Теңіздің ќалған бөлігі мен беткі
айдыны жағалаудағы мемлекеттердің сауда кемелері, сондай-аќ
еркін кеме ќатынасы жєне балыќ аулаудың келісілген квотасы
негізінде балыќ аулау үшін ашыќ болуы тиіс еді. Ќұрлыќтың ішкері
жағындағы каспийлік мемлекеттер барлыќ көлік ќұралдарымен басќа
теңіздерге жєне Дүниежүзі мұхиттарына шығу үшін Ресей мен
Иран аумаќтары арќылы транзиттің еркіндігін пайдалануы керек
болды.
Ресей Каспийді бірлесіп иемдену негізінде пайдаланылатын
жалпыға ортаќ теңіз деп есептеді: демек, бұл ұстаным Каспийдің
түбіндегі табиғи ресурстармен ќоса, табиғат байлыќтарының бар-
лыќ түріне таралуы тиіс деді. Каспий өңіріндегі єрбір мемлекет,
єуелдегі ресейлік ұстаным шеңберінде, тек 10 мильдік жағалауда
жєне осы шектерде ғана теңіз түбінің минералдыќ ресурстарын
барлау мен игеру маќсатында ғана айрыќша ќұќыќтарға ие бола-
тын еді. Ал енді бұл аймаќтардан тысќары ресурстарға келсек,
ресейлік нұсќа бойынша, олар бірлесіп иемденуге жатуы жєне
жағалаудағы бес мемлекет өкілдерінен Каспийдің түбі жөнінде
арнайы ќұрылған Комитеттің басќаруына берілуі тиіс болды.
Ресей 1921 жылдың 26 аќпанындағы РКФСР мен Иран (Парсы)
арасындағы, 1940 жылдың 25 науырызындағы КСРО мен Иран
арасындағы Келісім шарттармен бекітілген Каспийдің ќұќыќтыќ
режимінің ќатаң саќталуы ќажеттігін єрдайым баса көрсетіп отыр-
ды. Ресей жағы Каспий теңізіне 1982 жылғы теңіз ќұќығы жөніндегі
Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясының ќолданылуы Волга-Дон
жєне Волга-Балтыќ каналдарын халыќаралыќ су жолдары ретінде
мойындауға апарып соғатынын дұрыс атап көрсетті. Сонымен бірге
Ресей бұл оның заңдарына ќайшы келетінін, сондай-аќ Каспий
124
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
теңізін басќа мемлекеттер үшін ашыќ етіп ќалдыратынын, оның
Каспийдегі ресейлік мүддеге сєйкес келмейтінін мєлімдеді.
Ресейлік тұжырымдаманың жүзеге асырылуы жағалаулыќ мем-
лекеттердің теңіз түбіне жаќын аумаќтарының басым бөлігіндегі
жер ќойнауын игеруде өздерінің егеменді ќұќығынан бас тартуын
көрсеткен болар еді. Сонымен ќатар, мұндай шешім Каспий ресурс-
тарын барлау мен игеру маќсаттарына шетел инвестицияларын
тартуды ќиындатып, ќазіргі бар консорциумдардың жойылуына
єкеліп соќќан болар еді. Жєне де, аќыр-соңында, бірлесіп иемдену
идеясының жүзеге асуы ќиын іс екенін, єлемдік тєжірибеде осы-
ған ұќсас үлгі боларлыќ оќиға болмағанын атап айтќым келеді.
Ќазіргі заманғы халыќаралыќ ќұќыќ теңіз түбінің ресурстарын
мүдделі елдердің арасында бөлісу жолымен келе жатыр.
Мен осының бєрін Каспий теңізінің ќұќыќтыќ мєртебесіне ре-
сейлік көзќарасты өзгерту үшін Ресей Президенті Борис Ельциннің
көзін жеткізбек болған кезде айттым. Біздің өзара келіссөзіміздің
алғашќы нєтижесінде 1996 жылдың 27 сєуірінде Алматыда Ресей
жєне Ќазаќстан Президенттері бірлескен мєлімдемелерге ќол ќойды.
Онда екі жаќ минералдыќ жєне биологиялыќ ресурстарды игеру
жөніндегі жұмыстарды жүргізуге бір-бірінің ќұќығын мойындады.
Аќырында, Иран жєне Єзербайжан Президенттерімен де осы-
ған ұќсас ќұжаттарға ќол ќойылды. Оларда Каспийдің ќұќыќтыќ
мєртебесінің негізгі элементтері мен теңіздегі ќызметтерінің ќағида-
лары бекітілді.
1998 жылы 6 шілдеде Б. Ельцин екеуміз Мєскеуде жер ќойна-
уын пайдаланудың егеменді ќұќығын жүзеге асыру маќсатында
Каспийдің солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы Келісімге ќол
ќойдыќ. Бұл келісімнің ќағидалы түрдегі жаңаша мєні екі жаќтың
бірлесіп иелену идеясынан біржола бас тартып, жаңарған аралыќ
сызыќтар бойынша Ресей мен Ќазаќстан арасында Солтүстік Кас-
пийдің түбін бөлісуге уєде байласуында еді. Нєтижесінде 2000
жылдың 13 мамырында Мєскеуде Президент Путинмен жоғарыда
аталған Келісімге ќосымша болып табылатын жєне өзгертілген
аралыќ сызыќтардың координаттарын белгілейтін Хаттамаға ќол
ќойылды.
Сонымен ќатар Єзербайжан єу бастан-аќ көл айдыны нұсќа-
сын батыл жаќтаған болатын. Ондай жағдайда ұлттыќ секторлар-
дағы теңіздің жер ќойнауы мен түбін, беткі айдынын бөліп, сон-
дағы пайда болған межелеу сызыќтары мемлекеттік шекара болып
табылатын еді. Олар ұсынған нұсќа ќатаң бөлу үлгісі деп аталды.
Мұндай жағдайда сауда, кеме ќатынасы, балыќ аулау, сондай-аќ
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
125
экологиялыќ ынтымаќтастыќ, теңіздің басќадай биоресурстарын
тиімді пайдалану жєне саќтау үшін ќалыпты жағдайлармен ќамта-
масыз етуде елеулі ќиындыќтар тууы сөзсіз еді.
Міне, осындай ойлардан соң келіп, ресми Баку өз ұстанымын
біртіндеп ќазаќстандыќ нұсќаға ќарай ойыстырды, оған 2001 жыл-
дың 29 ќарашасында Єзербайжан Президенті Г. Єлиев екеуміз ќол
ќойған Ќазаќстан мен Єзербайжан арасындағы Каспий теңізінің
түбін межелеу туралы Келісім мен оның 2003 жылдың 27 аќпа-
нындағы Хаттамасы жарќын дєлел болды. 2003 жылдың 14 мамы-
рында Алматыда Ќазаќстан Республикасы, Єзербайжан Республи-
касы жєне Ресей Федерациясы арасында Каспий теңізі түбінің өзара
шектесетін телімдерінің межелесу сызыќтарының түйісу нүкте-
лері туралы үшжаќты Келісімге ќол ќоюмен Каспий теңізінің
солтүстік бөлігінің түбін межелеу үрдісі аяќталды.
1997 жылдың 27 аќпанында Түрікменстан Президенті Сапар-
мұрат Ниязовтың Алматыға келген сапары кезінде мен оны Бірлескен
мєлімдеге ќол ќоюға көндірдім, онда «Каспий теңізінің мєртебесі
бойынша Каспий өңірі мемлекеттерінің келісіміне ќол жеткенге
дейін екі жаќ аралыќ сызыќтар жөніндегі єкімшілік-аумаќтыќ
шекараларды делимитациялауды ұстанатындығы» жазылды. Сөйтіп,
Ашхабад ең басты даулы мєселелер бойынша Ќазаќстанмен жєне
Єзербайжанмен ынтымаќтастыќта болды.
Алайда жоғарыда аталған мемлекеттер арасындағы келісілген
ұстанымдарға ќарамастан, Каспий өңірінің елі ретінде Иран, єлі
күнге дейін Каспий теңізін каспийлік бес мемлекеттің арасында
бес тең бөлікке (айдынында 20%-дан) бөлуге көндіргісі келіп жүр.
Бұл дегеніңіз ќазіргі ќолданыстағы шекараларды өзгерткендік бо-
лар еді, сөйтіп Каспий теңізінің ќұќыќтыќ мєртебесі туралы Кон-
венцияға ќол ќоюдың мүмкін еместігінің бір себебі болып табыла-
тын еді. Иран іс жүзінде өз аумағын басќа елдердің есебінен ұлғайт-
ќысы келді.
2002 жылдың сєуірінде Ашхабадта каспийлік мемлекеттер бас-
шыларының Саммиті болып өтті. Саммиттің аяќ астынан өткізілуі-
не Сапармұрат Ниязовтың каспийлік елдер Президенттерінің Ке-
ңесін ќұру туралы бастамасы себеп болды. Бұл идея ирандыќтар
жағынан туындады-ау деп ойлаймын. Ондағы жоба бойынша, Кеңес
каспийлік аймаќтың түрлі елдерінің ағымдағы мєселелерін шешу
маќсатында жылына бір рет мєжіліс өткізуі тиіс еді.
Бұл ұсынысты Єзербайжан Президенті Гейдар Єлиев үзілді-
кесілді ќолдамады. Мєжілістер арасындағы үзілістер кезінде ол
маған: мұнымен олар мєселені шешпейді, «сөзбұйдаға» айналдыра-
126
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
ды, деді. Сонан кейін ол сөз арасында: «сіз бен біз єлемдік ќауым-
дастыќ эмбарго ќолданып отырған Иранмен бір кеңесте болсаќ,
бұл ќалай ќабылданар екен?» дегенді де аңғартып өтті. Г. Єлиев
аќылды, парасатты, ќашанда сабырлы адам еді. Менің жадымда ол
туралы єрдайым жылы сезімдер саќталған.
Ұсынысты Ќазаќстан да ќолдамады, өйткені бұл секілді инсти-
туттарды ќұру мєселені толыќ мєнінде шешпейді, тек іс жүзіндегі
жан-жаќты пікір алмасу тєжірибесін бос сөзбен алмастырады. Кас-
пийлік мемлекеттер басшыларының кезекті бас ќосуын, алайда, біз
Тегеранда өткізуді жоспарладыќ.
Каспийлік мемлекеттер басшылары кездесуінің ќорытынды ќұжа-
тына (Декларация) иран-єзербайжан пікір ќайшылығы басты себеп
болуына байланысты ќол ќойылмады. Ираннан басќа каспийлік
мемлекеттер басшылары жекелеген келісімдер негізінде өзгертіл-
ген аралыќ сызыќтар бойынша ұлттыќ секторларда Каспий теңізін
межелеудің ќажеттігін мойындады.
Ќалай болғанда да, үрдістің табысты аяќталуы үшін енді негіз
ќаланды. Ірі геосаяси ќаќтығыстардың дєуіріне айналған XX ғасыр-
дың басында-аќ пайда болған: «Соғыстан єрдайым мұнайдың иісі
сезіледі» деген наќылды еске ала отырып, біз барлыќ каспийлік
елдердің күш біріктіруіне одан єрі ќарай ұмтылатын боламыз. Бұл
күш біріктіру Каспий теңізін достыќ пен ынтымаќтастыќ теңізі
жасауға бағытталатын болады.
Каспийдің мєртебесі секілді мєселені шешу кезінде асығыстыќ
деген болмауы керек. Мен келіссөздер үрдісінде аймаќтың барлыќ
бес елінің мүддесі барынша мол ескерілетініне сенімдімін. Өйткені
ќазір дүние жүзінде интеграциялыќ ќатынастар деңгейінің маңы-
зы артќаны соншалыќ, экономикалыќ жаћандану процесі єлемдік
нарыќта емін-еркін өз үстемдігін жүргізіп, белгілі бір елдердің
халыќаралыќ еңбек бөлінісіндегі рөлін іс жүзінде билеп-төстеудің
тетігіне айналды.
Каспийдің ќазаќстандыќ шельфінде мұнайдың адам сенбес мол
ќоры бар екендігі туралы алғашќы хабардан кейін сарапшылар
мен талдаушылардың көпшілігі түсінік беруден іркіліп, негізінен
күдікті болжамдар жасады. Бүгінгі күні олардың күмєнді бол-
жамдары аќталған жоќ. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде ор-
наласќан ірі Ќашаған кенішінің ашылуы Каспийдің ќазаќстандыќ
секторын игерудің бастамасы болды жєне єлемдегі ірі экспорт-
шылар ќатарындағы Ќазаќстанның єлеуеттік орнын түпкілікті
белгілеп берді.
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
127
Єлемдік мұнай картасындағы Ќазаќстанның орны
Саясат экономикадан кейін бе, жоќ, єлде, керісінше ме деп
ұзаќ пікір таластыруға болады. Алайда бүгінгі күні мұнай саясат-
тың сөзсіз экономикалыќ ќажеттіліктен барып туындайтынын ай-
ќындайтын мєселе екеніне жұрттың бєрі де келіседі ғой деп ой-
лаймын. Ол жай ғана ќажеттілік емес, энергиямен ќамтамасыз ету
мєселелерінің өткір ќойылуынан туындайтын ќажеттілік.
Барлыќ болжамдар мен есептеулер бойынша, мұнайға жєне
басќа да энергиялыќ ресурс түрлеріне деген єлемдік сұраныс тек
арта түсетін болады. Мысалы, американ үкіметінің тапсырысы бо-
йынша жүргізілген зерттеулерге ќарағанда, егер АЌШ ќазіргі кез-
де єлемдегі ең ірі мұнай тұтынушы ретінде өзі пайдаланатын жеті
мұнай баррелінің алтауын сырттан єкелетін болса, онда 2020 жылға
ќарай бұл көрсеткіш сегіз бен он баррель арасында өседі екен.
Єлемде сырттан єкелінетін мұнай көлемі жағынан екінші орын-
дағы Ќытайдың жоғарғы ќарќынмен дамып отырған экономикасы
2030 жылға ќарай өз сұранысының 80%-ға дейінгісін шеттен єке-
лінетін мұнай есебінен жабуға мєжбүр болады.
Ќазір экономикалыќ дамудың жаңа орталыќтары, энергия ќуат-
тарына сұранысы арта түскен жаңа аймаќтар пайда болуда. Са-
рапшылардың пікірі бойынша, энергияны тұтынудың ең серпінді
көрсеткіші Ќытайда, Оңтүстік жєне Шығыс Азияда, Африка мен
Латын Америкасында өсе түсуі керек. Бұл елдердегі мұнай тұты-
нудың өсуі өз шикізат көздерінің есебінен емес, єлемнің басќадай
ресурсты аймаќтарынан єкелінетін мұнай шикізатының өсуіне бай-
ланысты болмаќ. Ал мұның өзі энергия ќуаттарына жалпы єлемдік
деңгейде сұраныстың арта түсетінін көрсетеді.
Дєл осы жағдайдың, тіпті азыраќ дєрежеде десек те, Еуропаға
да ќатысы бар. Олай дейтініміз, Солтүстік теңіздегі көмір-сутегінің
ќорлары таусылып келеді, ал саябыр экономикалыќ өсу жылына
2-3% болғанның өзінде, тіпті табиғи газға көшкен жағдайда да
мұнайға сұраныс аз да болса арта түседі. Сонымен бірге 2010
жылдан кейін Еуропада, Солтүстік теңіз бассейнінде көмір-сутегін
өндірумен айналысатын өнеркєсіп орындарының ќұлдырауы ай-
тарлыќтай белең алады деп күтілуде.
Сайып келгенде, єлі де кемінде отыз жыл бойына мұнай не-
гізінен єлемдік энергия көзі болып ќала береді. Ѓаламдыќ тұраќты-
лыќты саќтау, индустрияландыруды одан єрі жүргізу жєне тех-
никалыќ прогресті экономикалыќ жағынан ынталандыру ќажеттілігі
128
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
тиісті табиғи єлеуеті бар елдер түріндегі жаңа энергия көздерін
табандылыќпен талап етуде. Энергия ќуаттарына деген сұраныс-
тың шарыќтап өсуін тудыратын факторларға: мєселен, ќазіргі
игеріліп жатќан шикізат көздерінің болашаќта таусылып бітуіне,
єлемнің мұнайлы аудандарындағы саяси жағдайдың ќиындауына,
өркендеп дамыған экономиканың өрістей дамыған сұранысы мен
ғаламшар тұрғындары санының өсуіне ќарағанда, бұл елдердің
єлемдік ќауымдастыќќа кіруіне ештеңе кедергі келтірмейтін секілді.
Оның үстіне, олар тіпті бұдан тыс ќалғысы келсе де, тіпті сырт
ќала алмайды. «Ќара алтынның» бағасы – тура жєне жанама ма-
ғынасында айтќанда өте биік.
Бұның бєрі интеграцияның болмай ќалмайтынын көрсетеді;
алайда мұның өзі єрбір ел үшін оның халыќаралыќ еңбек бөлінісінде
ќандай рөл атќаратыны єлдеќашан алдын ала айќындалып ќойған
деген сөз емес.
Єрбір ел интеграциялыќ үрдіске өзінің жинаќтаған мүкамалы-
мен кіреді. Ондай мүкашыл єртүрлі: ой еңбегі, индустриялыќ-
технологиялыќ, мєдени жєне ресурстыќ єлеуеттер немесе олар-
дың ќосындысы. Осы елдердің мүмкіндіктерін ескере отырып, єлемдік
нарыќ белгілі бір мемлекетті ќабылдау шартын алға тартады. Єрбір
ел өзінше «мүшелік жарна» төлейді, - яғни аталмыш кезеңде эко-
номиканы интеграциялауға ќандай үлес ќоса алады, соны ќосуы
керек. Алайда, «мүшелік жарна» төленіп, єлемдік нарыќтыќ ќауым-
дастыќќа кіргеннен кейін, ондай ел «мүшелік жарнаның мөлшері-
не» ќарай єлемдік экономикада өзіне берілген орынмен шектелуі
немесе өз диспозициясын түбегейлі өзгертіп, ұлттыќ шаруашы-
лыќтардың мєртебелік жүйесінде бір саты жоғары жылжуға ты-
рысуы мүмкін.
Ќазіргі ќалыптасќан жағдайда ғаламдыќ экономика, айталыќ,
Ќазаќстан үшін интеграцияланған экономикаға ќатысуға ќажетті
«мүшелік жарна» ќандай болуы керектігін айќындап ќойған. Бұл
халыќаралыќ ірі компаниялардың алдынан біздің еліміздің табиғи
ресурстарына, негізінен, көмір-сутегі энергия ќуаттары мен түсті
металдарына ќарай жол ашќандығы еді.
Сондыќтан тєуелсіздіктің алғашќы жылдарында-аќ экономика-
мыздың, дєлірек айтќанда, мұнай-газ секторының дамуына біздің
ерекше назар аударуымыз соншама таңданарлыќ жай емес еді.
Өйткені біз үшін мұнай мен газ – бұл тек отын-энергетикалыќ
жєне стратегиялыќ ресурс ќана емес. Бұл – біз үшін транзиттік
кезеңнің күрделілігін түзеуге жєне Кеңес Одағындағы бірыңғай
интеграциялыќ кеңістіктің тарауынан болған шығындардың ор-
нын толтыруға тезірек көмектесетін алғашќы негіз.
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
129
Дегенмен тағы да атап көрсетейін: алғашќы мезгілде халыќара-
лыќ еңбек бөлінісі үрдісіндегі біздің атќаратын рөліміз ешќандай
да үздіксіз болатын жазмыштыќ нєрсе емес. Єңгіме аталмыш мез-
гілде біздің транзиттік экономика єлемдік ќауымдастыќќа наќты
не ұсына алатынында болып отыр. Жєне де шаруашылыќ ќатынас-
тардың деңгейі єзірше бізге єлемдік нарыќта белгілі бір орынды
иелене отырып, өз мүмкіндіктеріміздің жаңа түрлерін іздеуге єзірше
мұрсат бермейтінін ұмытпауға тиіспіз.
Біздің мемлекетте іс жүзінде дамудың шексіз єлеуеттері бар
деп айтудан мен ќорыќпаймын. Бұл єлеуетті пайдаланып, єлемдік
аренада лайыќты орын алу үшін, тек саяси реформаларды жүргізу-
мен ќоса, тұтастай бірќатар шараларды жүзеге асыру ќажет.
Экономиканың алғашќы ќалыптасу кезеңінде біз энергия ќуат-
тары мен металдарды сыртќа шығару єлеуетін пайдаландыќ. Ал
дамудың келесі кезеңінде ресурстыќ-экспорттыќ єлеуетке арќа сүйей
отырып, принципті түрде басќаға негізделген бар экономиканы:
жоғары технология мен инновацияны, шикізатты өңдеу мен кєде-
ге жаратудың дамыған индустриясын ќұруға ұмтылатын боламыз.
Ал єзірше біз тек экономикамызды дамытудың алғашќы ке-
зеңінің шептерінен өтіп жатырмыз – бұл кезеңде біз єлемдік на-
рыќќа табиғи шикізаттарды сыртќа шығаруға бағдарланған ел ре-
тінде кіреміз. Бұл енді жалт бұрылып кету көрегендік болмас еді,
өйткені бұл кезеңде Ќазаќстанның єлемдік ќоғамдастыќќа ұсынар
кєдесі бар.
Ќұдайға шүкір, бұл осылай, єлем бізге мүдделі. Ќазаќстан үшін
ендігі мєселе ќолдағы бар ресурстарды еліміз бен халќымыздың
игілігіне аќылмен пайдалана білуде болып отыр.
Ќазаќстанның жер ќойнауы єлі де көп бөлігі игерілмеген та-
биғи байлыќтарға толы. Кеңес уаќытындағы: «Ќазаќстанның жер
ќойнауынан Менделеев таблицасының барлыќ элементтері табы-
лады» деген ќанатты сөз тегін айтылмаса керек. Біз жер ќойна-
уында жасырынған осы мол байлыќтың жүзден бір бөлігін де
игергеніміз жоќ. Ќазіргі кезде біздің еліміз табылған мұнай ќоры-
ның көлемі жөнінен (Каспий шельфіндегі энергоресурстарды есеп-
ке алмағанда) дүние жүзінде 12-ші орында, газ бен газ конденса-
ты жөнінде – 15-ші орында тұр. Ќазаќстан үлесіне єлемдегі табыл-
ған жєне барланған мұнай ќорының (Каспий шельфіндегі энер-
гия ресурстарын есепке алмағанда) 3-4%-ы тиеді. Ал Ќазаќстанның
ќұрлыќтағы бөлігіндегі көмір-сутегі ресурстары ќазіргі мезгілде 2,8
млрд. тонна мұнай мен 1,8 трлн. текшеметр газға тең.
130
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
1991 жылдың желтоќсанында тєуелсіздігіміз жарияланған кезде
мұнай мен газдың жеткілікті мол ќоры бар екені туралы болжау-
лар бола тұрып, Ќазаќстанның жылдыќ мұнай өндіруі 25 млн.
тонна, ал газ – 8 млрд. текшеметр шамасында болды. Ќазір біз,
каспийлік шельфтің барланған ресурстарын игеру бағдарламасын
орындай отырып, єлемдегі ең ірі көмір-сутегін өндірушілердің
бірі болуға ќадам басып келеміз. Каспий шельфіндегі ќорларды
есепке алғандағы Ќазаќстанның көмір-сутегі ресурстары 12 млрд.
тонна мұнай-шикізаты жєне 2-3 трлн. шаршы метр табиғи газ
мөлшерімен бағаланады, ал ќолдағы бар ќорларға ќосымша, 1,6
млн. километрден астам болашаќта игерілуге тиісті жер телімдері
өз алдына.
«Ќазаќстан, 15 миллион тұрғыны бар, Орталыќ Азия дала-
ларында орасан зор аумаќты алып жатќан ел, энергия ресур-
старының єлемдік нарығында барған сайын маңызды ойыншыға
айналып келеді. Каспий ауданында мұнай шикізатының ең үлкен
ќоры бар бола тұрып, Ќазаќстан күнделікті 1,2 миллион бар-
рель өндіреді жєне осы көлемнен бір миллионды сыртќа шыға-
рады. Ел Үкіметі 2015 жылға ќарай күнделікті өндіруді 3,5 мил-
лион баррелге дейін ұлғайтуға, сөйтіп осы көрсеткіштер бой-
ынша Иранды басып озуға үміттенеді. Американдыќ жєне ре-
сейлік компаниялар, сондай-аќ осы елдердің үкіметтері Ќазаќ-
стан мұнайына ќол жеткізу үшін күресуде».
Достарыңызбен бөлісу: |