Глава III
БИТВА ЗА КАСПИЙ И НЕФТЯНОЙ БУМ
102
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
103
«Ѓасырдың мұнай фонтаны»
Менің Ќазаќстан Компартиясы Орталыќ Комитетінің хатшысы
ретінде экономика жєне өнеркєсіп мєселелерімен айналысып жүрген
уаќытымда, сондай-аќ оған дейін де жєне одан кейін де атќарған
жұмыстардың барысында Каспий аймағында бірнеше рет болған
едім, алайда 1985 жылдың жазында көргенімді бұдан бұрын еш-
ќашан көрмеппін.
Бұл көрініс тек мен үшін ғана айтарлыќтай оќиға болып ќал-
мады. КСРО жоғары басшылығының барлыќ назары кішігірім Гу-
рьев аймағы жағына ауды.
Оның бєрі Теңіздегі мұнай ұңғыларының біріндегі өрттен бас-
талды. Бұл оќиға 1985 жылдың 23 шілдесінде болды, 4467 метр
тереңдікте жүргізіліп жатќан бұрғылау жұмыстары кезінде Т-37
ұңғысынан мұнайдың алып фонтаны бұрќ ете ќалады. Ұңғыдан
атќылаған мұнай бұрќағы бой бермей, үлкен өрт пайда болады.
Нєтижесінде ұңғылау ќондырғысы толыќтай ќирап, ал бұрғылау
ќұралы үлкен ќысым күшімен ұңғыдан жанышталып шығарыла-
ды. Мұнай-газ бұрќағының сол кездегі сыртќа атылу ұзаќтығы
400 тєуліктен асты. 900 атмосфералыќ ќысыммен атќылаған, биіктігі
250 метрлік үлкен өрт бағаны бой көтерді. Ауаға таралған күкірт
ќышќылының көлемі 8 млрд. шаршы алаңды жайлады, ал эколо-
гияға жєне адамдардың денсаулығына тигізілген зардаптарды есепке
алмағандағы материалдыќ шығындар 1 млн. АЌШ долларынан ас-
там соманы ќұрады.
Ауаға тараған күкірт ќосындылары мөлшерінің өте көптігінен
айналадағы тіршілік атаулы ќырыла бастады. Түнгі уаќытта аспанға
шапшыған от бағанның ыстығына ќанаты күйіп, күкірт иісімен
уланған ќұстар тура жерге ќұлап жатты. Алып от алауы өзіне
таяу жердегі мұнай ұңғысы басында апаттың зардабымен алысып
104
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
жүрген адамдарды да шарпыды. Өкінішке ќарай, бұл оќиға адам
өлімінсіз болмады. Єскери өртшілер бөлімі ќызметкерлерінің бірін
от жалыны жұтып, ол тірідей өртеніп өлді. Ұңғыдағы өртті сөндіруге
ќатысќан жауынгерлердің барлығы да єртүрлі дєрежеде күйік алды.
Ұңғы маңайындағы өрт ќызуының күштілігі соншалыќ, отќа өте
төзімді деген киімдердің өзі санаулы минуттарға ғана киюге жара-
ды. Өртті сөндіруге ќолданылған ќұм да табан астында түрлі-түсті
балќымаға айналып, быќсып жанумен болды.
Өртті бүкіл Одаќ болып сөндірдік. Оған КСРО-ның түкпір-
түкпірінен жиналған жєне шет елдерден шаќырылған ең үздік
мамандар жұмылдырылды. Сол уаќытта осындай аса ќатерлі өрт
тасќынын өшіруге еліміздің, соның ішінде Украинадан Полтава-
ның жєне Өзбекстаннан Ќаршының ең таңдаулы єскери өрт сөндіру
бөлімдері ќатысќанын ерекше ризашылыќпен айта кеткен орынды.
Ұңғыдағы апатќа байланысты жұмыстар Теңіз-37 ұңғысындағы
апаттың зардаптарын жою жөніндегі жедел штабтың төрағасы,
КСРО мұнай өнеркєсібі министрінің бірінші орынбасары И. Игрев-
скийдің басшылыќ етуімен жүргізілді.
КСРО мұнай өнеркєсібі министрлігінің өртті сөндіруге шамасы
жетпеді, өйткені онда мұндай күшті фонтанды жою үшін ќажетті
ќондырғылар болмады. Тығырыќќа тірелген мұнай өнеркєсібі ми-
нистрлігі келесі бір сєтте бұл бұрќаќты атом бомбасы жарылысын
бағыттау арќылы тоќтатќысы келді. Ол кезде жаќын ауылдарда
тұрып жатќан адамдар туралы тіпті сөз де болмады. Алайда біз
оған дер кезінде араласып, бұл ќорќынышты ойдың жүзеге асуын
болдырмадыќ.
Теңіз-37 ұңғысында аспанға шапшып жанған ашыќ газ-мұнай
бұрќағын тікелей күш жұмсап сөндірудің өзі екі айға жуыќ уаќытќа
созылды. Аќырында, мұнайшылар осындай ғаламат отќа оранған
37 нөмірлі Теңіз мұнай ұңғысын «ғасыр фонтаны» деп атап кетті.
Ѓаламат өртті сөндіруде Гурьевтегі Петровский атындағы зауыт-
тың мұнайшылары жасаған гидроќысым ќондырғысы үлкен рөл
атќарды. Соның көмегімен ырыќ бермей атќылаған газ бен мұнай
екпіні бірден бєсеңсіп жуасытылды.
Өрт апатын ауыздыќтаудағы жұмыстың екінші кезеңінде ұңғыға
ќұбыр жіберіп, соның бойымен төмен ќарай ауыр сұйыќтыќ ағызу
жєне сол арќылы бұрќаќты сөндіру ұсынылды. Дегенмен, мұндай
жұмысты жүргізу үшін үлкен ќысым күшімен бір жүйеден бас-
ќарылатын арнайы ќондырғы талап етілді.
КСРО-дан мұндай технология табылмады, сол себепті амери-
кандыќ «Шеврон» мен канадалыќ «Отис» компанияларының ма-
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
105
мандарынан аќыл-кеңес алумен ќоса, арнайы американдыќ жєне
канадалыќ ќондырғыларды пайдалану туралы шешім ќабылданды.
Нєтижесінде, кеңестік мұнайшылар мен аталмыш компаниялар
мамандарының бірлесе күш салуымен ұңғыға ќұбыр жіберіліп, өрт
бұрќағы сөндірілді.
37 нөмірлі ұңғыдағы бұрќаќ Теңіз кен орнындағы орасан зор
ќуат көзін көрсетті. Бұл Каспий шельфінің ќазаќстандыќ бөлігіндегі
«үлкен мұнайдың» бізге берген алғашќы белгісі еді. Сол кездің
өзінде-аќ КСРО-да мұндай мұнай кен орындарын игеру үшін ќазіргі
заманғы технологиялар жоќтығы түсінікті болды.
Каспий мұнайын игерудің тарихы
Ќазаќстан тарихында мұнай аса маңызды рөл атќарды.
Ѓылыми сипаттама бойынша, «мұнай – бұл газ тектес жєне
басќа да заттардың сұйыќ ерітіндісінен ќұралған көмірсутегінің
күрделі ќоспасы». Осы «ќара алтыннан» алынатын бірнеше мыңда-
ған заттардың тізімі бір параќ ќағазбен бітпейтіні белгілі. Бір кезде
Д.И.Менделеевтің өзі «пешке мұнай жағу оған ќағаз аќша жағу-
мен бірдей» деп айтќан еді.
Ќазаќстан аумаќтарынан сонау ерте замандарда-аќ мұнайдың
табылғанын алғашќы деректер дєлелдейді. Алайда Ќазаќстан мұнай-
ына тек XVII ғасырдың соңында ғана патшалыќ Ресейдің тарапы-
нан ерекше назар аударыла бастады. XVIII-XIX ғасырлардың өн
бойына Ресей өзінің жетекші топографтарын, геологтары мен тау-
кен инженерлерін Батыс Ќазаќстанға жіберумен болды.
1892 жылы Батыс Ќазаќстан аумағында орналасќан жекелеген
жер телімдеріне барлау жұмыстарын жүргізу туралы орыс кєсіпкер-
лерінің алғашќы өтінімдері келіп түседі. Доссор, Ќарашұңғыл жєне
Ескене жерлеріне тұңғыш өндірістік барлау жұмыстары жүргізіледі.
«Ресейлік кєсіпкер С. Леман басќарған «Ембі-Каспий серік-
тестігі» Ќарашұңғыл кен орнында (ќазіргі Атырау облысында)
тереңдігі 38-ден 275 метрге дейінгі 21 ұңғы бұрғылады. 1899
жылы ќарашада Ќарашұңғылда, 40 метр тереңдіктегі № 7
ұңғыдан бірінші мұнай бұрќағы алынды, тєулігіне небєрі 20-25
тоннаға жуыќ мұнай өндірілді. Бұл оќиға ќазаќстандыќ мұнай
өндіру мен мұнай өнеркєсібін дамытудың басы болып танылды.
106
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Бұдан соң Доссор, Маќат, Ескене жєне басќа да кен орындары-
нан мұнай алынды. Каспий мұнайын барлау мен іздестіру, өндіру
үшін түрлі ресейлік жєне басќа да шетелдік серіктестіктер,
ќоғамдар ќұрылды. Айтпаќшы, Ќазаќстан аумағында сол уаќытта
жұмыс істеген алғашќы мұнай өндірушілердің бірі, атаќты швед
өнеркєсіпшісі Альфред Нобель болды».
Ќазаќстан мұнайы энциклопедиясы, 1999 жыл
Сонымен бір мезгілде аймаќтағы мұнай өндірудің жыл сайынғы
көлемінің өсуімен мұнай инфраќұрылымының дамуы басталды.
Гурьев портына дейін мұнай өндірісі шикізатын тасымалдау үшін
тұңғыш мұнай ќұбыры тартылды, ал одан єрі ќарай ќазаќстандыќ
шикізат теңіз арќылы Бакуге жөнелтілді.
Алайда, заман өзгеріп, бєрі, соның ішінде Ќазаќстанның жаңа
ќалыптасып келе жатќан мұнай өнеркєсібі де ќатал уаќыт сынына
тап болды. Біздің халќымызды алда – 1916 жылғы Аманкелді
Иманов бастаған ұлт-азаттыќ ќозғалыстың, 1917 жылғы Ќазан
төңкерісінің, 1921-1922 жєне 1931-1932 жылдардағы, бүкіл елдің
40 пайызын ќырғынға ұшыратќан сұмдыќ ашаршылыќтардан ту-
ындаған үлкен сілкіністер мен ќасіреттер күтіп тұрды.
Кеңес өкіметінің келуімен мұнай саласы мемлекет иелігіне алы-
нып, барлыќ компаниялар жойылды. 1920 жылы олардың негізінде
Орал-Ембі аймағындағы мұнай ќорын өндірістік жолмен игеру үшін,
алғашында Мұнай кєсіпшіліктерінің басќармасы, ал кейінде «Эм-
банефть» тресті ќұрылды.
Ќазаќстан мұнайы туралы алғаш Ұлы Отан соғысы жылдары
ашыќ айтыла бастады. Кавказ мұнайынан айырылып ќалу ќаупі
жєне Ќызыл Армия үшін жанар-жағар маймен ќамтамасыз ету-
дегі іркілістер кеңес үкіметі басшылығын алдымен мұнайдың бір
бөлігін өндіруді, содан кейін оларды өңдеуді Гурьевке ауысты-
руға мєжбүр етті.
«Германия ќолбасшылығы өз єскері үшін ќажетті жабдыќ-
тарды жеткізіп беруде, єсіресе, жанар-жағар маймен ќамтама-
сыз етуде елеулі ќателіктер жіберді. Ол 1942 жылдың алғашќы
айларында герман єскерлері «Блау» атты соғыс операцияларын
жүргізе бастады. Ондағы басты маќсаты КСРО-ның мұнайлы
аудандары – Майкопты, Грозныйды, Бакуді жаулап алу бола-
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
107
тын. Сол үшін 15 мың адамнан тұратын арнайы мұнай техни-
касымен жараќтанған бригада ќұрылды, олар басып алынған
мұнай ұңғыларын ќайта ќалпына келтіруі керек болды. Алайда
герман єскері жүргізген операциялар барысында, тек Майкопты
(9 тамыз 1942 ж.) ғана жаулап ала алды. Біраќ оның да инфра-
ќұрылымын шегініп бара жатќан Ќызыл Армияның єскерлері
түгелдей єдейі істен шығарып кеткен-ді.
Фашистік Германия үшін КСРО-ның мұнайлы аудандары ќан-
шалыќты маңызды болғанын тағы бір факт дєлелдейді. 1943
жылдың ќысында Гитлер Кавказ бағытындағы армиясының үлкен
бір бөлігін, неміс генералитетінің ќаншама үгіттеуіне ќарамас-
тан, Сталинградќа жіберуден бас тартады».
Даниэль Ергин, «Добыча», 2003 жыл
1943-1945 жылдары тұңғыш ќазаќстандыќ мұнай өңдеу зауы-
ты – Каспий аймағы экономикасындағы жаңа саланың пионері –
Гурьев мұнай өңдеу зауыты салынды. Дєл осы уаќыттан былай
ќарай Ќазаќстанда көмір-сутегі шикізаты өнеркєсіптік жолмен
өндіріле бастады.
Алайда Ќазаќстанның мұнай өнеркєсібі дамуының бұзып-жа-
рып нағыз алға шығуы 1979 жылдың аяғында Атырау облысын-
дағы Теңіз мұнай кен орнының ашылуы болды, бүгінде ол єлем-
дегі ең ірі бес мұнай кен орындарының ќатарына кіреді. Одан
кейін Батыс Ќазаќстан облысындағы Ќарашығанаќ алып мұнай-газ
конденсатының кен орны ашылды.
Сонымен бірге, Ќазаќстан өзінің жер ќойнауында осындай
ќымбат ќазыналары бола тұра, өзін-өзі солардың наќты иесі ретін-
де сезінбеді. Мұнай саласы кєсіпорындарының барлығын одаќтыќ
министрліктер басќарды. КСРО-ның жоғарғы партиялыќ басшы-
лығы біздің көмір-сутегі шикізатын өз күшімізбен игеріп, өндіруі-
мізге жол бермеді, барлыќ бастамаларымызға ќызғанышпен ќара-
ды. Біз барлыќ жағынан, тіпті ќондырғылар мен өнімдерді жеткізу-
ден бастап, аќыр аяғы КСРО-ның түпкір-түпкірінен келген кадрлар-
дың даярлануына шейін орталыќќа тєуелді болдыќ.
1985 жылы М. Горбачев билікке келгеннен кейін «ќайта ќұру»
басталды.
Мұнай өнеркєсібі жєне де бүкіл экономика ресурстарды үнем-
деу жєне ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, өнім өндіруді
ұлғайту, тиімді өндірістік инфраќұрылымды ќұрып, ауыр ќол
еңбегін пайдалануды жою жөніндегі міндеттерді шешуді талап
108
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
етті – мұның бєрі экономиканың бєсекеге ќабілеттілігін артты-
руға, демек, ќыр соңымыздан ќалмай төніп келе жатќан күйреу-
ден ќұтылуға жеткізетін еді.
Біраќ реформалауды жария еткен бағыт жинаќталып ќалған
барлыќ проблемаларды шешпеді. Єуелгіде реформаторлар єлде бір
жартыкеш шаралармен шектелгісі келді, ал шындығында тек мұнай
саласы ғана емес, бүкіл экономикалыќ жүйе түбірлі ќайта ќұруды
талап еткен еді. Одаќ басшылығы экономикадағы үйлесімсіздіктің
басты себебін жоюға – жоспарлы бағаның ќалыптасуынан бас
тартуға, сөйтіп артыќ сұранымды жойып, шаруашылыќ ағзасының
ішкі тұраќтылығын ќалпына келтіруге бара алмады.
Экономиканы реформалаудың кеңестік кезеңінің нєтижесінде
өндіріс көлемі ќысќарды, аќша ќұнсызданды, бюджеттің тапшы-
лығы молайды, халыќтың тұрмыс деңгейі ќұлдырады. Жалпы дағ-
дарыс мұнай өнеркєсібін де сырт айналып кетпеді. Дєл сол уаќыт-
та жоспарлы шаруашылыќтан нарыќќа ауысу жөнінде кезең-кезе-
ңімен кең көлемде реформалар жүргізу мүмкіндігін уыстан шыға-
рып алдыќ.
Одаќта саясат єрдайым экономикадан үстем тұрды. Сондыќтан
Одаќ басшылығы мен РКФСР Жоғары Кеңесінің тайталасы түріндегі
ќосөкіметтілік елдегі мемлекеттік басќарудың берекесін кетірді,
осы «саясаттан», шын мєнінде, жүйедегі шалыс басудан бүкіл эко-
номикалыќ реформалар барысы тұралап ќалды. Бұл бүкіл кеңес
жүйесінің дағдарысын одан єрі шиеленістіре түсті. КСРО-ның ќұлауы
соның жалпы нєтижесі болды.
Экономикалыќ тєуелсіздіктің іргетасы ретіндегі мұнай
Ќатаң кесімді бағамен орталыќтан жоспарлау тєртібі белең алған
КСРО ќұрамында бола тұрып, одаќтас республикалардың єрќайсы-
сы еңбек бөлінісінде белгілі бір орынды иеленді. Ќазаќстан, не-
гізінен шикізатпен, азыќ-түлікпен жєне єскери өнімдермен ќамта-
масыз етуші болып табылды.
Біз «темір перденің» жағдайында өмір сүрдік жєне бүкіл сауда-
саттыќ Одаќтың ішінде жүргізілді. Барлыќ өнеркєсіп, энергетика,
көлік, мұнай-газ ќұбырлары, байланыс пен сауда бүкіл КСРО-ның
ќажеттеріне бағытталды. Сондай жағдайда Ќазаќстанның баты-
сын шығысымен жалғайтын тікелей көлік ќатынасы болмады.
Ќазаќстанның ќызметі жөніндегі барлыќ экономикалыќ жєне
саяси шешімдер Мєскеуде ќабылданды. Мысалы, бізге өнеркєсіптің
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
109
небєрі 7%-ын басќаруға мүмкіндік берілді, ал Мєскеудің билігінде
өнеркєсіп пен инфраќұрылымның 93%-ы болды. Сауданың жеке
үлес салмағы РКСФР-мен арада – 75%, Украина КСР-мен арада –
15%-ды ќұрады, сол себепті Ќазаќстанның ішкі экспорттыќ єлеуеті
тар шеңберде ғана мамандандырылған болды.
Ќазаќстанға мұнай саласында Одаќтың ќұбыр жүйесіне шикі-
зат өндіру мен тауарлы мұнайды тасымалдап жеткізу рөлі берілді.
Сонымен ќатар мұнай-газ кєсіпорындарының ќызметі тек кен орын-
дарындағы операторлыќпен ғана шектелді. Экономиканың мұнай
жобалары, мұнай жєне газ экспорты мен маркетингі мєселелерін
Мєскеу өз ќұзырында ќалдырды.
Мұнай өнеркєсібінің жоғары єлеуетінің жеткілікті болғанына
ќарамастан, Ќазаќстан тєуелсіздіктің алғашќы жылдарында мұнай
мен газды барлау, игеру, өндіру, өңдеу жєне тасымалдау салала-
рында елеулі ќиындыќтар мен кедергілерге тап болды. Мұнай-газ
өнеркєсібі технологиясының, машиналар мен ќондырғылардың,
инвестициялыќ капиталдың, сондай-аќ батыстың мұнай компания-
ларымен жұмыс тєжірибесінің ќатаң жетіспеушілігін сезінді. Өйткені
басты мєселе – мұнай өндірудің көлемінде емес, оны єлемдік на-
рыќта өткізе білуде болды.
Алайда тєуелсіздік алған кезеңде біздің менеджмент єлемдік
нарыќта єрекет етіп, табысты бєсекелестікке түсе алатындай сон-
шалыќты ќазіргі заманға лайыќты жєне озыќ болмады. Кеңес кезе-
ңінде жасалған республиканың ішкі тасымалдау жүйесі егемен
мемлекеттің талаптарына жауап бере алмады, халыќаралыќ на-
рыќќа шығу мүмкіндігі шектеулі болды. КСРО тарағаннан кейінгі
кезеңде мұнай ќұбырының үлкен бөлігі Ресей аумағында ќалып
ќойды, мұның өзі посткеңестік кеңістіктегі біртұтас мұнай-газ сек-
торы жұмысының пайдалылығы мен тиімділігіне айтарлыќтай єсер
етті. Кеңестік уаќытта көңіл бөлінбей келген ќоршаған ортаны
ќорғау мєселесі өте өткір сезіліп тұрды.
Мен мұнай ресурстарымызды тиімді де сапалы игеру үшін
кен барлау жұмыстарында, көмір-сутегі шикізатын өндіру мен
өңдеу, оны тасымалдау салаларында аса бай тєжірибесі бар дүние
жүзінің ірі мұнай компанияларымен кең ынтымаќтастыќтың
ќажеттігін түсіндім. Єлі Ќазаќстан өз тєуелсіздігін алып болма-
ған кездің өзінде єлемдік мұнай өнеркєсібі алыптарымен келіссөз-
дер жүргізе бастадым.
Иє, алғашќы кезде ќиын болды. Бізде шет елдермен келіссөз-
дер жүргізу тєжірибесі болмады. Турасын айтќанда, мұның бєрін
келіссөздер уаќытында үйрендік. Мен єрдайым өзіме-өзім: «Бұл
келісім халыќаралыќ стандарттарға сай келе ме? Келешекте ол
110
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Ќазаќстанның мүддесіне кесірін тигізбей ме?» деген сұраќтар ќоюмен
болдым. Біздің біліміміз бен беделіміз жеткілікті емес еді. Жаңа-
шыл, тың идеялар мен ќиын-ќыстау кезеңдерде жұмыс істеу тєжіри-
бесі бар адамдар ќажет болды. Өте ќиын болды. Шетелдік инвес-
торларды тартуға байланысты еліміздің ішінде, сондай-аќ таяу шет
елдерде ќарсыластарымыз көбейді. Бізді отанына сатќындыќ жаса-
ды, сонымен ќатар өз ресурстарын тиімді пайдалана алмай, ше-
телдік мұнай компанияларына тєуелді болған Нигерияның ќайыр-
шылыќ жағдайына душар етеді деп айыптады. Соған ќарамастан,
біз жаңа-жаңа аяғын ќаз басќан жас республикамыздың єлеу-
меттік жєне экономикалыќ дамуы, сондай-аќ мемлекеттің страте-
гиялыќ ќауіпсіздігі үшін мұнай-газ саласының маңызды екенін
ұғындыќ. Осыған орай 1992 жылдың өзінде ќазаќстандыќ мұнай-
газ индустриясын одан єрі дамыту жөніндегі жаќсы ойластырыл-
ған перспективалыќ жоспарды жасауға көп күш-жігерімізді жұмса-
дыќ.
Єсіресе бұрын-соңды кездеспеген ќиындыќтар көп болды, алайда
басты стратегиялыќ маќсатќа – мұнай өндірудің деңгейін артты-
руға ќалай болғанда да жеттік. Егерде Кеңес Одағы тарағаннан
кейінгі жылдыќ мұнай өндірудің деңгейі 1991 жылғы 25 миллион-
нан 1994 жылы 20 миллионға дейін төмендесе, ал одан соңғы
жылдары оның жедел өсуі байќалды.
Атырау облысында сонау Кеңес Одағы тұсында-аќ мөлшері 1
миллиард тоннаға жуыќ мұнай ќоры барланған 75-тен астам кен
орны табылған еді. Тєуелсіздік жылдары біз солардың мөлшері
846 млн. тоннадай ќоры бар 39 кенішін игердік. Бұдан басќа 7 кен
орнында дайындыќ жұмыстары жүргізілді. Ал тағы да 25 кеніш
барлауға дейінгі жұмыс кезеңінде болды.
«Ең ірі кен орындарынан мына төмендегілерді атап өтуге
болады:
1. Ќашаған (жалпы барлау жүргізілген, алынатын мұнай ќоры
1 млрд. 648 млн. тонна, газ – 969 млрд. текше метр);
2. Теңіз (жалпы барлау жүргізілген, алынатын мұнай ќоры
237,3 млн. тонна, газ – 687,3 млрд. текше метр);
3. Ќарашығанаќ (жалпы барлау жүргізілген, алынатын мұнай
ќоры 1 млрд. 318,7 млн. тонна, газ – 684,4 млрд. текше метр )».
Дерек көзі: Ќазаќстан Республикасы энергетика
жєне минералдыќ ресурстар министрлігі
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
111
Ќазаќстан тєуелсіздік алумен бірге орасан зор проблемаларға,
соның ішінде тєуелсіз Ќазаќстан экономикасын алға сүйреуші –
мұнай өндірісі саласына инвесторлар тарту мєселесіне тап болды.
Біздің алдымызда Каспийдің шикізат байлығы үшін Мєскеумен
арада ұзаќ күреске төтеп беру міндеті тұрды. Ресейдің мұнайшыл
жаќтастары Ельцинді Теңіз кен орнын Ресей меншігіне алуға итер-
мелеп, ќатты ќысым көрсетті. Міне, осыған байланысты Ельцинмен
арада көптеген ќолайсыз єңгімелер болды.
Бірде Мєскеуде Ельцинмен болған кездесуде ол маған: «Теңізді
Ресейге беріңдер», деді. Мен бетіне ќарадым, байќаймын, ќал-
жыңдап тұрған жоќ. «Жє, егерде Ресей бізге Орынбор облысын
берсе, өйткені Орынбор Ќазаќстанның астанасы болды ғой» деп
жауап ќаттым. Ол: «Сіздің Ресейге жер жайында айтатын дауы-
ңыз бар ма еді?» деді. «Є, жоќ», дедім. Ол күліп жіберді, мен де
күлдім.
Ресейде мұндай күрделі кен орнын игеру үшін ќаржы мен
технология жоќ болатын. Егерде сол кезде Теңіз ресейліктердің
иелігінде ќалса, олар бұл кен орнын жауып ќойып, Ќазаќстан
экономикалыќ жағынан кіріптар болып ќалатын еді.
Республикамыздың бүкіл мұнай саласының одан єрі дамуына
ыќпал еткен Ќазаќстанның алғашќы елеулі табысы оның «Шев-
рон» компаниясымен жасасќан келісім шарты болды. Бұл келісім
шарт барлыќ кейінгі келген инвесторлар үшін белгі болды. Ол,
шын мєнінде, біздің экономикалыќ тєуелсіздігімізге негіз ќалаған
«ғасыр келісім шарты» атанды. Біраќ оған шейін де үздік-создыќ
келіссөздердің талай жылдары тұрған еді, енді сол туралы айт-
паќпын.
«Ѓасыр келісім шарты»
80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында-аќ
«Шеврон» Теңіз кеніші туралы КСРО-мен келіссөздер жүргізген,
біраќ КСРО басшылығы мұнай ќорын шетелдіктердің игеруіне
барынша бөгет болып, жол бермеді. Ресейлік мұнай өнеркєсібінің
жаќтастары Теңіздегі мұнай ќоры туралы білетін, сондыќтан Теңіздің
басќалардың ќолында болуын ќаламады.
Сол уаќыттың өзінде Теңізде жыл сайын шамамен 3 миллион
тонна мұнай өндіретін 60-ќа жуыќ ұңғы жұмыс істеді. Өнім көлемін
15 есе арттырудың мүмкіндігі болды, тек ол үшін орасан зор
112
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
ќаржы мен инновациялыќ технологияны пайдалану ќажет еді.
Сол кезеңде Мєскеуде олардың бірі де болмады, сондыќтан СОКП
Орталыќ Комитеті шетелдік инвесторларды тарту туралы оймен
келісуге мєжбүр болды. Мєселе тек кімді тарту керектігіне тірелді.
Барлыќ ұсынылған инвесторлардың арасында жапондыќтар,
ағылшындар мен итальяндыќтар болатын, Мєскеу өз таңдауын
американдыќ «Шеврон» компаниясына жасады. «Шевронмен» келі-
сімге ќол жетті, сондай-аќ Теңіз кен орнына жұмсалатын инвести-
циялармен ќатар КСРО-ның ішкі рыногын сапалы мұнай өнімдері
тауарларымен толтыруға тиісті бірлескен єртүрлі кєсіпорындар
ќұрылатын болды.
Сөз жоќ, бұл таңдау кезінде Мєскеуге күшті ішкі жєне сыртќы
мүдделер тарапынан ќысым көрсету болмай ќалмаған еді. Мєскеу
орталыќ биліктің шайќалған негізін нығайту үшін бєріне даяр
болды. 1988 жылдың өзінде-аќ КСРО Мұнай жєне газ өнеркєсібінің
министрлігі мен «Шеврон» арасында Королев кен орнын игерумен
айналысуға тиіс «Совшевройл» бірлескен кєсіпорнын ќұру ниеті
туралы хаттамаға ќол ќойылған. Бұл ќұжатќа біздің ќатысуымыз-
сыз ќатаң ќұпия жағдайда ќол ќойылды. Біраќ КСРО-ның ќұлауы
мен одаќтас республикалардың егемендігін алу үрдісі күш алып
келе жатќан, бір жылдан соң Мєскеу бізді американдыќтармен
болатын келісімдерге тартып ќана ќоймай, біздің ќоятын шартта-
рымызбен санасатын болды.
1990 жылғы маусымда «Шеврон» басшылығымен алғашќы ресми
келіссөздер жүргізілді. Американдыќ «Шеврон» мұнай компания-
сы мен сол уаќытта КСРО Мұнай жєне газ өнеркєсібі министрлігі
жүйесіне кіретін ќазаќстандыќ «Теңізмұнайгаз» өндірістік
бірлестігі арасында ниет білдіру туралы Хаттамаға ќол ќойыл-
ды. Осы Хаттамаға сєйкес, «Шеврон» компаниясы Теңіз жєне
Королев кен орындары бойынша техникалыќ-экономикалыќ не-
гіздерді дайындауға жєне «Теңізмұнайгазбен» бірлескен кєсіпо-
рындар ќұру туралы ыќтимал келісімдер жөнінде келіссөздер
жүргізуге міндеттенді.
Аталған Хаттамаға ќол ќойылғаннан кейін мен алғаш рет Аме-
рика Ќұрама Штаттарын аралап, үш аптаға жуыќ Нью-Йоркте,
Вашингтонда жєне «Шеврон» корпорациясының Калифорния мен
Луизиана штаттарындағы кєсіпорындарында болдым.
Сол уаќытта мен Мєскеуде Сан-Франциско университетінің
профессоры, шығу тегі жағынан корейлік болып келетін амери-
кандыќ Чан Ян Бэнгпен танысќан едім. Соның көмегімен, АЌШ-та
болған үш апта уаќыт ішінде, мен экономика, ќаржы жєне ќұќыќ
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
113
мєселелері бойынша кєсіби мамандармен єңгімелесіп, біраз нєрсе
үйрендім. Бұл єңгімелер АЌШ-тың экономика жєне ќаржы жүйе-
лерін, инвесторлардың аќша салуына жағдай туғызатын заңдарды
егжей-тегжейлі зерделеуге, сондай-аќ инвестициялаудың тетіктерін
ќарап шығуға мүмкіндік берді.
Осы «теориялыќ» сабаќтарға, іс жүзінде сол «Шевронның» өзі
де наќты мысал болды. Бұл күні бүгінге дейін жалғасып келе
жатќан жаңа сабаќ алуымның жаќсы бастамасы еді.
Бүгінде доктор Ч. Бэнг білімнің ќазіргі заманғы барлыќ талап-
тарына жауап беретін, еліміздегі ең үздік жоғары оќу орны –
ЌМЭБИ-ге басшылыќ етуде.
1991 жылдың бірінші тоќсаны аяғында «Шеврон» компаниясы
мен «Теңіз-мұнайгаз» бірлескен кєсіпорындар ќұру туралы келісім
жобасы мен алдын-ала жасалатын техникалыќ-экономикалыќ не-
гіздемені дайын етті. Бұл ТЭН мен жобаны КСРО Мемлекеттік
жоспарлау комитетінің сарапшылар тобы ќарастырып, бекітуі ке-
рек болатын. Алайда техникалыќ ќана емес, басќа да ќиындыќтар
туындады.
1989-1990 жылдары КСРО-дағы саяси жағдай күрт нашарлап
кеткені белгілі. 1991 жылдың жазында Борис Ельцин өз кандида-
турасын Ресей Президенттігіне ұсынып, бұрынғы Бас хатшы, ол
кезде Президент М. Горбачевпен жєне СОКП басшылығымен ашыќ
жанжалда болды. Бір жағынан Ельцин Егор Гайдар секілді өз
жаќтастарының көмегімен «Шеврон» мен «Теңізмұнайгаз» арасын-
дағы бірлескен кєсіпорынды елдің мүддесіне жауап бермейді деп
сынға алды. Гайдар келісімге тікелей өз сараптауын жүргізді. Теңіз
мұнай кен орны мєселесін шешудің орнына оны саяси ойынға
айналдырды. Осы дүрбелеңнің нағыз ќызған шағында тағы да
үшінші бір комиссия ќұрылды, ол да ұсынылған келісім шартта-
рын сынап шыќты.
1991 жылдың ортасына таман жобаның ілгері баспайтыны
түсінікті болды. Бұл кезеңде біз батыл ќимылдарға көштік. М.
Горбачевтің кезінде Президенттік Кеңестің мүшесі ретінде мен
келіссөздерді жүргізу жөнінде Ќазаќ КСР Министрлер Кеңесіне
өкілеттік берілуіне Мєскеуді көндірдім де: Ќазаќстан үкіметі не-
ғұрлым тиімді шарттарға жетеді, - деп сендірдім. Кеңестік басшы-
лыќ бұған келісті. 1991 жылдың 23 шілдесінде Мєскеудегі Ќазаќ
КСР-інің Тұраќты өкілеттігінде «Шеврон» өкілдеріне келіссөздерде
жоба бойынша жаңа шарттар талќыланатынын хабарладым.
Мұның алдындағы түннің жарымынан астамын Горбачевпен
жєне басќа да одаќтас республикалардың лидерлерімен жаңа одаќ-
114
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
тыќ келісім шарттар жөніндегі келіссөздермен өткізгенбіз. Тура
бір аптадан кейін мен Горбачевпен жєне Ельцинмен кездестім.
Ондағы ойым – жанжалдасќан екі жаќты татуластыру жєне ұсы-
нылған одаќтыќ келісім шартты түпкілікті ќалыпќа келтіруге ты-
рысу болатын. Одан келесі күні ядролыќ ќауіпті ќысќарту жөніндегі
«Старт – 2» келісім шартына ќол ќою үшін Мєскеуге келген АЌШ
Президенті үлкен Джордж Бушпен кездестім. Біз «Шеврон» мен
«Теңізмұнайгаз» арасындағы келіссөздердің барысын бүге-шігесіне
дейін талќыладыќ, ол жобаға ќолдау көрсетуге келісті.
АЌШ Президенті келіссөздер кезінде М.С. Горбачевтің не айт-
ќанын білгісі келді. Мен оған кен орнының барлыќ ќиындыќтары,
мысалы, соның ішінде ќұрамында күкірттің жоғары болуына жєне
тағы басќа жағдайларға байланысты технологиялыќ тасымалдың
жоќтығы туралы егжей-тегжейлі айттым. Ол разы болып ќалды.
Єлі есімде, менен Джордж Буш: «Сіздің біліміңіз мұнайшылыќ
емес пе?» деп сұраған. Мен оған: «Жоќ, мен металлургпін, біраќ
өмір экономиканың барлыќ саласын түсініп білуге мєжбүр етеді»
деп жауап бергенмін. 2006 жылы үлкен Дж. Буштың үйінде ќонаќта
болғанымда, ол осы жайды еске түсіріп, мені содан бері білетінін
айтты.
Бұл Ќазаќстан үшін ќиын кезеңде ќабылданған дұрыс шешім
болды. Үш аптадан соң, КСРО мемлекет ретінде өмір сүруден
ќалды. Одаќ ќұлағаннан кейін Теңіз жөніндегі барлыќ келіссөз-
дерді халыќаралыќ ќұќыќтың дербес нысаны ретінде жүргіздік.
Дегенмен, келісімдер бойынша бірден келіспеушілік пайда болды.
Мен бұл арада келіссөздерді терең талдап зерделеуім ќажет
болғанын айтуға тиіспін. Мұндай сєттерде мєселенің мєнісін түбе-
гейлі аныќтап білу басты күшке айналды. Біз келіссөздер кезінде
Ќазаќстанның болашаќ тағдыры шешілетінін түсіндік. Єңгімені
байыпты есептер мен бұлтартпас дєлелдерге негіздей отырып, төмен-
дегідей мағынада жүргізу талап етілді.
Біріншіден, Теңіз кенішінде атќарылған істерді ќалай бағалау
керек? «Шеврон» жұмсалған шығындарды бізге өте тиімді рубль
бағамы бойынша (жайшылыќтағы есеп айырысу кезіндегіден 35%
кем) есептеуді ұсынды. Алайда мұндай алдаусыратќан ұсыныстарға
көнуге болмайтын еді, өйткені ол уаќытта Теңіздегі тек жаңа
ќондырғылар ќұнының өзі 850 млн. АЌШ долларына бағаланған,
оның үстіне кенішті жұмысќа бейімдеп абаттандыруға 1,5 млрд.
рубль шамасында шығындалған болатынбыз. Нєтижесінде біз
жұмсалған ќаржыны дербестік жолымен бағалауды ұсындыќ.
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
115
Екіншіден, жобаны инвестициялау схемасы сұраќтар туындат-
ты. Несиелерді кім алуы керек? Жобаны ќаржыландыру ќалай
жүзеге асырылады? Біз «Шевронның» тек бірлескен кєсіпорындар-
ды ќұруға ќатысып ќана ќоймай, оған тікелей жєне ќомаќты түрде
атсалысуын талап еттік.
Үшіншіден, біз Теңізді барлау мен игеруге єуелгіде бөлінген
аумаќтарға ќарсы болдыќ. «Шеврон» 23 мың шаршы километр
аумаќ ќажет дегенді айтты, ал мұны ќазіргі Атырау облысының
аумағымен салыстыратын болсаќ, оның өзі небєрі 118,6 мың шар-
шы километр ғана еді. Бұл біз үшін тиімсіз болды. Біз 2 мың
шаршы километр болсын дедік.
Төртіншіден, біз пайдадан алынатын американдыќтардың үлесін
13%-ға дейін, ал ќазаќстандыќтардікін 87% мөлшерінде белгілеуді
ұсындыќ, сонымен ќоса бірлескен кєсіпорындағы американдыќтар-
да – 38 %, КСРО-нікі – 62 % болған одаќтыќ үлесті ќайта ќарау
ќажеттігін айттыќ.
Бесіншіден, роялти (табиғи ресурсты пайдалану ќұќығынан
алынатын төлемдер) мөлшері. «Шеврон» 7%-ға тоќтауды ұсынды,
бүкіл єлемде роялти жобадан түсетін пайдаға байланысты орташа
есеппен 17% шамасында болатын.
Алтыншыдан, саяси тєуекелдік деңгейі. Американдыќтар оны
Латын Америкасы мен Африкадағы инвестициялыќ тєуекелден
бірнеше есе жоғары бағалады.
Жетіншіден, біз жер пайдалану үшін аќыны өсіруді, сондай-аќ
бонустар мөлшерін 50 млн. АЌШ долларынан 100 млн. АЌШ дол-
ларына дейін өсіруді ұсындыќ. Жєне де жер ќойнауын пайдалан-
ғаны үшін төленетін аќыны 10 млрд. АЌШ долларынан 25 млрд.
АЌШ долларына дейін өсіру ұсынылды. Келіспеушілікті тудырған
жалпы соманың мөлшері 17 млрд. АЌШ долларына жуыќ болды.
Нєтижесінде осының бєрі келіссөздерді тығырыќќа єкеп тіреді.
«Шеврон» біздің негізгі талаптарымыз бойынша айтылғандарға
көнгісі келмеді. Біраќ біз оќиғаның осылайша өрбуіне дайын едік.
Біз ќолайлы сєтті пайдаланып, тєуекелге бел байладыќ. 1992 жылғы
наурыздың аяғында ќазаќстандыќ жаќ, егер де «Шеврон» айтќанға
көнгісі келмесе, онда олармен келіссөздерді тоќтатуға жєне Теңіз
кен орнын игеру жөнінде халыќаралыќ конкурс жариялауға мєжбүр
екенін жариялады. Бізде єлі мұндай конкурстар жүргізу үшін
заңдар жоќ болса да солай еттік.
Алайда мен ымыраға келу табысќа жетудің маңызды шарты
екенін түсіндім. «Шеврон» да ымыраға келгісі келетінін біз білдік.
Алдымен біз мұндай ымыраға келмес бұрын, өз елімізге зиян кел-
116
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
тірмей, көнуге мүмкін болатындай шекті наќтылап айќындадыќ.
Бұл есебіміз дұрыс болды, біраз уаќыттан соң «Шеврон» біздің
шартќа көнді. Єрине, кішігірім мєселелерде біздің де олармен ке-
лісуімізге тура келді. Мысалы, Теңіз мұнайын барлау мен игеруде
жер мөлшері 2 мың шаршы километрден 4 мың шаршы километрге
дейін ұлғайтылды.
1992 жылдың 7 мамырында Ќазаќстан Республикасы Үкіметі
мен «Шеврон» корпорациясы арасында «Теңізшевройл» бірлескен
кєсіпорнын ќұру жөніндегі ынтымаќтастыќ принциптері туралы
Хаттамаға ќол ќойылды, соған сєйкес «Теңізшевройл» бірлескен
кєсіпорны 1993 жылдың 1 ќаңтарынан Теңіз жєне Королев кен
орындарын одан єрі игеруге кірісетін болды.
Сонан кейін, мен 1992 жылдың мамыр айы аяғында АЌШ
Президенті үлкен Джордж Буштың шаќыруы бойынша Америка
Ќұрама Штаттарына тұңғыш ресми сапармен бардым. Сапар бары-
сында АЌШ Президенті Дж. Бушпен, Мемлекеттік хатшы Дж.
Бейкермен, Ќорғаныс министрі Р. Чейнимен, Ќаржы министрі Н.
Брейдимен, Ауыл шаруашылығы министрі Э. Мэндиганмен, АЌШ
Конгресінің сенаторларымен, «Шеврон» корпорациясының дирек-
тор-басќарушысы К. Деррмен кездесулер болды. Менің өмірлік
тєжірибем көрсеткендей, келіссөздердің єу басында-аќ єріптестер-
мен жекелеген, достыќ єрі сенімділік ќатынастар орната білу өте
маңызды. АЌШ-ќа барған алғашќы сапарымыздың барысында біз
солай істедік.
Осы сапар кезінде біз екіжаќты келісімдерге, соның ішінде са-
рапшылар «ғасыр келісім шарты» деп атаған, Ќазаќстанның Теңіз
жєне Королев мұнай кен орындарын игеру жөніндегі «Теңізшев-
ройл» бірлескен кєсіпорны туралы ќұрылтайлыќ келісімге ќол
ќойдыќ. 1993 жылдың 6 сєуірінде Алматыдағы «Достыќ үйінде»
мен жєне «Шеврон» корпорациясының директор-басќарушысы
Кеннет Дерр екеуміздің ќатысуымызбен болашаќ келісім шарттың
негізгі параметрлері ескерілген, «Теңізшевройл» бірлескен кєсіпор-
нын ќұру туралы Келісімге ќол ќойылды. Сол күні мен «Теңізшев-
ройл» бірлескен кєсіпорнының ќызметі туралы» Жарлыќќа ќол
ќойдым.
Єлемдік аќпараттар агенттіктерінің арналары бойынша төмен-
дегідей мєліметтер таратылды: «Келісім шартќа сєйкес бірлескен
кєсіпорындағы үлестер мынадай болып бөлінді: Ќазаќстан – 50%
жєне «Шеврон» - 50%. Американдыќ жаќ кен орнының ќұрылысы
мен оны абаттандыру бойынша барлыќ шығындарды өзіне алды.
Бекітілген келісім шарттың пайдалану мерзімі – 40 жыл. Бірлес-
кен ќызмет алаңы – 4 мың шаршы километр. Бірінші кезектегі
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
117
ќаржы салымы – 1,5 млрд. АЌШ доллары. Инвестицияның жалпы
көлемі – 20 млрд. АЌШ доллары. Негізгі мұнай үлесі экспортќа
шығарылады. Төрт онжылдыќта, салыќтар мен роялти есепке алы-
на отырып, жалпы кірістер 210 млрд. АЌШ доллары шамасында,
ал шығындар – 83 млрд. АЌШ доллары шамасында болады, сонда
болжанған кірістердің 80%-ы Ќазаќстанға ќалады. Осы төрт он-
жылдыќта Теңізде - 775 млн. тонна мұнай, 32 млн. тонна пропан,
55 млн. тонна жеңіл көмір-сутегін, 96 млн. күкірт өндіру жоспар-
лануда».
Келісім шартќа ќол ќойыла салысымен-аќ, сын дегеніңіз ќарша
борады. Америкалыќ басылымдар «Шевронды» бұл жобаға тєуе-
кел етіп барғаны үшін, ал ресейліктер бізді американдыќтарға са-
тылып кеткеніміз үшін сынады.
Алайда бұл сындардың бєрі негізсіз еді. Ќазаќстан мен «Шев-
рон» бұлайша тєуекелге барудың ќауіптілігіне жєне келешектің
соншалыќты айќын еместігіне ќарамастан, тыңнан жол салушы-
лар, американдыќтар айтќандай, пионерлер болды, есесіне келер
жылдары біздің еңбегіміз толыќтай аќталды.
Тек өткен 2005 жылдың ќорытындысы бойынша «Теңізшев-
ройл» ЖШС 13 млн. 657 мың тонна мұнай өндірді. Кєсіпорын
мұнайға ќоса жолай 4 млрд. 67 млн. текше метр газ алды. Бұдан
басќа, 2007 жылы «Теңізшевройл» ЖШС екінші кезектегі ќұры-
лыс объектілерін – жаңа газ өңдеу зауыты мен жер ќыртысына
ќажетсіз газды кері айдайтын, сөйтіп ұңғылардың пайдалану
тиімділігін арттыратын жүйелер салуды жоспарлауда. Бұл бізге
айына шамамен миллион тонна мұнай өндіруді ұлғайтуға жағдай
туғызады. Екінші кезектегі объектілер аяќталғаннан кейін
кєсіпорынның бүкіл ќуатының өсуі жылына 11-12 млн. тонна көмір-
сутегін ќұрайды. Нысандар толыќтай ќуатымен жұмыс істегеннен
кейін, Теңіз кен орнындағы өндіруді жылына 25 млн. тоннаға
дейін жеткізу жоспарлануда.
Өткенге көз жібере отырып, жас республика мен «Шеврон»
арасындағы ынтымаќтастыќ біздің еліміз үшін инвестициялыќ тєу-
екел деңгейін айтарлыќтай азайтты деп айтуымыз керек. «Ѓасыр
келісім шарты» сол бір уаќытта, тек енді ғана Ќазаќстанға инвести-
ция салу туралы ойлана бастаған басќа ірі мұнай компаниялары-
на берілген жаќсы нышан болды. Алайда шетел инвестициясын
одан єрі тартуда бір ғана «Шеврон» өнегесі жеткіліксіз болды.
Ќазаќстанға инвестиция салу үшін компанияларға заңды кепілдік
керек болды. Біз мұндай кепілдікті тек екі жылдан кейін, Прези-
денттің «Мұнай туралы» Заңы ќабылданған соң барып ќана бере
алдыќ.
118
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Достарыңызбен бөлісу: |