Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет3/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
құрады және түбірлі нейрондарға жатады. Алдынғы мүйіздерде 2 нерв ядролары 
орналасады:моторлы медиальді нерв ядросы -дененің бұлшықеттерін нервтендіреді, Жұлынның 
бойында жақсы дамыған, және екінші ядро,моторлы латеральді нерв ядросы.Ол аяқ-қол 
бұлшықеттерін нервтендіреді. Мойын ж/е бел сегменттерінде жақсы дамыған. Аксондары аралас 
жұлын нервтердің құрамында шетке өтіп, қанқа бұлшықеттерінде қозғалтқыш ұштармен 
аяқталады.
Жүйке тiтiркенiстерiнiң қабылдағыштан атқарушы ағзаға дейiнгi өтетiн барлық жолы-
рефлекторлық доға деп аталады.Рефлекс (rеflехus-жауап қайтару)-жүйке жүйесiнiң негiзгi қызметi
организмнiң қабылдағыш тiтiркендiруiне қайтаратын жауабы.Рефлекторлық доға 5 бөлiмнен 
тұрады: қабылдағыштар - сезгiш жүйке ұштары (талдағыштар жүйесiнiң шеткi бөлiмi); орталыққа 
бағыттаушы жүйке талшықтары - қозуды шеткi ағзадан орталыққа өткiзетiн жүйкелер; жүйке 
орталықтары; шетке бағытталған талшықтар, жүйкелер; жұмыс атқаратын ағза, аксон ұшы. Бұл 
доғада нейрондар бiр-бiрiмен түйiспе арқылы байланысады да, қабылдағыш (орталыққа 
бағыттаушы), шетке бағытталған, арасында орналасатын байланыстырушы (ассоциативтi) 
топтарды құрады. 
4. Бас миы.Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және 
ақ затының құрылысы.
Орталық жүйке жүйесінің бөліміне бас миы жатады.Адамдарда орта есеппен мидың салмағы 
еркектерде 1375 г,әйелдерде 1245 г, тік қимасы 16-17 см,көлденеңі-14 см,көлемі-1220 куб см 
болады.Ми бас сүйегінің ішінде орналасады.Дамуына ,құрылыс ерекшеліктеріне және 
қызметтеріне байланысты ми бес бөлімге бөлінеді:1.үлкен ми 
2.аралық ми 
3.ортаңғы ми 
4.артқы ми 
5.сопақша ми 
Сопақша ми тікелей жұлынның жалғасы болып есептеледі.Сондықтан құрылысы жағынан 
жұлынға ұқсас болады.Орталық түтік мидың 4-ші қарыншасын түзеді.Сопақша мида 8-12-ші ми 
жүйкелерінің орталықтары жатады. Сопақша мида мидың 4-ші қарыншасының түп жағында күшті 
дамыған мидың торлы түзілімі болады. Сопақша мидың қуысы ,сайлары, нәзік және сына тәрізді 
шоқтары, жіп тәрізді денешіктері болады. Сопақша мида тыныс алу ,ас қорыту,қан айналым және 
басқа жүйелердің орталықтары орналасады және де ол жұлын сияқты рефлекстік ,өткізгіштік 
қызметтер атқарады. 
Артқы ми екі бөлімнен тұрады:алдыңғы бөлімін ми көпірі артқы бөлігін мишық деп атайды.Ми 
көпірі сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ ақ жал.Ол үстіңгі жағынан ортаңғы мимен 
шектеледі .Ми көпірі шекараларынан 6-7-8-ші ми жүйкелерінің түбірлері басталады.Ми көпірі 
өткізгіштік және рефлекторлық қызметтер атқарады.Мишық ми көпірі мен сопақша мидың артқы 
жағында орналасады.Оның салмағы ересек адамдарда 120-150 грамм болады.Мишық бастың бүкіл 
артқы бөлігін тұрады ,оны үлкен ми сыыыыыыыыңарының шүйде бөлігі үстіңгі жағынан жауып 
тұрады.Екеуінің арасындағы саңылауды мидың көлденең саңылауы деп атайды.Мишық екі 
сыңардан және оларды біріктіретін құрт тәрізді мүшеден тұрады ,және де сұр зат пен ақ заттан 
түзіледі.Сұр зат мишықтың сыыртқы бетінде орналасып, оның қыртысын түзеді .Ақ зат8 сұр 
заттың ішінде орналасқан ,олардың іішіінде 4 жұп ядролар болады.Мишықтың негізгі қызметі- 
денені қозғалтып, қимылға келтіру,тепе теңдік алма кезектік қызметтерді ,яғни үйлесімділікті 
рефлекс жолымен басқару. 
Ортаңғы ми мидың сабақшасынан төрт төмпешіктен,мидың қуысы ми суағарынан және ми 
бүркенішінен құралады.Төрт төмпешіктер мишықтың алдыңғы жағында жатады,оның алдыңғы 
екеуінде бағдарлап көру орталығы, артыңғы екеуінде бағдарлап есту орталығы жатады. Ортаңғы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет