Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет4/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
мидың ақ затының арасында күңгірт заттар жатады. Оларды орталық сұр зат, қызыл ядролар, қара 
субстанция деп бөледі. Ортаңғы мидың ішкі қабырғасында 3,4-ші ми жүйкелерінің орталықтары 
жатады . Қуысы- ми суағары- ұзындығы 1,5 см келетін жіңішке өзек .Ол мидың 4-ші қарыншасын 
3-ші қарыншасымен байланыстырып тұрады. 
Ми эмбриогенезінің бастауы ұрықтың арқа бөлімінде жүйке пластинкасы— эктотермадан пайда 
болады. Ол пластинканың екі шеті жиырылып нерв түтігіне айналады. Ми эмбриогенезі одан 
кейінгі мына сатылардан өтеді:1. Үш ми көпіршігінің сатысы. Бұл сатыда бас түтікшесінің 
алдыңғы бөлігі үш кеңейме түзейді (эмбриогенездің 4 аптасы) алдыңғы ми (прозенцефалон), 
ортаңғы ми (мезенцефалон) және ромб тәрізді ми (ромбэнцефалон). 
2. Бес ми көпіршігінің сатысы. Эмбриогенездің 5 аптасында алдыңғы ми 2 бөлікке бөлінеді: 
ақырғы (телэнцефалон) және көз көпіршіктерімен аралық ми (диэнцефалон). Ромб тәрізді ми 
артқы миға және миелэнцефалонға бөлінеді. Ақырғы мидан көпір және мишық пайда болады. 
Миелэнцефалоннан сопақша ми түзеледі. 
3. Орын ауыстыру сатысы. Эмбриогенездің 5-10 апталарында өтеді. Бұл мезгілде ақырғы мидың 
тез өсуі және дифференциялануы басталады, қыртыстық және қыртыс асты орталықтар түзеледі. 
4. Ми құрылымдарының ішкі дифференцировка сатысы. Эмбриогенездің 10-20 апталарында 
жүреді. Бас миында жартышарлар оның ең үлкен бөлігіне айналады, негізгі бөлімдердің; йірімдер 
мен жалдардың түзелуі жүреді. Мишықтың құрылысы дефинитивті сипатқа енеді. Бас миының 
қарқынды миелинденуі, тікенекті аппараттың қалыптасуы өтеді. Олардың құрылысының 
қалыптасуы нәресте туғаннан кейін аяқталады. 
Мидың ақ және сұр затына келер болсақ, жұлындағы сияқты мида да ақ және сұр заттар болады. 
Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі.Олар миды жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара 
байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық нерв жүйесі біртұтас 
қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. 
Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді. Сопақша ми мен 
көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады. 
Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту,тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді 
реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему 
процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың 
осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады. Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық 
орналасады. Оның беті сұр зат — қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядро болады. 
Мишық орталық нерв жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады. 
5. Мишық. Мишықтың құрылысы мен қызметі. Мишықтың сұр затының нейрондық құрамы. 
Афферентті және эфферентті талшықтары. Нейронаралық байланыстар. Мишық глиоциттері. 
1)Мишық тепе-тендік сақтаудың және қимыл-қозғалысты реттеудін орталық мүшесі. Ол ми 
сабауының афферентті және эфферентті өткізу жолдармен байланысты, олар жинала келе 
мишыктың үш жұп аякшасын түзейді. Мишықтың екі жақты — ми сабауымен және үлкен ми 
қыртысымен — байланыстары мишыққа зейінді ұйымдастыруға, ұзақ есте сақтау ісіне, мидың 
сөйлеу жүмысына т.б. қатысады мүмкіндік береді. Мишыктың үстінде иірімдер мен жүлгелер өте 
көп, олар оның ауданын (ересектер- де 975—1500 см2) әжептәуір ұлғайтады. Жүлгелер мен 
қатпарлар мишыктың кесіндісінде оған тән «өмір ағашы» көрінісін береді. Мишықта сұр заттың 
негізгі бөлігі оның үстіңгі беткейінде орналасып, оның қыртысын кұрайды. Сұр заттың аз бөлігі 
ақ затта орталық ядролар түрінде тереңде орналасады. Әрбір катпардың ортасында ак заттын 
жұка кабатшасы орналасып, сыртынан сүр затпен — қыртыспен қапталады. 
Дамуы 
Мишық артқы ми аймағында жүйкелік түтікшенін дорсолатералды кабырғасының өсіп кетуінің 
нәтижесінде пайда болады. Адамның дамуының бірінші апталарында матрикстік аймактың 
нейробласттарының миграциясы ядролардың және Пуркинье жасушаларының қалауына әкеледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет