5
Жас ерекшеліктерін есепке алу – педагогикалық қағидалардың негізгілерінің бірі
саналатындықтан, «Таңдалған әдіс-тәсілдер 12-13 жастағы дарынды және талантты балаларды
оқытуда қаншалықты нәтижелі әрі тиімді?» - деген сауал туындады.
Жалпы алғанда, 12-13 жастағы оқушылар тапсырманы орындау барысында, кіші мектеп
жасымен салыстырғанда, мақсатты әрі жоспарлы түрде жұмыс жасайды. Кейде айналадағы
ортаны оқу материалымен байланыстыра алмайтын кездері де болады. Бірақ бұл жастағы
оқушыларды қызық тапсырмалар бірден баурап әкетеді. Қызықты тапсырмаларды шешу
барысында сыни тұрғыдан ойлана бастайтын кездері болады, сол себепті бұл жастағы
оқушылар пікірталасқа бейім тұрады. Ал тым күрделі жұмыс тапсырманы орындауға
деген оқушылардың ынтасын жояды. Оқушылардың оқуға ынтасын арттыруға осы жерде
мұғалімнің тапсырманы құрастырудағы, жеткізудегі шеберлігі көмекке келеді. Осы тұрғыда
мұғалім тарапынан берілген нұсқаулықтың анық, нақты әрі қысқа болуы өте маңызды.
Өзімнің тәжірибемдегі қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімнің қаншалықты тиімді екендігін
анықтау мақсатында 7-сыныптың оқушыларымен зерттеу сабағын жүргіздім. Алдымен, қазақ
әдебиетінен сабақ беретін мұғаліммен, психологпен, сынып кураторымен пікірлесу негізінде
алдағы жұмыс алгоритмін анықтап алдым. Себебі бірлескен зерттеу жұмысы сыңаржақты
пікірдің қалыптаспауына әсер етеді. Мәселе жан-жақты қаралып, әріптестермен талқыланған
шешім көпшіліктің қолдауына ие болады.
Сондықтан мен мектеп психологімен бейресми кездесуде Гарднердің бейінділікті
анықтау тесті мен креативтілікті анықтауға арналған Торренс тестін 7-сыныпқа қалай
қолдануға болатыны жөнінде пікір алмастым. Оқушылардың жеке даму картасы бойынша
сынып кураторымен әңгіме жүргіздім. Бұл маған есепке алу маманы ретінде оқушылардың
білімінің өсуі мен жетістіктерін жазбаға түсіріп отыру үшін керек болды. Сондықтан, жұмыс
нәтижелілігін байқау үшін берілетін тапсырмаларды, топтық жұмыс түрлерін, топтағы
бөлінетін рөлдерді, қадағалаудың түрлерін таңдадым. Қадағалаудың түрлері арқылы
оқушылардың оқу әрекетінің нәтижесі қандай екендігі жайлы мәліметтерді алуға болады.
Сондай-ақ, оқушылардың білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа білімді қабылдауға
қаншалықты дайын екендігін анықтай алдым. Осы орайда, тақырыпты өту алдындағы алдын-
ала қадағалау арқылы тақырыпты бастауға дейін игерілген білім, ептілік пен дағды деңгейлері
анықталғанын айтқым келеді. Соған орай, зерттеу сабағындағы оқу жұмыстарының тиімді
түрлері мен формалары таңдалған болатын.
Зерттеу сабақтарында кімдерге назар аударатынымды, қандай әдістердің тиімділігін
зерттейтінімді, алынған нәтижелердің түйінді идеяларының қандай болатынын болжадым.
Зерттелетін оқушылар жайлы деректер жинау үшін сабақ беретін мұғалімдермен әңгімелестім,
куратормен, ата-аналармен сөйлестім. Зерттелетін оқушыларды бақылауға қажетті әдіс –
тәсілдердің дескрипторларын белгіледім.
Оқушылардың пікірін түсіну мақсатында, сабақтағы оқушының қажеттілігін анықтау
үшін бейнетаспаға оқушылармен сұхбат түсірдім. Сол сұхбатты қайта қарау арқылы оқушының
пікірінің қаншалықты өзгергенін бағамдай алдым.
Ол үшін оқушылардан алынған кері байланыс тиімді болды. Оқушылардың пікірін,
қажеттіліктерін түсіну үшін алынған кері байланыс оқытуда нені жақсарту керектігін анықтауға
мүмкіндік берді. Оқытуды жақсарту үшін алғашқы сабақтағы алған әсері мен кейінгі жазған
эссесін салыстыру негізінде айырмашылықтарды анықтау үшін, оқушылардың алғашқы
сұхбаты мен эссесін салыстыру негізінде оқу сапасының артқанын/ артпағанын дескрипторлар
арқылы анықтадым.
Бағалаудың түрлерін қолдану, соның ішінде «Миға шабуыл», «ББҮ кестесі» арқылы
оқушылардың қажеттілігін анықтауды нақтылай түстім.
Келесі сабағымда топтық жұмысты ұйымдастыруда, психологтің кеңесімен, М.Люшердің
түстерді таңдау бойынша беретін мінездемесін қолдандым. Көк түсті суық ақылмен жұмыс
757
жасағанды жақсы көретіндер, сары түсті белсенді, іскер адамдар, қызыл түсті адамдармен
жұмыс жасағанды ұнататын, лидерлікке бейімдер, жасыл түсті ешкімге тәуелсіз болғанды
қалайтын, жеке шығармашылықпен айналысқанды қалайтындар таңдайды.
Расында, бұл әдіс өте тиімді болды. М.Люшердің түстер бойынша адам мінезін анықтау
бойынша, сабақ барысында оқушылардың топтық жұмысты ұйымдастыруын бақыладым. А
оқушы өзінің айналасындағы салмақты, сабырлы мінезді оқушыларды басқара алатынын
байқадым. Тапсырмалардың күрделілігі оны қызықтыратынын байқадым. А өзінің осындай
мінезінің арқасында берілген тапсырманы жан-жақты қарастырып, мәселенің стастикалық
жағына көп мән беретінін анықтадым.
В оқушы баяу сөйлегенімен, өзінің лидерлік қабілетін кез-келген топпен жұмыс
барысында нақтылап, фактілермен дәлелді сөйлейтінін байқадым. Мәселені шешуде қарама-
қайшылықты тез анықтап, тиісті шешімді тез қабылдай алатынындығын көрсетті. Мұғалімнің
берген тапсырмасының негізгі мақсатын дәл анықтау В үшін қиынға соқпады.
С оқушы өзінің шапшаңдығымен, алғырлығымен ерекше көзге түсті. Ойлау қабілетінің
жылдамдығының арқасында, топ мүшелерінің рөлдерін тез анықтайды, мәселені шешу
барысында тез икемделеді. Соның нәтижесінде тапсырманы орындау мақсатына да тез
жетіп отырды. С оқушының креативтілігі арқасында ол басқарған топ тапсырманы орындау
барысында басқа топтардан ерекшеленді.
Сондай-ақ, дарынды оқушыларды зерттеушілікке баулудың бір әдісі – жобалау әдісі.
Оқушылардың тобына бір жобаны қорғау ұсынылса, сол тақырып аясында ізденуде олар бір-
бірінен үйрене алады.
Сондай-ақ,топтық жұмысты орындауда оқушылардың дарындылық типіне қарай бөлуде
дифференциация тәсілі де көп көмегін тигізеді. Бірақ, бір типті дарынды оқушылар бір топқа
түскенде, келіспеушіліктердің болып қалуы кездеседі.
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының
екінші (орта) деңгей бағдарламасын негізге ала отырып, менің қолданған әдіс-тәсілдерім:
эвристикалық әңгіме, сауалнама, әңгіме жүргізу әдістері, тестілеу, болжау әдісі, зерттеушілік
жұмыс, ақыл картасы, салыстырулар, метафора құрау, мәтін үзінділерімен жұмыс, кластер
құру, өз пікірін қорғау, рецензия жазу, сұрақтарды құрастыру, «мұғалім - оқушы» рөлдік
ойыны, іс-әрекеттерден үйрену, миға шабуыл, жоба қорғау, танымдық ойындар, дөңгелек
үстел, сөзсайыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, т.б.
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың топтық жұмысқа
дағдылануын, талантты және дарынды оқушының білімге қызығушылығын тануға мүмкіншілік
туды. «Миға шабуыл» стратегиясын уақытты тиімді пайдалану мақсатында сабақтың
қызығушылықты ояту сатысында қолданамыз. Бір кемшілігі, бұл стратегияны пайдалануда тез
ойланатын оқушылардың пікірі басымдық алып кетеді. «INSERT» стратегиясын қолданғанда,
негізгі тірек сөздердің астын сызып оқу арқылы көлемді мәліметпен танысқанда, ой желісін
үзіп алмай, мәтінді қысқа формада есте сақтау мүмкін болады. Оқушының келісетін не
келіспейтін белгісін, таң қалған, әлі де ойлануды қажет ететін белгілерін қойып оқу арқылы
сыни ойлауын жетілдіруге болады. Осы орайда Блум таксономиясы, ББҮ кестесін толтыру
әдістерін айта кетсек те болады.
Дарынды және талантты оқушылармен жұмыстың ерекше бір түрі – метафораларды
қолдану. Танысқан тақырып бойынша негізгі қорытынды ойды метафоралар арқылы жеткізу –
оқушының бір затты екінші затқа, бір құбылысты екінші құбылысқа балау арқылы ой-өрісінің
кеңеюіне, танымдық өресінің артуына, сыни ойлауының дамуына септігі тиеді.
Осы әдістерді жүзеге асыру барысында оқушылар пән апталықтарындағы іс-шараларға,
ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға, «Айжарық» әдеби клубының іс-
шараларына белсене қатысты.
Сонымен қатар, алдымен оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша ашық сұрақ бола
758
5
алатындай Блум таксономиясы негізінде проблемалық сұрақтар құрастыруға тапсырма бердім.
Берілген тақырып бойынша 5 проблемалық сұрақ құрастырған соң, бұл жұмыстар сыныптағы
басқа оқушыларға алмастырылып таратылып берілді. Ендігі тапсырма: оқушы алдына келген
жұмысқа пікір жазуы керек әрі сұрақ авторының жұмысына өзіндік бағасын беруі керек.
Бұндай жұмыс түрі оқушыны сыни тұрғыдан ойлантумен қатар, өзіндік көқарас, пікір айта
білу, ситуацияға өзіндік баға беру дағдыларын қалыптастырады.
Сыныптастарын бағалау - оқушыны ынталандырудың деңгейін көтереді. Әрі бұл
жұмыс сыныптастары бағалайтын оқушының жұмысын жақсартудың амалдарын және одан
әрі дамытуды анықтап береді.
Бірін – бірі бағалау,бір-біріне кері байланыс беру арқылы оқушылар өзара қолдау
көрсетуді үйреніп, талқылауға қатысуға, ақпаратты түсіндіре білуге, сын жазуға мүмкіндік
алады.
Сұрақ қоя білу де тамаша өнер екені рас. Джеймс Тарбер: «Мен барлық жауапты білгенше,
бірнеше сұрақты қоя білген артық деп есептеймін», - деген екен. Сыни тұрғыдан ойлайтын
оқушы орынды сұрақтарды қоя алады. Сұрақ қоя білуге үйрету арқылы сыни ойлауды
арттыруға болады. Егер оқушылар сыни ойлана алатындай жағдайда болса, онда сабақтың
сапалы тұстарының бірі деп есептеуге болады.
Бұндай жұмыстың нәтижелігі эссе жазуда оқушылардың қолданған сөз орамдарынан,
эсседегі ой қисындарынан байқалды. Бұрын эсселерінде аргументтер мен дәлелдерді келтіре
алмаған болса, кейінгі жұмыстарында оқушылардың келтіретін аргументтері мен дәлелдерінің
сапасы артқаны байқалды. Оны біз эссе жазудағы жетістік критерийлерінен салыстырмалы
түрде байқадық.
Мен өзімнің зерттеу сабақтарымның нәтижесіне қарай болашақта нені өзгертуді
жоспарлаймын?
Мен болашақта оқушылардың өздігінен реттелуіне әсер ететін белсенді оқыту әдістерін
қолдану арқылы сабақтарыма өзгеріс енгізуді жоспарлаудамын. Себебі білім алу жолында
өздігінен реттелуге үйренген оқушылардың ізденісі артады. Ізденісі артқан оқушының
білімінде өзгерістер пайда болады. Ал, өзгеріс - алға жылжудың көрсеткіші.
Абай отыз сегізінші қара сөзінде: «Ғылым-білімді, әуелі, бала өзі іздеп таппайды,
басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша, бір
бала ғылым-білімді қашан махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады»
деген ұлағатты пікір айтқан екен.
Сөзімізді түйіндей келе, оқушының қабілеті мен бейіміне қарай таңдалған әдіс-тәсілдердің
нәтижелілігі мұғалім тарапынан зерттелініп отырса, мектептегі бірлескен зерттеу жұмыстары
алға басып, мұғалімнің кәсіби өсуіне оң ықпал ететіні сөзсіз демекпін.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Петти Д. «Современное обучение». – перевод П.Кириллова, - М., 2010. – (Сер.
«Прикладная психология»).
2. Халперн Д. Психология критического мышления. — СПб., 2000. — (Сер. «Мастера
психологии»).
3. Яковлева Н.Н. Этапы построения партнерских отношений. Саморазвитие
и обучение как критерии успешности. - http://www.kadrovik.ru/modules.
php?op=modload&name=News&file=article&sid (23.09.15)
4. Абай Құнанбайұлы. Отыз сегізінші қара сөз. - http://abay.nabrk.kz/index.
php?page=content&id=118 (23.09.15)
5. Мирсеитова С. С. «Оқыту ізденіс ретінде, ізденіс оқыту ретінде», Қарағанды, 2011 жыл.
759
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛІ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ МЕКТЕПІШІЛІК
КӘСІБИ ОҚУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Тоқтағанова А. С.
Педагогикалық шеберлік орталығының
Тараз қаласындағы филиалы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: мұғалімдердің кәсіби оқуы, сабақты зерттеу, бейімдеу жолдары.
Ключевые слова: профессиональное обучение учителей, изучение урока, пути
адаптаций.
Keywords: professional education of teachers, training and research, ways of implementation.
Аңдатпа
Мақалада мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың өзекті проблемасы қозғалады.
Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін тиімді арттыру мақсатында мектепішілік кәсіби оқуды
ұйымдастыру қажеттігі баяндалған. Мұғалімдердің мектепішілік кәсіби оқуын жүзеге асыру
құралы ретінде сабақты зерттеу тәсілін бейімдеп қолдану, аталған тәсілді мектептердің оқыту
жағдайында ыңғайлы ұйымдастыру жолдары ұсынылады.
Аннотация
В статье затрагивается важная проблема повышения квалификации учителей. Говорится
о необходимости организации межшкольного профессионального обучения, которое позволит
эффективно повысить профессиональные знания учителей. В качестве инструмента для
межшкольного профессионального обучения предложены пути адаптированного испальзования
эффективной организации метода исследования урока.
Abstract
Moving urgent problem of improving the professional skills of teachers in the article. In order to
improve the professional competence of teachers in the need for school-based professional learning.
School classes as a tool for the implementation of professional training of teachers to adapt the method
of research, the approach of the convenient ways of teaching in the schools.
Қазақстанда білім беру жүйесін модернизациялау үдерісі үздіксіз өзгерістерге шұғыл
бейімделе алатын ілкімді, кәсіби шебер, өз саласында құзыретті мұғалімдерді қалыптастырудың
қажеттілігін туындатып отыр. Себебі өзін кәсіби тұрғыда жүзеге асыруға мүдделі маман ғана
әлеуметтік сұранысқа сай, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра
алады.
Қазіргі таңда сапалы білімнің басты кепілі болып табылатын мұғалімнің кәсіби біліктілігін
арттыру жүйесі түбегейлі өзгерді.
Біліктілікті арттыру жүйесі педагог қызметкерлердің
өзін-өзі өзектендірулері үшін, қолданыстағы кәсіптік тәжірибенің негізінде өздігінен білім
алу тәсілдерін жетілдіру үшін шарттар туғызуы тиіс. Себебі біліктілікті арттырудың негізгі
мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуіне, оның кәсіби-тұлғалық құзыреттілігінің қалыптасуына
қажетті шарттарға тәуелді.
Сондай-ақ қазіргі кезде мектепішілік мұғалімдердің кәсіби оқуын ұйымдастырудың
маңыздылығы арта түсуде. Мұғалім түрлі курстар, семинарлар, т.б. әдістемелік іс-шаралар
арқылы біліктілігін арттырады, сол жинақтаған білім, білік, дағдылар кешенін ол өз жұмыс
орнында тәжірибеге енгізеді. Оның кәсіби дамуындағы ілгерілеуі мен кедергілері нақты
760
5
ортада көрініс табады. Сондықтан да ұжымдағы әріптестік қарым-қатынастың, коллабративтік
ортаның маманның кәсіби құзыреттілігін дамытудағы орны атап өтерлік.
Мұғалімдер өз проблемасымен жұмыс істеуді (іс-әрекеттегі зерттеу), әріптестерімен
бөлісуді (коучинг пен тәлімгерлік), бірлесе шешім іздеуді үйренді. Оқыту мен оқу тәжірибемізге
соңғы жылдары ене бастаған сабақты зерттеудің жапондық тәсілі мұғалімдердің мектепішілік
кәсіби оқуын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді. Дегенмен сабақты зерттеуді берілген үлгімен
жүргізуге мұғалімдердің жүктемесі мен сабақтар кестесінің тығыздығы мүмкіндік бермейтіні
белгілі. Екі ауысымдық кестемен жұмыс істейтін біздің мектептеріміздің жағдайында аталған
тәсілді қалай тиімді пайдалануға болады? Міне, осы орайда сабақты зерттеу тәсілін жүргізу
тәртібін, өткізу қадамдарын (циклді) өзгертпей, оны ұйымдастыру жолдарын өз жағдайымызға
бейімдеген дұрыс болар еді.
Мектепте сабақты зерттеуді ұйымдастыру жолдары:
1. Ауысымдар арасында (1-ауысымда жұмыс істейтін мұғалімдердің сабағы –
ұсынылатын сабақ, ал сабақты талдау 2-ауысым мұғалімдерімен ұйымдастырылады. Cоңынан
бейнежазбасын қарап танысуға болады.) Үйлестіруші-ментор сабақтарды жоспарлау кезінде,
қайта жоспарлау кезінде және талқылау кезінде қатысуы міндетті. Сабақты зерттеуді үш мақсатта
да ұйымдастыруға болады. «Lesson Study-дің мақсатқа байланысты үш түрі бар. Бірінші түрі
Lesson Study-дің бірыңғай тақырыбына байланысты, екінші түрі оқыту дағдыларын дамытуға
арналған, ал үшінші түрі бақылау дағдыларын дамытады» [1]. Ұйымдастырылу мақсатына
сәйкес Lesson Study түрлерін өткізудің ерекшеліктері бар. Әрбір циклді жекелеген мұғалім
өткізеді, ал бір циклдің мазмұны мектептің зерттеу тақырыбына негізделіп, аяқтау нәтижесі
сол идеямен сабақтас болуы маңызды. Мұғалімнің жасаған сабақ жоспары жұмыс тобындағы
(Lesson Study комитеті) әріптестерімен талқыланады және қайта жоспарланады. Осы үдеріске
мұғалім сабақ беруші ретінде де, бақылаушы ретінде де қатысуы маңызды. Талқылау тиімді
әрі нәтижелі болуы үшін зерттеу сабағына бақылау жүргізу аспектісі өзекті болады. Яғни
мұғалімнің оқыту шеберлігімен қатар бақылау жасау дағдысы дамиды.
2. Пәндік декадаларды сабақты зерттеу тәсілі бойынша ұйымдастыру: нақты бір
пәннің мұғалімдері оқушылардың қандай да бір оқу дағдысын зерттеу мақсатында бірігіп
жоспарлайды. Талқылау ашық сабақтарға қатысқан мұғалімдермен жүргізіледі. Пәндік декада
кезінде циклділік сақталмалмайды, бұл өз кезегінде нәтижеге қол жеткізу үдерісін толық
қадағалауға мүмкіндік бермейді. Дегенмен педагогтің өзінің кәсіби дамуындағы зерттеу
сабағына қатысты ұжымдық талқылауға қатысудың ролін сезінуі үшін айтарлықтай маңызды.
Себебі мұғалім жеке-дара дами алмайды: тек қана өз тәжірибесінің негізінде жасалған
рефлексия да оны дамытуға жеткіліксіз. Сондай-ақ, өзге әріптестерінің тәжірибесін көру
арқылы тұлғаның тәжірибесі жетілмейді. Көре отырып жүзеге асқан (орындалған) іс-әрекетті
(ақпаратты) қабылдаймыз. Яғни мәлімет қорымыз кеңейгенімен, қажет ақпараттарды іріктеп,
жіктеу үшін, қажетін таңдау үшін, саналуан пікірлердің көп болғаны, кәсіби талқылаудың
орын алуы маңызды.
Мұғалімдердің кәсіби оқуын сабақты зерттеу тәсілі арқылы ұйымдастыру туралы бұған
дейінгі зерттеуіміз кезінде аталған тәсілді өз тәжірибемізге енгізудегі кедергілерді анықтаған
едік. «Біздің тәжірибемізге тән талқылау нысаны – мұғалімнің әрекеті, көп жағдайда кәсіби
құзыреттілігіне қарағанда тұлғалық құзыреттілігіне баса көңіл бөліп жатамыз. Яғни сабаққа
қатысқан мұғалімдер оқушылардың әрекетіне қатысты өзіндік рефлексиясын ұсынудың орнына,
тек көрген фактілерді санамалап, әріптесін бағалаумен шектеледі» [2]. Осыған орай пәндік
декадалар кезінде сабақты зерттеуді ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің бақылау дағдысын
дамытып, сауатты сабақ талдау іскерлігін жетілдіруге болады. Ол үшін сабақты талдауды қалай
жүргізу қажеттігі туралы мектеп әкімшілігі (директордың әдістемелік орынбасары) тарапынан
алдын ала үйрету семинары өткізілуі қажет. Мұғалімдерге сабаққа қатысу мақсаты, неге назар
аудару қажеттігі, талқылауға қатысу мәдениеті туралы ақпарат беріліп, сабақты бақылаудың
761
бірыңғай картасын ұсынғаны жөн (кесте 1).
Кесте 1. Сабақты бақылау картасы
1
Қатысу мақсаты (алдын ала келісіледі);
2
Сабақтың табыс критерийлері (алдын ала көрсетіледі);
3
Оқушылар нені істей алды? Олар қандай ілгерілеуге жетті? Оның қандай дәлелдері бар?
Сабақтың басында
Сабақтың ортасында
Сабақтың соңында
4
Оқушылардың сабақтағы жетістіктерінің шарты неде?
Осылайша, жоғарыда аталған кедергіні нақты әрекеттер арқылы шешуге мүмкіндік
болады. Сонымен қатар мектеп мұғалімдері бірлескен кәсіби оқуға ынталы, дегенмен олар өз
тәжірибесін байқауға, семинарға т.б. кәсіби шараларға қатысқанда ғана көпшілік талқысына
ұсынуды жөн көреді. (бізде бірлесе үйренуге қарағанда, көрсету, насихаттау ұғымы басым
екені белгілі). Бұл мектептерде ынтымақтастық орта мен кәсіби тығыз қарым-қатынастың
жеткілікті қалыптаспағандығын көрсетеді. Сабақты зерттеу тәсілі арқылы осы олқылықты
жоюға болады. Сабақ беру жеке жүзеге асырылатын әрекет болғанымен, бірлескен ойлауды,
бірлесіп жоспарлауды қажет ететін үдеріс, себебі оның нәтижесінде оқушының дамуы жүзеге
асады.
Біздің білім беру жүйесіндегі ескеретін тағы бір проблема – мектепішілік жоспарлауды
әкімшіліктің тек өз міндеттері деп қарауы. Әсіресе, әдістемелік іс-шараларды директордың
жауапты орынбасарлары жоспарлайды, ал жоспарлау кезінде мұғалімдердің қажеттіліктері
мүлдем зерттелмейді. Яғни жоспарлы түрде өткізілетін әдістемелік дамыту жұмыстарына
мұғалім қатысқанымен, өзіне керек сұрақтың жауабын таппайды, бұл мұғалімді әдістемелік
тұрғыдан тұйыққа тірейді. Сондықтан да «Қарапайым мұғалім жоспарлаудан тыс қалатындықтан
мектептің мақсаты бойынша бірлесу, яғни мектеп мәдениеті туралы айтуға ерте. Сонымен
қатар біздің білім мекемелерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі мақсаты көп жағдайда ұзақ мерзімді
болып келетіндіктен, оны жүзеге асыруда мұғалімдер өздерінің роліне жеткілікті мән бермейді»
[2]. Білім беру ісінде нәтижеге қол жеткізудің маңызды жолдарының бірі – мұғалімдердің тек
орындаушы ғана емес, кәсіби қауымдастық мүшесі екенін сезінуі. Оның қауымдастық аясында
бірлесе әрекет етуіне мейілінше қолайлы жағдай жасалуы үшін, мектеп ішінде бірлескен
зерттеу жұмыстары жоспарлы жүзеге асырылуы тиіс. «Жақсы мектеп мәдениеті дегеніміз ол –
мұғалімдер арасындағы тығыз қарым-қатынас. Мұғалімдер арасындағы тығыз қарым-қатынас
сапалы білім беру мен студенттердің жоғары ұпайларына әкеледі. АҚШ зерттеу жұмыстары
жақсы мектеп мәдениетін «Кәсіби оқу ортасы» деп атайды» (Чичибу, Кихара, 2013).
Аталған тәсіл арқылы мұғалімдердің кәсіби оқуын ұйымдастыру үшін тәжірибеде кездесуі
мүмкін кедергілердің алдын алу жөн. Мысалы: Lesson Study тәсіліне біздің тәжірибеміздегі
ұқсас шараның бірі (аналогы) ашық сабақ болғандықтан, мұғалімге: «Сабаққа қандай мақсатпен
қатысасыз? Сабаққа қалай талдау жасайсыз? Сабақты зерттеу ұғымын қалай түсіндіресіз?»
деген сұрақтар қою арқылы сабаққа қатысудың мақсатын өз тәжірибесі негізінде анықтап
алуына мүмкіндік беріп, мұғалімдер арасында жоспарлау, бірлесе жоспарлау, бақылау және
өзара бағалау дағдысы жөнінде кең мәлімет берілуі тиіс.
Жалпы үйрету мақсатында ұйымдастырылатын әдістемелік іс-әрекеттің циклді болуының
маңыздылығына көз жеткіздік: бұл жоспарлы жүргізілген әрекеттің салдарын түсінуге
көмектеседі. Деңгейлік бағдарлама мәнмәтінінде оқыту үдерісіндегі сұрақтың мәні жеткілікті
зерделенген. «Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуді әзірлеу барысындағы ең күрделі іс – мәселенің
қырларын ашу мақсатында бағдар беретін сұрақтарды дұрыс қоя білу» [3]. Егер үйрету
762
Достарыңызбен бөлісу: |