Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет107/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126

Abstract

In this article the teacher to share challenges and barriers of formative assessment implementation 

of the integrated model of criteria-based assessment in Kazakh language to students Also in the article 

the teacher to share experiences in the implementation of self-evaluation and mutual assessment and  

results are provided.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қолданысқа енгізілген критериалды бағалау түрлері 

7-сынып оқушыларына қиындық  туғызғандықтан, сабақтарымда ұсынылатын тапсырмаларға 

жетістік критерийлерін құрастыруды да, бағалауды да өзім жүргізіп келдім. 

Қалыптастырушы  бағалау  қалыпты  оқытудың  құрамдас  бөлігі  ретінде  жүзеге  асуы 

қажет дегенмен, осы процеске оқушылардың  басқа сыныптың оқушыларындай белсенділік, 

қызығушылық  танытпайтындарына  көзім  жетті 

[

4,  3-б.]. 



Меніңше,  бұл  жастағы  балаларда 

«бағаны үнемі тек мұғалім ғана қояды» деген санаға сіңіп қалған қағида бар сияқты. Өйткені 

осы уақытқа дейін оқушылар тарапынан менің қойған бағаммен келіспейтін, бағасына қатысты 

дау айтқан бірде-бір оқушы болмады.

 

Бұл мәселе оқушының оқу нәтижелеріне, оқыту бағдарламасына, оқу үдерісіне тікелей 



қатысты. 

  Жоғарыда  аталған  мәселелерді  шешудің  бір  жолы-сабақта  оқушылардың  өзін-өзі 

және өзара бағалауын жүзеге асыру деп ойладым. Оқушыларды өзін-өзі және өзара бағалау 


719

негізінде  ынтымақтаса  жұмыс  жасауға  жетелеу  соңғы  нәтиже  пәндік  білім  сапасының  да 

артуына септігін тигізері анық.

Сондықтан да зерттеу жұмысымда оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауын неғұрлым  

жиі  жүргізсем,  сол  арқылы  олардың  ынтымақтаса  жұмыс  жасай  алуларына  да,  бағалау 

үрдісіндегі белсенділіктеріне де, олардың бағалауға қатысты пікірлеріне өзгеріс енгізем деген 

мақсатым болды.  

Зерттеу  жүргізілген  сәттен  бастап,  аяқталғанға  дейінгі  кезең  аралығында  жүргізілген 

жұмыс  түрлері  олардың  тоқсан  соңындағы  жиынтық  бағалау  нәтижесіне  қаншалықты  әсер 

ететінін анықтауды да ескердім. 

•  Жетістік критерийлері арқылы өзін–өзі және өзара бағалауды тиімді жүргізу зерттеу 

әрекетімнің мақсаты болса, зерттеу міндеттері оқушыны төмендегідей   нәтижелерге 

жеткізеді деп  болжадым:

•  Оқушылар  өзін-өзі  бағалау  арқылы  өздерінің  оқудың  қандай  сатысында  тұрғанын, 

қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін болжай 

алады;


•  Оқушылар  өзара  және  өзін-өзі  бағалау  арқылы  өзіндік  белсенді  оқуға  ынталары 

артады;


•  Өзін-өзі  және  өзара  бағалау  оқушылардың  өзара  ынтымақтаса  жұмыс  жасауына 

ықпал етеді;

•  Пәнге деген қызығушылықтары жоғарылайды;

•  Өздеріне, сыныптастарына деген сенімділіктері артады;

•  Өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға қалыптасады;

•  Алған дағдылары мен білімдерін ішкі жиынтық бағалауда қолдана алады.

Тақырып  пен  мақсат-міндеті  анықталған  іс-әрекеттегі  зерттеуді  енді  қалай  бастасам 

болады? 


Бұрынғы тәжірибе бойынша бағалауды оқыту мен оқудан кейін болатын үдеріс ретінде 

қарастырып  келдік.  Сабақ  үрдісіндегі  жүргізілген  бағалау  оқушылардың  оқуына  ықпал 

ететіндей деңгейде ойластырылу керек. Ақпарат беру арқылы оқушының оқуына көмек көрсете 

алатын әрі ол ақпаратты мұғалімдер мен оқушылар өзін-өзі және өзара бағалауға арналған кері 

байланыс ретінде пайдаланады [

1,108-б.].

Сыныптағы  оқушылардың  қалыптастырушы  бағалауға  қатысты  пікірлерін  анықтау, 

зерттеу жұмысын жоспарлау  мақсатында сауалнама алдым.

«Қалыптастырушы бағалауды кімнің бағалағаны дұрыс?» деген сауалға сыныптағы 20 

оқушының 19-ы мұғалімнің бағалағанын дұрыс деп санайды екен. Олардың ойынша, «оқушылар 

бірі-бірін әділ бағаламайды», «мұғалім адал, сондықтан барлығына әділ бағалау жүргізеді», 

«мұғалім оқу бағдарламасын толық біледі», «балаға қарағанда бағалау туралы көбірек біледі». 

Сыныптағы  Төре  деген  бір  оқушы  ғана  «кей  кезде  мұғалім  сыныптағы  балаларға  қарап 

үлгермейді, ал жұптағы оқушылар бірін-бірі жақсы бағалайды» деп жауап берген екен. Мені 19 

оқушының пікірлерінің бірдей болғаны емес, осы оқушының пікірі ойландырды. Сыныптағы 

20  оқушының  барлығын  бір  уақытта  бақылап,  тыңдау  мүмкін  емес  қой.  Шынында  да, 

мұғалімнің дұрыс бақылай алмағандығынан да кей кездерде әділ бағалау болмай қалатынымен 

тәжірибеде  кездесіп  жатамыз.  Сондықтан  да  алғашқы  «Қалыптастырушы  бағалауды  қалай 

ұйымдастырған  дұрыс?»  деген  сұрақтың  жауабының  нәтижесі  де  оқушылардың  бағалауды 

топтық және жұптық жұмыс арқылы жүзеге асуларын қалауы. 

Оқу үшін бағалаудың оқушы үшін маңыздылығын білім алушылардың қандай сатысында 

тұрғанын,қандай бағытта даму қажет екендігін анықтау  қажеттігімен түсіндіреді

 

[

2, 58-б.].



Сондықтан зерттеудің алғашқы сабағында сынып болып құрған жетістік  критерийлері 

арқылы  топтар  бір-бірін  өзара  бағалау  арқылы  бағалады.  Оған  дәлел,  1-топтың  өнімін 



720

5

бағалаған Ерасыл әр критерийге дәлелдер келтіре отырып, әділ бағалау жүргізді. «Ұсынылған 

материалдарды  орынды  қолдану»  критерийі  бойынша  оқушылардың  берілген  суреттерді 

«соғыс», «жеңіс» сияқты тақырыпшаларға бөліп қолданғандығын ерекше атап айтып, топтың 

өніміне «жетті» деген баға қойды [

3].


 Оқушылардың алғашқы өзара бағалау түрі өнімді бағалау 

болғандығынан  болар,  алғашқыда  өзге  топты  бағалау  сәті  келгенде,  топтағы  оқушылардың 

бір-біріне жалтақтап, сенімсіздік танытып отырғанын аңғардым. Дегенмен, әр топтан бір-бір 

оқушы  өз  еріктерімен  тұрып  бағалау  жүргізді.  Тіпті  жетістік  критерийлері  арқылы  бағалап 

қана  қоймай,  ұсыныс-тілектерін  де  білдірді.  Оқушыларым  алғашқы  күні  бағалау  үрдісіне 

жоғары белсенділік танытпаса да, өзімнің бақылауым арқылы әр оқушының топтық жұмысқа 

аса жауапкершілік танытып, ынтымақтаса жұмыс жасағандары көңіліме қуаныш ұялатты. 

Одан әрі зерттеу әрекетінде әр топтан бағалаушы оқушының өзге оқушыларды бағалауына 

қатысты өзгертуді жоспарладым. Бағалаушы міндетіне ие болған оқушының міндеті –  дайын 

критерийлер бойынша топтағы баяндаушы екі оқушының мәтіндегі маңызды ақпараттарды 

жеткізе алуын, жұбының мәтіні негізінде екі ашық сұрақ қоя алуын және қойылған сұраққа 

өзіндік көзқарас таныта отырып, жауап бере алуын, сонымен қатар қорытындылаушының екі 

оқушының мәтініндегі маңызды ақпараттарды анықтай алуын, айтылған ақпараттар негізінде 

тақырыпқа  қатысты  көркем  сөз  қолданыстарын  қолдана  отырып,  тұжырым  жасай  алуын 

бағалау. 

Жоғарыда  аталған  тапсырмада  баяндаушы  оқушылар  алғашқыда  тапсырманы  жеке 

орындағанымен, жетістік критерийлеріне негізделген тапсырмаларға кезек келгенде, топтағы 

қорытындылаушы оқушының да, бағалаушы оқушының да, баяндаушылардың да назарларын 

тек  бір-бірін  тыңдауға  аудару  қажеттігін  бірден  түсінді.  Себебі  алдын-ала  таныстырылған 

жетістік  критерийлері  бойынша  «жетті»  бағасын  топтағы  баяндаушы  оқушыларды  мұқият 

тыңдау арқылы ғана алатындарын түсінді. Сол себепті төрт оқушыдан құралған бес топ та 

бір-бірін мұқият тыңдауға ұмтылды. Тапсырма соңында бағалаушы оқушылар бағалау парағы 

негізінде дәлелдер ұсына отырып, тобындағы оқушыларға өте жақсы бағалау жүргізді. Оның 

себебі,  бағалаушы  оқушыларға  жетістік  критерийлерінің  өте  түсінікті,  бағалау  жүргізуге 

қолжетімді  болғандығы деп ойлаймын. Бағалаушы ұсынған дәлелдерді тыңдап-ақ, топтағы 

оқушылардың жақсы баға алуы үшін бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс жасау қажеттіліктерін 

түсінгендеріне көзім жетті. 

Жоғарыда  «бағалаушы»  міндетін  таңдаған  оқушылардың  тапсырмамен  таныспай 

тұрғандағы  қуанышты  көңіл-күйлері  туралы  айтып  кеткен  болатынмын.  Себебі  олар 

бағалаушының рөлі аса жауапкершілікті қажет етпейтін, тапсырма орындауға араласпайтын 

«сәтті  түскен»  міндет  деп  қабылдады.  Алайда,  тапсырма  бойынша  топтағы  ең  маңызды  да 

жауапты  міндет  бағалаушыныікі  екенін,  олардың  топтағы  әр  оқушыны  мұқият  тыңдау 

қажеттігін,  мұғалім  ұсынған  критерийлер  бойынша  дәлелдер  айта  отырып,  әділ  бағалау 

қажеттілігін  білгенде,  міндеттерінің  өздері  ойлағандай  жеңіл  еместігін  түсінді.Бағалаушы 

оқушылардан  алынған  сауалнамадағы:  «Сыныптастарыңызды  бағалау  міндеті  жүктелгенде 

қандай сезімде болыңыз?» деген сауалыма Төре: «Бұл ең жеңіл жұмыс деп ойладым, бірақ олай 

болмай шықты» деп жауап берсе, сыныптағы үздік оқушы Үміт: «Әрбір бала қателік жібереді. 

Маған бағалау міндетін бергенде, мен егер де біздің топтағы балалардың біреуі қателік жіберіп, 

оны мұғалімге айтсам, балалар маған жаман қарап қалар деп ойладым. Бірақ біздің топтағы 

барлық бала өз жұмысын жақсы орындады» депті. «Әділ бағалау үшін не маңызды болды?» 

деген сауалға Үміт: «топтағы балалаларды достарым деп санамай, басқа адам секілді көрудің» 

де әділ бағалау үшін маңызды екенін жазыпты. 

Кезекті  сабағымның  бірінде  жұптағы  оқушылардың  бір-бірін  бағалауына  қатысты 

тапсырма ұйымдастырдым. Кіріктірлген білім беру бағдарламасының оқу жопарындағы «Ұлы 

ерлікке  тағзым»  тарауына  сай  ұсынылған  сөздердің  ішінен  тек  12  сөзді  ғана  таңдап  алып, 


721

оларды мәтін құру үшін үш құрылымға бөліп жазу керек. Әр оқушы мәтінінің кіріспе бөлімін 

құрылымға қажетті сөздерді қолдана отырып өзі жазады. Белгілі бір уақыт өткен соң жұмысын 

жұбымен алмастырады. Жұбы құрылымдағы сөздердің барлығын қолдана отырып, мәтіннің 

негізгі  және  қорытынды  бөлімін  жазып  аяқтайды.  Жұптар  жұмыстарымен  кері  алмасып, 

мәтінді оқып, жұбының жұмысына критерийлер бойынша бағалау жүргізді.

Оқушылардың  жұбын  бағалауына  қатысты  сыныптағы  бірнеше  оқушыларға  ауызша 

бағалау  жүргізуді  ұсындым.  Сондағы  байқағаным,  сыныптағы  оқушылардың  өз  біліміне 

деген  жауапкершіліктерінің  артқаны,  бір-бірінің  кемшіліктерін  көре  алулары,  бағалаудың 

үлкен  жауапкершілікті  қажет  ететіндігін  түсініп  қалғандары.  Алғашқы  сабақтарыммен 

салыстырғанда,  оқушылардың  бағалауға  еркін  араласып,  бойларында  өздеріне  деген 

сенімділіктің біршама қалыптаса бастағандарын байқадым. 

Кейбір  оқушылар    сыныптастарына  немесе  мұғалімге  баға  бергеннен  гөрі,  өзін-өзі  

бағалағанды артық санайтындығы, өзін-өзі бағалау түсінуді және сенімділікті дамытатындығы, 

оқушыдан көп жігерді талап ететіндігі тәжірибе барысында анықталған 

[

5].



Дегенмен, менің тәжірибемде  өзін-өзі бағалау бірден оқушылардың көңілінен шықты 

дей алмаймын. «Өте қиын болды. Себебі өз-өзін бағалау әркімнің қолынан келмейді. Әрине, 

бұл маңызды, адам өз-өзіне баға беруі керек», «Әрине, өте қиын болды. Себебі сен өзіңе жақсы 

баға қойғың келеді, бірақ сен өзіңе әділ баға қоюға міндеттісің. Өз-өзіңе күмәнданасың әрі 

ренжисің». Бұл - сыныптағы Анар мен Әмірдің өзін -өзі бағалаудан кейінгі  пікірлері. 

Алғашқы  өзін-өзі  бағалау  әдісі  оқушыларға  жеңілірек  болсын  деген  мақсатпен 

тапсырманы да жеңіл беруді ойладым. Сондықтан Жеңіс тақырыбына қатысты бейнебаянды 

түсіну  деңгейлерін  анықтау  мақсатында  8  сұраққа  бейнбеян  мазмұны  негізінде  жауап  жазу 

тапсырмасын бердім. Критерий бойынша 8 сұраққа да дұрыс жауап берген оқушылар жасыл 

бағдаршамды,  5-7  сұраққа  жауап  бергендер  сары  бағдаршамды,  5-тен  төмен  жауап  берген 

оқушылар  қызыл  бағдаршамды  көтерулері  арқылы  өзін-өзі  бағалайды.  Тапсырма  соңында 

өзін-өзі бағалау уақыты келгенде оқушылардың барлығының да сары

бағдаршамды көтергені мені бір жағынан таңғалдырса, екінші жағынан күмән туғызды. 

Тапсырманы  құрастырып  отырғанда  сыныптағы  оқушылардың  ішіндегі  жақсы  оқитын 

9-10  оқушымның  жасыл  бағдаршамды  көтеретініне  сенімді  болған  едім.  Бірақ  сенімім 

ақталмады. Содан соң 8 сұрақтың 7 сұрағына жауап берген оқушыларды анықтамақ болған 

сұрағыма  сыныптағы  11  оқушы  қолын  көтерді.  Берілген  тапсырманың  нәтижесіне  үңілсек, 

қателік кімнен кетті, оқушыдан ба, әлде менен бе? Сабақ соңында тапсырмаға қайта оралып 

қарастырып, қателіктің өзімнен кеткенін түсіндім. Мен жетістік критерийін құрастыруда өзін-

өзі  бағалаудың  алғашқы  жүргізіліп  отырғанын  ескермедім,  тек  тапсырманың  жеңіл  болуын 

ескеріппін де, оқушыға бірден жоғары талап қойдым. Менің қателігім келесі тапсырмаларыма 

аса жауапкершілікпен, оқушының деңгейімен санасуыма себеп болатын болды.

Оқушылар  қаншалықты  өзін  әділ  бағалай  алады,  сыныптастарының  пікірлерімен 

санасады  ма?  Осы  сұрақтардың  жауабын  табу  мақсатында  тапсырманы  өзгеше  түрлендіріп 

ұсындым. 

 Тапсырма «Егер мен әлемді өзгерте алсам» тарауына  қатысты болғандықтан, еліміздегі 

өзгерістерге  қатысты  оқушылар  мәтіндер  бойынша  бірінші  жеке  тапсырма  орындап, 

топта    жазғандарымен бөлісуді  тапсырдым. Оқушыларға  әр  оқушының  жұмысын тыңдаған 

сайын ұсынылған критерийлер бойынша бағалау емес, тек ұсыныс-пікір айту тапсырылды. 

Тапсырмалар орындалып біткен соң,  әр оқушы сыныптастарының айтқан ұсыныс-пікірлерін 

ескере отырып, өзін-өзі бағалады.

Анар өзін «талпынды» деп бағалапты. Себебі, екі критерий бойынша тапсырмаларына 

толықтыру енгізу қажет екен. Топтағы өзге оқушылармен Анардың өзін-өзі бағалауына қатысты 

кері байланыс жүргізгенімде, ол оқушылар да Анардың өзін-өзі бағалауымен келісетіндіктерін 



722

5

жеткізді, себебін түсіндірді. 

Екінші  рет  жүргізілген  өзін-өзі  бағалау  оқушылардың  өз  білімдеріне,  нәтижеге  деген 

жауапкершіліктерінің  артқанын  аңғартты.  Себебі  сыныптастарының  тарапынан  айтылған 

пікірлерді топтық тапсырманы орындауда ғана емес, бағалауда да ескергендерін байқадым.

Менің болжаған нәтижелерімнің бірі оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауын тиімді 

ұйымдастыру,  ішкі  жиынтық  бағалау  қорытындысына  оң  әсерін  тигізеді.  Күткен  нәтиже 

орындалды ма? 

ІІ және ІҮ тоқсандардағы ішкі жиынтық бағалаудың қорытындысына 30 балдан 25 балға 

дейін алған оқушылар бойынша салыстыру жүргізгенімде, мынадай өзгерістерді байқадым: 

ІІ  тоқсанда  25-30  балл  алған  оқушылар  саны-10  болса,  ІҮ  тоқсанда-  16  оқушы.  Тоқсандық 

қорытынды бойынша ІІ тоқсанда 20 оқушыдан 4 оқушы - «4», 16 оқушы-«5» деген бағамен 

қорытылса, ІҮ тоқсанда 19 оқушы-«5», 1 оқушы-«4» деген бағамен қорытылды. 

Зерттеу  кезеңінің  соңғы  күні  өзін-өзі  және  өзара  бағалауға  қатысты  оқушылардың 

пікіріндегі өзгерістерді анықтау әрі алғашқы сауалнамамен салыстыру мақсатында сауалнама 

алдым.  «Сыныптасыңызды  бағалауда  сізге  не  қиын  болды?»  деген  сауалға  оқушылар  «әділ 

бағалау,  мұғалім  секілді  дұрыс,  нақты  қателерді  табу,  досыңды  бағалау,  критерий  бойынша 

тыңдап  бағалау,оларды  тыңдау,  не  істегеніне  қарау,  қорытынды  шығару,  егер  ол  жұмысын 

ойдағыдай істемесе, мұғалімге соны айту қиын » деген қызықты да саналы пікірлер білдірген. 

«Өзіңізді  өзіңіз  бағалау  сізге  қиындық  туғызды  ма?»  деген  сауалға  оқушылардың 

көбі  бұл  бағалау  түрінің  қиын  екендігін  айтып,  оның  әр  түрлі  себептерін  айтқан.  Мысалы, 

Әмина:«Әрине,  өзіңе  бағаны  асыра  алмайсың,  алайда  бағаң  төмен  болғанын  қаламайсың. 

Бірақ мен өз-өзімді әділ бағалай аламын» деген пікір айтса айтады.

«Жетістік критерийлерін тек мұғалімнің ғана құрастырғаны дұрыс па?» деген сұраққа 

оқушылардың барлығы да үнемі емес, кейде өздерінің де құрастырғанын қалайды екен. Оның 

себебін оқушылар «Оқушы мен мұғалім бірлесіп құрастыру керек, сонда әр оқушы түсініп 

есте  сақтайды.  Оқушылар  өздері  жете  алатын  критерийлерді  құрады.  Оқушылар  алдарына 

мақсат қоя білулері керек. Оқушының да өз көзқарасы бар» деп түсіндіреді.

Зерттеу кезеңін бастағанда алғашқы сауалнамада оқушылардың барлығы «оқушы білімін 

тек мұғалімнің бағалағаны дұрыс» деген пікірде болған еді. «Алдыңғы айтқан пікірлері өзгерді 

ме екен?» деген мақсатпен «Оқушы білімін тек мұғалімнің бағалағаны дұрыс деген пікіріңізді 

өзгерттіңіз  бе?  Оны  өзгертуге/өзгертпеуге  не  себеп  болды?»  деген  сауалға  сыныптағы  17 

оқушы  өзін-өзі  және  өзара  бағалауды  таңдаса,  3  оқушы  бастапқы  пікірлерін  өзгертпеген. 

Олардың  пікірінше,  «Өзара  бағалау  арқылы  сыныптасымыздың  білім  деңгейін  анықтауға 

көмек береміз», «Өзіңді бағалау арқылы кемшілігіңді өзің көресің, дер кезінде түзете аласың».

Оқушыларым өзін-өзі бағалау арқылы өздерінің білім деңгейін анықтай алып, оны қай 

бағытта  дамыту  қажеттігін  түсіне  бастады,  сабақ  үрдісіндегі  белсенділіктері  арта  бастады, 

сыныптағы  араласа  бермейтін  оқушылардың  өзге  оқушылармен  қарым-қатынаса  алу 

дағдыларын  арттырды,  қызығушылығы  төмен  оқушыларды  өз  біліміне  жауапкершілікпен 

қарауға  үйретті,  өздеріне  деген  сенімділіктері  орнай  бастады,  топтық,  жұптық  жұмыста 

ынтымақтаса жұмыс жасаудың маңыздылығын түсінді, пікірлерін еркін айта бастады, соңғы 

ішкі жиынтық бағалау жұмысының нәтижесі артты.

Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі тәжірибемде осы уақытқа дейін мән бермеген 

«елеусіз»  мәселелерге  басқаша  қарауымның  қажеттілігін  түсінуге  себеп  болды.Үнемі 

оқушының пікірімен санасуды, шыдамдылық пен сабырлылылықтың маңыздылығын түсіндім, 

бағалаудан  кейін  оқушылармен  кері  байланыс  жүргізудің  маңыздылығын,  қажеттілігін 

түсіндім. Кері байланысқа келесі сабақты сәтті жоспарлауымның бір аспектісі ретінде қарайтын 

болдым. Оқушыларды бағалау үрдісіне белсенді араластыру сабақ процесінің белсенді, өнімді 

ұйымдастырылуының, нәтижеге жетудің, білім деңгейін арттырудың бір жолы деген ой түйдім.


723

Әдебиеттер тізімі

1.  Екінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2014.

2.  Үшінші  деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2012.

3.  Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі. Оқу жоспары 7-сынып, 2014.

4.  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау.  Мұғалімдерге  арналған  

әдістемелік ұсыныстар. 2014-2015 оқу жылы.

5.  Нурпеисова А.Б.«Критериалды бағалау - сапалы оқу кепілі»

   


 

 

-http://uzdikter.biz/ (4.06.2015)



ВОЗМОЖНОСТИ ЭМОЦИОНАЛЬНОГО ИНТЕЛЛЕКТА В 

ПРОФЕССИОНАЛЬНОМ РАЗВИТИИ ПЕДАГОГА

Сурначёва О. Г.

Центр педагогического мастерства 

г. Караганда

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН



Аңдатпа

Осы  мақалада  тұлға  үшін  сипаттама  жасайтындардың  бірі  ретінде  әсершіл  ой-өрісті 

дамыту  қажеттігі  туралы  айтылады.  Сол  сияқты  өзіңнің  ғана  емес,  сондай-ақ  өзгенің  де 

сезімін  айқындау  мен  түсіну,  өзіңнің  тәртібімен,  адамдармен  қарым-қатынасымен  басқару 

білігі - бұл нағыз көшбасшының бет-бейнесі, ендеше әсершіл ой-өрісті меңгеретін адамның 

бейнесі. Әсершіл ой-өрісі жоқ адамның өткір ой мен жаңа идеяларды жүзеге асыра алатындай 

бастауыш сыныптық дайындығы болуы мүмкін, бірақ ол бәрібір де өзінің сезімімен басқара 

алатын көшбасшыдан ұтылатын болады.

 

Түйінді сөздер: эмоционалды зият, IQ, EQ, критерий, шынайылылық, эмоциялар, стресс.

Аннотация

В данной статье говорится о необходимости развития эмоционального интеллекта как 

одного из составляющего характеристики для лидера. Так как умение выявлять и понимать 

эмоции  не  только  свои,  но  и  чужие,  управлять  своим  поведением,  своими  отношениями 

с  людьми,  это  черты    настоящего  лидера,  а  значит  описание    человека,  обладающего 

эмоциональным интеллектом. Человек, не обладающий эмоциональным интеллектом, может 

иметь первоклассную подготовку, обладать острым умом и бесконечно генерировать новые 

идеи, но он все равно будет проигрывать лидеру, умеющему управлять эмоциями.



Ключевые  слова:  эмоциональный  интеллект,  IQ,  EQ,  критерии,  реальность,  эмоции, 

стресс.


Abstract

In this article refers to the need to develop emotional intelligence as one of the constituent 

characteristics of a leader. Since the ability to identify and understand the emotions of not only their 

own but also other people, control their behavior, their relationships with people, it features a real 

leader, and hence the description of a person with emotional intelligence. A man who does not have 

the emotional intelligence can have a first-class training, have sharp mind and endlessly generate new 

ideas, but he will still play a leader who knows how to manage emotions. 

Key words : emotional intelligence, IQ, EQ, criteria, reality, emotions, stress.


724

5

Термин  «эмоциональный  интеллект»  появился    еще  в  середине  20-го  века,  но 

популярность приобрел сравнительно недавно в 90-х годах, после публикации работы Дэниела 

Гоулмана «Эмоциональное лидерство», в  которой обращает внимание и на то, что не всегда 

наличие  высокого  IQ  дает  возможность  человеку    достигнуть  высоких  результатов  в  своей 

профессиональной  деятельности.  Исследователь  считал,  что  для  лидера  эмоциональный 

интеллект намного важнее для карьерного роста. Он рассматривал необходимость развития 

EQ у каждого человека, занимающего лидерские позиции.

На это обращают внимание и учителя-практики говоря о том, что отличники не все и не 

всегда добиваются хороших результатов, указывают на то, что троечники и даже двоечники 

обходят  после  школы  своих  одноклассников,  однокурсников  в  карьере,  удаче,  жизненных 

благах. Но здесь можно тоже поспорить, не все отличники неудачники и несостоявшиеся люди. 

Мы попробовали разобраться в этой проблеме и ответить на множество вопросов учителей, 

слушателей и самих учащихся, изучив для этого массу литературы.  

Психолог Мария Мелия, так же достаточно известный исследователь в этом направлении, 

считает,  что  вся  причина  в  эмоциональном  интеллекте.  Мы  взяли  за  основу  ее  выводы:  «у 

успешных людей эмоциональный интеллект высокоразвит! И, поэтому, получается, что для 

достижения успеха он намного важнее, чем IQ»[4, стр. 23]. Ученые же Гарвадского университета 

даже утверждают, что «значимость IQ в данном случае составляет где –то всего 20%. А вот 

если человек обладает высочайшим IQ, но его EQ (эмоциональный интеллект) минимальный 

вряд ли он сможет реализовать свой потенциал полностью [7, онлайн].

Этому  подтверждение  мы  часто  находим  во  время  обучения  взрослых  состоявшихся 

людей, учителей, которые все имеют дипломы об образовании и, иногда, немалый стаж работы. 

Наблюдая  за  работой  слушателей,  и,  опять-  таки  опираясь  на  исследования  Марии  Мелия, 

понимаем,  что  эмоциональный  интеллект,  не  может  состоять  только  из  того  определения, 

которое нам дается, а складывается оно из многих составляющих, «понятий, массы разных 

качеств человека, которые иногда трудно определить даже, но которые проявляются в высоком 

уровне понимания себя» [4, стр 27]. Можно еще сказать, что это талант, которым редко кто 

обладает,  это  умение  слышать  и  слушать  свои  эмоции,  в  «умение  принимать  правильные 

решения» [5, стр.88], умение влиять и мотивировать на достижение цели и еще очень много 

других качеств. Ну чем не характеристика модели идеального учителя, о котором мы сейчас так 

часто говорим. Но, наверное, самое важное в эмоциональном интеллекте-умение «адекватно 

оценивать»  себя,  свои  возможности,  свои  «ограничения»  [2,  стр.  44]  .  Чтобы  максимально 

использовать свои сильные стороны и стараться как можно сильнее «нивелировать» слабые 

качества.

Наблюдая за обучением взрослых людей,   неоднократно убеждаемся в правоте данного 

исследования: пришедшие на курсы  «лидеры традиционного образования» в первую неделю 

стараются   занять лидирующее положение в группе, т.е. быть впереди всех, выполнять все 

и сразу самому, порой не дослушав коллег, сделать вывод,  настаивать только на своей точке 

зрения. Все это учителя, в большей своей степени имеющие большой стаж, дающие высокие 

результаты, но, абсолютно не умеющие работать в группе, искать самостоятельно ответы на 

поставленные вопросы, работать не по шаблону. Именно они, всегда требуют дать образец 

выполнения того или иного задания, упражнения. 

Мы провели некоторое локальное исследование, используя тест-опросник определения 

эмоционального  интеллекта  Д.  Гоулмана[3].  Испытуемым  предлагалась  следующая 

инструкция: « Каждый день мы оперируем своим эмоциональным интеллектом - способностью 

максимально использовать свою интуицию и эмоции. Чтобы исследовать эту сторону вашей 

личности, вам предлагаются 42 утверждения. 

Определите, в какой степени вы их разделяете, и выберите формулировку, которая вам 


725

ближе: «верно» - «скорее верно» - «скорее неверно» - «неверно». Не задумывайтесь подолгу 

над каждым вопросом положитесь на интуицию». 

Затем  результаты  подсчитывались  по  ключу,  и  определялся  суммарный  балл  по  всем 

ответам (в диапазоне от 42 до 168 баллов). Это общий эмоциональный коэффициент (EQ). Он 

показывает, как вы используете эмоции в своей жизни

Интерпретация результатов: весь интервал суммарных баллов разбивается на 3 категории: 

средний уровень, низкий уровень. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет