Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет109/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   126

References:

1.  Graham H. Using SPSS to perform t-tests // International Journal of Scientific and Research 

Publications, London, 2015 

2.  Millar R. The role of practical work in the teaching and learning of science//

3.  Paper prepared for the Committee: High School Science Laboratories: Role and Vision,

4.  National Academy of Sciences, Washington, DC, October, 2004

5.  Rachael  M.  Secondary  school  students’  attitudes  to  practical  work  in  school  science  // 

Unpublished PhD thesis // York: University of York, 2012

6.  Rakhee T., Sharma M. A Study of Students’ Attitude towards Physics Practical at Senior 

Secondary level // International Journal of Scientific and Research Publications // Volume 

3 // Issue 8, 2013

7.  Sneddon P. Pupils’ attitudes to practical work in the physical sciences at school //Department 

of Physics and Astronomy // University of Glasgow, 2009

       

 

БАҒАЛАУ ЖӘНЕ  БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ  МӘСЕЛЕЛЕР 

             

Суюндыкова Б. С.

«Өрлеу» біліктілікті арттырудың  ұлттық орталығы АҚ 

Ақмола облысы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді сөздер: Формативті бағалау. Суммативті бағалау. Бағалау мәселелері.

Ключевые  слова:  Формативное  оценивание.  Суммативное  оценивание.  Проблемы 

оценивания.



Key words: Formative assessment. Summative assessment. Problems of assessment.

Аңдатпа

Мақалада замануи бағалау мәселелері қарастырылған. Замануи бағалау жүйесіне шолу 

жасалып, заманауи мектептегі бағалаудың әдіс-тәсілдері көрсетілген. Жас педагог мамандарға 

арналған әдістемелік нұсқаулық ретінде пайдалануға болады.



732

5

Аннотация

В  статье  расмотрены  современные  проблемы  оценивания.  Сделан  обзор  системы 

современного оценивания  и показаны приемы и методы оценивания в современной школе. 

Можно использовать как методические рекомендации для молодых педагогических работников.



Abstract

Тhis article are considered modern problems of assessment. There was made an overview of the 

modern system of assessment and were showed  evaluation methods in modern school. This article 

can be used as methodological recommendations for young teachers.  

Қазіргі  білім  беру  мазмұнында    сапалы  өзгерістер  болып  жатыр.  Соның  бірі-  бағалау 

жүйесіндегі өзгерістер. Мектеп жүйесіндегі бағалау оқушылардың оқуын мектеп және мұғалім 

тарапынан бағаланып жүрді. Мұғалімнің оқушылардың оқудағы табысқа жетуін бағалауы әр 

уақытта нәтижелі бола бермейтінін  мұғалімдер түсіне бастады. Сонымен қатар оқушының 

да  алған  бағаларының    не  үшін  алғаны  өздеріне  түсініксіз  болып  жататыны  педагогтарды 

алаңдатты.

Қазіргі  білім  беру  парадигмасы  өзгерген  шақта  бағалаудың  да  мазмұны  өзгерген, 

оқушының қажеттілігіне, табыстылығына, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, топаралық бағалау, 

критерийлер  арқылы  бағалаулар  ұйымдастырылып  жатыр.  Мұғалімдер  қазір  бағалаудың 

формативті түрін жиі қолданып жатыр. Бұл бағалаудың оқушылар үшін маңыздылығы неде? 

Біріншіден,  оқушылардың  оқуын  жақсартады.  Екіншіден,  формативті  бағалау  –  оқушылар 

оқуын  жеке  тұлғаға  бағыттап  оқу  болып  табылады.  Үшіншіден,  мұғалім  мен  оқушының 

ынтымақтасқан бірліктегі бірлескен, білім алуға бағытталған сабаққа айналады. Төртіншіден, 

оқушы білім алу барысында өзінің жете алмай жатқан жақтарын анықтауға мүмкіндік алып, 

мұғаліммен бірлескен сенімді, шынайы табыс көздерін бірлесе анықтайды, бірлесе жетістікке  

жетуді    жоспарлайды.  Бесіншіден,оқушылар  бүгінгі  күн  сабағының    мақсаты  мен  бағалау 

критерийлерін  білетін болады, мақсат пен бағалау критерийлерді  оқушылар өздері дайындайды. 

Алтыншыдан, оқушы өздері жасаған критерийлердің қаншасын жасай алды, қаншасын жасай 

алмады, оқудағы өз әрекетін, басқа жанында отырған оқушылардың да әрекеттерін   бақылауға, 

бағалауға мүмкіндік ала алады. Бұл бағалауда маңыздылығы! Формативті бағалауда оқушының  

жетіспей жатқан жақтары  бағаланбайды, оқушының жұмысы бағаланады. Білім жүйесінде 

бағалаудың қазіргі жағдайы оқушылардың табысқа жетуіне, білім алуына,өзін-өзі бағалауына, 

өзгелерді  бағалай  алуына  бағытталғандығы  барлық  педагогтарға  белгілі  болып  отыр.  Білім 

жүйесі  оқыту  барысында  өзіндік  өмір  қажеттілігінде  қоданысқа  ие  бола  алатындай  әдіс-

тәсілдердің жүзеге асуына жағдай жасап отыр. 

Ал қазіргі жас педагог мамандардың  оқушылардың оқу білімге деген қызығушылығын 

арттырып  қана  қоймай,  оқушының  оқудағы  күтілетін  нәтижеге  қол  жеткізудегі  жеткен 

табыстарын  әділ  бағалауды  баса  назарда  ұстайды.  Мұғалім  оқушылардың:  оқу  материалын 

меңгеруіне  бағыт-бағдар  беріп  қана  қоймай,  материалдарды,  мәліметтер  мен  ақпараттарды 

өздігінен  жинауға  бағыттап;  Жеке  тұлғаның  интеллектуалдық  дамуын  қамтамасыз  ету, 

шығармашылық қабілеті мен байқалмай, көрінбей, ескерілмей қалған қабілет пен дарындылық, 

таланттылықтарын дамыту мен оқушы өз бойындағы  қабілетінің бар екендігін сезінетіндей 

дәрежеде шынайы, әділ бағалауды  дұрыс ұйымдастыруы қажет деп ойлаймын.  

Роберт Стейк  аспазшы дайындаған сорпаны екі кезеңдік бағалаумен мысал келтіреді: Егер 

аспазшы сорпаның дәмін көрсе - ол формативті бағалау, ал сорпаны  түстеніп ішкен жағдайда 

суммативті  бағалау  болады  деп  түсіндіреді.  Нәтижесінде  формативті  бағалау  ішкі  бақылау 

сапасы,  суммативті  бағалау  шынайы  өмірде  қорытынды  нәтижесін  көрсететін  бағалаудың 

түрі болып табылады деп түсіндіреді. Мұғалім мен оқушының бірлесіп жасаған критерилерін 

бағалау бүгінгі күннің тақырыбы мен мақсатына бағытталуы қажет деп ойлаймын. Мысалы: 


733

Мұғалім мен оқушының бір сабақ бойы дайындайтын критерийлер арқылы бағалауы: 

•  Мұғалім алдымен өтетін тақырыптың бөлімдерін өтпес бұрын сабақтың мақсаты мен 

міндеттерін оқушыларға хабарлайды; 

•  Оқушылардан  бүгінгі  тақырыпта  орындалатын  жұмыс  бойынша  1-2  бағалау 

критерилерін  жазып берулерін өтініңіз

•  Оқушылардың ұсынған бағалау критерилерін тақтаға жазып қойыңыз; 

•  Оқушылардың сіздің ұсынған критерилерді түсінгеніне көз жеткізіңіз;

•  Ұсынылған критерилердің маңыздылығына қарай орналастырыңыз; 

•  Критерилерді талдау барысында қолжетімді, оқушыға түсініктісін таңдап алыңыз; 

•  Осы таңдалған критерилер арқылы бағалауды ұйымдастырған жағдайда оқушылар өз 

қажеттілігін түсінеді, ынталанады, бағалаулары шынай, сенімді, қолжетімді болады.

Дегенмен  де  осы  бағалаудың  мәні  туралы  педагог-зерттеушілердің  ой-пікірлеріне 

тоқталғым  келеді.  Себебі,  зерттеуден  өткен,  өз  нәтижесін  берген  алдыңғы  қатарлы  озық 

тәжірибелерге  сүйене  отырып,  өз  тәжірибесін  жақсартудың  ешқандай  зияны  болмайды  . 

Әлемге танылған озат іс-тәжірибенің алдыңдағы оқушылар үшін табысты болып жатса неге 

пайдаланбаймыз деген мақсатпен С.Мирсеитованың  «Бағалау» терминінің ағылшын тіліндегі 

үш мағынасын өз практикамызда пайдаланып көрейік. 

1.  Бағалау – талдау ретінде қарастырылады. 

2.  Мониторинг бағалау-құрал ретінде қарастырады. 

3.  Бағалау- сандық, мөлшерлік құрал ретінде қарастырады. 

Бірінші  мағынадағы  «Бағалау»  үйренушілердің  жетістіктерін  қарастырып,  білімді    

сандық және сапалық тұрғыдан анықтау деген сөз. Бұл тұрғыда бағалау – үйренушілердің оқу 

жетістіктерін белгілі бір талаптармен (критерийлер, стандарттар, үлгілер, эталондар, идеялар) 

салыстыру,  сол  тұрғыдан  нақты  өлшемдер  (балл,  процент)  көмегімен  оларды  сипаттап 

және тексеріп, соңынан қорытынды шығару. Мұндай түсініктегі бағалау «сыртқы»,қоғамға, 

социумға бағытталады. 

Екінші мағынада, «Бағалау» үйренушілердің жоспарланған нәтижеге жету көрсеткіштері 

ретінде  қарастырылады  (мәселен,  курстық  бірлік  немесе  модуль  аумағында)  мұнда 

оқушылардың дамуы мен өзгерістері олардың әрекеттері арқылы көрсетіледі: эссе, тест, түрлі 

шығармашылық, логикалық жұмыстар оқушылардың оқу нәтижелерін салыстыру үшін қажет. 

Өз жетістіктерін басқалардың білімі мен өзінің кешегі білгенімен салыстыра отырып, үйренуші 

өзінің  қаншалықты  дәрежеде  дамығандығын  айқындап,  жетістіктер  мен  кемшіліктерін,  өз 

білімін әрі қарай қалайша дамыта түсу керектігін анықтайды. Мұндай бағалау ішке немесе 

үйренушінің тұлғасына немесе оқу орнына бағытталады.

Үшінші мағынада «Бағалау» біздің қолданысымыздағы «баға», «баға қою» ұғымымен 

байланыстырылады:  емтихан,  тест,  жазба  жұмысы,  жобаның  орындалуы  немесе  семестер 

нәтижесі бойынша рейтингтік жүйе, балл мөлшері,мысалы, жүз баллдық, немесе сандық жүйе 

(дәстүрлі  бес  баллдық  жүйе),  әріптік  жүйе  (А,В,С,Д,Е)  негізінде  оқушылардың  жұмысына 

қойылған баға деп түсіндіреді.

Ал 2001 жылдың 13-14 қаңтарында Будапеште «Ашық қоғам» институты  (Нью-Йорк) 

және Street Law (АҚШ) білім беру ұйымы ұйымдастырған құқықтық және азаматтық білім 

беру жүйесінде бағалау мәселелеріне арналған семинар өткізілді. Семинарда басты баяндама 

жасаған профессор Дайана Хесс бағалаудың келесі қағидаларын ұсынады. Дегенмен де біздің 

педагогтарымыз осы қағидаларды ескеріп келеді, бірақ жас педагогтарымыз өз тәжірибесінде 

әдістемелік көмек ретінде пайдалануына болады. Бағалаудың алты қағидасын ұсынып отыр. 

Біздің оқушыларымыздың  білім алуын қадағалауда  Бірінші қағида: «Маңыздылық». Бағалау 

үшін  пәннің  (курстың)  ең  маңызды,бағалауға  тұрарлық  күтілетін  нәтижелерін  таңдап  алу 

қажет,  өйткені  бағалауға  уақыт,  күш  және  басқа  да  ресурстар  шығындалады.  Егер  нәтиже 

маңызды  болмаса  (оқытушының  пікірі  бойынша),  онда  оны  бағаламаса  да  болады.  Бағалау 



734

5

бұған қоса күтілетін нәтижеге (тәжірибе, білім, дағды, білік, құндылықтар) үйрену процесінің 

өзін жақсартады. Оқушылар  пәннің (курстың) бағаланатын жақтарына (мезеттеріне) ерекше 

түрде көңіл бөледі. Тәжірибелі оқытушылар бағалау үшін көп нәтижелер таңдамайды, олардың 

қағидасы:  «Майда-шүйдеге  назар  аудармау  керек!  Тек  маңызды  нәтижелер  ғана  бағалануы 

қажет!».Сонымен,  бағалаудың  бірінші  қағидасын  қолдану  үшін  ұстаздың  өзіне  келесідей 

сұрақтарды қойғаны абзал: «Мен үшін оқушы жұмыстарының қандай нәтижелері маңызды 

және  бағалауға тұрарлық? Бұл нәтижелердің (білім, білік, дағды, құндылықтардың) адам өмірі 

үшін маңызы бар ма? Олар өмірде қаншалықты қажет болар екен?». Екінші қағида: «Дәлдік» 

(«Адекваттық»). Өзіміз жоспарлаған нәтижеге қол жеткізгенімізді қалайша білеміз? Бұл үшін 

біз оқушылардың қажетті білім, білік, дағды, құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін 

көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап алуымыз керек. Мысалы, егерде біз мақсат тұтқан 

нәтиже «Оқушыларды тұтынушы құқығын пайдалануға үйрету» болса, онда «Тұтынушының 

негізгі  құқықтарын  атаңыздар»  деген  тапсырмаға  негізделген  тексеру  жұмысы  бағалаудың 



дәл  (адекватты)  құралы  бола  алмайды,  өйткені  құқықтарды  білу  оларды  пайдалана  білуді 

меңземейді. Мүмкін бұл нәтижені тексерудің дәл әрекеті ретінде оқушыларға «Тұтынушылар 

құқықтарын  қорғаудың  әртүрлі  тәсілдерін  қолдана  отырып,  мынандай  проблеманы  (нақты 

проблема келтіріп)  шешіңіздер» тапсырмасын берген дұрыс болар. Сонда оқушылар өздерінің 

үйренгенін нақты әрекеттер арқылы көрсетеді: өздері келіссөз жүргізеді, өтініш немесе шағым 

жазады, сотқа арыз береді.Сонымен, өзіңізге «Оқушылардың мақсат тұтқан нәтижеге жетіп, 



керекті білім мен білік меңгергендігін қандай жаттығулар (әрекеттер) немесе тапсырмалар 

дәл  көрсете  алады?»  деген  сұрақ  қойыңыз.  Үшінші  қағида:  «Объективтік»  («Дәлелділік»). 

Бақылау жұмысын орындаудың    нәтижелерін бағалау – көп жағдайда субъективтік процесс. 

Әртүрлі  адамдар  бір  жұмысты  бағалағанда,  олардың  бірдей  баға  қоюына  қалайша  жетуге 

болады?  Объективтікке  (тұрақтылық,  беріктілік,  шынайылық,  адал,  дәлелділік)  бағалаудың 



нақты талаптарын (критерийлерін) таңдау арқылы жетуге болады. Келесі сұрақтарға жауап 

беріңіз:  Жақсы  орындалған  жұмыстың  белгілері  мен  ерекшеліктері  қандай  болуы  керек?  Ал 



қанағаттанарлық деңгейде орындалған жұмыс ше? Қанағаттанарлықсыз жұмыс қандай болуы 

керек?    Бұл  белгілер  мен  ерекшеліктер  (критерийлер)  басқа  оқытушылар  мен  оқушылардың 

өздеріне түсінікті болар ма екен? Олар шұбалыңқы болмай, дәл және бір мағыналы болып шыға 

ма?

Төртінші  қағида:  «Оқудың  ажырамас  бөлігі».  Егерде  қандай  да  бір  жаттығуды 

(тапсырманы)  бағалау  үшін  қажетті    талаптар  дайындайтын  болсақ,  олар  сонымен  бірге 

бұл  тапсырманы  орындаудың  ережелері  де  болуы  мүмкін,  яғни  нақты  білім,  білік,  дағды, 

құндылықтарға  үйретудің  ережелеріне  айналады.  Демек,  егер  Сіз  осы  талаптар  бойынша 

оқушылардың  жұмысын  бағалаймын  десеңіз,  онда  оларды  бұл  талаптарды  қолдануға 

үйретуіңіз  керек.  Дайана  Хесс:  «Өздеріңіз  үйретпеген  нәрсені  бағалау  әділдікке  жатпайды» 

дейді.  Бағалау  оқу  процесінің  ажырамас  бөлігіне  айналу  керек.  Басқаша  сөзбен  айтқанда, 

бақылау  жұмысының  өзі  де  үйрету  әрекеттеріне  жатады.  Бағалау  мен  үйрену  –  біртұтас 

процесс.Мұғалімнің  өзіне  қоятын  сұрақтары:  Бағалау  талаптары  (критерийлері)  оқу 



процесіне  енгізілген  бе?  Мен  оқушыларымды  бағалайын  деген  нәрселерге  үйреттім  бе? 

Бесінші  қағида:  «Жариялылық».  Бағалаудың  талаптары  мен  тәсілдері  оқушыларға  алдын-

ала  хабарлануы  керек.  Баға  жария  түрде  қойылып,  оқушылар  өздерінің  қандай  білімдері 

және  олардың  қалайша  бағаланытындығын  білуі  керек.  Профессор  Д.Хесс  «Бұл  қағида 

Америка мектептерінде нағыз төңкеріс жасап,  оқыту жүйесін түбегейлі өзгертіп жіберді» 

дейді. Мұғалімдер бағалау жүйесін алдын-ала ойластырып, оны оқушыларға жеткізуі керек 

еді.  Бұл  жәйт  мұғалімдердің  артқа  шегінуіне  жол  бермеді,  өйткені  оқушылар  бағалаудың 

әрбір қағидасы бойынша берілген сұрақтарды мұғалімдердің өзіне де қоя алатын болды. Сол 

себепті де мұғалімдер бағалаудың барлық қағидаларын қолдануға мәжбүр болды. Бағалаудың 

талаптары  (критерийлері)  мен  тәсілдерін  белгілеуге  оқушылардың  өздерін  де  қатыстыру 



735

керек. Мұндай ұстаным бағалауды оқушылардың өзіндік әрекетіне айналдырады. Сонымен, 

келесі сұрақтарға жауап беріңіз: Мен оқушыларға «нені» және «қалай» бағалайтындығымды 

қашан және қалай хабарлаймын? Мен бағалаудың талаптары мен тәсілдерін оқушылармен 

бірлесе отырып белгілей аламын ба?  

Алтыншы қағида: «Қарапайымдылық». Бағалау процесі мен оның формалары қолданыста 

қарапайым және ыңғайлы болуы керек. Бағалау талаптарын оқу процесіне біртіндеп, оқушылардың 

бағалау  құралдарын  игеру  деңгейіне  байланысты    енгізуге  болады.  Бағалау  мұғалімдер  мен 

оқушылардың секемділігін туғызбау керек.

Қазақ  мектебіндегі  оқушыларымыз  бен  мұғалімдеріміз  білім  алу  мен  беруде  оқушы    

табыстылығын бағалауда осы қағидаларға зару болып отыр леп ойлаймын. Қай елдің болсын 

бағалау жүйесі адамдардың келешегі үшін мұқтаж болып отырса, біз өз тәжірибемізде неге 

осы қағидаларды ескермеске?

Бағалау, Балдық Рейтингілік, Балдық жинақтау жүйесі Білім алушының оқу іс - әрекеттері 

тәсілдерін саралау үш деңгей аясында жүзеге асырылады. Критерийлік – бағдарланған шкала 

нақты оқу үрдісі аясында білім, білік және құзырлықтарды берілген деңгейіне қаншалықты 

қол жеткізетіндігін анықтауға мүмкіндік беретін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау 

құралы болып табылады.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуде білім 

берудің белгілі бір деңгейдегі білім беру стандарты аясындағы әрбір пәнді оқытуда орындалатын 

оқу іс - әрекетінің барлық түрінен алған ұпайларын жинау арқылы қол жеткізіледі. Бағаның 

объективтілігі білім алушылардың білімін және олардың іс-әрекеттерінен күтілетін нәтижелер 

жүйесі негізінде оқушының оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау болып табылады. 

Өз жетістіктерін бағалау - өзін-өзі тексеру мен бақылау, өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыда 

бағалау,  қателерді  айқындау  және  оларды  жоюдың  жолдарын  табу,  сондай-ақ  бағалау 

критеррилерін  анықтай  алу  болып  табылатын  білім  алушылардың  өз  іс  -әрекеттерінің 

нәтижелерін алдын-ала өзіндік бақылауы.

Балл  жинау  оқу  жетістіктерін  бағалауды  даралауды  жүзеге  асыруға,  белгілі  бір  уақыт 

аралығында  жинақталған  балдардың  қосындысы  көрініс  табатын  және  оқушының  оқу 

портфолиосы формасы түрінде жүзеге асырылатын білім, білік, дағдыларын мүмкіндіктеріне, 

қалауларына және қабілеттеріне қарай тереңдетуге, кеңейтуге және оның өзінің дамуының жеке 

траекториясын өз бетінше таңдауына мүмкіндік жасайды. Нәтижесінде білім алушылардың 

өздері,  олардың  ата-аналары  және  мұғалімдері  белгілі  бір  уақыт  аралығындағы  жетістігін 

салыстыра отырып, оның жеке даму динамикасын тұрақты қадағалауға мүмкіндік алады. 

Бағалаудың жариялылығы білім алушылар және ата- аналар арасындағы, білім алушылар 

және  мұғалімдер  арасындағы,  ата-аналар  мен  мұғалімдер  арасындағы  психологиялық 

сипаттағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. 

Мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  бағалаудың  сенімсіздік  мәселесін  жоюға  бірден-бір 

көмектесін  жүйелі  зерттелген  ойлар  мен  тұжырымдарды  ескере,  өз  практикасына  қолдана 

білсе, мұғалімдердің бағалау барысындағы мәселелері шешімін таба алады.



Әдебиеттер тізімі

1.  ЖОО интербелсенді әдістерді пайдалану жолдары, құрастырушы: А.Алимов Алматы 

баспасы, 2010. 35-46 б.

2.  «Методическое пособие для тренера. Программа «Street Law». Сост. Мухтарова А.К., 

Булуктаев Ю.О., Калинина А.А., Асанбекова Г.С. – Алматы: Фонд «ХХІ век», 2001. 

-58-59 с.

3.  Оценивание  учебных  достижений  учащихся.  Методическое  руководство 

Құрастырушылар: Шакиров Р. Х.,Буркитова А. А.,Дудкина О. И. 2012,  14-18 с., 51-54 с. 



736

5

ӨМІР БОЙЫ ОҚЫП-ҮЙРЕНУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ

МЕН ӨМІРШЕҢ ҰСТАНЫМ

Сыздыкбаева Р.Г, Абильдаева Г.С., Ангаралиева П.Б.

Педагогикалық шеберлік орталығы 

 А.С.Пушкин  атындағы №1 мектеп-гимназиясы, 

Шымкент қаласы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Аңдатпа

Бұл    мақалада  сындарлы    оқытудың,  сыни  тұрғыдан  ойлаудың  заманауи  қоғамдық  

қажеттілік    екендігіне    мән  берілген.  Мәселеге  үш  қырынан:  Елбасы  тапсырысы,  қоғам  

сұранысы, ата-аналар үміті  тұрғысынан ойтолғау  жасалған. Функционалдық сауаттылыққа 

үйрету  мен  заманауи  мектепті    дамытудың  бірден-бір  жолы-сындарлы    оқыту    екендігіне, 

осы    үдерісте  оқушы    мен    мұғалімдердің    өзіндік  қызметтеріне  алдыңғы    қатарлы  мектеп  

мұғалімдерінің тәжірибесіне  сүйене отырып  қорытынды жасалған.  

Аннотация

В этой статье внимание акцентируется на актуальности обучения критическому мышлению. 

Проблема рассматривается с трех сторон: задание главы государства, общественный  опрос, 

ожидания  и  надежды  родителей.  Дается  детальный  анализ  путей  обучения  критическому 

мышлению с помощью функциональной грамотности и развития учеников, а также  подробно 

рассматривается процесс деятельности учителя и ученика. Выводы по данной работе сделаны 

на основе анализа работы учителей ведущих школ. 

Аbstract

This article is based on the actuality of teaching critical thinking. This problem is concerned 

on the task of the President, the social demand and parents` hopes. The detail analyze is given to the 

ways of teaching critical thinking through using functional literacy and pupils` development and also 

entirely studied the process of teacher and pupils` activity. Conclusions of this article were done on 

the basic schools` head teachers` work.

Қазіргі таңда білім  беру жүйесіне, соның  ішінде, мектепке қойылып  отырған  талап 

күшті  болғандықтан,  оның  түлегіне  қойылатын  талап  та  уақыт    өте    өзгеруде.  Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан- 2050: Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «Мектеп 

түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың 

сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген 

талап қойса, қоғам заманауи  білімді, өздігінен  шешім  қабылдай  алатын, ынтымақтастыққа 

бейім,  зеректігімен,  жылдам  әрекет  ететіндігімен,  құрастырушылығымен    ерекшеленетін, 

ел    тағдырына    жауапкершілік    сезімі    дамыған,  құлықты    адамдарды  қажет  етеді,  ал  

мемлекеттің  ұяшығы-  отбасындағы  ата-аналар өз  балаларынан мықты  біліммен қаруланған, 

эрудициялы, кәсіби  бағытталған, шешім қабылдай  алатын, өз мүмкіндіктерін  өзіне  және  

өзінің  айналасындағыларға пайдалырақ жағынан  іске  асыратын, үнемі  табысқа  талпынатын  

тұлғаны  көргісі  келетінін баяндауда. Сонда   бәрінің ортақ  мақсаты-қазіргі заман талабына 

сай бәсекеге қабілетті, білімді, салауатты, құзыретті тұлға қалыптастыру.

 Қазақстандағы  білім  беруді  дамыту  үшін  маңызды   болып  табылатын  қазіргі  ең  басты  

педагогикалық  түсінік-сын  тұрғысынан  ойлау, яғни  «ойлау  туралы  ойлану».  Бәсекелестік   

қарқындап  тұрған  әлем  аренасында  сол  бәсекелестікке   қарсы  тұра  алатындардың  жалғыз  



737

тығырықтан    шығар    жолы  –  қисынды,  сыни      ойлау    мен    озық    тәжірибелерді    орынды  

қолдану,тарату, ұлттық  құндылықтармен  байланыста  дамыту   деп  ойлаймыз. Сыни  ойлау 

- сұрақтар    қойылатын, идеялар  ойластырылып, түсіну, растауға, ой-сана мен  сезімдерді  

жандандыруға  бағытталған  талдаулар  жүргізілетін, ойлау  үдерістері туралы  ой  қозғалатын, 

оқыту    дараландырылатын,  өнегелік    маңызы    бар  құндылықтар    келісілетін    қызмет.  Біз  

ақпараттық  технологиялармен  қозғалып  жатқан  ғаламат  ұйымдар  эрасына  енудеміз. Соны  

да  ұмытпауымыз  керек.    

Қазақстан  2014-2015 оқу  жылында  pISA - оқушылардың білімі  мен  білігін  бағалаудың  

халықаралық  бағдарламасы бойынша  білім  көрсеткішін  тағы  да сынады. Мұны Экономикалық  

ынтымақтастық  және даму  ұйымы  (ЭЫДҰ) жүзеге   асырады.  Мұнда оқу  сауаттылығы 

,  математикалық    сауаттылық      және  ғылыми-жаратылыстану    сауаттылығы    бағаланады,   

түйінді  мәселесі - «жалпыға  міндетті білім  алған  15  жасар  оқушы  қоғамда  толыққанды  

қызмет  ету  үшін  қажетті  білім  мен  білікке  ие  ме?».  2009 жылы оқу   сауаттылығына 

назар  аударылды  да, алғаш  рет  қатысқан  Қазақстан   зерттеу  нәтижесі  бойынша  65  елдің  

ішінде  58-орында болған. Сол  кездегі   зерттеу  нәтижелері  бойынша  15 жастағы  оқушылар   

қажетті  ақпаратты  алуда  және  автор  мәлімдемесін  талдап  беруде  салыстырмалы  ептілік,  

ал  оқығаны  бойынша  өз  пікірін  білдіру,  мәтінде  хабарлағанды өз  тәжірибесі   мәнмәтініне  

қосу, автор жаңалығына  сыни  тұрғыдан  қарау біліктіліктері  бойынша  әлсіз  болып  шыққан. 

Жалпы білім  беретін мектеп  мұғалімдері, біздер, осыған  қатысушыларды  мықты  пәндік  

біліммен      қаруландырғанбыз,  бірақ  сол  білімді  шынайы,  өмірлік    жағдаяттарда    қолдана  

білуге үйретпеген болғанымыз ғой. Осындай зерттеулер   нәтижелерінен бірқатар  мәселелерді  

қайта    қарауға    тура    келеді.  Бұл-кәдімгі    функционалдық  сауаттылықтың  төмендігі.  Ал 

функционалдық  сауаттылық   дегеніміз – сыртқы ортамен  қарым-қатынасқа  түсу, бейімделу  

және жылдам  қалыптасу  қабілеті. Жоғарыдағы  кемшіліктерді жою мақсатында  Қазақстан  

Республикасы    Үкіметінің  25.06.2012ж.    №832    қаулысымен    бекітілген    «Оқушылардың  

функционалдық  сауаттылығын  дамыту жөніндегі 2012- 2016 жылдарға  арналған  ұлттық  

іс-қимыл жоспары»  жасалды.  Ал  ол, өз  кезегінде,  білім  беру  мекемелеріндегі  бірқатар  

реформаларға  итермеледі.

Сонда  мектеп  жүйесінде  оқу мен оқытуды  қалай  жақсартуға болады? 

Осы  мәселеге жеке  мұғалім  тұрғысынан  келейікші. Бұл жерде:



•   мұғалімдер  өз  жұмысындағы  кемшіліктерін  түсінуі  керек;

•  озат әдістемелерді  түсініп, меңгеруі  керек;

•  өз  жұмысын  жақсартуға  деген  қызығушылық  болып, белсене әрекет    етуі  керек.

Нәтиже    болуы    үшін    осы    үшеуінің    бір  уақытта    іске  асуына  қол    жеткізу      керек. 

Әсіресе,  мұғалім өзінің  әлсіз   жағын  өзі  түсінбейінше, өз тәжірибесін  озат  тәжірибелермен  

қаруландырмайынша,  табысқа  жетемін  деген  сенім  күңгірт  болатыны  даусыз. Әлемдегі 

білім көрсеткіштері жоғары ,  алдыңғы  қатарлы  елдер  тәжірибесіне  сүйену де  артық  емес.

«Білім, ғылым, инновация» үштігі  билеген  әлемге  қарай  қарқынды  бет  алу  керек. 

Елбасымыз  Н.Назарбаевтың : «...Жаңа  идеялар тудыра  білу  қабілеті- міне, осы  ғана  қандай  

да  бір  елдің   ғаламдану  жағдайында  алатын   орнын  анықтайтын  болады.  Сондықтан 

қазақстандық өскелең  ұрпақ  бәсекеге  қабілетті  білімге  ие болуы  керек», - деген сөзі  қазіргі  

кезеңдегі  мұғалімдерді   деңгейлеп   оқыту  үдерісіне  меңзеп тұрғандай. Білім  беру  кеңістігінде 

болып жатқан  3 деңгейлік  біліктілікті  көтеру  курстары  авторларының  идеясы –  сабақ беру  

туралы  конструктивистік (құрастырушылық ) түсінік. Бұл теория  бойынша оқушылар  білімінің  

табысты  өзін- өзі  құрылымдауы  және  өзінен-өзі  өсуі  үшін  педагогикалық  жағдай  жасауға 

болады. Мұндағы  құрастырушы – мұғалім   сабақ  беруші  емес , ол  оқушылардың мәселеге 

бағытталған  зерттеушілік, оқу-танымдық іс-әрекетінің  кеңесшісі,  ұйымдастырушысы  және 

үйлестірушісі. Ол  оқушылардың  өзіндік ақыл-ой  әрекетіне  жағдай  жасайды  және  олардың  

бастамасын  мейлінше  тыңдайды. Жақсы  бастама.  Заманауи  өркениет     игілік   пен   адам  


738



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет