5
Lesson Study и Action Research, проводится обмен информацией по наработкам в этих вопросах.
Следует отметить что Lesson Study и Action Research является основой работы педагогов
сетевого сообщества, и на него следует обратить особое внимание. Проектируя работу по
стратегии Lesson Study, необходимо заострить внимание на то, что это работа учителей разного
предметного цикла, и в каждой группе может быть, как опытный учитель, так и молодые
педагоги. Следует указать что в основе работы такой группы является именно изучение урока,
изучение факторов, влияющих на его успешность, и действий, направленных на достижение
конечного результата. Группа должна иметь четкое понятие о том, что результаты работы по
исследованию урока должны обязательно предоставляться широкому кругу педагогической
общественности. Кроме этого Lesson Study – это циклический процесс, он может состоять
из нескольких циклов изучения урока одного педагога в группе, затем другого, и так далее.
В сетевом сообществе рекомендуется создать группу Lesson Study из педагогов разных
школ. Такая группа будет иметь ряд преимуществ перед группой учителей из одной школы.
Во-первых, учителя будут знакомиться с методикой преподавания учителей других школ, во-
вторых ознакомятся с традициями проведения педагогических форумов в других школах. Уроки
будут проходить в режиме on-line, с применением вышеперечисленных средств современного
мультимедиа. После проведения урока, устраивается совместное интернет – обсуждение, на
котором педагоги договариваются о формах и методах мониторинга успешности урока, педагог
проводивший урок проводит запись анкетирования, снимки работ учащихся. Готовит материал
для анализа успешности предложенных к уроку стратегий. В сообществе учителей выбираются
педагоги, которые на своих уроках будут осуществлять систему Action Research. Исследование
в действии способствует решению конкретных педагогических задач учителя. Педагог, из
общего числа вопросов выделяя, малый, конкретный и практический вопрос, исследует его и
решает. Результаты его работы становятся достижением каждого учителя сообщества. Кустовое
сообщество школ района подразумевает объединение не только педагогов, но и учащихся. В
план работы сообщества включается проведение on-line семинаров, круглых столов, диспутов,
дебатов для учащихся, совместное – командное участие в интернет олимпиадах, в том числе
и КИО. Кроме этого предусматриваются встречи учащихся школ сообщества на спортивных,
интеллектуальных и культурных мероприятиях. Вся деятельность куста школ координируется
работой районного сетевого сообщества. Координатор района организует регулярные встречи
методистов района, планирует к рассмотрению необходимые вопросы, осуществляет выезды
в школы района. Методисты района делятся своими наработками, результатами исследований.
Заключительный этап цикла – этап рефлексии является не менее важным, чем остальные.
Дважды в год координатор работы района организует отчетные встречи представителей
районных объединений, с приглашением специалистов из ЦПМ, районных отделов образования,
на которых подводятся итоги и проводят мониторинг успешности работы сетевых сообществ.
Учителя школы, где проводятся встречи, дают открытые уроки, проводят коучинги, организуют
выставки. Заслушивается мнения всех участников общеобразовательного процесса. По итогам
встречи готовят рекомендации, составляется планирование работы на следующий отчетный
период.
5. Итогом работы сетевого сообщества «куста» школ района должен быть определенный
конечный результат. Во-первых, это реальный рост качества знаний учащихся школ района.
Значит должна быть продумана рейтинговая система учета изменения качества знаний учащихся
школ до сообщества, и во время применения определенных педагогических стратегий. Во-
вторых, у учеников должна вырасти функциональная грамотность, повыситься внутренняя
мотивация учения. Для этого члены педагогического сообщества должны большое значение в
своих исследованиях уделить этому вопросу. При отсутствии в некоторых школах материально-
технической базы для проведения лабораторно-практических работ, формирующих
817
функциональную грамотность учащихся, продумать как осуществить подвоз детей для
проведения таких работ в школах сообщества. Для повышения внутренней мотивации учения,
в планирование воспитательной работы школы обязательно ввести совместные мероприятия
школ сообщества, приглашение из других школ занимательных людей, специалистов, ветеранов
педагогического труда. Для полноценного функционирования сообщества учителей района
необходимо создания персонального сайта сетевого сообщества. Для этих целей подойдет
бесплатный хостинг, предоставляемый системой ucoz. (http://www.ucoz.com/) Используя
интуитивно понятный интерфейс системы, можно за короткое время создать и зарегистрировать
сайт сообщества школ района. На страницах сайта можно поместить информацию для работы
сообщества (задания, расписания, сообщения), опубликовать результаты мониторинга школ
или результаты исследований, можно вести рубрики начиная от Lesson Study и Action Research,
до информации для родителей. Функциональное эффективное сетевое сообщество «куста»
школ района в значительной мере решает проблемы малокомплектных школ, способствует
приобщению всех педагогов школ к Программе обновления содержания среднего образования
в Казахстане.
Список использованной литературы
1. Назарбаев Н.А. Нұрлы жол - путь в будущее. Астана: Послание Главы государства
народу Казахстана, 2014
2. Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. Киев: Радяньска школа, 1973
3. Сухомлинский В.А. Павлышская средняя школа . М.: Просвещение , 1969
4. Худяков Р.В. Сетевое сообщество сертифицированных учителей – путь к повышению
профессионализма. http://zkoipk.kz/confnis3s/791-conf.html (05.09.15)
5. Дадли Пит. Lesson Study UK. Pete Dudley, 2011
СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫҢ
ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ТИІМДІЛІГІ
Шаймерденов С. Д.
Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебі
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: педагогикалық технология, сыни ойлау, сыни ойлау стратегиялары,
түйінді ұғымдар, тиімді оқыту тәсілдері.
Ключевые слова: педагогическая технология, критическое мышление, стратегии
критического мышления, ключевые понятие, эффективные приемы преподавания.
Keywords: pedagogical technology, critical thinking, critical thinking strategies, key concepts,
effective methods of teaching.
Андатпа
Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып
табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сондықтан бұл мақалада тарих сабақтарында
білім сапасын көтеруде сын тұрғысынан ойлаудың тимділігі туралы айтылады.
818
5
Аннотация
В данной статье рассматриваются проблемы повышения качества образования через
обучение навыкам критического мышления на уроках истории. Критическое мышление
в современной педагогике является одним из ключевых понятий и потому, актуальных для
усовершенствования процессов преподавания и обучения в Казахстане.
Abstract
This article discusses the problem of improving the quality of education through teaching critical
thinking skills in history lessons. Critical thinking in modern pedagogy is one of the key concepts,
and therefore relevant to the improvement of teaching and learning processes in Kazakhstan.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін
өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.
Стронг
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау
қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер
мен мектептер, мұғалімдер үшін маңызды болып отырған маңызды мәселе: «ХХІ ғасырда
нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» [1,5-
б.]. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының
деңгейлік бағдарламасы осы екінші мәселені шешуге бағытталған. Бүгінгі күні Қазақстандық
білім беру жүйесіне сындарлы оқыту теориясының енгізілуі – игілікті істердің бірі болуда. Ел
ертеңі бүгінгі жас буынның қолында. Ал олардың білімді азамат болып өсуі үшін ең алдымен
білікті ұстаздар ауадай қажет. Осыны ескерген үкімет басындағылар білім беру жүйесін
жаңғыртуға және мұғалімдер мәртебесін көтеруге айрықша маңыз беруде. Білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асыруда.
Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық
психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу
қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген [2,6-б.]. Тарих пәні мұғалімдерінің
міндеті – мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру,
осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты бағдарламасын іске асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ Қазақстанның
байлығына ие болатындар, сол байлықты өз иелігіне жұмсайтындар, сөз жоқ, қазіргі мектеп
қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз екеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Мұғалім
ретінде менің де алдыма қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен
білім берумен қатар, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты
ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын
таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша,
жазбаша жинақтап баяндай білу арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіру – әрбір ұстаздың
абыройлы борышы. Еліміздің білім беру жүйесіндегі жаңа өзгерістер болып жатқанда әр
ұстаз өзінің білім беру жолында міндетті түрде түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып
819
жатады. Бірақ ол әдістер кейде тиімді, кейде тиімсіз болады.
Нарықтық экономика шарттарында дамып жатқан біздің қазіргі білім, алдымен
оқушыларға деген мұғалімнің педагогикалық әсері: қазіргі заманыңдағы өмір шарттарына
бейімделген; бәсекелестікке қабілеттілігі; шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны
қалыптастыруға бағыттау қажет. Оқушылардың тарих сабағында шығармашылық қабілеттерін
дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет. Оқыту технологияларының
құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар,
оқушы, оқытушы, нәтиже.
Жаңа технологиялардың негізгі қағидалары:
• балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
• оқу мен тәрбиенің бірлігі;
• баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
• баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
• әр оқушының , оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
• барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және
дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын
қалыптастыру болып табылады. Мен де өз еңбек жолымда бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданып
көрдім. Солардың ішінде мен үшін ең тиімдісі сыни тұрғысынан ойлау болып табылады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім
берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С.
Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. В. Выготский теорияларын басшылыққа
алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,
екі ұйғарым - бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Тарих сабағының педагогикалық технологиялардың түрлеріне тоқталатын болсақ белсенді
қолданатындар бұл жобалау, пікірсайыс, мәселелік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту
және басқалары. Cыни тұрғыдан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау
тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас
балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы
шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында
көз жеткіздік..
Сын тұрғысынан ойлау - бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау,
талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа
технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық
айтуға, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн
талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп,
көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Көп ақпаратты талдай,
жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау қызушылықты
ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезендерінен тұрады
Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа
білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы
оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау,
ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін
«Жұпта талқылау» стратегиясы, «Топтау», Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы
басқа әдістер жинақталған.
820
5
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін , ынта-
жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен
талқылайды. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Және де жаңа білім жайлы
ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
«Мағынаны тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша
жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік
көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін
оқу стратегиялары бар. Соның бірі ІNSERT. Ол бойынша оқу тақырыбымен яғни тақырыппен
танысу барысында,
Y- білемін;
- -білмеймін;
+ - мен үшін жаңалық;
? –мені таң қалдырды;
белгілерін қоя отырып, оқу тапсырылады. ІNSERT- оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық
етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте
сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-
желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны
тануды жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпараттарды өз бетінше
меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге машықтанады. Сондай-ақ, әдістің
тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті
етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы сауатты оқырман қалыптастыру
мүмкіндігі туады.
«Ой толғаныс» кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын
ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан
гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды
әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап , оны
қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрен
жолына қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді.
Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау
алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн көрсетілімі», «Еркін
жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы» осы сияқты стратегиялар әр
сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолданылады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт:
1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
5. Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын
талап ету.
6. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал, оқушыларға байланысты:
• сенімділікпен жұмыс жасау;
• бар ынтасымен оқуға берілу;
• пікірлерді таңдау, құрметтеу;
• өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
821
Тек сонда ғана олар:
• мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
• осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
• маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті деген сауалдар төңірегінде ойлауға
үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты –оқытуды оқушыға
бағыттау. Осы орайда ең бастысы оқыту философиясы түбегейлі өзгереді. Оқыту үрдісінде
алдымен оқыту мақсаты, оқыту мазмұны және сабақ құрылымы мен формалары өзгереді.
Және де Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бойынша оқыту үрдісінде оқушыны - басты тұлға
деп алып:
• оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастырамын;
• оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қоямын, нәтижеге жетемін,
• жеке тұлғаның танымдық әрекет иесі болуы;
• мұғалім мен оқушы арасындағы тең құқылы қарым-қатынасты қолдаймын;
• кәсіби деңгейім дамып, жаңашыл мұғалімнен зерттеуші ұстазға айналдым;
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі мынадай
болды:
• сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады;
• ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады;
• бұрынғы білімдеріне білім қосады;
• микроклимат өзгереді;
• оқушылардың жауапкершілігі артты;
• күтпеген өзгерістер болу үшін стандартты емес тәсілдер қолдандым;
• мен күтпеген өзгерістер болды;
• проблемалық ситуациялар туғыздым;
• оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастады;
• өзім де өзгердім, көп оқимын, балалардан үйренемін, бірге жауап іздеймін, бірге
оқимыз, бірге дамимыз.
Қорыта келе айтарым, мұғалім ізденісі білім кепілі. Демек жаңа техноло-гиямен
қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады. Жаңа технологияны
білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын арттыруға
көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың
ұлт болып қалуының кепілі.
Әдебиеттер тізімі
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші деңгей. Екінші басылым. 2014.
2. Қазақстан Республикасының Білім Заңы. 2007 жылғы 27 шілде.
3. Қазақстан тарихы – әдістемелік журнал. Алматы, 2010-2015жж.
4. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
bilimdiler.kz/.../1569-syn-turgysynan-oylau-arkyly-okytudyn-tiimdil...
822
5
КЕРІ БАЙЛАНЫС ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ
КОМПОНЕНТІ РЕТІНДЕ
Шакимова Д. Д.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық өлшеулер орталығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: кері байланыс, формативті бағалау, эксперт, тренер, кәсіби сұхбат.
Ключевые слова: обратная связь, формативное оценивание, эксперт, тренер,
профессиональная беседа.
Keywords: feedback, formative assessment, expert, trainer, professional conversation.
Аңдатпа
Аталған мақалада бүгінгі таңда еліміздегі білім беру саласында қолданысқа енген
формативті бағалаудың маңызды компонентінің бірі кері байланыс мәселесі қарастырылады.
Деңгейлі бағдарлама аясында курстан өтіп жатқан мұғалімдердің және тренингтерді жүргізіп
жатқан тренерлердің тәжірибесінде кері байланыстың ауызша және жазбаша түрлерінің
қолданылу деңгейі жайлы баяндалады.
Аннотация
В статье рассматривается использование обратной связи в практике тренеров для
формативного оценивания учителей на уровневых курсах повышение квалификаций педагогов
Республики Казахстан.
Abstract
The article examines the use of feedback for formative assessment of teachers by the trainers
within the Program of leveled courses of teachers` professional development in the Republic of
Kazakhstan.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мұғалімдердің кәсіби дамуы саласындағы жаңа көзқарасы
Қазақстанның білім беру жүйесіне оң өзгерістер енгізуге зор мүмкіндіктер тудырды. Бүгінгі
таңда мемлекет басшысының тапсырмасына орай «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің Білім беру факультеті бірлесе
әзірлеген деңгейлі бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында Кембридж университетінің Білім
беру факультеті мен Халықаралық Емтихан кеңесі және Педагогикалық шеберлік орталығы
мен Педагогикалық өлшеулер орталығы арасында стратегиялық әріптестік, ал мұғалімдер,
тренерлер, эксперттер арасында өзара әрекеттестік орнаған. Аталған ұйымдар мен тұлғалар
арасындағы өзара әрекеттестік пен әріптестік анық және ортақ кәсiби құндылықтарға, бiлiм
және түсiну, дағдылар мен тәжірибеге негізделген. «Осы әрекеттестік негізінде оқушылар
мұғалімдерінен көмек алады, мұғалімдер өз кезегінде Кембриджден қолдау тауып отырған
өздерінің тренері мен экспертінен көмек алады» [1, 7-б.].
Тренердің өз стандартына сәйкес болуы үшін оның оқуы мен практикасын қолдап,
дамыту мақсатында эксперт өзіне бекітілген тренерлер тобының педагогикалық практикасын
формативті бағалау үдерісін жоспарлайды.
Формативті бағалау мәселесін зерттеушілер Брангерт-Драунс, Кулик пен Морган және
823
Элавар мен Корно өз жұмыстарында: «формативті бағалау – оқушылармен кері байланыстың
үзіліссіз легі», «оқушының алға жылжуы үшін жеткілікті ақпараттың болуына байланысты
өзінің жеке ақтаңдақтарын білуіне көмектесетін орынды комментарийлер және анық та
түсінікті ұсыныстар» деп түсіндіреді [2, 37-б.].
П. Блек пен Д.Уильям «Черный ящик: что там внутри? Оценка знаний учащихся как
способ повышения эффективности учебно-воспитательного процесса» деген еңбектерінде
формативті бағалаудың келесі компоненттерін ұсынады:
• мұғалімнің оқушымен тиімді кері байланысты қамтамасыз етуі;
• оқушының өзінің жеке оқу үдерісіне белсене араласуы;
• бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқу үдерісін түзету;
• өз кезегінде оқуға маңызды әсер ететін бағалаудың оқушылардың мотивациясы мен
өзін-өзі сыйлауына терең ықпал ететінін мойындау;
• оқушылардың өз білімін дербес бағалай алуы [2, 14-б.].
Жоғарыдағы зерттеушілер атап көрсеткендей, кері байланыс әрекеті тиімді оқытудың
негізі болып табылатын формативті бағалаудың маңызды компоненттерінің бірі.
• Мұғалім (оқушы) үшін – жеке жетістіктері мен білім алудағы олқылықтарды сезінуге
көмектесетін және алға жылжуға бағыттайтын нақты ұсыныстар үшін алынған
ақпараттар;
• Тренер (мұғалім) үшін – оқытудағы олқылықтарды түсінуге және өз іс әрекетіне
(жаңа әдістер таңдау, оқыту техникасы, сабақ кезеңдерін бөлудегі өзгерістер және
т.б.) өзгерістер енгізуде көмектесетін ақпараттар алу.
Тренерлер мұғалімдердің, эксперттер тренерлердің алға ілгерілеуін қадағалай отырып,
оқу мен оқытудың барлық сатыларында және бағалау кезеңінде ауызша және жазбаша түрде
қалыптастырушы кері байланыс ұсынады.
Кері байланыс түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |