Білу және түсіну критерийі негізінде құрастырылған дескрипторлар:
0
- Қысқа мерзімді жоспарда сабақтың мақсат міндеттерін қалай анықтау керектігін
біледі. 1- сабақтың мақсат міндеттерімен қоса жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың
қалай оқыйтынын білетінін
көрсетеді 2 -
Қысқа мерзімді жоспарда сабақтың мақсат,
113
міндеттеріне сәйкес тапсырмаларды, жарамды материалдар мен дереккөздерді таңдайды.
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың қалай оқыйтынын (атап айтқанда дарынды және
талантты балалар т.б.), оқушылар оқуда табысты болу үшін сабақты қалай жоспарлау және
бағалау керектігін біледі.
3 - өлшемімен бағалау үшін
қысқа мерзімді жоспарда сабақтың мақсат,
міндеттеріне сәйкес тапсырмаларды, жарамды материалдар мен дереккөздерді көрсетілуі;
жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың қалай оқыйтынын(атап айтқанда дарынды және
талантты балалар т.б.), оқушылар оқуда табысты болу үшін сабақты қалай жоспарлау және
бағалау керектігін түсінуі; оқушылардың дамуына ықпал ететін факторларды (әлеуметтік,
эмоционалдық, танымдық) білуі қажет.
Бағдарламаның негізігі идеясын қолдану критерийінің дескрипторлары:
0 -
Сабақтың
мақсат міндеттері көрсетілген қысқа мерзімді жоспарын ұсынады. Оқушының оқыту мен
оқу үрдісінде жеткен жетістігін дәлелдемесіз сипаттайды
1 - Сабақтың мақсат міндеттері
көрсетілген қысқа мерзімді жоспары мен оқушылардың оқыту мен оқу үрдісіндегі жетістігінің
дәлелдемелерін ұсынады. (фотолар, видео, жазба жұмыстары, интервью т.б.) Оқушылардың
жұмысын бақылайды
. 2 -
Сабақтың мақсат міндеттері көрсетілген қысқа мерзімді жоспар,
оқушылардың оқыту мен оқу үрдісіндегі жетістігінің дәлелдемелерін ұсынады (фотолар,
видео, жазба жұмыстары, интервью т.б.) оқушылардың жұмысы бақылайды
.
3 - қысқа мерзімді
жоспарда сабақтың мақсат, міндеттеріне сәйкес тапсырмаларды,жарамды материалдар
мен дереккөздерді таңдай алады,. сабақ уақытын ұтымды пайдалана алатынын көрсетеді.
Оқушылардың оқыту мен оқу үрдісіндегі жетістіктерін көрсететін дәлелдемелер ұсынады.
(видео, фотосуреттер, жазба жұмыстары т.б.). оқушылармен ауызша, жазбаша әректеттестікті
қамтамасыз ете алады
Рефлексия (түйінді критерий 3) бойынша бағалауда қолдануға болатын дескрипторлар:
0
- Оқушының оқыту мен оқу үрдісінде жеткен жетістіктерін дәлелдемелер көрсетпей
сипаттайды 1 - оқушылардың оқыту мен оқу үрдісіндегі жетістігінің дәлелдемелерін (фотолар,
видео,интервью жазба жұмыстары т.б.) сипаттайды. 2-оқушылардың оқыту мен оқу үрдісіндегі
жетістігін дәлелдемелері көрсетіліп, оқушылардың жұмысын бақылау арқылы қорытынды
жасайды. 3 - берілген дәледемелер негізінде оқушылардың жұмысын мұқият бақылай отырып
талдайды, талдау негізінде қорытынды шығарады.
Қойылған өлшемдердің арифметикалық
ортасы есептеліп, бүтін сан проформаға қойылады.
Оқушылардың оқуының табыстылығын критерийлер мен дескрипторлар арқылы бағалау
бағалаудың сенімділігі, жеткіліктілігімен қатар, дәлелдемелердің практикалық аспектісін
толық қамтиды.
Қорыта келе 3 (базалық) деңгей мұғалімі таныстырылымы «Оқушылардың оқуының
табыстылығы дәлелдемелері қаншалықты сенімді» компонентін бағалау бойынша
критерийлер мен дескриторларды бағалау үрдісінде қолдану бағаның әділдігін қамтамасыз
етеді. Мұғалімнің кәсіби білімі мен түсінігін, бағдарлама идеясын өз тәжірибесінде қалай
қолданғаны бойынша дәлелдемелерді анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылардың оқуының
табыстылығы дәлелдемелерін нақты анықтап, шынайы бағалауға, сонымен қатар тәжірибені
жетілдіру бағыттары бойынша кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі
1. Деңгейлік курстарды бағалау рәсімдеріне шолу. Астана. ДББҰ «Назарбав Зияткерлік
мектептері», 2013.
2. Мұғалімдерді бағалау қағидалары Үшінші (базалық) деңгей, 2013.
3. Бағалау жабдықтары Үшінші (базалық деңгей), 2014.
4. Бағалауға арналған нұсқаулық. Астана. ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2012.
114
5
5. http://www.myshared.ru/slide/186730/
6. Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе. Пермь, 2014.
7. Чернобельская Г.М. Методика обучения химии в средней школе. Москва, 2000.
ЖАҢА МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУ КЕЗЕҢІНДЕГІ АТА- АНАЛАРМЕН
ТИІМДІ ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Байтелиева Н.С, Балакина Н. В, Магай И. Г.
Физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тараз қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Бұл ғылыми баяндамада жаңа мектепке бейімделу кезеңіндегі ата- аналармен жұмыс
жасаудың тиімді бағыттары мен жолдары қарастырылды. Сонымен қатар оқушы бойындағы
әлеуметтік- психологиялық бейімделу процесі ғылыми тұрғыда түсіндірілді. Назарбаев
Зияткерлік Мектебіндегі ата- аналармен ынтымақтастық әрекетінің кейбір параметрлері
қысқаша айтылып, ата-аналарға жүргізілетін психологиялық ағарту жұмыстарының теориялық
жақтары сипатталып өтті. Ғылыми баяндама ата- ана мен мектеп әрекетінің тиімділігіне
бағытталған.
Аннотация
Данная научная статья освещает вопросы, касающиеся периода адаптации учащихся к
новой школе и пути её преодоления через работу с родителями. Объясняется научный подход
к социальной и психологической адаптации в ходе образовательного процесса. Чётко и
кратко описана просветительская работа психологической службы с родителями Назарбаев
Интеллектуальной школы. Научная статья направлена на эффективную форму работы школы
с родителями.
Abstract
This article reveals issues of an adaptation period for a new school and its ways to overcome
difficulties working with parents. The article explains the use of scientific approach in social and
psychological adaptation during the learning process. It gives a concise and clear description of the
work of psychology service with parents. This research is aimed to organize effective ways of the
school working with parents.
Бүгінгі жаһандау ғасыры өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, болашағына жөн сілтеу-
бүгінгі күн тәрбиесіндегі бірден – бір қажетті, кезек күттірмес мәселе. Ұлтымыздың бүгіні де,
болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.
Ата- ана бала тәрбиесіндегі ең маңызды функция болып табылады. Қазіргі кездегі
баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін
жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату бала тәрбиесіндегі өзекті мәселе болып табылады.
Оқушының жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу күрделі құбылыс.
Қазіргі заманда әсіресе қарқынды өзгеруіне байланысты кез-келген жағдайда өзін жақсы
сезіну, жағдайларға икемделе, бейімделе алу өте маңызды. Ғалымдар осы күрделі процестің
түрлі шегін зерттеуге, бағалауға болатындығын көрсетуде.
115
Латын тілінен аударғанда «бейімделу» - икемделу, үйлесу деген мағынаны береді.
Нақты уақытқа дейін «бейімделу» түсінігінің анықтамасы жоқ. Ағылшын ғалымы Проссердің
айтуынша, оның көп мәнділігі сонша, қанша зерттеушілер бар, соншама түрлі жауап
қайтарылады және соның барлығыда дұрыс болып табылады. Адамның бейімделуінің төрт
түрін көрсетуге болады: психологиялық, физиологиялық, биологиялық, әлеуметтік.
Тұлғаның бейімделуі немесе бейімделе алмауының сипаты мен денгейі көбінесе адамның
биологиялық, физиологиялық, психикалық қасиеттеріне және оның әлеуметтік дамуына
байланысты
Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі ережелерді қайта орнатуға, әлеуметтік пайдалы
қарым–қатынас, мінез–құлық, іс-әрекеттің өзгеруіне бағытталған. Психологиялық бейімделу
- әлеуметтік қажетті құндылық бағдар және мінез–құлықты меңгеру, әлеуметтік ортаның
күтілімдері мен тұлғаның бағыттылығын, бағдарын жақындаттыру. Бейімделудің әлеуметтік
және психологиялық жақтары бір – бірі мен үздіксіз байланыста [6,17-б.].
Әлеуметтік бейімделу процесінің негізі - әлеуметтік ортаның оған ұсынатын талаптарына
тұлғаның мінез–қылық, жүріс–тұрысы және іс-әрекетінің сәйкестенуі, яғни әлеуметтік
күтілімдер жүйесіне мінез – құлықтың сай болуы.
Әлеуметтік–психологиялық бейімделу түсінігін қысқаша қарастыратын болсақ, жеке
адам мен топтың өз ара қатынасының жағдайын жеке адам созылмалы емес ішкі және
сыртқы қақтығыстарсыз басты әрекетке сәтті қосылуы, негізгі социогенді қажеттіліктерді
қанағаттандыруы, оның топ ұсынатын ролдік күтілімдеріне қарсы шығуы, өзінің ісін көрсету
және шығармашылық қабілеттерін еркін көрсету жағдайы - әлеуметтік–психологиялық
бейімделу деп аталады. Сонымен «бейімделу» - түсінігіне тоқталатын болсақ, жоғарыда
айтып өткендей «бейімделу» түсінігінің нақты, бір мәнді анықтамасы жоқ. Әр саладағы
ғалымдар, зерттеушілер өзінің зертеу бағытына байланысты анықтаманы ұсынады. Соларды
қарастыратын болсақ В.Н. Дружинин – «бейімделуді» - ағзаның орта мен нәтижелі әрекет ету
процесі деп қарастырады. Ал Е.А. Ямбург «бейімделуді» - ағзаның құрылысы және функциясы,
оның мүшелері және ұлпаларының орта жағдайына икемделуі дейді [5, 25-б]. Л.Д. Столяренко
«бейімделу - адамның қоршаған ортаның түрлі талаптарына ішкі қолайсыздықты сезінбей
және орта мен қақтығыссыз икемделе алу қабілеті» - деп қарастырады [1, 32-б.].
Осындай ғылыми түсініктерге сүйене отырып, оқушы бойындағы бейімделу процесінің
жан- жақтылығын қарастырайық. Оқушы жаңа мектепке жағдайында бейімделудің
психологиялық, әлеуметтік түрінен өтеді. Адамның психикалық бейімделуі күрделі икемделу
процесі болып табылады. Жағымсыз жағдайлардың әсерінде осы бейімделудің түрі ең бірінші
өзгеріске ұшырайды және басқа бейімделу денгейлерінің бұзылысына әкеледі. Психикалық
жағдай және оны мен байланысты психикалық бейімделу жағымсыз әсерлердің бас миына
бағытталуына байланысты бұзылуы мүмкін және ортаның психогенді әсерлерімен де
байланысты [8, 3-б.] Сондықтан оқушы бойындағы жағымды және жағымсыз құбылыстар алма
кезек ауысып отырады. Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды. Мектепте толығымен
меңгеруіне бір күн немесе бір апта жеткіліксіз. Бейімделу ұзақ мерзімді қажет ететін процесс.
Бала өміріндегі бұл мерзімнің бала өміріндегі өзгерістерінің психологиясы мен мінездемесін
Р.С.Немов дамудың әлеуметтік жағдайы мен ішкі позициясының түсініктерімен байланыстыру
қажеттігін ұсынды.
Бейімделудің күрделі аспектілерінде ата- аналардың көмегі өте қажет. Ата-аналармен
жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін
қолдану қажет. Тек оқушы ғана емес, өз балаларымен қатар ата- анада бейімделу процесінен
өтіп отырады. Оқушының жаңа мектеп жағдайына енуі оның организміндегі өзгерістеріне
әсер ететіндіктен, ата- ананың бала дамуы туралы нақты, тиянақты ой- пікірі болуы қажет.
Егер ата- анада бала үшін қойылған мақсаты анық болса, «Ата-аналар» институттармен тығыз
байланыста болып, өз бетінше ағарту лекцияларын тыңдауға болады.
116
5
Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушының әлеуметтік даму жағдайлары кең ауқымды
дағдыларды қамтиды: алған білімді шығармашылық бағытта қолдану, үштілділік, АКТ қолдану,
сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жасау. Осындай маңызды мәселелерде оқушы
бойында төмендегідей кері түсініктер пайда болады: көпшілік көңілінен шыға алмау\ата-ана,
достар, мұғалім\, анық эмоционалдық мінез көрінісі, сәтсіздіктерге бейімделудің болмауы,
қойылған тыйымдарға көне алмау, сөз бен істің сәйкестігіне күмандану, мұғалімнің жеке басына
үйрене алмау. Сонымен қатар Зияткерлік мектепте оқу ерекшеліктері де баланың бейімделуіне
әсер ететін бірден- бір фактор болып табылады. Оқу ерекшеліктеріне Интеграцияланған білім
жүйесі және бағалаудың критериалды формасы, мектеп ерекшеліктері жатады. Дегенмен бұл
білім жүйесі ең тиімді деп алынған жүйе екенін ата- ана қабылдай алуы керек. Ата-аналармен
тиімді жұмыс жасау үшін әрбір ата- ана өз баласының алдындағы жауапкершілікті түсіне алуы
қажет [7, 4-б.]
Баланың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы, сабақтан келген баланың
күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету, мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу,
сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу, мектептегі баланың
сабағына рұқсатпен қатысу мәселелері ата- ананың тікелей міндетіне жатады. Ал ата- аналардан
келетін көмек түрлеріне мыналар жатады: мектептегі және отбасындағы қарым- қатынас
деңгейін жақсарту, үй тапсырмасын орындау режимін ұйымдастыру, критериалды бағалау
жүйесін түсіну, Назарбаев Зияткерлік мектебінің ішкі тәртіп ережелерімен және академиялық
шындықты сақтау ережелерімен танысу, мектеп өміріне қызығушылықпен қарап, үнемі
араласу. Ал ата-ананың әрекетін төмендегідей сараладық: баламен келісу\ұялы телефонды,
ғаламтор желісін пайдалануды шектеу\, үйде дене белсенділігі үшін қажетті жағдайларды
жасау,баланың демалысты, үй тапсырмасын орындауды, ұйқыны дұрыс үйлестіруін қадағалау,
мектеп жоспарын білу, басқа ата- аналармен ынтымақтастық байланыста бола отырып, оқушы
бойындағы ортақ мәселелерді шешу, мектептік іс- шараларда өзінің жасайтын әрекетін білу
және оны сезіну. Оқушының қиын бейімделу критерийлерін ескерсек, баланың психологиялық
және физиологиялық тұрғыдан жұтаңдауын байқаймыз. Бұл мәселе ұрпақ тәрбиесі және
болашағы үшін ең маңызды болып саналуы қажет. Төмендегі кестеден бала бойындағы қиын
бейімделу кезеңінің алғашқы белгілерін көруге болады.
Қиын бейімделу белгілері
Физиологиялық
Шектен тыс шаршау;
Жұмыс қабілетінің төмендеуі;
Албырттық;
Ұйқы мен тəбеттің бұзылуы
Əлеуметтік-психологиялық
Оқудың табысты еместігі;
Мектеп пен мұғалімдерге жағымсыз көзқарас;
Қақтығыс жəне мазасызданудың өсуі;
Жеткіліксіздік сезімі;
Шектен тыс ашулану мен реніш;
Мектеп неврозы
117
Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі осындай негізгі критерийлерді ата- аналармен жұмыс
барысында басшылыққа алсақ, онда баланың невроз ауруына ұшырамауының бірден- бір жолын
қарастырдық деп айта аламыз. Төмендегі кестеден психологиялық қызмет орталығының
бейімделу кезеңіндегі ата- аналармен жұмыс стратегиясын көруге болады. Бұл стратегиядағы
негізгі ақпарат ата- аналарға арналған психологиялық ағарту құралы болып табылады.
Психологиялық қызмет орталығының бейімделу кезеңіндегі жұмыс стратегиясы
\Ата-аналарға арналған ақпарат\
Оқушы
Бейімделу
Жаңа мектепке тиімді бейімделу
мақсатында жекелік ерекшеліктерді
анықтау
Б
ұжымын
алалар
Бағалау үрдісінде оқушылардың
эмоционалдық жағдайының
алдын- алу\психопрофилактика\
Оқытудың табыстылығы
Ата-аналармен бірігіп жұмыс жасап, бір-бірімізге қолдау көрсету - бұл мектебіміз үшін
ең маңызды құндылық. Өйткені біздің оқушыларымыз - болашақтағы «энергиямыз».
Әдебиеттер тізімі
1. Столяренко Л.Д. Основы психологии. 2-е изд. Ростов н/Д: Феникс, 1997.
2. Чичулин А.А. Социальная психология. Новосибирск: Наука, 1992.
3. Маклаков А.Г. Общая психология. СПб.: Питер, 2002.
4. Агаджанян Н.А. Адаптация и резервы организма. М.: Физкультура и спорт, 1983.
5. Ямбург Е.А. Школа для всех. М.: Новая школа, 1997.
6. Шайхова М. Жастардың әлеуметтік–психологиялық бейімделу мәселелері
// Ұлағат. 2004, № 1. 49-51 б.
7. icrov-pvl.gov.kz›loader/load/162\ интернет сайты\, 22.09.2015.
8. http://www.vestnik-kafu.info/journal/4/148/, 22.09.2015.
118
5
«ACTION RESEARCH» ІС-ТӘЖІРИБЕСІНЕН: 8 - СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ
ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯНЫҢ ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
Байтоқаева Л. С., Әжібаева Ж. С.
Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Бұл мақалада “Action Research” жобасы аясында жүргізілген зерттеу жұмысы
барысында қолданылған және оқушылардың сыныптағы белсенділігін арттыруға бағытталған
дифференциацияның тиімді стратегиялары қарастырылған.
Аннотация
В данной статье рассматриваются эффективные стратегии дифференциации,
направленные на развитие активности учащихся, использованные в процессе исследования в
рамках проекта “Action Research”.
Abstract
This article looks at effective differentiation strategies, which are aimed at developing
active participation of learners in the classroom and used during research within the project “Action
Research”.
Қазіргі жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға
дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді.
Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде
де оқушылардың үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеруіне айрықша
мән беріледі. Алайда, мектепте тіл үйрететін мұғалімдер оқушыларға тілді үйретуде біршама
қиындықтарға тап болады. Осындай қиыншылықтарды тудыратын проблемаларды анықтап,
оларды бірге шешу мақсатында, тілдік пәндер мұғалімдері бірігіп, жұмыс жасадық.
Зерттелетін тақырыпты таңдамас бұрын, сыныптағы орын алып жатқан проблемаларды
бірге талқыладық. Әрине, проблемалар көп, алайда біз мектеп мұғалімдерінің көбісіне ортақ
проблеманы алуды ұйғардық. Біздің зерттеу тақырыбымыздың бүкіл мектепке пайдалы болу
жағын қарастырдық.
Біз сыныптарымызда орын алып жатқан негізгі үш мәселені іріктеп алдық:
• Сыныптағы оқушылардың тілді меңгеру деңгейі бірдей емес.
• Дифференциациялық оқыту тиісті деңгейде қолданылмайды.
• Тілді жетік меңгермеген оқушылардың белсенділігі төмен.
Біз дифференциацияның стратегияларын түрлі жұмыс формаларында қолдана отырып,
оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығының артуына ықпал етуді мақсат етіп алдық.
Дифференциация-көптеген мұғалімдерге жаңа, әлі түсініксіз ұғымдардың бірі. Бұған біз
мектеп мұғалімдерінің арасында жүргізген интервью арқылы көз жеткіздік.
Сонымен, біз мынадай тақырып таңдадық – «8 - сынып оқушыларының белсенділігін
арттыру үшін дифференциацияның қай стратегиялары тиімді?». Себебі, дифференциацияны
көптеген мұғалімдер сабағында аз қолданады және дифференциация түрлері және
119
стратегияларымен толық таныс емес.
Проблеманы зерттеуде үш тіл бірлестігінен мұғалімдер бірігіп жұмыс жасадық. Қазақ
және орыс тіліндегі әдебиет тапшы болғандықтан, ағылшын тіліндегі әдебиеттерге жүгіндік.
Мұғалімдер бір-бірінің сабағына қатысып, зерттеліп жатқан оқушыларды бақылап, сыншы
дос болды.
Проблеманы шешу үшін біз дифференциацияның төрт стратегиясы бойынша жұмыс
жүргіздік.
Стратегия 1. Топтық жұмыс кезінде рольдерге бөлу.
Топтық жұмыс кезінде белсенділігі төмен оқушыларға «маңызды» рольдер бердік, яғни
олар:
«Team Leader» - «топ лидері»,
«Summarizer» - «баяндаушы»,
«Speaker» - «спикер» ролдерінде болды [1].
Мұндай рольдердің арқасында «енжар» оқушылар қасындағы сыныптас достарының
назарына бөленіп, өздеріне деген сенімі артты.
Стратегия 2. «Think-Tac-Toe». «Ойлан, жұптас, талқыла»
«Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясының артықшылығы мынада:
А. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды.
Б. Тақтада (слайдта) берілген әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды таңдау құқығы беріледі.
В. Оқушылар өздерінің ұнатқан немесе орындай алатын тапсырманы таңдап, сол
тапсырма бойынша жұмыс жасайды [2].
Қазақ тілі пәнінен «Think-Tac-Toe» стратегиясы бойынша тапсырма үлгісі.
(Power Point презентациясында орналастырылады)
«Сіз қандай жұмыскер боласыз?»
Екі мәтіндегі ұқсас идеяларды пайдаланып, сұраққа
жауап беріңіз.
Қай мәтіннің қандай идеясын не үшін
пайдаланатыныңызды ашып, 50-60 сөзбен жеткізіңіз.
«Мен денсаулығы мықты жұмыскер боламын.»
Осындай жетістікке жету үшін екі мәтіндегі қандай
екі ұқсас идеяны түрткі ретінде аласыз.
Осы идеяларды қалай жүзеге асырасыз?
Жауабыңызды 70-80 сөзбен жеткізіңіз.
«Жұмысбастылық мені отбасымнан ажыратпайды.»
Осы шешімді дәлелдеу үшін екі мәтіндегі қандай
бірнеше идеяларды байланыстыра аласыз? Ойланып
жазыңыз.
Сөз саны: 80-90 сөз
4.«Табысқа жету жолдары» атты болжау мәтінін
жазыңыз.
Екі мәтіндегі бірнеше идеяларды біріктіріп, болжау
мәтінін жазыңыз. Сөз саны шектеусіз.
Кестеде көрсетілгендей, тапсырмалар бірінші жеңіл тапсырмадан басталып, төртінші ең
қиын тапсырмаға дейін күрделенеді.
Ағылшын тілі пәнінен «Think-Tac-Toe» стратегиясы бойынша тапсырма үлгісі.
(Power Point презентациясында орналастырылады)
Find a partner and make up a dialogue between a
customer and a shop assistant.
Preparation time: 7 min
Presentation time: 3 min
Speak about similarities and differences of Japanese and
Kazakh students` daily life.
Preparation time: 7 min
Presentation time: 3 min
120
5
Tell about my daily routine and compare it with one of
the classmates.
Preparation time: 7 min
Presentation time: 3 min
Make up an advertisement of a piece of clothing and
advertise it.
Preparation time: 7 min
Presentation time: 3 min
Орыс тілі пәнінен «Think-Tac-Toe» стратегиясы бойынша тапсырма үлгісі.
(Power Point презентациясында орналастырылады)
1.«Найдите главную и второстепенную информацию
прочитанного текста».
Прочитав текст найти главную и второстепенную
информацию.
Аргументируйте свой ответ. (индивидуальная работа)
2.«Как можно преодолеть безработицу?».
Прочитайте текст «Безработица».
Предложите идею: как можно преодолеть
безработицу? (парная работа)
3.«Расскажи другу».
(каждой паре раздаются разные тексты)
Прочитать текст.
Рассказать другой паре о содержании своего текста.
(парная работа)
4.«В эфире новости»
Подготовить репортаж на тему «Безработица».
Подготовить интервью на тему «Социальное
неравенство». (групповая работа).
Достарыңызбен бөлісу: |