5
Бұл өз кезегінде барлық тәрбиенің бастауы бола алады деп есептеймін. Себебі, әркімнің
пікірімен келісе кетпей, талдау, қорытынды жасай отырып, оқушы өз елінің нағыз патриоты
да, интерноционалы да, эстеті де, гуманисі де, салауатты, білімді, білікті жеке тұлғасы бола
алады. «Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, ... мағынаны анықтау
үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ... ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар
жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады» [2]. Сонымен қатар, сын тұрғысынан
ойлатуда қазіргі оқулықтардағы мәтіндердің де мазмұны үлкен роль атқарады. Мысалы, 4
сыныптың «Әдебиеттік оқу» оқулығында «Адам атын ардақта» әңгімесі бар. Әңгімені оқуды
«Стоп, кадр» әдісімен ұйымдастырып, әңгіме мәтінін бөліктерге бөліп оқытып, оқулықтағы
әр бөлік соңындағы сұрақтарға өзгерістер енгізуге болады. Мәтіндегі «Аты-жөніңізді айту да
айып па?» деген сауалды «Баласының әкесін аты-жөнімен атауына қалай қарайсыңдар?», «Ат
қою келіндердің ғана міндеті емес пе?» деген сұрақты «Ат қою тек келіндердің ғана міндеті
ме?», «Мені жеңешем қалай атауы керек?» деген сұрақты «Әскербекті жеңешесі қалай атағаны
дұрыс болар еді деп ойлайсыңдар?» деп өзгерту арқылы оқушылар диалогқа белсене араласып,
өз ойларын ашық айтуға дағдылана бастады.
Сындарлы оқыту теориясы негізінде «...көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың
ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады» [2] деген
пікірге өзгеріс енгізілді. Мұғалім ғана жүргізетін бағалауға енді оқушы да қатыса бастады.
Өмір сүруге қажетті дағдылардың бірі болып табылатын бағалаудың тәрбиеде маңызы өте
зор. Мектептегі тәжірибе кезеңінде бастапқы бағалау кезінде оқушылар бағдаршамның жасыл
түсін көтеріп, «Қойшы, жасылды көтере салайын» деген немқұрайлық танытқан болатын. Осы
олқылықты жою мақсатында және де қандай бағытта даму керектігін, қажетті деңгейге қалай
жету керектігін анықтау мақсатында әр топқа, әр оқушыға өз бағаларына түсініктеме беру
ұсынылды. Кейіннен «Екі жұлдыз, бір тілек», «Мадақтау сэндвичі», «Екі түрлі жазу күнделігін»
толтыру т. б. бағалау техникалары арқылы өз бағаларына түсіндірмелер бере отырып, әділ,
шынайы, нақты бағалауға дағдылана бастады. Бұл оқушылардың жауапкершілігін арттыруға
септігін тигізді деп есептеймін. Сонымен қатар, дәстүрлі оқытуда мұғалімдер сабаққа мақсат
қойғанымен, балалар қай мақсаттарға жеткісі келетінін білмейтін және де оған жету өлшемдерін
түсінбейтін. Деңгейлік бағдарлама аясында жүргізілген сабақтарда өмірге ең қажетті мақсат мен
күтілетін нәтижеге мән беріледі. Кейбір ересектердің өзі де нақты мақсатын да, нәтижесінен не
күтетінін де жоспарлай алмайтынын байқауға болады. Біздің болашақ балаларымызда мұндай
олқылық болмауы керек. Еліміздің Президенті Н. Назарбаев «Егер ел өз бағыты мен баратын
айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды» дегендей, алдына мақсат қойып, оның
нәтижесін көре білетін ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Сонымен қатар, жүргізілген жұмысқа талдау,
қорытынды, интерпретация, яғни, рефлексия жасай білудің маңызы ерекше. Кері байланыс
материалдарынан оқушылардың пән бойынша игерілген білімнің өзі үшін қаншалықты
маңызды және пайдалы болғандығын пайымдау, сабақтың қаншалықты тиімді және қызықты
өткендігін сараптау, бағалау, білімді өздігінен игеруде қандай қиындықтар туындағанын білу
дағдыларының қалыптасқанын байқауға болады.
Жаңа формация мұғалімдерден білім беру саласындағы барлық үдерісте балалардың
жекелік, тұлғалық ерекшелігін ескеруді, қабілетіне бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруды
талап етеді. Өйткені еліміздің көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, сол
қасиеттерді оқыту барысында дамыту өте маңызды [2]. Плутархтың «... Көптеген табиғи
талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына
терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады» деген сөздерінен-ақ
оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы ұстаздың және мектеп басшыларының
тұлғалық қасиеттеріне, кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты екенін ұғынуға болады.
Қажетті білімнің, шеберліктің, дағдының жетіспеушілігі, бала дамуындағы кейбір
135
қиындықтар (мысалы, тұтығу, жоғары әсерленгіштік, тіл табысу өзгешелігі және т.б.), маман
педагогтердің жоқтығы, дарынды балаларды іріктеген кезде олардың өз мүмкідіктерін
толыққанды көрсете алмауы дарындылықтың байқалмай қалуына соқтырып жүр. Балалар өз
дарынын іс-әрекеттің алуан түрлерінде немесе біреуінде ғана көрсетуі мүмкін, кейде тіпті бір
іс-әрекетте дарындылықтың алуан аспектісі танылуы мүмкін. Дарындылық баланың нақты іс-
әрекетіндегі ерекшеліктер арқылы байқалады және бақылау жолымен бағаланады.
Бұрын мектептерде «үлгермеуші», «қиын» оқушы деген сөздер қолданылатын. Зерттеулер
үлгермеуші оқушылардың болуының 9 себебін анықтаған:
1. Оқушының сабаққа себепсіз көп келмей қалып өткен сабақтағы материалды игермей
қалуы;
2. Оқушының денсаулығының нашарлығы немесе сыныпта гигиеналық талаптардың
дұрыс сақталмауы;
3. Жолдастық көмектің болмауы;
4. Оқушылардың қоғамдық жұмысқа көп тартылуы;
5. Оқу-тәрбие ісіндегі кемшіліктердің дұрыс анықталмауы және алдын-алу шараларының
ұйымдастырылмауы;
6. Оқулықтың жетіспеуі;
7. Мұғалімнің тәжірибесіздігінен, білімсіздігінен сапасыз сабақтардың өтуі;
8. Жеке мінез-құлық ерекшеліктері
9. Ата-ана тарапынан бақылаудың жетіспеуі немесе шамадан тыс қатаң бақылауда болу.
Ата-аналар тарапынан бақылаудың жетіспейтінін, бала білімі мен тәрбиесіне немқұрайлы
қарайтыны мектептегі тәжірибе кезеңінде сауалнама алу барысында байқалды. «Сабақ
барысында балаңызды зерттеуге қарсы емессіз бе?» деген сауалға барлық ата-ана қарсы
еместігін, «Зерттеу барысында балаңызды суретке, бейнетаспаға түсіруге қалай қарайсыз?»
«Зерттеу қорытындысы бойынша рефлексивті есептілік кезінде балаңыздың аты-жөнінің
айтылғанына қарсы емессіз бе?» деген сауалдарға бір-бір ата-ана тарапынан ғана қарсылық
білдірілді. Яғни ата-аналардың барлығының дерлік сауалнамаға мән бермей, «иә» деп белгілеп
бере салған ба деген ойға келдім. Іс-әрекетті зерттеу соңында алынған сауалнамада «Балаңыз
сынақ кезеңіндегі сабақтар туралы Сізге әңгімеледі ме?» деген сауалға 1 ата-ана ғана ештеңе
айтқан жоқ, 2-і мәнді ештеңе айтқан жоқ десе, 21-і әңгімеледі деген, бірақ ешқайсысы не деп
әңгімелегенін айта алмаған. «Өткен сауалнамадан кейін Сіз балаңыздан сыныпта не өзгеріс
болып жатқаны туралы сұрадыңыз ба?» деген сауалға 3 ата-ана сұраған емеспін, 21-і сұрадым
деп жауап берген. Мұнда да жоғарыдағыдай нәтиже. Дәлел жоқ.
Ал сындарлы оқыту теориясында «үлгермеуші» деген ұғым мүлдем жоқ, тек таланатты
және дарынды балалар туралы ғана айтылып келеді. Себебі:
1. Бұл теориямен жүргізілген жұмыс оқушылардың белсенділіктері мен
қызығушылықтары жоғары болғандықтан сабақтан себепсіз қалатын оқушылар
болмайды деп ойлаймын. Өйткені жоғарыда айтылған сауалнамада 22 ата-ана
балаларына жаңа әдіс-тәсілдермен өткен сабақтардың ұнағанын, 2-і ұнаған,
ұнамағанын білмейтінін мәлімдесе, 21 ата-ана балаларының бойында оң өзгерістердің
байқалғанын, балаларда сабаққа деген қызығушылықтың, белсенділіктің артқанын,
мінездерінің ашылғанын, сабақтан келісімен үй тапсырмасын орындауға отыратын
болғандарын айтқан.
2. Оқушылар сабақ барысында үнемі қозғалыста болады және «Жұмыла көтерген
жүк жеңіл» дегендей, бірлескен жұмыс тапсырманы жеңілдетеді. Бұл олардың
денсаулығына оң ықпалын тигізеді.
3. ЖАДА орын алады. Бірлескен жұмыстар барысында оқушылар бір-біріне көмектеседі,
бір-бірін үйретеді.
136
5
4. Оқушылардың өзін-өзі реттеу қабілетін дамыту барысында қоғамдық жұмысқа да
сабаққа да үлгереді.
5. Оқу үдерісіндегі барлық жүргізілген жұмыс та, оқушы да бағаланып отырылады.
Кері байланыс нәтижесінде сабақтың қай тұстарының сәтті, сәтсіз болғанын, қай
тапсырманың қиын болғанын анықтай отырып, рефлексия жасай отырып, өзінің
топтық жұмысқа қатысуын, жүргізілген жұмыстың барысын бағалауға мүмкіндік
жасалады.
6. Оқыту үдерісі оқулық деңгейінен шығады.
7. Дәстүрлі оқытуда мұғалім білім көзі, белсенді үйретуші, оқушыдан көп білуші,
«солист», «жалғыз актерлі театр» актері, «асаба» болса, сындарлы оқытуда
таным процесі мен үйренуді ұйымдастырушы, жүргізуші, бағыт-бағдар сілтеуші,
проблемалық түрде оқушы түйсінетін, талдайтын болмысты құрастырушы болып
табылады.
8. Оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауында бала тәрбиесіне ата-ананың екеуінің де міндетті екені ашып көрсетіліп, «Бар
жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет» [1] деген міндет
қойылды.
М. Жұмабаевтың «... бала тәрбиесі жеңіл нәрсе ме? Жоқ. Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір
ғылым иесі болуды тілейтін өнер» [5] деген сөзі ойға оралады. Соңғы жылдары республика
бойынша балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол салуы мен балалар қылмысы жиілеп
кетуі ересектердің бала тәрбиесі атты өнерді игермеуінен десем қателеспеймін деп ойлаймын.
Меніңше, бұл балалардың өз проблемаларын ешкіммен бөлісе алмауынан, шешіле сөйлесіп,
үлкендерден ақыл-кеңес ала алмауынан және де балалардың бос уақытының дұрыс
ұйымдастырылмауынан.
Социологиялық зерттеу нәтижесі көрсеткендей, үнемі ұрыс-жанжал, төбелес, бірін-бірі
жәбірлеу кездесіп тұратын отбасында өскен балалардың - 40 пайызы, ішімдік орын алған
ортада өскен балалардың – 30 пайызы, моральға қайшы әдеттермен айналысатын ата-ана
өсірген балалардың - 12 пайызы «қиын» балалар атанады екен. Яғни отбасындағы тәрбиеден
кеткен кемшіліктер мен оқу-тәрбие жұмысындағы ақаулар балалардың «қиын» аталуына әкеп
соғары аян.
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға
қатысты талантты және дарынды балаларды оқытумен тығыз байланыстағы тағы бір модуль
– оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту. В. М. Басов, Г. Н. Волков, И. В.
Дубровин, Н. И. Гуткина, И.С. Кон және т.б. әр жас шамасында іскерлік және тұлғааралық
қарым-қатынастардың тұлғалық, рефлексияның, өзіндік дамудың негізі болатындығымен
ерекшеленетіндіктерін дәлелдеген.
Қоғамдағы өзгерістер ақпараттық коммуникациялық технологиялардың түрлерінің,
олардың қызметтерінің дамуымен қатар жүруде. Сол себепті де сандық технологиялармен
үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкілі ретінде бүгінгі оқушылардан жеткілікті дәрежеде
сандық сауаттылықты, оны өмір жағдайларының барлық аспектілерінде пайдалана алуды
талап етеді. Бұл талап тек үйде ғана емес оқыту үдерісі барысында сауатты және жан-жақты
жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда экономикалық білім беруге ерекше көңіл бөлінуде. Өйткені баланың
қалталық ақшасын жұмсауды дұрыс ұйымдастыра білуі де үлкен мәселе. А. С. Макаренко
«Балалар тәрбиесі жөніндегі лекцияларында» «Жанұя шаруашылығы» деп аталатын бөлімінде
«... мүмкіндігі болғанша бала жанұя қаржысымен ерте танысқаны дұрыс. Ол әкесінің немесе
137
шешесінің жалақысын білуі керек. Олардан жанұяның қаржы жоспарын жасырудың қажеті
жоқ...» дей келе, балаға айына бір-екі рет белгілі мөлшерде ақша беріп, оның не затқа жұмсалу
керектігі нақты айтуды ұсынады. Бұл бала отбасы қаржысын үнемдеуді үйрене отырып,
болашақта үкімет бюджетін тиімді пайдаланатын азамат тәрбиеленеді.
Жоғарыда аталғандар негізінде сыни ойлай алатын, табысты және тиімді әрекетке
дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін
жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік
рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыруға ықпал етуге болады.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауы, Астана, 2012
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Астана, «НЗМ» ДББҰ ПШО, 2012.
3. Игенбаева Б. Қ. «Бастауыш сыныптарда жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта
оқыту әдістемесі», «РАДиАЛ», 2005.
4. Алпысбаева Г. және т.б.«Ата-ана және сынып жетекші», 2011.
5. Досанова Г. «Баланың рухани дамуына отбасының ықпалы», «Оқушы тәрбиесі»
журналы, 3/2014.
6. Жәйшібекова К.Ж., Ахметұлы Қ.А. «Ата-ана мен бала және ұстаз ынтымақтастығы»,
2008.
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ӨЗІНДІК
ІС- ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Бахишева С.М., Кемешова А.М.
«Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық
қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты, Алматы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: кәсіби құзыреттілік,педагогикалық ұжым, жобалау, жүйе, коучинг.
Ключевые слова: профессиональная компетентность, педагогический коллектив, проектирование,
система, коучинг.
Keywords: professional competence, teaching staff, design,
system,
coaching.
Аңдатпа
Бүгінгі қоғамдағы экономикалық қатынастардың үдемелі инновациялық дамуына
байланысты адам капиталын дамыту туралы көзқарастар білім алушының өзіндік ой - пікірінің
қалыптасуын, өмірдегі өзгермелі жағдайларды қабылдай алуын, өз білімін пайдалана алуын
ғана емес, оны қажеттікке қарай өз бетімен толықтырып отыру қабілеттерін қажет етеді.
Білім берудің құзыреттілік нәтижелерін қалыптастыру міндеттері педагогтардың ойлау
мен іс – әрекеттік дағдыларын, мотивациялары мен ұстанымдарын, қалыптасқан түсініктерін
өзгертуді талап етуде. Бұлар өз кезегінде педагогтарды өз әрекетін басқарудың басты ресурсы
ретінде ұйымдастыра отырып, жобалау әрекеттеріне тарту арқылы дамыту қажеттіліктерін
тудырады. Жобалауды педагогикалық жүйелерді басқару логикасында қарастыру оның жаңа
талаптарға сай өзгерістерді алдын – ала болжай отырып, барлық компоненттерін мақсатқа сай
жаңаша ұйымдастыра алатынын айқындайды.
138
5
Аннотация
Процесс модернизации образования в республике выдвигает требования по внедрению
инновационных подходов в управлении образовательными системами. Перед педагогическими
системами поставлены задачи формирования компетентностных результатов образования.
Управление развитием человеческих ресурсов - это система воздействия на
педагогический коллектив, способствующая переводу каждого субъекта образовательного
процесса в режим саморазвития. В этой связи проектирование в управлении актуализируется
как вид деятельности, продуктивный при разработке и применении системных подходов к
управлению.. В этом случае проектирование необходимо как средство управления, способное в
опережающем режиме концентрировать усилия педагогического коллектива на приоритетных
направлениях развития образования.
Abstract
The process of modernization of Education in the Republic demands an introduction of
innovative approaches to the administration of educational systems. Today pedagogical systems have
tasks to form competence results of the education.
It is necessary to notice, that a management of the development of human resources is a system
of the influence on the pedagogical collective, promoting transfer of each subject of the educational
process in a self-development mode. In this connection designing in administration is staticized as an
activity, productive by working out and applying of system approaches to administration. Variability
of pedagogical systems accompanied by deepening of the specification of target reference points,
demands a considerable change of components of the system at all levels. In this case designing is
necessary as a control facility capable in the advancing mode to concentrate effort of a pedagogical
collective on priority directions of the development of education.
Бүгінде экономикалық дамудың жаңа факторы ретінде инновациялық үдеріспен
бірге өрлеп келе жатқан жаңа сипатты білімге сұраныс қалыптасуда, бұл әлемде білімділік
экономикасы деп аталады. Европалық Экономикалық бірлесу және даму ұйымының (ОЭСР)
көптеген елдерде жүргізген зерттеулерінде білім саласы «білім индустриясына» айналуы тиіс
екені дәлелдене отырып, «білім беру жүйесінің өзі де білім алуы, одан әрі дамуы керек», өйткені,
«білім нәтижелерін жақсарту үшін жүйелердің өздері тиімді» болуы қажеттігі атап айтылған.
Европаның табысты болуының кілті – білімділік экономикасына тікелей байланыстылығы
заманауи талдаулар арқылы дәлелденген [1].
Білім алушының білім, білік, дағдыларымен қатар, құзыреттілік сапаларының болуын
қажет ететін тенденциялар қазіргі заманның «білім алу заманына» айналып келе жатқанын
көрсетеді. Соған сай білім үрдісінде «білім беруден – білім алуға», «оқытудан – оқуға» көшу
парадигмасы білім беру жүйесі ресурстарын қайта қарау талаптарын қойып отыр [2]. Олар:
білім беру мақсатын, күтілетін нәтижелерін нақтылау; білім беру процесін басқару әдістері
мен технологияларын жаңарту, білім мазмұны мен білім беру үрдісін ұйымдастырушылық
– ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Адам капиталын дамытуды көздейтін жаңа экономикалық қатынастардың нығаюы
мен әлемдік өркениетке ықпалдасу үдерісі білім құндылықтарын жаңғыртуға ықпал
етуде. Білім саласындағы жаңа құндылықтар ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарының барлық буындарына арналған мазмұнында айқындалған. Ондағы негізгі
өзгерістер білім берудің жаңа нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттіктерін
қалыптастыру белгіленуінен көрінеді [3].
XXI ғасырдағы білім беру туралы «Білім беру: әлі ашылмаған қазына» атты ЮНЕСКО
139
жанындағы Халықаралық комиссияда жасалған Жак Делордың баяндамасында қазіргі білім
берудің сүйенетін төрт тұғыры бар, олар: танып үйрену; жасап үйрену; бірлесіп өмір сүруді
үйрену; өмір сүруді үйрену» деп белгіленген. Бұлар ғаламдық құзыреттіліктер ретінде
анықталып отыр[4]. Жак Делордың айтуынша, олардың бірі – «жасап үйрену деген тек кәсіби
біліктілік алу үшін емес, одан әлдеқайда кең мағынадағы, өмірдегі түрлі жағдайлардан жол
табатын, басқа адамдармен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктерге ие
болу».
Джон Равеннің құзыреттіліктердің өзін және олардың компоненттерін талдаған
зерттеулерінде әрбір компоненттің ерекше жақтары көрсетілген. Олардың негізгілері ретінде
мотивациялық, когнитивтік, іс- әрекеттік, құндылықтық - мәндік, эмоциялық – еріктік жақтары
қарастырылып, әрбір құзыреттіліктің адам әрекеттеріндегі алатын орны белгіленген [5].
Жалпы қоғамдағы үдерістердің инновациялық сипат алуы және өзгерістердің басты
нәтижесі ретінде құзыреттілік сапаларының белгіленуі білім берудің барлық салаларын жаңаша
ұйымдастыру талаптарын қоюда. Қазіргі таңда білім беруді дамыту бағыттарын көрсететін
бірнеше маңызды факторларды атауға болады. Олар:
• Жаңа білімді «туындату», немесе жаңа білім түзілімдерін құрастыруға (бұрын тек
мұғалім ғана жаңа білім көзі бола алатын) көптеген адамдардың, ұжымдардың
қатысуына байланысты педагогтардың ролінің, сонымен қатар, білім беру мазмұнының
өзгеруі;
• Педагогтардың бойында өз әрекетін интеллектуалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін
жаңа құзыреттіліктерін дамыту қажеттігі;
• Қазіргі заманда өмір сүру барысында кез келген адамның құзыреттік сапаларын
бірнеше рет жаңартып отыру қажеттігін түсіну;
• Бүгінгі білім берудің жекеленуге бағытталуы, яғни, әрбір білім алушы педагогтар мен
тьюторлардың көмегімен, өзіндік білім алу траекториясын құрастыра алуы талап
етілуі;
• Педагогикалық жүйелерді басқарушылардың қатарында жаңа проблемаларды шеше
алатын, ойлау мен инновациялық әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын
адамдар болуын қажет етуі.
• Ғылыми білімнің мектептегі сабақ–сыныптық, университеттердегі дәрістік–
семинарлық формада жаттанды түрде берілуін өзгерту қажеттігі.
Бүгінде түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйелерде көптеген инновациялық бағыттар
пайда болып, жеке педагогтар тарапынан жаңа білім беру мазмұнын көздейтін оқулықтар мен
бағдарламалар, оқытудағы ақпараттық - комуникативтік, интерактивтік технологиялар ретінде
ендірілуде. Дегенмен де, заман талабынан туындап отырған білім берудің жаңа құзыретттілік
нәтижелерін қалыптастыру педагогтардың дайындығын, әдістемелік және технологиялық
жобаларды терең меңгеруін қажет етеді.
Жаңа білім нәтижелері ретінде құзыреттіліктерді қалыптастыруды педагогикалық
ұжымдардағы өзгерістердің өзегі деп қарастырсақ, оны қамтамасыз ететін инфраструктурасы,
ресурстары болуы тиіс. Өйткені, жаңа нәтижелеріне бағытталған өзгерістер мазмұны
педагогтардың қалыптасқан көзқарасын, ойлау әрекеттерін өзгертуді, жаңа құзыреттіліктерін
дамытуды талап етеді. Сонымен қатар, басқарушылардың да ойлау мен іс – әрекеттік
дағдыларын, мотивациялары мен ұстанымдарын, басқару стилі мен әдістері өзгертуі тиіс.
«Мак Кинзи» компаниясының кеңесшісі, М.Барбер «білім беру нәтижесін түбегейлі
өзгертудің басты үш факторы бар, олар: педагогтық қызметке соған лайық адамдардың
келуін қадағалау, оларды оқытушылық қызметін тиімді жүргізуге қажетті деңгейде даярлау
және әрбір білім алушыға сапалы білім беруге қолайлы жағдай туғызу. Кез келген білім беру
ұйымындағы білім сапасы онда жұмыс істейтін оқытушылар сапасынан жоғары болуы мүмкін
140
5
емес деген. Ол сонымен қатар, өзінің көптеген елдерде жасалған зерттеулеріне сүйене отырып,
«әлемдегі нәтижесі жоғары білім беру ұйымдарын басқарудағы бәріне ортақ қасиет - ұйым
жұмысындағы сапалы өзгерістерге қол жеткізудің бірден бір факторы педагогтарды дамытуға
қажетті жағдайлардың жасалуы» дейді [6].
Кез - келген ұйым, соның ішінде білім беру ұйымы институционалдық сипатта
болғандықтан, сондықтан оған қажет болатын өзгерістер деңгейі ұжымда қалыптасқан қарым
- қатынастарға байланысты жасалады. Педагогикалық ұжымға қатысты қарастырсақ, ондағы
ұйымдастырушылық өзгерістерді білдіретін, біріншіден, ұжымның өзіндік ерекшеліктері,
білім беруді ұйымдастыру тәжірибесі, педагогикалық дәстүрлері, әлеуметтік - психологиялық
жағдайлары, т.б., екіншіден, ұжымның ішкі ұйымдастырылу тәртібі, педагогтардың кәсібилігі
және жалпы деңгейі, ұжымның құрылымы, ондағы қарым - қатынастар, т.б.
Қалыптасқан ұжымдық құндылықтар ұйымның мүшелеріне белгілі бір дәрежеде
еркіндік пен сенімділік береді. Білім беру ұйымдарын дамыту өзгерістері қалыптасқан
құндылықтардың өзгеруіне әкелетіндіктен, оларды енгізу ұйым мүшелерінің мақұлдауын
қажет етеді. Сондықтан, ұйымдастырушылық өзгерістердің табысты жүзеге асырылуы оны
ең әуелі сол ұжымдағы адамдардың дайындығын қамтамасыз еткен жағдайда ғана мүмкін.
Педагогикалық ұжымның жаңа талаптарға сай өзгерістерін қамтамасыз ету
ұйымдастырудың жобалауға негізделген жаңа моделін жасауды қажет етеді. Өйткені,
педагогтарды бірлескен шығармашылық жұмыстарға тарту, олардың мүмкіндіктерін анықтай
білу және пайдалану, өзгелермен қарым – қатынас жасау, проблемаларды талдау мен шеше білу
жолдарын меңгеруде жобалау әрекеттерін ұйымдастыру тиімді болады.
Жүзеге асырылатын
жобалау әрекеті ең алдымен, педагогтардың құзыреттілігін дамытуға бағытталса, олар оқыту
барысында білім алушылармен жаңа субъектаралық қарым - қатынастар орнату арқылы білім
берудің жаңа сапасын қамтамасыз етеді деп күтіледі [7].
Білім беру ұйымдарында жобалауды жүзеге асыру тәжірибеде әлі де аз кездеседі, бүгінде
бұл жұмыс педагогтарды дамыту қызметі негізінен әдістемелік семинарлар арқылы жүргізіліп
отыр. Жаңа құзыреттілік нәтижелеріне сай мақсаттық - бағдарлы өзгерістерді жүзеге асыру
үшін педагогтармен жобалау қызметін ұйымдастыру қажеттілігі және осы мақсатта ұжым
мүшелерінің арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыру міндеттері отыр.
Педагогикалық ұжымды жобалау әрекетіне тікелей қатыстыру арқылы оқытудың
негіздемелері:
• жобалау барысында негізгі міндеттер қатысушылардың ойлау және іс - әрекеттерінің
нәтижесі ретіндегі жобалар арқылы жүзеге асырылады;
• жобалауға қатысушылардың ойлау әрекеттері мен тәсілдерін өзгертуге мүмкіндік
беріп, өзара тиімді қарым – қатынастар қалыптастыруға ықпал етеді, ал өзара
түсіністік жағдайында ұйжымды жаңарту жұмыстары нәтижелі болады;
• жобалау ұжымның әрбір мүшесі үшін құндылықтары мен қабілеттерінің, дағдылары
мен ішкі сенімдерінің өзгеруіне ықпал етеді;
• жобалау педагогтарға жаңа іс - әрекет түрлеріне қатысуға, оларды игеруге мүмкіндік
береді, сонда - ғана олардың бойында өзгерістер жасауға қабілеттілік пайда болады;
Сөйтіп, қазіргі заман талаптарына сай болу үшін білім беру жүйелеріне қажет іс - әрекеттер:
оқытудың жаңа идеялары, әдістері мен технологиялары, білім беру инфраструктурасының
жаңартылуы, т.б. жобалауды игеру нәтижесінде мүмкін болатын өзгерістер.
Педагогикалық ұжымдағы адам ресурстарының жаңа сапасын қалыптастыру
мақсатындағы өзгерістер ең әуелі, педагогтардың инновациялық мүмкіндіктерін дамытуға
бағытталса, оның нәтижесі білім берушілермен қарым - қатынастың өзгеруіне әкеледі.
Педагогтардың құзыреттілігін дамыту олардың оқытудағы жобалаудың мазмұны мен
әдістерін меңгеру, оның тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен өлшемдерін жасай білуді
141
меңгеруіне тығыз байланысты. Ол үшін, алдымен, педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі
арнайы құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған бағдарламасының мазмұнын, соған орай,
күтілетін нәтижесін құрастыру керек. Олар төмендегі құзыреттіліктер болып анықталады:
жаңа нәтижелерге бағытталған оқыту үрдісін жобалай білу және оны жүзеге асырылу жолдарын
жасай білуі; оқушылардың жобалау қызметін ұйымдастыра білу; жобалардың тиімділігін
бағалай білуі.
Білім беру ұйымындағы мақсатты жобалардың ең тиімдісі – коучинг болып табылады.
Коучинг – педагогтарды кәсіби оқыту арқылы педагогикалық ұжымдардағы әріптестердің
өзара қарым-қатынасын шығармашылықпен және белсенді жүргізу үдерісі. Оның барысында
қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу іске асырылады.
Тұлғалық және кәсіби дамыту, білім беру сапасын жетілдіру және оны одан да жоғары
деңгейге көтеру мақсатындағы рефлексивтік пікірсайыстарда педагогтардың кәсібилігі мен
тәжірибесін жетілдіреді Білім беру жүйесіндегі коучинг – педагогтарды кәсіби оқыту арқылы
педагогикалық ұжымдардағы әріптестердің өзара қарым-қатынасын шығармашылықпен
және белсенді жүргізу үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп
ойластыру, идеялармен алмасу іске асырылады. Тұлғалық және кәсіби дамыту, білім беру
сапасын жетілдіру және оны одан да жоғары деңгейге көтеру мақсатындағы рефлексивтік
пікірсайыстарда педагогтардың кәсібилігі мен тәжірибесін жетілдіреді.
Жаңаша оқыту проблемаларын зерттеушілер осы коучинг арқылы біліктілікті арттырудың
тиімділігіне назар аударуда. Мысалы, Э. Парслей коучингті «екі жақты жоспарланған үдеріс,
мұнда тыңдаушы өз біліктілігін арттырады және нақты бағалау жолымен, тәжірибеде және
кері байланыс арқылы өз құзыреттілігін анықтауға қол жеткізеді» деп анықтайды.
Коучинг білім беру ұйымы басшыларына, ұйымдастырушы қызметкерлеріне, ұжымның
қызметінің нәтижелілігін жақсарту; персоналды дамыту; қарым-қатынасты жетілдіру; бос
уақытының көбеюі;конструктивті иделардың пайда болуы; кәсіби шеберлікті және адами
ресурсты дұрыс пайдалану;кыни жағдайларда тез және тиімді әрекеті;өзгеруге бейімделуі
және икемділігін артыруда пайдалы әдіс болып табылады.
Мектеп жағдайында коучинг арқылы оқыту жобасы жаңа стратегиялар негізінде
мектептің педагогикалық ұжымын тұлғалық және кәсіби дамыту, мектепте оқытудың және
тәрбиенің тиімділігін көтеру мақсатында іске асырылады. Бұл жүйе педагогтарға жаңа рөлдерге
бейімделуге көмектесе отырып, заманауи технологияларды игеру арқылы педагогикалық
инновацияларды енгізуге ықпал етеді, педагогикалық ұжымның командалық қызметін
дамытуға, ұйымдастырушылық өзгерістерді ендіруге мүмкіндік береді [8].
Жаңаша оқыту проблемаларын зерттеушілер осы коучинг арқылы біліктілікті арттырудың
тиімділігіне назар аударуда. Мысалы, Э. Парслей коучингті «екі жақты жоспарланған үдеріс,
мұнда тыңдаушы өз біліктілігін арттырады және нақты бағалау жолымен, тәжірибеде және
кері байланыс арқылы өз құзыреттілігін анықтауға қол жеткізеді» деп анықтайды [9].
Коучинг білім беру ұйымы басшыларына, ұйымдастырушы қызметкерлеріне, ұжымның
қызметінің нәтижелілігін жақсарту; персоналды дамыту; қарым-қатынасты жетілдіру; бос
уақытының көбеюі;конструктивті иделардың пайда болуы; кәсіби шеберлікті және адами
ресурсты дұрыс пайдалану;кыни жағдайларда тез және тиімді әрекеті;өзгеруге бейімделуі
және икемділігін артыруда пайдалы әдіс болып табылады.
Мектеп жағдайында коучинг арқылы оқыту жобасы жаңа стратегиялар негізінде
мектептің педагогикалық ұжымын тұлғалық және кәсіби дамыту, мектепте оқытудың және
тәрбиенің тиімділігін көтеру мақсатында іске асырылады. Бұл жүйе педагогтарға жаңа рөлдерге
бейімделуге көмектесе отырып, заманауи технологияларды игеру арқылы педагогикалық
инновацияларды енгізуге ықпал етеді, педагогикалық ұжымның командалық қызметін
дамытуға, ұйымдастырушылық өзгерістерді ендіруге мүмкіндік береді.
142
Достарыңызбен бөлісу: |