Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет17/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   126

Abstract

The article deals with the theoretical concepts of formative assessment, its significance as an 

important aspect of productive teaching in today education. Also in the article there are provides a 

certain examples from the experience of the trainer evaluation, which the author considered as more 



106

5

effective.

The basic idea of this article is the usage of not many methods of formative evaluation, but 

extensive use of several methods of formative evaluation, which can give good results. 

There is theoretical and practical knowledge, which is designed for wide audience of teachers 

and expert- assessor.

Қазақстан  Республикасында  2012  жылы  бастауын  алған  «Назарбаев  Зияткерлік 

мектептері» ДББҰ жанындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының Кембридж 

Білім  беру  Факультетімен  бірлесіп  жасаған  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  курсының 

сындарлы  оқыту  теориясына  негізделген  (Выготский,  1978)  бағдарлама  жүйесі  жаңа  білім 

беру философиясына ие мұғалімдерді даярлауды көздеп отыр. Бағдарлама мақсатына сәйкес 

«қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға 

дайын  болуға  көмектесу»  [1,  5-б.]  тренердің  қолында.  Ұлттық  тренерге  қолдау  көрсетіп, 

табыстарға жетелеу бағалаушы эксперттің еншісінде. 

Бағдарламаның негізгі міндеттеріне сәйкес «оқушыларды тиімді түрде жүйелі бағалау» 

[1,  6-б.]  тек  қана  суммативті  бағалау  арқылы  емес,  формативті  бағалау  арқылы  да  жүзеге 

асады.  Осы  тұрғыда  Роберт  Стейк  бағалаудың  екі  кезеңімен  байланысты  төмендегідей 

аналогия  келтіреді:  аспазшы  өзінің  дайындап  жатқан  кеспесінің  дәмін  татып  жатса  -  бұл 

формативті бағалау, ал кеспені басқа адам ішіп жатса – бұл суммативті бағалау. Басқа сөзбен 

айтқанда, формативті бағалау - ішкі сапаны бақылаудың көрінісі, суммативті бағалау – соңғы 

өнім  шынайы  жағдайда,  өмірде  қаншалықты  жақсы  дәрежеде  қызмет  ететінін  анықтау.  [4, 

12-б.]  Тренер  қызметін,  тәжірибесін  жетілдіру,  жетістіктерге  жетелеу  бағалаушы-эксперттің 

тренермен  бірлесе  отырып  атқаратын  негізгі  қызметі.  Осы  тұрғыда  эксперт  ретінде  тренер 

қызметіне қолдау көрсетіп, формативті бағалау өзектілігі туындайды. 

Мақаланың  негізгі  мақсаты:  бағалаушы  эксперттің  тренерді  формативті  бағалап, 

оған  қолдау  көрсету  барысында  кейбір  тиімді  әдіс-тәсілдерді  қолданып,  тренер  оқытуын 

жақсартудың жолдарын көрсету, бағалаушы эксперттің өз практикасында қолданатын бірнеше 

тиімді тәсілдерді қарастыру. 

Формативті  бағалау  -  оқыту  мен  оқу  үдерісіне  өзгерістер  енгізе  отырып,  оқушының 

жетістігін  бағалау.  Сонымен  қатар  формативті  бағалау  оқушылардың  өзінің  жетістіктерін 

сезіну, бақылау, мұғалімнің көмегімен келешек қадамдарын жоспарлау [4, 14-б.] 

Тарихқа көз жүгіртсек, формативті және суммативті бағалау терминдерінің арасындағы 

айырмашылық ХХ ғасырдың 1960-жылдардан бастап енгізіле бастады [3, 56-б.] Ал, оқытуды, 

әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау (ОүБ) дербес 

тұжырымдама  ретінде  1999  жылдан  кейін  қолданысқа  енді.  Оған  себеп  болған  «зерттеу 

нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 

1989  жылдан  бастап  жұмыс  жүргізген  Ұлыбритания  академиктерінен  құралған  Бағалау 

реформасының  тобы  (Assessment  Reform  Group)  автор  болған  осы  аттас  (ОүБ)  кітапша 

жарияланғаннан кейін белгілі болды» [1, 21-б.].

Сөйтіп, «оқыту үшін бағалау» концепциясы 1999 жылдан бастап танымал бола бастаса, 

Қазақстанда мұғалімдердің деңгейлік курстарынан бастап (2012 ж.) кең өріс ала бастады.

Оқыту үшін бағалау — бұл оқушылар мен мұғалімдер қолданатын кезеңдерді анықтау үшін 

мәліметтерді іздеу мен интерпретациялау үшін қоладнылатын үдеріс. (Бағалау Реформасының 

тобы, 2002). Сайып келгенде, ОүБ тақырыбы аясында зерделеген дереккөздерге шолу жасап, өз 

тәжірибемізге сүйенсек, формативті бағалау ол жазалау емес, жетістіктерге жету баспалдағы, 

«көпіршелер» іспетті. Сынау емес, «сыншы дос» болу.

Әлемдік тәжірибеде формативті бағалау екі түрлі сызбасы бойынша жасалады: 

Холистикалық бағалау сызбасы [англ. holism; гр. holos - тұтас, барлығы [6] – оқу үдерісінің 



107

мақсаттары  бойынша  анықталған  қабілеттерді  жеке-жеке  бағалау  арқылы  оқушының  даму 

деңгейін қысқа мерзімде және жалпы түрде бағалау [1, 39-б.]. Бұл қысқа мерзімде жүргізілетін 

жылдам бағалау. Акцент бөлшек құрамға емес, тұтас тұлғаға жасалатын кез келген тәсіл [6].

Аналитикалық бағалау – оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді белгілі бір ұзақ 

мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау [1, 39-б.].

Мұғалімдердің  деңгейлік  курстардың  ІІ  бетпе-бет  кезеңінде  тренерлермен  жұмыс 

жасағанда  аталған  сызбаның  бірінші  түрі,  холистикалық  бағалау  түрі  жүзеге  асады.  Себебі 

үш ай мерзім ішінде тренерлермен бетпе-бет, тікелей екі апта ғана кездесеміз, көп уақытта 

қашықтықта  байланыс  жасаймыз.  Соған  қарамастан  қысқа  мерзімде  тренердің  тұтас 

тәжірибесін көріп, оның оқытуы мен тәуелсіз тренер ретінде бағалауын бақылап, портфолиосын 

жетілдіруге  көмектесеміз,  яғни  формативті  бағалаудың  субъектілері  арасындағы  бірлескен 

жұмысқа негізделген оқу үдерісін өткіземіз. Осы мерзімде эксперт тренерге өздігінен, саналы 

түрде жетістіктерімен қатар өз кемшіліктері мен олқылықтарын анықтауға мүмкіндік беріп, 

бірлесе отырып шешу жолдарын іздестіреді. Кейбір жағдайда бақылаудың жібі өзіндік бақылау 

мен өзін-өзі бағалау формасына ауысып, тренердің өзіне көшеді. Осы тұрғыда тренердің өзін-

өзі  бағалау  түрінің  бірі  «Метафора»  [7]  тәсілін  қолдануға  болады.  Тренерге  төмендегідей 

пирамида толтырылуға беріледі. 

№1сурет. «Өзін-өзін бағалау пирамидасы»

«Қарым-қатынас» - тренер өзінің тобымен қарым-қатынасын сипаттап жазады.

«Философия» - тренер өзінің оқытуында қолданатын негізгі тәсілдерін, ұстанымдарын 

келтіріп жазады.

«Шешім» - қиыншылықтар пайда болған кезде, бағалау кезеңінде, әсіресе, суммативті 

бағалау шығарған кезде шешімдерді қалай шығарғаны туралы жазады.

«Дағдылар» - тәжірибе барысында қандай дағдыларға ие болды, олар қалай қолданылғаны 

туралы жазады [7]. Сөйтіп тренер өзінің оқытуын жан-жақты, сыни тұрғыда бағалайды. Бұл 

жерде  «Эксперт-Тренер-Мұғалім-Оқушы»  алгоритмін  есепке  аламыз.  Эксперт  қолданған 

тәсілді тренер өзінің оқытуында, содан кейін барып мұғалім өз тәжірибесінде қолданады деген 

мақсат қойылып, тренердің оқытуын жақсарту көзделеді.

Тәлімгерлік  көрсетіп,  тренерлермен  тікелей  жұмыс  жасаған  кезде  формативті  бағалау 

үдерісінде  мақсат  қоюдың  маңызы  зор.  Мақсат  қою  бағалаудың  ажырамас  бөлігі.  Ол 

басымдықтарды анықтауға, жоспарды жүзеге асыруға және шешімдер қабылдауға көмектеседі. 

Мақсат қаншалықты нақты, анық құрастырылған болса, бағалау соншалықты тиімді, нақты 

болары сөзсіз. Мақсат қою келесі талаптарды орындауды қарастырады:

а) мақсатты анық қою

б) мақсатты міндеттерге сай бөлу;

в) уәж бен табандылық;

г) үздіксіз бағалау [4, 8-б.].

Осы тұрғыда АҚШ-та болған курста үйренген тәсілдердің бірі «Мақсат-Бағалау әдістері –

Тапсырмалар» [7] жүйесі бойынша жоспар құру әдісін келтіруге болады. ІІ бетпе-бет кезеңінде 

формативті бағалау жүргізу туралы екі апталық жұмыс жоспарын құрғанда, бірінші орынға 

Дағдылар


Шешім

Философия

Қарым-қатынас


108

5

мақсатты қоямыз. Мақсат жүзеге асқанда, бағалау тиімді болады. Атап көрсеткенде:

№1 кесте. Жоспар үлгісі.



Мақсаты

Бағалау әдістері

Тапсырмалар

1.

Тренерлер құрамының мобильдігін, АҚТ 



құзыреттілігін, өзін-өзі бағалай білу қасиеттерін 

анықтау, байқау

ФБ: пікір беру

 «Жұлдыз» арқылы 

мадақтау

SMS арқылы танысу

Бұндай жұмыс мақсатты дұрыс таңдау, ол мақсат тек қана қолжетімді болатындай емес, 

ол өлшенетіндей қылып құрастыру дағдылары қалыптасады.

Мақсат  қою  (мақсаттылық)  эксперт  позициясынан  емес,  тренер  позициясынан  да 

қарастырып қоюға болады. Атап көрсеткенде:

№2 кесте

Мақсатты эксперт позициясынан тұжырымдау

Мақсатты тренер позициясынан тұжырымдау

Тренерлердің АҚТ құзыреттілігін байқау

Жылдам, тез арада ұялы телефонмен жұмыс істей алады, 

сол арқылы АҚТ құзыреттілігін көрсетеді.

Сөйтіп,  мақсатты  тренер  позициясынан  тұжырымдау  эксперттің  назарын  тренердің 

оқытуы  мен  оқуына  аударуға,  оның  дағдылары  қаншалықты  деңгейде  дамығанын  байқауға 

көмектеседі.  Ал  тренерге  өз  тәжірибесінде  өзінің  назарын  не  нәрсеге  шоғырландыру  керек 

екеніне көмектеседі.

Бағалаудың барлық түрлері, әсіресе, формативті бағалау түрі, тиянақты, нақты құрылған 

критерийлер  бойынша  бағалауды  талап  етеді.  Бүгінгі  күнде  бағдарлама  идеяларына  сәйкес 

критерийлер  (өлшемдер)  бойынша  бағалау  формативті  бағалаудың  ажырамас  бөлігі  деп 

қарастырылады.

Критерий – белгі, соның негізінде жүргізілетін бағалау, бір нәрсені анықтау немесе жіктеу. 

Баға өлшемі [5]. Критерийлер арқылы бағалау кез келген бағалау үдерісін барлық қатысушылар 

үшін  әділ  және  түсінікті  болуды  қамтамасыз  етеді.  Бағалаудың  әділдік  ұғымы  мыналарды 

қамтиды:  валидтілік,  сенімділік,  жеткіліктілік,  шынайылық  [2].  Яғни  критерийлердің 

валидті болуы – критерийлердің оқу мақсатына сәйкес болуы және не талап етіледі, соның 

ғана сұралуы, немесе шынайылық – тренердің өзінің жұмысы сипатталып, бағалануы. Атап 

көрсеткенде, тренердің оқытуын бақылағанда, бірінші сессиядан кейін тренердің тәжірибесі 

бойынша даму басымдықтарын анықтап аламыз. Сол басымдықтар негізінде келесі сессияны 

құрылған  критерийлер  бойынша  бақылап,  тәжірибені  жетілдіруге  ықпал  жасаймыз. 

Бағалау критерийлерін құру үшін оқу мақсаттарын негізге аламыз (бағалаудың валидтілігі). 

Критерийлерді тренермен бірлесіп құруға болады. Критерийлерді бірлесе құру тренерлерде 

бағалау үдерісіне жағымды қатынас құруға, жақсы көзқарас қалыптастыруға көмектеседі және 

жетістіктерге жету нәтижелері үшін жауапкершілік сезімдерін арттырады. 

«Оқушы  оқудың  қай  кезеңінде  екенін,  қандай  бағытта  даму  керек  екенін  анықтау 

және  келешекте  жақсы  деңгейге  жету  үшін  нені  жақсарту  керек  екенін  белгілеу»  (Бағалау 

Реформасының  тобы,  2002)  үшін  тренердің  басымдықтарын  анықтап,  критерийлер  арқылы 

формативті бағалау жүргізу тиімді. Мысалы, тренердің алғашқы сессиясын бақылағаннан кейін 

төмендегідей басымдықтар (олқылықтар емес) анықталды: «сабақта ұяң оқушылар баршылық, 

топтық жұмыста олар шет қалды, әсіресе топ жұмыстарын ортаға салып, қорғаған кезде ұяң 

тыңдаушылардың топтан оқшаулана тұрғаны көрініс тапты». Осы тұрғыда жетелеуші сұрақтар, 

бейнематериал көрсету арқылы, диалог үстінде тренердің өзіне өз басымдығын анықтатуға 

болады. Тренер ұяң тыңдаушыларға назар аудармайтынын біліп, «Ұяң оқушылардың сабақтағы 

белсенділігін, қызығушылығын қалай арттыруға болады?» деген сұрақ төңірегінде ізденеді. 

Қандай тақырыптың, қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен ұяң тыңдаушылардың қырын ашуға 

болады деген тұжырымға келеді.


109

Кесте №3. Жалпылама құрылған бағалау критерийлер үлгісі.



Тақырыбы

Оқыту мақсаты

Бағалау критерийлері

Талантты 

және дарынды 

балаларды 

оқыту

•  Мұғалімдерге сыныптағы барлық 



оқушылардың оқу қажеттіліктерін 

анықтауда көмек көрсету. 

•  Мұғалімдер талантты және 

дарынды оқушыларға арналған 

зерттеу нәтижелерін назарға 

алатын, талантты және дарынды 

оқушылардың түсініктерін 

анықтауды ойластыратын болады.

•  Мұғалімдерге инклюзивтік 

тәжірибеге сүйенетін талантты 

және дарынды оқушылардың 

алдына мақсат қою үшін тәсілдер 

ұсынады. 

•  Бұл тақырыпқа барлық 

оқушылардың қажеттіліктеріне 

сай келетін оқу бағдарламасы мен 

оқу стратегияларын «тереңдету» 

туралы идеялар енгізіледі.

•  [Тренер жоспарынан].

1.  Тренер сессия жоспарын құрғанда 

сыныптағы барлық тыңдаушылардың 

қажеттіліктерін терең түрде ескереді – 3 

ұпай; 

жеткілікті түрде ескереді -2;  

ішінара ескереді - 1;  

мүлде ескермейді - 0

2.  Тыңдаушылардың түсініктерін анықтау 

үшін әр түрлі, әр деңгейлі тапсырмалар 

ойластырады.

3.  Сыныптағы жылдам, шапшаң және ұяң

баяу оқушылардың физиологиялық, 

психологиялық, денсаулық ерекшеліктерін 

ескеріп, әдіс-тәсілдер таңдайды.

Мұнда белгіленіп қойған сөз тіркестері нақты емес, жалпылама. Критерийлер құрудың 

градациясы анық емес. Бұндай жағдайда сапалы бағалау жүзеге аспайды. «Жеткілікті түрде, 

терең ескереді» деген ұғымның астарынан кез келген нәрсені түсінуге болады. Сондықтан осы 

ұғымдарды тереңірек ашу үшін градацияны нақты, анық көрсету керек. Ол үшін төмендегідей 

сұрақтарға жауап іздестіру керек:

Жай түсінік пен терең түсініктің арасында қандай айырмашылық бар?

Терең түсінікке жету үшін қандай ойлау дағдылары бізді жетелейді?

Бұл дағдылар қалай көрініс табуы мүмкін? Осыған сәйкес нақты критерийлер бойынша 

бағалау градациясын ұсынуға болады.

Кесте № 4. Нақты құрылған критерийлер үлгісі.



Тақырыбы

Мақсаты

Критерийлерді жіктеу

Терең- +!

Жеткілікті -+ +

Ішінара  - +

Мүлде 

ескермейді -?



Талантты 

және 


дарынды 

балаларды 

оқыту

Мұғалім-дерге 



сыныптағы 

барлық 


оқушылар-

дың оқу 


қажеттілік-

терін 


анықтауда 

көмек көрсету

Сессия жоспары 

құрылғанда 

сыныптағы 

барлық 


тыңдаушылардың 

қажеттіліктері 

маңыздылығына 

қарай 5-4 

қажеттіліктер 

іріктеп алынады

Сессия жоспары 

құрылғанда 

сыныптағы барлық 

тыңдаушылардың 

қажеттіліктері 

маңыздылығына 

қарай кем дегенде 

3 қажеттілік 

іріктелініп 

алынады.


Сессия жоспары 

құрылғанда 

сыныптағы 

барлық 


тыңдаушылар-

дың 


қажеттіліктері 

маңыздылығына 

қарай 2-1 

қажеттіліктер 

іріктеліп 

алынады.


Сессия 

жоспары 


құрылғанда 

сыныптағы 

тыңдаушылар-

дың 


қажеттіліктері 

ескерілмейді

Жоғарыда қарастырылған формативті бағалаудың тәсілдері тренер дамуының қозғаушы 

күші, сапалы оқытудың негізгі компоненті деп қарастыруға болады. Эксперт өз тәжірибесінде 



110

5

сәтті  жүзеге  асып  жүрген  формативті  бағалау  әдістері  арқылы  оқыту  үдерісін  басқарады, 

барлық  қатысушыларды  табысты  оқуға  жетелейді.  Оның  үстіне  тренердің  қажеттіліктерін 

ескере  отырып,  эксперт  тренерге,  тренер  мұғалімге,  мұғалім  -  оқытудың  негізгі  тұлғасы 

-    оқушыға  қосалқы  көмек  көрсетеді,  тәжірибесін,  оқуын  қолдайды.  Сөйтіп  білім  үздіксіз 

үдеріске айналады. 



Әдебиет тізімі

1.  Қазақстан  Республикасының  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру 

курстарының Бағдарламасы, Үшінші (негізгі) деңгей, үшінші басылым. 2012.

2.  Деңгейлік курстар тренерін бағалау үлгісі. 2013. 

3.  Мұғалімге арналған нұсқаулық, Үшінші (негізгі) деңгей, үшінші басылым. 2012.

4.  Шакиров  Р.Х.,  Буркитова  А.А.,  Дудкина  О.И.  Оценивание  учебных  достижений. 

Методическое руководство. – Б.: «Билим», 2012.  

5.  Низовская И. Словарь программы «Развитие критического мышления через чтение и 

письмо», Бишкек, 2005.

6.  [Электрондық  ресурс]  Экологический  словарь,  2001.  (http://psychology.academic.

ru/8105/)  

7.  АҚШ өткен курс жазбалары. 2013.



ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУЫНЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫ  

ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІН  БАҒАЛАУ

Баймукышева А.Б. 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

 Педагогикалық өлшеулер орталығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді  сөздер: суммативті бағалау, 3 (базалық) деңгей мұғалім стандарттары,  түйінді 

критерийлер. 



Ключевые  слова:  суммативное  оценивание,  стандарты  учителя  3  (базовый)  уровень, 

ключевые критерии.



Кeywords: summative assessment,  standarts for teachers of level 3, key criterias.

Аңдатпа

Үшінші  базалық  деңгей  мұғалімдерінің  портфолио  таныстырылымын  суммативті 

бағалау  мұғалімдердің  кәсіби  дамуы  мен  оқушылардың  оқуын  жетілдіруге,  тәжірибелік  іс-

әрекеттің рефлексиясына, сондай-ақ білім мен түсініктің дамуына бағытталған. Бұл мақалада 

үшінші  (базалық)  мұғалімдер  таныстырылымның  «Оқушылардың  оқуының  табыстылығы 

дәлелдемелері  сенімді»  білімін  бағалау  проформасында  көрсетілген  өлшемдер  арқылы 

бағалау  ұсынылған.  Үшінші  деңгей  бағалау  жабдықтары  мен  мұғалімнің  стандарттары 

негізінде  құрастылған  критерийлер  мен  дескриторлар  көрсетілген.  Жеке  сабақтың  сапасын 

бағалауда басым критерийлерді қолдану, оқушылардың оқуының табыстылық дәлелдемелерін 

нақты проформада берілген өлшемдер бойынша бағалау қарастырылған. Сабақтың сапасын 

бағалауда түйінді критерийлер мен дескриторларды қолдану арқылы оқушылардың оқуының 

табыстылығы дәлелдемелерін бағалау сипатталған. 



111

Аннотация

Суммативное оценивание презентаций, представленных учителями по завершению курсов 

повышения квалификации по программе третьего базового уровня, направлено  на определение 

профессиоиального  развития  учителей.  Суммативное  оценивание  позволяет  определить 

результаты совершенствования обучения учащихся, развития рефлексивных навыков, а также 

уровень знания и понимания. В статье рассматриваются подходы к суммативному оцениванию 

презентаций  третьего  (базового  уровня)      уровня  по  компоненту  «Насколько  убедительны 

доказательства  успешности  обучения  учеников»  с  использованием  шкалы  оценивания. 

Описаны способы применения дескрипторов в соответствии с  критериями, составленными 

на  основе    стандартов  учителей  по  третьему  (базовому)  уровню  и  инструментария  для 

оценивания.  Показано  использование ключевых критериев при оценивании одного урока,  а 

также оценивание на основе дескрипторов ключевых критериев того «насколько убедительны 

доказательства  успешности    обучения  учеников»,  представленные  учителем  при  защите 

презентаций. 



Abstract

Summative  assessment  of  level  3

rd

  teacher`s  presentation  is  directed  to  the  professional 



development  of  teachers  and  to  improve  students`  learning,  practice  reflection  as  well  as  to  the 

development of knowledge and understanding. This article reflects  the methods of criteria based 

assessment of  «Reliable evidence of the students` learning  success» It was described  the methodology  

of using criterias and descriptions based on assessment toolbox and standards of 3

rd

 level teachers.  



It was provided the application of main criterias by assessing the lesson quality and evidences of 

students` learning using assessing scales.

Деңгейлік бағдарлама курстарын өтіп жатқан мұғалімдердің портфолио таныстырылымын 

суммативті  бағалау  мұғалімдердің  кәсіби  дамуы  мен  оқушылардың  оқуын  жетілдіруге, 

тәжірибелік іс- әрекеттің рефлексиясына, сондай –ақ білім мен түсініктің дамуына бағытталған. 

Негізгі  мақсат  мұғалімнің  тұлға  ретінде  дамуына  және  тиімді  практик-ұстаз  ретінде 

қалыптасуына  жағдай  жасау.  Мұғалімдерді  оқытудың  екінші  «бетпе-бет»  кезеңінде  оқыту 

үдерісінде жеті модульді қалай кіріктіргені, сонымен қатар, бағдарлама идеяларын өзінің сабақ 

беру іс-әрекетіне қаншалықты енгізгені және оқушы оқуының табыстылығының дәлелдемелері 

бағаланады. Үшінші (базалық) деңгей мұғалімдерінің портфолио таныстырылымын бағалауда 

өткізілген сабақтың сапасын бағалаудың орны ерекше.

Үш  жылдық  бағалау  үдерісіндегі  эксперттік  тәжірибемнен  байқағаным  бағалау 

проформаларында (Бағалау жабдықтары үшінші (базалық) деңгей 14-б.) көрсетілген өлшемдер 

арқылы  дәлелдемелерді  бағалауда  мұғалімдер  мен  тренер  өлшемдерінде  сәйкестік  болмау 

жағдайы  жиі  кездесті.  Мұғалім  тәжірибесін    бағалауда  қолданылатын  түйінді  үш  критерий 

бағаның әділеттігін қамтамасыз ететіні сөзсіз. Дегенмен проформада  көрсетілген өлшемдер 

арқылы дәлелдемелерді нақты анықтау сенімді бағалауға мүмкіндік береді. Дәлелдемелерді 

өлшемдер  арқылы  бағалауға  көмекші  құрал  ретінде  эксперт  тәжірибесіне  сүйене  отырып 

жасалған  Үшінші  (базалық)  деңгей  мұғалімдерінің  таныстырылымының  «Оқушылардың 

оқуының  табыстылығының  дәлелдемелері  қаншалықты  сенімді»  компоненті  бойынша 

түйінді  критерийлерге  сүйене отырып құрастырылған дескрипторлар ұсынылады. Түйінді 

критерийлер  негізінде    дескрипторларды  құрастыруда  үшінші  деңгей  бағалау  жабдықтары  

[3, 11 - б.] мен үшінші деңгей мұғалімінің стандарттары (Мұғалімдерді бағалау қағидалары)  

қолданылды.  Критериалды  бағалау  жүйесі  бойынша  тәжірибем  де  көмегін  тигізді.  Түйінді 

критерий  негізінде  құрастырылған  дескрипторлар  оқушылардың  оқуының  табыстылығы  


112

5

дәлелдемелеріне  қатысты берілген ақпараттардың практикалық аспектілерін толық қамтуға 

мүмкіндік береді. Суммативті бағалаудың әділ шешімін шығаруда түсініктеме жазуға қолдануға 

болады. Маңыздысы мұғалімдер әріптестері тәжірибесіндегі сабақтың сапасын  оқушылардың 

оқуының шынайы дәлелдемелері негізінде жеті модуль идеясына қатысты оқыту мен оқудың  

стратегияларын  сәтті  және  сәтсіз  болғанын  анықтауға  көмектеседі,  тәжірибе  алмасады. 

Оқушылардың  оқуының  табыстылығы  дәлелдемелерін  анықтауда  суммативті  бағалау 

проформасын   [3, 11 - б.] ғана қолданып қоймайды, сонымен қатар басым критерийлер негізінде 

құрастырылған дескрипторларды да қолданып, көрсетілген өлшемдер арқылы бағалай алады.

Үшінші  базалық  деңгей  мұғалімі  таныстырылымы  «Оқушылардың  оқуының 

табыстылығы дәлелдемелері қаншалықты сенімді» құрамдас бөлігі бойынша түйінді критерий 

негізінде құрастырылған дескрипторлар  валидтілік, жеткіліктілік, шынайлық принциптеріне 

негізделген [4, 13-б.]. Бағалау рәсімінде бағалау принциптерін басшылыққа алу бағалаудың 

әділдігін қамтамасыз етеді.

Валидтілікті қамтамасыз етуде бағалау құралын дұрыс таңдау маңызды. «Оқушылардың 

оқуының  табыстылығы  дәлелдемелері  қаншалықты  сенімді»  [1,  4-б.]  компонентін  бағалау 

критерийлері  мен  дескриторларын  қолдану    мұғалім  тәжірибесінің  практикалық  аспектісін 

толық қамтуға мүмкіндік береді. 

Дескрипторларды құрастыруда үшінші (базалық) деңгей  стандарттарын қолдану  бағалау 

үдерісінің  түсініктілігі мен тұрақтылығын және сенімділігін қамтиды [ 4, 13-б.].  

Бағалаудың  жеткіліктіліктілігі  үшінші  деңгей  мұғалім  стандарттарына  сәйкес  кәсіби 

білім пен дағдылары бағалау  арқылы жүзеге асады. 

Бағалау критерийлері мен дескриторларға  сәйкес нақты тәжірибеден өткізілгені жайлы 

дәлелді деректерді анықтау және жұмыстың түпнұсқасының болуы бағалаудың шынайылығын 

кепілдендіреді. 

Бағалау  принциптері    негізінде  құрастырылған  дескрипторлар  бағаның  әділдігін 

қамтамасыз  етеді,  оқыту  мен  сабақ  беруде  жаңа  тәсілдерге  сәйкес  мұғалімнің  тәжірибесі 

жетістіктерін анықтайды. 

Таныстырылымда  бағдарламаның  үш  түйінді  бағалау  критерийлеріне  сәйкестігі 

мұғалім тәжірибесінің дәлелдемелері арқылы бағаланады. Таныстырылым компоненттері үш 

критерийге сәйкес болуы керек, бірақ әр компонент бір немесе екі критерийге шоғырлануы 

мүмкін   [3, 11 - б.] Бағалау проформасындағы әр компонент құнды, критерийге сәйкес нақты 

бағалауы маңызды. Таныстырылымның «Оқушылардың оқуының дәлелдемелері қаншалықты 

сенімді (3,2,1)» компонентін бағалауда қысқа мерзімді жоспар мен сабақтың сипаттамасына, 

оқушылардың оқуын талдау дәлелдемелеріне, мұғалімнің оқу бойынша рефлексиясына назар 

аударылуы  қажет.  Бірінші  және  екінші  критерийлер  бойынша  сенімді  дәлелдемелер  болуы 

керек.Сабақтың  сапасының  бағасы  Бағдарлама  идеясына  сәйкес  оқыту  сапасының  бағасын 

көрсетуі  қажет.Сыни  рефлексияны  көрсету  үшін  оқыту  мен  сабақ  берудегі  стратегияларды 

пайдаланғандығы және оның табыстылығын көрсететін жазбаларды қамтуы тиіс. Ең бастысы 

есепте оқушыларды оқыту расталуы қажет.

Таныстырылымды бағалау үрдерісінде түйінді критерий бойынша бағалауды жүзеге асыру 

үшін проформа қолданылады, қосымша бағалау құралы ретінде бағалау критерийлеріне сәйкес 

құрастырылған дескрипторларды пайдалануға болады. Дәлелдемелер бағалау проформасында 

көрсетілген өлшемдер арқылы бағаланады 0 – дәлелдемелер жоқ; 1 – дәлелдемелер әлсіз;  2 - 

дәлелдемелер жеткілікті; – дәлелдемелер терең ашылған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет