Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет40/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126

5

Для использования возможности ИКТ (программа «The Hat», электронный справочник, 

генератор  электронного  теста,  ментальная  электронная  карта,  программа  (Edraw  Max), 

электронный журнал, информационные каналы связи (agent, Whatsapp, Vzochat)) на каждой 

периоде урока в процессе преподования глубже объясняется на этой работе.

Abstract

In process teaching one of seven modules of a base course which are closely connected with 

the subject of computer science is the module of using of informational-communicative technologies 

(ICT) in training.

For using opportunities of ICT (program “ The Hat “, electronic directory, generator of the 

electronic test, mental electronic map, program (Edraw Max), electronic magazine, the information 

channels  of  communication  (agent,  Whatsapp,  Vzochat))  on  each  period  of  a  lesson  in  process 

teaching is deeper explained at this work.

Қазіргі білім беру мазмұнында болып жатқан бетбұрыс ол оқу үрдісін жаңашаландыру. 

Бүгінгі күні білім саласындағы мектеп үшін де, мұғалім үшін де басты мәселе «ХХІ ғасырда 

нені  оқыту  керек?»  және  «Мұғалімдер  оқушыларды  ХХІ  ғасырға  қалай  дайындайды?».  ҚР 

педагог  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  курстарының  мазмұны  осы  мәселені  шешуге 

бағытталған бағдарламаны ұсынды.

ҚР  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  бағдарламасының  бірінші  (  ілгері) 

деңгейлі курсында білімімді жетілдірілгеннен кейін, мектептің оқыту үдерісіне осы сындарлы 

оқыту әдістерін енгізудің тиімділігін және сабақ мазмұнына жеті  модульдерді ықпалдастыру 

арқылы  оқушылар  бойындағы  өзгерістерді  бақылау,  білім  сапасының  деңгейін  қадағалап, 

мониторингін саралау көшбасшы мұғалім ретінде менің зерттеу нысаным болды.

Әрбір  мұғалімнің  алдына  келген  оқушының  ойлау  қабілеті  әртүрлі  болады,  мәселен 

кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс атқарса, кейбірі оқу материалын баяу қабылдайды. Мұғалімге 

мұндай оқушыларға тапсырманы қайта ыңғайлап қарастыруға тура келеді. Осы тұста жаңашыл 

мұғалімнің  іс-  тәжірибесінің  ерекше  тұсы-  оның  сабақты  түрлендіріп  жүргізіп,  оқушы 

жүрегінен жол таба білуі. Оны жүзеге асырудың бір жолы-  заман талабына сай ақпараттық- 

коммуникациялық технологияны (АКТ) тиімді қолдану.

Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытып, алған 

білімін өз қажетіне тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету [1, 9-б.]7

Бұдан шығатын қортынды ұстаз қызметінің нәтижесі шәкіртінің білімді болуында ғана 

емес, шәкіртінің білімді өздігінен алып,  алған білімін өз қажетіне қолдана білуінде.

Бұл  сыни  ойлауды  дамыту  технологиясының  «дәстүрлі»  оқытудан  айырмашылығы- 

білімнің оқушыға дайын күйде берілмеуі. Білімді дайын күйде көрсетпей, оқушының өзінің 

сыни ойлауына мүмкіндік беру, тұжырымға келуге, шешім қабылдауға үйрету. Осы тұрғыда 

оқушылар арасынан дарынды оқушылар өзінің көшбасшылық қабілетімен таныла бастайды. 

Олар  топтық  жұмыстарда  белсенділік  танытып,  кейде  өз  тобындағы  тұйық  оқушылардың 

сабаққа тартылуына көмегін тигізеді.

Қазіргі  сабақ  құрылымы  жеті  модульге  ықпалдастырылған.  Осы  модульдерде 

қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер деп санауға болады.

Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану модулін қолданып информатика пәнінде сабақты 

тиімді  өткізуге  болады.  Сабақты  жоспарлау  барысында  мұғалім  сабақтың  әрбір  кезеңінде 

АКТ-ны қолдануға тырысады. Мұндай сабақ оқушы үшін қызықты болса, құрылымы жағынан  

жаңа форматтадағы сабақ болады. 

Білім  беру  үдерісінде  көп  қолданыста  жүрген  АКТ  құралдары:  Интерактивті  тақта, 

электрондық оқулықтар, компьютер, ғаламтор желілері.

АКТ құралдары оқушылар үшін  оқу материалдарын жеңіл түрде қабылдауына мүмкіндік 


267

беретін құрал болса, мұғалім үшін сабақ барысында қолданатын  көмекші құрал. Себебі, сабақта 

уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдарды дайындау мақсатында АКТ құралдарын 

қолданады.

Сабақтың басталуы ең маңызды сәттердің бірі. Мұғалім сабағының мәнді өтуіне сыныпта 

ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудың да ықпалы зор. 

Оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін ұйымдастырушылық сәт  (оқушыларды топқа 

бөлу)  орындалады.    Осы  мақсатта  сабақта  балаларды  топқа  бөлудің  түрлі  әдіс-  тәсілдерін 

қолданып  отырған  жөн.  Кейде    уақытты  тиімді  пайдалану  үшін  топта  бөлу  әдісінде  АКТ 

мүмкіндігін пайдаланып « The Hat « бағдарламасы арқылы сыныпты жылдам топтастыруға 

болады. 

Оқушылардың ынтымақтаспен бірлесіп жұмыс жасауы оқушылардың сабақ барысында 

белсенділігін арттырады. Оқыту мен оқу үдерісінде АКТ- ны қолданудың тиімділігі топтық 

жұмыс барысында  тақырыпқа сай жаңа терминдермен (сөздік) жұмыс жасауға тура келгенде 

осы  АКТ  мүмкіндігін  пайдаланып  ғаламтор  желісі  арқылы  электрондық  анықтамаларды 

қолдануға болады.

Сабақ  барысында  көбіне  кездесетін  кедергілер:  оқушылардың  АКТ  құралдарымен 

барлығының  бірдей  деңгейде  қолдана    алмауы.  Бірақ  менің  мұндай  кедергілерді  шешу 

жолындағы  бір  әдісім:    сыныпты  жұмысшы  топтарға  бөліп,  үлгірімі  төмен  оқушыларды 

қабілетті оқушыларға жұптастырып бірге тапсырма орындауға бағыттау.

Бұл АКТ құралдарын бірнеше мақсатта қолдануға  болады: көрнекілік ретінде суреттер, 

диаграммалар, бейнероликтерді қолдануға болады;

Түрлі  тәжірбиелік  жұмыстар  мен  табиғат  құбылыстарын  демонстрациялап  көрсетуге 

болады;


Алған  білімдерін  тексеру  мақсатында  тарау,  тақырыпты  қорытып  пәндерден  тест 

жұмыстарын жүргізуге болады. Тест тапсырмасының құрылымын түрлендіріп сәйкестендіру 

тесті,  бір  дұрыс  жауап  немесе  бірнеше  дұрыс  жауаптары  бар  тесттер,  сурет  түрінде  т.б. 

берілген  тапсырмалар  түрінде  құрастыруға  болады.  Тест  жұмысын  компьютер  арқылы 

орындатудың тиімділігі оқушы жұмысының қортындысының толық есебі  электрондық кесте 

түрінде ұсынылады, онда дұрыс жауаптар саны, бағасы және тест жұмысын орындауға кеткен 

уақытты көрсетіледі. Осы есеп бойынша мұғалім қатемен жұмысты тиімді жоспарлай алады. 

Ал, электрондық оқулықтар арқылы практикалық жұмыстарды орындатуға болады.

Кембридж университетінің аға лекторы, PhD Ұлыбританиялық Элейн Уилсон «Оқыту 

мен оқу сапасын арттыру үшін сабақтарда сандық технологияларды қолдану» тақырыбындағы 

еңбегінде  таныстырылымдардың  жұмыс  әдістерінің  ең  тиімдісі  болып  табылатынын  және 

оқушылар  жұмысын  постерде  бейнеленген  гөрі    тұжырымдамалық  картаны  қолданған 

жағдайда  ерекше  көрінетінін  атап  көрсеткен.  Сонымен  қатар  тұжырымдамалық  картамен 

жұмыс жасауға арналған бағдарлама мүмкіндіктеріне тоқталған [2, 13-б.].

Тұжырымдамалық картаға арналған Edraw Max бағдарламасын өз сабағымда тақырыптық 

тұжырымдамалық карталар жасауда жиі қолданамын. Себебі, Edraw Max бағдарламасындағы 

пәндерге сәйкес тұжырымдамалық карталардың дайын шаблондарын пайдаланған өте тиімді

Cабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттырудың тиімді тәсілдерінің бірі- 

интерактивті жаттығуларды пайдалану. 

http://learningapps.org сайтында әр пән бойынша интерактивті жаттығулардың сан түрлері 

бірнеше санаттарға  (Таңдау, бөлу, бірізділік, толтыру, құралдар санаттары) бөлініп ұсынылған. 

Мұндай интерактивті жаттығуларды сабақта оқушылардың білімін бекіту, тексеру  үшін 

қолданған тиімді. Бұл интерактивті жаттығулар: 

•  Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға;

•  Сабақ тақырыбын тереңірек түсінуге;

•  Материалды жақсы есте сақтауға мүмкіндік береді.



268

5

Сабақты  тиімді  ұйымдастыру  үшін  көптеген  онлайн  сервистерін  пайдалануға  да 

болады. Бұл онлайн сервистер оқушылар үшін оқу үдерісін қызықты өтуге мүмкіндік беретін 

интерактивті  технологиялар.  Олар  дәстүрлі  оқыту  шеңберін  кеңейтіп,  жаңаша  оқу  ортасын 

құруға мүмкіндік береді.

   Ал,  оқушы  жұмысын  бағалау-  білім  сапасының  нәтижесі.  Егер  мұғалім  әртүрлі 

бағалауды орынды қолдана білсе, оқудағы жетістіктерді тиімді бағалауға қол жеткізе алады. 

Біз бағалаудың екі түрін білеміз. Формативті (қалыптастырушы) және суммативті ( жиынтық) 

бағалау. 

  Қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау – оқытуды бағалау 

болып  табылады.  Қалыптастырушы  бағалау  –  бұл  білім  алушылардың  оқудың  қандай 

сатысында  тұрғанын,  қандай  бағытта  даму  керек  және  қажетті  деңгейге  қалай  жету  керек 

екендігін анықтау үрдісі [1, 28-б.].

  Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен 

қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы  бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті 

емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында, сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі. Сабақ 

барысында критерий арқылы өзін- өзі бағалау және өзара бағалау әдістері қолданылады. Мен өз 

тәжірбиемде бағалау әдістерін түрлендіріп қолданамын. Әрине қалыптастырушы бағалаудың 

нақты түрлері жоқ, сондықтан қалай түрлендіремін десе де, ол мұғалімнің өз шеберлігі. 

Бағалау критерийлері тапсырмаға сай құрылып, оқушы білімінің нәтижесі ауызша немесе 

жазбаша  түрде  бағаланады.  7-сынып  бойынша  «Word  Pad  текстік  редакторы»  тақырыбына 

көрсетілім дайындау мақсатында алынған қалыптастырушы бағалау критерийі:

Тақырыптың толық ашылуы: (3 балмен есептеледі)

А) тақырыпты толық аша білді; Ә) тақырыпты толық аша алмады;

Б) тақырыпты аша алмады.

Теория мен практиканы ұштастыра білуі: (3 балмен есептеледі)

А)  теория  мен  практиканы  толық  ұштастыра  алды;Ә)  теория  мен  практиканы  толық  

ұштастыра алмады; Б) теория мен практиканы байланыстыра алмады.

Дайындалған тапсырманы безендіре білуі: (3 балмен есептеледі)

А)  тапсырманы  үйлесімді  безендіре  білді;  Ә)  тапсырманы  толық  үйлестіріп  безендіре 

алмады; Б) тапсырманы үйлесімді безендіре алмады.

Бағалау шәкілі:

«5» - 8-9 балл      «4» - 6-7 балл 

«3» - 4-5 балл      «2» - 0-3 балл 

  Осы бағалау үдерісін жүзеге асыруда АКТ мүмкіндігін пайдалану өте тиімді. Ол үшін 

мұғалімдер қарапайым офистік бағдарламалар ішіндегі MS Excel бағдарламасында электронды 

бағалау  парағын  құрастырып,  әрбір  топ  алдындағы  компьютерге  алдын  ала  енгізіп  қойса 

жеткілікті (1- кесте).

кесте. Электронды бағалау парағы



Оқушының 



аты-жөні

Негізгі бағалау

Балл

Баға

Тақырыптың 

толық ашылуы

Теория мен практи-

каны ұштастыра білуі

Дайындалған 

тапсырманы 

безендіре білуі

1

1-оқушы 



3

3

3



9

5

2



2-оқушы

3

2



2

7

4



  Сабақ барысында әр топтағы жауапты бағалаушы оқушы өз тобындағы  оқушылардың 

формативті  бағасын  критерий  арқылы  енгізіп  отырса,  сабақ  соңында  оқушылардың    әрбір 



269

тапсырма  бойынша  алған  формативті  бағаларының  қортынды  бағасын  компьютердің 

өзі  автоматты  түрде  шығарып  береді.  Сабақ  соңында  оқушылар  мұғалімнің  көмегінсіз 

компьютерден  бүгінгі  сабақтағы  бағаларын  біліп  кетеді.  Бұл  мұғалім  үшін  уақытты  үнемді 

пайдалануға көмек болады. 

Осылайша  сабаққа  күнделікті  бағалау  критерийлерін  құрып,  онымен  оқушыларды 

таныстырып отырсақ, оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренеді, сол сияқты өзгені де бағалауды 

үйренеді. Олар өз білімінің деңгейін саралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке жетуге тырысада. 

Сондай-ақ  мұғалімге  деген  өкпе-реніш  болмайды,  себебі  өз  білімінің  әділ  бағаланатынына 

сенімді болады деп ойлаймын.

Ал  мұғалім  сынып  үлгерімін  автоматтандыру  үшін  осы  MS  Excel  бағдарламасында 

электронды  журнал  арнаса  да  өте  тиімді.  Күнделікті  оқушы  бағасын  электронды  журналға 

енгізіп, тоқсан аяғында оқушылардың тоқсандық суммативті бағасы компьютерден автоматты 

түрде шығарып ала алады. Бұл электронды журналдың мұғалім үшін тиімділігі пән бойынша 

сыныптың білім сапасының көрсеткішін шығарып отыруға болады.

Кері  байланыс  жасау-  оқушының  оқуын  жақсарту  үшін  қажет  нарсе.  Кері  байланыс 

оқушыға  өзінің  мықты  және  осал  тұсын  көрсетіп,  алға  жылжуға  ықпал  етсе,  мұғалімге 

оқытудағы  жіберген  кемшіліктерін  біліп,  өз  тәжірбиесіне  өзгертулер  енгізуге  ықпал  етеді 

[3, 112-б.]. Сабақ барысында оқушылардың айтқан пікірі мен үшін құнды. Ал мен, бұл кері 

байланыс  парағындағы  ұсыныстарды  келесі  сабағымды  жоспарлауда  ескеремін.  Сондықтан 

оқу жылы барысында AKT мүмкіндіктерін пайланып agent, Whatsapp, Vzochat бағдарламалары 

арқылы  әр  сынып  атынан  блоктар  ашамын.  Оқушыларды  сабақ  соңында  бүгінгі  өтілген 

тақырып бойынша не үйренгенін, яғни білгісі келген нәрсені бүгінгі сабақтан ала алды ма?,  

қандай сауалы бар?, бүгінгі сабақ туралы пікірлерін сынып атынан ашылған блокка жазып 

қалдыруға дағдыландырып келемін. Сонымен бірге бұл блокты өзара бағалау құралы ретінде 

де  пайдаланып  оқушылар  бір-  бірін  бағалауда  мысалы,  «Екі  жұлдыз,  бір  тілек»  арқылы  өз 

пікірлерін жазып та қалдырады.

Қорыта келе  оқыту үдерісінде АКТ  құралдары мұғалімге көмекші құрал болғанымен, АКТ 

құралдарын әр пәннің өзіндік құрылымы мен  ерекшелігіне сай орынды қолдану қажет. Қазіргі 

барлық ақпарат құралдары дамыған уақытта қандай да болсын қиын тапсырмаларды сандық 

технологиялар көмегімен оңай әрі, тез шешуге де болады. Бұл жағдай біздің ғалымдарымызды 

да ойландырып жүрген үлкен бір мәселе болып тұр. Себебі сандық технологиялар оқушының 

ойлау  қабілетін  дамытуға  шектеу  болып  тұр.  Оқушы  тапсырмаларды  ойланып  өз  бетінше 

орындағаннан  гөрі  сандық  технологиялар  көмегіне  сүйенеді.  Ал  оқушының  11  жыл  бойы 

алған  білімін  саралайтын    кезеңі  ҰБТ-  да  осы  сандық  технологияларды  пайдалануға  қатаң 

тиым  салады.    Сондықтан  АКТ  құралдарын  пайдалануды  мұғалім  сабақ  үдерісінде  тиімді 

жоспарлаған жөн. Менің мұндай тұжырымға келуіме дәлел ретінде мына мәліметті келтіргім 

келеді.


Силикон алқабы дегенді естуіңіз бар ма? Калифорния штатында орналасқан. АҚШ-тың 

ғана  емес  әлемнің  керемет  технологиялық  жаңалықтары  жасалатын  жер.  Сүттің  бетіндегі 

қаймақтары  жиналған  ғылыми  орта.  Білесіз  бе,  сондағы  мектептерде  компьютер  атаулы 

атымен жоқ. Тақта мен бор, ағаш парта мен тау -тау кітаптар тұратын  сөрелер ғана бар онда. 

Ондағы оқушылар ұялы телефон, планшет дегендерді ұстамайды. Калькулятор деген атымен 

жоқ. Мұғалімдер мұндай сандық технологияларды оқушылардың үйде де қолданбауын жөн 

санайды екен. Ең қиын көбейту мен бөлуді оқушылар қағаз бен тақтаға шығаруға міндетті. 

Бір ғажабы мұндай тәртіп осы Силикон алқабында ғылыми зерттеулер жасайтын ғұлама ата-

аналардың  талабы  бойынша  қалыптасқан  екен  [4].  Бұл  мәселерді  біздің  де  ескеруіміз  жөн. 

Сондықтан  оқушылардың  логикалық  қабілетін  дамытатын  математика  сабақтарында  АКТ 

құралдарын орынымен қолданған жөн деп есептеймін.  Қазіргі таңда білім беру үрдісінде осы  


270

5

АКТ  құралдарын қолдану мәселелері өзекті мәселердің  қатарынан орын алып, әлі де ақпарат 

құралдары бетінде  талқыланып келе жатқан  тақырып.

Әдебиеттер тізімі

1.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық.  Бірінші  (  ілгері)  деңгей.  Екінші  басылым.  Астана. 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. 2014.

2.  Уилсон  Элейн.  Оқыту  мен  оқу  сапасын  арттыру  үшін  сабақтарда  сандық 

технологияларды қолдану // Педагогикалық диалог. №2 (12) 2015,  13-17 б.

3.  Молдағажиева  С.Д.  Оқу  үшін  бағалаудағы  кері  байланыстың  тиімділігі  // 

Педагогикалық диалог. №2 (8) 2014, 110-115 б.

4.  Әлеуметтік 

желілердің 

әбігері 


// 

Apta.kz 


материалынан 

https://www.youtube.com/watch?v=gc3P4MM1MQI ( 5.09.2015)



ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ МОТИВАЦИЯСЫН

АРТТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жубауова Ж. Р.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»

Қызылорда қаласы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Түйінді сөздер: бағалау, ФБ-формативті бағалау, оқу үшін бағалау,  МАЛС, біліктілік.

Ключевые слова: оценивание, ФО-формативное оценивание, оценивания для обучения, 

МАЛС, квалификация.

Keywords: assessment, formative assessment, assessment for learning, MALS qualification.

Аңдатпа

Мақалада  формативті  бағалау  оқушының  шығармашылық  әлеуеті  мен  мотивациясын 

арттырудың  жүзеге  асыру  жолдары  ретінде  қарастырылған.  MALS  сауалнамасы  арқылы 

оқушының мотивациясын анықтауға болатын тұстары көрсетілген. Сауалнамадан анықталған 

оқушылардың деңгейлеріне қарай формативті бағалау негізінде оқыту мен оқуды жүзеге асыру 

нәтижелері қамтылған. Зерттеу нәтижелері бойынша оқушылардың химия пәнінен орындаған 

тапсырмаларына  формативті  бағалау  арқылы  оқушының  оқуға  деген  ынтасын  арттыруға 

ұсыныстар  берілген. 

Бағалауды  жүзеге  асырғанда  оқушы  еңбегіне,  білім  игеру  деңгейіне, 

тапсырманы орындау мүмкіндігіне бақылау жүргізіп, әр бағалау критерийлеріне түсіндірмелер 

жасап, қорытынды шығару маңыздылығы айтылады.

Аннотация

В  данной  статье  рассматривается  формативное  оценивание  как  условие  реализации 

творческого потенциала и пути повышения мотивации ученика.  Указаны пути определения 

мотивации ученика с помощью анкеты MALS. В зависимости от уровня учащихся, прошедших 

анкетирования  на  основе  формативного  оценивания  приведены  некоторые  результаты 

реализации преподавания и обучения. По результатам исследования с помощью формативного 

оценивания даны рекомендации к выполненным заданиям учеников по химии. В статье также 


271

говорится о значимости комментирования каждого критерия оценивания и выведения итогов 

при оценивании. 

Abstract

In this article were written how to improve the creativity and motivation of students in the 

implementation of formative assessment. With the profiles of MALS can determine the desired point 

the motivation of the student. Depending on the level of the students surviving identified based on 

the results of formative assessment in the implementation of teaching and learning. According to 

the survey of results to the objectives of the performance of students in chemistry were asked to 

evaluate the formative student motivation. An important role is played by assessment of student work, 

knowledge, control the level of the problem and explain about the criteria of evaluation.



Мұғалімнің дайындық (кәсіби білім, білік және дағды) мазмұнына қойылатын талаптар 

кәсіптік  біліктілік  сипаттамасында  қарастырылады.  Кәсіптік  біліктілік  -  қызметтің 

нақты бір түрінде белгілі деңгейдегі және қиындықтағы еңбек міндетін орындауға мүмкіндік 

беретін  қызметкердің  кәсіби  дайындық  сатылары.  Яғни,  біліктілік  -  мұғалімге  теориялық 

және практикалық тәжірибе деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы.

Оқытатын  мұғалім  біреу  болса  да,  оқушылардың  білім  игеру  деңгейлері  мен 

құзыреттіліктері  әр  түрлі  болып  табылады.  Мұны  қалай  түсінуге  болады?  Әр  оқушының  

мұғалімді түсінуі мен тақырыпты қабылдауы әр түрлі, сол себепті жетістіктері де бірдей емес. 

Оқу  қиындық  туғызғанда  оқушының  білімге  деген    құштарлығы  азаяды,  оқығысы  келмеу 

тілегі туындайды, яғни мотивациясы төмендейді. Бағалау жүйесінде бұл формативті бағалау 

деп аталады. Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың 

нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын 

термин. 

Формативті бағалау немесе оқу үшін бағалау дегеніміз не?

Кез  келген  мұғалім  Оқу  үшін  Бағалау  (ОүБ)  неліктен  оқытуды  және  оқуды  жетілдіру 

проблемаларын  шешудің  маңызды  мәселесіне  айналып  отыр  деген  сұрақ  қоюы  мүмкін, 

онысы орынды да. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің 

түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқу үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы 

болып табылады [1, 57-б.]. 

Қазіргі таңда оқушының оқу мотивациясын анықтау, оның диагностикасын жүргізу аса 

маңызды болып табылады. Оны әр оқушының жеке оқуға деген қабілеттілігін ескере отырып 

жүргізген жөн. Оқушының оқу мотивациясын анықтау не үшін қажет? Әр оқушының оқуда 

табысты  болуына  қолдау  көрсету,  оқушының  тапсырманы  орындаудағы  ынтасын  арттыру, 

жеке оқушының қажеттілігін ескеру.

А,В,С деңгейіндегі оқушылардың оқуға деген мотивациясы қалай анықтауға болады?

Біріншіден,  Myself-As-Learning    (MALS)  шкаласы  (оқытудың  қабілет  шкаласы) 

бірнеше  жыл  ішінде  құрылды  (Бурден,  1988).  Бурден  389  студенттен,  бір  мектептегі  7 

және  8-сыныптардан  таңдау  үшін  MALS  сауалнамасын  қолданды.  Шындығында,  MALS 

сауалнамасына оқушылардың бес жауаптың бірін белгілеуін талап ететін (толығымен келісемін 

және толығымен келіспеймін) және әрбір жауап бір балдан бес балға дейін бағаланады, жалпы 

сома  100  құрайды.  Оны  зерттеу  MALS  бағалары  мен  есептеу  мен  сауаттылықтағы  негізгі 

жетістіктер  арасында күшті  корреляция  анықталды.  Басқаша  айтқанда,  баға  жоғары  болған 

сайын студент өзін оқуға қатысты оң сезіне бастайды. 

Екіншіден,  оқуға  қатысты  белгіленген  ойлану  мен  даму  туралы  зерттеулер  Стэнфорд 

университетінің профессоры Двек (Dweck) анықтаған сала болып табылады. Өз интелектісі 



272

5

мен жеке қасиеттерін икемді, көнгіш (ойланудың өсуі) деп есептейтін студенттер үшін бұл 

жағдайда оқытуда оң қарым-қатынасқа қол жеткізіледі деп есептейді [3, 10-б.].

Сауалнама сұрақтары:

А

Аты:

Жынысы: ер/әйел

Жасы:

сынып

1

Мен тестілерді жақсы орындай аламын



5

4

3



2

1

2



Маған мәселелерді шешкен ұнайды

5

4



3

2

1



3

Маған жаңа жұмыс берген кезде, мен әдетте оны орындай 

алатындығыма сенімді боламын

5

4



3

2

1



4

Жұмыс туралы мұқият ойлау оны жақсы орындауға 

көмектеседі

5

4



3

2

1



5

Мен жақсы талқылай аламын

5

4

3



2

1

6



Мен өзімнің жұмысымда біршама көмекке мұқтажбын

1

2



3

4

5



7

Маған қиын жұмысты орындау ұнайды

5

4

3



2

1

8



Мен жаңа жұмысты орындауға тиіс кезде менде мазасыздық 

пайда болады

1

2

3



4

5

9



Проблемалық жағдайларды шешу қызықты деп ойлаймын 

5

4



3

2

1



10

Мен жұмысты орындау қиын болған кезде маған ары қарай не 

істеу керектігін шеше аламын

5

4



3

2

1



11

Оқу жеңіл

5

4

3



2

1

12



Мен тесттерді жақсы орындай алмаймын

1

2



3

4

5



13

Мен көптеген сөздердің мағынасын білемін

5

4

3



2

1

14



Мен орындауға тиісті тапсырмаларды мұқият ойлаймын

5

4



3

2

1



15

Мен проблемаларды қалай шешу керектігін білемін

5

4

3



2

1

16



Мен мектепте көптеген тапсырмаларды қиын деп табамын

1

2



3

4

5



17

Мен ақылдымын

5

4

3



2

1

18



Қалай жақсы оқушы болатынын білемін

5

4



3

2

1



19

Маған өз ақылымды қолдану ұнайды

5

4

3



2

1

20



Оқу қиын

1

2



3

4

5



                                                          

6,8,12,16,20 сұрақтар үшін

5- толық келісемін                                1-толық келісемін

4-шамалы келісемін                              2-шамалы келісемін

3-сенімді болмау                                   3-сенімді болмау

2-шамалы келіспеймін                          4-шамалы келіспеймін

1-мүлде келіспеймін                             5-мүлде келіспеймін 

Ескерту:  сауалнаманы  сыныптағы  барлық  оқушы  жеке  толтырады.  Әр  оқушының 



толтырған сауалнамасына таладау жасалынады.

Түсіндірме:  кестедегі  сұрақтардың  реттік  санына  сәйкес    сауалнамадағы  әр  сұрақтың 

ұпайы  жазылады  (астына).  Төрт  өлшем  (Тапсырмаларды  орындау  ынтасы    (T),  Адамның 

өзіне  сенімділігі  (E),  Тапсырманы  орындаудан  қашқақтауы  (WA),  Жұмыстан  тыс  қалған, 

мотивациясы төмен (A) ) бойынша жалпы қосындысы шығарылады. Жалпы қосынды бойынша 


273

«Нәтижелерді  пайымдау»  кестесіне  сүйене  отырып,  оқушының  оқуға  деген  мотивациясы 

анықталады [3, 78-б.].

Нәтижелерді сұрыптау

     

 жалпы


1

Тапсырмаларды орындау 

ынтасы (T)

2

5



9

13

14



19

2

Адамның өзіне сенімділігі (E)



3

6

12



16

20

3



Тапсырманы орындаудан 

қашқақтауы   (WA)

1

7

8



11

17

18



4

Жұмыстан тыс қалған, 

мотивациясы төмен  (A)

4

10



15

Жалпы  қосынды  тиісті  шкаламен  салыстырылады,  нәтиже  жуық  шамамен  алынады 

және көлденең орналасқан екі сәйкестік болса ғана оқушының оқу мотивациясы анықталады. 

(мысалы:  Т=25,  Е=  14,    WA  =19,    A=11  болса,  кестедегі  шкаламен  салыстыратын  болсақ 

алғашқы екі өлшем бірінші жазылған сандарға жуық. Демек, бұл оқушы «Көмек қажет етеді». 

Сондықтан сабақ барысында бұл оқушыға қолдау, бағыт-бағдар, мадақтау аса қажет болып 

табылады. 

Нәтижелерді пайымдау

T

E

WA



A

26

13.7



15.5

3.9


Көмек қажет етеді  

27.4


20.1

14.7


3.6

Баға үшін жүр 

26.2

21.1


20.6

5.0


Оңай жолмен баға алғысы келеді 

26.2


22.7

25.2


8.7

Позитивті оқушы 

18.0

15.0


21.7

10.8


Аса тапсырмаға құштар емес  

22.1


17

20.9


6.8

Төмен мотивация 

Сауалнамаға қатысқан оқушылар саны-28

Позитивті оқушылар саны-12 (42,2%); 

Оңай жолмен баға алғысы келетін оқушылар саны- 6 (21,4%);

Аса тапсырмаға құштар емес  оқушылар саны-2 (7,9%);

Төмен мотивациядағы оқушылар саны-8 (28,5%)

Сауалнама қорытындысынан кейін 3 оқушыны нақты зерттеу нысандары ретінде алынды. 

Осы  оқушылар  сабақтар  барысында  бақыланып,  тапсырмалар  арқылы  қалай  оқу  керектігі 

үйретілді.

Сабақтың мақсаты қаншалықты жүзеге асқанын байқау үшін тапсырма берілді және бұл 

кері байланысты жүзеге асыру үшін қолданылады, не нәрсенің жақсы екендігін және ол қалай 

жақсартылуы мүмкін екендігін пікірлер бойынша анықталады. Бағалауды оқушыға емес, оның 

жұмысына жасау керек және де жұмысын бағалағауды кемшілігінен гөрі, жақсы тұстарына 

беру қажет [5, 5-б.].


274



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет