5
Сұрақтар
А оқушы
В оқушы
С оқушы
Кальций неше
валентті?
Периодтық жүйеде
калай орналасқан?
Кальций ІІ валентті.
2 периодта, ІІ топтың негізгі
топшасында орналасқан.
Кальций ІІ валентті
2 периодта, ІІ топта
орналасқан.
Кальций ІІ валентті
2 периодта
орналасқан.
Кальций
қосылыстарының
формулаларын
жазыңдар
CaO, CaCl2, Ca( OH)2 Ca
(HCO3)2 CaSO4
CaO, , Ca( OH)2
CaSO4, CaCl2
CaO CaCl2 ,
Ca( OH)2
Судың кермектігі
дегеніміз не?
Кермектілік екі түрлі болады:
уақытша , тұрақты. Біріншісі-
Ca2+ , Mg2+ CO32- ,
HCO3- иондары болғанда
байқалады. Тұрақты кермектілік
қайнатқанда жойылмайды.
Онда кальций сульфаты, магний
сульфаты т.б. тұздары болады.
Судың кермектілігі
- Ca2+ , Mg2+
иондарының болуымен
түсіндіріледі.
Кермектілік екіге
бөлінеді: уақытша және
тұрақты.
Ca2+ , Mg2+
иондарының
қатысуымен болатын
суды кермек су деп
атаймыз.
Не нәрсе жақсы
орындалды
Көптеген ақпараттар жазғансыз
және барлығымен келісемін.
Яғни кальцийдің зерттеуде
уақытты босқа өткізбегенсіз.
Бұл өте жақсы!!! Жарайсың!
Кальций ІІ валентті
2 периодта, ІІ топта
орналасқанын жақсы
айттыңыз, себебі
топтың номері
валенттілігіне сәйкес.
Судың кермектілігінің
анықтамасын және
уақытша , тұрақты
болатынын білгеніңіз
қуанарлық жағдай.
Уақытша кермектікті
суды қайнату арқылы
жүзеге асатын
реакциясын дұрыс
жазғансыз
Кальцийдің екі валентті
екенін, кальций
қосылыстарының
химиялық
формулаларын дұрыс
жазғансыз және кермек
судың анықтамасын
білгеніңіз үшін
жарайсың!
Ұсыныс
Кермектікті жою жолдарының
тағы қандай реакция
теңдеулерін жазуға болады?
Судың көп мөлшерін
техникада қайнату
қымбатқа түседі, осы
мақсатта әк сүтін
немесе соданы қосу
арқылы жоюға болады.
Осы процесті реакция
теңдеулері арқылы
жазуды білесіз бе?
Кальцийдің әктас
деген қосылысы да
бар, ол СаСО3. Судың
кермектігі уақытша және
тұрақты болады. Оларды
жою жолдарын білесіз
бе?
Формативті бағалауды жүзеге асыруға алынған тапсырмалар жоғарғы деңгейдегі
оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Тапсырмалар күнделікті оқу жетістіктерімен
кері байланысты туғызуға, оқушыларға өз оқуы туралы қорытынды жасауға және нәтижені
жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді.
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы
кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін
немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият
275
бақылауы болып табылады.
Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын,
сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет.
Мәліметтерді интерпретациялау негізінде бағалауды қамтитын қорытынды жасалады
[1, 57-
б.].
Демек, бағалауды жүзеге асырғанда оқушы еңбегіне, білім игеру деңгейіне, тапсырманы
орындау шамасына бақылау жүргізіп, әр бағалау критерийлеріне түсіндірмелер жасап,
қорытынды шығару аса маңызды болып табылады. Мұғалімдер мен балалар үшін олардың қай
мақсаттарға жеткісі келетінін білу маңызды, ал ол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуді талап
етеді
[2, 14-б.].
Критерий бойынша бағалау кестесі
Критерийлер
Бағалау
Анықталған проблеманың
есептің шартына сәйкестігі
2б. – анықталған проблеманың есептің шартына толық сәйкестігі;
1б. –проблема анықталған, бірақ есептің шартына толық сәйкес емес;
0б. – проблема анықталмаған.
Есепті шығаруға
мәліметтердің жеткіліктілігі
мен толықтығы
2б. – оқушы есепті шығаруға қажетті мәліметтерді өз бетінше анықтаған және
қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасаған;
1б. – оқушы есепті шығаруға мәліметтерді қолданған, бірақ қосымша ақпарат
көздерін қамтымаған.
0б. –есепті шығаруға мәліметтердің жеткіліксіздігі.
Есептің шығарылу тәсілін
түсіндірілуі
2б. – есептің бірнеше шығарылу тәсілін ұсынған, ең тиімдісін таңдап
түсіндірме жасаған;
1б. – есептің бір ғана шығарылу тәсілін ұсынып түсіндірме жасаған;
0б. – есептің шығарылу тәсілі ұсынылмаған.
Есептің шығарылу кезеңдері
мен мәліметтердің дұрыс
жазылып толтырылуы
2б. – есептің шығарылу кезеңдері мен мәліметтер дұрыс жазылып толтыруда
шешілу жолдарын айқындайтын графиктер , сызбалар, формулалар
пайдаланған;
1б. – есептің шығарылуы дұрыс, айқындайтын графиктер , сызбалар,
формулалар берілмеген;
0б. – есептің шығаруға алынған мәліметтері дұрыс емес.
Белгіленген критерийлер оқушылардың білімін ғана емес, сол білімді белгілі бір
тапсырманы орындауда қаншалықты қолдана білетінін бағалауға көмектеседі. Яғни түйінді
және пәндік құзыреттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Кесте бойынша оқушының
жиынтық ұпайын шығаруға болады [4, 2-б].
Формативті бағалаудың әдістері мен жүзеге асыру механизмін білу, түсіну, қолдану
мұғалімнің педагогикалық, әдістемелік жұмыс жүйесіне жаңаша көзқарасты қалыптастырады.
1. Әдебиеттер тізімі
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Үшінші (базалық) деңгей: Үшінші басылым.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.
3. Тренерлерге арналған нұсқаулық, Үшінші (базалық) деңгей: Төртінші басылым.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015.
4. Шолиер В. Оқыту үдерісінде қабылдау дағдысын жақсарту. Эссекстегі Академия
базасында зерттеу. www.cpm.kz. 2011.
5. Колбина Е. В. Использование критериальной системы оценивания учащихся на
уроках математики. http://festival.1september.ru/ (23.09.2015.)
6. Шакиров Р.Х., Буркитова А.А., Дудкина О.И. Оценивание учебных достижений
учащихся. Б.: «Билим», 2012.
276
5
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІНДЕРДІ ТАЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жүнісов Д. Б.
Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: мәтін, талдау, сөйлем деңгейі, тілі, түрі, стильдік ерекшелігі.
Ключевы слова: текст, разбор на уровне предложения, язык, тип, стилевые особенности.
Key word: text, analysis, level of sentence, language, type, stylish feature.
Аңдатпа
Баяндамада мәтінді талдаудың қазақ тілі сабағында оқушыға тілдік білімді игертуде және
филологиялық дағдыларын дамытудағы тиімділігі туралы айтылған. Мәтіндерді талдаудың
сатылы жолдары мен екі мәтінді салыстыра талдаудың үлгісі берілген.
Аннотация
В докладе описывается необходимость разбора текстов для развития языковых знаний и
филологических навыков. Даны образцы алгоритмов ступенчатого разбора и сравнительного
анализа двух текстов.
Abstract
Inreport it was told about efficiency of analysis of text on Kazakh language sabject assimilating
the language knowlenge of student and development of philological skills. There was given an
example of stade ways of analysis of text and example of analysis of comparing two texts.
Қазақ тілін оқыту мәселесінде ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибеде мәтін талдауға
байланысты әдістемелік зерттеулер кенже дамыды десек, қате айтпаған болар едік. Сөйлемді
мәтіннен бөліп алып талдау оның тілдік табиғатын жан-жақты аша алмайтыны қазіргі уақытта
тілші-ғалымдар тарапынан толық дәлелденіп отыр. «…бұл мына жайларға байланысты:
біріншіден, қандай мәтінді қалай талдау зерттеушінің алдына қойған мақсат-міндеттерінен
туындайды, екіншіден, әр мәтіннің өзіндік ерекшеліктері ескеріледі» [1, 3-б.], – деп атап
көрсетеді. Мәтінді тұтастай алып талдау арқылы оқушылар оның эстетикалық табиғатын
түсінсе, екіншіден, филологиялық білім дағдылары дами түседі. Осы тұрғыда мәтін талдаудың
сатылы жолдарын ұсынып отырмын.
Мәтін талдағанда сөйлеу формасы жазбаша, ауызша болып бөлінеді, жазбаша мәтін
әдеби норманы қатаң сақтап жазу түрінде сипатталады, ауызша мәтін дыбысталып, әдеби
норманың еркін түрімен сипатталады.
Жанрына талдау жасағанда мәтіннің типтері мен формаларын анықтайды. Олар: суреттеу,
баяндау, талқылау, сендіру, аргумент келтіру; монолог, диалог, полилог; мақала, репортаж,
очерк, рецензия, интервью, комментарий; әңгіме, повесть, роман, өлең, драма, ертегі, трагедия,
комедия; лекция, монография, оқулық; ғылыми журнал, диссертация; бұйрық, арыз, қызметтік
хат; хат, имейл, блог-пост, үндеу мәтіні; өмірбаян, күнделік, жол жазбалары; жарнама,
хабарландыру, нұсқаулық; дау тудыру, әңгімелесу, хабарлама, баяндама, мінберсөз; сәлемдесу,
үндеу тастау, сұхбат.
Мақсатына қарай талдауда оқушы «Бұл мәтін не үшін жазылған немесе айтылған
(құрылған)? Мәтіннің қызметі қандай?» деген сұрақ төңірегінде ойлануы тиіс. Мақсатына
қарай мәтін ақпарат беру, қызықтыру, сендіру, дауласу, талқыға салу, суреттеу, ақыл-кеңес
277
беру, нұсқау беру, сын пікір беру, баға беру, тәрбиелеу, хабарлау болып жіктеледі.
Көзделген аудиторияда мәтін кімге арналып жазылған немесе айтылған құрылғандығы
туралы ойланады. Бұл тұрғыда мәтін түрлі жастардағы топтарға, яғни, өте кішкене балаларға
немесе зейнеткерлерге, арнайы топтарға: мысалы, тарих немесе футболға қызығушы
адамдарға, кәсіби мамандарға: мұғалімдерге немесе дәрігерлерге, әр түрлі әлеуметтік топтарға:
жұмыссыздарға, еріктілерге, жас қызметкерлерге, жалпы аудиторияға, соның ішінде кең
шеңберлі оқырмандары бар танымал газеттерге арналып жазылуы мүмкін.
Мазмұнына талдауда мәтінде не туралы айтылатынын қысқаша жазып кетеді де,
тақырыппен және мәнмәтінмен байланысын анықтайды. Мәнмәтін тарихи немесе әлеуметтік
(мектеп/отбасы/бизнес/жұмыс туралы) болып келеді.
Стиліне қарай ауызекі сөйлеу, шешендік, публицистикалық, көркем әдебиет, ғылыми,
ресми-іскери, ауызша мәтінде жасанды, әдептен тыс, қарапайым, кітаби, салтанатты, юморлы,
сатиралы стиль түрлері болып бөлінетінін ескеруі тиіс.
Тіліне қарай талдау үш деңгейде қарастырылады: 1. Сөз деңгейі. 2. Сөйлем деңгейінде.
3. Мәтін деңгейінде.
Сөз деңгейінде қарастырғанда төмендегі мәселелер есепке алынады:
Лексика: жас ерекшелігі, эмоционалды, жаргон сөздер, ауызекі қарым-қатынас сөздері,
кәсіби тіркестер, мысалы, ғылыми, мектеп, «бөбек жырлары», қысқартулар.
Тілдік тәсілдер: кейіптеу, қайталау, дыбыс қайталау, теңеу, метафора, ирония, парадокс,
гипербола, аллитерация, ассонанс, дауыс ырғағы, жіктеу есімдіктері, бұйыру мәнді сөздер,
күшейтпелі шырайлар, үш сөзді қайталау.
Сөйлем деңгейінде оқушылар жай және құрмалас, қысқа және ұзын, толымсыз, сұраулы
(риторикалық сұрақтар), лепті, болымсыз, жақсыз құрылымды сөйлемдер, синтаксистік
параллелизмді сөйлемдерді, өздік, ырықсыз етістерді тауып, мәтінде қандай мақсатта
қолданылғанын анықтау қажет.
Мәтін деңгейінде: абзац құрылымы, абзацтарды байланыстырушы сөздер, шақтардың әр
алуандығы, 1 немесе 3-жақтан баяндалуы, мәтін құрылымының логикалылығы, мазмұндаудың
қолжетімділігі, автор үні мен көзқарасы туралы жан-жақты ашып көрсетуі тиіс.
«Мағынасы айқын аңғарылатын, стильдік бояуы бірден көзге түсетін сөз бен сөз тіркесі,
сөйлем бірліктері кез келген мәтіндегі қолданыс аясын анықтап, стильдік фон жасауға
қатысатын белсенді тілдік құралдар екендiгiн тану үшiн филологиялық талдау жасау қажет»
[2,4-б.].
Сөзімізге дәлел ретінде оқушылардың екі мәтінді салыстыра талдау үлгісін бере кетейік:
А мәтіні
Бүгіннің сөзі — болашақтың кепілі, Ұлытауда сөйленген ұлт сөзі (үзінді)
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:
«Біз тәуелсіздік жариялағанда Қазақстандағы қазақтың саны 40 пайыз болатын. 40 пайыз!
Басқалар «Сендер азсыңдар мына мемлекетте, қайдағы тәуелсіздік сендерге?» деп айтпайтын
ба еді? Дегенмен елге соның бәрін түсіндіріп, күресе жүріп, біз тәуелсіздік жарияладық. Қазір,
міне, қазақтың саны 65 пайызға жетті. Қазақстан халқының саны сол кездегіден азайып, біразы
көшіп кетті ғой. Ресейге көшті, еврейлер көшті, немістер көшті, анау көшті, мынау көшті…
Осы тұста халық 13-14 миллионға жуық болған еді. Қазір 4 миллиондай халық қосылып, 17
миллионнан астық.»
Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы, кинодраматург:
– Елбасы Н.Назарбаевтың Ұлытаудың төрінде берген сұхбаты қазақ халқының арасында
жақсы қабылданған сұхбат болды...
...Еуразиялық одаққа енуіміздің басты себебін де түсіндіріп берді. Әсіресе, «шығысымызда
Қытай, солтүстігімізде Ресей екі теңіз сияқты. Біз ортасында теңізі жоқ ел болғандықтан,
278
5
осы екі ел арқылы шет мемлекеттермен сауда-экономикалық байланысын орнатамыз. Сол
үшін Еуразиялық одаққа мүше болып кірдік» дегені де ойға қонымды. Еуразиялық Одаққа
мүшелікке енудің еліміз үшін қажеттілігін сездік. Бірақ біздің бір осал тұсымыз бар. Ол –
Еуразиялық одаққа кіру арқылы біз Ресейдің ақпараттық кеңістігінің тасқынында қалдық.
Онсыз да Ресейдің ақпараттық тасқынына осы уақытқа дейін тоқтау болмаған еді. Енді шекара
алынып тасталып, бір одаққа кіргеннен кейін бұл тасқынға тоқтау салу әсте мүмкін емес.
Мұндай жағдайда қазақ тілінің жағдайы тамаша болады деп айту қиындау. (200 сөз) [3]
Ә мәтіні
Ұлытау төріндегі толғаныс (Елбасымен сұхбаттан үзінді)
– Құрметті Президент мырза, Сіздің бастамаңызбен құрылған Еуразиялық
экономикалық одақ келесі жылдың басынан толыққанды жұмысына кіріседі. Бірақ әлі
де болса, оған үрке қарайтындардың бар екенін байқап жүрміз. Осы ретте не айтасыз?
– Мен мұны үнемі айтып келе жатырмын. Түсінгісі келмейтін адам бәрібір ұқпайды.
Картаға қарайық, Қазақстан құрлықтың дәл ортасында орналасқан. Теңізге шығатын жолымыз
жоқ...
...17 миллион ғана халқымыз бар. 250 миллиардқа жақын өндіріс өніміміз бар. 17 миллион
халықты қамтамасыз етіп болғаннан кейін әрі қарай қалай өсеміз? Егер біздің шығарған
тауарларымызды біреу сатып алмаса, ол қоймада тұрып қалады. Ол сатылмағаннан кейін зауыт
тоқтайды. Зауытта істейтін жұмысшының бәрі жұмыстан босайды. Жалақысынан айы рылады.
Бала-шағасын асырай алмай, босып кетеді. Сондықтан жақын көршілермен экономикалық
қарым-қатынас жасау маңдайымызға жазылған нәрсе. Мұны ешкім шекесі қызғаннан
жасамайды. Мүмкіндігіміз осындай, басқа амалымыз жоқ. Сондықтан, экономикалық одақ
құрдық. Саяси емес, экономикалық одақ. Бұл – дұрыс. Мен бұған зерттеп-біліп, шын көңілмен
барып отырмын. Бізде басқа жол жоқ. Ресеймен, Қытаймен сауда-саттық жасамасақ болмайды.
Беларусьпен, Украинамен қатынас жасағанымыз жөн. Мына оңтүстіктегі ағайындармен де
сауда-саттығымыз болғаны дұрыс. Бірақ олардың кейбірінің бізбен сауда-саттық жасауға еш
жағдайы жоқ екенін де біліп отырсыздар. Тауарды сатып алуға шамасы келмейді. Кейбірі жабық
экономиканы қолданып отыр. Олармен де сауда-саттық жасай алмаймыз. Сондықтан біз осыған
баруымыз керек. Біреулер «Ресей бізді қайтадан басып алатын болды» деп қорқақтайды. Олай
емес. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері жиналып, үш Президент мәселе қараған кезде,
біреуі қарсы болса, ешқандай шешім қабылданбайды. (221 сөз) [4]
Екі мәтінді салыстыра талдау
Екі мәтіннің ұқсастығы екі мәтінде де Ұлытау төрінде сөйленген Елбасымен сұхбатта
Қазақстанның бүгіні болашағы туралы сөз болады. Екеуінде де еліміздің Еуразиялық
экономикалық одаққа кіру мәселесі талқыланады.
А мәтінін талдау.
Түрі: Формасы жағынан алатын болсақ, мәтінде жазбаша да, ауызша да сөйлеу белгілері
кездеседі. Мысалы, Елбасының сөзі сұхбаттан алынған үзінді болғандықтан, әдеби норма
еркін сақталып ауызша сөз қағаз бетіне түскен, ал жазушы Смағұл Елубай Елбасы сөзінің мән-
мағынасын неғұрлым аша түсуге ұмтылған, оның пікірі әдеби норма үлгілері қатаң сақталып,
жазбаша формада баяндау сипатында берілген.
Мәтінде талқылау, аргумент келтіру элементтері қолданылған, өйткені Елбасы өз сөзін
халық санының тәуелсіздік жылдарында 4 миллионға өскенін, бұрын қазақтардың саны 40
пайызды ғана құрағаны туралы статистикалық көрсеткіштермен дәлелдей түссе, жазушы
Елбасының Еуроодаққа мүше болып кіру жөніндегі пікірін келтіре отырып, осы мәселені
талқыға салады, оның болашағына алаңдап, күдігін де жасырмайды. Типі жағынан монологке
сәйкес келеді.
279
Жанры жағынан газет бетінде жарық көрген мақала екендігі анық байқалады, әрине,
Смағұл Елубайдың пікірін комментарий ретінде де қарастыруға келеді.
Мәтін жалпы аудиторияға кең шеңберлі оқырманы бар «Түркістан» газетінің арнайы
тапсырысымен жазылған және ел тағдырына алаңдайтын кез кез келген оқырманға арналған.
Мәтіннің мақсаты мен негізгі қызметі - елдің бүгіні мен болашағының жарқын болатынына
бұқара халықты сендіру, Еуроодаққа кіру мәселесін талқыға салу, тіл тағдырына алаңдау.
Мәтін мазмұнында еліміздің бұрынғысы мен бүгінін салыстыра отырып, болашағын
болжау, Елбасы сұхбатын талқыға салу, оның қолданып отырған саясатына қолдау көрсету
туралы айтылады. Мәтін әлеуметтік-саяси тақырыпты сөз қылады.
Мәтін публицистикалық стильде, қарапайым сипатта, (анау көшті, мынау көшті)
анағұрлым түсінікті жазылған. Ауызекі сөйлеудің де белгілері кездеседі. (Қазақстан халқының
саны сол кездегіден азайып, біразы көшіп кетті ғой. Ресейге көшті, еврейлер көшті, немістер
көшті, анау көшті, мынау көшті…)
Мәтінде қолданылған сөз деңгейі ересектерге арналған: басылым беттерін қарауға
мүмкіндігі бар барлық адамдарға қолжетімді мәтін. «Біз тәуелсіздік жариялағанда
Қазақстандағы қазақтың саны 40 пайыз болатын. 40 пайыз! Басқалар «Сендер азсыңдар мына
мемлекетте, қайдағы тәуелсіздік сендерге?» деп айтпайтын ба еді?» деген мәтін кейіпкерінің
сөздері оның эмоциональдық сезімін көрсетеді. «Еуразиялық одақ, ақпараттар тасқыны»
деген сияқты саяси мәні бар кәсіби тіркестер де кездеседі. Ырықсыз етіс формасындағы сөздер
араласқан болымсыз сөйлемдер де кездеседі. Мысалы, Енді шекара алынып тасталып, бір
одаққа кіргеннен кейін бұл тасқынға тоқтау салу әсте мүмкін емес.
Мәтіндегі оқиғалар 1-жақ көпше түрде және 3-жақта баяндалған. Осы санға қатты көңіл
аударту үшін нығарлап айта отырып, қайталау бар: «40 пайыз болатын. 40 пайыз!» Біз, ол
деген жіктеу есімдіктері қолданылған. Дауыс ырғағы бір қалыпты емес, кей жерлерде көтеріңкі
бояулар да бар.
Мәтіндегі сөйлемдердің қолданылуында бірыңғай мүшелі күрделі сөйлемдер бар, бір-
екі құрмалас сөйлем кездескені болмасы дені қысқа көлемдегі жай сөйлемдерден құрылған.
Сөйлемдегі ойлар толық берілген. Сұраулы, лепті сөйлемдер бар: «Біз тәуелсіздік жариялағанда
Қазақстандағы қазақтың саны 40 пайыз болатын. 40 пайыз! Басқалар «Сендер азсыңдар мына
мемлекетте, қайдағы тәуелсіздік сендерге?» деп айтпайтын ба еді? Бұл сөйлем оқырманға
ой тастау мақсатында айтылған.
Мәтін құрылымына қарай екі абзацтан тұрады, мақаладан үзінді болғандықтан, абзацтар
арасында өзара байланыстырушы сөздері жоқ. Оқиға мезгілі бір ғана шақта, яғни, өткен шақта
баяндалған. Елбасы сөзінде еліміздің болашағы мен өсу қарқыны көрініс тапса, жазушының
пікірінде тіліміздің болашағына алаңдаушылық көзқарасы байқалады.
Ә мәтінін талдау
Түрі жағынан мәтін тілші мен Президенттің арасындағы сұхбат болғандықтан ауызша
формада әдеби норма еркін сақталып газетке жарияланған, сипаттау, талқылау элементтері
қолданылған баяндау мәтіні. Мәтін мазмұнында Беларусьпен, Украинамен, Ресеймен,
Қытаймен сауда-саттық жасаудың тиімділігі, Еуроодақтың саяси емес, экономикалық тұрғыдан
жасалып отырған одақ екендігіне баса назар аударып, сендіреді, аргументтер келтіру арқылы
талқылайды. Типі екі адамның сұхбаты болғандықтан диалогке сәйкес келеді. Жанры – сұхбат-
интервью. Жалпы аудиторияға арналған, соның ішінде ел дамуын үнемі бақылауында ұстайтын
кәнігі саясаттанушыларға өте құнды дүние.
Көпшіліктің назарын Еуразиялық экономикалық одаққа кіру мәселесіне аудара
отырып, осы одақтың біздің ел үшін тиімділігіне сендіру мақсатын көздейді және еліміздің
Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне үрке қарайтын кейбір саясеткерлерге
Президент тілшіге берген сұхбатында нақты дәлелдер келтіре отырып, күдіктерін
280
5
сейілтеді. Мәтін әлеуметтік-саяси тақырыпта айтылған. Публицистикалық стильде жазылған,
эмоциональдық реңкі басым. Оны мына сипаттағы сөйлемдерден аңғаруға болады: Түсінгісі
келмейтін адам бәрібір ұқпайды.
Мәтінде қолданылған сөз деңгейінде «маңдайымызға жазылған нәрсе. Мұны ешкім
шекесі қызғаннан жасамайды» деген фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөз тіркестері
кейіпкердің эмоциясын білдіру үшін қолданылған. Бір сөзге баса мән беру үшін сөз қайталау да
бар: «Мүмкіндігіміз осындай, басқа амалымыз жоқ. Сондықтан, экономикалық одақ құрдық.
Саяси емес, экономикалық одақ».
Проблемалық мәселе көтеру мақсатында айтылған риторикалық сұраулы сөйлемдер
бар: «17 миллион халықты қамтамасыз етіп болғаннан кейін әрі қарай қалай өсеміз?» Мәтін
негізінен қысқа және жай сөйлемдерден құрылған. Ырықсыз етіс формасындағы сөздер
араласқан болымсыз сөйлемдер де кездеседі: «Олай емес. Қазақстан, Ресей және Беларусь
елдері жиналып, үш Президент мәселе қараған кезде, біреуі қарсы болса, ешқандай шешім
қабылданбайды». Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мемлекетттерді топтастыра жинақтап айту үшін
қолданылып, мәтіндегі ойды нақтылап тұр: «Ресеймен, Қытаймен сауда-саттық жасамасақ
болмайды. Беларусьпен, Украинамен қатынас жасағанымыз жөн». Мәтіндегі ой ауыспалы
осы шақта және ауыспалы өткен шақта айтылған. 1-жақта баяндалған. Сіз мен, біз, ол деген
жіктеу есімдіктері қолданылған.
Мәтін құрылымына қарай: екі абзацтан тұрады, біріншісі тілші сұрағы, екіншісі сұхбат
берушінің жауабы болғандықтан, арасы тығыз байланыста тұр. Байланыстырушы сөздер: Осы
ретте не айтасыз? – Мен мұны үнемі айтып келе жатырмын. Автор үнін білдіретін «Бұл
– дұрыс. Мен бұған зерттеп-біліп, шын көңілмен барып отырмын»-деген құптау мәніндегі
сөйлемдер кездеседі. Бұл автор ойын мен көзқарасын ашатын сөздер ретінде мәтінде маңызды
роль атқарып тұр.
Мәтін талдауда таза лингвистикалық әдіспен кетіп қалмай оның идеялық мазмұнымен
қатар алып талдау маңызды. «Бұдан талдаудың лингвистикалық принциптерімен әдіс-тәсілдерін
әдебиеттану тұрғысынан талдаумен, соның ұғымдары, категорияларымен, принциптері және
әдіс-тәсілдерімен ұштастыру қажеттілiгі туады» [5, 17-б].
Достарыңызбен бөлісу: |