Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет42/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126

Әдебиеттер тізімі

1.  Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. Алматы, 2001.

2.  Кәріпжанова Т.Г. «Көркем мәтінге лингвистикалық талдау» пәні бойынша 5В020500- 

«Филология:қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту 

бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар. Павлодар,  2012. 

3.  Әнуарбек  Ә.,  Жұматай  Е.    Бүгіннің  сөзі  -  болашақтың  кепілі,   

Ұлытауда  сөйленген  ұлт  сөзі  (үзінді)  «Түркістан»  газеті  22.09.2014.  

-http://www.turkystan.kz/kz/articles/view/57815  (20.11.2014)

4.  Ұлытау  төріндегі  толғаныс  (Елбасымен  сұхбаттан  үзінді)  26.08.2014. 



-http://egemen.kz/?p=35294  (20.11.2014)

5.  Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002



281

LESSON STUDY ТӘСІЛІ  АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫ ИННОВАЦИЯЛАУ

Жұмағұлова Т. Т.

№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп – интернаты, 

Қызылорда қаласы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Андатпа

Lesson  Study  тәсілін    өткізу  нәтижесінде:  оқушы,  мұғалім  және  мектеп  үшін  маңызы 

болды деп есептеймін. Оқушы жан-жақты қырынан көрінсе, мұғалімдер жаңа әдістер енгізді 

және оны жетілдірді. Зерттелген жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-

құлықтарына  назар  аударып,  сол  арқылы  көбірек  біле  отырып,  біз  өз  оқушыларымыздың 

әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастадық.  Lesson study жақсы мектеп мәдениетін «кәсіби оқу 

ортасын» қалыптастырды. Мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ете отырып, мұғалімдердің 

желілік қауымдастығының дамуына үлесі тиді. 



Аннотация

Результат    проведения  метода  Lesson  Study  был  важным  для  учащихся,  учителей,  а 

также  для всех школ среднего образования. Учащиеся смогли показать себя со всех  сторон, а 

учителя внедрили новых развивающих методов. Метод Lesson Study смог создовать школьную 

культуру, создающийся тесную взаимосвязь между учителями. Вместе с этим данной метод 

создал    «Профессиональную    учебную  среду»  в  культуре  школы.  А  также  способствуя    к 

профессиональному росту учителей, помог  развитию  сетевого сообщество учителей.

Abstract

The result of conducting Lesson Study was important for students, teachers and the school. 

The students showed themselves from all sides and the teachers implemented and developed new 

methods. We could learn some of our students` abilities more than before, while paying attention 

individually to their necessity and behavior during the lessons. Lesson study created culture of good 

school and “professional educational sphere”. It also helped to develop teachers` association and 

themselves professionally.

Саналы  ұрпақ  тәрбиелеу  -  әрбір  азаматтың  мойнына  жүктелген  жауапкершілігі  десек, 

кез келген елдің болашағы, даму мүмкіндігі халқының білім деңгейімен тікелей байланысты. 

Сондықтан  да  қазіргі  таңда  жастарға  әлемдік  ғылым  мен  прогресс  деңгейіне  сәйкес  білім 

беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру мұғалімнің 

басты  міндеті  болып  отыр.  Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық 

даму  жоспарының  өзінде  ерекше  атап  көрсеткендей  2020жылға  қарай  жалпы  білім  беретін 

мектеп  білімді,  жоғары  өнегелі,  сыншыл  ойлайтын  денесі  де,  рухани  жағынан  да  дамыған, 

өзін-өзі дамытуға  және шығармашылыққа қабілетті азаматты қалыптастыру екені атап өтілген 

болатын. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының 

зияткерлік,  дене  бітімі  және  рухани  дамыған  азаматын  қалыптастыру,  тез  өзгеретін  әлемде 

оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің 

экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту, 12 жылдық оқыту 

моделіне  көшу  негізгі  мақсаттардың  бірі    болып  отыр.    Білім  беру  жағдайында  мұғалім 

деңгейі  мемлекеттік  деңгейде  болу  үшін  педагогикалық  қызметкерлерді  теориялық  білімді 



282

5

тәжірибемен  байланыстыра  отырып,  жан-жақты  кәсіби  өсуіне,  тұлғалық  мүмкіндіктерді 

ашып,  дамытуға  ықпал  етіп  отырған  педагогикалық  шеберлік  орталығының  Кембридж 

университетінің  бағдарламасы  бойынша  әзірленген  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру 

курстары  ұйымдастырылды.  Деңгейлі  бағдарлама  барлық  мұғалімдерді  оқу  тәжірибесін 

өзгерту  үшін,  осы  өзгерістерді  қалай  енгізу  керектігі  туралы  идеяларымен  таныстырады. 

Соның бірі ретінде  Lesson Study  тәсілі мектептегі барлық пән мұғалімдері  қолдануға тиімді  

оқытуда және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және 

кәсіби желілік қауымдастықты  дамытуда ерекше орын алады.  

1.  Lesson Study – ді жүргізудегі негізгі мақсаты: 

•  Балалардың білім дағдыларының анағұрлым анық, әртүрлі қырларының және егжей-

тегжейлі дәлелін көруге;

•  Мұғалімнің  пікірі  бойынша  балаларды  оқыту  барысында  не  болуға  тиіс,  ал 

шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты білуге;

•  Оқытудың нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай 

етіп, қалай жоспарлау керектігін түсінуге;

•  Lesson  Study  –ді  басты    мақсаты  оқушыларға  білім  алуға  көмектесу  және  топ 

мүшелерінің  кәсіби  дамуына  ықпал  ету  болып  табылатын  мұғалімдердің  желілік 

қауымдастығы аясында іске асыруға. 

Lesson Study  мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.

Lesson  Study    -    мұғалім  тәжірибесі    саласындағы  білімді  жетілдіруге  бағытталған.   

Сабақтағы  іс-әрекетті  зерттеудің  ерекше    тәсілі  болып  табылатын  педагогикалық  үдеріс. 

Осындай  педагогикалық  тәсілді    Lesson  Studyге  шараны  бірлесе  жоспарлап,  өткізетін, 

қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін  

мұғалімдер  тобы  қатысады. Осыған орай, Қызылорда облысындағы №4 облыстық дарынды 

балаларға  арналған    мектеп-интернатында    Lesson  Study  циклі    жүргізілді.  Циклді  жүргізу 

барысында арнайы әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін 

оқыту әдістемесін бірлесіп анықтау мақсатында мектеп-интернатта арнайы «сабақты зерттеу 



тобы» құрылды. Зерттеу топтың  құрамында:

•  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:  А.Саянова

•  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:  Ә.Алпысова

•  Математика пән мұғалімі: Ж.Ижанова

•  Биология пән мұғалімі: Г.Абдукамалова

•  Тарих пән мұғалімі: Т.Жұмағұлова

•  Тарих пәні  мұғалімі: А. Смағұл

Зерттеу  құрамы белгіленіп, топтың негізгі мақсаты айқындалды. 

•  Алдағы  уақытта  әзірленетін  немесе  жетілдірілетін,  белгіленген  міндеттерге  жауап 

беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтау;  

•  Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтау, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың 

өкілі болуы қажет, мысалы оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.

•  Lesson  Study  –  ді  бірлесе  жоспарлап,  сабақты  өткізу  барысында  зерттелетін  үш 

оқушыны  үнемі  назарға  ала  отырып,  оқу  әдістемесін  пайдалану    және  оның 

нәтижелерін  мұқият зерттеу; 

•  Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson 

Study  өткізу  және  қадағалау.  Аталған  үдерістер  бірнеше  сабақ  бойы  қайталанып, 

жетілдіру. 

•  Бақылаудағы  оқушылардың  Lesson  Study  туралы  ойларын  білу  үшін  олармен 

сұқбаттасу. 

•  Қолданылатын  әдіске  бақылаудағы  оқушылардың  қалай  қарайтынын,  олардың 


283

жеткен  жетістіктерін,  оқуда  көрсететін  нәтижелері  мен  кездесетін  қиындықтарын 

білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу 

үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ді талдау.



2. Lesson Study жүргізу. 

Lesson  Study    тәсілі  кем  дегенде  үш    Lesson  Study-ден  тұратын  циклден  құралды  . 

Осы  сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп оқытып, қадағаланды және талданылып, жоспар 

жасалынды. Іс-әрекетті зерттеу мақсатында топтың ішіндегі бір мұғалім сабақ беруі керек, ал 

қалған  топтағы мұғалімдер біріге отырып, әрбір баланың өзіндік еркешлеліктеріне байланысты 

әдістерді қолдана отырып, сабақ жоспар құрылды. 



3.  Lesson  Study-ді  жоспарлау  және  «бақылаудағы»    оқушыларды  анықтау.  Оқу 

процесіне  байланысты    құрылған  сабақты  зерттеу  тобы  Lesson  Study  –ді  қандай  сыныпта 

өткізетіндігіміз туралы анықтап алынды. 

 

Зерттеу сыныбы



 7 «Ә» сыныбы етіп межеленді . Сыныпқа қысқаша тоқталып өтетін болсам: сыныпта 

18 оқушы бар.   Сыныпқа қабылданған оқушылардың көпшілігі жан-жақты, барлығын білсем 

дейтін оқушылар басым. Дегенмен, қабылданған оқушылардың ерекше қабілетін тану,  қай пәнге 

ерекше жақын екенін анықтау үшін , жан-жақты оқушыны тани  білу мақсатында  жүргізілді. 

Міне, осындай оқушылардың шынайы қабілеттерін білу мақсатында және қабілетті, дарынды 

оқушыларды анықтау үшін осы сыныпта «сабақты зерттеу тобы» жұмысын жүргізді. Зерттеу 

тобы құрылғанда да осы жоғары да аталған  басымдылықтарды  ескере отырып, сыныпқа сабақ 

беретін пән мұғалімдерінен  құралған «сабақты зерттеу тобы» жұмысын бастады. Сабақ өткізу 

үшін тарих пән мұғалімі: Жұмағұлова Толқын Тұраққызы сабақ беретін болып келісілді. Содан 

кейін әртүрлі білім алушы топтың шынайы өкілі болып табылатын үш  фокус оқушыны таңдап 

алыну  үшін  мұғалімдерге    диаграмма    ұсынылды.  Осы  диаграммаға  стикерлерге  жазылған 

есімдерді  жазып,  жапсырып,  оқушы қабілеттері шынайы әрі айқын көрсетілді.  

Үлгерімі жоғары:

Осы тақырып бойынша оқу үлгірімі, білімі бар 

оқушылар

Үлгерімі төмен:

Осы тақырып бойынша  білімі  жоқ оқушылар

Қызығушылығы бар оқушы

Қызығушылығы төмен

•  Осы ұсынылған критерийі бойынша  сәйкес түрлі санаттағы оқушылардың оқуының 

болжамды нәтижелерін ескере отырып, кесте толтырылды.  

•  Сыныпта  оқитын  оқушылардың  ішінен  жоғары,  орта,  төмен  көрсеткіштері  бар 

топтардың үш өкілі  шынайы түрде таңдап алынды.

•  Кестеге  сәйкес  түрлі  санаттағы  оқушыларға  арналған  оқыту  және  оқу  тәсілдері 

талқыланылды.  

Lesson Study бағытында жұмыс істейтін оқушының деңгейі анықтап алынды. Осы Lesson 

Study-дегі оқу мақсаты қандай: осы Lesson Study-де қандай әдістемені жетілдіруді әзірлеуді 

мақсат етіп қойдыңыз?

•  сыныптағы  оқушылардың  қабілеттерін  анықтау,  жоғары,  орта,төмен  деп  жүрген 

оқушының қабілеттері қаншалықты деңгейде екенін анықтап білу;

•  оқушылардың жан-жақты қырынан көріп, бақылау, таңдап отырған әдіс, стратегиялар 

арқылы дарынды  оқушыны тағы бір қырынан көре білу;

•   пән мұғалімдері осы уақыт аралығында  ашылмай, көрінбей жүрген  қырларын ашып 

көре білу;



Осы тәсілдер арқылы таңдап алынған циклдің №1 сабағы жоспарланылды. Әрбір 

сабақтан соң оқушы үні тыңдалып,  сауалнамалар алынды. Әрине, осы алынған  сауалнама мен 

сұқбаттарды ескере отырып келесі сабақты «зерттеу тобы» біріге отырып жоспарлады.   


284

5

5.  Бірінші  Lesson  Study-ді  өткізіліп,  сабақты  жоспарлау,  бақылау  және  талқылау 

жүргізілді. Пән мұғалімінің іс-әрекеті мен оқушы іс-әрекетін  бақылаушы мұғалім бақылап, 

қағаз беттеріне түсіріп отырды. 

6. Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірі алынды.

Сабақтан  кейін бақылаудағы  «А» есімді В (орта) деңгейлі  оқушының пікірі

Саған сабақта  бәрінен не ұнады?

Сен нені үйрендің? Бұрын істей алмағандарыңнан 

қазір нені қазір істей аласың?Нені жақсырақ істей 

аласың?

Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса,  



нені өзгертер едің?

Сабақтың басталған кезде сергіту сәті ұнады, 

шаршағанымыз басылып, сергіп қалдық. 

Сабақта қолданылған  «тергеу», «Күн менТүн», 

«Блумның сұрақ қою өлшемі» әдістері қызықты. 

Тақырыптың ішіндегі маңызды және  тиімсіз 

оқиғаларды салыстыра отырып,  ойды жеткізген 

көбірек есте сақтау қабілетімді   арттырды. 

Егер осы сабақ тағы қайталанса, мен «мақалшылар» 

тобына барар едім. Осы топта болған  қызықтырақ  

болады. 

«Оқушы үні» сабақ аяқталғаннан кейін, С (төменгі) деңгейіндегі «Н» есімді оқушыдан 

сұқбат алынды

1.Сабақта тапсырманың ішінде қиындық тудыртқан жерлері болды ма?

-Жеке жұмыс жасалған уақытта берілген тапсырма  қиындық тудыртты. Мен «М» есімді 

топтағы оқушының көмегіне сүйендім.

2.  «Кім  жүйрік»  әдісін  қолдана  отырып,      жылдарға  жылдамдықпен    жауап  беруде 

қиналдым, өзімнің жауабыма  қанағаттана алмадым,  алдағы уақытта жылдармен жұмыс жасай 

отырып, жаттауым керек,- деп өзінің бағасын бере отырып, алдына мақсат қоя білді. 



7. Lesson Study нәтижелерін талқылау мәселелері. Сабақ қорытындысы бойынша 

талқылаулар жүргізілді. 

Нәтижесінде:



Оқушылар үшін:

Сыныптағы оқушылардың қабілеттері қаншалықты екені фокус топ арқылы да  анықталды, 

«А» есімді В (орта)деңгейінде  деп жүрген оқушымыз қабілеті А(жоғары) деңгейіндегі оқушы  

деп қарауымызға болады.Ол кез-келген іс-әрекетте шешімді таба білетін еді. Оның қабілеті, 

жоғары тіпті, көшбасшылық  қасиеті  бар екені де байқалды.

С(төменгі)  деңгейдегі  оқушы    қабілетіндей  оқушылар  сыныпта  бар  екені  анықталды. 

Олар да жеке тапсырма кезінде топ ішіндегі көмекті қажет еткені белгілі болды. 

Оқушылар жан-жақты қырынан көріне білді, ашылмай, көрінбей жүрген оқушылардың 

басқа жағынанда  мысалы сурет салу бейімділігі  басым екені байқалынды. 

Мұғалім үшін:

Топ мүшелері өздері енгізіп жатқан оқыту әдістерінің негіздеріне қатысты  қандай жұмыс 

атқарғанын білді;

Кәсіби  қауымдаса  отырып,  әдістің  тиімді  және  пәннің  еркшелігіне  қарай    тиімсіз 

жақтарын әріптестерімен бірге талдай алды

Мұғалімдер  бір-біріне  деген    сыйласымдылығы    арта  отырып,  мектеп  мәдениті 

қалыптасты;

Мұғалімдер  оқушы іс-әрекетін зерттей отырып, кәсіби шыңдала түсті. 



Lesson Study тәсілі нәтижесінде әріптестерді ресми түрде таныстырылды. 

№4  облыстық  дарынды  балаларға  арналған  мектеп-интернатында    7«Ә»  сыныбында 

«сабақты  зерттеу  тобы»  өткізген    Lesson  Study-ді        басқа  әріптестерімізге  таныстырылып 


285

өтілді. 


•  Топ мүшелері өздері енгізіп жатқан оқыту әдістерінің негіздеріне қатысты  қандай 

жұмыс атқарғанын;

•  Ол  туралы  не  білгенін,  әдістің  тиімді,  тиімсіз  жақтарын,  нені  пысықтағанымыз 

әріптестерімізге көрсетуге мүмкіндік берді;

•  Мұғалімдер өздерінің істеген  істері туралы пікірлерімен басқаларымен бөлісетінін 

алдын-ала білсе, олар мұны үдеріс бойында естерінде ұстайтын болатынның дәлелі 

бола білді;

•  Бірлескен жоспар оқушыларды оқыту әдістемесін жетілдірудің  тәсілі екенін анықтай 

түсті;

•  Lesson Study-дің тиімділігі, оқушының оқуына баса назар аудару екенін айқындалды; 



•  Мұғалімдерге  арналған  педагогикалық  шеберлік  кабинетте  «оқыту  қабырғасы» 

ұйымдастырылды.  Осы  кабинетте  «сабақты  зерттеу  тобы»  өз  жұмыстарын 

(фотосуреттерін, бақылауларын, қолданылған кестелер) ұсынылды. 

Әдебиеттер тізімі

1.  Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспар;

2.   Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасы;

3.  Мұғалімге арналған нұсқаулық.Бірінші (ілгері) деңгей.

4.  Бірінші (ілгері) деңгейге арналған үлестірме материалдар. 

5.  Орта ғасырлардағы Қазакстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына 

арналған оқулық.  Алматы. «Атамұра», 2012.



ТОПТАҒЫ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУҒА 

ДЕГЕН ЫНТАСЫН АРТТЫРУҒА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Зыкрина С. Ж.

Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді сөздер: дарынды балалар, топтағы бірлескен жұмыс, зерттеу, математика сабағы

Аңдатпа

Берілген  мақалада  математика  пәнінің  сабақтарында  дарынды  балалардың  топтағы 

бірлескен  әрекетін  ұйымдастырудың  оқушылардың  оқуға  деген  ынтасына  әсерін  зерттеу 

баяндалған.  Зерттеу  барысында  сыныптағы  үш  оқушы  зерттеу  объектісі  ретінде  бақылауға 

алынып, бастапқы ынталану деңгейлері, математикалық қабілеттері анықталады. Оқушылардың 

ынтасына әсер ететін факторлар сараланып, мақала соңында зерттеуде қолданылған әдістердің 

берген нәтижесі қорытындыланады.

Аннотация

В  данной  статье  рассматривается  исследование  влияния  совместной  групповой 

деятельности  на  повышение  мотивации  учеников  при  обучении  математики.  В  ходе 

исследования  объектами  исследования  были  выбраны  трое  учеников  и  были  определены 



286

5

начальные  уровни  их  мотиваций  и  математических  навыков.  Были  определены  факторы 

влиющие на повышение мотивации и в конце статьи проведен анализ результатов полученных  

посредством использования методов исследования. 



Abstract

In the article is considered research of an influence cooperative group activities to increase 

motivation of students through teaching mathematics. During the research three students were chosen 

as an object and  the entry level of their motivation and mathematics skills have been identified. 

Factors influencing on the motivation were identified and at the end of the article the analysis of the 

results was made by the obtained through the use of research methods.

Дарынды  және  талантты  балаларды  оқыту  барлық  кезеңде  де  өзекті  мәселе  болып 

табылған.  Мұғалімдер  балаларды  оқытуда  барынша  жоғары  жетістіктерге  қол  жеткізу  үшiн 

қолайлы  ортаны  жасауға  тырысады.  Дарынды  және  талантты  балаларға  қатысты  бұл  едәуір 

күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етедi. Оқушының талантты 

немесе дарынды екенін анықтау, оқушының қабілетті болып дүниеге келуі және өз қабілеттерін 

жүре  дамыта  алуы  әлі  күнге  дейін  ғалымдардың  ыстық  талқылауына  ие  сұрақтардың  бірі. 

Бұл сұрақтарды зерттеуге Британдық оқыту және білім алу академиясының жеке зерттеулерi 

бағытталып,  Коши  В.,  Митчелл  С.  және  М.Вильямстың  (2006)  «Дарынды  және  талантты 

балаларды 1 негізгі кезеңде тәрбиелеу»  деген жұмысында жарияланды [1, 13-б.].

Балалардың  түсіну  деңгейін  дамыту  үшін  әрине  ең  алдымен  оның  математика  пәнін 

түсіну, оны қабылдау және анализ жасауға қабілеттілігін анықтаудың маңызы зор. Оқушылар 

бір нақты пән бойынша айрықша дарынын көрсетіп, басқа пәндер бойынша ешқандай ерекше 

дарын көрсетпеуі мүмкін. Ол үшін оқушының жалпы білім алуға деген ынтасын бағамдап, оның 

математикалық қабілеттерінің деңгейін анықтау қажет. Себебі, кез келген баланы дамытуға 

қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн. Яғни оқушының 

негізгі мотивациясының деңгейін, оның математикалық есептеулерді жүргізу қабілеттерінің 

деңгейін, логикалық ой-өрісін бағамдау қажет. Бұл туралы Д.Эйр де айтып кеткен болатын [2, 

24-б.]. Атақты кеңес психологы Л.С.Выготский өз еңбектерінде «Жақын арадағы даму аймағы» 

теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін 

баса айтады [3, 58-б.]. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың 

білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады деген 

тұжырым жасайды.

Топтық жұмыстың оқушы ынтасына әсерін бақылау мақсатында үш оқушыны зерттеу 

объектісі ретінде алдым. Оларды шартты түрде А, В және С деп атайық. Бұл сыныптың мен 

сабақ беретін тобында 8 оқушы білім алады. Арнайы іріктеуден өткен оқушылармен жұмыс 

жасау  барысында  бұл  оқушылардың  білім  алуға  деген  ынтасының  өте  жоғары  болатынын 

байқадым.  Оны  Myself-As-Learning  (MALS)  шкаласы  [1,  15-б.]  және  мотивация  деңгейін 

анықтауға арналған бастапқы сауалнама нәтижелері де көрсетті. 



287

Тестілеу нәтижелері бойынша оқушылар жақсы ынталану деңгейін көрсетті. Олардың 

мотивацияларына сыртқы да, ішкі де факторлар әсер ететіні байқалады. Жан-жағында ынталы 

оқушылардың жинақталуы, мектептің негізгі миссиясы мен білім беру бағытында ұстанған 

мақсаттары,  материалдық-техникалық  базасы,  ана-аналарының  талаптары  оқушылардың 

мотивациясын арттыруға өз үлесін қосады. Ұстаз ретінде осы ынтаны кемітіп алмай,  керісінше 

дамыту жолында жұмыс жасауды мақсат етіп қойдым. 

Оқушылардың  математикалық  қабілеттерінің  даму  деңгейін  анықтау  мақсатында 

Айзенктің  математикалық  субтесті  пайдаланылды.  30  минут  ішінде  берілген  тесттің 

мүмкіндігінше көбірек есебін шығару керек. Егер есеп шықпай жатса, оны қалдырып, келесі 

есепке көшуге болады. Нәтижесінде тек дұрыс шешілген есептің саны ғана ескеріледі. 

Зерттеу нәтижелерін бағалау суретте көрсетілген график көмегімен жасалады. Олар осы 

субтест мәліметіне сәйкес алынған орташа нормативтік көрсеткіштер болып табылады. 

Субтест нәтижелері келесідей:

Ең жоғары ұпай жинақтаған А оқушым математика пәнін қызыға оқиды, өзінің сабаққа 

деген  ерекше  ықыласын  жасырмайды,  өзіндік  ізденуге  қабілетті,  өзін-өзі  қадағалап,  бақылай 

алатын үздік оқушым. Жеке қасиеттері: салмақты, өзіне-өзі сенімді, сыпайы. Қимылы әрдайым 

шапшаң. Сабаққа ерекше ықыласпен қатысады. Қандай да бір себеппен сабаққа қатыса алмаған 

күннің өзінде қосымша сабаққа келіп, өздігінен дайындала алады. 

Келесі  В  оқушым  –  математикадан  қабілеті  жоғары,  аналитикалық  ойлау  қабілеттері 

дамыған, талапты оқушым. Жеке қасиеттері: салмақты, сыпайы, адал, әділетті, көмекке дайын 



288

5

тұрады. Қимылы баяулау, жауабын ойланып барып береді, өзіне деген сенімділігі аздау. Дегенмен, 

өте жауапты оқушы, берілген тапсырманы бұлжытпай орындайды. Күрделі сұрақтарға толық, 

дәйекті жауап бере алады. Дегенмен сыныптағы көшбасшылыққа ұмтылмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет