Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет43/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   126

Үшінші С оқушым математикалық қабілеті тым жоғары болмаса да, ұйымдастырушылық 

қабілеті өте жоғары оқушы. Ол барлық сабақтардан үздікке үлгереді, тек математика пәнін оқуда 

өзін  сенімсіздеу  ұстайды.  Оның  ұйымдастырушылық  қабілетін  сыныптан  тыс  іс-шара  өткізу 

барысында байқадым. Топ басшы басқа оқушы болса да, «Математикалық би» сайысында түрлі 

математикалық фигураларды құрастыру кезінде, осы оқушым бар жауапкершілікті өзіне алып, 

оқушыларды фигура құрастыруға ұйымдастыра білді. Осы оқушының математика сабағындағы 

сенімділігін қалай арттыруға болады деген сұраққа жауап іздеуді жөн көрдім.

Сыныптардағы  психологиялық  ахуалды  зерттеу  мақсатында  сынып  оқушыларына 

социограммалық  сұрау  таратылды.  Социограмма  нәтижелері  бойынша  келесі  қорытындылар 

жасауға болады:

А ұл балалармен дос болып, үзіліс кезінде ойнайды. Сыныптағы оқушылардың көбі оны 

ақылды деп есептейді. Ол күнделікті өмірде өзін қарапайым ұстайтындықтан, тек бір оқушы 

оны танымал деп есептейді. А керісінші ұстамдылық танытып, өзінен де ақылды балалардың 

барын мойындайды. 

В  сыныптағы  ақылды  және  танымал  оқушылардың  бірі  болып  саналады.  Ол  туралы 

сыныптастарының бірқатары жазған. Ол қыз балалармен дос болып ойнайды. 

С оқушымның социограммасы мені ерекше таң қалдырды. Ол қыздармен де, ұлдармен де дос, 

сыныптағы танымал оқушылардың бірі. Ол туралы сыныптастары жазады.  Социограммасында 

ол сыныптастарының барлығын да ренжіткісі келмеген. Дегенмен, сыныбындағы екі оқушы оны 

социограммасына мүлдем енгізбеген. 

Бақылауды  жүзеге  асыру  үшін  әртүрлі  қызмет  түрлерін  қамтитын  сабақтар  тізбегін 

жоспарлауды  жөн  көрдім.  Топтық  жұмыспен  оқушылар  жыл  басынан  таныс,  сондықтан 

жаңа  тарауды  оқу  барысында    бірнеше  сабақ  бойы  осы  оқушыларымның  сабақ  үстіндегі 

қызметтеріне бақылау жасадым. Осы тарау тақырыптарын  оқытуда топтағы белсенді жұмысты 

ұйымдастырудың  формалары  ретінде  оқушылардың  сыни  ойлауын  дамытуға  арналған 

тапсырмаларды құрастыру, диалогтық әдісті қолдану, топтағы ынтымақтастықты ұйымдастыру, 

оқушыларды ынталандыру әдістерін қолдану және оқыту үшін бағалауды қолдану қабылданды. 

Ондағы  мақсатым,  оқушылардың  бірлескен  әрекетін  ұйымдастыру  арқылы  «топтық  сананы» 

қалыптастыруға, өзара пікір алмасуына, ынтымақтасып, бірлесуіне, бір-бірінің пікіріне құлақ 

асуына, өзара тәжірибе мен білім алмасуына жағдай туғызу. Сол арқылы топтағы оқушылардың 

оқуға ұмтылысы, ынтасы артып, тақырыптарды түсінуіне жағдай туа ма, соны бақылау.

Оқушылардың  сыни  ойлауын  дамытуға  арналған  тапсырмаларды  құрастыру. 

Оқушылардың  өз  әрекетіне,  білім  алу  үдерісіне  сыни  көзқарасты  дамыту  олардың  білімдегі 

құндылықтар жүйесін қалыптастыруда  үлкен маңызға ие. Бұл тапсырмалар қатарында көзбен 

көретін айғақтарды қолдану арқылы ой қорытуды қамтамасыз ету үшін Блум таксономиясының 

негізінде  анықтау,  салыстыру,  жалпылау,  талдау,  қорыту  деңгейлеріне  арналған  тапсырмалар 

беру жоспарланды. 



Тіл тапсырмаларын енгізу. Оқушылардың арасында серіктестік қарым-қатынас орнату 

және  оларды  бір-бірінің  пікірін  тыңдай  білуге  үйретуде  диалогтық  оқытуды  ұйымдастыруға 

бағытталған  тапсырмалардың  орны  бөлек.  Жаңа  тақырыптар  бойынша  жаңа  мәліметті 

түсіндіру алдында алдымен оқушылардың осы мәлімет туралы білімдерін айқындау, олардың 

іс-тәжірибесімен  байланыстыру  сауалдары  дайындалды.  Оқушыларға  ойларын  жинақтап, 

тиянақтауға  арнайы  уақыт  беріліп  отырды.  Топтағы  пікірталас  әдісін    қолдану  арқылы  жаңа 

тақырыпты түсіндіру әдісі қолданылды.

Топтар құрамын жоспарлау. Әр сабақта топтардың құрамының өзгеріп отыруына жағдай 

жасалып отырады. Мысалы: аралас қабілетті оқушылардың бір топта жиналуы, бірдей қабілеттер 



289

бар оқушыларды топтау, оқушыларды өз еркімен топтастыру, қыздар мен ұлдар тобына бөлу. 

Осы оқушылардың әрекеттесуіне бақылау жасау арқылы, қызметтері үйлестіріліп отырады. 

Мінез-құлық менеджменті. Сабақтағы жағымды ахуалды қамтамасыз ету ойластырылды. 

Мадақтау және қолпаштау ескерілді. Сонымен қатар, оқушылардың топта жұмыс істеу ережелері 

бекітіліп, оны қатаң қадағалау мақсатында әр оқушыға топтағы жұмыста жауапкершілік беріліп 

отырды. Сондықтан топтағы тәртіпті оқушылардың өздері реттеуге жағдай жасалды. 



Оқыту  үшін  бағалау.  Оқушылардың  бір-бірін  және  өзін  бағалауына  тапсырмалар 

құрастырылды.  Бағалау  критерийлері  нақтыланып  отырды.    Арнайы  критерийлер  бойынша 

дайындалған жеке жұмыс нәтижелері бойынша бағалау жүзеге асырылды. Оқушылардың түсіну 

деңгейін анықтау үшін  рефлексия парақтары толтырылып, пікірлесулер жүргізілді.

Топтық жұмыс барысында бұл үш оқушы әрдайым көзге түсіп жүреді. 

С  оқушы  өзінің  ұйымдастырушылық  қабілетінің  арқасында  сабақ  барысында  немесе 

үзіліс кезінде өзі түсінбеген тақырыпты түсінген оқушылардан немесе басқа топ оқушыларынан 

сұрап, түсінуге тырысады. Бұл оның жоғары мотивациясын көрсетеді. Социометрия нәтижесі 

де оның көпшіл, топтық жұмысты жақтаушы қасиетін көрсетіп отыр. С оқушының өзіне деген 

сенімділігін  арттыру  үшін  А  оқушы  екеуіне  мақсаттарын  оқушылардың  өздер  айқындаған 

сабағымды өткізуді тапсырдым. Олар жұптасып, жақсы қызмет атқаратынын сыныптан тыс іс-

шарада да байқағам. С оқушы сабақ барысында өзін өте сенімді ұстады, оқушылардың тәртібін 

қадағалап,  бағалау  жүргізді.  Сабақты  жоспарлау  кезінде  сабақ  кезеңдеріне  қатысты  көптеген 

идеяларын ұсынды. Әсіресе оның оқушыларды бағалағаны қатты ұнады. 

Топта бірлесе жұмыс істеу оқушыларға тиімді әсерін берді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін 

ескере отырып,  мұғалім нұсқауынан гөрі өз сыныптастарының нұсқауын алу тиімді болатынына 

көзім жетті. Ал бұл оқушылардың өзара әрекеттесуі мен когнитивті икемділіктерінің дамуының 

маңыздылығына ерекше көңіл бөлген Выготский, Хоу мен Мерсердің соңғы зерттеулеріндегі 

тұжырымдарды растай түседі [4, 18-б.]. Пиаженің балаларда ересектердің идеяларына қарағанда, 

өз құрдастарының қарама-қарсы идеяларымен пікірлеріне қарсы келгенде когнитивті өзгерістер 

болатындығы туралы пікірі де осыны қуаттайды [5, 7-б.]. Балалар топтары оқушыларға даму 

барысында  біршама  алда  немесе  артта  қалған  өз  қатарластарымен  өзара  әрекетте  болып, 

когнитивті және әлеуметтік қабілеттерінің дамуына септігін тигізетінін растай түсті.

Оқушылардың  сабақ  үстіндегі  белсенділігі  арта  түсті.  Есептерді  жылдам  шығарып, 

басқаларға  бәсекелес  бола  алу  қабілеті  дамыды.  Олардың  өз  тұжырымдарына  дәлелдемелер 

келтіруі үшін, сыни ойлауға бағытталған тапсырмалардың әсері үлкен болды. Атап айтқанда, 

көзбен көретін айғақтарды пайдалану арқылы оқушылар дәлелдерді талдауды және бағалауды; 

шешімдер мен қорытындыларды жинақтауды; өздерінің жекелеген мысалдарын келтіру арқылы 

болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды үйренді. Топтардағы «зерттеушілік әңгіме» Вольф 

пен  Александр  еңбектерінде  сипатталғандай,  ой  әрекетінің  жоғары  деңгейіне  көтеріліп,  олар 

баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті болатынын 

байқадым [6, 2-б.].

Аталған жұмыстарды жүргізу барысында мына жағдайлардың сәтті өткенін атап өтер едім:

•  Оқушылардың  оқуға  деген  көзқарасында  өзгерістер  байқалды:  білім  алу  үдерісіне 

жауапкершілігі артты, берілген тапсырмаларды орындауға шығармашылықпен қарай 

білуі байқалды. 

•  Оқушылардың әрекетіндегі өзгерістер: топ ішіндегі серіктестік қарым-қатынас артты, 

бір шешімге келе білу, басқаның пікірін сыйлай білу, өз ойын ашық айта білуіне жол 

ашылды.

•  Оқушылардың өзіндік бағалауы: өздеріне деген сенімділігі, шынайы алған білімдерін 



бағалай  білуі,  көзбояушылыққа  жол  бермеу,  бағалау  өлшемдерімен  жұмыс  істеу 

машықтарын, объективтіліктерін арттыруға жағдай жасалды. 

Дегенмен,  сыныптағы  дарынды  балалардың  математикалық  қабілеттерін  дамыту  үшін 


290

5

тапсырмалар  дайындаудың  жаңа  жолдарын  іздестірудің  қажеттігі  сезіледі.  Оқушылардың 

бір-біріне  объективті  баға  бере  алмайтынына  куә  болдым.  Өзін-өзі  объективті  бағалауға  қол 

жеткізілгенмен, басқаларды бағалауда субъективтілік байқалды.  

•  Осы  оқушыларыммен  жұмыс  істеу  барысында  келесі  тұжырымдарымды  ұстануды 

көздеймін:

•  Көзбен көретін айғақтардың тиімділігін пайдалану; 

•  Оқушылар пікірлерін тыңдап, олардың рефлексиясын ескеруге көңіл бөлу; 

•  Тапсырмаларды  құрастыру  барысында  оқушылардың  қабылдау  ерекшеліктерін 

міндетті түрде ескеру;  

•  Жаңа  тақырыпты  түсіндіруде  оқушылардың  тәжірибесіне  сүйену  және  өмірден 

мысалдар келтіру;

•  Оқушыларды білім беру объектісі ролінен серіктес роліне жоғарылату. 

•  Оқушыларға сенім артудан тартынбау;

•  Оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  көмектесетін  әрекет  түрлерін 

әлі де пайдалану.



Әдебиеттер тізімі

1.  Іс-әрекетті  зерттеудің  14  жобасы  бойынша  есеп.  741  Білім  беру  және  кәсіби  оқыту 

департаментінің жобасы https://www.education.gov.uk/publications/ eOrderingDownload/

RB741.pdf

2.  Эйр  Д.  және  МакКлар  Л.  «Орта  мектептегі  дарынды  және  талантты  оқушыларды 

оқыту». Дэвид Фултон. 2001.

3.  Выготский Л.С. Ибранные психологические исследования. М., 1959.

4.  Хоу С. және Мерсер Н. Праймари журналына сұрақ-ізденіс. Кембридж. 2010.

5.  Пиаже Д.. Баланың ми қабілетінің көзі. Лондон. Рутледж және Кегай Пол. 1953.

6.  Вольф С. және Александер Р.Дж. «Дәлелдеу және диалогтік оқыту: өзгермелі өмірге 

арналған балама педагогика». 2008. http://www.beyondcurrenthorizons.org.uk/wp-content/

uploads/ch3_final_ wolfealexander_

 argumentationalternativepedagogies_20081218.pdf

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭТНОПЕДАГОГИКА 

НЕГІЗІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

Ибадуллаева С.Ж., Нургалиева А.А., Саттарбекқызы А., Уалиева П.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,

№2 Дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді сөздер: этнопедагогика, экологиялық білім, бастауыш сынып. 

Ключевые слова: этнопедагогика, экологическое образование, начальные классы.

Key words: ethnopedagogics, ecological education, initial classes.

Аңдатпа

Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасының  қоғамдық  өмірінде  жүріп  жатқан 

демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке 

тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. 

Сол талаптардың бірі — оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын 


291

білім мазмұнын жетілдіру. 

Бастауыш  сынып  оқушыларына  этнопедагогика  негізінде  экологиялық  білім  беру 

әдістемесін  зерттеу  бұл  қазіргі  кезеңдегі  білім  беру  жүйесінің  ең  аңызды  мәселесінің  бірі. 

Мектептегі бастауыш сынып оқушылары бойында шығармашылық қабілеттердің бастауларын 

қалыптастыруы  зерттелді.  Білім  беру,  тәрбиелеу  ісінде  халықтың  тәлім-тәрбие  түрлері 

арқылы қоршаған ортаға жанашырлық қасиетін жүрегіне ұялату, олардың отанына, елі мен 

жеріне  деген  сүйіспеншілігін  арттыру  зерттеу  жұмыстарының  негізгі  көзі  болып  табылды.  

Оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастыру,  белсенділігін,  өз  халқының  салт-  дәстүріне 

деген  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  бастауыш  сынып  оқушыларында  экологиялық 

білімін  қалыптастыру  барысында  шығармашылық  тапсырмаларды  қолданудың  тиімділігін 

анықталды. 



Аннотация

На сегодняшний день в связи с демократическими изменениями в Республике Казахстан 

наблюдается усиление требовании к системе образования и формированию личности.  Одно из 

этих требований это  модернизация  содержания образования  в формировании мировоззрения 

школьника. 

Исследования в области методики экологического образования у учащихся начальных 

школ  одна  из  важных  проблем  системы  образования.    Изучено  формирование  творческих 

способностей у учащихся начальных классов. Пробуждения чувства заботы к родной земле, 

родному народу явилось одной из основных целей исследовательской работы. Была выявлена 

эффективность творческих заданий в формировании мировоззрений учащихся, повышение их 

познавательной активности. 

Abstract

Today in connection with democratic changes in the Republic of Kazakhstan strengthening 

the requirement to an education system and formation of the personality is observed. One of these 

requirements  is  modernization  of  the  content  of  education  in  formation  of  outlook  of  the  school 

student.

Researches in the field of a technique of ecological education at pupils of elementary schools 

one of important problems of an education system. Formation of creative abilities at pupils of initial 

classes is studied. Awakenings of feeling of care to the native earth, the native people was one of main 

objectives of research work. Efficiency of creative tasks in formation of outlooks of pupils, increase 

of their informative activity was revealed.

Бүгін мектептің бастауыш сыныбын аттаған оқушы - ол ертеңге қадам басқан өмір иесі. 

Сондықтан да, жасөспірімді тәрбиелеудің ең алғашқы сатысынан бастап оларға саналы тәрбие 

беру, халық педагогикасы қайнарымен сусындату, оған ұлттық мағына бере келіп, нәтижесінде 

ақыл-ойы  дамыған,  салт-дәстүрін  білетін  оқушы  тәрбиелеп  шығару  -  халықтың  педагогика 

түрлерін  тиімді  пайдаланумен  байланысты  болды.  Сонымен  тәрбие  үрдісі  барысында  

халықтық  тәлім-тәрбие  түрлерін  көбірек  насихаттап,  ұрпақ  бойына  ізгілік,  адамгершіліктің 

жақсы қасиеттерін жүрегіне ұялату, олардың өз тіліне, Отанына, халқына деген сүйіспеншілігін 

арттыру, өз халқының салт-дәстүріне деген қызығушылығын арттыру [1,2].

Қазіргі  таңда  білім  мазмұнын  кіріктіріп  оқыту  арқылы  оның  ғылыми  деңгейін  көтеру 

мәселесі қойылып отырған жағдайда, бастауыш сыныпта оқушыларға этнопедагогика арқылы 

табиғат,  адам    жайында  беретін  білім  негізінде  экологиялық  білімін  қалыптастыру  үшін 

дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін зерттеу және жасау орынды талаптардың 



292

5

бірі [3,4].

Эксперименттің  мақсаты  –  бастауыш  сынып  оқушыларында  этнопедагогика  негізінде 

экологиялық білімін қалыптастыру барысында шығармашылық тапсырмаларды қолданудың 

тиімділігін анықтау. Эксперимент жұмысын Қызылорда қаласындағы № 2 дарында балаларға 

арналған  «Мұрагер»  мектебінің  3-А  сыныбында  жүргіздік.  3  –  А  сыныбында  барлығы  20 

оқушы бар. 11-і қыз бала, 9-ы ұл бала. 9 оқушы оқу озаты, 8 оқушы оқу екпіндісі, 3 оқушы 

орташа оқиды. Сондай-ақ № 2 дарында балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің 3 Б сыныбын 

бақылау сыныбы ретінде алдық. Сыныптағы барлық оқушы саны – 20. Олардың 9-ы қыз бала, 

11-і ұл бала. Оқу озаты – 8 оқушы, екпінділері – 7 оқушы, 5 оқушы орташа оқиды. Зерттеу 

жұмысын  бастамас  бұрын  оқушылардың  дүниетану  сабақтарында  экологиялық  білімін 

қалыптастырудың  мақсаттарында төмендегідей міндеттер белгіледік:

•  3- сынып оқушыларының экологиялық білім деңгейін арттыру;

•  3- сынып оқушыларының экологиялық білімдерін қалыптастыруда этнопедагогикалық 

сипаттағы шығармашылық тапсырмаларды қолдану тиімді екенін анықтау.

Оқушының  жас  және  жеке  дара  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  аталған  міндеттерді 

анықтау үшін бірнеше әдіс-тәсілдер қолданылады.  Олар: бақылау жұмысы, тест тапсырмалары. 

Зерттеу жұмысы үш кезеңнен тұрды:

•  констатациялық эксперимент;

•  қалыптастыру эксперименті;

•  бақылау эксперименті.

Констатациялық экспериментінің мақсаты 3-сынып оқушыларының экологиялық білім 

деңгейін  тексеру.  Үшінші  сынып  оқушыларының  экологиялық  білімдерін  тексермес  бұрын 

оқушыларының  білім  деңгейінің  диагностикалық  белгілерін  немесе  критерий  қойдық  [5] 

(1-кесте).

1-кесте.  Оқушылар білімінің диагностикалық өлшемдері



Деңгейлер 

Диагностикалық өлшемдер

Жоғарғы


•  3 сынып оқушысы адамның айналадағы дүние мен табиғатпен қарым қатынасын 

бір екенін біледі

•  оқушы адамның қасиетін меңгере ауа қалай ластанатынын біледі

•  оқушы судың қасиеті, су еріткіш екенін, судың маңызды су қалай ластанатынын 

біледі

•  оқушы өзіндік тірі организм, мүшелерін, қызметін, өсімдікке су, ауа және жылу 



керек екенін, өсімдіктер жақсы өсіп, дамуына керек жағдайларды, өсімдіктерді  

қорғау керек екенін біледі, қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктерді біледі

•  оқушы жануарлардың тіршіліктеріне, қажетті жағдайларды, немен 

қоректенетінін, жемді қалай аулайтынын, жауынан қалай қорғанатынын біледі 

және де қызыл кітапқа енген жануарларды біледі

•  негізгі ұғымды түсініктерді өте жақсы біледі

•  тапсырмаларды дұрыс, тез, сапалы түрде орындайды

•  жауапты толық мысалдар келтіре біледі

•  қорытынды жасай алады

•  2 сынып бағдарламасын толық меңгерген және оны  қазіргімен байланыстыра 

алады


293

Деңгейлер 

Диагностикалық өлшемдер

Орташа


•  қызыл кітапқа енген сиреп бара жатқан түрлерді біледі

•  3 сынып оқушысы адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасын бар екенін 

біледі: бірақ адам мен табиғат арасында қарым қатынас бар екенін айқындап 

дәлелдей алмайды

•  оқушы адамның қасиетін, мақсатын біледі, бірақ адамның қалай ластайтынын 

білмейді


•  оқушы су туралы жалпы мағлұматты біледі,  еріткіш екенін маңызын біледі, 

судың ластануын білмейді

•  оқушы өсімдік тірі организм, мүшелерін, қызметтерін өсімдікке су, ауа, жылу 

керектігін біледі: бірақ қалай өсіп шығатынын, қорғау жолдарын, қызыл кітапқа 

енгенін өз ойын жеткізе алмайды

•  оқушы жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайды, жемін аулай алатынын, 

немен қоректенетінін біледі, бірақ жануарларды қорғауды және қызыл кітапқа 

енгенін білмейді және де жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайларды 

дәлелдеп айта алмайды

•  оқушы негізгі ұғымды түсіндіреді, жартылай біледі

•  тапсырмалар, өзіндік жұмыстарды баяу орындайды

•  жауап дұрыс кейде толық жауап бере алмайды, үнемі дұрыс қорытындылай 

алмайды

•  2 сынып бағдарламасын меңгерген, бірақ қазіргі білімімен толық байланыстыра 



алмайды

Төмен


•  3 сынып оқушысы адам айналасындағы дүниемен, табиғатпен қарым қатынасы 

бар екенін мүлдем білмейді, мүлдем қызығушылығы жоқ

•  оқушы ауаның қасиетін, мақсатын, ауа қалай ластанатынын білмейді

•  - оқушы судың қасиетін: су еріткіш екенін, судың маңызын су қалай 

ластанатынын білмейді

•  оқушы өсімдік тірі организм, мүшелерін, қызметтерін, өсімдікке су керек 

екенін, ауа және жылу керек екенін, өсімдіктердің жақсы өсіп, дамуына керекті 

жағдайларды қорғау керек екенін білмейді. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктерді 

білмейді және қызығушылығы төмен. 

•  оқушы жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайларды, немен қоректенетінін, 

жемді қалай аулайтынын, жауынан қалай қорғанатынын және қызыл кітапқа 

енген жануарларды білмейді.

•  Дүниетану бойынша білімі және қызығушылығы төмен

•  Негізгі ұғымдар мен түсініктерді білмейді

•  Табиғатта болатын процестерді ажыратпайды

•  өзіндік жұмыстарды мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды

•  2 сынып бағдарламасын толық  меңгермеген, қазіргі білімімен байланыстыра 

алмайды


Оқушылардың  экологиялық  білім  деңгейін  тексеруге  тест  сұрақтары  дайындалып, 

бақылау жұмыстары алынды. Тест 10 сұрақ көлемінде берілді. Тест жабық түрде алынды, сұрақ 

берілді, ал жауаптарын оқушылардың өздері жазды. Тест сұрақтары өтіп кеткен материалдардан 

құралды (тіркеме А). Сонымен қатар оқушылардың экологиялық білімін, деңгейін тексеруде 

бақылау жұмыстары алынды. Бақылау жұмысы екі нұсқада берілді. Әр нұсқада 6 сұрақтан 

болды  (тіркеме Б). Жүргізілген екі жұмыстың нәтижесі арқылы оқушыларының экологиялық 

білім деңгейін анықтадым. Сонымен біз констатациялық кезеңде үшінші сынып оқушыларының 

экологиялық білім деңгейін анықтап, төмендегідей кесте құрдық.



294

5

2- кесте. 3- сынып оқушыларының білім деңгейі (констатациялық кезең)



      Деңгей

сынып

Жоғары

Орташа

Төмен

Оқушы саны

%

Оқушы саны

%

Оқушы саны

%

3 “а” сынып 

20 оқушы

8

40



7

35

5



25

3 “б” сынып 

20 оқушы

9

45



8

40

3



15

Констатациялық  эксперимент  нәтижесі  бойынша  эксперимент  сыныбында  «жоғары» 

деңгейді  8  оқушы  (40%),  «орташа»  деңгейді  7  оқушы  (35%),  «төменгі»  деңгейді  5  оқушы 

(25%) көрсетсе, ал бақылау сыныбында «жоғары» деңгейді 9 оқушы (45%), «орташа» деңгейді 

8 оқушы (40%), «төменгі» деңгейді 3 оқушы (15%) көрсетті (1-сурет). 

40

35



25

45

40



15

0

5



10

15

20



25

30

35



40

45

50



1

2

3



эксперимент сынып

бақылау сыныбы

1-сурет. 3 - сынып оқушыларының білім деңгейі (констатациялық кезең)

Констатациялық экспериментті қорытындылайтын болсақ, 3 “а” (эксперимент) сыныбы 

оқушыларының экологиялық білімнің деңгейі  бақылау сыныбынан төмен көрсеткіш көрсетті, 

яғни 3 “б” сыныбына да,  3 “а” сыныпқа да экологиялық білімін анықтау үшін бірдей тесттік 

жұмыстар, бақылау жұмыстары және түрлі үлестірмелер берілген болатын.

Жоғарғы деңгейдегі оқушы берілген тесттен 10 сұраққа жауап берді және де қосымша 

тапсырма  жасады.  2-сыныптағы  алынған  білімдерімен  байланыстыра  алады.  Бақылау 

жұмыстарындағы сұрақтарды дүниетану пәндеріндегі үлкен материалдарды  тура құра алады.

Орта деңгейдегі оқушы – тест сұрақтарының ішінен судың ластануынан  сақтау жолдарын, 

адам,  жануар,  өсімдік  тіршілігін  топырақпен  байланыстыра  алмайды.  Басым  көпшілігі  5,6 

сұрақтарды қате немесе толық емес жауап береді. 

Төмен  деңгейдегі  оқушы  –  қойылған  сұрақтарға  толық  дұрыс  жауап  бере  алмайды. 

Мұғалімнің    көмегін  қажет  етеді.  Жалпы  қорытындылайтын  болсақ,  оқушылармен  өткен 

тақырыптармен байланыстыра сабақ сұралып, түрлі үлестірмелер беріліп отырды.

3-сыныпта  оқушылар  сабаққа  қарқынымен,  қызығушылығымен  қатысып,  белсенділік 

танытты.  Эксперимент  жұмысы  жүргізілген  сынып  оқушыларының  білім  деңгейін  бақылау 

сыныбымен салыстырғанда, бақылау сыныбы оқушыларының білім деңгейі әлдеқайда жоғары 

көрсеткіш көрсетті. Демек бұл сынып оқушыларының деңгейі жоғары екенін көрдік. Өйткені 

олар  барлық  берілген  тапсырмаларды  ойдағыдай  орындап  шықты.  Өз  қабілеттерін,  білім 


295

деңгейін көрсете біледі. Ал 3«а» сынып оқушыларының білім деңгейі сәл төменірек болады. 

Констатациялық  эксперимент нәтижесінде біз осындай нәтиже алдық.

Қорыта  келгенде  қазіргі  кезде  оқушылардың  экологиялық  білімін  қалыптастыру 

баршамызды толғандыратын ең көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады. 

Дүниетануды  оқыту барысында экологиялық білімнің қалыптасуы тұтас педагогикалық 

процестің  барлық  салаларына  енуі  керек.  Оқыту  және  тәрбие  жұмыстарының  әр  түрлі 

құралдарын,  әдістері  мен  тәсілдерін  жинақы  пайдаланудың  нәтижесінде  оқушылардың 

қоршаған ортаға ғылыми көзқарастары, сенімі, жанашырлық қасиеті  қалыптасады [6].

Сонымен,  қорыта  айтқанда  бүгінгі  жас  ұрпаққа    жан  –  жақты  білім  беру,  тәрбиелеу 

әрбір ұстаздың басты  борышы. Бастауыш мектеп бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы 

қуатты  жүретін  қайталанбас  кезең.  Сондықтан  да  бастауыш  білім  –  үздіксіз  білім  берудің  

алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім 

дағдыларды меңгерумен бірге қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды 

шығармашылық бағытта, жан-жақты  дамыту -  бүгінгі күннің басты талабы. Психологиялық, 

педагогикалық,  әдістемелік  әдебиеттерді  талдау  дүниетану  сабақтарында  оқушылардың 

этнопедагогика  негізінде  экологиялық  білімдерін  қалыптастыруда  шығармашылық 

тапсырмаларды қолданудың маңызды және көкейкесті мәселе екенін көрсетіп отыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет