Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет8/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   126

5

әріптестікпен сапалы жұмыс істеулеріне бастайды. 

Алынған логикалық шешімге сүйене отырып оқушылардың тобына келесі шығармашылық 

тапсырманы орындау ұсынылады. Бұл кезеңде алғашқы жинақталған ақпараттардан туындаған 

өзекті  мәселені  шешу  үшін  атқарылатын  іс  –  шараны  қалай  жүзеге  асыруға  болатынына 

оқушылар өз ұсыныстарын береді. Жоғарыда атап өткендей үстіміздегі 2015 жылда аталып өтіп 

жатқан ірі тарихи оқиғаларды басшылыққа ала отырып, оқушылардың әр тобына өз таңдаулары 

бойынша ұсынылған тақырыптарды алып, көшелерге жаңа аттар таңдау ұсынылады. Таңдауға 

ұсынылатын тақырыптар:

1.Қазақ  хандығына  550  жыл  2.Ұлы  жеңіске  70  жыл  3.Қазақстан  халықтарының 

Ассамблеясының  құрылғанына  25  жыл  4.Қазақстан  Республикасының  Конституциясына 

(1995) 20 жыл

Оқушыларға өздерінің таңдауы бойынша алынған тақырыпқа сай зерттеу жұмыстарының 

нәтижесімен  ұсыныстарын  білдіру  үшін  төмендегі  сызбаны  толтыру  ұсынылады  немесе 

оқушылар  басқа  түрде  пікірлерін  жеткізе  алады  (постер  жасайды,  эссе  жазады,  слайд  шоу 

құрастырады, «балық қаңқасы» т.б.).

Сызба тақырыбы: Қазақ хандығына 550 жыл

Алматы қаласындағы қайталанатын көше атауларын өзгертуге ұсыныстар

Көшеге қандай ат 

ұсынылады

Неліктен - дәлелді себептері

Біз үшін құндылықтары (интерпретациялау)

1. Керей хан

Ол 1465 жылы қазақтардың 1 

ханы болды

Жаңа мемлекет қазақ хандығын құрды, 

ұлтымызды біріктіруді бастады...

2. Есім хан

Қазақ хандығын оңтүстік 

аймақта біржолата орнықтырды

ішкі алауыздықты жойды, заң 

қабылдады

Ел тұтастығын сақтаудың үлгісін көрсетті, 

сеператизммен ымырасыз күресті....

3. Жалаңтөс баһадур

1643 жылғы Орбұлақ 

шайқасында жоңғарларды 

талқандаудағы ерен ерлігі үшін

Ұлы қолбасшыға көрсеткен құрмет. Ұлттық 

намысты жоғары ұстаудың үлгісі

4. Қозыбасы 

Қазақ хандығы ту тіккен жер

Алғаш мемлекетіміздің жарияланған жері 

ретінде есте сақтау

Осындай  іздену  жұмыстарын  ұйымдастыру    оқушылардың  Функционалдық 

Сауаттылықтарын  қалыптастыруға  ықпалы  зор.    Оқушыларды  оқуға,  ізденуге  сол  арқылы 

біліктіліктерін қалыптастырып, оны шынайы жағдайда қолдана алуларына мүмкіндік тудыруда 

АКТ мүмкіндігін қолдану оқушылардың білім алуға ынтасын, қызығушылығын арттыратыны 

сөзсіз.     

Әдебиеттер тізімі

1.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық    Бірінші  (ілгері)  деңгей      «Назарбаев  Зияткерлік 

мектептері» ПШО, 2014.

2.  Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға 

арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспарын  бекіту  туралы,  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы.

3.  Ковжасарова  М.Р.,  Нурахметов  Н.Н.,  Аульбекова  Г.Д.  Технологизация  учебного 

процесса казахстанский опыт,  Алматы, Зият Пресс, 2005.

4.  http://advertising_pr.academic.ru/

5.  Шутова И.В.  Что такое Функциональный грамотность. М., 2003         http://voluntary.

ru/dictionary/568/word/funkcionalnaja-gramotnost.


45

ҮШІНШІ ДЕҢГЕЙ МҰҒАЛІМ ПОРТФОЛИОСЫНЫҢ 

ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫН БАҒАЛАУ

Аскабулова Ж. А.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ АҚ, 

Педагогикалық өлшеулер орталығы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді сөздер: мұғалім, таныстырылым, бағалау, тренер, формативті бағалау, суммативті 

бағалау, бағалау критерийі, сындарлы пікір, рефлексия, кері байланыс.



Ключевые слова: учитель, презентация, оценивание, тренер, формативное оценивание, 

суммативное  оценивание,  критерий  оценивания,  конструктивные  рекомендации,  рефлексия, 

обратная связь.

Кeywords:  teacher,  presentation  assessment,  trainer,  formative  assessment,  summative 

assessment, asessment criterion, constructive recommendations, reflection, feedback.



Аңдатпа

Берілген мақалада біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы аясындағы үшінші 

деңгейдегі  мұғалімдердің  кәсіби  дамығанын  негіздейтін  құрал-таныстырылым  туралы 

жазылған.  Мақалада  келтірілген  мәліметтер  жеке  тәжірибедегі  таныстырылымдарды 

формативті, суммативті бағалау үдерістерін бақылау қорытындылары нәтижесінде алынған. 

Эксперт  нақты  жетілдіретін  бағыттарға  әдістемелік  ұсыныстар  беру  арқылы,  тренердің 

болашақтағы  3(базалық)  деңгейдегі  мұғалімдерді  формативті  және  суммативті  бағалаудағы 

тәжірибелік дағдыларының дамуына ықпал жасайды.



Аннотация

В данной статье рассматривается основной инструмент оценивания профессионального 

развития учителя-оценивание презентации учителя 3 (базового) уровня в контексте Программы 

курсов повышения квалификации педагогов. Данные, которые используются в статье, взяты 

из результатов наблюдения эксперта за процессом формативного и суммативного оценивания 

презентации. Эксперт через конкретные методические рекомендации способствует развитию 

практических навыков тренера по совершенствованию дальнейшей практики формативного и 

суммативного оценивания презентации учителей 3 (базового) уровня.



Abstract

This article considers third level teachers` instrument presentation that proves their professional 

development i n the scope of professional qualification development courses.

Data and presentations from personal experiences in this article are taken from formative and 

summative assessment process evaluation. Expert attempts to develop trainer`s experimental skills by 

giving methodological recommendations on exact direction.

Үшінші  деңгей  бағдарламасының  негізгі  міндеті-қазақстандық  мұғалімдерге 

педагогикалық тәжірибелерін жетілдіріп бағалауға көмектесу[1, 18-б.] 

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін 

арттыру  курстарының  бағдарламасы  аясындағы  үшінші  (базалық)  деңгейдегі  мұғалімдерді 

бағалаудың  үш  компоненті-портфолио  есептерін  жазу,  таныстырылым  қорғау,  біліктілік 

емтиханын  тапсыру  өзара  баланста  педагогтердің  3-деңгей  мұғалім  стандарттарына 



46

5

қаншалықты  сәйкес  екенін  анықтайды.  Сонымен  қатар  жоғарыдағы  үш  компонент  мұғалім 

үшін формативті, суммативті бағалауды үйренетін құрал болып табылады. Мұғалімнің кәсіби 

дамуын формативті және суммативті бағалау әділдік қағидасына негізделген.

Кембридждік мамандар деңгейлік курс бағдарламасына жеті модульді топтастырғанда 

оның бастысы етіп бағалау тақырыбын алғаны тегін емес. Өйткені, білім беруде бағалаудың 

маңыздылығы жоғары. Бағалау тың жоспарларға, жаңаша ізденістерге жетелейді. Валидтілік, 

сенімділік,  жеткіліктілік  және  түпнұсқалық  принциптерін  толық  сақтай  отырып  бағалау 

арқылы жеке тұлғаны дамытуға қол жеткізуге болады. Эксперт формативті және суммативті 

бағалау  барысында  бағалаудың  барлық  принциптері  сақталуына  тренерге  қолдау  көрсетеді. 

Ол кері байланыс арқылы жүзеге асырып отырылады. Джон Хетт: «Жақсартуға қол жеткізудегі 

ең  ықпалды қару-кері байланыс» деген,  сондықтан  таныстырылымға дейін топ  тренерімен, 

таныстырылымнан  соң  тәуелсіз  тренермен  бірге  мұғалімдердің  іс-тәжірибелеріне,  алған 

білімдеріне,  өзгерістерге  терең  рефлексия  жасауды  мен  өзімнің  эксперттік  жұмысымның 

маңызды, әрі міндетті бөлігі деп санаймын. 

Үшінші  деңгей  мұғалім  портфолиосының  таныстырылымын  бағалау  үдерісіндегі 

тренердің  бағалауды  басқара  алуы  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Жұмыстың 

мақсаты–үйренушілердің  таныстырылымды  қорғау,  бағалау  жұмыстарын  жоғарғы  деңгейде 

даярлап, өткізуге тренер тәжірибесіне қолдау жасау. Мақалада деңгейлік бағдарлама аясындағы 

мұғалім, топ тренері, тәуелсіз тренер, эксперт жұмыстарының байланыстары нәтижесіндегі 

тәжірибемен бөлісу орын алған.

Тренердің тәжірибелік дағдыларының дамуына ықпал ету мақсатында екінші «бетпе-бет» 

кезеңінің  үшінші,  төртінші  апталарындағы  таныстырылымды  формативті  және  суммативті 

бағалауды бірнеше рет бақылау мүмкіндігі болды. 

Мектептегі тәжірибе кезеңінде мұғалімдер бір ай ішінде тынбай еңбек еткендері көрініп 

тұрды. Курс тыңдаушылары арасында өз білімдерінің жоғары деңгейін көрсете білген, ерекше 

көзге  түскен,  жаңа  идеяларды  қолданып,  өз  тәжірибесіне  бағыттап,  оны  рефлексиялауда 

көшбасшылық  танытқан  ұстаздар  да  көп  болды.  Бірақ  қандай  да  жаңа  бастама  болмасын 

оның жақсы нәтижелерімен қатар мәселелері де болады. Таныстырылымды дайындау, қорғау, 

бағалау  барысындағы  талаптар  негізінде  мәселелер  де  бар  екені  анықталды.  Біріншіден, 

сессияларда тренер әріптестермен бірлесіп тыңдаушыға қолдау көрсетіп, кеңес беруі кезінде 

тренердің тыңдаушылар таныстырылымын формативті бағалауы сындарлы болғанымен, кейде 

әріптестердің бір - бірінің таныстырылымдарын формативті бағалауы тек «мақтау» түрінде 

болатын жағдайлар да тәжірибеде кездесті.

Осындай  құбылыс  орын  алған  жағдайда  тренер  әріптестерді  «сыншы  дос»  рөлінде 

болып, айтылған пікірлерді таныстырылым сапасын көтеруге бағыттауға болады. Себебі, «Кері 

байланыс позитивті болуы керек, бірақ ол үйренушілер өзінің жұмыстарындағы кемшіліктерді 

білмеуі керек дегенді білдірмейді» [2, 37 бет] Пікір берудегі мақсат үйренушілердің тәжірибесін 

дамыту және қолдау. Тренер мен әріптестер оқушылар білімінің сапасын жоғарылату жолдарын 

көрсете  отырып,  мұғалімге  өз  жұмысын  жетілдіруге  арналған  «дамытатын  нүктелеріне» 

сындарлы  ұсыныстар  дайындап  ненің  маңызды  болып  табылатыны  туралы  кері  байланыс 

ұсынуы тиіс. Ол мұғалімнің қажеттілігіне қарай сұрақтар түрінде немесе ұсыныстар түрінде 

т.б. формада берілуі мүмкін. Мысалы, кері байланыстың екі түрі бар: ауызша және жазбаша. 

[2,  38-б.]  Қай  түрін  ұсыну  мұғалімнің  қажеттілігіне  қарай  шешіледі.  Ауызша  түрде  кері 

байланысты сұрақ түрінде: «Оқушыны сабақта кездескен мәселені шешуге қалай жетеледіңіз, 

нәтижесінің дәлелдемесі ұсынылған ба? Барлық оқушылардың оқуда табысты болуына қол 

жеткізе алғанына қандай дәлелдемелер келтіре аласыз?» Жазбаша кері байланыста жұмыс 

қорытындысы бойынша оқушыға нақты пікір, ұсыныс ұсынылады. [3, 25-б.] Ұсыныс түрінде: 

Оқушылардың «үйренгенін» көрсететін дәлелдемелерді қосып, дәлелдемелерге талдау жасау 


47

жағын жетілдіру т.с.с.

Тренер кейде топ үйрене алмай жатқан жағдайда сындарлы пікірлерді қалай ұсыну керек, 

қалай қабылдау керек алдымен өз мысалында көрсете отырып бағыттауды жүзеге асыра алады. 

Сеcсияларда кері байланыс көп берілетіндей орта қалыптастырылып, жетістіктерге жетелейтін 

сұрақтар  қою  техникаларын  дамытса,  мұғалімдердің  өзіне  сенімділігі  арта  түседі.  Доктор 

Кристианна Алгер: «Дұрыс қойылған сұрақтар кез келген адамның сыни ойлауын қалыптастыра 

алады»  деп  пайымдаған.  Сындарлы  ұсыныс  «сынау  емес»,  мұнда  «қорғану»  позициясынан 

гөрі неғұрлым құнды ақпараттарды көбірек тыңдау пайдалы. Ең бастысы бір - біріне сындарлы 

пікір  беруде  тыңдаушылардың  жұмысын  үнемі  «төрт»  жақсы  жасаған  жақтарынан  бастап, 

«бір»  жетілдіретін  тұсын  көрсете  отырып,  бағыттау  тиімді  нәтижелерін  беріп  жүр.  «Пікір 

жағымсыз, субъективті немесе намысқа тиетін болмауы керек. Пікірдің міндеті кемшіліктерді 

және  тәжірибені  жақсартудың  мүмкін  жолдарын  көрсете  отырып,  тыңдаушы  тәжірибесін 

қолдау және оған одан әрі қарай дамуға көмектесу болып табылады. Пікір әрқашан сындарлы 

болуы керек» [4, 12-б.] екендігін ескере отырып, мұғалімдерге берілген сындарлы ұсыныстар 

олардың ары қарайғы мектептегі іс-тәжірибелерін жақсарта түсуіне және рефлексивті практик 

болуларына  бірден-бір  көмек  болатыны  сөзсіз.  Осылайша,  тренер  сындарлы  пікір  беруді 

мұғалімнің  оқушыларға  үйретуі  арқылы,  оқушының  дамуын  қолдауда  өз  тәжірибелеріне 

тиімді  қолдана  алуына  ықпал  жасай  алады.  Сонымен,  таныстырылым  мен  портфолио 

құрастыруда  сындарлы  ұсыныстарды  сапалы  жасау  маңызды  рөл  атқаратындықтан, 

мұғалімдерді  бірінші  «бетпе-бет»  кезеңінен  жоғарғы  деңгейде  кері  байланыс  жасауға 

бағыттап, екінші «бетпе-бетте» жалғастыру тиімді нәтижесін беруде. 

Екіншіден,  қорытынды  аптада  таныстырылымды  суммативті  бағалау  бақыланды. 

Эксперт  топ  тренерлерін  өздері  оқытқан  топтан  бөлек  топтың  мұғалімдерінің  жұмыстарын 

суммативті бағалау үшін тәуелсіз тренер етіп тағайындайды. Таныстырылымдарды қорғауға 

дейін өз топтарын формативті бағалаған топ тренері әріптесінің іс тәжірибелерімен танысып, 

стандартқа жетпесе сындарлы пікірлер беруге, басқа топтағы «ерекшеліктерді» үйреніп, одан 

ары «дами» түсуіне мүмкіндіктері болады. Ал, курс мұғалімдері таныстырылымды бағалау 

арқылы суммативті бағалаудың үлгісін көре алады. 

1 кесте. Х қаласындағы үшінші деңгейлік курстың бірінші топтың 1-таныстырылымын 

бағалау кестесі

Реті

Мұғалімнің 

аты - жөні

Тәуелсіз тренердің 

бағалауы

Әріптестің орташа 

бағалауы

Эксперттің 

бағалауы

1

 Қ. Р.А.



2,0

2,7


2,0

2

Ж.Р.Н.



1,8

3,0


1,5

3

А.З.М.



2.5

2,9


2,5

4

Т.Д.М.



2,3

3,0


2

5

Е.К.А,



2,0

2,8


2,1

6

К.М.Т.



2,3

3,0


2,4

7

К.М.Л.



2,3

2,3


2,3

8

М.Ж.К



2,0

2,8


2,2

9

Н.Ж..С



2,4

3,0


2,2

Х қаласында эксперт ретінде 1-топтан 9 мұғалімнің бірінші таныстырылымды қорғауы 

бақыланды. Әрбір таныстырылымды қорғаудан соң тәуелсіз тренерлер мен эксперт жазбалары 

арқылы  мұғалімдерге  қойылған  бағалар  салыстырылды.  1-  кестеге  қарай  отырып,  тәуелсіз 

тренер  мен  эксперттің  бағаларының  арасында  ауытқу  жоқ  немесе  өте  аз  екенін  байқауға 

болады.  1-топта  бір  мұғалімнің  ғана  бағасы  11,1%  тәуелсіз  тренермен  сәйкес  келген  де, 

мұғалімдердің басым бөлігі 88,8% әріптестерін жоғары бағалаған. «Әріптесін дұрыс бағалай 

білмесе мұғалім ертең оны өз тәжірибесінде қалай қолданады, әлде бағдарлама идеяларын 


48

5

түсінбегені ме?» деген осы тұста ой туындады?! Әрине екі баллға айырмашылық болмағаны 

қуантарлық, дегенмен, нақты болу үшін бір баллдың өзі ойланарлық жағдай. Осылайша басқа 

да фокус топтар бақыланып, бағалау проформалары зерделенді. Нәтижесінде, 2-топта 46,2% 

мұғалімнің  бағалары  тәуелсіз  тренермен  сәйкес  келген,  53,8%  0  мен  1  аралығында  артық 

бағаланған. 3-топта 16%, мұғалімнің бағалары тәуелсіз тренермен сәйкес келген, 84% 0 мен 

1,5 аралығында артық бағаланған. 

Таныстырылымнан  соң  тәуелсіз  тренерлермен  бірге  сұхбат  өткізіліп,  терең  талдау 

жасалды.  Нәтижесінде,  бағалаудағы  ауытқушылықтың  бірінші  себебі,  мұғалімдердің 

дәлелдемелерді критерийлерге сай бағалай алмауы екендігі анықталды.

Сондықтан,  үшінші  деңгейлік  курс  аясында  тыңдаушыларды  бағалау  проформасы 

бойынша  суммативті  бағалауды  үйретуге  үлкен  мән  берілу  керек  деп  есептеймін

Суммативті бағалауға үйрету мақсатында алдын ала таныстырылым қорғауға дайындық кезінде 

мұғалімдердің бірін-бірі бағалауын оқыту шаралары ретінде жүргізу тәжірибесі тиімді нәтиже 

беретіндігі  тәжірибеде  расталды.  Ол  үшін  екінші  «бетпе-бет»  кезеңінің  үшінші  аптасында 

таныстырылымды  қорғауға  даярлық  барысында  алдын  ала  тыңдаушылардың  біреуі  немесе 

бірнешеуі өз таныстырылымын қорғайды, қалған әріптестері оны тыңдап, бағалау проформасы 

арқылы мұғалім жұмысын бағалап отырады. Сол арқылы әрбір мұғалім өз тәжірибесін тағы бір 

рет ой елегінен өткізіп, әріптестерінің мысалдары арқылы оны байытып, өздері де бағалаушы 

рөлінде  болып  көреді.  Бағалаушылар  таныстырылымды  тыңдау  барысында  критерийлер 

бойынша  көрсетіліп,  талданған  нақты  дәлелдемелерге  «құс  тұмсық»  белгісін  немесе  әрбір 

критерийлерге сай өлшемдерді қойып отырса және бағалауға берілген екі минутта осы қойған 

белгілерді ескере, санына байланысты нақты ұпай санын қоюға көмегін тигізеді. 

Бағалау  жабдықтарындағы  проформада  таныстырылым  келесі  өлшемдер  арқылы 

бағаланады делінген: «0-дәлелдемелер жоқ, 1-дәлелдемелер әлсіз, 2-дәлелдемелер жеткілікті, 

3-дәлелдемелер терең ашылған» Өлшемдер арқылы бағаланатын дәлелдемелер қай кезде жоқ, 

қай кезде әлсіз, жеткілікті, терең ашылған болуына мұғалімдердің назарын ерекше аудара білу 

таныстырылымды қорғау мен бағалау сапасын көтеруге бағатталған мүмкіншіліктердің бірі. 

Мысалы,  оқушылардың  оқуының  табыстылығы  дәлелдемелері  қаншалықты  сенімді  екенін 

көрсететін  бір  сабақты  бағалайтын  төртінші  слайдта  3,1,2-критерийлердің  дәлелдемелері 

ұсынылуы қажет. Мұнда мұғалім оқушыларға бірнеше тапсырмалардың ішінен эссе жаздырған 

бір  тапсырмасын  дәлелдеме  ретінде  көрсетсе,  эссе  жазып  отырған  оқушылардың  фотасын 

көрсеткеннен  гөрі,  оқушының  не  үйренгенін  көрсететін  сабақ  өнімі-жазылған  эссені,  оның 

бағалау  критерийлерін,  өзін-өзі  немесе  бірін-бірі,  мұғалім  бағалаған  парақтарды  көрсете 

отырып,  теориямен  байланыстыра  терең  рефлексия  жасайды.  Барлық  оқушылардың  оқуда 

табысты  болуына  қалай  қол  жеткізді,  көп  оқушы  стандартқа  жетпеген  болса,  жеткізу  үшін 

қандай сұрақтар қойды, еске түсіру, ой салу үшін қандай форманы қолданғанын көрсетеді. 

Жиырма бес оқушының ішінен үшеуі нашар нәтиже берсе, мұғалім оны қалай жақсарту керек 

екендігін анықтап, алдағы жұмысын соған бағыттап жоспарлайды. 

Мазмұнмен  байланыстырып,  «Аса  негізделмеген  бірнеше  дәлел  мұғалімнің  қандай  да 

бір критерийге сәйкестігін анықтау үшін жеткіліксіз болуы мүмкін, ал екі немесе тіпті бір, 

бірақ сенімді дәлел анағұрлым жеткілікті болуы мүмкін» екендігін ашып көрсетеді. [5, 15-б.] 

Мұндай  кеңес  өз  кезегінде  дәлелдемелерді  іріктегенде  саналы  таңдау  жасауға  итермелейді. 

Тәжірибе көрсеткендей мұны бір рет көрсетіп қою ғана жеткіліксіз, ендігі кезекте мұғалімдердің 

барлығының  бірдей  бағалауды  үйренгенін  тренер  тәжірибе  жүзінде  бақылай  білуі  қажет. 

Тренер мұғалімдердің үйренгенін өзінің қойған бағасы арқылы салыстырып қарап, қажет болса 

дұрыс бағалай алуға бағыттайды. Э. Хaбaрдтың пiкiрiнде: «Бaлaны оқытyдың мaқсaты-оны әрi 

қaрaй мұғaлiмнiң көмегiнсiз-aқ дaмyғa қaбiлеттi етyге арналған» делінген, олай болса әрбір 

пән бойынша міндетті білім беру стандартын меңгеру үшін модульдерді кіріктіре жоспарлаған 



49

тапсырмаларды орындаудағы сәтті, сәтсіз тұстары терең талданып, жұмыс нәтижелері айқын 

және нақты, оқушыны дамытуға ықпал еткені, мұғалімнің оқу сапасын бағалауы (эвалюация) 

көрсетілу керек. Мұғалім ауызша және графикалық материалдарды жинақтап, жоғарыдағы бар 

дәлелдемелерді  логикалық  бірізділікпен  құрылымдап,  қорғау  кезінде  сипаттамай,  түсіндіру 

деңгейінде дәлелдемелерді ашуға назар аудару қажет, ол мұғалімнен жоғары АКТ дағдыларын 

талап етеді.

Таныстырылым  сапасы  мұғалімнің  өз  тәжірибесіндегі  дәлелдемелерді  іріктегенде 

саналы таңдау жасап, дұрыс безендіруіне, таныстырылым кезінде сөйлеген сөзімен логикалық 

байланысты  болуы  керек.  Сондықтан,  дәлелдемелерді  тиімді  ұсыну  жолдарын  көрсете  алу 

мақсатындағы  таныстырылымға  даярлық  бірінші  «бетпе-бет»  кезеңінен  басталуы  қажет. 

Мысалы, бірінші «бетпе-бет» кезеңінде тренер модульдерді оқыту барысында, жаңа идеяларды 

түсіну маңызды болғандықтан, идеялар мазмұнын терең аша отырып, мектептегі тәжірибені 

өткізу кезеңінде екінші «бетпе-бетке» жинақтап алып келетін, тәжірибесінің даму фокусын 

көрсететін  салмақты,  сапалы  дәлелдемелерге  мұғалімдердің  назарларын  шоғырландырады. 

Міне, осылайша тренер мұғалімдерді дәлелдемелерді терең ашуға бағыттайды. Стандарттардан 

алынған бағалау критерийлерін қолдана отырып, мұғалімдердің оқуы мен іс-әрекетін бағалау 

маңызды  рөл  атқарады.  Таныстырылым  барысында  тәжірибесін  үшінші  деңгей  мұғалім 

стандарттарымен  байланыстыру  арқылы  жеткізе  алу  ұстаздың  өзін  -  өзі  кәсіби  дамытуға 

қаншалықты даяр екенін көрсетіп, мектепті дамытуға, жобаның жүзеге асуына қосатын үлесін 

анықтайды.

Бағалаудағы  ауытқушылықтың  екінші  себебі,  таныстырылымдарды  бағалау  кезінде 

кейбір әріптестердің әділ болмауы. Таныстырылымды қорғауға даярлық кезінде әріптестердің 

мұғалімді  суммативті  бағалау  сапасын  жоғарылатуда  мұғалімдердің  қажеттіліктеріне  қарай 

педагогикалық,  психологиялық  ерекшеліктерді  ескеретін  тәсілдерді  таңдау  арқылы  қол 

жеткізуге  болады.  Мысалы,  таныстырылымды  қорғаған,  бағалаған  мұғалімдерге  мынадай 

фразалар:  «Бағалауға  байланысты  не  сезіндіңіз?»  т.б.  сұрақтар  қою  арқылы  пікірталасқа 

жақсы  бастама  беріп,  оны  курстың  мақсатымен  байланыстырып  өрбітуге  болады.  Осындай 

немесе  басқа  тәсілдер  арқылы  «Ол  менің  досым  еді,  сондықтан  жоғары  бағаладым»  деген 

стереотипке  бой  алдырмай,  мұғалімді  әріптестердің  әділ  бағалауына,  мұғалімдер  арқылы 

оқушылардың  бірін-бірі  әділ  бағалауына  қол  жеткізуіміз  керек.  Таныстырылымды  бағалау 

сапасын жоғарылату мақсатындағы жүйелі жүргізілген жұмыстар жақсы нәтиже берері сөзсіз.

Таныстырылымды  суммативті  бағалау  аяқталған  соң,  этиканы  сақтай  отыра,  бағалау 

үдерісінің нәтижелерін қолдана, терең талдау жасап, жоғарғы деңгейлі сұрақтар қойып бағыттау 

арқылы  мұғалімдердің  критерий  бойынша  суммативті  бағалауды  үйренген  бақылай  білуді 

әдетке айналдыру өте тиімді. Педагог қызметкерлердің таныстырылымын бағалау рәсімінде 

қолданылатын  талдау  жұмысы  -  жұмыс  нәтижесін  бағалауға,  сонымен  бірге  педагогтың 

әлеуетін  дамытуға,  тәжірибені  жетілдіру  мен  өзгертуге  мүмкіндік  береді.  Осылайша, 

«Жиынтық мәліметтерді формативті пайдалануға болатындықтан» [6, 7-б.] суммативті бағалау 

нәтижелерін  оқыту  тәжірибесін  жетілдіру  үшін  формативті  бағалау  ретінде  қолдану  тиімді 

нәтиже береді. 

Қорытындылай келе, стандарттарға сәйкес болуға көмек көрсету жұмыстары ұсынылған 

дәлелдемелердің  талаптарға  сәйкестілігін  бағалау  кезінде  өзара  әділ  бағалауға  үйретіп, 

оны  талқылау  арқылы  таныстырылым  сапасы  мен  оны  бағалау  сапасын  арттыруға  болады. 

Топ тренері мен тәуелсіз тренер арасында өзара тәжірибе алмастыру үшін жасалған кәсіби 

әңгімелер де екі жақты пайдалы болды деп ойлаймын. Тәлімгерлік ету барысында тренерге 

ұсынылған кері байланыстар мен жүргізілген кәсіби әңгімелер үнемі тренердің өз тәжірибесі 

туралы  ойлануына,  оны  жетілдіруге  бағытталды.  Жаңа  форматты  мұғалімнің  жоспарлауы, 

оқытуы,  бағалауы  қай  сатыда  тұрғанын,  қандай  бағытта  даму  керек  және  қажетті  деңгейге 


50



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет