Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет7/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   126

5

Еңбек  психологиясында  адам  мен  оның  қызметі,    кәсіби  талаптар  мен  психикалық 

қасиеттердің индивидуалды құрылымы арасындағы үйлесімділіктің қалыптасу жолы толықтай 

ашылады. Кеңес заманындағы көптеген зерттеулер жоғары деңгейдегі мотивация мен қызмет 

барысында қажетті қасиеттердің даму мүмкіндігін көрсетті. В.Д.Шадриков бұл механизмнің 

дамуын  аша  отырып,  жеке  психикалық  қасиеттердің  кәсіби  талаптарға  бейімделу  деңгейін 

сипаттап, «кәсіби маңызды сапалардың оперативтілігі» ұғымын ұсынды [11].

Сонымен, зерттеулер көсеткендей, ғалымдардың үздіксіз әрі жүйелі қызығушылықтары 

тұлғаның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін, адамның ресурстық мүмкіндіктерін 

зерттеп қана қоймай, сонымен қатар тұлғалық және кәсіби әлеуеттің маңыздылығын дәлелдеді. 

Алайда,  біз  педагогика  мен  психологиядағы  түрлі  тәсілдерді  саралап,  жоғарыда 

көрсетілген  зерттеуші  ғалымдардың  еңбектеріндегі  баламаларды  жүйелеудің  нәтижесінде 

зерттеуімізге  арқау  болып  отырған  кәсіби  әлеует  ұғымдарын  «білім  беру  мазмұнын  жүзеге 

асыру үшін қажетті маманның шынайы және болашақтағы мүмкіндіктерінің жиынтығы» деп 

қорытынды жасаймыз. 

Әдебиеттер тізімі

1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы //Егемен Қазақстан. – 2007. – 15 

тамыз. 3-4 б.   

2.  Климов Е. А. Пути в профессионализм (психологический взгляд): Учебное пособие / 

Е. А. Климов. – М.: Московский психолого-социальный институт: Флинта, 2003. – С. 

320.


3.  Маркова А. К. Психология профессионализма /А. К. Маркова.- М.: Международный 

гуманитарный фонд «Знание», 1996.- С. 312.

4.  Митина  Л.М.  Психология    развития  конкурентоспособной  личности  /  Воронеж: 

Московский  психолого-социанальный институт, Изд-во НПО «МОДЭК», 2002.- С. 

400. 

5.  Зазыкин В.Г. Акмеологические  проблемы профессионализма/ В. Г. Зазыкин, А. П.  



Чернышев. – М.: НИИВО, 1993. - С. 48.

6.  Деркач  А.  А.  Акмеологические  основы  развития  профессионала  /  А.  А.  Деркач.  – 

Москва - Воронеж: МПСИ, 2004. - С. 750. 

7.  Кузьмина Н.В. Профессионализм личности преподавателя и мастера производственного 

обучения / Н. В.  Кузьмина; ВНИИ проф.-техн. образования. – М.: Высш. шк. 1990. – 

С. 117. 


8.  Пеняева С.А. Системные механизмы и процесс формирования готовности студентов 

вуза  к  профессиональной  деятельности  /  С.  А.  Пеняева//  Профессиональное 

образование: новые педагогические исследования.- 2006. - № 2. – С. 109-112.

9.  Дружилов  С.А.  Становление    профессионализма    человека  как  реализация 

индивидуального    ресурса  профессионального  развития  /  С.  А.  Дружилов.  – 

Новокузнецк: Изд-во  ИПК., 2002. – С. 242.

10. Безрукова  В.  С.  Педагогика.  Проективная  педагогика:  учебное  пособие  /  В.  С. 

Безрукова. – Екатеринбург: Изд-во. «Деловая книга», 1996. - С. 344.

11. Поваренков  Ю.П.    Психологические  содержание  профессионального  становления 

человека/ Ю.П. Поваренков.- М.: Изд-во УРАО, 2002. - С.160.

12. Российская педагогическая энциклопедия: в 2-х томах/гл. ред. В. В. Давыдов. - М.: 

Большая рос. Энциклопедия, 1993-1999.



39

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА БІЛІМ РЕСУРСТАРЫН АКТ МҮМКІНДІГІН 

ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАР БОЙЫНДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 

САУАТТЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Арынов Б. Т.

 Ю. Гагарин атындағы дарынды балаларға арналған 

№8 арнаулы гимназиясы 

Талғар ауданы, Алматы облысы 

ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫ



Түйінді сөздер: ФС- функционалды сауатты; ФГ – функциональная грамотность;  FL 

-  Functional    Literacy;  ЭЫДҰ-  Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы;  ОЭС  – 

Организация экономического сотрудничества; OECD - Organisation for Economic Co-operation; 

Интертейнмент  –  кино  –  теле  –  бейне  компьютерлік  өнімдердің  жаһандық  жиынтығы; 

Интертейнмент – глобальная сеть кино- теле- и видеокомпьютерной продукций; Entertainment - 

a global network of film and television productions video-computer; РІSА- оқушылар жетістіктерін 

бағалаудың  халықаралық  бағдарламасы;    РІSА  –  Международная  программа  по  оценке 

образовательных достижений учащихся; RІSA - International Programme on Student Assessment.



Аңдатпа

Бұл  мақала  тарих  пәнін  оқытуда  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы 

оқушылар  бойында  Функционалдық  Сауаттылық  қалыптастырудың  жолдары  тұралы  іс 

тәжрибеге сүйеніп теория мен практиканың ұштасу тиімділігі тұралы айтылған. Бүгінгі күндегі 

білім ресурстары деген ұғым ауқымының кеңдігі мен оның мүмкіндігінің мол екенін негіздей 

отырып АКТ қолдануда атқарылуға тиісті іс шараның өзектілігі мен құндылығын баяндайды. 

Қазақстан  тарихы  пәнінде  біліктілік  қалыптастыруда  ақпараттарды  өңдеу  және  ұсыну 

маңыздылығын  «Дальтон  технологиясы»  тәсілі  арқылы  қолданылған  тәжірибе  нәтижесін  

ұсыну  арқылы,  тәсілдің  тиімділігін  көрсетеді.  Оқу  стандарты  деген  түсініктің  ауқымының 

кеңеюі  оқушылардың  талап  тілегін  қамтамасыз  ету  қажеттілігінен  туындағанын  және  осы 

істе сандық немесе басқа да бұқаралық ақпарат көзерін қолдана алу мұғалім біліктілігі мен 

шығармашылық жұмысының нәтижесі ретінде қарастырылады.



Аннотация

Сегодня  одним  из  ключевых  факторов  в  формировании  функциональной  грамотности 

учащихся являются образовательные ресурсы. В данной работе отражены методы использования 

информации как источника формирования компетенции в преподавании Истории Казахстана. 

Рассмотрены важность обработки и  выдвижении информации при формиривании компетенции 

в рамках предмета История Казахстана. Эффективность и выгодность «Технологии Дальтона» 

предлагается  в  качестве  результата  эксперимента.  Расширение  понятия  стандарта  обучения 

является результатом необходимости удовлетворения требовании учащихся и положительное 

влияние цифровых и других средств массовой информации. Главная задача современной школы 

– компентенция и креативность учителя в удовлетоворении требовании учеников в обучении.



Abstract

Today  the  educational  resources  are  considered  one  of  the  key  factors  in  the  formation  of 

functional literacy. The article states the methods of use of the information as a source of formation of 

competence in teaching the history of Kazakhstan. The importance of the nomination process and the 

information in the formation of competence is considered within the subject History of Kazakhstan. 


40

5

The efficiency and profitability “Dalton Technology” is offered as a result of the experiment. The 

expansion of the concept of the standard of learning is the result of the need to meet the demands of 

students and the positive impact of digital and other media. The main task of the modern school is the 

competence and creativity of teachers to meet the demand of students in learning.

Біздің  тез  өзгермелі  заманымызда,  оқушыларды  қажетті,  құнды  ақпараттармен 

қамтамасыз  ету  қалыпты  жағдайдағы  ұсынылатын  стандарттар  шеңберінен,    басқа  уақыт 

шеңберіне  шықты.  Бұлай  дейтінім  біздің  тез  қарқынмен  өзгеріске  түсіп  отырған  заманда 

ақпараттар  ағынының  күштілігі  соншалықты  оның  барысына  ілесіп  отыру  тіпті  де  мүмкін 

болмайды. Оқыту ісін бұл үдерістен бөліп алып қарау, немесе бұл үдерісті (оқуды) ақпараттық 

заманнан  оқшауландыру,  білім  берудің  тамырына  балта  шапқанмен  бірдей.  Сондықтанда 

қазіргі заман мектебінің басты міндеті әрбір жас адамның еліміздің рухани, әлеуметтік және 

экономикалық даму үдерісіне инновациялық озық идеялармен ықпал ете алатын мүмкіндіктері 

бар,  функционалды  сауатты  азаматтар  тәрбиелеу  деп  есептеймін.  Ал  бұл  үдерісті  жүзеге 

асырушы,  оқушы  талаптарын  қанағаттандырушы  мұғалімге  қандай  талап  қойылмақ  десек, 

Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы  (  ЭЫДҰ)  жүргізген  талдаудың  бірінші 

тармағы  былай  деп  атап  көрсетеді  «мұғалімдерге  көптеген  оқыту  стратегиялары,  түрлі 

педогогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен 

стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет болды» [1, 

6-б]. Яғни заман талабына сай келу қолда бар оқыту ресурстарын таңдай біліп, тиімді қолдану 

мұғалім іс-әрекетінің түйінді мәселесінің біріне айналып отыр. Менің көтерген мәселемнің түп 

төркіні айқындалды, енді осы мәселедегі түйінді түсініктерге бүгінгі күн биігінен шолу жасау 

арқылы мән мағнасын ашып алу ойымды сабақтау үшін де, әрі өз тәжірибемде қолданған тәсілді 

түсіндіру үшінде қажет. Сонымен бүгінгі күнгі білім ресурстары дегеніміз тек оқулықтар мен 

қосымша дидактикалық материалдармен шектелмейді, себебі жоғарыда атап өткендей оқушы 

қажеттілігі бұл шеңбердің көлемінен әлдеқалай көп. Мен қазіргі заманауи бір сөздің мәнісін 

ашу арқылы біздің оқушылардың  ұнататын ақпарат әлеміне тоқталайын. Ақпараттық әлемде 

интертеймент ұғымы орнықты. Интертейнмент – ойын, сауық (развлечение); оны кино – теле 

– бейне компьютерлік өнімдердің жаһандық жиынтығы деп атауға болады) [2 ]. Оқушылардың 

сабақ  кезінде  планшет,  ұялы  телефондардың  ең  үздік  түрлерін  қолданып  отыруы,  тіпті 

сабақты меңгеруге қажетсіз болған кездің өзінде олардың өз сүйікті құралдарынан ажырағысы 

келмейтіні ешкімге құпия емес. Ал бұл құралдардың ақпараттық кеңістікке шығу мүмкіндігін 

неліктен  сабақ  мүддесіне  қолданбасқа.  Кейбір  әріптестер  сыныптарда  интерактивті 

тақталар, компьютерлермен жабдықталған деген уәж айтуы, сөйтіп оқушылардың ықшамды 

(мобильный)  құралдарын  қолдануға  тиым  салуы  шындығында  қайтадан  шектеулі  әрі  тез 

қолданысқа түсе бермейтін кешегі күннің деңгейіне оралу болып табылады. Мынадай мысал 

келтірейін. Тарихтың кез келген сабағында термин сөздердің кездесуі заңдылық, кейбір сөздер 

түсіндірме сөздікте берілмегендіктен олардың мәні ашылмай қалады. Егер адам өзі не тұралы 

айтпақшы, не тұралы ой қорытпақшы екенін білмесе оның іс әрекеті біздер қашып құтыла 

алмай  жүрген  механикалық  жаттауға  қайтып  келеді.  Осы  сабақтарда  оқушылардың  қолда 

бар сандық технологиялардың мүмкіндігін қолдану арқылы сөздік жұмыс жүргізіп, алынған 

ақпаратты  игеріліп  отырған  тақырыпқа  сай  қолдануларына  жетекшілік  жасаймын.  Бұл  бір 

ғана мысал тұрғысынан мен мынандай ой қорытпақпын егер ізденуші (оқушы) өзіне ыңғайлы 

әрі қызығушылығын арттыратын құралмен жұмыс істегісі келсе неге оған әріптес болып осы 

үдеріске басшылық жасамасқа. Осы жұмыс барысында оқушылардың топтық ізденіс жұмысын 

жүргізуіне  мүмкіндік  жасалады  және  диалогтық  оқытудың  барлық  сатысының  қамтылу,  

оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының қалыптасуына жақсы жағдай туындайды. 

Бұл дағдылар оқушы бойында біліктілік қалыптастырады. 

Әлемде ф.с. қалыптастыруға зор көңіл аударуда. Бұл үдеріс тек біздің елімізде ғана емес 


41

дүние жүзіндегі барлық дамыған, дамушы елдердің алдында кезек күттірмес күнделікті өмірде 

шешімін  табуды  қажет  ететін  әрі  үздіксіз  дамып  отыратын  үдеріс  ретінде  қаралуда.  Бұған 

мысал ЭЫДҰ қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың 

халықаралық  бағдарламасы  (РІSА)  болып  табылады.    Мәселенің  халықаралық  деңгейде 

көтерілуі біздің тез өзгеріске түсіп, жылдам қарқынмен дамып отырған жаһандану заманымыздан 

туындап отыр. Қазіргі дамыған елдердің экономикалық моделінің нақты анықтамасы мен атауы 

жоқ. Ең басты белгісі бұл жаңа экономика адам ойының мүмкіндігіне сүйеніп жасалды және 

осы адам факторының негізінде дамып келеді. «...Ұжымдық және жеке табыстардың осындай 

дағдылардың болуы, болмауына тәуелді болуы әлемдік экономиканың өзгеру қарқынына 

ықпал ететіндігі тұралы қортынды шын мәнінде жаңалық», бұл ЭЫДҰ қазіргі замандағы зият 

ықпал тұралы қорытындысы [1, 6-б].    Демек Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың алдымызға қойған 

мақсаты дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас адамды білікті, функционалды 

сауатты етіп тәрбиелеу міндеті тұр, бұл біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Функционалдық 

сауаттылық дегеніміз не? Осы сұраққа барынша нақты анықтама беріп өткеніміз дұрыс болар еді. 

Функционалдық сауаттылық  дегеніміз өмірдің барлық саласында немесе нақты практикалық 

іс-шараны  жүзеге  асырғанда  қолданылатын  білімдердің  өз  ара  сапалы  интеграциялануы 

және де өз бетімен жаңа білім меңгеруге жол ашатын дағды {3, ttps://otvet.mail.ru/question - 

бейімделген аударма}. Жеке тұлғаның өмір сүру ортасына тек бейімделіп қана қоймай, сол 

ортадағы туындайтын мәселелерді шеше отырып табысты адам болуына мүмкіндік тудыратын 

білім  мен  оны  қолдана  алатын  дағды  қалыптастыру  Функционалдық  сауаттылықтың  басты 

міндеті болып табылады. Ал бұған қол жеткізудің бірден бір ұтымды жолы оқу ресурстарына 

заманауи сандық технологиялар арқылы қол жеткізу. Демек мектептегі оқыту мен тәрбиелеу 

құжаттарындағы регламенттелген іс-әрекет мүмкіндіктері өзгертілуін қажет етілетіндігі көзге 

түседі. Сондықтанда оқушылардың жағымды (коллаборативті)  ортада білім алуын қамтамасыз 

ету шарасы көптеген мектептер өздерінің басты мақсаты деп есептейді, бұл заңды құбылыс.  

Ал Қазақстан тарихы пәнін оқып үйренудің  міндеті жас ұрпақтың бойына патриотизм, ұлт 

жандылық қасиеттерін қалыптастыра отырып, ұлттық мемлекет мүддесін ұғынатын сауатты, 

білікті  тұлғаны  тәрбиелеу.  Қазіргі  әлемде  болып  жатқан  күрделі  қоғамдық  өзгерістер  жас 

ұрпақтың    тарих,  құқық,  дін,  философия  ғылымдарынан  сауатты  болуын  қажет  екендігін 

анық көрсетті. Жаһандану үдерісін қолдамайтын адамдар осы үдерістің жеке монополистік 

компаниялардың жүргізуіне қарсы, олар жаһандану ұлттық мемлекеттердің тікелей араласуы, 

сол арқылы ұлттық мүдделеріне сай, әр ұлттың ерекшелігі, тілі мен діні, салт – дәстүрінің 

сақталуына кепіл болатын бірлестік құруды ұсынуда. Бұл мәселе біздің елдің алдында тұрған 

өзекті мәселе екенін ескерсек қоғамдық пәндерді оның ішінде Қазақстан тарихы пәнін оқып 

үйренуде функционалдық сауаттылық қалыптастыру өте маңызды. Адами қажеттіліктер тарих 

тұрғысынан алғанда қоғамды қанағаттандыратын материалдық дүние өндіру, жаратылыстану 

бағытында жаңалықтар ашуда ғана емес, осы қажеттіліктердің пайда болуын түсіндіреді және 

не үшін қолданады, кімдерге ұсынылады деген өзекті мәселелерді меңгерту болып отыр. Ал 

оқушылардың (жастардың) жаңашылдыққа құмар, қоғамдағы өзгерістерге тез, жылдам жауап 

беруге бейімділігі тарих пәнін оқытқанда осы ақпараттардың қажетті дұрыс, шынайылыққа 

сай меңгерілуіне жетекшілік жасау өте маңызды.  

Сонымен  басты  мақсатым  оқушыларға  тарих  пәнін  оқыту  арқылы  функционалдық 

сауаттылық    қалыптастыру.  АКТ  мүмкіндіктеріне  қолданып    «Дальтон  технология»  тәсілі 

арқылы  Қазақстан  тарихы  пәнін  оқытуда  Функциональдық  Сауаттылық  қалыптастыруға 

қол жеткізем. Тарихи оқиғаларды тек оқып түсіну шеңберінде қалмай олардың біздің дүние 

танымдық көзқарастарымыздың қалыптасуына  ықпал ететін ақпараттарды талқылау арқылы 

игеруге, біліктілік қалыптастыруға мүмкіндік беретін  «Дальтон сағат» (Лабораториялық сабақ) 

технологиясының 10 сыныпта жүзеге асырылуын мысалға келтірейін. «Дальтон технология» 

оқушыға (оқушыларға) беретін басымдылықтарды жүзеге асыруда мұғалім мен оқушы іс – 



42

5

әрекеттерін төмендегі салыстырмалы сызба көрсетеді:

  «Дальтон сағат» өткізуде   оқушыларға берілетін 

іс-әрекеттегі еркіндік, дербестік, әріптестік және 

жауапкершіліктер қағидасы

«Дальтон сағат» өткізуде мұғалімнің атқаратын 

негізгі функциялары

1.Оқушы (оқушылар) өз қалауларымен жұмыс тобын 

(жұбын) құра алады; әріптестер бірігеді

2. Ұсынылған тапсырманы зерттеу, ізденіс 

жұмыстарын жүргізу тәсілдерін өздері ұсына алады, 

не ұсынылған стратегияларды өздерінің қалауынша 

интерпретациялайды

3. Оқушылар іздену жұмысын жүргізгенде ақпарат 

көздерін таңдау, қолдануға ерік беріледі (интернет 

ресурстар, оқулықтар мен басқа да ақпарат көздері)

4. Оқушылардың ақыл-кеңес сұрап басқа 

адамдармен байланысуына еркіндік беріледі 

(мұғалімге, басқа топ оқушыларына, мүмкіндік 

болса ата –ана мен тәжірибелі басқада тұлғаларға)



Жауапкершіліктері:

-Тапсырманың толық қанды орындалуына жеке 

тұлға да әріптестері де жауапты

-Зерттеу жүргізгенде жұмыс барысы тұралы 

мұғаліммен ақылдасу, кездескен қиындықтар тұралы 

айту, жалпы ақпарат беру

-Сабақтан соң мұғалімнен осы тапсырманың 

орындалуы пікірін білу, бағалау жүргізу

1.Топтасу немесе жұптарға бөлінуді реттейді, кеңес 

береді, бақылайды

2. Тиімді тәсілдерді ұсынады не оқушылардың 

ұсынған тәсілінің ұтымдылығын бағалайды; 

оқушылардың іздену жұмысына арналған 

тапсырмаларды береді оны игеруге бағыталған 

критериларын айқындайды.

3.АКТ қолдануларына мүмкіндік тудырады, ақпарат 

көзін табуға кеңес береді, «көпіршелер тұрғызу» 

арқылы іздену жұмысын бағыттайды

4.Бақылаушы және ұйымдастырушы қызметін атқара 

отырып бағыт бағдар береді, әріптестік қатынас 

орнатады.

Мұғалім міндеттері:

-Тапсырмаға талапты нақты қоя білу және оның 

қажеттілігін түсінулеріне бағыттау

-Оқу үшін бағалау әдісіндегі интерпретация, кері 

байланыс орнату тәсілмен қалай істеуге болатынына 

бағыттау  (нақты тапсырмаларға сай)

-Жиынтық бағалау жүргізу, зерттеу проблемасының 

қаншалықты ашылғанын немес кемшіліктерін 

көрсету, тапсырма беру

Енді игерілуге тиісті тақырыптың бағыт бағдары мен маңыздылығына тоқталып өтейін. 

Үстіміздегі жыл қазақ халқы үшін және күллі Қазақстандықтар үшін ірі тарихи оқиғалардың 

елеулі мерей тойларына мол жыл. Атап айтсам Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан 

соғысындағы жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының 25 жылдығы, 

Қазақстан Республикасының Ата Заңына 20 жыл. Осы ірі тарихи оқиғалардың біздің күнделікті 

өмірімізге әсері мен ықпалын түсінулері үшін оқушыларға ақпараттық мәтін ұсынамын.

Төменде келтірілген мәтіндегі ақпаратты тану, түсіну содан кейін осы мәселеге өз шешімін 

ұсына отырып оны жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет нақты жағдайдағы азамат ретіндегі 

әркімнің  функционалды  сауаттылығын  қалыптасуына  оңтайлы  жағдай  береді.Ұсынылып 

отырған мәтін оқулықта жоқ, мен мәтінде келтірген мәліметтер Қазақ радиосы (с.т) «Шалқар» 

хабарының жаңалықтар  бөлігінен естіген ақпараттардың негізінде құрастырдым. Бұл тәсіл 

маған  оқушылардың  бойында  Функционалдық  Сауаттылық  шынайы  өмірдегі  оқиғаларды 

танып,  түсініп  одан  туындайтын  мәселені  талдай  отырып  сараптама  жасауға,  өз  ойларын 

оқулықтағы материалдармен байланыстырып жаңа жасау арқылы қалыптасуына жол ашады. 

Ең бастысы осы үдерісте оқушылар бүгінгі қоғамдық санадағы болып жатқан өзгерістерге баға 

берулеріне мүмкіндік алады, сөйтіп білімді біліктілік дағдысын меңгертуге жетелейді. Мұндай 

оқулықтан тыс ақпаратты қолдану нақты бір тақырып немесе тараудағы өзекті мәселені ашуға 

пайдалану  тиімді.  Мен  мұндай  еркін  талдауға  берілетін  мәтін  немесе  бейне  көріністерді 

«Табыс кілті» деп атаймын. Себебі осындай ақпараттар оқушылардың қабылдауына жеңіл әрі 

қызықты. Төмендегі «Көшелер» атты мәтін 10 сыныптағы Қазақстан тарихы пәнінің «Қазақ 

халқы  мен  Қазақ  мемлекеттілігінің  қалыптасу  тарихы»  атты  ҮІІІ  тарауын  жинақтау,  бекіту 

сабағын  өткізуге  арналған.  Менің  бұл  мәтінді  ұсыну  арқылы  талдау  жұмысын  жүргізгенде 

қол жеткізбек болған тағы бір  мақсатым оқушылардың іздену жұмысы барысында мектепте 

оқытылатын Қазақстанның экономикалық географиясы пәнінде игерген біліктілік дағдылары 


43

мен мектеп қабырғасында оқытылмайтын әлеумет тану, саясат тану сияқты күнделікті өмірде 

орын алып отырған ғылымдар тұралы да  түсінік қалыптастыруына бастау. 

Жақын арада Алматы қаласының аумағының кеңуіне байланысты қаланың 70 көшесінің 

атауларын өзгертілу қажеттілігі тұралы ақпарат тарқатылды. Бұл ақпаратта мынандай мысалдар 

келтірілді Алматы қаласында 7- М.Әуезов, осыншама Қ.Сәтбаев онан астам Абай атындағы 

және 8-9 Д.Менделеев, Ж.Жабаев, Ю.Гагарин тіпті Ленин, Лазо атындағы көшелер кездеседі 

екен.  Сонымен  қатар  тағыда  басқа  қоғам  қайраткерлерінің,  батырлар  мен  ғалымдардың 

атындағы көшелер әр елді мекенде қайталанып кездесуі көп болып отыр. Осыған байланысты 

Алматы қалалық Ономастика комитеті қала көшелерінің атауларын қайта қарап қайталанатын 

көше атарын ауыстыру жұмысын бастамақ. 

Тапсырма:

1. Осы мәселенің туындау көздері мен шешілуге тиісті мәселелерді  анықтау үшін Венн 

диаграммасын жасаңыздар. Диаграмма үлгісі берілген. 

2. Диаграмманың әр секторына нақты мәселелерді тезисті формада жазыңдар.

3. Секторлардың қиылысында туындайтын өзекті мәселені қойыңдар.

4. Ортадағы төрт шардың қиылысына негізгі ойларыңды, ұсыныстарыңды жинақтаңдар.

Тапсырманы орындауға 15 минут уақыт беріледі.

Алматы қаласының көше атауларының өзгертілуі себебін көрсететін Венн диаграммасын 

күтілетін үлгісі:

Алматы тұралы ақпараттар:

ең ірі мегаполис, оңтүстік Астана.

Ішкі миграция бойынша

қоныстанушылар өте көп келеді, жыл

сайын жер аумағы өсіп жақын елді

мекендерді қосып алуда

Қала аумағына қосылған елді

мекендер жəне проблемалар:

Урбанизацияның тез

қарқында өсуінен бұл жерлерде жаңа

құрылыс қарқындайды, бұрынғы

атаулар өзгеріп жаңа мөлтек аудандарға

айналады, көшелердің бұрынғы атауы

мекен жайды белгілеуде

кедергі тудырады

Қаланың инфрақұрылымындағы өзгерістер:

Жаңа құрамға кірген мөлтек аудандарды

жалпы қалалық бір текті жүйеге енгізу жүреді,

Байланыс, жылу, энергетика, қалалық қатынас

құралдары мен коммуникациясын

ұйымдастыру,

картографиялық қиындықтар көше

атауларының қайталануынан туындайды

Қала ономастика комитетінің іс-шаралары:

Арнайы комиссия құрады,

Қала ағындағы барлық көшелердің аттарын

тізімдейді, бір ізділікке келтіру арқылы

өзгерілетін көшелерді белгілейді

Қоғамдық пікір жинау арқылы мониторинг

жүргізеді

Жаңа аттарды ұсынады



Жаңа көше

аттарын

ұсыну

к ше

ө

аттарын

өзгерту

к ше

ө

аттарын

өзгерту

к ше

ө

аттарын

өзгерту

Оқушылар ұсынылған Венн диаграммасын толтырып өз пікірлерін ұсынады, көрсетілген 

үлгімен жұмыс істеу барысында олар АКТ, сандық байланыстың мүмкіндіктерін пайдалана 

отырып  қосымша  ақпараттар  мен  сөздіктерге  түсіндірмелер  алады.  Зерттеу  жұмысының 

топта  дұрыс  ұйымдастырылуы  әр  оқушының  жеке  қабілеттеріне  сай  тапсырмалар  берілуі,  

оқушылардың  келісімі  бойынша  жүзеге  асырылатын  болғандықтан  әркімнің  өз  міндетіне 

жауапкершілікпен  қарауын  талап  етеді.  Міне  бұл  еркіндікпен  дербестік  топ  мүшелерінің 


44



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет